Лирикасы
С.Торайғыровтың лирикасы сан аулан: мазмұны терең, тақырыбы
бай. Сұлтанмахмұттың творчествосындағы ең бір жемісті кезең 1913-
1914 жылдар, осы азғана уақыттың ішінде ол елуге тарта өлең, бірнеше
мақалалар, көлемді поэма, бір роман жазып үлгерді. Сұлтанмахмұт
өзінің ақындық жолында əрдайым барар бағытын бағдарлап, алдына
қойған мақсатына қайтсе де жетуді арман етіп отырады. Мұны біз оның
бірнеше өлеңдерінен аңғарамыз. Алғашқы кезде жазылған сондай
шығармаларының бірі - «Ендігі беталыс». Тегі Сұлтанмахмұт үйрену,
іздену шағының бір кезеңінен өтіп бара жатқанын сезінген болу керек,
өйткені осы бір шағын өлеңді жас ақынның манифесті деуге болар еді.
Кірді ғой түстен кейін тентек ақылы,
Сертімнің бұл өмірлік ең ақыры.
«Адам-құл, өзін жеңіп ұстамаған!»
Деген бір Сократтың бар нақылы.
Қайткен күнде де «Ендігі беталыс» деген өлеңде үлкен оптимизм,
ақынның өз күшіне, болашағына сенушілік бар екенінде ешбір күмəн
жоқ.
Осы циклге жататын ақынның ең бір ғажап өлеңі «Бір адамға»
қысқаша тоқтап өтелік. Өйткені сырт қарағанда ешбір сиқыры жоқ, жай
ғана көрінгенмен, осы өлеңнің мазмұны мен түрінде зəредей міні жоқ,
бірімен-бірі қабыса мүсінделгендей. Алты шумақтан ғана тұратын
шағын өлеңге ақын қазақ өмірінің бір кезеңін сыйғызумен бірге соған өз
тарапынан ащы ажуа айтып, қатал үкім шығарған. Бұрынғы ата-
бабасына берген сыйлығын көрсетіп, мақтанған тоғышар шалға:
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан ғып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырмақ теңге алыпты,- деп бетіне басады да, ақыры
ақын мынадай зілді қорытындыға келеді:
Отырдым, көрсем жекіп тастар ма деп,
Шал айтты: көріңіздер, жасқанба!- деп
Кесені қолыма алып қарай бердім:
Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп…
Ақынның өмірбаянынан белгілі бір шындық: ол қайтсе да орыс тілін
меңгеріп, үлкен ғылымнан нəр алуды өзіне бірден-бір арман етуі
болатын. Ақыры, ақын өзіне өзі берген сертін «Өмірімнің уəдесі» атты
өлеңіндегі мынадай жалынды жолдар арқылы паш етеді:
ОллаҺи, ант етемін алла атымен,
Орыс тілін білемін Һəм хатымен;
История, география пəнді білмей,
100
ОллаҺи, тірі болып жүрмеспін мен…
Сенемін, еңбек қылсам, бақыт жақын,
Келер жаз атақты алам деген «ақын».
Жүректің қазынасы тазартылса,
Пайдасын көрер əлі-ақ ертең халқым.
Рас, Сұлтанмахмут өзінің көптеген өлеңдерінде қожа- молдаларды,
дінге берілген кейбір надандарды қатты ажуаға алып, аяусыз
əшкерелегенін көреміз, бірақ бұдан құдайға сенбеді, құраннан безді
деген ұғым тумайды.
С.Торайғыров өмір сүрген кезендегі ең күрделі мəселелердің бірі-
əйел тендігі. Қалың малдың кесірінен жас қызды шалға беру немесе
əмеңгерлік дəстүрі, қысқасы қазақ қоғамындағы əйелдің правосыздығы
сол кездегі үйреншікті жексұрын көрініс десе болғандай. Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың əйел теңдігі тақырыбына жазған шығармаларын екі
салаға бөлуге болар еді. Біріншісі-ескі ғұрыптың күңі болған аяулы
жандардың қайғылы халін суреттеу, жанашырлық сезімін білдіру,
екіншісі-əйелдің қоғамдағы орны, ол семья көркі, ғазиз ана, сүйікті жар.
Ақынның оқшаулау тұрған шығармасы - «Сымбатты сұлуға» деп
аталатын сатиралық өлеңі. Ең алдымен, осы өлеңге қойылған аттың
өзінде ащы ирония бар, өйткені мұнда сөз болатын сымбатты сұлу қыз
емес, керісінше көрерге көркі, сүйсінерге мінезі жоқ тұрпайы да, өз
басын күтуге де олақ, нас, тұрпайы əйелдің суреті берілген. Ақынның
«мақтағанының» бəрі ажуа, мысқыл. Мысалы: ол былайша:
Сүйдірген сені маған кірлі мойның,
Арбадай қиратылған доғал ойның,
Қаңтардың аязындай ыстық қойның,
Ызғар шығар қойныңнан,
Жанжал шығар ойныңнан,-деп те келтіреді.
Сұлтанмахмұт - өзінің көңіл күйін, қуанышы мен қайғысын, мұңы
мен назын, сүйінуі мен күйінуін өте шебер жəне нəзік етіп шерте білетін
сыршыл, лирик ақын. Ақынның сол 1914 жылы жазылған: «Лəғнет
бұлты шатырлап», «Келді хатың мен шаршап», «Алты аяқ», «Күңгірт
түспен ойға батып», «Ей махаббат, ей достық», «Дүниедегі қызықтың»
деп аталатын өлеңдері де оның əр жағдайдағы көңіл күйін білдіреді.
«Жапырақтар» деген тек табиғаттың əсемдігін суреттейтін лирикалы
өлеңін аяқтағанда, тамам гүлденген жапырақтардың ішінен ерте
бозарған біреуін көріп, одан өзінше əлеуметтік мағына іздейді де,
мынадай қорытынды шығарады:
Азапқа тұрмас салғандай,
Ескі-дерті налғандай,
Көгерет дейтін үміт жоқ,
Құрт түсіп, қатып қалғандай.
Дірілдеп жерге қарап тұр,
Жалғаннан көзі талғандай.
101
Бұл айрықша мəн беріп, жекеше талдауды керек ететін шығарма
Сұлтанмахмұттың «Жас жүрек» атты белгілі өлеңі. Кейбір зерттеушілер
ақын осы өлеңінде өз қатесін мойындады, алашорда тобына
қосылғанына өкінді дегендей емеурін білдіреді. Бірақ осы шығарманың
толық күйін алып көрсек, толып жатқан қайшылықтар кездеседі. Тегі
бұл өлең Сұлтанмахмұттың сол жыл басылған аты шулы «Алаш ұраны»
атты таза ұлтжанды сарынмен жазылған жырына көшетін баспалдақ
тəрізді.
Ақын «Шəкірт ойы» деген өлеңінде оқып білім ала бастаған шəкірт
«қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болатындығына» кəміл
сенетіндігін ашық айтады. Демек, ақынның өзінің міндетін тануда зор
өзгеріс, алға қарай даму бар. Дəлірек айтқанда, ақында іштей түлеу,
жаңару, ілгерілеу, шын мəніндегі творчестволық эволюция бар еді.
Дəл осы ретте «Неге жасаймын»- Сұлтанмахмұттың ақындық,
азаматтық программасы секілді. Мұнда ол адам өмірі қысқа екендігін,
өзі бастаған игі істердің жемісін түгелдей көруге үнемі бола бермейтінін
мойындап, терең қорытындыға келеді:
Жасамаймын «Еңбектің
Жемісін көзбен көрем» деп,
Жасаймын «бір- қолғабыс
Кейінгіге берем» деп.
Осы төрт жолға адам өмірінің бар қасиеті мен мағынасы сыйып
тұрғандай. Демократ ақынның ежелгі арманынан адаспай, əлі де болсын
гуманизмнен қол үзіп кетпегенін көргендейміз.
«Ақ сəуле» деп аталатын лирикалық өлеңде жеке бастың субьектив
сезімдері тым жалаңаш беріледі. Сондықтан болса керек, бұл өлең
ақынның кейінгі жинақтарына еңгізілмей жүр.
Ерекше тоқтауды талап ететін шығарманың бірі «Таныстыру» деген
диалогпен жазылған ұзақ өлең. 1917 жылдың орта шенінде қызметін
тастап,
Семейден
ел
арасына
аттанған
Сұлтанмахмұт
енді
алашордашылар тобына қайтып оралмайды, бұған, бір жағынан,
ақынның ұзаққа созылған сырқаты бөгесін жасаса, сонымен қатар, ол
алашордашылар көздеген түп мақсатына да күмəнмен қараған тəрізді.
Өлеңде ақын алашордашылардың басшыларын мақтағанмен, ел қамын
жеуден гөрі өз пайдасының басын көздейтуғын алаяқтарды да көре
біледі, өлтіре шенейді.
«Өң бе, түс пе?», «Дауылдағы əбігер», «Ғайса кім?», «Ағайынның
азғындығы», «Дін», Сұлтанмахмұттың демократтығын күшейте түсуге,
оның көзқарасын бізге бір табан болсын жақын етуге əдейі ойлап
шығарған ба деп қаласың. Өйткені бұрынғы өлеңдеріндегі кездеспейтін
немесе ұшыраса қалған күнде көмескі сезілетін жайлар соңғы ақын
творчествосында жиі кездесе кездесе беретін көрініс емес, ондайлардың,
көбінесе, жасанды болып келетінін дəлелдеп жатудың қажеті бола
қоймас.
102
Қорыта
келе
айтатынымыз,
С.Торайғыровтың
лирикасын
тақырыптық жағынан оқу-білім, қоғамдық-саяси, азааттық, махаббат-
жастық, діни-таным, философиялық, сын-сықақ дегендей бірнеше
тақырыптарға бөліп қарстырудың мəні зор. Ал жанрлық, идеялық
тұрғыдан да ақын қазақ поэзиясын зор белестерге көтере алды.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1918 жылдың ішінде жазған өлеңдері
сан жағынан онша көп емес, не бары алты ғана өлең. «Неге жасаймын»,
«Соғыстың кесірі», «Мұңдылардың жолыққаны», «Ақсəуле», «Əкелші»
сонсоң ұзақ өлең «Таныстыру». Бұлардың бəрі де қазақ поэзиясына
кезінде үлкен жаңалық ретінде танылған дүниелер. Оларды жеке-жеке
талдау, идеялық көркемдік бағытын айқын ашып көрсету қажет.
Поэмалары
Əдетте Сұлтанмахмұттың поэмаларын сөз еткенде, «Адасқан өмір»,
«Кедей», «Қайғының» үзіндісі жеке қаралып, талдау береледі де, «Кім
жазықты?» романдар қатарына қосылып тексеріліп жүр.
«Адасқан өмір» мен «Кедей» поэмалары Сұлтанмахмұттың
творчествосынан ерекше орын алады. Ең алдымен, Сұлтанмахмұт бұл
екі поэманы өмірдің азды-көпті белестерінен өтіп, сол өмірге деген
көзқарасы толық қалыптаспағанмен белгілі бір ой-пікірге келген
шағында жазған, шын мəніде толысқан шығармалары.
Бізге жеткен мəліметтердің қай-қайсысында болсын, осы екі
поэманы Сұлтанмахмұт 1918-жылы Семейден кеткен соң, елде жүріп
жазды деседі. С.Торайғыровтың өзінің «Адасқан өмір» атты поэмасымен
қазақ əдебиетіне үлкен бір жаңалық əкелгенін ашып айтумыз қажет. Ең
алдымен ақынның өмір жөніндегі философиялық топшылаулары өте
терең болып келуімен бірге, осы поэманың ішіне заманның ең басты
деген мəселелерін сыйғыза білуінде болса керек. Сонымен қатар, жастық
шақ, орта жас, кəрілік кезең, өлім сəтін сөз еткенде, Сұлтанмахмұт өз
ойларын абстракт түрде бұлдыр етіп бермейді. Əрбір ұғымды дəуір
шындығы арқылы бейнелемек болады, екінші сөзбен айтқанда, реалистік
негізге құрайды. Ақын балалық шақты былайша:
Мен-ұжымақ періштесі, көңілім таза,
Қандай нəрсе білмеймін: пəле, қаза,
Еркімнің ұйғарғанын істеуіме,
Ұғынбаймын ешкімнен бар деп жаза,
Қастық деген не нəрсе, көрінген дос,
Жылау деген не нəрсе – көңілім қош,
Алдау, күндеу, айла не, мен білмеймін,
Жүрегімде түкпір жоқ сүюден бос.
«Адасқан өмір» белгілі бір сюжетке құрылмаған, ақын кейіпкерінің
монологі арқылы өзінің өмірге, дүние тануға, адам тіршілігіне, қоғамға
болған көзқарастарын лирикалық толғаулар жəне философиялык
топшылаулармен бере білген. Қай сəтте, өмірді түсіндіруде немесе адам
тіршілігіндегі сан қилы құбылыстарды тануда ақын тоқырап қалып,
103
біраз торығу сарындары білініп отырса да, поэма реалистік негізде
жазылған, əлеуметтік мəселелердегі ақынның позициясы анық, ашық,
ол- демократиялық позиция.
С.Торайғыровтың 1919 жылдың ішінде жазып аяқталған екінші бір
көрнекті шығармасы «Кедей» поэмасы. Тегі «Адасқан өмір» мен
«Кедейдің» бір кезде жазылғандығынан болу керек, осы екі
шығарманың өз ара үндестігі, идеялық мазмұнының жақындығы, керек
десеңіз, стилінің бірлігі бірден айқын көрініп тұрады, кейде оларды бір
шығарманың өрбіген екі тарауы ма деп қаласыз. Осы екі шығарманың өз
ара ерекшеліктерін «Кедей» поэмасына жеке талдау берген кезде анық
көруге болады.
«Кедей»-лирикалық поэма. Мұнда да белгілі сюжет жоқ.
С.Торайғыров «Адасқан өмірде» əділеттік мəселесін жалпы түрде
қойып, адам тіршілігінің кезеңдеріне философиялық терең топшылаулар
жасаған болса, енді «Кедей» деп аталатын поэмасында бір кісінің өмірі
жөнінде сөз етіп, сол кездегі кедей біткеннің көрген күнін, шеккен
азабын жиынтықтап көрсеткендей болады. Бас қаҺарман қазақ кедейі, ол
күзгі түнде суыққа тоңып қой күзеткен кезінде өзінің өмірін бастан- аяқ
шолып өтеді. Оның əкесі мен шешесі де байдың есігінен басқаны
білмейді, ұзақ жылдар бойына көргендері азап. Поэманың «Қызметі Һəм
аяныш халі» деген тарауында ақын əлсіздің күштіден шеккен азабын,
көрген жəбір-жапасын толық баяндайды. Тегі ақын еңбек адамының
бейнесін кеңірек бергісі келген болу керек, «Қаладағы жебірлер» деген
келесі шағын тарауында қаладағы жұмыскерлердің халіне де тоқтап
өтеді:
Қаланың да дəм- тұзын ішпедім бе?
Тірі көрге түскендей жер астының,
Кеңдерін шығарғалы түспедім бе?
Жер қазып, құм, тас төсеп шойын жолға,
Сүйелдер шықпап па еді біздің қолға?
Күніне он төрт сағат жұмыс қылып,
Тамақтан қанша артылды ақым сонда?
Сұлтанмахмұттың кейіпкері өмірден опық жеп, қанша өкініш
айтқанымен «құдай салды, біз көндік» деп отыра беретін санасыз жан
емес, ол өзінің бағасын жақсы сезінеді, өзімен бір күнде туған, бай
баласы Жақыптың ерекше тіршілігін айтып, оның бойындағы
«қасиеттерді» санағанда, сол Жақыптың өзінен анағұрлым төмен екенін
ашып айтады.
Сөз жоқ, «Кедей» поэмасы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
демократтық позициясын нығайта түсті, ақынның сара жолға қайта
оралып, халқымен бірге екенін айқын дəлелдеп берді. Сондықтан да біз
«Адасқан өмір» мен «Кедей» поэмаларын ХХ ғасырдың бас шеніндегі
қазақ əдебиетінің зор табысы деп танимыз. Бізге жеткен мəліметтердің
қай-қайсында болсын осы екі поэманы Сұлтанмахмұт 1918 жылы
Семейден кеткен соң елде жүріп жазды деседі.
104
Прозасы
Сұлтанмахмұт прозасының бір ерекшелігі, əншейіндегі белгілі
дəрежеде қалыптасқан біз білетін түрлеріне дəл түсіп қабыса бермейді.
С.Торайғыровтың прозасы онша көп емес. Алайда, кесек, күрделі
прозалық түрде де өзін əдемі аңғарта аларлық зор қабілеті бар екендігін,
Сұлтанмахмұт «Кім жазықты» жəне əсіресе, «Қамар сұлу» арқылы
айқын дəлелдеп берді.
Кезінде жарияланбаса да, Сұлтанмахмұттың тұңғыш жазған
прозалық шығармасы «Зарландым» (1912). Мұнда автор негізінде қазақ
арасындағы оқу ісіне тоқтап қазақ шəкірттердің жайын сөз еткен. Бұдан
кейін автор қазақ даласына жаңа əдіспен оқытатын мұғалімдердің келе
бастағанына қуаныш білдірсе де, əлі де ел ішінде оқу жұмысы жөнеге
қойылмай, оған оншама мəн берілмей келгенін қынжыла баяндайды.
Осы еңбектің қалған бөлімдеріне жазушы балаларын оқуға берген
əкелердің сатиралық бейнелерін беріп, жаңа оқуды таратушы жас
мұғалімнің жарқын образын жасағандай болады.
Жазушының
очерк-мақалаларының
ішінде
оқшау
тұрғаны
«Жазықсыз тамған қан» атты қысқа əңгімесі. Ақын бұл тақырыпқа
үлкен бір шығарма жазбақ болса керек деседі. Сондықтан да оны кейде
«Өлеңмен жазбақ драманың материалы» деп те атайды.
Өзінің зор маңызынан гөрі қайсыбір зерттеушілердің даурықпа
сөздері арқылы көпшілікке мəлім болған, Сұлтанмахмұттың тағы бір
еңбегі «Социализм» деп аталатын мақаласы. Бұл мақала төңірегінде шу
көтеру былай тұрсын, оны жазушының тандамалы шығармаларына
еңгізуге болмайды. Олай деуге екі себеп бар: біріншісі, мақаланың
социализмді сөз ететін екінші білімі жоғалып кеткен, екіншісі,
сақталып, басылып жүрген тарауында қəте пікірлер көп. Өйткені бұл
мақалада «Социализм» деген аты болмаса ол жөнінде бір ауыз сөз жоқ.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ прозасын түгелдей алып
қарағандай идеялық мазмұны мен көркемдік қасиеттері жағынан оқшау
тұрған екі шығарма бар. Оның бірі С.Торайғыровтың «Қамар сұлуы» ,
екіншісі С.Көбеевтің «Қалың малы» Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлуы»
қай дəрежеде роман деген терминге жауап берді жəне жазушы өзінің
шығармасында өткендегі қазақ өмірін қаншалықты терең көрсете алды,
қандай кейіпкерлердің бейнелерін жасап, олардың қоғамдағы өмірін бере
білді деген тұрғыдан қарасақ, бұл жөніндегі ойларымызды дəлелдей
алсақ, «Қамар сұлудың» жанрлық табиғаты өзіне-өзі ашылады ғой
дейміз.
Жазушы шығармасының структурасын қызық құрған. Сөйтіп, автор
шығармасының бетін мынадай жолдар мен ашады:
Жіңішке сымға тартқан əні қандай,
Балауыз балбыраған тəні қандай.
Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,
Толықсып толып тұрған сəні қандай!
105
деп кете береді. Əрине, бұл сұлу қыздың сырт болмысын сипаттау
ғана. Ал енді «Қамар сұлудағы» оқиғаның өрбіп, дамуына келетін
болсақ, жазушы негізінде хронологиялық əдісті қолданған, мұнда
шегіністер немесе өз алдына қатар жүріп жататын қосалқы эпизодтар
жоқ. Барлық оқиға бір Қамардың басына байланысты, шығармадағы
басқа кейіпкелердің қайсысының басын бейнелері де сол Қамар сұлуға
қарым-қатынасы арқылы айқындала, ашыла түседі. Шығарманың желісі
мынандай: Ахмет ақыры Қамар сұлуға хат жазып, өзінің ғашық екендігін
білдіреді. Қыз бен жігіт арасында хаттар жүріп, Қамар сұлу соңғы
сəлемінде екеуінің қосылуына ешбір мүмкіндік жоқ екенін ашып айтады,
ұзақ хатын былайша аяқтайды:
Разы бол, сүйген жарым, қош, есен бол!
Құдайым аша берсін берсін алдыннан жол.
Мен үшін бұдан былай əуре болма,
Бір жола үзіл –кесіл айтқаным сол,
Шын сөзге тоқтайсың ғой амалсыздан,
Қарағым разы бол, қасіретім мол
Қамардың жайын түсініп Ахмет оған ақырғы қоштасу хатын жазған
кезінде, бұл хаты өздерін аңдып жүрген бозбалалардың қолына түседі де,
олар даурығып, хат ішіндегі «Қамар-Ахмет» деген сөздерге ғана мəн
береді де, қыздың ағасы Қасенге барып жеткізеді.
Қасен желіккен жастарды тоқтатпақ болады, олар көнбейді, сол
бетімен жұртқа өсек таратады. Бұған Қалтан қажы мен Оспан би
көтеріліп, Жəукенің малын талап, баласын абақтыға жықпақ болады. Тек
Омардың араласуымен ғана өсек сөзді зорға сөндіреді. Бірақ іс аяғы
мұнымен тынбайды, тағы да біраз сөздер болады. Ахметке тентектік
жасады де нақақтан айып салады.
Міне, осындай ауыр шақта тағы бір пəле кездеседі. Сол қарсаңда
əйелі оған Жорға Нұрым енді Қамар сұлуға көз тігеді, бұрын тоқалдыққа
ала алмай жүрген сабаз, күні-түні Оспан досінікіне ат үздірмей, Қамарға
құда түскісі келеді. Мұнда автор Нұрым бейнесін өте жексұрын етіп
берген. Шығармадағы ендігі оқиғалар осы Жорға Нұрымға байланысты
барып аяқталады. Үлкенді-кішілі оқиғалардан соң Нұрым бір топ жігіт
ертіп таң алдында бейғам жатқан. Омар үйіне келеді де, оны таяққа
жығып, байлап қояды да, Қамарды зорлап алып қашады. Осыдан бастап
шошынған жас қыздың ауруы меңдей бастайды.
Шығарманың аяғында əбден жүдеп, əлі құрыған Қамарға, бақсы
түрліше азап көрсетіп, дерт иесін қумақшы болып, зиратты айналып
жүрген кезінде Омар мен Ахмет келіп жетеді. Бұл кездесуде де екі
ғашықтың ішкі тебіреністері тағы да өлең арқылы берілген.
Ақыр аяғында əбден ашынған Ахмет бақсы мен Нұрымға кезек-
кезек пышақ салып, оларды қызыл-ала қан етеді, өзі есіктен шыға
бергенде оған қатарынан екі бірдей сойыл тиіп құлатады да, Ахмет бұл
дүниенің залым тұрмысынан ақыреттің əділ тұрмысына қарай арманда
көшіп жүре береді. Ең алдымен, жазушы əйел теңдігіне байланысты сол
106
кездегі қазақ арасындағы етек алған ескі əдет-ғұрыптарды қатал сынай
отыра, ендігі жастардың келшегі оқуда, еркіндік тұрмыста екенін, Қамар
мен Ахметтің трагедиялы халдері арқылы мегзейтін болса, осы
шығармасында сонымен бірге, бір топ кейіпкерлердің ұмытылмастай
жарқын, сенімді образдарын жасайды. Бұл жаңа ғана қалыптаса бастаған
қазақ прозасына қосылған зор үлес еді.
Сондай-ақ, ол қазақтың көркем прозасы мен поэмаларының
қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. «Қамар сұлу», «Кім жазықты» деген
кесек шығармалары Сұлтанмахмұт Торайғыровтың үлкен формада
батыл барлау жасап, іздену үстінде елеулі творчестволық табысқа
жеткенін дəлелдейді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Айқапта» қай кезде, қандай
жұмыстар істеді?
2. Сұлтанмахмұт Торайғыров лирикасындағы романтикалық
сарындар неліктен?
3. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың поэмаларының жанрлық жəне
идеялық-көркемдік ерекшеліктерін баянда!
4. «Кім жазықты» романы қашан, қайда жазылды?
5. «Кім жазықты» романының идеялық мазмұнын айтып бер
6. «Қамар сұлу» романындағы тартыс қалай өрбіген?
7. Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармасының басты ерекшеліктері
неде?
107
СƏБИТ ДӨНЕНТАЕВ
(1894-1933)
Жоспары:
1. С.Дөнентаевтың өмірі.
2. «Уақ-түйек» жинағы.
3. Сəбит өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктері.
4. Оқу, өнер тақырыбы.
5. Ақын шығармаларындағы мысал жанры.
6. Сатиралық өлеңдер
7. С.Дөнентаевтың прозасы
Əдебиеттер:
1. Қазақ əдебиетінің тарихы.2-том, 2-кітап.
2. Б.Кенжебаев. XX ғасыр басындағы əдебиеті. Алматы, 1993ж.
3. Б.Ысқақов. Сəбит Дөнентаевтың ақындығы
4. Б.Ысмайлов. Əдебиет жайлы ойлар. 1990ж.
5. Сəбит Дөнентаев. Ұрпағыма айтарым.1989ж.
С. Дөнентаев Павлодор облысының Ермек ауданында 1894-жылы
кедей шаруаның семьясында дүниеге келеді. Сəбиттің əкесі Дөнентай
кедей, еңбекқор, санасы ояу, шаруашылығына ұқыпты кісі болған.
Жалғыз баласын қатарға қосуға құштар болған Дөнентай Сəбитті
оқытып, білімді етіп шығаруға тырысады. Ол Сəбитті əуелі өз
ауылындағы
мектепке
беріп
оқытады. 1909-жылы
Павлодар
қаласындағы Қасым қажы дегеннің медресесінде (татар медресесіне)
оқуға береді.
Бұл жерлерде Қазақстанның көп жерлеріндегі мектеп, медреселерде
оқу жаңа, төте оқу əдісімен жүргізілетін. Балаларға тек дін сабақтарын,
құран, əптиек қана оқытылмай, дүниетану пəндері де ана тілі, есеп,
география, тарих, орыс тілі-окытылатын. Қасым қажы медресесіндегі де
оқу жаңа төте оқу əдісімен жүрді. Бұл пəндердің оқытылуының
шəкірттер үшін прогрестік мəні болды.
Сəбит медресені бітірген соң, əкесі ойлағандай молда болып
шықпай мұғалімдік жолға ойысуына да осы жайлардың ықпалы тиеді.
Сəбит 1913-1916 жылдар арасында бұрынғы Павлодар уезінің ұрық
болысында мұғалім болып істейді. Осы кезде Сəбит Семей, Омск
қалаларын аралап, саяхат жасайды. Бұл оның ой өрісін кеңейтеді, заман
жайын, ел тұрмысынан аңғаруына себеп болады.
Сəбит медреседе оқып жүргенде де, ауылда мұғалімдік қызметте
болғанда да қазақ, татар тілінде шығатын «Айқап», «Шора»
журналдарын, «Қазақ», «Уақыт» газеттерін оқиды, сол кезде «Айқап»
журналында істеп жүрген өзінің əрі ақылдасы, əрі досы Сұлтанмахмұт
Торайғыровпен
хат
жазысып
тұрады.
Өз
тұсындағы
татар
əдебиеттерімен танысады.
108
Сəбиттің «Қиялым» атты өлеңі тұңғыш рет 1913 жылы «Айқап»
журналында басылады. Осыдан былай оның өлеңдері, мақалалары
«Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде үнемі басылатын болған. 1905
жылы «Уақ түйек» деген атпен алғашқы өлеңдер жинағын бастырып
шығарады. Осыдан былай Сəбит белгілі ақын аталып, оның есімі көпке
əйгілі бола бастайды.
Сəбит 1917 жылы май айында жұмыстан босап Семей қаласына
келеді. Сондағы алашорда үкіметі ашқан мұғалімдер дайындайтын үш
айлық курста оқиды, екінші жағынан «Сарыарқа» редакциясына
экспедитор болып қызмет істейді.
С.Дөнентаевтың өлеңдері газет, журнал беттерінде жарияланғанын
айтпағанда, революцияға дейін де, революциядан кейін де əр кезде
жинақ болып басылып келеді. Оның ертеректегі өлеңдері 1915 жылы
«Уақ- түйек» атты алғашқы жинағында топтастырылды. Ал совет
тұсында ақынның өлеңдері өз алдына жеке- жеке жинақ болып 1935,
1950, 1956 жылдары басылады.
С.Дөнентаевтың жазушылық сапарының үш кезеңі бар.
1. 1913-1917 жылдар арасы. Ақынның демократ-ағартушы бағытта
өлең, мақала жазып жүрген дəуірі.
2. 1917-1920 жылдар арасы. Ақынның буржуазияшыл-ұлтшыл
бағытта, алашордашылар ықпалыңда жүрген, сол бағытта өлеңдер жазып
жүрген кезі.
3. 1924-1933 жылдар арасы. Ақынның шындық жырлаған дəуірі.
Сəбиттің революциядан бұрын 1913-1917 жылдар арасында жазған
өлеңдерінің тақырыбы мен көлемі жағынан ең көрнектілері: «Заман
кімдікі», «Менің халім», «Замандастар», «Қазақтың білгендеріне», «Боз
торғай», «Жер», «Қожа», «Ауырған арыстан», «У жеген қасқырға»,
«Қиялым», «Балалықты сағыну», «Үміт», «Талап», «Жұмыскердің
өкініші», «Жарық ағаш», «Сұңқарлар мен қарғалар», «Жамила қыз»,
«Бұлбұлға» т.б.
Сəбит бұл өлеңдерінің біразында қазақ еңбекші бұқарасының сол
кездегі екі бірдей қанаудан- қазақтың байлары, бай-феодалдары
қанауынан, патша үкіметінің отаршылдық, капиталистік қанауынан-
көріп отырған ауыр азабы туралы жазады. Онда мейлі саяси
шаруашылық жағынан болсын, мейлі мəдени ағарту, құқық жағынан
болсын түрткі, теңсіздік, қысым көріп отырғанын, теңдік, бостандық,
бақыт жөніндегі ойын, арманын суреттейді. «Менің халім» деген
өлеңіңде:
Кез келіп арыстанның арбауына,
Таң болдым қу түлкінің алдауына,
Бірі ойнап, бірі шындап, итермелеп,
Тықсырды жердің биік жарлауына.
Бірі айдап, бірі тартып түсіргенде,
Болар ма менің сынып қалмауыма?
Кетуге су түбіне тұрмын таяу,
109
Қолымның қай тал жақын қармауына?-дейді.
Сəбит Дөнентаев өзінің ақындық өнер жолында Абайдан, Тоқайдан
көп үйреніп солардың ықпал, əсерімен жазған. Абай, Тоқай арқылы ұлы
орыс халқының классикалық əдебиетінен-Пушкин, Лермонтовтан,
Крылов, Салтыков-Шедриннен оқып үйреніп, олардан да үлгі өнеге
алады. Олардан жаңашыл дəстүрін бойына сіңіреді. Ақын қазақ
еңбекшілерінің тұрмыс- тіршілігін, қазақ бұқарысының əлеуметтік
өмірінің көкейтесті мəселелерін сөз ете отырып, Шоқан, Ыбырай, Абай
бастаған ағартушылық-демократиялық бағытты басты нысана, басшы
роль етіп есептейді.
Сəбит Дөнентаевтың қосшы, колхоз, мектеп жұмыстары, газет-
журналдар туралы өлеңдерінің бастылары: «Бай мен комсомал»,
«Комсомалдың айты», «Жалғыз құдық мектебінде», «Кеңес сайлауы»,
«Ерікті айша», «Қазақ тіліне», Сəбиттің елдегі тап жауларының іс-
əрекеттерін, ескілік қалдықтарын əшкерелейтін, адамның ескі-мінез
қалықтарын сықақ ететін өлеңдерінің көрнектілері: «Өсек қадірі
азаюда», «Құсайынның арманы», «Ақ жорға шығыпты», «Мұқан мен
Серік», «Жекен молда», «Бажайдың даярлығы».
Жоғарыда Сəбит Дөнентаев өз өлеңдерінің алғашқы жинағын «Уақ-
түйек» деп атады дедік. Осы атау Сəбит өлеңдерінің бəріне сай келеді,
осы ат лайық деуге болады. Шынында, Сəбит кілең ұсақ- түйек, қысқа,
шағын өлеңдер жазды; көлемді, күрделі кесек шығарма бере алмады.
Бірақ сол өлеңдерінің өмір шындығы айтылады. Оның өлеңдері саяси,
азаматтық лирика болып келеді. Онда табиғат, махаббат, көңіл күйі
лирикасы ақынның тек революциядан бұрынғы өлеңдерінде ғана бірді-
екілі кездеседі.
«Жүрекке», «Қаламға», «Жаз», «Ақыл», «Ой»,
Сəбиттің
революциядан бұрынғы өлеңдері ішінде мысал өлең көп: «Ыбылас пен
шайтан», «Боз торғай», «Ұры мен баласы», «Ауырған арыстан», «Көзі
тоймайтын ит», «Екі теке», «У жеген қасқырға». Ақын мысалдардың
кейбіреулері татар халқының классик ақыны Ғабдулла Тоқаевтан мысал,
əңгіме, аңыздар ізінде қиыстырып, енді біразын қазақ тұрмысынан алып
өзі жазған. Сəбит мысалдары көңілге қонымды, əрі терең мағыналы,
күлдіргі болып келеді.
Сəбиттің прозалық шығармаларында да халық тұрмысының
көкейтесті мəселелері барынша кең сөз болып отыратын үлкен
тақырыптардың бірі болып келеді. Сəбит өзінің «Қолғабыс комитеті»,
«Есте болатын іс», «Кооперативті ел пайдасын ойлағандар ғана- ашсын»,
«Əуелі шаруа оңдалу керек», «Кооперация тұрмысынан», Кедей
таянышы- қолғабыс комитеті», «Балқашқа көңіл бөлінсін», «Жалшылар
өміріне көңіл қойылсын», «Кооперация өзі аңғармай елді ағарта
алмайды», «Əуелметтіктің орнауы кооперативтің дұрысталуында» деп
аталатын шығармаларында ел ішінің, ауыл өмірінің шындығын ашып
отырады. Сəбит өзінің осы тəрізді бірқатар əңгімелерінде сол кездегі ел
тұрмысында əлі де аяқталмаған ескі мен жаңаның күресін, ауылдағы тап
110
тартысының жайын көрсетсе, «Кедей таянышы-қолғабыс комитеті», «Ел
мекемелері еңсесін көтеру керек», «Жалшылар ұйымына көңіл
қойылсын»
деп
аталатын
мақалалары
мен
публицистикалық
шығармаларында мекемелерінің халық шаруашылығын ұйымдастыру,
басқарудағы халық алдындағы міндеттерін, партия мен үкіметің
дириктиваларын үнемі насихат етіп отырғанын көреміз.
Сəбит прозаларында көп сөз болатын өзекті тақырыптың бірі-оқу-
ағарту мəселесі. Жазушы бұл мəселеге айрықша көңіл аударады.
«Жат танымаған қатарға кірмесін», «Əркім өз қотырын өзі
қасысын», «Оқу ойыншық емес», «Қазақ əйелдері əлі сауатсыздық»,
«Оқу-ағарту жабдығы», «Əйкілге жаны ашыған кісі оқыту жағына
жəрдемдес болсын», «Сауатсыздықты жою жөнінде ұялмайтын
болыңдар» деп аталатын мақалаларында автор оқу- білімінің маңызы
мен
соншалықты
қажеттілігін
насихаттай
отырып,
қайсыбір
надандардың оқу- өнерден бойын аулақ салып, елдегі сауатсыздықты
жою тəрізді. Партиялық, мемлекеттік, халықтың ұлы іске немқұрайды
қарайтын тоқ молындығын айтып қынжалса, екінші жағынан оқу
мəселесінде де дұрыс жолбасшылық пен ұйымшылықтық, талап пен
білімге деген құштарлықтың да қажеттігі түсіндіреді.
«Əйел теңсіздігін қалай ұғу керек», «Ұялып жүрмейік», «Қалың мал
мен көп қатын алудың тарихынан», «Қазақ əйелдері əлі сауатсыздық»,
«Қазақ əйелдері туралы» тəрізді шығармаларында ескі өмірдің ескілікті
салттарын, əйелге деген теріс көзқарастарда барынша сынаса, екінші
жағынан, сол ескілік.
Сəбиттің «Баспасөз күшейсін», «Газет көпке тарасын», «Тілшілікке
назар салынсын», «Газет иесіне берілсін», «Тілшілер ұйымы туралы»,
«Тілшілер хабарын шаруа мұңына жақындастырсын», «Тілшілер шаруа
мұңына қайткенде жақындаспақ?», «Тілшілер хабарды қалай жазу
керек?», «Газетке хабар жазушы жастарға», «Правда» газеті тап құралы
болады, «Баспасөз күнінің қандай əсері қалу керек» деген
мақалаларында партияның тілі, көзі, күнделікті өмірдің айнасы болып
табылатын баспасөздің қоғамдағы аса маңызды орны мен баспасөз
қызметкерлердің партия, халық алдындағы орасан жалапты міндеттерін
жн-жақты түсіндіреді.
С.Дөнентаев прозасының ішіндегі көркемде көрнекті əңгімесі-
«Көркемтай». Бұл əңгіме 1924 жылы жазылған. Мұнда күйеуі ертерек
өліп, əменгерліктің ауыр азаптарын тартып мезгілсіз опат болған абзал
ана мен оның артында жетім қалып, өгейлік торына түскен жас бала
Көркемтайдың азапты өмірі ауыр да аянышты тағдыры сөз болады.
«Көркемтай»- Сəбит прозасындағы көркем туынды. Ол- өз кезіндегі
өмір шындығын, ескі мен жаңаның арасындағы жан таласқан күрестің
бір қырын көрсетелік мəні бар шығарма.
Достарыңызбен бөлісу: |