Піспекті сақина. Піспекті сақина жану өнімдерінің картер қуысына жəне майдың
жану камерасына енуіне бөгет жасап, камера қуысын нығыздайды, бұл майдың зиянды
газға кететін шығынын азайту үшін қажет. Осыған сəйкес сақиналарды компрессиялық
(жоғарғы) жəне майжинағыш (төменгі) деп бөледі. Монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру
үшін сақина піспегін тура немесе қисық кесігі бар кесілген күйде жасайды. Сақиналар
арқылы піспектен цилиндр төлкесіне жылудың едəуір бөлігі беріледі.
3.4-суретте мəжбүрлі тұтанатын автомобиль қозғалтқыштарының піспекті
сақиналар жиынтығы ұсынылған: екі жоғарғы сақиналар 2-ге 1 компрессиялық, ал төменгі
3 - майжинағыш. Дизельдердегі сақиналардың саны көп болады, себебі цилиндрдегі газ
қысымы жоғары.
3.4-сурет. Автомобильді қозғалтқыштың піспекті сақиналар жинағы
Компрессиялық сақиналар жоғары температурамен, газ қысымының жоғары өзгеру
жылдамдығымен, сақиналар қозғалысы кезіндегі үдеулермен анықталады. Сонымен қатар
сақиналы нығыздағыштың ұзақ уақыт жұмыс қабілеттілігі қажет.
Нығыздау сақинаны оның серпімділік күші мен газ қысымының көмегімен жүзеге
асады. Жарқыл кезінде піспек ВМТ жағдайында орналасқанда бірінші сақина
жырашығындағы қысым цилиндрдегі р
г
қысымға тең, ал екінші сақина жырашығындағы
қысым осы шаманың тек 50% тең (3.5-сурет). Соңғы сақинадағы қысым р
з
төмен, ол
қозғалтқыш картеріндегі қысыммен бірдей. Сақиналардың цилиндр қабырғаларына
түсіретін қысымын ескерсек, қозғалтқыштағы үйкеліс жұмысының біраз бөлігі (50%
дейін, кейде 60%) сақинаға тəн, сондықтан да сақинаны үлкен еріксіз қысуға болмайды.
Сақиналардың орналасу аймағындағы піспек температурасы майдың техникалық
қасиеттерінің сақталу жағдайлары бойынша 200÷220°С аспауы тиіс.
Құрылымы бойынша компрессиоялық сақиналар көлденең қима пішінімен жəне
олардың жұмыс беттерінің геометриясымен ерекшеленеді. 3.6, а суретінде қазіргі таңда
қолданылатын компрессиялық сақиналардың кейбір түрлері көрсетілген. Үдеу дəрежесін
арттыру арқылы тікбұрышты сақиналармен 1 салыстырғанда трапеция тəрізді сақиналар 2
жақсы танытты. Сақина жұмыс бетінің ақауға төзімділігін арттыру үшін беткі қабатын
хроммен, ал үстінен кейде қосымша тозуға төзімді жабынды - молибденнің жұқа
қабатымен жабады.
Майжинағыш сақиналар цилиндр төлкесінің жұмыс бетінен артық жағармай
материалын жою үшін қолданылады жəне майдың жану камерасына түсуіне бөгет
жасайды. Сақина-цилиндр жанамасының қалыпты жұмысы үшін жағармай материалының
жеткілікті деңгейдегі қалыңдығы миллиметрдің жүзден бір үлесін құрайды. Май қалдығы
78
жану камерасына сығылады, бұл күйенің пайда болуына, жоғарғы піспекты сақиналардың
кокстелуіне жəне майдың шамадан тыс жұмсалуына алып келеді. Майдың жану
камерасына енуінің бірнеше жолдары түсіндіріледі. Оның бірі компрессиялық
сақиналармен құрылатын жəне майдың жырашықтардағы сақиналар жылжыған кезде
сақиналы жырашықтардың тұйықтағышы мен цилиндрі арасындағы радиалды саңылау
арқылы майдың сығылуымен түсіндірілетін майдың сорғы əсерінен піспек пен цилиндр
қабырғасымен ауысу үрдісімен байланысты. Майжинағыш сақиналарды (3.6, б сурет)
жонғыш 4, қорапша тəріздес 5 жəне 7, сонымен қатар құрамдас 6 (бірнеше элементтерден)
жасайды. Цилиндрден алынған майды жіберу үшін піспек қабырғасында радиалды (кейде
көлбеулік) саңылаулар теседі.
3.5-сурет. Компрессиялық сақиналардың нығыздау жұмысының сұлбасы
Сақиналарды жасау үшін негізгі материал легірленген қоспасы бар сұр перлитті
шойын қолданылады.
3.6-сурет. Піспекті сақиналар түрлері:
а-компрессиялық; б-майжинағыш;
1-тікбұрыш; 2-трапеция тəріздес; 3-төзімді жабындысы бар; 4-жонатын; 5, 7-қорапша
тəріздес; 6-құрамдас
Үдемелі қозғалтқыштарының үстіңгі сақиналары кейде болаттан жасалады. Тронкті
айналшақты-бұлғақты механизмде піспек дөңесшелерін жонғышында орналасқан
саусақтың көмегімен бұлғақтың жоғарғы піспекті ұшымен байланысқан. Саусақ газдың
піспекке қысымы мен инерциялық күштердің айнымалы мəндерге ие механикалық
79
жүктемелерді қабылдайды. Үйкелістің ықпалынан саусақта ақау пайда болады, бұл оның
сыртқы бетін мұқият өңдеу мен металл бетіне термоөңдеу жолымен жоғары қатаңдық
беру қажеттігін туғызады. Саусақтар болаттан жасалады.
Бүгінгі таңда құбылмалы саусаққа ие құрылымдар кең тараған; сонымен бірге
соңғысының бұлғақ ұшымен қатар, піспек дөңесшелерінде де еркін проворачивание
мүмкін, бұл саусақтың бірқалыпты тозуына мүмкіндік жасайды. Өстік ығысудан саусақ
серіппелі тақтайшалы сақиналармен 1 (3.7, а жəне б суреттері) немесе жұмсақ металлдан
жасалған арнайы шектегіштермен - грибками анықталады (3.7, в сурет). Бұлғақ басы мен
піспек дөңесшелеріндегі саусақтың анықтағыштары қолданылады. Ақырғысы май піспек
басындағы салқындатқышқа піспекті саусақ қуысы арқылы баратын піспек
құрылымдарында пайдаланылады.
3.7 - сурет. Құбылмалы піспекті саусақтар
3.3 Бұлғақ жəне иінді білік
Бұлғақ. Бұлғақ піспектің ілгерінді-қайтымды қозғалысын иінді біліктің айналмалы
қозғалысына түрлендіреді жəне осы бөлшектермен топса арқылы байланысқан. Жұмыс
барысында бұлғақ иінді білік өсіне перпендикуляр жазықтықта қиын қозғалыс жасап,
жоғары газды жəне инерциялық күштердің əсеріне ұшырайды. Бұлғақ жоғары
беріктілікке, мүмкіндік болса аз массаға, алайда пішіндер мен өлшемдерінің
тұрақтылығын қамтамасыз ететін қажетті қатаңдыққа, мойынтіректер астындағы
саңылауларға ие болуы тиіс. Айналшақты-бұлғақты механизм типіне əрі цилиндрлердің
орналасуна сəйкес тронковой механизмге ие қатарлас типтегі қозғалтқыштардың
бұлғақтарын ерекше атап өту керек; көпқатарлы қозғалтқыштардың тіркемелі бұлғақтары
(V-, W- жəне жұлдызша тəріздес); кейцкопфты механизмі бар қозғалтқыш бұлғағы. 3.8 -
суретте иінді біліктің бұлғақты мойыншаларында бұлғақтармен орнатылған V-тəріздес
қозғалтқыштарда қолданылатын қатарлас типтегі қозғалтқыш бұлғағының құрылымы
келтірілген. Соңғы жағдайда иінді білік өсінің бағытында цилиндрлердің оң жəне сол жақ
қатарларын біріктіру қажет болады, бұл беріліс механизмі мен корпус құрылымын
қиындатады. Бұлғақтың негізгі элементтері: саусақ жыжитын нығыздалған төлкесі бар
жоғарғы ұшы (немесе піспектік) 5; жоғарғы ұшын 2 (немесе айналшақты) төменгі ұшымен
3 біріктіретін өзек. Төменгі ұшпен 3 оның қақпағының 4 көмегімен бұлғақ иінді біліктің
бұлғақты мойыншасымен байланыстырылған.
Бұлғақтың жоғарғы ұшын жалғанбайтын цилиндрлі пішінмен жасайды. Оған қола
төлкені нығыздайды; кейбір құрылымдарда инелі мойынтіректер қолданылады. Піспек
дөңесі мен бұлғақ арасындағы жүктемені аса оңтайлы үлестіру үшін жоғарғы ұшы саусақ
астындағы саңылау өсінің жазықтығында конустық қима пішініне ие, оны майлау үшін
саңылаулар 8 қарастырылған. Жоғарғы ұшын домалақ пішіннен басқа сопақша тəріздес
етіп жасайды.
Бұлғақтарды термиялық əрі механикалық өңдеу арқылы, əдетте, сапалы
80
болаттардан жаайды. Бұлғақ өзегі 2 өстік жəне көлденең жүктемеге жəне бұлғақтың
тербеліс жазықтығында иілуінде жақсы жұмыс атқаратын қоставрлы көлденең қимаға ие.
Көптеген жағдайларда бұлғақтың жоғарғы (піспекті) ұшының мойынтірегіне жəне
бұлғақтағы піспекке май жіберу үшін өзектің ұзына бойына арна теседі. Мұндай жағдайда
қоставр сөрелерін байланыстыратын қабырғаны қалыңдату қажет. Өзектің басқа да қима
түрлері мүмкін (негізінде саңылауы бар домалақ). Құрылымы бойынша бұлғақтардың
төменгі (мойынтіректі) ұштары əртүрлілігімен ерекшеленеді. 3.8, а суретінде ең
қарапайым түрі жазық симметриялы құрылымы көрсетілген. Қозғалтқыштардың үдеуі
кезінде иінді біліктің түпкі мойыншалар диаметрін арттыруға тырысу тесік орындағы
төменгі ұш қалыңдығын азайтуға алып келеді. Осыған байланысты, сонымен қатар
цилиндр арқылы бұлғақ ойығы үшін түйіспелері беріктілік шарттары бойынша бұлғақ
өзегінің өсіне 42÷50° бұрышпен орналасқан қисық ажыратқыштары бар бұлғақтар кең
таралған (3.8, б сурет). Түйісу жазықтығында кесу күштерін қабылдау үшін орнатылған
жабысу тығыздығы бар тісті (шлицтік) қосылыстар қолданылады.
3.8 - сурет. Бұлғақ
а-қатарлас типтес; б-төменгі ұшының қисық ажыратқышы; в-V-тəріздес
қозғалтқыштың орталық-біріктірілген; 1-жоғарғы ұшы; 2-өзек; 3-төменгі ұшы; 4-төменгі
ұшының қақпағы; 5-жоғарғы ұшының төлкесі; 6-бұлғақты бұранда; 7-сомын; 8-саусақты
малауға арналған саңылау.
Заманауи іштей жану қозғалтқыштарының көбінде иінді білік мойыншасына
қатысты беттері антифрикционды материалмен (баббит, қорғасынды қола, алюминий
81
негізіндегі қола, кадмий жəне т.б.) қапталған кесік болат жапсырмалары 1 түрінде
жасалған (3.9-сурет).
Автомобильді жəне тракторлы қозғалтқыштарда бұлғақтың төменгі ұшындағы
жонғышына тарта орналастырылған қабырғасы жұқа жапсырмалар қолданылады. Өстік
ығысу үйкеліс күшінің əсерінен айналуын болдырмау мақсатында жапсырмалар
ойықтарға 3 кіретін мұршалармен 2 ұсталады.
Бұлғақтың төменгі ұшын 3 ойық етіп жасайды; оның габариттері піспекті
бұлғақпен бірге, ереже бойынша, цилиндр арқылы жұлып алуға мүмкін жасауы тиіс, бұл
қозғалтқышты жинау жағдайларымен анықталады. Піспекті бұлғақпен бірге қозғалтқышқа
қондырғаннан кейін төменгі ұшына 3 бұлғақ бұрандалары 6 мен сомындарының 7
көмегімен оның қақпағын 4 бекітеді.
3.9 - сурет. Бұлғақтың төменгі (айналшақты) ұшының мойынтірегі
3.10-сурет. Жұлдызша тəріздес қозғалтқыштың бас бұлғағы
Көпқатарлы жəне жұлдызша тəріздес қозғалтқыштарда тіркемелі типтегі бұлғақтар
қолданылады (3.10-сурет). Мұндай жағдайда негізгі бұлғаққа 1 серіппелер мен
саусақтардың 2 көмегімен топсалы 1 түрде тіркемелі бұлғақтардың белгілі бір санын
қосады (қозғалтқыш цилиндрлерінің қатар санына байланысты). Тіркемелі бұлғақ
82
құрылымы жағынан бас бұлғаққа қарағанда қарапайым. Бұлғақ мойыншасына қатысты
негізгі жəне тіркемелі бұлғақтардың бірігуі өс білігінің жылжуы бүйір цилиндр піспегінің
кинематикасын біршама жақсартады (əдетте мұндай жағдайда барлық цилиндр бойынша
сығылу дəрежелерінің теңдігін қамтамасыз етілуі тиіс).
Алуан түлілігімен V-тəріздес қозғалтқыш бұлғақтары ерекшеленеді. Ұзындығы
бойынша қозғалтқыштың жинақылығы иінді білік мойынтірегінің бойымен ұтымды
өлшемдерді қамтамасыз ету кезінде тіркемелі бұлғақты қолдану арқылы жүзеге асады.
3.11-суретте астыңғы қақпақтың 3 негізгі бұлғақтың айналшақ басымен сұқпа-
штифттермен 2 байланысу нұсқасы келтірілген. Тіркемелі типтегі бұлғақ басына 6 негізгі
бұлғақта бекітілген саусақпен 4 сырғанау мойынтірегін құрайтын төлке 5 орнатылған.
Кейде бұлғақ мойынтірегінің ұстау қабілеттілігін арттыру үшін бас бұлғақтың тесігіндегі
айналшақ ұшын қозғалта отырып, тіркеме типтес бұлғақтың саусақпен қатаң байланысын
орындайды.
V-тəріздес қозғалтқыштың цилиндрлерінің екі қатар піспектерінің бара-бар
кинематикасының орталық-біріктірілген бұлғақтарды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі
(3.8, в суретін қараңыз). Мұндай құрылымның кемшілігі айналшақ бастарының
салыстырмалы түрдегі төмен қатаңдығы болып табылады.
Аша бұлғақтың қосарланған басы пішіні бойынша күрделі, ал оның элементтері
жоғары иілу жүктемесімен зақымданған. Аша бұлғақтар өзек сөрелерінің ұштарына
қатысты орналасуымен ерекшеленеді.
Тронкті қозғалтқыштарға қарағанда крейцкопфты қозғалтқыш бұлғақтары кеме
дизельдерінде «көбелек тəріздес» деп аталатын жалғамалы жоғарғы (крейцкопфты) жəне
төменгі ұштарға ие.
3.12 - суретте екіжақты жəне біржақты сырғымалары бар бұлғақ пен крейцкопф
құрылымы ұсынылған. Бұлғақтың жоғарғы ұшы 3 аша пішіндес жəне и маңдайша 1
арқылы тіреулері (табандықтары) баббит қабатымен жабылған сырғымамен 2
байланысқан, арнайы бағыттауыштар арқылы жылжиды.
3.11-сурет. Тіркеме типтес бұлғаққа ие V-тəріздес бұлғақ тобы
Сырғымаларды майлау маңдайшалар арқылы жүзеге асады. Сырғымалар мен
маңдайшалар болаттан жасалады, сонымен бірге маңдайшаларға аса сапалы əрі
83
легірленген болат беріледі.
Крейцкопфты қозғалтқыш бұлғақтарының өзектері 4 болат, ұшталған, домалақ
қима. Қозғалтқыштың сығылу дəрежесін реттеу үшін бұлғақ өзегі мен оның алынатын
төменгі ұшының арасына төсемдер 5 төсейді.
Бұрандаларды алдын ала тарту күші қосылыстың ұзақ жұмысы кезінде түйіспе
тығыздығын қамтамасыз етуі тиіс. Бұлғақты бұрандалар жоғары сапалы болаттан
жасалады жəне мұқият өңдейді.
Иінді білік. Иінді білік кернеулігі аса жоғары, дайындаудағы еңбек сыйымдылығы
үлкен болып табылады. Жұмыс барысында білік айнымалы күштермен жəне
моменттермен жүктеледі, айналу, иілу жəне бойлық тербелістерге ұшырайды, қолайсыз
жағдайларда бұлар (резонанстық жəне оларға жақын жұмыс режимдері) біліктегі негізгі
газдың жəне инерциялық күштерден болатын кернеулерді арттырады. Білік мойыншасы
үйкеліс əсерінен тозуға ұшырайды. Сондықтан иінді білік жоғары беріктілікке, қатаңдық
пен тозуға төзімділікке ие болуы тиіс.
3.12-сурет. Крейцкопфты қозғалтқыш бұлғақтары:
а-екіжақты сырғымасы бар; б-біржақты сырғымасы бар; 1-маңдайша; 2-сырғыма; 3-
жоғарғы басы (крейцкопфты); 4-өзек; 5-төсем; 6-бұранда
Иінді біліктің негізгі элементі түпкі 3, бұлғақты 8 жəне жақтан 6 тұратын иіні
болып табылады (3.13-сурет). Соңғылары моменттерді, Ортадан тепкішжəне инерциялық
күштерді теңестіруге арналған қарсысалмаққа ие біртұтас орындалуы мүмкін;
қарсысалмақтар жиі жеке орындалады жəне жақтауларға бұрандалармен бекітіледі.
Заманауи қозғалтқыштар, ережеге сəйкес, толық тіреуішті иінді білікке ие болады. Иіндер
саны мен өзара орналасуы цилиндрлердің саны мен орналасуына, қозғалтқыш
ырғақтығына байланысты. Бұл кезде қозғалтқыш цилиндрлері бойынша жарқылдардың
84
бірқалыпты таралуы, күштер мен инерция моменттерінің теңдігі өте маңызды. Осылайша,
V-тəріздес сегізцилиндрлі төрт ырғақты автомобиль дизельінің білігі (3.13 - сурет)
айқаспа пішіндес орындалып, цилиндрлердің 90° құлау бұрышында жарқылдардың
бірқалыпты кезектесуін қамтамасыз етеді.
Біліктің алдыңғы ұшында (3.2-суретті қараңыз) желдеткіш пен генератор жетегінің
шкиві 12, май сорғысы жетегінің тісті доңғалағы 2, май көрінісі орналасады. Күрделі
тербеліс кезінде амплитудасы бойынша аса ауытқитын біліктің алдыңғы ұшында арнайы
тербеліс өшіргіштері жиі орнатылады. Олар қозғалтқыш білігіне баратын тербеліс
энергиясын өшіргіш элементтерінің арасындағы үйкелістің көмегімен жұтады жəне
солайша тербеліс амплитудасын азайтады. 3.14 - суретте тербеліс өшіргіштерінің əртүрлі
құрылымдары көрсетілген.
Қазіргі таңда сұйықтық үйкелістің тербеліс өшіргіштері жиі қолданылады (3.14, в
сурет), оларда
қозғалтқыш
жұмысы
кезінде
біртекті
айналатын
маховик
кремнийорганикалық сұйықтықпен (силиконмен) толтырылған герметикалық корпусқа 4
қондырылған. Тербеліс кезінде
3.13-сурет. Автомобильді дизельдің иінді білігі:
1 жəне 6-тісті доңғалақтар; 2-бұлғақты мойынша; 3-түпкі мойынша; 4-
қарсысалмағы бар жақтаулар; 5 жəне 8 - қарсысалмақтар; 7-май қуысы; 9-иінді біліктің
алдыңғы ұштығы.
85
3.14-сурет. Айналмалы тербеліс өшіргіштері:
а жəне б-молекулярлы үйкеліс; в-сұйықтық үйкелісі; 1-маховик; 2-желімделген
резеңке төсем; 3-резеңке сақина; 4-корпус.
Корпус қабырғалары бірқалыпты айналатын маховикке қатысты силикон
қабаттарын қозғалысқа келтіріп, үйкеліс жұмысын атқару арқылы орын ауыстырады.
Айналмалы тербелістердің қауіптілігін біліктің белгілі бір қимасындағы
инерциялық реактивті моменттерді құру арқылы азайтуға болады. Ол үшін сəйкес
орнында маятникті немесе серіпмдімассалы типтес тербеліс өшіргіштерін орнатады.
Иінді біліктің алдыңғы ұшын арнайы қақпақта орналастыру арқылы резеңке
тығыздамамен тығыздалады. Иінді біліктің артқы сақинасын нығыздау майкөрсеткіш пен
тығыздаманың көмегімен жүзеге асады; кейде білік айналымына кері бағытта
майайдағыш оймақ қолданылады. Білік бұлғақ жапсырмалары секілді антифрикционды
балқымамен құйылған екі жұқа қабырғалы болат кесік жапсырмалардан 9 тұратын түпкі
мойынтіректерде айналады (3.13-суретті қараңыз). Жапсырмалар картер жонғышында
жəне картермен сұқпалар арқылы байланысқан арнайы салпыншақтарда орнатылады.
Қисықтісті тегершіктері қолдану əсерінен пайда болатын өстік ығысулардан ілінісудегі
күштер мен т.б. білік жапсырма 9 сақиналарымен ұсталады (3.13-сурет).
Нығыздау мойынтірегінің білік ұзындығы бойынша орналасу орны əртүрлі болуы
мүмкін жəне қозғалтқыш жинақталуына байланысты болады. Білік мойынтіректері қысым
астында майланады; осы кезде жағармай материалы түпкі тіреулерге жетеді, содан соң
май қуысы 7 бойынша (3.13-суретті қараңыз) бұлғақ мойыншаларына 2 беріледі. Иінді
білік мойыншасындағы арнайы кірден тазалау қуысы металл бөлшектерін, пісірілім мен
басқа да механикалық қоспаларды ұстауға арналған жəне сол арқылы мойынтірек
жұмысын жақсартады.
Тепловоз жəне орташа айналыстағы кеме қозғалтқыштарында тұтас иінді біліктер
қолданылады. Аз айналыстағы ірі кеме дизельдерінде шамадан тыс габариттер мен
массалардың əсерінен жеке мойыншалардан 1, 2 тұратын жəне жақтау 3 болатынан
құйылған, өзара пресстелген құрамдас иінді білік қолданылады (3.15, а суреті). Кейде
бұлғақ мойыншасы мен жақтауын мұндай жағдайда жартылай құрамдас (3.15, б суреті)
деп атайды.
Иінді біліктер болаттан штампаттау жəне шымырлау арқылы, сонымен қатар
арнайы төзімділігі жоғары шойыннан құяды. Құйылған біліктерді алу кезінде білік
элементтерінің оңтайлы геометриялық пішінін қамтамасыз ету кезіндегі механикалық
өңдеуге жұмсалатын шығындар едəуір қысқарады, алайда құйылған біліктер төзімділігі
бойынша штампталғандарға қарағанда əлсіз болады.
3.15 - сурет. Аз айналысқа ие кеме дизельдерінің иінді білігі:
а-құрамдас білік; б-жартылай құрамдас білік.
86
3.4. Газүлестіру механизмі мен оның бөлшектері
Газүлестіру механизмі. Іштей жану қозғалтқыштарында клапанды, реттығынды
жəне аралас газүлестіру қолданылады. Газүлестіру органдары цилиндрді жану
өнімдерінен сақталуын жəне жұмыстағы механизмнің жоғары сенімділігі кезінде
цилиндрлердің жаңа зарядпен толтырылуын қамтамасыз етеді. Тазалау жұмыстарын
жетілдіруі мен цилиндрдің толуы негізінде газүлестіру органдарының өту қимасының
ауданы мен олардың ашылу ұзақтылығына байланысты. Өту қимасын арттыру, əдетте,
цилиндр өлшемдерімен шектелген, ал газүлестіру органдарының ашылу уақыты біліктің
айналу жилігіне байланысты. Аса динамикалық күштермен жүктелген ыстық газдардың
клапанды əрі реттығынды механизмдерінің жұмыс жағдайлары ауыр болып табылады.
Сонымен қатар майлау, салқындату, газүлестіру механизмінің едəуір жүктелген
элементтерінің материалдарын таңдау да маңызды рөл атқарады.
Клапанды газүлестіргіш қарапайым қондырғы мен сенімді жұмысқа сəйкес кеңінен
таралған. Клапанды-саңылаулы газалмастыру сұлбасында барлық типтегі төрт ырғақты
қозғалтқыштардағы енгізу жəне шығару органдары ретінде қолданады. 3.16 - суретте
клапан қондырғысы мен жетегінің сұлбалары келтірілген. Қазіргі кезде цилиндрдің таза
зарядпен толтырылмауын клапандардың жоғарғы (3.16, а-д суреттері) жəне кей
жағдайларда төменгі орналасуы (3.16, е сурет) қолданылады.
Цилиндрлер ұшында клапандардың жоғары (салпынақты) жинақы жану
камераларының цилиндрдегі жұмыс үрдісінің қалыпты жүруіне жағдай жасайтын əртүрлі
геометриялық пішіндегі нұсқаларын қолдануға көмектеседі. Камераның аздаған беті
қабырғалар арқылы жылу шығындарының азаюын, ізінше, индикатордың ПƏК арттыруын
қамтамасыз етеді. Клапандардың жоғары орналасуы барлық дизельдерге тəн. Сығылу
дəрежесі жоғары заманауи карбюратор қозғалтқыштарында, ереже бойынша, цилиндрдің
таза зарядпен толтырылуын қамтамасыз ететін салпыншақ клапандарын, ізінше,
қозғалтқыштың үлкен қуаты пайдаланылады.
87
3.16 - сурет. Клапандар қондырғысы мен жетегінің сұлбасы:
а, б, в жəне г-цилиндр басында орнатылған үлестіру білігінен жетек алатын
клапандардың жоғарыда орналасуы; д-үлестіру білігінің төменде орналасуы кезіндегі
клапандардың жоғарыда орналасуы; е - клапандардың төмен орналасуы; 1-жұдырықшалы
үлестіру білігі; 2-клапан; 3-серіппе; 4-күйенте; 5-иінтірек; 6-траверса; 7-танга; 8-итергіш.
3.16, е суретінде клапандардың төменгі жəне бүйірлік орналасу сұлбасы
көрсетілген. Клапандарды əдетте иінді білік өсіне параллель жазықтықтағы цилиндрдің
бір жағына орнатады. Клапандар бүйірде орналасқан кезде жану камерасы Г-тəріздес
пішінге ие, цилиндр өсіне қатысты біршама жылжыған жəне жинақы емес, бұл
шығындарды артып, қозғалтқыштың тиімді көрсеткіштерін арттыруға алып келеді. Сол
себептен, клапандардың осылай орналасуы қазіргі кезеңде қолданылмайды. Алайда
газүлестіру механизмінің мұндай құрылымында цилиндр басы мен клапан жетегінің
қондырылуы оңайлатылады, сонымен қатар қозғалтқыш биіктігі азайтылады.
3.17 - сурет. Реттығынды газүлестіргіш:
а) - газалмастырудың ілмектік сұлбасына сəйкес келетін көлденең-саңылаулы; б) -
газалмастырудың түзунүктелі клапанды-саңылаулы сұлбаға сəйкес келетін саңылаулы; в)
- қарама-қарсы қозғалатын піспекке ие екі ырғақты қозғалтқыштың түзунүктелі
газалмастыру сұлбасына сəйкес келетін түзунүктелі-саңылаулы; г) - айналмалы жалпақ
реттығыны бар;
д) - айналмалы цилиндрлік реттығыны бар; 1 - жалпақ реттығын; 2 - цилиндрлік
реттығын.
Реттығынды (клапансыз) газүлестіру ілгерінді қозғалатын немесе айналмалы
реттығыны 1 жəне 2 (3.17 - сурет), сонымен қатар күрделі қозғалыс жасайтын
реттығындармен жүзеге асады. Реттығынды газүлестіргіш кезінде газдар үшін үлкен
өтімділік қимасын қамтамасыз етіп, шудың дəрежесі мен газүлестіру механизм
клапанымен салыстырғанда жетек бөлшектеріне берілетін динамикалық жүктемені
азайтады. Бұл үлкен айналыс жиілігіндегі жұмыс мүмкіндігін жасайды (3.17, г, д
суреттері). Реттығынды газүлестіргіштың кемшіліктеріне нығыздауды қамтамасыз ету,
реттығындарды майлау мен салқындату қиындығы, тозу қарқындылығы жатады.
Газалмастырудың топсалы жəне түзунүктелі-саңылаулы сұлбасы бар қосырғақты
қозғалтқыштарда реттығынды газүлестіру органдары ретінде піспек, цилиндр
төлкелеріндегі желдету жəне шығару терезелері (3.17, а, в суреттері), газалмастырудың
түзунүктелі клапанды-саңылаулы сұлбасы бар қозғалтқыштарда — піспек пен желдету
терезелері қызмет атқарады (3.17, б суреті). Шығару жұмысы бұл кезде клапандар арқылы
жүзеге асады. Біріктірілген газүлестіргішына ие кейбір қосырғақты қозғалтқыш
құрылымдарында шығару органы ретінде жетекпен иінді білікпен байланысатын диметрі
88
кішірейтілген піспек түріндегі арнайы реттығын қолданылады. Реттығынды
қондырғылардың басқа да түрлері, мысалы, бүйір бетінде енгізу жəне шығару терезелері
бар айналмалы гильзаға ие құрылыс.алайда. Бірақ қазіргі уақытта клапандары еріксіз
қозғалатын клапан механизмі маңызды болып табылады (3.16 - суретті қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |