ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет10/26
Дата14.02.2017
өлшемі7,18 Mb.
#4112
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

3.5 Енгізу жəне шығару клапандары
Клапан  қозғалтқыштың  ең  ыстық  бөлшегі  болып  табылады. Шығару
клапандарының  ұшындағы  температура 850÷900°С  жетуі  мүмкін, ал «адиабатты»
қозғалтқыштарда одан да жоғары болуы мүмкін.
3.18 - суретте  автомобиль, трактор  жəне  басқа  да  қозғалтқыштарында
қолданылатын  енгізу  1  жəне  шығару  3  клапандары  бар  газүлестіру  механизмінің
қарапайым  құрылымы  көрсетілген. Клапандар  цилиндр  қуысын  сенімді  түрде
герметикалап, таза заряд пен шығарылатын газдардың қозғалысы кезінде гидравликалық
шығынын  азайтуға  болады. Клапанның  негізгі  элементтері  басы  мен  өзегі  болып
табылады. Енгізу  клапанында  цилиндр  тез  толу  үшін  ұшын  үлкен  диаметрмен жасайды.
Клапандар  ауыр  жағдайларда  жұмыс  атқарады, сол  себептен  оларды  жоғары  сапалы
болаттан жасайды. Осы метариалды үнемдеу мақсатында клапандардың ұштарын (əсіресе,
шығару) ыстыққа төзімді болаттан, ал өзектерін көміртекті болаттан жасайды. Клапанның
ерге 2 (немесе ер болмаған жағдайда цилиндр ұшының жонғышына) тығыз жабысып тұру
клапан  ұшындағы  фаска  ның  көмегімен  жүзеге  асады. Фаска  беті  бойынша  клапан  ерге
үйкеледі, бұл  нығыздалуын  герметикалығын  қамтамасыз  етеді. Клапандар  жұмыс
атқарған  кезде  олар  арнайы  механизм  көмегімен  айналады, бұл  ұшының  шеңбері
бойынша  температураның  бірқалыпты  таралуын, клапанның  герметикалығы  жақсартып,
қызмет мерзімін арттырады.
3.18 - сурет. Тікелей цилиндрдің басына (қақпағына) кигізілетін клапан:
1-ену  клапаны; 2-клапандар  ері; 3-шығару  клапаны; 4-сыртқы  серіппе; 5-ішкі
серіппе; 6-серіппе тəрелкесі; 7-сухарик; 8-төлке.

89
3.19 - сурет. Арнайы шешілетін қаңқаға орнатылатын шығару клапаны:
1-бұрылу  қондырғысы  бар  клапан; 2-салқындатылатын  корпус; 3-төлке; 4-сыртқы
серіппе; 5- ішкі серіппе; 6 - серіппе тəрелкесі.
Ірі  кеме  дизельдерінде  бұру  қондырғысы  бар  шығару  клапандарын 1 сумен
салқындатылатын  жекешешілмелі  корпустарға 2 (3.19 - сурет) орнатылады. Қозғалтқыш
жұмысы  кезінде  арнайы  механизм  клапанның  айналуын  қамтамасыз  етеді. Заманауи
қозғалтқыштар  күшінің  орташа  тиімді  қысым  мен  айналу  жиілігі  бойынша  үдеуіне
байланысты жылудың шығару клапандар ұшынан берілу қарқындылығын арттыру қажет.
Бұл  көлемінің 35÷50% оңай  балқитын  металлмен (мысалы, натрий) толтырылған, іші
тұйықталған қуысқа 2 (3.20 - сурет) ие клапандарды қолданумен орындалады. (например,
натрием). Айнымалы  мəндегі  инерция  күштерінің  өрісінде  орналасқан  натрий  жұмыс
барысында балқи отырып, жылудың клапан ұшынан өзегіне берілуін үдетеді.
4 жəне 5 клапанды серіппелер (3.18 - суретті қараңыз) клапанның ерге орнатылуын
қамтамасыз етеді жəне оны иінді біліктің бұрылу бұрышы бойынша берілген созылмалы
аралықта оны жабық жағдайда ұстап тұрады, сонымен бірге цилиндр ұшының газды-əуе
арналарындағы  артық  шығын  əсерінен  клапандардың  ашылуына  бөгет  жасайды.
Серіппелер  қозғалтқыштың  жұмыс  барысында  газ  үлестіру  механизм  элементтерінің
кинематикалық  тізбегінің  үздіксіздігін  қамтамасыз  ететін  қажетті  қатаңдық  сипатына  ие
болуы  тиіс. Əрбір  клапанға  бір  немесе  екі  серіппе  орнатылуы  тиіс. Соңғы  жағдайда
олардың ұзындығы қысқарып, механизм жұмысының жұмыс сенімділігі артады.
Серіппелердің  бірі  үзілген  кезде  оның  орамдары  екінші  серіппе  орамдарының
арасына  түспеу  үшін  серіппе  орамдарын (ішкі 5 жəне  сыртқы 4) əртүрлі  бағытта
орындайды. Клапан  серіппелерін  салқындатып  орау  əдісімен  төзімділігі  жоғары  серіппе
сымынан дайындайды.
Серіппе күші клапанмен кесік конус сухариктерімен байланысқан төлкелі 8 тəрелке
6 арқылы клапанға беріледі.

90
3.20 - сурет. Ішкі суыту қуысына ие клапан:
1-клапан; 2-суытатын ішкі қуыс; 3-төлке; 4-цилиндр ұшы
Үлестіру (жұдырықшалы) біліктер 1 (3.21 - сурет) қозғалысты қозғалтқыштың иінді
білігінен  клапандарға  беруге  тағайындалған. Осы  кезде  үлестіру  білігінде  орналасқан
жұдырықтардың 2 көмегімен клапандардың ашылып-жабылуы жұмыс циклінің белгілі бір
сəтінде жүзеге асады. Сондықтан үлестіру білігіндегі жұдырықтар аталған қозғалтқышқа
цилиндр  жұмысының  тəртібімен  орналасқан. Жұдырықшаның  кескіні  мен  биіктігі
клапанның  ашылу  əрі  жабылу  моменттерін, сонымен  қатар  газдар  үшін  өтпелі  қима
көлеміне  жағдай  жасайды. Жұдырықша  кескіні  клапан  жылдам  ашылған  кезде  оның
бірқалыпты  жылжуын  қамтамасыз  етуі  тиіс. Жабылу  клапанның  ерге  орнатылуының
бірқалыпты  жылдамдықтарында  жүзеге  асуы  қажет. Заманауи  жылдам  қозғалатын
қозғалтқыштарда  жетек  бөлшектерінің  соққысыз  жүктемесін  қамтамасыз  ететін
жұдырықшалар  кеңінен  тараған («соққысыз» жұдырықшалар, полидинамикалық
жұдырықшалар жəне т.б.).
3.21 - сурет. Білікпен тұтас жасалған жұдырықшалы автомобиль қозғалтқышының
газүлестіру механизмі: 1-үлестіру білігі; 2-жұдырықшалар; 3-біліктің тіреу мойыншалары;
4-ернемегі бар мойынтірек; 5-білік жетегінің тісті доңғалағы; 6-цилиндр ұшы

91
Көп  жағдайда  жұдырықшалар  үлестіру  білігімен  қоса  біртұтас  етіп  жасайды.
Үйкеліс  пен  ақауды  баяулату  үшін  олардың  бетін  механикалық  түрде  өңдейді  əрі
материал  маркасына  байланысты  цементтейді, шынықтырады  жəне  азоттайды.
Термоөңдеуден  кейін  біліктерді  егейді. Орташа  жəне  үлкен  қуатты  баяу  қозғалатын
қозғалтқыштарда үлестіру біліктеріне 1 кілтектің көмегімен 3 шешілетін жұдырықшалар 2
орнатады (3.22 - сурет).
Шешілмелі  жұдырықшалары  бар  құрамдас  біліктерді  болаттан  жасайды; тұтас
біліктерді  болаттан  қалыптайды  немесе  арнайы  шойыннан  құяды. Үлестіру  біліктеріне
арналған  мойынтіректер  ретінде  баббитпен  немесе  қорғасынды  қоламен  құйылған
сырғанау  мойынтіректері  жиі  қолданылады. Тербеліс  мойынтіректері  салыстырмалы
түрде кейде ғана орнатады.
Қозғалтқыштың  типі  мен  тағайындалуына  қарай  үлестіру  біліктері  иінді  біліктен
тісті  цилиндр  берілісімен  немесе  аралық  біліктері  мен  конустық  доңғалақты
берілістермен, сонымен  қатар  тізбекті  жəне  белдікті  беріліспен  айналысқа  келтіріледі.
Жетек механизмі клапандар типі мен үлестіру білігінің орналасу орнына тəуелді. Үлестіру
білігі  жоғары  орналасқан  газүлестіру  механизмінде (3.23, а  суреті) иінді  біліктен  жетек
тізбектің  немесе  тісті  белдіктің  көмегімен  жүзеге  асады (3.23, б  суреті). Мұндай
механизмде жетек цилиндр ұшына орнатылған шар тіреуішінде 5 айналатын иінтіректі 2
іске қосады.
3.22 - сурет. Үлестіру білігі

92
3.23 - сурет. Үлестіру білігі жоғары орналасқан белдікті жетек
а-газүлестіру механизмі; б-үлестіру білігінің белдікті жетегі
1-үлестіру  білігі; 2-иінтірек; 3-клапан  тығыздамасы;  4-клапан;  5-иінтірек
тіреуіштері; 6-бақылау сомыны; 7-цилиндрлер блогы; 8-қорап; 9-тісті доңғалақ; 10-белдік;
11-тақтайша; 12-серіппе; 13-көмекші механизм жетектерінің тісті доңғалағы.
Төменгі  клапандар  жетегінің  механизмінде (3.16, е  суреті) тіреуіші  бар  иінтірек
болмайды, бірақ итергіш 8 болады. Жұдырықша клапан өзекшесіне тікелей реттеу орамы
бар  итергіш  арқылы  əсер  етеді. Жетек  бөлшектерінің  ең  аз  саны  жұдырықша  клапан
өзегіне тікелей əсер еткен кезде пайда болады.
Үлестіру  білігі  төменде  орналасқан  жағдайда  жоғарғы  клапандарда  жетек
механизмі қосымша бөлшектер қатарына ие (3.16, д суреті) - итергіш 8, штанга 7, қосиінді
иінтірек-күйенте, тіреуіші бар күйенте өсі 4.
3.24 - суретте автомобиль  дизелінің  газүлестіру механизмі көрсетілген. Итергіш 2
штангаға 3 үлестіру білігінің жұдырықшасынан 1 өстік күштеме береді. Осы кезде бүйір
беттің  тиергіші  бетімен  пайда  болатын  бүйір  күштерді  қабылдайды. Итергіштерді
болаттан немесе шойыннан жасайды. Болат итергіштердің жұмыс бетін кейде ағартылған
шойын  қабатымен жабады, бұл  тозуды  баяулатады. Тозудың  төмендеуіне (əсіресе, оның
бірқалыпсыздығының  төмендеуіне) жұмыс  кезіндегі  итергіштің  айналуы  əсер  етеді, бұл
итергіш өсі мен оның жұдырықшамен жанасу нүктесінің ығысуымен болады.

93
3.24 - сурет. Автомобиль дизелінің газүлестіру механизмі:
1-үлестіру білігі; 2-итергіш; 3-штанга; 4-иінтірек-күйенте; 5-бақылау сомыны; 6-
реттеу орамы; 7-төлке; 8-күйенте өсі; 9-клапан
3.25 - сурет. Иінтірек типтес шығыршықты итергіш:
1-өкшелік; 2-итергіш; 3-шығыршық; 4-инелі мойынтірек; 5-шығыршық өсі; 6-төлке;
7-итергіш шанышқысы.
Жылдам  қозғалатын  қозғалтқыштарда  динамикалық  жүктемені  азайту  үшін
гидравликалық  итергіштер  қолданылады (3.26 - сурет). Бұл  жағдайда  жетекте  саңылау
болмайды, бұл  соққысыз  төну  мен  итергіштің  жұдырықшадан  таюына  алып  келеді,
механизмдегі тербелісті жояды  жəне жұмыс барысында  шуды  азайтады. Иінтіректе арна
бойынша  май  қысыммен  шар  клапанынан 8 оның  корпусындағы 7 арнаға, одан  ары
тығынжыл 5 қуысына беріледі. Жұдырықша төнген кезде тығынжыл қуысындағы қысым
артады, шар  төлкедегі  саңылауды 4 жауып, күштеме  иінтіректен  қалпақшаға 1 əне
сəйкесінше  май  қабаты  арқылы  клапанға  беріледі. Саңылау  жұмыс  кезінде  клапанның
деформациясын  компенсациялау  үшін  қызмет  атқарады. Гидроитергіштердің  басқа  да
құрылымдары  қолданылады. Аса  қуатты  кемелік  дизельдерде  жоғары  жүктемелер

94
болуынан клапандардың жетектегінде гидравликалық басқару пайдаланады.
3.26 - сурет. Гидравликалық итергіш:
1-қалпақша; 2 жəне 3-тақтайша сақиналары; 4-төлке; 5-тығынжыл; 6-серіппе; 7-
клапан корпусы; 8-шар клапаны
Штангалар 3 (3.24 - суретті  қараңыз) күштемені  итергіштей  иінтірекке  немесе
күйентеге  береді; олар  ұштарында  болат, термиялық  өңделген  ұштықтар  пресстелген
алюминий  немесе  болат  түтіктер  болып  табылады. Штанга  материалы  блоктың  жəне
қозғалтқыштың  жұмысы  кезіндегі  цилиндр  ұшының  термиялық  деформациясының
компенсациясын ескере отырып жасалады.
Иінтірек-күйенте 4 штангамен  берілетін  қозғалыс  бағытын  өзгерту  үшін  қызмет
атқарады. Күйенте  болаттан  қаланған  жəне  қол  төлкелерде  өсте 8 айналатын  қосиінді
иінтірек  болып  табылады.  Иінтіректің  қысқа  иінінде  оймақпен  жылулық  саңылауды
реттеу  үшін  бақылау  соымын 5 бар  реттеу  орамы 6 орнатылады. Саңылаулар  жүйесі
арқылы орамның тіреу беті мен штанга ұштықтарымен пайда болған топсаны майлау үшін
беріледі.
3.6 Қозғалтқыш корпусы
Қозғалтқыштың  қабылданған  жинақтау  сұлбасына, типі  мен  тағайындалуына
байланысты  корпус  өзара  байланысқан  мынадай  бөлшектерден  тұруы  мүмкін: орнату
төлкелері (гильза) бар  немесе  жоқ  жеке  немесе  цилиндрлер  блогына  біріктірілген
картерлер (картерлер  блогы), фундамент  рамалары  немесе  иінді  біліктің  салпыншақты
тіреуіштері, табандық, бекіту жəне нығыздау  бөлшектері. Цилиндрлер  блогы мен  картер
блок-картер түрінде жасайды. Қозғалтқыштың корпустық бөлшектеріне цилиндрлер ұшы
(қақпағы) жатады.
Картер  цилиндрлермен, ұшымен (қақпағымен), табандықпен  жəне  фундаменттік
рамамен (соңғысы  болған  жағдайда), төсемдермен, тығыздамасымен  бірлесе  отырып
айналшақты-бұлғақты  механизм  орналасқан  газдар, жағармай  материалы  мен  суыту
сұйықтығы өтпейтін жабық қуыс тəріздес. Корпус бөлшектерінде, əдетте, қозғалтқыштың
газүлестіру, беріліс  механизмі  мен  алуан  түрлі  агрегаттарының  əртүрлі  элементтерін
бекітеді.  Корпус бөлшектері қозғалтқыштың сыртқы түрін анықтайды. Заманауи үдемелі
қозғалтқыштарда корпус бөлшектеріне инерция күші мен цилиндрлердегі газ қысымынан
жоғары  жүктемелер  əсер  етеді. Одан  басқа, бірқатар  бөлшектер  жоғары  температуралар
мен  температуарлық  кернеулерде  жұмыс  атқарады. Корпус  бөлшектері  қозғалтқыштың

95
көптеген  жылжымалы  байланыстарының, соның  ішінде  мойынтірек  тармақтарының
тіреулері  болып табылады. Сол  себептен  корпус  бөлшектері төзімділікпен  қатар  жоғары
қатаңдыққа  ие  болуы  тиіс, соңғысы  жалпы  корпусқа  да  қатысты. Маңызды  талаптар
мотаж  бен  қызмет  көрсету  ыңғайлығы, құрылымының  қарапайымдылығы  мен
технологиялылығы, металл  сыйымдылығының  аздығы  болып  табылады. Қозғалтқыш
массасының 25...70% корпус  бөлшектері  құрайды, бұл  қозғалтқыш  металл
сыйымдылығын сол бөлшектерді жеңілдету нəтижесінде едəуір азайтуды білдіреді.
Сұйықтықпен салқындатуға ие автомобиль, трактор, жылдам қозғалатын кеме жəне
теловоз қозғалтқыштары блок-картерлі құрылымды кеңінен қолданады. Мұндай жағдайда
цилиндрлер (рубашка) блогын  картердің  жоғарғы  бөлігімен  қоса  қалыптайды, осының
нəтижесінде  жалпы  монолитті  бөлшек – блок-картер  түзіледі. Сонымен  қатар  жоғары
төзімділік, қатаңдық  пен  ықшамдылық, аз  салмақтылық  пен  басқа  да  артықшылықтар
пайда болады.
3.27, а  суретінде  сапалы  сұр  шойыннан  құйылған V-тəріздес  алтыцилиндрлі
трактор  дизелінің  блок-картері  ұсынылған. Сол  жəне  оң  блоктардың  алты
жонғыштарында  сұйықтықпен  жуылатын  цилиндрлер  гильзасы, үстіңгі  орталық
жонғышта  цилиндрлердің  екі  қатарына  да  ортақ  үлестіру  білігі  орнатылады, олардан
бөлек құйылған құдықтарда орналасқан итергіштер мен штангалар арқылы III клапандар
жетегі жүзеге асады. Блок-картердің  төменгі  бөлігінде II иінді біліктің түпкі мойынтірек
астына  жонғыштар  орналасқан; түпкі  тіреулердің  қатаңдығын  арттыру  үшін  блок-
картердің төменгі жазықтығы иінді білік өсіне қатысты төмендетілген.
3.27 - сурет. V-тəріздес дизельдің картері:
а-алты  цилиндрлі  трактордың; б-сегіз  цилиндрлі  автомобильдің; 1-цилиндрлер
блогы; 2-цилиндрлер  блогының  жоғарғы  тақтайшасы; 3-түпкі  мойынтірек  қақпағы
(салпыншағы); 4-т.пкі  мойынтірек  қақпағының  бекіту  бұрандасы; 5-тарту  бұрандасы; 6-
цилиндрлер ұшы.
3.27, б суретінде V-тəріздес сегіз цилиндрлі, сонымен бірге сапалы сұр шойыннан
қалыпталған  автомобиль  дизелінің  блок-картері  көрсетілген. Блок-картер  жоғары
қатаңдығы  бекіту  қабырғалары  мен  цилиндраралық  өтпел-тіреуіштер  жүйесімен
қамтамасыз  етілетін  қорапшалы  бөлшек  ретінде  орындалған, олар  бойынша  бекіту
бөлшектерінің  тарту  күштемесі, газдардың  қысымдық  күші  мен  инерциясы  беріледі.
Жоғарыда сипатталған бір қатарға ортақ бір ұшы бар блок-картерден бөлек (3.27, а суреті)
блок-картерге (3.27, б  суреті) цилиндрлердің  жеке  ұштарын 6 орнатады, бұл  корпустың
жалпы  қатаңдығын  азайтады. Сол  себептен  цилиндрлер  гильзасы  орнатылған  блоктың 1
үстіңгі тақтайшасы 2 мен  иінді  білік  мойынтіректері үшін  тіреулер  қатаңдығына ерекше

96
назар  аударылады.  Тіреулердің  қатаңдығын  арттыру  үшін  олардың  3  қақпақтары  4
бұрандалардан  бөлек  көлденең  бағыттағы 5 бұрандалармен  бекітілген. Мұндай
құрылымды типі мен тағайындалуы əртүрлі заманауи қозғалтқыштарда қолданады.
Қозғалтқыш  ұзындығын  азайтқан  кезде  қатаңдықтың  одан  ары  жоғарылауы
тунельдік  блок-картерді  қолданады. Бұл  жағдайда  түпкі  иінді  біліктің  мойынтіректері
үшін тіреулерінде жалғамалар болмайды. Иінді білік қозғалтқыш шетінен монтаждалады.
Əуе суытқышына ие  автомобиль жəне трактор қозғалтқыштарында сұқпалары бар
құрылымды қолданады (3.28 - сурет). Жеке цилиндрлер картер жонғышында орнатылады
жəне  цилиндрлердің  жеке  ұштарымен  бірге  алдын  ала  тартылған  ұзын  сұқпалармен 1
бекітеді. Картер  жуандығына  оралған  сұқпалар  цилиндрдегі  газ  қысымынан  күштеме
қабылдайды, сол себепті салмақ түсетін сұқпалар болып табылады.
3.28 - сурет. Əуе салқындатқышы бар трактор дизелінің картері
Аса  қуатты  тепловоз, кеме  жəне  басқа  да  жылдам  қозғалатын  үдемелі
қозғалтқыштарда  корпустың  күштік  сұлбаларының  əртүрлі  нұсқалары  пайдаланылады
(салмақ  түсетін  блок-картердің  немесе  салмақтық-күштік  сұқпалардың). 3.29 - суретте
үдемелі жылдам қозғалатын дизельдің пісіріліп-құйылған болат блок-картер ұсынылған.
3.29 - сурет. Салмақ түсетін сұқпалары бар тепловоз дизелінің пісіріліп-құйылған
блок-картері:
1-бүйір  бұрандалар; 2-картердің  тік  сүйеніші; 3-цилиндр  астына  қойылатын
ендірме; 4-бүйір  беті; 5-цилиндрлер  блогының  көлденең  сүйеніші; 6-үлестіру  білігінің

97
тіреуіш  тақтайшасы; 7-бет; 8-күштік  сұқпа; 9-цилиндрлер  блоыгының  тақтайшасы; 10-
картер тақтайшасы; 11-түпкі мойынтірек қақпағы (салпыншағы); 12-тіреуіш бұрандалары
аса ірі үдемелі қозғалтқыштарда қолданыс тапты.
Картер  плитасында 10 орнатылған  цилиндрлер  қақпағы  бекітпелерінің  күштік
сұқпалары 8 блок  цилиндрлердің  газдық  күштерінен  босатады, олар  үстіңгі
тақтайшалардан 9, көлденең  тіреуіштерден 5 жəне  бүйір  беттерден 4 тұрады. Бекіту
қабырғалары  бар  тіреу  тақтайшасы  мен  бүйір  беттерін 7 қамтитын  газүлестіру
механизмінің науасы əуе ресиверін түзе отырып, күштік сұлбаны үстінен тұйықтайды.
Блок-картердің  төменгі бөлігі өзара  дəнекерленген  болаттан құйылған секциялар -
тіреуіштер  жиынтығынан  түзіледі. Мойынтіректер  тіреуіштерінің  қатаңдығына  ерекше
көңіл  бөлінген. Массивті  қақпақ 11 картерге  күшті  бұрандалармен 12 бекітілген, ал
көлденең  бағытта  бүйірлік  бұрандалардың 1 қос  қатарымен  анықталған. Төменгі
бұрандалар  түпкі  мойынтірек  тіреуішінің  күштік  контурын, ал  үстіңгілері  жалғамалар
бетін  жылжу  күшінен  тұйықтайды. Салпыншақты  иінді  білікке  ие  ұқсас  жеңілдетілген
корпус құрылымы едəуір ірі үдемелі қозғалтқыштарда қолданыс тапты.
Барлық  аз  айналымды  кеме  дизельдерінде, сонымен  қатар  цилиндр  диаметрлері
үлкен (400 мм) жəне кіші (осы қозғалтқыштар класы үшін 250...350 мм) көптеген орташа
айналымды дизельдерде (400 мм) иінді білік арнайы фундамент рамасына қондырылады.
Аз айналымды кеме дизельдерінің корпусы құрылымы жағынан жоғарыда қарастырылған
автомобиль, трактор, тепловоз қозғалтқыштарының корпустарынан өзгеше болып келеді.
Дəстүрлі  түрде  ол  фундамент  рамасын, крейцкопфтар  бағыттауыштары  бар  картер
тіреулерін, цилиндрлер  блогын  қамтиды. Аталған  бөлшектердің  барлығы  жұмыс
жүктемесін қабылдайтын ұзын анкерлік байланыстармен байланысқан.
Картерінің  А-тəріздес  тіреулері  бар  корпусының  дəстүрлі  құрылымы  кейде
корпустың  иілу  қатаңдығын  арттыратын, дайындау, жинау  жəне  пайдалануда  қызмет
көрсету технологиясын жеңілдететін қорапшалы құрылымдармен ауыстырады.
3.30 - суретте фундамент рамасынан 1, аралық тіреу 2 мен  тұғырдан 3 тұратын  аз
айналымды  кеме  дизелінің  корпусы  көрсетілген. Көпцилиндрлі  қозғалтқыштарда  корпус
көлденең  жалғамаларға  ие, бұл  цилиндрлер  диамтерлері  үлкен  бөлшектерді  жасау  мен
тасымалдауды  оңайлатады. Тұғырларға  бір  блокқа  бұрандалармен  біріктірілген
цилиндрлерді орнатады.

98
3.30 - сурет. Аз айналымды кеме дизелінің корпусы:
1-фундамент рамасы; 2-аралық тіреуіш; 3-тұғыр; 4-мойынтірек қақпағы
Жылдам  қозғалатын, сонымен  қатар  цилиндр  диаметрі  кіші  қозғалтқыштарда
шойыннан  немесе  рубашкалар  блогының  жеңіл  балқымасынан  қалыпталған  цилиндрлер
блогы (3.31 - сурет) жонғыштарында  сұйықтықпен  суытылатын  гильзалар (төлкелер)
орнатылады. Блокқа нығыздағыш төсем осьіна е 3 арқылы барлық цилиндрлерге (немесе
əрбір цилиндрге жеке) ортақ 4, қақпақпен 5 жабылатын ұш тартылады.
Фундамент  рамасы  аз  айналымды  кеме  дизелі  корпусының  жалпы  күштік
сұлбасындағы  оның  қажетті  қатаңдығын  қамтамасыз  ету  арқылы  негізгі  элемент  болып
табылады. Соңғы  типі  жақсы  массогабариттік  сипаттамаларға  ие  жəне  соңғы  кезде
кеңінен қолданылып келе жатыр.
3.31 - сурет. Цилиндрлер блогы
3.32 - суретте  габариті кішкентай кеме  дизелінің пісіріліп-құйылған фундаменттік
рамасы  көрсетілген. Рама  иінді  біліктің  түпкі  мойынтіректерінде  орналасқан  көлденең
тосқауылдармен 2 байланысқан  екі  бойлық  арқалықтардан 1 тұрады. Соңғысын
төсемелерге 3 орнатып, үстінен  арнайы  қақпақтармен  бекітеді. Раманы  астынан
қозғалтқыштың  қоректік  бөлігіне  көлбеу  орналасқан  болат  майжинағышпен (кейде
алынып-салынатын) жабады. Құдықтарға 4 рамада қозғалтқыш корпусының бөлшектерін
бекітетін  анкерлі  байланыстарды  орнатады. Тіреу  сөрелерімен  рама  кеме  корпусының
фундаментіне бекітіледі.
Заманауи  қозғалтқыштардың  түпкі  мойынтіректері, ереже  бойынша, сырғанау
мойынтіректер түрінде жасалады, бірақ жылдам жүретін үдемелі дизельдерде қозғалтқыш
ұзындығы  бойынша  габариттердің  азаюын  қамтамасыз  ететін  тербеліс  мойынтіректері
сəтті  қолданысқа  ие. Сонымен  қатар  мұндай  жағдайда  қарастырылған  туннель
картеріқозғалтқыш корпусының қатаңдығын арттырады.
Сырағанау  мойынтіректерінің  артықшылығы - аздаған  радиальды  өлшемдер  мен

99
масса, қабілеттілік  пен  ұзақ  мерзімділікті  қамтамасыз  ететін  многоколенных  біліктер
монтажының  қарапайымдылығы. Алайда  өңдеудің  жоғары  дəлдігі  мен  мойынтірек
жұмысының  барлық  режимдерінде  сұйықтық  үйкелісін  қамтамасыз  ететін  мойынтіректі
тармақтың  геометриялық  сипаттамаларының  тұрақтылығы  талап  етіледі (іске  қосудан
басқа).
Бұлғақты  мойынтіректермен  қатар  түпкі  сырғанау  мойынтіректерінде  кесік
қабырғасы  жұқа  болат  жапсырмалар  қолданылады (3.33, а  суреті), олардың  бетіне
антифрикционды материал (қола, алюминий қоспасы) құйылады. Бұдан басқа жұмыстық,
қорғаныс жəне басқа да мойынтірек жұмысының жағдайын жақсартатын қабаттар болады.
Жұқа  қабырғалыларға  қалыңдығы 2,9 + 0,023 £>п  жапсырмалар  жатады, мұндағы £ —
мойынтірек астындағы төсеме диаметрі, мм.
3.32 - сурет. Пісіріліп-құйылған фундамент рамасы
Жұмыс  кезінде  мойынтіректе жағармай  материалына жəне мойынтірек корпусына
берілетін  жылудың  едəуір  бөлігі  бөлінеді. Жылуды  корпусқа  беру  үшін  жапсырмалар
төсемдерге тығыз байланысуы қажет.
Аз  айналымды  кеме  қозғалтқыштарында  түпкі (рамалық) мойынтіректер
фундаменттік  рамамен  төсемдерге  орнатылады. Мойынтіректер  қабырғасы  өстік  жəне
шеңберлі  ығысулардан  штифттермен  анықталатын  қалың  жартылай  жапсырмаларда
қондырылады. Оларды шойыннан немесе болаттан жасайды жəне баббит немесе басқа да
антифрикционды материал қабатымен құйылады.
3.33, б  суретінде  қабырғасы  қалың  жапсырма  көрсетілген. Кейбір  жағдайларда
жартылай жапсырмалардың түйіспе аралығына бір немесе бірнеше төсемдер орнатылады.
Үстінен төсемдер  қақпақтармен 4 қысылады (3.33 - суретті қараңыз), рама фундаментіне
бұрандалармен, сұқпалармен  немесе  картер  қабырғасының  шығыңқыларына  тірелетін
домкраттармен 3 бекітіледі (3.34 - сурет).

100
3.33 - сурет. Түпкі мойынтірек жапсырмасы:
а-қабырғасы жұқа; б-қабырғасы қалың.
Мотоцикл, қайық жəне басқа да қуаты аз қозғалтқыштарында тербеліс мойынтірегі
ретінде  стандартты  шарикті  мойынтіректер  қолданылады. Автотрактор  типтес  жəне
арнайы  тағайындалған  едəуір  үдемелі  қозғалтқыштарда  ішкі  сақинасы  жоқ, берілген
жағдайда  домалақ  жағы 1 болып  табылатын  иінді  білік  тіреуішінде  орнатылатын
радиалды шығыршықты мойынтіректер қолданылады (3.35 - сурет).
3.34 - сурет. Түпкі (рамалық) мойынтірек қақпағының домкраттармен бекітілуі:
1-жапсырма; 2-қақпақ; 3-домкрат.
3.35 - сурет. Иінді біліктің шығыршықты түпкі мойынтірегі:
1-білік тіреуіші (жағы); 2-шығыршық; 3-сыртқы сақина; 4-картер

101

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет