Өзбек филологиясы факультеті түркi филологиясы кафедрасы


болғаны,  болмас,  болмаса,  кім  ашар,  белгісі,  секілді,  емес,  алмас



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата14.02.2017
өлшемі0,83 Mb.
#4135
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

болғаны,  болмас,  болмаса,  кім  ашар,  белгісі,  секілді,  емес,  алмас, 
артық,  соң,  озды,  аз,  күн  сияқты  қайталау  арқылы  өз  ойын  еркін 
жеткізе біледі. Əбубəкір бірде осылайынша өтпелі өмірдің өзекті өртер 
шындығын  айтып  тебіренсе,  енді  бірде  «Дүние-теңіз,  біз-шабақ, 
ортасында шайқаған», «Заман деген желмая, қалмасаң, халқым, жақсы 
еді,  желмаядан  жығылып»  деп  келер  күндердің  кескініне  қарап, 
алдағаны  болжап  абызша  күңіренеді.  Онысы  халықтың  қамы,  елдің 
тағдыры, ұрпақ келешегі туралы терең тебіреніс еді. 
Сəуірдің қара бұлты, 
Жауарында ойнаған. 
Күннің түссе шұғыласы, 
Қара жер балқып қайнаған. 
Жер жарылып, көк шығып 
        Жасыл шөптер жайнаған 
Жазғытұры болғанда, 
Адам, пері, хайуанат 
Бірі қалмас пайдадан. 
Тірілмейді жалғыз-ак, 
Адамның сүйек, денесі. 
Тар лахатты жайлаган. Ақынның осы жолдарын оқығанда бір сəти 
ойланып қаласың. 

 
26
Əбубəкір  өмір  құбылыстарын  шайыр  ретінде  салмақты  ой, 
сарабдал ақылмен ғана саралап отырмайды. Кейде ақындар өнегесімен 
ақтарыла толғап шабытпен шалқи жырлайды. 
Алтынды жерге төктім уыстаған, 
Ерліктен ғылым артық ту ұстаған. 
Тап болдым он алтымда бір мінезге 
Топ көрсем жеті мүшем құрыстаған. 
Немесе: 
Дүбірлі туған тұлпардан 
Жоғары ұшты тозаңым. 
«Мен  болып  Амудария  ағар  едім»  деп  өзі  айтқандай,  осы 
мысалдар  Əбубəкірдің  ақындық  өрлігін  де,  кемел  де  келісті  ой,  кең 
тыныстылығын да танытады.  
Əбубəкірдің  өлең,  толғауларында  араб,  парсы,  түрік,  орыс,  татар 
сөздері  кездеседі.  Ақын  оларды  дүмше  молда,  надан  қазилардың 
шариғат  жолындағы  білімсіздігін  дəлелдейтін  яки  əшкерелеп 
түсіндіретін  қажет  жерлерде,  не  сұрақ-жауап  ретінде  келетін 
айтыстарында  ғана  қолданады.  Шығармалары  негізінен  ұғымды, 
өрнекті, байырғы қазақ тілінде, Əбубəкірдің кейбір шайырлар сияқты 
аяқ баса сүрініп жатқан тіл шұбарлығы жоқ. 
Қорыта айтсақ, Əбубəкір –«тыңдаған азаматқа сөзім дəрі» деп өзі 
айтқандай,  отаршылдыққа  ұшырап  халық  тағдыры  талқыға  түскен 
алмағайып  заманның  өзекті  өртер  күрделі  мəселелерін  батыл  айтып, 
шебер жеткізе білген көрнекті ақын. 
Қысаң  жолдарда  есімі  қағажу  көрген  дүлдүл  ақынның  мұрасын 
жадынан шығармай, жиын-тойларда ардақтап айтумен келген қазақ елі 
ақынның  «Қазағым»  атты  жинағын  қуана  қарсы  алды,  кітап  халық 
арасына лезде тарап кетті. 
 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.  Əбубəкір шығармалары қайда, қашан басылды, бастырушылар 
кім? 
2.  Ақын  шығармашылығын  бағалауда  қандай  қайшылықты 
пікірлер болды? 
3.  Терме  мен  толғаудың  жанрлық  ерекшеліктері  неде,  оған 
Əбубəкір  шығармашылығынан мысалдар келтір? 
4.  Ақын  шығармаларының  кеңес    дəуірінде  басылмай, 
жарияланбай қалу себептері неде деп білесің? 
   
 
   
 
 
 
 

 
27
МƏШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ 
(1858-1931) 
1. Мəшһүр Жүсіптің өмірінен мəлімет. 
2. Ақынның «Хал-ахуал» кітабы. 
3.  Ақынның  «Тіршілікте  көп  жасағандықтан  көрген  тамашамыз» 
кітабы, оған енген туындыларының тақырыптық мазмұны. 
4. «Сарыарқаның  кімдікі  екендігі»  кітабы-отаршылдыққа  қарсы 
туынды. 
5.  Мəшһүр  Жүсіп-фольклоршы,  оның  əдебиет  тарихына  қатысты 
деректер мен материалдарды жинап, жүйелеудегі ролі. 
 
Əдебиеттер: 
1.  Мəшһүр  Жүсіп  Көпеев.  Шығармалар 2 томдық.  Алматы, 
1993ж. 
2.  Б.Кенжебаев XX ғасыр басындағы əдебиет.Алматы, 1993 ж. 
3.  Бес ғасыр жырлайды» (жинақ) 1,2 кітап.Алматы,1998ж 
4.  Ə. 
Дербісалин. «Қазақтың 
демократияшыл 
əдебиеті» 
(монография) Алматы,1990ж. 
 
Қазақ  халқына  Мəшһүр  Жүсіп  Көпеевтің  есімі  үлкен  ақын,  əрі 
жинаушы  ретінде  кеңінен  белгілі.  Ақынның  «Қорқыт», «Гүлшат-
Шеризат» 
сияқты 
қисса, 
дастандарын, 
этнографиялық, 
публицистикалық  еңбектерін,  очерктерін  айтпағанда,  халық  ауыз 
əдебиетін жинаудағы еңбегінің өзі өлшеусіз зор. 
М.Көпеев  –ауыз  əдебиетін,  өзіне  дейінгі  майталман  ақындарды 
терең  білумен  қатар,  шығыс  классиктерін  де  жан-жақты  қамтып,  мол 
білім  алған.  Өз  шəкірттерін  оқыта  жүріп  өлеңдер  жазған,  əрі  ауыз 
əдебиеті мұраларын жинаған. 
Біз  Мəшһүр  Жүсіптің  өмір  жолын,  негізінен  үш  салаға  бөліп 
қараймыз.  Біріншіден  ол – ақын,  екіншіден,  ауыз  əдебиеті  үлгілерін 
жинаушы  əрі  зерттеуші,  үшіншіден  ағарту  ісімен  шұғылданған – 
педагог. 
Халыққа  аты  белгілі  сол  Мəшһүр  Жүсіп 1858 жылы  өзінің 
айтуынша  Қызылтауда, Найзатас деген жерде дүниеге келеді. Нəресте 
туған  соң  ата-баба  салтымен  азан  шақырып,  атын  Жүсіп  болсын  деп 
қояды. Бұл жөнінде ақын кейінен «Өмірбаян» атты өлеңінде:  
Жасымда қойылған ат адам Жүсіп,  
Жұрт кеткен сүйгенінен МəшҺүр-десіп,  
Қолыма қағаз, қалам алған шақта,  
Кетемін  қара  сөзге  желдей  есіп, -деп  баяндалған.  Ал,  оның 
МəшҺүр Жүсіп дейтін атқа ие болуы жайында да қызық мəлімет бар. 
Ақын жоғарыда аталған жырында тағы да былай дейді:  
Бес жаста «бісмілла» айтып жаздым хатты,  
Бұл дүние жастай маған тиді қатты.  

 
28
Сегізден тоғызға аяқ басқан күнде,  
Мұса  еді  қосақтаған  «МəшҺүр»  атты,-  деп  айтуында  үлкен  мəн 
бар.  Жүсіптің  өзі  айтқандай  тоғызға  толған  шағында  қалың  топтың 
алдында мүдірместен мақамына келтіре отырып, «Қобыланды батыр», 
«Ер Тарғын», «Қозы-Көрпеш-Баян сұлу» дастандарын жатқа толғайды. 
Жиналған  қауым  риза  болып  «Баланың  аты – Мəшһүр  болсын,  тіл-
көзден аулақ болуы үшін басына үкі тағып қойыңдар»- депті. 
Мəшһүр  əкесі  Көпейдің  қырық  жасында  дүниеге  келеді.  Əкесі 
қайтыс  болғанда  отыз  үш  жастағы  жігіт  екен.  Оның  «Бес  жаста 
бісмілла деп жаздым хатты» дегеніне қарағанда, əкесінің орта жастағы 
кезінде тұңғыш рет молда алдын көргенін білуге болады. 
Мəшһүр  Жүсіп  Хамар  хазірет  деген  үлкен  оқымысты  молдадан 
жеті  жыл  бойы  сабақ  алады.  Хазірет  те,  əйелі  де  Мəшһүрді  туған 
баласындай  қадірлеп,  жақсы  көреді.  Өйткені  жас  шəкірт  ибалы 
мінезімен,  ұшқыр  ойлы  зеректігімен  үй  иесінің  ықыласын  өзіне 
біртіндеп  аударып  алады.  Молда  бір  ғана  дін  сабағын  емес,  араб, 
парсы, шағатай тіліндегі кітаптарды да қатты қадағалап оқытады. Ішкі 
мəн-мазмұн,  саз,  мағынасын  тəтпіштеп  үйретеді.  Бұл  жерде  ол  араб-
парсы тілдерін де үйреніп шығады. 
Қара  өлең,  қайым  өлең,  жар-жар,  аужар,  сыңсу,  батырлар  жыры, 
лиро-эпос  жыры,  шешендік  сөздің  неше  алуан  түрін  жастайынан 
жаттап  өскен  МəшҺүр  өзі  де  он  бес  жасынан  бастап  өлең  шығара 
бастапты. Ақынға сөз берсек, ол:  
Жабысты маған өлең он бес жаста,  
Жұрт айтты: «не қыласың»-деді баста.  
Дегенмен қоя алмадым үйренген соң,  
Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа.  
Шүкірлік, бергеніңе құдай патша,  
Он бесте шабыттандым жүйрік атша.  
Бір күндер ұйықтап жатқан мезгілімде,  
Кеудемде өлең толды сызған хатша, -деп толғайды. 
Мəшһүр  Жүсіп  өзі  айтқандай,  он  бес  жастан  кейінгі  өмірінің 
барлығын  дерлік  өлеңмен  сөйлеген.  Ол  дүние  танымын,  адамдармен 
қарым-қатынасын,  нені  сүйіп.  Нені  жек  көретінін  кімнен  үйреніп, 
кімнен жиренгенін де өлеңмен өрнектеген. 
Мəшһүр  Жүсіпті 1874 жылы  он  алты  жасында  өз  аухалының 
ауқатты адамы Əкімбек деген кісі келіп, баласы Қалибекті оқыту үшін 
əкесінен сұрап алып кетеді. Бұл туралы ақын: 
Əкімбек он алтымда алып кетті, 
Жалғызы Қалибекке ұстаз етті. 
Басында Ақшакөлдің жаз жайлауда, 
Əкемді мол жылқымен бір жөнелтті,-дейді.  
Өз  ауылына  келген  соң  да  көп  уақытқа  дейін  ұстаздық  етеді. 
Балаларға  тек  дін  сабағын  үйретіп  қоймай,  оларды  халықтың  ауыз 
əдебиетіне, музыкасына, қолөнеріне бейім тұратындай етіп жан-жақты 

 
29
тəрбиелейді.Өзінің  бұл  туралы  ой-толғаныстары  «Ғылым-білім»  деп 
аталатын 
еңбегінде 
жан-жақты 
айтылып, 
терең 
талданған. 
«Ақымақтың  тізгіні – құлағы.  Ғақылдың  тізгіні – көңілі.  Ақымақ  не 
нəрсені естісе, етігеніне қанағат қылады. Қатықтай қатып, сүттей ұйып 
жүре  береді.  Ғақылды  не  нəрсені  естісе,  естуіне  қанағат  қылмайды, 
ғақылына  салып,  көңілінің  дауалауына  тоқтайды»  деп  жас  буынды 
əрбір істің сыртына қызықпай, сырына, тереңіне, ішкі астарына үңіле 
бойлауға үйретеді. Оның « оқыған адамның көзі де күн, көңілі де күн, 
оқымаған, қара танымаған кісіге əр нəрсе бұлдырап тұрады. Білімі таяз 
адам қалтырап, дірілдеп, əркімге бір жалтақтағыш келеді. Білімді кісі 
құйған  қорғасындай  салмақты  болады.  Сондықтан  да  терең  де 
парасатты  білім  əрбір  адамға  ауадай  қажет.  Ғылым  тек  дұрыс  өмір 
сүру  үшін  ғана  емес,  пенденің  ішін  анау-мынау  пəс  қылықтан 
тазартатын  түңлік  сияқты.  Түңлік  арқылы  үйге  күндіз  күннің,  түнде 
айдың  сəулесі  түсіп  тұратын  болса,  сапалы  білім  де  адам  жанын 
баспалдақтай биіктете берері анық» деген ойлары өте маңызды. Ақын 
ғылым  жөнінде  ойын  былайша  қорытады: «Əркім  өз  жанын  тірілтуді 
керек  қылса,  ғұмырын  ғылым-білімге  сарып  қылсын.  Ғылым-білімге 
ғұмырын  сарып  қылмаған  кісінің  жаны  өлік  сияқты.  Өзі  өліп  жатқан 
өлікті кім керек қылады»,- дейді  
Ақын  той  мен  топта,  ел  мол  жиылған  аста  бай  мен  болыстан,  би 
мен  бектен  ықпаған,  олардың  қателіклері  мен  кемшіліктерін  тіке 
айтып, жуанға істеген «жақсылығын», жіңішкеге көрсеткен қорлығын 
бетіне басып отырған. Осы ақ ниеті үшін артынан опық жеген кездері 
аз емес екен. Оны өзі «Ғибратнаме» атты өлеңінде айқын байқатады: 
Япырмай-ай, кессем бе екен мен тілімді, 
Үйрендім қайдан өнер, көп білімді. 
Өткіздім қасірет пен қапалықта 
Қызықты ойнап күлер мезгілімді. 
XX  ғасырдың  бас  кезінде  ұлы  Абайдың  соңын  ала  шыққан 
Мəшһүр  Жүсіп  Көпеев  сол  Абайдың  сара  жолын  арман-мұрат  тұтып, 
соның  соқпағымен  «тас  қияға  өрлегендердің»  бірі  еді.  Ақын  өзі  ғана 
ұстазынан  тəлім  тəрбие  алып  қоймай,  өзге  жұрттың  да  сол  жолмен 
ілгері басуын тіледі. Ол бұл тілегін күндіз-түні өлең жазып, халықтың 
ішкі  жан  дүниесін  тербетіп,  оларды  өнер-білімге,  отырықшылыққа 
шақыру  арқылы  жүзеге  асырды.  Ақынның  түпкі  арманы-халықты 
жаппай сауаттандыру еді. Алайда ол мұндай игілікті іс тек сөзбен ғана 
жүзеге  аспайтын,  ол  үшін  қолда  билік  бояуымен  қатар,  мол 
қаражаттың  қажет  екендігін  кейін  сезінді.  Амалсыз  ішкі  мұң-шерін 
тағы да өлеңмен шертті: 
Бұлттай жауатұғын менің өзім, 
Көкірегім-қан, жаспенен толған көзім. 
Жаңбырдың рахымет тамшысындай, 
Ғаламға дастан қылып айтқан сөзім. 

 
30
Оқу  іздеп,  өнер  қуып  жүрген  бірде-бір  жастарды  көре  алмаған 
ақын халыққа қарап: 
Қазағым, іздегенің, ұрлық-зорлық, 
Қыласың бір-біріңе неге озбырлық 
Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз    
Басыңа келген жоқ па талай қорлық,-дейді. 
Ақын  сөз  өнерін  өте  жоғары  бағалаған.  Ол  адамзат  баласының 
бір-бірімен  табыспайтын,  жақындаспайтын  кезі  болмайды,  олар  бір-
бірінің ішкі жан сырын сөйлесу арқылы түсінеді, ұғысады дей келіп: 
Кем емес-кейбір сөзім жанған шоқтан, 
Əр кімге ауыр тиер атқан оқтан. 
Ұшқан құс, жүгірген аң-жануарлар, 
Атанды  бəрі  хайуан-тілі  жоқтан,-деп  түйіндейді.  Бұл  жерде  ол 
адамның  «Ұшқан  құс,  жүгірген  аңнан»  артықтығы-ақылында  дегенді 
білдіріп отыр. 
Ақын  адам  өміріндегі  ең  қымбат  дүние  достық  екенін,  досы  мол 
жанның бақытты екенін жан-жақты айта келіп: 
Бұл сөзімнің балы бар, уы аралас, 
Ойлаймысың бір іске деп жарамас. 
Келіп пе едің жалғанға киім киіп. 
Тумап па едің анадан сыр жалаңаш,-деп бір токтайды. 
Ол-əрбір  жырын  қағаз  бетіне  түсіріп,  рет-ретімен  тəртіптеп, 
шашау шығармай ықтияттап жинап отырған. Оның алғашқы өлеңдері 
«Дала  уəлаяты»  газетінде 1889 жылдан  бастап  көріне  бастады.  Ақын 
1890  жылдар  аралығында  бірнеше  мақаламен  қоса,  бес  өлең 
жариялады.  Олар  мыналар: «Əңгіме», «Бəрі  қысқа,  еркін  дүниеге 
келеді  екен», «Кедейліктен  үш  қырсық  оралады», «Күн  шықпай 
қырсық оралады», «Күн шықпай ерте тұрып», «Білмейді ел өнерлісін, 
аулақ болар». Бұл өлендердің бəрінің сарыны ортақ, ой арнасы біреу-
ол  жастарды  еңбекке,  өнер  білімге  егін  салуға,  сауда  істеуге 
шақырады. 
Ал,  ел  ішінде  бос  тентіреп  кəсіпсіз  жүрген  кейбір  желбуаз 
бозбаланы сынап мінейді: 
Өзінің малын күтіп баға алмайды, 
Бір тиын қолдан кетсе таба алмайды. 
Бір саңылау оймен іздеп табары жоқ, 
Біреудің айтқан тілін тағы алмайды. 
Мəшһүр  Жүсіп  балаларды  оқыта  жүріп,  жазу-сызуын  бір  сəт 
тоқтатпайды.  Күндіз  сабақ  беріп,  қалжырап  шаршағанына  қарамай, 
түнде  май  шамның  жарығымен  өлең  жазады  екен.  Кейбір  түнде  өзі 
сүйіп  оқитын  шығыс  ақындары:  Науайы,  Фердауси,  Сағди,  Хафиз 
шығармаларына  сарыла  үңіліп,  білімді  үздіксіз  көтеріп  отырған. 
Адамға  қазына  дəулет  жолдас  болмайды.  Ғылым - мəңгі  өмірсерік. 
Өнерді  үйрену  үшін  де  алдымен  білім  керек.  Білімсіз  бірде-бір  ісің 

 
31
ілгері баспайды. Ақын осылай толғамды  ойларын ортаға сала отырып, 
өзі де көп оқыған, ізденген, өзгелерді осыған үндеген. 
1907  жылы  Қазан  қаласындағы  Құсайыновтар  баспаханасынан 
Мəшһүр  Жүсіптің  «Хал-ахуал», «Тірлікте  көп  жасағандықтан  көрген 
бір  тамашамыз», «Сарыарқаның  кімдікі  екендігі»  деп  аталатын  үш 
кітабы  бірдей  шықты.  Бір  айта  кететін  жай- «Тірлікте  көп 
жасағандықтан  көрген  бір  тамашамыз»  атты  жинақ  «Хал  ахуал» 
кітабынын толықтырылып басылған түрі десе де болғандай. 
Ақынның осы кітаптарын қадағалап оқыған адам оның сол кездегі 
Россияның саяси хал-жағдайымен белгілі  бір дəрежеде таныс екеніне 
көзі жетеді. Оның бұл өлеңдерінде 1905 жылғы халық көтерілісінің де 
əсері  бар  екені  көрініп  тұр.  Бұл  шығармаларда  қожа-молдалардың 
жағымсыз іс-əрекетін сынайтын жерлері де аз емес. 
Мəшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістанға үш рет сапар шегеді. 
Бірінші рет 1887 жылы, яғни 29 жасында барады. Бұл жолы Бұхарада 
оқып,  білімін  көтереді.  Арабша,  парсыша  шыққан  кітаптарды 
қадағалап зерттейді. Ол осы сапар жөнінде: 
Мəшһүрден келе жатыр өнер қайнап, 
Бұлбұлдан қапастағы тұрған сайрап. 
Самарқанд, Бұхар, Ташкент-бəрін кезген, 
Жасында  бір  кем  отыз  тəңірім  айдап-  десе,  екінші  рет  барғаны 
турасында: 
Жалғанды жалғыз кезген басым еді, 
Бір асыл қолға түспес тасым еді. 
Зыбарат шығыс бапқа бұл барғаным 
Жылқым қой, отыз жеті жасым еді,- деп анықтама береді. 
Мəшһүр  Жүсіптің  Л.Толстой,  А.Пушкин,  М.Лермонтовтың 
шығармаларымен 
таныс-біліс 
болғанын, 
олардан 
үйренуге 
шақырғанын əр кезде жазғандарынан білеміз. Осы орайда қазақ СССР 
Ғылыми  академиясының  академигі  М.Қаратаев  мынадай  бір  қызық 
факты  келтіреді: «Бірінші  бағыттағы  халықтық  ақын-жазушылар 
Пушкинде  Абай  дағдысымен  ұнатып,  шамасынша  окып,  қазақ  тіліне 
аударып  келді.  Кейінгі  кезде  белгісіз  ақындар  аударып  ел  арасына 
тараған  «Евгений  Онегиннің»  үзінділері  табылды.  Мəшһүр  Жүсіптің 
қолжазбаларының  ішінде  белгісіз  ақын  аударған  Пушкиннің  кейбір 
өлеңдері шықты». 
Мəшһүр қазақтың  көптеген  білікті адамдармен кездескен. Соның 
бірі-атақты  балуан  Қажымұқан.  Ол  онымен 1925 жылы  таныс-біліс 
болып,  екеуі  Баянауылда  бірнеше  күн  бірге  жүріпті.  Бірі  ақын,  бірі 
балуан  өнер  адамдары  іштей  түсінісіп,  арадан  қыл  өтпес  дос  болып, 
қимай-қимай ажырасыпты. 
М.Көпеев  Ақан  серімен  бірнеше  рет  кездескенін,  онымен 
сырласып,  пікір  алысқанын  айта  келіп,  былайша  тебірене  сөз  етеді: 
«Ақан  серінің  Құлагері  өлген  соң  бұрынғы  серілік  мінезді  қалдырып, 
көп  бас  қосатын  ас,  жиын-тойға  жүрмейтін,  бармайтын  болып,  дүние 

 
32
махаббатынан мүлде көңілін суытты.  Ақан сері адамзаттың сұңқары, 
қызыл тілдің ділмəрі еді, жігіттің құлпы жібегі еді».  
Кейде  қара  қылды  қақ  жаратын  туралығымен  де  М.Көеевтің  ел 
ішінің  пысықтарына  жақпай  қалатын  кездері  болыпты.  Сол  себепті 
бірде  момын  шаруалармен  көңілі  өсіп  жүрсе,  бірде  өзін  жүдеп-жадап 
жалғыз  қалғандай  сезінетін.  Ондай  да  ол  қасқайып  тұрып  жырлай 
кететін:  
Кейде мен көп сөйледім аузым бақпай,  
Бетімді жіберген соң ешкім қақпай.  
Тысқа тура жолды айтамын деп,  
Жалғанда жалғыз қалдым жанға шықпай.  
Ақын қай жерде жүрсе де, қандай сапарға шықса да қолынан бір 
сəт те қаламын тастаған емес. Күндіз-түні он бір буынды қара өлеңмен 
жыр толғады.  Ол жырларында ел-жұртының ауыр жағдайда бірде-бір 
рет  үміт  болған  жоқ.  Оның  өзі  де  жоқшылықты  көп  көрген,  əсіресе 
балалық  шағы  өте  аянышты  өтіпті.  Сондықтан  да  ол  тек  шындықты 
жырлаған.  Тұрмысының  кемістігіне  əкесі  қабақ  түйе  қатуланса, 
шешесі де маңдайынан сипай қоймапты. Бұл жайында ақын:  
Көзім жасын құдайым иген емес,  
Жастан маған жақсы орын тиген емес. 
Бір жыл жатып, бір жерден келсем үйге,  
Шешем иіскеп бетімнен сүйген емес,-депті.  Бұл  жерде  МəшҺүр  
Жүсіп  анасын  кінəлауды  мақсат  етпеген. 
Мəшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістанға үш рет сапар шегеді. 
Бірінші рет 1887 жылы, 29 жасында барады. Бұл жолы Бұхарада оқып, 
білімін  көтереді.  Арабша,  парсыша  кітаптарды  қадағалап  зерттеп 
оқиды. Бұл жөнінде: 
                  Мəшһүрден келе жатыр өнер қайнап, 
                  Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап. 
                  Самарқанд, Бұхар, Ташкент бəрін кезген, 
                  Жасында бір кем отыз тəңірім айдап. 
Ақын екінші рет барғаны турасында былай дейді: 
                   Жалғанды жалғыз кезген басым еді, 
                   Бір асыл қолға түспес асыл еді. 
                   Зыбарат Шығыс бапқа бұл барғаны, 
                   Жылым қой, отыз жеті жасым еді. 
 
Ал  үшінші  рет  Бұхара,  Ташкентке  баруының  жөн-жосығы  басқа. 
Бұл жолы ол 49 жасында, 1907 жылы барады. 
                    Ташкенге қырық тоғызда тағы бардым, 
                     Сау көріп ұстазымды мəз боп қалдым. 
                     Молда Ақпан сау-саламат аман екен, 
                     Бір  кітап  жетпіс  сомдық  сыйға  алдым,-  мақтаныш 
сезіммен толғайды. 

 
33
Ақын  енді  келіп,  Еділ,  Жайық  жағалауын  да  аралайды.  Бірде 
Жыланды  бойындағы  мұжықтарға  да  барады.  Ол « Менің  белгісіз 
сапарым» деп аталатын толғауында: 
                        Мəшһүрдің қараңыздар қызығына, 
                        Бұл күнде жүрісінің «бұзығына» 
                        Орысты туған бауыр есептедім, 
                        Жыланды  келіп  қондым  мұжығына – деп  орыстың 
кедей-шаруа  мұжықтарымен  достасқанын,  жақын  араласқанын  да 
айтады.  
М.Көпеевтің  есімі  көзінің  тірісінде-ақ  халқымыздың  көптеген 
жерлеріне  тарап  кетті.  Оның  да  себептері  бар.  Біріншіден,  бірнеше 
кітаптарының баспа жүзін көріп ел игілігіне айналуы. Екіншіден, көне 
мұраны  жатпай-тұрмай  хатқа  түсіруі.  Мəшһүрдің  осындай  жақсы 
істеріне  қанық  зиялы  қауым  оның  еңбегін  айрықша  бағалап,  өз 
өлеңдерінде  оның  есімін  айрықша  атап  отырады.  Біз  ақын  Нартай 
Бекежановтың: 
                 Ақмолда, Ұзақ ақын, Мəшһүр Жүсіп, 
                 Заманға жатушы еді үлгі пішіп. 
                 Солардың ағып жатқан теңізінен, 
                 Біз пақыр сөйлеп жүрміз қанып-ішіп,-деп оған үлкен ізет-
құрметпен қарағанын көреміз. 
Ал,  ақын  М.Қайырбековтың  да  МəшҺүрге  деген  ықылас-пейілі 
айрықша. Ол:  
Мен келдім музейіңе жолым түсіп,  
Егілдім рухыңды сүйіп-құшып.  
Өмірдің жолдарыңда жар бола гөр.  
Қазақтың пайғамбары МəшҺүр Жүсіп,- деп толғайды.  
 
 
           Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. 
МəшҺүрдің-əдебиет  нұсқаларын  жинаудағы  еңбегі  қалай 
аталған?  
2. 
Ақынның  мысалдарының идеясы менен байланыстылығы.  
3. 
Ақынның өлеңдеріңдегі нақтылық, фактілер нені аңғартады?  
4. 
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабына талдау жаса.  
5. 
Ақын  шығармаларында  орыс,  араб  сөздерінің  қолданылу 
аясы мен себептері жайында айт.        
 
 
 
 
 
 
 
 

 
34
ЖАЯУ МҰСА БАЙЖАНҰЛЫ 
(1835-1929) 
 
                                                
 
                                   ЖОСПАР: 
1.  Жаяу Мұсаның өмір жолы.  
2.  Жаяудың 
əн-өлеңдері, 
олардың 
тақырыптық, 
идеялық 
ерекшеліктері.  
3.  Жаяу Мұса творчествосындағы əлеуметтік сарын.  
4.  Жаяу Мұсаның қазақ əн өнеріне қосқан жаңашылдығы неде деп 
білесің?       
 
 
                                         
                                  ƏДЕБИЕТТЕР:  
1. 
Жаяу Мұса, шығармалары.  
2. 
Жұбанов А.Замана бұлбұлдары. 
3. 
Кенжебаев  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  қазақ  əдебиеті.Алматы,    
1994ж.  
4. 
ХХ ғасырдағы қазақ ақындарының шығармалары (жинақ).  
Алматы, 1990ж.  
 
 
Əдебиетіміздің,  музыка  мен  əншілік  өнеріміздің  даму  жолына  көз 
салып,  мəдени,  рухани  қазынамызды  саралап  талдасақ,  əрі  ақын,  əрі 
композитор,  əрі  əнші  атанған    Біржан  Қожағұлов (1834-1897), Жаяу 
Мұса  Байжанов (1835-1929), Мұхит  Мералұлы (1841-1918), Ақан 
Қорамсаұлы (1843-1913), Ыбырай  Сандыбайұлы (1860-1932), Балуан 
Шолақ Баймырзин (1864-1919), Əсет Найманбайұлы (1867-1923),  Мəди 
Бапиұлы (1880-1921) сияқты  тума  таланттар,  табиғи  дарын  иелері 
баршылық.  
Осылар сияқты, бірнеше өнерді меңгерген үлкен дарын иесінің бірі-
атағы  халық  арасында  кең  тараған,  жүз  жылға  жуық  өмір  сүріп,  соңғы 
екі  ғасыр  оқиғаларына  бірдей  араласқан,  өмірдің  көптеген  тарихи 
кезеңдерін басынан кешіріп көзімен көрген, əрі ақын, əрі композитор, əрі 
əнші Жаяу Мұса Байжанов.  Жаяу Мұса-қазақ музыкасының дамуына да,  
əншілік  дəстүрдің  қалыптасуына  да  өз  тарапынан  үлес  қосқан  адам.  
Оның    əдеби-композиторлық  мұрасы  əншінің  ұзақ  жасаған  өмір  жолы 
мен өмір сүрген заманының шындық образдарын бейнелейтін суреттерге 
толы.  
Жаяу  Мұсаның  əдеби-музыкалық  еңбектері  отызыншы  жылдардан 
жинала  бастады.  Ақын-композитордың  əндері  бірнеше  рет  нотаға 
түсіріліп,  оның  əн  текстері  газет,  журнал  беттерінде,  əдеби-музыкалық 
жинақтарында  жарияланып  келді:  Сондай-ақ  əндері  өз  алдына  дербес 
жинақ  болып  басылды.  Соңғы  жылдары  оның  əдеби-музыкалық 

 
35
шығармаларын  композитор-ақынның  өмір  жолы,  творчестволық 
қызметін  ғылыми-зерттеу  мəселесі  қолға  алынды.  Жаяу  Мұсаның  өмірі 
мен  творчестволық  жолын  баяндайтын  мақалалар  мен  очерктер, 
ғылыми-зерттеулер жарияланды. 
Жаяу  Мұса  Байжанов  қазіргі  Павлодар  облысы,  Баянауыл 
ауданында 1835 жылы  туған.  Жаяу  Мұсаның  əкесі  Байжан  кедей  адам 
болғанмен,  пысық  та  еңбеккер,  өз  əрекетімен  күн  көрген  нағыз  еңбек 
адамы  болған.  Байжан  да  байлар  мен  сол  кездегі  əкімдердің  үстемдік, 
жуандық көрсетпек болғанына көнбейтін, барынша намысшыл, қайратты 
да, қайсар адам болыпты. Оның мұндай мінездері бай-жуандарға, кейбір 
əкімдерге  ұнамаған.  Сол  кездің  əкімдері  мен  Байжан  арасында  айтыс-
тартыстар  туып  отырған.  Бұл  тəрізді  келіспеушілік,  сол  кездегі  қоғам 
жағдайына  қарай,  өріс  алып  күшейіп,  бітпес  тартысқа  айналған.  Жаяу 
Мұса  жасынан-ақ  əке  тəрбиесінен  жырақтау  өседі.  Өйткені,  кейінірек 
Байжан  екінші  əйел  алады.  Байжан  екінші  əйелі  Балжанмен  қалады  да, 
Нақыш  пен  Мұса  өз  алдына  жеке  үй  болып  бөлек  тұрады.  Жаяу  Мұса 
жеті жасынан бастап ауыл  молдасынан хат таниды. Ескіше болса да хат 
танып, сауатын ашқан  Мұса өзінің алғыр, зеректігінің арқасында өзгенің 
көмегіне  иек  артпай-ақ  Қызылжар  (қазіргі  Петропавл)  қаласына  барып,  
Кəрім  деген  байға  жалданып  жұмыс  істейді.  Татар  байының  ауыр 
жұмыстарын  істеу,  білім  алу  жолында  еңбек  ету  буыны  қатпаған  жас 
бала үшін оңай болмайды.  
Жас  өмірін    осылай  бастап,  тұрмыс  ауыртпалығын  жастайынан 
тартқан  Мұса  қажет  кезінде  əкеден  қамқорлық,  көмек,  жəрдем 
болмағанына  өкпелеген  тəрізді.  Ауыр  тұрмыс  кешкен  шақтарының 
бірінде əкесіне өлеңмен арнайы хат жазып, ренішін жеткізеді.  
Шоқынған малға атамыз,  
Шай қайнатып жатамыз.  
Ноғайға жолданып мен барып,  
Ілімнің дəмін татамыз.  
Опасыз малды ұстайсың,  
Жарылған мен бір жұмыртқа,  
Малға мені саттыңыз.  
Тұрмыс  ауыртпалығының  азабын  тарта  жүріп,  Жаяу  Мұса  бұл 
қалада  үш  жылдай  болады.  Үш  жылдың  тұрмыс  ауыртпалығы  мен 
қаражат  тапшылығы    батса  да,  білім,  өнерге  шын  құштарлықпен 
ұмтылған Мұса  алған бетінен  қайтпайды.  Жаяу Мұса сауаты ашылып
бірте-бірте  санасы  оянған  сайын  өнер  мен  білім  тек  өзіне  ғана  емес, 
мəдениеттен  артта  қалған  халқына  да  керек  екендігін  түсіне  бастайды. 
Өзінің алған біліміне қанағаттанбай, тағы да оқығысы келген Жаяу Мұса  
азын-аулақ  қаржысын  талшық  етіп,  үлкен  үмітпен  Омбы  қаласына 
барады.  Қызылжар  қаласымен  салыстырғанда,  аумағы  да,  мəдениеті  де 
үлкен  Омбы  қаласы  оны  қызықтыра  түседі.  Қала  тұрмысы,  мəдениеті, 
қаладағы  оқу  орындары,  жастардың  сауық-кештері,  ондағы  жаңашыл 
дəстүрлер оны өнерге қызықтыра түседі. 

 
36
Жаяу  Мұса  мұнда  бірнеше  жыл  оқиды.  Омбыда  өткен  осы  жылдар 
ақынның  өміріне  өзгеше  ізгі  əсер  етеді,  ақын-композитор  бұрынғы 
біліміне  жаңалап  білім  қосады,  жаңа  өнер  үйренеді.  Орыс  мəдениетіне, 
орыстың  прогрестік  маңызы  бар  өнеріне  бой  ұрады.  Орыс,  татар 
халықтарының жаңашыл дəстүрлеріне еліктейді. 
Музыкалық  аспаптардың    əр  түрін  тарту,ойнау  тəсілдерін  де 
жетілдіре түседі. Омбыда шығып тұратын газет, журналдарды да жүйелі 
шұғылданып  оқитын  болған.  Білімі,  талғамы  өсіп,  дүниетанымы, 
əлеуметтік  көзқарасы  қалыптаса  бастаған  Мұса  ел  ішіндегі  əкімдердің, 
би, болыстар мен дуан басылардың қиянатшыл іс-əрекетін аңғара түседі. 
Тұрмыс ауыртпалықтарын басынан кешірген Мұсаның жараулы жалғыз 
аты  болады.  Шорманның  Мұстафасы  оның  астындағы  жалғыз  атын 
тартып  алады  да,  жаяу  қалдырады.  Атынан  айрылған  Мұса  елін  жаяу 
аралайтын  болады.  Осыдан  былай  ол  Жаяу  Мұса  атанып  кетеді.  Ақын 
«Ақ сиса» атты өлеңінде бұны былай суреттейді: 
Шорманның Мұстафасы атымды алып, 
Атандым сол себептен Жаяу Мұса, 
Алайда Мұстафадай зорлық иесінің бұл бас бұзарлық əрекеті Жаяу 
Мұсаны жасыта алмайды, қайта оларға деген кегін, өшпенділігін асыра, 
композитор-ақынның тілін онан сайын шығарып, ұшындыра түседі. 
Осыған  байланысты  шығарған  «Ақ  сиса»  атты  əні  мен  өлеңі 
ауылдан-ауылға,  елден-елге  тарап,  ауыл-аймаққа  тегіс  жайылады. 
Мұстафа  тəрізді  қатыгез  қара  ниеттердің  қылықтарын  қалың  жұрт 
алдында аяусыз əшкерелейді. 
Жаныма батқандықтан ашынамын, 
Мен неге жаяумын деп басыламан. 
Малым жоқ Шорман айдап алатұғын, 
Қылығын Мұстафаның паш қыламын. 
Бойындағы  жасымас  жігері  мен  қайратына,  сөнбес  таланты  мен 
өшпес өнеріне сенген сері ақын: 
Байжанның мен баласы «мырза-кедей», 
Мойнымда тұмарым бар дөдегедей, 
Жаяу жүріп аттыдай шіренемін, 
Мың қойым, бес жүз жылқым бар немедей,- деп қас дұшпандарына 
қыр көрсетеді. 
Жаяу  Мұса  əскери  жұмыста  жүріп  Черняев  отрядында  да  қызмет 
етеді.  Черняев  басқарған  əскери  бөлім  Əулиеатаға  (қазіргі  Жамбыл 
қаласы)  келгенде (1864 ж),  олардың  арасында  Жаяу  Мұса  да  болады. 
Осы сапарда ол ұлы ғалым, демократ Шоқан Уəлихановпен кездескен, аз 
уақыт  болса  да  Шоқанмен  бірге  болған,  онан  үлгі,  өнеге  алған.  Бірақ 
оның Шоқандай биік тұлға, ұлы ой қайраткерімен қанша бірге болып, не 
жайында əңгімелескендігі əзірге белгісіз. 
Жаяу  Мұса  Қазан  жағында  жарты  жылдан  астам  уақыт  тұрып,  өз 
еліне қайтып келгенде, Шорманов пен Поштаевтар тағы да ұстаттырып, 
қаматып қояды, құдық түбіндегі суға салып азаптайды. Бұл азаптан ауыл 

 
37
адамдарының  көмегімен  босанған  Жаяу  Мұса  Далба,  Баянауыл 
болыстарына  барып  паналайды  да,  сондағы  екі  болыс  елдің  өзін  ақтап 
жазған  хатын  алып,  Омбыдағы  ұлыққа  барады.  Ел  адамдары  жазған 
хатты  оқыған  соң,  оны  ұлық  ақтайды.  Бірақ  ол  да  Жаяу  Мұсаны 
есіркегендіктен  немесе  əділетті  болғысы  келгендіктен  емес,  оның  ісінің 
адалдығына  іштей  көзі  жеткендіктен,  яғни  екі  болыс  елі  түгелдей  оны 
ақтап  отырғандықтан  жəне  Жаяу  Мұсаның  қалың  бұқара  арасында 
абыройлы  екендігін  сезіп,  оның  заң  жайынан  хабары  бар  кісі  екендігін 
біліп сескенгендіктен, ақтауға мəжбүр болады. Сонымен бірге, осындай 
орысша, қазақша сауатты, шешен тілді, бұқара арасынан беделді, патша 
үкіметінің сеніміне ие болған Черняевтың əскери бөлімінде қызмет еткен 
адамды өз мақсатына пайдалануды ойлап та ұлық оны жазадан босатады. 
Өйткені  бұл  кезде  қазақ  елін  басқару  үшін  оқымаған,  қара  дүрсін 
басшылардан  гөрі  оқыған,  əсіресе,  орысша  сауатты,  ел  арасында  беделі 
бар,  патшаға  шын  берілген  адамдар  қажет  еді.  Бұл  патша  үкіметінің 
замана  барысында  қолданған  түрлі  тəсілдерінің  бірі  болатын-ды. 
Ұлықтар Жаяу Мұсаны да осы мақсатта пайдаланбақ болды. 
Жаяу  Мұса-  Х1Х  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ 
музыкасының  тарихында  көрнекті  орын  алатын  ірі  композитор  əрі 
білікті  əнші.  Жаяу  Мұсаның  бізге  жеткен  əндері  оның  өз  өмірінің 
тұсындағы  шындықпен  тікелей  байланысты.  Оның  сол  кездің  өзінде-ақ 
ел  арасында  кең  тараған  «Ақ  сиса», «Шорманға», «Құлбай», «Арап 
батыр», «Бұзау  зары», «Тұрымтай», «Толғау», «Сарын», «Шалқыма», 
«Сұрша  қыз»  сияқты  көптеген  əндері  бар.  Бұл  аталған  музыкалық 
шығармаларының  бір  қатарында  автор  дəуір  сипатын,  замана  жайын, 
халықтардың  əлеуметтік  қарым-қатынасын,  əсіресе,  ел  билеген  бай-
жуандардың  зорлықшыл  қаскүнемдігін,  қарапайым  еңбек  адамына 
істеген қиянат істерін көрсетеді. 
Жаяу  Мұсаның  əн-күй  өнеріндегі  жаңалықтары  қазақ  музыкасын 
шұбарлап,  өзгеше  əн  құрамаларын  енгізу  арқылы  болған  жоқ.  Қайта, 
композитор-ақын  өзіне  дейінгі  қазақ  музыкасында  қалыптасқан 
халықтық  жақсы  дəстүр  мен  жеке  композиторлар  творчествосындағы 
озат  үлгіні  меңгере  отырып,  өзінің  сезімге  толы,  жаңалықтары  мол  əн, 
күйлерін  шығарды.  Сөйтіп,  өз  туындылары  арқылы  қазақ  музыкасына 
бірқатар жаңалық енгізді. Оның əндерінің мазмұны да сыншыл реализм 
принципімен  ұштасып  жатты.  Қазақ  музыкасын  дамытуда  Жаяу  Мұса 
Байжановтың  мол  еңбегі,  зор  үлесі  бар.  Профессор  А.Жұбановтың 
сөзімен  айтқанда, «Мұса  болса,  ол  қазақтың  халықтық  дəстүрінде 
көптеген  туынды  берді  де,  екіншіден, «əн», «күй»  деген  екі  ұғымнан 
басқа  еш  нəрсені  білмейтін  қазақ  арасына  «марш», «вальс», «мазурка» 
ырғақтарын ала келді». 
Жаяу  Мұса  шығармаларында  сөз  болатын  үлкен  тақырыптың  бірі 
достық-махаббат,  шынайы  жолдастық  тақырыбы,  жастық  шақ 
көріністері  дедік.  Бұл  тақырыпта  жазған  шығармаларының  негізі  əн 
текстері  болып  келеді.  Олардың  ішіндегі  көрнектілері: «Шолпан», 

 
38
«Сəулем  қыздар», «Лəйлім», «Сұрша  қыз», «Шайтан  торы», «Əрине, 
күн»  деп  аталатын  өлеңдері.  Ақын  жастық  шақты,  жастық  өмірдің 
жалынын үлкен шабытпен жырлап, əнге қосып шырқайды. 
Жаяу  Мұса  творчествосын  қорыта  айтсақ,  оның  ақындығынан  гөрі 
əншілігі, композиторлығы басым деп қараймыз. 
Сондықтан да, жоғарыда айтқанымыздай, оның бойына біткен өнері, 
табиғи дарыны ақындықтан гөрі композиторлық жағында жатыр. 
Ол  ақын  болып,  қазақ  поэзиясына  жаңалық  енгізе  алмағанымен, 
қазақ  музыкасына  мазмұн  жағынан  болсын,  түр  жағынан  болсын 
бірқатар  елеулі  жаңалықтар  əкелген,  өзіндік  стилі,  ерекшелігі  бар 
көрнекті композитор, атақты əнші жəне əдебиет тарихында өзіндік орны 
бар ақын. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет