1.9.3 Газ шығырлы қондырғылар құрылымы жəне оларды көлік құралында
қолдану.
1.9.3.1 Газ шығырлары жəне компрессорлар
Əсер ету принципі, есепту жəне құрылымдау бойынша газ шығырлары бу
шығырларынан айырмашылығы аз. Олардың құрылым жəне жұмыс ерекшеліктері
жұмыстық дененің жоғары температураларымен жəне азғантай жылу ауытқуларымен
анықталады. Біріншісі газ шығырының өту бөліктерінің негізгі элементтерін ыстыққа
төзімді жəне беріктігі жоғары материалдардан жасау, сонымен бірге ыстық бөліктерді
салқындату қажеттілігіне əкеледі; екіншісі сатылардың аз санын көрсетеді. Айналушы
бөліктердің беріктігіне қойылатын жоғары талаптар аз ғана жұмыстық дененің
шығынында шығырдың жоғары ПƏК қамтамасыз ету үшін қажетті біршама айнала
жылдамдықтармен түсіндіріледі.
ГШҚ сатылар саны 4 – о үлкен емес өстік жəне бір сатылы орта тепкіш шығырлар
(төмен қуатты ГШҚ) қолданылады. Əске қосылған сатының жылулық ауытқуы 390-490
4
1
Р'
2
Р
4
= Р
1
1
'
1
2
'
2
Р
3
= Р
2
4
3
i
s
1
3
'
4
4
'
Р
4
= Р
1
Р'
3
2
Р
3
= Р
2
3
2Р
Р
4
= Р
1
2
Р
3
= Р
2
3
i
s
i
s
а)
б)
в)
50
кДж/кг аспайды. Өстік шығырдың жұмыстық қалақшаларының айнала жылдамдығы
айналасында 350-400 м/с жетеді.
Мұндай шығырлардың қатысты ПƏК 0,8-0,9. Көптеген көлік жəне стационарлық
ГШҚ шығырға енудегі газ температурасы 800- 850° С құрайды.
Саптама аппараттарын, жұмыстық қалақшаларын жəне дискаларды жасау үшін
легирлі болат жəне хромникель, кобальт титан негізіндегі қоспалар пайдаланады.
ГШҚ өстік көп сатылы немесе орта тепкіш (қарапайым бір сатылы) компрессорлар
қолданады. ГШҚ біршама қатарларында бір білікті компрессорлар күрделі құрылымды
етіп жасалады – орта тепкіш сатылы жəне көп сатылы өстік компрессор. Бір білікті
компрессорларда қысымның жоғарлау дəрежесі ортадан тепкіштерде 2,5-4, өстік үшін 4-
7, өстік үшін п.ə.к 0,8-0,9, ортадан тепкіш үшін 0,75-0,85.
1.9.3.2 Жану камералары, регенераторлар, ауа салқындатқыштар
ГШҚ отынның жану нəтижесінде жұмыстық денеге жылу беруді қамтамасыз ететін
жану камерасының келесі құрылымдық сұлбалары қолданылады – жеке (шығарымды)
жəне орнатылған (секциялық) – сақиналы-құбырлы жəне сақиналы. Ауа мен жану
өнімдерінің өзара қозғалу бағыты бойынша тура ағымды, қарсы ағымды жəне бұрыштық
камераларға бөлінеді.
Жану камераларына келесі негізгі талапта қойылады:
- жұмыстық режимдердің бардық диапазонында тұрақты жəне толық жану;
- шығуда газ ағындарының бір қалыпты температуралық өрісі;
- қысым шығынының аздығы;
- қызмет ету мерзімінің жеткіліктілігі.
Тура ағымды жану камерасы (2.29 - сурет) сыртқы қаңқадан 2, қыздыру құбырынан
2, араластырғыштан 4, жандыру құралынан 5, тұтату құралынан 3 тұрады. Камераға
түсетін ауа екі ағынға бөлінеді. Оның бір – бөлігі бірішілік – ауа дайындау аумағына ²
жəне одан əрі қыздыру құбырының ішіндегі жану аумағына ²², екіншісі – екіншілік ауа –
қыздыру құбырының сыртқы беттерін жуады жəне оны салқындатады да араласу
аумағында ²²² жану өнімдерінің температурасын қажетті деңгейге дейін төмендетеді. Жану
аумағында жалын температурасы 1600-1900°С. камерадан шығудағы газдардың есептік
температурасына жауап беретін артық ауа коэффициенті а = 3-8.
1.31 - сурет. Тура ағымды жану камерасының сұлбасы
Көп жағдайларда жану камерасының сыртқы қаңқасы цилиндр формалы болады.
Ол көміртекті жəне аз легирленген болат қалайыдан жасалады. Жылулық деформацияны
51
қабылдау үшін қаңқа жиі компенсатормен жабдықталады. Өте ауыр температуралық
жағдайда орналасқан жану камерасының қыздыру құбыры пісірілген құрылымды түрде
ыстыққа төзімді қалайы материалдан жасалады. Қыздыру құбырының ішкі беті екіншілік
ауамен салқындайды, ол құбыр қабырғаларының арнайы тесіктері немесе саңылаулары
арқылы өтеді. Қыздыру құбыры негізінде жандыру құралы жағынан қаңқаға бекітіледі.
Жандыру құралының құрылымы қолданатын отын түріне тəуелді. Мұнда ГШҚ
сұйық отында жұмыс істеуінде механикалық немесе ауа-механикалық бүркуі бар
форсунка типті құрылғы қолданады. ГШҚ іске қосуда отынды мəжбүрлі тұтату үшін
ұшқынды тұтату құрылғысы немесе ұшқын беруші сым құрылғысы қызмет етеді.
Жану камерасын есептеу материалдық жəне жылулық тепе-теңдік теңдеуі бойынша
жүргізеді:
3600
В
А
G
G
Г
+
=
(1.26)
К
Ж
H
Q
В
Т
pmА
С
А
G
Т
pmГ
С
G
Г
.
:
3600
2
3
h
×
×
+
×
×
=
×
×
мұнда: G
Г
жəне G
А
- газ жəне ауа шығыны, кг/с;
С
pmГ
жəне С
ртА
- тұрақты қысымда газ немесе ауаның орташа жылу
сыйымдылығы, кДж/(кг·град);
Т
2
жəне T
3
- жану камерасына кіретін жəне шығатын жұмыстық дене
температуралары,К;
В - отын шығыны, кг/сағ;
Q
H
- отынның жану жылуы, кДж/кг;
Η
ж.к
. - жану камерасының ПƏК (толық жану коэффициенті).
Жану камерасының негізгі жылу техникалық сипаттамасы – жылу кернеулік, ол ауа
Р
в
, Н/м
2
қысымында жану камерасына түсетін отынның жану процесінде бөлінетін
жылудың камераның жұмыстық көлеміне V
K
, м
3
қатынасы:
.
. к
ж
а
Р
к
н
V
Q
В
v
q
h
×
×
=
×
(1.27)
Көліктік ГШҚ жану камерасының жылу кернеулігі (3-6)10
2
аралығында шектеледі,
ал стационарлықта 10
2
Па
ч
м
кДж
×
×
3
. Көптеген жану камераларда қысымның қатысты
шығындары 2-3% аспайды; есептік режимдерде ПƏК 0,98- 0,99 құрайды; камерадан
шығуда темератураның бір қалыпты болмауы 25 % құрайды.
ГШҚ белгілі артықшылықтарының бірі - ол керосиннен бастап мазуттқа дейінгі
əртүрлі сұйық отын түрлерімен жұмыс істеу мүмкіндігі (шаң тəрізді қатты отынмен
жұмыс істеуге арналған ашық циклды ГШҚ жасау тəжірибелік қолданыс таппады).
Заманауй стационарлық жəне көліктік ГШҚ келесі сұйық отындар сорттары қолданылады
- дизельдік отын, солярлық май, флоттық мазуттар жəне мұнай өңдеудің қалдықты
өнімдерінен алынған арнайы газ шығырына арналған отын. Газ шығырлық отынды өндіру
бағасы дизельдіктен 3-4 есе төмен.
ГШҚ жану камерасында сұйық ауыр отындырды жағу ерекшеліктері шығырдың
өту бөлігінде осы отын құрамындағы ванадий, натрий тұздарының жəне қорғасын
қалдықтарының тұнып қалуымен байланысты. Бұл қалдықтар қалақша аралық арналардың
өту қимасын жіңішкертеді де ГШҚ қуатының төмендеуіне əкеледі. Ерітілген отын
құрамында болатын ванадий бес оксиді жəне натрий сульфаты əсерінен туындайтын
бөлшектер коррозиясы да күрделі мəселе тудырады. Ең қауіптісі ванадий коррозиясы.
52
ГШҚ арналған ауыр сұйық отын күліндегі ванадий жəне натрий құрамының рұқсат
етілген мөлшері 0,001% (əр қайсысы жеке) аспауы керек; күкірт құрамы (ванадий жəне
натрий болмағанда) 3,5% дейін баруы мүмкін. Зиянды қоспалар құрамы бар ауыр сұйық
отынмен жұмыс істеуде ГШҚ бөлшектерін коррозияға төзімді (титан, кобальт, кремний
қоспасы бар хромоникелдік құймалар) материалдардан жасайды, ал отынға күлдің еру
температурасы жоғары арнайы қоспалар кіргізеді (каолин, цинк тотығы жəне т.б.).
Регенераторлар немесе ауа салқындатқыштар, жану камерасына берілетін
сығымдалған ауа алдын ала шығырда өңделген газдар температурасымен қыздырылатын
жылу алмасу апараттары.
ГШҚ рекуперативті жəне регенеративті ауа қыздырғыштар қолданады. Бірінші
жылу ауа мен азды бөліп тұратын тегіс немесе бұдыр бет арқылы беріледі. Мұндай ауа
қыздырғыштарда жылу тасмалдағыштардың тура ағымды немесе кесе ағымды
қозғалысында түтікшелі немесе платиналық жылу алмасу беттері бар. Түтікшелер немесе
ұяшықтар ішінде ауа жүреді, ал түтікше аралық немесе қабырға аралық кеңістіктерде газ
жүреді. Мұнымен жақсы жылу берілісте ауа қыздырғыштың қарапайым құрылымдық
сұлбасы қамтамасыз етіледі, бірақ газ бөлімінен қалдықтарды тазарту қиындайды.
Регенеративті ауа қыздырғыштарда жылу беріліс жылу алмасу элементі арқылы ауа
мен газдың алмасып өтуі есебінен жүреді. Газ өтуде элемент жылуды жинақтап қызады,
ал одан кейін газдан кейін келетін ауаға береді. Регенеративті ауа қыздырғыштар
құрылымы айналмалы жылу алмасу элементімен жасалады жəне тек қана автомобильдік
ГШҚ қолданылады.
Ауа қыздырғыштарға келесі негізгі талаптар қойылады: жинақы құрылымдылық;
жылу берудің жоғары коэффициенті; аз қысым жоғалту; механикалық беріктік жəне
пайдалану сенімділігі.
Ауа қыздырғыштарды есептеу қажетті регенерациялау дəрежесін қамтамасыз ететін
жылу беру беттерін жəне ауа мен газ бөлімдерінде қысым жоғалту шамаларын
анықтаудан тұрады. Рекуперативті ауа қыздырғыштар үшін жылу беру беттері келесі
формула бойынша бағаланады
2
,
1
м
C
А
G
F
к
pmА
j
j
y
-
×
×
=
×
(1.28)
мұнда: G
А
- ауа шығыны, кг/с;
С
pmА
- температуралық интервалдарда ауаның орташа жылу
сыйымдылығы, Дж/(кг· град.);
к - ауадан газға жылу беру коэффициенті, вт (м
2
•град);
ψ - газдар мен ауаның өзара бағыттас қозғалыс сұлбасының əсер ету
коэффициенті (қарсы ағым үшін ψ = 1);
φ - регенерация дəрежесі. Көліктік ГШҚ үшін φ = 0,7-^0,9,
стационарлықта φ = 0,6-1-0,8.
Ауаның аралық салқындауын қамтамасыз ететін ауа-су немесе ауа-ауалық жылу
алмасу аппараттары ауа салқындатқыштар болып табылады. Көп жағдайда олар жылу
тасымалдағыштардың өзара бағыттағы қарсы ағымды немесе кесе ағымды сұлбасында
құбырлық (көбіне бұдырлы) беттермен жасалады.
1.10 Піспекті іштей жану қозғалтқыштарының үрмелеу агрегаттарындағы газ
шығырлары.
Газ шығырлы үрмелеу сұлбасы жəне əсер ету принципі ( піспекті
қозғалтқыштарды үрмелеу) бөлімінде берілген. Турбокомпрессор - газ шығырлы
53
үрмелеудің негізгі агрегаты болып табылады. Ол бір білікті ГШҚ құрылымын білдіреді,
оның қаңқасында компрессор жəне газ шығыры орнатылған. Піспекті қозғалтқыштардың
өңделген газдары газ шығырының жетегі болып табылады. Газ шығырының айналуы
компрессорды айналдырады, ал ол атмосферадан ауаны сорады, оны сығымдайды жəне
піспекті қозғалтқыштың цилиндрлеріне қысыммен береді. Іштей жану қозғалтқышының
барлық режимдерінде компрессордің тұтынатын қуаты шығырдағы қуатқа сəйкес келеді.
Отандық тепловоз дизельдері үшін турбокомпрессордың екі типі шығарылады: ТК - бір
сатылы орта тепкіш компрессорі жəне бір сатылы өстік шығыр; ТКР - көп сатылы орта
тепкіш компрессорі жəне бір сатылы ортаға тартылғыш . ТК типті турбокомпрессорлар
220-2200 кВт (300-3000 а. к.) қуатты дизельдер үшін арналған, ал ТКР типі - 735 кВт (1000
а. к.) дейін. Екі типте үш нұсқада жасалады: Н - төмен қысымды (ауа қысымының
жоғарлау дəрежесі β = 1,3-1,9); С - орташа β = 1,9-2,5) жəне В - жоғары β = 2,5-3,5). Бір
қатар турбокомпрессорлардың негізгі көрсеткіштері 1.1 - кестеде берілген, ал ТК типті
агрегат құрылымы - 1.32 - суретте берілген.
Турбокомпрессор қаңқасы үш бөліктен тұрады - екі тік қосқыштармен жалғанған
компрессор қаңқасынан 1, шығу қаңқасынан 7 жəне шығыр қаңқасынан 9. Шығыр аңқасы
жəне шығу қаңқасы сумен салқындатылады. Шығу қаңқасының ішінде компрессор
кеңістігін жəне білікті ыстық газдар əсерінен жылуды сақтау қабы 4 орнатылған.
Пісірілген ротор шығырдың 6 жұмыс дөңгелегінен жəне екі қуыс біліктен 5 жəне 10
тұрады. Шығырдың жұмыс дөңгелек қалақшалары дискіге (кейбір құрылымдарда
қалақшалар шыршалы құйрықшалы жəне бекуші пластиналы) пісіріліп бекітілген.
Саптама аппараттары 8 жеке құйылған қалақшалар жиынтығы (материалы – ыстыққа
төзімді болат) немесе əр біреуінде 3-4 қалақшалы сегменттер. Орта тепкіш компрессордің
2 жұмыс дөңгелегі алюменнен жасалған радиалды қалақшалы. Дөңгелектен шығуда
қалақшалы диффузор 3 орнатылған, одан əрі қаңқаның шығу улиткасы орналасқан.
Турбокомпрессор роторы екі тайғанау мойынтірегіне 11 жəне 12 қондырылған, олардың
біреуі (компрессор жағынан) шектеулі-тіректі. Майлау дизельдің майлау жүйесінен
жүзеге асады. Компрессор дөңгелегінің сыртқы диаметрі 340 мм. болатын
турбокомпрессор ТК34 габариттік көлемі 1000 х 800 мм. аспайды.
1.1 - кесте. Турбокомпрессорлардың негізгі көрсеткіштері
Турбокомпрессорлар
Көрсеткіштер
ТК30Н
ТК34С
4ТК
ТКР23
Дизель маркасы
ПД1
10Д100
11Д45
М756
Дизельдің номинальды қуаты, кВТ
882
2200
2200
735
Компрессордің өнімділігі, кг/с
2,15
2,80
2,85
1,35
Қысымның жоғарлау дəрежесі
1,75
1,75
2,10
1,60
Ротордың номинальды айналымы,
айн/мин
17 600
17 000
17 500
22 000
Температура,
о
С
570
450
500
550
Номиналды
режимде шығыр
алдындағы газ
параметрлері
Қысым, Н/м
2
1,55
1,73
1,85
1,58
Турбокомпрессор массасы, кг
400
350
320
100
54
1.32 - сурет. ТК типті турбокомпрессор
1.10.1 Көлік құралдарында газ шығырлы қондырғыларды қолдану
ГШҚ құрылымы жəне олардың түйіндері таңдалған құрылымдық сұлбаға тəуелді,
яғни компрессорлардың, жану камерасының, шығырдың, ауа салқындатқышының жəне
регенератордың өзара орналасуы. Энергетиканың бір қатар салаларында ГШҚ іштей жану
қозғалтқыштарымен жəне бу шығырларымен қатар кеңінен қолданылуда, ал авиацияда
толығымен піспекті қозғалтқыштардың орынын басты. Жылулық қозғалтқыштар ретінде
ГШҚ таңдау басқа типтегі жылулық қозғалтқыштар алдындағы артықшылықтарымен
анықталады:
ГШҚ негізгі артықшылықтары:
- жоғары меншікті қуатты қамтамасыз ететін жеңілдік жəне жинақылық;
- толық динамикалық бір қалыптылық;
- газ жəне сұйық отындардың əртүрлі сортында жұмыс істеу мүмкіндігі;
- төмен сыртқы ауа температурасында жылдам жəне жеңіл іске қосылу;
- пайдалану қарапайымдылығы жəне т.б.
Жоғары меншікті қуат жұмыстық дене қозғалысының үлкен жылдамдығымен жəне
процестің үздіксіз жүруімен түсіндіріледі. Көлікте қолданатын ГШҚ көп жағдайда 1,5
кВт/кг төмен (ең жақсы көліктік дизельдер үшін бұл көрсеткіш 0,25 кВт/кг аспайды)
меншікті қуатқа ие.
ГШҚ жұмысын реттеу жану камерасына отынды беруді өзгертумен жүреді, яғни
шығыр алдында газдар температурсын өзгертумен. Мұнда ротордың жылдамдық режимі,
негізінен екі білікті ГШҚ турбокомпрессорының роторы өзгеріссіз сақталады. Мұндай
реттеу қарапайым айналым жиілігін реттегішпен жүргізіледі. ГШҚ реттеу жүйесінде
отынның берілуіне əсер етуші қорғау элементтері қарастырылған, айналым жиілігінің
жоғарлауынан қорғау, газдар температурасының өсуінен қорғау, компрессордың тұрақсыз
жұмысынан қорғау (помпаждан) жəне басқалар.
ГШҚ негізгі кемшіліктері:
- аздаған жүктемелерде ПƏК біршама нашарлауында есептік режимде
қатысты экономикалық тиімділіктің төмендігі;
55
- жоғары жиілікті шудың жоғары деңгейі.
Темір жол көлігінде қуатты 50-5000 кВт ГШҚ қолданылуы мүмкін.
Автомобиль ГШҚ екі білікті құрылым сұлбасы қолданылады.
Төмен қуатты (50-300 кВт) агрегаттар электр генераторларын, компрессорларды
жəне негізінен өртсөндіру сорғыларының жетегі үшін қызмет етеді. Бұл жағдайда ГШҚ
қарапайым бір білікті құрылымды болып келеді.
1.11 Піспекті жəне құрама қозғалтқыштар
Піспекті қозғалтқыштар деп отынның жануынан бөлінетін энергияны
цилиндр ішінде жылжитын піспекке газдармен қысым жасау жолымен
механикалық энергияға айналдыруға болатын жылулық қозғалтқышты атайды .
Піспекті қозғалтқыштың (1.33 - сурет) негізгі бөлшектері: цилиндр 2;
цилиндр қақпағы (головка) 5; блок-картер 1; піспек 6; бұлғақ 7; иінді білік 8;
енгізу 3 жəне шығару 4 клапандары. Қақпақ табанымен, цилиндр
қабырғаларымен жəне піспек түбімен шектелген цилиндр көлеміне отын жəне
оның жануына қажетті ауа беріледі . Отын ауа қоспасының жануынан бөлінген
жоғары температуралы жəне қысымды жылу піспекті 6 қысады жəне оны
цилиндрде 2 қозғайды. Піспектің бұлғақ 7 арқылы ілгерінді-қайтымды қозғалысы
картерде орналасқан иінді біліктің айналым қозғалысына айналады. Піспектің
ілгерінді-қайтымды қозғалысына байланысты піспекті қозғалтқыштарда
отынның жануы тек қана отынды мезгілмен үлеспен кезектеп беруде ғана мүмкін
жəне де əр үлестің жануы бірнеше дайындық процестерін өтуі керек.
1.33 - сурет. Піспекті іштей жану қозғалтқышының сұлбасы
Құрама іштей жану қозғалтқыштары деп піспекті бөліктен жəне
бірнеше компрессорлік жəне ұлғайтушы машиналарынан (немесе құрылғыдан),
4
5
6
7
8
1
2
3
Өңделген
газдар
Ауа
56
сонымен бірге ортақ жұмыстық денемен өзара байланысқан жылуды беруге
жəне алуға арналған құрылғыдан тұратын қозғалтқыш.
Құрама қозғалтқыштың піспекті бөлігі есебінде піспекті іштей жану
қозғалтқышы қолданылады.
Құрама қозғалтқыштың ұ лғайтушы машиналар (немесе құрылғы) есебінде
көбіне газ шығыры пайдаланылады.
Мұндай қондырғыда энергия тұтынушыға піспек бөлігінің білігімен
беріледі немесе ұлғайтушы машинамен немесе екі білікпен бірдей .
Компрессорлық жəне ұлғайтушы машина саны, олардың типі жəне құрылымы,
олардың піспек бөлігімен жəне өзара байланысы құрама қозғалтқыштың
тағайындалу мақсатымен, оның сұлбасымен жəне пайдалану жағдайымен
анықталады.
Құрама қозғалтқыш құрамында піспекті қозғалтқыш жəне газ шығыры бір
бірін жақсы толықтырады:
- біріншіде жоғары қысымда газдың аз көлемінің жылуы механикалық
жұмысқа біршама тиімді айналады;
- екіншіде төмен қысымда газдың үлкен көлемінің жылуы өте жақсы
пайдаланылады.
Тұтынушыға қуат піспек бөлігінің иінді білігі арқылы беріледі . Ең бір көп
тараған құрама қозғалтқыштың сұлбасы 1.34 - суретте берілген. Құрама
қозғалтқыштың піспек бөлігінен шығатын жоғары температуралы жəне қысымды
газдар газ шығырының жұмыс дөңгелек қалақшалрын айналым алып келеді, ал
ол айналу моментін компрессорге береді . Компрессор атмосферадан ауаны
сорады жəне қысыммен оны піспек бөлігінің цилиндріне айдайды.
1.34-сурет. Құрама қозғалтқыш сұлбасы
1-піспекті қозғалтқыш, 2-газ шығыры, 3-компрессор, 4-ауа сүзгісі
жмн
2
3
4
1
тмн
57
Цилиндрге берілген отынның жануы үшін ауаның анық бір массасы қажет
(мысалы, 1 кг дизельдік отын жану үшін терия жүзінде 14,5-15 кг жуық ауа
қажет).
Құрама қозғалтқыштың піспек бөлігіне берілетін ауа қысымын жоғарлату
онда отынның көп мөлшерін жағуға жəне қарапайым піспекті қозғалтқышқа
қарағанда үлкен қуат алуға мүмкіндік береді . Піспекті жəне құрама іштей жану
қозғалтқыштары жылулық қозғалтқыштар ішінде ең экономикалық тиімдісі
болып табылады, олар жер бетінің жəне су көлсіктерінің , сонымен бірге
стационарлық энергетикада кеңінен қолданыс тапқан. Олар қызмет ету мерзімі
үлкен, салыстырмалы габариттік көлемі жəне массасы , жоғары экономикалық
тиімділігі бар, олардың сипаттамалары тұтынушы сипаттамларымен жақсы
сəйкес келеді. Айналшақты-бұлғақты механизмімен байланысты піспектің
ілгерінді-қайтымды қозғалысы қозғалтқыштардың негігі кемшіліктері болып
табылады, ол құрылымды күрделендіреді жəне үлкен көлемді қозғалтқышта
айналым жиілігін жоғарлату мүмкіншілігін шектейді.
1.12 Энергия көзі ретіндегі іштей жану қозғалтқышының сипаттамасы
Өнеркəсіптерде, көлікте, ауыл шаруашылығында жəне стационарлық
энергетикада іштей жану қозғалтқыштарының тез таралуы келесілермен
байланысты:
Іштей жану қозғалтқышының бір цилиндрінде (бір кеңістікте) жылуды аз
жоғалтумен жұмыс циклын іске асыру , жылы жəне салқын көздер арасында
температура мен қысымның біршама ауытқулары қозғалтқыштардың басқа
типтерімен (бу машинасы, ГШҚ) салыстырғанда бұл қозғалтқыштардың жоғары
экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді. Іштей жану қозғалтқыштарының
арасында дизельдік қозғалтыштар қауттың кең диапазонда өзгеруінде отынның
химиялық энергиясын механикалық жұмысқа жоғары ПƏК айналдырады .
Мұнайлық отындардың қорының шектелуін есепке алса дизельдердің бұл сапасы
өте маңызды.
Қандайда бір энергия тұтынушымен оңай байланысуын іштей жану
қозғалтқыштарының
оң
ерекшеліктеріне
жатқызуға
болады . Бұл
қозғалтқыштардың қуат өзгеру мен айналу моментінің сəйкес сипаттамаларын
алу мүмкіндігімен түсіндіріледі. Іштей жану қозғалтқыштарының автомобильдер,
тракторлар, ауыл шаруашылық машиналары , тепловоздар, кемелердің
энергетикалық қондырғылары болып табылады , сонымен бірге олар
стационарлық электрлік кешендерде қолданылады , яғни іштей жану
қозғалтқыштарын көптеген областарда қолданады. Салыстырмалы төмен жасалу
бағасы, жинақылық жəне іштей жану қозғалтқыштарының аз массасы оларды
əртүрлі күштік қондырғыларда кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Іштей жану қозғалтқышы бар қондырғы үлкен автономдылыққа ие.
Іштей жану қозғалтқыштарының жай уақытта тез іске қосылу мүмкіндігі
маңызды оң сапасы болып табылады . Төмен температурада жұмыс істейтін
қозғалтқыштар іске қосуды жеделдетуге жəне жеңілдетуге арналған арнайы
құрылғылармен жабдықталады. Қозғалтқышты іске қосудан кейін жылдам толық
жүктеме ала алады. Пайдалану жағдайларында қозғалтқыш қалыптаспаған жəне
ауыспалы режимдерде жиі жұмыс істейді . Піспекті жəне құрама қозғалтқыштар
бұл
режимдерде
жұмыс
істеуге
жақсы
қалыптасқан . Іштей
жану
қозғалтқыштарын көлік құралында пайдалануда өте маңызды біршама тежеу
моментіне ие.
Отынның көптеген түрлерінде бір қозғалтқыштың жұмыс істеу
58
қабілеттілігі дизельдердің оң сапасына жатады . Көп отынды автомобиль
дизельдерінің құрылымдары белгілі, сонымен бірге дизельдік отыннан қазандық
мазутқа дейінгі əртүрлі отындарда жұмыс істей алатын аз қуатты кеме
қозғалтқыштары да белгілі. Іштей жану қозғалтқыштарының оң сапаларымен
қатар оның бір қатар кемшіліктері де бар.
Олардың ішінде:
- мысалы, бу жəне газ шығырларымен салыстырғанда
агрегаттық қуаттың шектелуі;
- жоғары шу деңгейі;
- іске қосуда иінді біліктің жоғары айналым жиілігі жəне
тұтынушының жетекші дөңгелегімен тікелей қосылудың
болмауы;
- шығатын газдардың зияндылығы;
- қалыпсыз инерция күштері мен моменттерінің тууына себепші жəне
айналым жиілігін шектейтін піспектің ілгерінді-қайтымды қозғалысы.
Достарыңызбен бөлісу: |