ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Ф.А. Абдримова – аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ
Резюме
В статье рассказывается о методике формирования здорового образа жизни. Вместе с тем затрагивается тема
интеллектуальных игр, которые помогают закрепить знания, понятия учащихся о здоровом образе жизни.
Summary
The article focuses on the method of formation of the healthy way of life. However, addresses the theme of intellectual
games, which help solidify the knowledge of students about healthy lifestyles.
Қазақстанның ХХІ ғасырдағы негізгі даму бағыттарының бірі – салауатты өмір салтын сақтай алатын,
жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру басты міндет болып отыр. Сондықтан білім беру
мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын
қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім
алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін
жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу
формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын
қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек
болады.
Мектеп оқушыларының денсаулығының нашарлауы бұл тек дәрігерлердің мәселесі емес, сонымен
қатар маңызды педагогикалық мәселе болып есептеледі. Өйткені, бұл ұрпақтардың тәрбие алған
отбасыларына және қоршаған ортаға байланысты болады. Кейбір отбасыларда маскүнемдік, шылым
тарту, нашақорлық және созылмалы инфекциялық аурулар, дұрыс тамақтанбау сияқты салауатты ұрпақ
тәрбиелеуге кері әсерін тигізетін факторлар кездеседі.
Сонымен қатар, оқушылар мен олардың ата-аналарында салауатты өмiр салты туралы педагогикалық
және дәрiгерлiк бiлiмдердiң жеткiлiксiз болуы және өз денсаулықтарына деген құнды қатынастың жақсы
қалыптаспағаны да әсер етеді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г.
269
Жас ұрпақтың денсаулық жағдайын жақсарту мәселесін жалпы білім беретін мектепсіз шешу мүмкін
емес. Сондықтан, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілер, психолог, дәрігер және ата-аналар бірлесіп
оқушылардың салауатты өмір сүруі үшін іс-әрекеттерді ұйымдастыруы керек және мектептің
оқушыларда сау болу, салауатты өмір сүру қажеттілігін қалыптастыруы қажет. Ол үшін мұғалімдер мен
сынып жетекшілерде «салауатты өмір салты» ұғымының мәні туралы айқын түсініктердің болуы керек.
Салауатты өмір салты - денсаулықты нығайту, сақтау және қалпына келтіруге бағытталған тіршілік
әрекетінің үлгісі. Ғалым А.Н.Леонтьев «салауатты өмір салты» - тұлғаның өмірдегі өз орнын білу, өмір
сүруге ұмтылыс жасау, алдына қойған мақсатына жету жолдарынан тұратынын атап көрсетеді [1].
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әр бір адам саналы түрде өз денсаулығына көңіл бөліп,
үнемі шұғылдану қажет екендігіне басты назар аудару керек. Салауаттылықтың негізгі қарапайым
жолдары – адамның өзін-өзі күтуі және тазалық сақтауы.
Педагогикалық үрдісте оқушылардың білімін көтеруде, тәрбиесін тереңдетуде сабақтан тыс уақыты
өте құнды болып келеді. Өйткені, ол оқу жоспарынан тыс қалған мәселелерді жетілдіреді, сынып
жетекшісінің және пән мұғалімінің әдістемелік тәжірибесін көтеруге мүмкіндік туғызып, оқушылардың
дамуына әсер етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының денсаулықтарының нашарлауы көбінесе оларда салауатты өмір
салты туралы білімдердің қалыптаспағандығына байланысты болады. Салауатты өмір салты туралы
білімдер сабақ барысында және сабақтан тыс іс-әрекеттер барысында қалыптасады. Сондықтан
мұғалімдер мен сынып жетекшілері әңгімелер, жаттықтыру, сурет салу, табиғатты бақылау, өсімдіктерді
күту және ойын әдістері арқылы оқушыларда салауатты өмір салты туралы білімдерді, түсініктерді
қалыптастыруы керек.
Сынып жетекшілері денсаулыққа байланысты тәрбие сағаттарын және айына бір рет «Денсаулық
сабақтарын» өткізуы керек. Мысалы, «Ұрпақ салауаттылығы – ұлт болашағы», «Дені саудың – жаны
сау», «Денсаулық – зор байлық» және т.б..
Сонымен қатар, сынып жетекшілерінің салауатты өмір салты туралы әңгімелер жүргізуіне де болады.
Себебі, әңгіме әдісі оқушылармен жұмыс істеудің ең тиімді формаларының бірі болып есептелінеді.
Әңгімелескен кезде табиғатты қорғау және зиянды әдеттердің алдын алу туралы мәселелерден бастау
керек. Сосын адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық тақырыптарында сөз қозғау қажет. Әңгіменің
тағы бір бағыты – денсаулық әліппесі, яғни гигиенаның тақырыптары, жағымды әдеттер, дұрыс
тамақтану туралы болуы керек.
Сонымен қатар, ұлттық тағамдардың табиғи құндылығын түсіндіру, дұрыс тамақтану қажеттілігі де
ерекше.
Мысалы, әңгімелесу үшін төмендегі сұрақтарды беруге болады:
- Денсаулық дегеніміз не?
- Адамдардың денсаулығы неге және кімге байланысты болады?
- Денсаулықты күту үшін не істеу керек?
- Денсаулыққа достық көмектесе ала ма?
Сурет салу арқылы да оқушылардың салауатты өмір сүруге шақыруға болады. Себебі, сурет салу
үрдісі оқушыларға өз ойларын жақсы жеткізуге көмектеседі. Бұл әріне бастауыш сынып оқушыларында
кеңінен қолданылатын әдіс. Бұл жастағы оқушылар сөзбен жеткізе алмаған ойларын, көзқарастарын сурет
салу арқылы жеткізеді. Мұғалім оқушылардан өз денсаулықтарыңды сақтау үшін не істей аласыңдар
және ол үшін қандай заттар көмектеседі деп сұрап, сол заттардың суреттерін салдыруы керек.
Әдеби кітаптарды оқу да салауатты өмір салты туралы білімдерді қалыптастыруда тиімді әдістердің
бірі болып есептелінеді. Сондықтан мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің қарастырылып отырған
мәселе қозғалатын әдебиеттерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұсынып отырулары қажет.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда ең тиімді әдістердің бірі болып – ойын есептелінеді. Ойын –
оқушылардың еңбек ету мүмкіндігін арттыратын іс-әрекеттің түрі. Ойын барысында оқушылар әртүрлі
байланыстарда болады. Мысалы, ынтымақтастық, істестік, бір-біріне бағыну, өзара бақылау және т.б.
Мұғалім ойынды пайдалану барысында оның ережелеріне бағыну арқылы өзінің білім беру және
тәрбиелеу міндеттеріне үлкен мүмкіндік ашады.
Мысалы, қимыл-қозғалыс ойындары, жарыстар, жаттығулар және т.б. Ойындарды көбінесе таза
ауада жүргізу керек.
Оқушылардың салауатты өмір салтын дене шынықтыру негізінде қалыптастыруда қазақтың ұлттық
ойындары да өте құнды болып келеді. Осы тұрғыда мұғалімдер мен оқушылар халқымыздың көкпар,
ақсүйек, қыз құұ, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындарын кеңінен қолдануы қажет [2].
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г.
270
Сонымен қатар, салауатты өмір сүру туралы білімдерін, түсініктерін қорытуға көмектесетін зияткерлік
(интеллектуалды) ойындардың да салауатты өмір салтын қалыптастыруға тигізер пайдасы көп. Мысал
ретінде «Сөзді тап» ойыны. Мұғалім оқушыларға темекіні жасырады және оның адам өміріне зиянды
жақтарын айтады. Сонда оқушылар бұл заттың не екендігін табады.
Келесі бір әдіс – оқушылардың жобалау іс-әрекеті. Бұл көбінесе негізгі және жоғары сыныптарда
жүргізіледі. Оқушыларды жеке және топтарға бөліп, жобалау жұмыстарын жүргізу үшін шағын
тақырыптар беріледі. Мысалы, «Денсаулықты сақтау және қорғау», «Күн тәртібі», «Шылым шегудің
денсаулыққа зияны», «Ішімдіктен аулақ бол!» және т.б. тақырыптар беріледі. Жоба бойынша жұмыс
істеуде оқушылар мектеп жасындағы балаларда кездесетін денсаулыққа байланысты мәселелердің жайын
ашып алады, денсаулық туралы газет-журналдардан мақалалар, мақал-мәтелдер жинайды, сосын өз
тақырыптарына сәйкес материалдарды таңдап, жоба жұмысын бастайды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда табиғат аясында жүргізілген сабақтарды, саяхат сабақтары,
КТК-ын, мерекелік кештерді, викториналық ойындарды қолдануға болады. Салауатты өмір салты туралы
білімдерін қалыптастырудың мүмкіндігі мұғалімдер мен сынып жетекшілері оқушылардың жас және
дербес ерекшеліктерін ескере отырып қолданған әртүрлі әдістерге байланысты болады.
Қорыта айтқанда, жас ұрпақтың денсаулығы – қоғам байлығы. Ал, жарқын болашақтың кепілі –
саналы да салауатты жастар. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын
қарастыруы керек.
1. Леонтьев А.Н. Потребности, мотивы, эмоции. М., Изд. Московского университета, 1971. – 38 бет.
2. Төтенай Б. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, 1994 ж.
РОЛЬ ИГРЫ В ОБУЧЕНИИ ИНОСТРАННЫМ ЯЗЫКАМ МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ
М.К. Ахметова – учитель английского языка в начальных классах школы – лицея «Туран»
Түйін
Бұл мақала оқыту кезінде бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық процессінің дамуына ойнау
қызметінің әсеріне арналған. Мақалада шет тілін үйренудегі коммуникативтік компетенцияны қалыптастыруда
ойынның рөлі, сонымен қатар сабақтың негізгі үш мақсатыны жетуде қолданылатын ойын технологиясының
қүндылығы ашылып көрсетеледі.
Summary
This article is devoted to the influence of the game activities on the psychological processes development of the young
learners at the lessons. The article describes the role of the game activities in the formation of the communicative competence
in the process of foreign language learning. Also the value of the game technologies using during the lessons is shown to
achieve the main aims of the lessons: educational, educative and developing.
Мир детских игр разнообразен. Каждый вид игры выполняет определенную функцию в развитии
ребенка. На сегодняшний день в теории и практике наблюдается стирание граней между самодеятельны-
ми и обучающими играми, что является недопустимым. Этим делом заинтересованы многие ученые. В
последнее время в литературе появился даже специальный термин “игрология”, или, с использованием
латыни - “лудология”.
Как было доказано А. В. Запорожцем, В. В. Давыдовым, Н. Я. Михайленко, игровая деятельность не
изобретается ребенком, а задается ему взрослым, который учит малыша играть, знакомит с общественно
сложившимися способами игровых действий.
Обучаясь у взрослых техникам различных игр, ребенок затем обобщает игровые способы и
благополучно переносит их на другие ситуации. Таким образом, игра приобретает самодвижение,
становится формой собственного творчества ребенка, а это обусловливает ее развивающий эффект.
Крупнейший психолог Д.Б. Эльконин называет игру как средство развития умственных действий и
средство развития произвольного поведения [1]. Игра как ведущая деятельность у детей “определяет
важнейшие перестройки и формирование новых качеств личности”, что именно в игре дети усваивают
общественные функции, нормы поведения, что игра учит, изменяет, воспитывает, как говорил Л.С.
Выготский, ведет за собой развитие [2].
Результаты изучения развития детей, показали, что в игре эффективнее, чем в других видах
деятельности, развиваются все психические процессы. Обусловленные игрой изменения в психике
ребенка настолько существенны, что в психологии (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Запорожец и др.)
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г.
271
утвердился взгляд на игру как на ведущую деятельность в дошкольный и младший школьный периоды
[3]. Так, А.Н.Леонтьев отмечал, что в игре развиваются новые, прогрессивные образования и возникает
мощный познавательный мотив, являющийся основой возникновения стимула к учебе [4]. Игра помогает
активизировать стремление ребят к контакту друг с другом и учителем, создает благоприятные условия
равенства в речевом партнерстве, разрушает устоявшийся барьер между учителем и учеником. Игра
помогает преодолевать неуверенность. В обычной дискуссии ученики-лидеры, как правило, захватывают
инициативу в свои руки, а более скромные - предпочитают отмалчиваться. В таком, например, виде игры
как ролевые игры, каждый получает роль и должен быть активным партнером в речевом общении.
На уроках иностранных языков в играх школьники овладевают такими элементами общения, как
умение начать беседу, поддержать ее, прервать собеседника, в нужный момент согласиться с его мнением
или опровергнуть его, умение целенаправленно слушать собеседника, задавать уточняющие вопросы и
т.д. Игры дают огромный шанс формированию коммуникативной компетенции, при которой не только
говорящий, но и слушающий максимально активен, так как он должен понять и запомнить реплику
партнера, соотнести ее с ситуацией.
Игры положительно влияют на формирование познавательных интересов школьников, способствуют
осознанному освоению иностранного языка. Они содействуют развитию таких качеств, как
самостоятельность, инициативность; воспитанию чувства коллективизма. Учащиеся увлеченно работают,
помогают друг другу, внимательно слушают своих товарищей; роль учителя лишь управлять учебной
деятельностью.
Ценность игры как воспитательного средства заключается в том, что, оказывая воздействие на
коллектив играющих детей, педагог через коллектив оказывает воздействие на каждого из детей.
Посредством игры учитель формирует не только игровые отношения, но и реальные, при этом закрепляя
полезные привычки в нормы поведения детей в разных условиях и вне игры - таким образом, при
правильном руководстве детьми игра становится школой воспитания.
Образовательная ценность игры состоит в том, что, игру так же рассматривают как ситуативно-
вариативное упражнение, где создается возможность для многократного повторения речевого образца в
условиях, максимально приближенных к реальному речевому общению с присущими ему признаками -
эмоциональностью, спонтанностью, целенаправленностью речевого воздействия.
Игры способствуют выполнению важных методических задач: созданию психологической готовности
детей к речевому общению; обеспечению естественной необходимости многократного повторения ими
языкового материала; тренировке учащихся в выборе нужного речевого варианта, что является
подготовкой к ситуативной спонтанности речи вообще.
Игры могут использоваться на различных этапах урока, что помогает учителю в нестандартном
проведении урока, развитии креативного подхода учащихся, их совместной деятельности - умению
работать в коллективе, а также мотивировать их интерес к изучению английского языка, что является
особенно важным на данном этапе.
В начальных классах дети очень любят импровизировать, изобретать различные предметы и действия.
Именно это можно использовать, например, при закреплении букв алфавита во втором классе. Можно, к
примеру, им предложить: «Встаньте так, чтобы быть похожими на буквы алфавита.», или предложить
им спеть буквы под популярные мелодии, например «В лесу родилась елочка..».
Для активного участия класса (группы) при выполнении игровых упражнений, рекомендуется
использовать различные формы работы: парную, групповую и фронтальную. Все учащиеся имеют
одинаковую возможность практиковаться в речевой деятельности, применять полученные ранее навыки и
умения.
Можно широко использовать в языковых играх:
подвижные игры (зарядка, игра в животных, “кошки-мышки”, игры во внимание)
стихи и песни, сопровождаемые движениями
игра-соревнование (дети делятся на команды и выполняют различные задания)
игра с мячом (вопрос-ответ, перевод слов и предложений с русского на английский и наоборот)
настольные игры (домино, лото, рисование)
диалоги с героями книг английских и американских авторов (в гости к ребятам приходят Винни-Пух
и Мэри Поппинс, Белоснежка и 7 гномов, Маугли, Том Сойер и т.д.)
ролевые игры и т.д.
Игра организуется таким образом, чтобы учащиеся могли в активном речевом общении с
максимальной эффективностью использовать отрабатываемый языковой материал.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г.
272
Учитель непременно сам верит в игру, в её эффективность. Только при этом условии он сможет
добиться хороших результатов. Еще одним важным требованием при проведении различного рода игр
является использование всевозможной наглядности.
Более того, учитель должен всегда помнить о таких элементарных требованиях, как соответствие игры
возрасту детей и изучаемой теме; нельзя допускать такого момента, когда в игре задействованы не все
учащиеся. Также нужно удостовериться, что инструкция понятна и усвоена всеми и учащиеся готовы к
осуществлению игровой деятельности.
Также не стоит забывать и о том, что обсуждая проведенную игру, оценивая участие в ней
школьников, учителю следует проявить такт, особенно при оценке результатов игры. Отрицательная
оценка деятельности её участников неизбежно приведет к снижению активности. Желательно начать
обсуждение результатов игры с удачных моментов и лишь затем, перейти к недостаткам.
Младший школьный возраст несет в себе большие возможности в познании окружающего мира, в том
числе и средствами английского языка. Плодотворной почвой для этого является познавательная
деятельность, реализующаяся в играх, в полной мере отвечающих возрастным особенностям детей
младшего школьного возраста.
Игра формирует у младших школьников коммуникативные умения, необходимые для человека как
члена общества, члена коллектива. Умение общаться предполагает умение слушать собеседника, вступать
в разговор, поддерживать его, и т.д.
Игра приносит огромную пользу в изучение английского языка в начальных классах средней школы.
Ученик в этом возрасте способен проживать те или иные элементы учебного процесса в условно-игровом
плане. Таким образом, лексико-грамматический материал усваивается легче, а правильно спланированная
игровая деятельность и реализация игровых приемов на уроке ведет к повышению результатов и интереса
к предмету.
1. Эльконин Д.Б. Детская психология. – М., 2000
2. Выготский Л.С.Педагогическая психология. – М., 1991
3. Запорожец Д.Б. Избр. психол. труды: В 2 т. М., 1986
4. Леонтьев А.Н. Избр. психол. произведения: В 2 т. М., 1983
ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МӘНІ
Д.Д. Байдалиев – М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Резюме
В статье рассмотрены история развития и значимость краеведения в процессе воспитания учеников
общеобразовательных школ, конкретизированы уровни и сделаны выводы по краеведению.
Summary
In the article the history of development and significance of regional studies in the upbringing process of secondary school
children are considered, levels are concretized and conclusions on regional studies are made.
Аннотация. Мақалада өлкетанудың даму тарихы мен жалпы білім беретін мектептегі оқушыларды
тәрбиелеудегі мәні, деңгейлері нақтыланып, тұжырымдалған.
Қазіргі кезде елімізде өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың бойындағы ерлік пен елдік қасиеттің рухани
негізі – туып - өскен жері мен елінің салт-дәстүрінен, ұлттық мәдени мұраларынан, ел мен жер байлығын
қорғап қалған батырлардың ерлік істерінен бастау алады.
Қазақ халқы ежелден – ақ қоршаға орта болмысын, оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы мен
қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің көзіне айналдыра білген. Қазақтың көшпелі өмірінің өзінде
табиғатты пайдаланумен қатар, оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері қалыптасқанын байқауға
болады.
Туған өлке табиғатын, оның ерекшелігін, сұлулығын, байлығын, оған деген сүйіспеншілігін ерте кезде
адамзат баласы қара сөзбен өрнектесе, ғұламалар өздерінің өлең - жырларына арқау еткен.
Өлкетану жұмысының қазіргі кездегі маңыздылығы туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстанның
әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты Жолдауының 12
тапсырмасында: «Мысалы өте көкейкесті болып табылатын.... «Өлкетану» (туған жерге махаббат
отаншылдықтың негізі ғой).... сынды пәндер қайда? Олардың жоқтығы жастардың едәуір бөлігінің
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г.
273
әлеуметтік инфантилизміне, ересек өмірге бейімделе алмауына, басқа да келеңсіздіктерге ұрындырады.
Жастардың бір бөлігі діни секталардың, экстремистердің, есірткіге құмар және қылмыстық топтардың
«оңай олжасына» айналады. ...Сондықтан бүгінгі таңда оқу – тәрбие үдерісін түбірінен өзгерту маңызды»
- деп атап көрсетті [1].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы
мен гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының азаматтарына патриот-
тық тәрбие беру мемлекеттік бағдарламасы мен білім беруді дамыту бағдарламаларындағы туған
өлкеге сүйіспеншілікті қалыптастыруға ерекше мән берілуі бұл мәселенің қазіргі таңдағы өзектілігін
дәлелдегенімен, мектептер мен жоғары оқу орындарында өлкетану жұмыстары кемшін қалып келеді.
Туған өлкедегі табиғат пен тарихты, шаруашылық пен саясатты, мәдениет пен адамдардың тіршілік
әрекетін қосып адамға ауқымды білім мен тәрбие беретін өлкетану психолого – педагогикалық мәселе
ретінде зерттеушілерге әрқашанда үлкен қызығушылық тудырған.
Қазақстанда өлкетану ғылымы патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын - ала
арнайы әскери экспедиялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енсе, оқытудың
ғылыми деңгейін арттыруда өлкетану жұмыстарының педагогикалық құндылығын ерте кезде – ақ
түсінген. Алғашқы өлкетанымдық зерттеулердің алғышарттарын біз көне дәуір оқымыстылары Геродот,
Эмпедокл, Гиппократ, Теофсраст еңбектерінен байқауымызға болады. Өлкенің құбылыстарын
зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар әлемінің қоршаған ортаға тәуелділігін қарастырған [1,25].
Өлкетаным туралы Аристотель «Адам ақыл – ойының арқасында қоршаған ортаны, табиғатты жалпы
танып біле алады. Бірақ жалпыны түсіну үшін ең алдымен бірінші жалпыны білуі керек» - деп сипаттама
берген [3, 12].
Цицерон болса, Отанға, өлкеге деген адамның қатынасын, патриоттық санадан іздестіреді. «Ең
мәртебелі ой – толғамдар Отанның игілігі жайында болмақ. ....Отан деген ұғымға, ең алдымен, саяси орта,
құқықтық қатынастармен байланысы бар белгілі бір өлкедегі адамдар бірлестігі және мемлекет кіреді» -
деп санаған.
Өлкедегі табиғат құбылыстарының терең тылсымсын зерделеуде адамзат баласы талай – талай
жолдардан өтті. Алғашқы өлкетанымдық көзқарастар сондай – ақ ертедегі саяхатшы, жиһангездердің
жазбаларында молынан көрініс тапты.
Антикалық Грецияда Геродоттың, Полибияның жазған тарихи концепциялары, Гиппократ,
Демокриттің жаратылыстану ғылымы түрғысынан адамға көзқарастары, Римдегі Лукреций Кардтың
көзқарастары өлке ілімінің ең алғашқы туындылары десек қателеспейміз. Материалист ақын Лукреций
(б.д.д. I ғ.) артта қалған, дамымаған өлкедегі халықтар туралы мәліметтерді пайдаланып, адам
мәдениетінің дамуының толық концепциясын жасады. Оның еңбегі «О природе вещей» деп аталынады.
Антикалық авторлар халықтардың өлкетанымдық көзқарастарының кейбір тұстарын жергілікті халық
аңыздарына сүйене отырып қарастырды. Олар әр өлкедегі халықтардың мәдениеті, тұрмысы, әдет-ғұрпы
туралы тереңірек жазып, мәліметтер беруге тырысты [4].
Кез – келген тарихи кезеңдерде табиғат, өлке оның түрлі құбылыстары жөнінде әрбір адамның өзіндік
көзқарасы мен түсінігі болады.
әл - Фараби өзінің «Философияны білі үшін не білу керек?» деген еңбегінде нағыз тәрбиеші ұстаздың
бойындағы он екі қасиеттің бірі ретінде – дүниетаным, қоршаған ортаның құбылыстарын жете меңгерген
ұстаз – нағыз тәрбиеші бола алатындығын нақтылай түскен [5, 62 б.], сондай – ақ ғалымның: баланың ой
санасының дұрыс қалыптасып дамуы үшін айналадағы шындықты танып, білуі арқылы ғана ой - өрісі
жетілетінін айтады. Тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудың басты құралы тәрбие мен білім екендігін
– тұжырымдайды [5, 45].
Өлкетану деректері бұрыннан бері халықтар арасында ауызша ұрпақтан-ұрпаққа таралып, жалғасын
тауып келді. 1718 жылы 13 ақпанында Ресей патшасы I - Петрдің жарлығымен өлкетанушылардың тапқан
тарихи жәдігерлері, заттары патшаға жеткізіліп, өз өлкесіндегі ізденіс жұмыстары үшін марапаттап
отыру талап етілді. Бұл сол кездегі қазақ даласына да қатысты еді.
Өлкетанудың деректемелік жұмыстарымен қатар, осы кезде мектептептегі өлкетану жұмыстары да өз
жұмысын бастады. Оның негізін қалаған М.В.Ломоносов болса, ал туған өлкені зерттеуге аса көңіл бөліп,
оның ғылыми педагогикалық негізін салған К.Д.Ушинский еді. Ғылымның бұл саласына К.Д.Ушинский
«Отантану» деп анықтама беріп, «Туған өлке» және «Балалар әлемі» атты мектеп оқушыларына арналып
жасаған кітаптарында ол арнаулы «Айнала және жақын», «Қоршаған ортаны танып білу» деген бөлім-
дерінде ол айналаны танып білу процесінде бақылау, негізгі білім көзі болады деп көңіл аударады [6,7].
Осы кезде Ресейдегі алдыңғы қатарлы мұғалімдердің көптеген мазмұндағы өлкетанушылық
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г.
274
материалдары баспаларда жариялана бастады. Өз өлкесін тану идеясы мен педагогикалық процесте
өлкетану материалдарын қолдану, ұлы ағартушылар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо және басқалардың
еңбектерінде негізі қалыптасқан болатын. Ғалым Н.Ф.Бунаков өлкетану саласында жиырмадан астам
кітаптар мен өлкетанудың алғашқы оқу бағдарламасын жасады.
Қазақстанда
өлкетанудың
дамуы
аса
көрнекті
мемлекет
қайраткерлері
С.Аспандияров,
М.Д.Жолдыбаев, Ә.Жангелдиннің есімдерімен байланысты. Сол кездегі О.Жандосовтың «Познай свой
край» мақаласы өлкетануға елеулі үлес қосты. В.Д.Гордецкийдің «Материалы для школьных экскурсий в
Джетысу» атты оқу құралы Жетісу өңіріндегі мектептерге таратылды. Бұл мектептердің оқушылары мен
мұғалімдеріне арналған ең алғашқы өлкетану бойынша оқу құралы еді [7, 32 б.].
Елімізде 1920 жылдан бастап өлкетану жұмыстары бірте – бірте жолға қойыла бастады. Осы жылы
Қазақстанда Зерттеу Қоғамы құрылып, 1930 жылы оның жанынан Өлкетану Бюросы жұмыс істеді.
1930 жылы сәуір айында Өлкетану Бюросының жетекшісі С.Аспандияровтың басшылығымен алғаш
рет бүкіл қазақтық өлкетанушылар съезі шақырылды [8, 134 б.].
Аталған съезд, студенттер мен мектеп оқушыларының арасында өлкетану ісін жандандыру мәселесіне
ден қойып, қаулылар шығарады. Өз өлкесінің табиғи өндіргіш күштерін, тарихын, климатын, өсімдіктер
әлемін т.б. білу, біліп қана қоймай, Қазақстанды дамытуға пайдалана білу аса қажетті белгі болып
табылатындықтан, өлкені танып – білу жұмыстары студенттердің арасында әлі де болса шектеулі
дәрежеде деген съезд шешімі жоғары оқу орындарында өлкетану үйірмелерін ашуды ұсынды [7, 105 б.].
Көрнекті тарихшы – ғалым С.Аспандияров «Қоғамдық ғылымдарды оқытудың, тәрбиелеуде маңызы
зор», деп атап көрсетіп, Ол: «...Болашақ жастар өмір сүріп отырған мемлекеттің өткені мен келешегін,
оның алдында тұрған жоспарларды жақсы білуі қажет. Оқушы өз елінің басынан кешкен
қиындықтарымен танысып қана қоймай, сондай қиындықтан елін, халқын алып шығуға белсене қатысып,
оған өзінің үлесін қосатындай болып тәрбиеленуі тиіс» - дей келе [7, 104 б.], «өлкетану жұмыстары
Отанды сүю мен патриоттық тәрбие беруде маңызды роль атқарады» - деп есептеді. Педагог – ғалым
өлкетану жұмысын туған өлкенің тарихын, мәдениетін, әдебиеті мен табиғатын, халық шаруашылығын
танып білуде аса маңызды деп санайды [8, 135 б.].
Қазақ халқының ағартушы – ғалымдары мен ақын – жазушыларының еңбектеріндегі өлкенің сұлу
көріністері негізінде жасөспірімдердің табиғатпен, қоғаммен қарым – қатынасын орнықтыру, білім беру,
тәрбиелеу, қазақ халқының мәдениеті мен ағарту саласы мен соның негізінде азаматтық, адамгершілік
қасиеттерін жетілдіруде маңызды орын алады.
Қазіргі кездегі мектеп оқушыларының бойында жақсы мінез – құлықтың қалыпты нормаларын
қалыптастыру үшін адамгершілік тәрбиесі ғасырлар бойы жүргізіліп келеді. Имандылық, әдептілік, ар –
ождан, намыс, бауырмалдық, кішіпейілділік, батырлық, ерлік, ұлтжандылық, елжандылық және оқушыны
Отанды сүюге, оны қорғау жолында әрдайым даяр болуға өлкенің, Отанның игілігі үшін аянбай еңбек
етуге тәрбиелеу тәрізді бағыттар адамгершілік тәрбиесінің басты ұстанымы. Бұдан шығатын қорытынды:
өлкетану негізінде Отанға сүйіспеншілікті қалыптастыратын тәрбие адамгершілік тәрбиесімен де тығыз
байланысты. Өйткені адам бойындағы асыл қасиеттер Отанға деген сүйіспеншіліктен туындайды.
Отан – адамның туған өлкесінен де гөрі неғұрлым ауқымды да әлеуметтік ұғым. Осыған байланысты
Н.Ә.Назарбаев: «Көптеген адамдар туған өлке деп тек «өзінің» облысымен немесе «өзінің» ауданымен
шектеледі, бұл қате түсінік. Мұндай психологиямен келісу қиын. Перзенттік сүйіспеншілік пен аялы
көзқарасқа – патриоттық көңіл күйдегі жастардың қайратты, шебер қолдары мен қалтықсыз жасампаз
еңбегіне мұқтаж жерлер Қазақстанда көп. Айталық, біртұтас халықтың өндірістің барлық салаларындағы
балалары Қазақстанның гүлденуі мен күш – қуатының артуы жолында жұмыла еңбек етсе, несі жаман» -
деп тұжырымдаған [9, 84 б.].
Адамгершілік (мораль) қоғамдық сананың бір формасы. Адамның қоғамдық өмірдегі өз орнын
анықтауы, еңбекке, оқуға, ғылымға, қатынасы, отбасындағы, қызметтегі т.б. тәртібі, іс - әрекеті осының
бәрі оның адамгершілік қасиеттерінің – сапаларының қаншалықты дұрыс қалыптасуына байланысты.
Адамгершілік тәрбиесінің негізіне бүкіл адамзат жинақтаған, тарих тәжірибесінде сыналған адамшылық
қасиеттер алынады. Олар: адалдық, шыншылдық, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сыпайгершілік,
еңбексүйгіштік, жолдастық, достық, қоршаған ортада үлкенді, қарт адамдарды, әйелдер мен жас
балаларды сыйлаушылық сияқты қасиеттер.
Демек адамгершілік тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен, бағыттарымен тығыз байланысты. Алды-
мен қоршаған ортаға, өлкеге, дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастырумен тығыз байланысты, егер
оларға көзқарас дұрыс қалыптаспаса адамгершілік қасиеттер де дұрыс, немесе толық қалыптаспайды.
Жергілікті өлке материалын тиімді пайдаланудың оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеуге көп
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г.
275
көмегі тиеді, өйткені оқу материалы оқушыларға жақын, әрі таныс болғандықтан оларды қызықтырады.
Жеке қайраткерлерге қатысты мәселелер қарастырылғанда оқушыларға берілетін тапсырмалар мен
сұрақтардың көбіне оларды ойландыратындай, өз пікірлерін білдіріп, қажет болған жағдайда баға
беретіндей болғаны дұрыс.
Мұғалім өзінің осы салада жүргізген жұмысының нәтижесін көріп – біліп отырса өте дұрыс. Мұның
өзі күрделі мәселе, оның үстіне жұмыс нәтижесі бір пән арқылы жүзеге асты деу қиын. Соған қарамастан
мұндай тәрбие жұмысының нәтижесін мынандай жағдайдан байқауға болады.
1. Егер де оқушылар өз жауаптарына нақты оқиғаның негізінде қайраткерлердің, сол оқиғаға қатысу-
шылардың адамгершілік қасиеттерін (мотивтері, іс - әрекет тәсілдері, нәтижелері) ашып көрсетіп берсе.
2. Қарастырылып отырған қоғамдық құбылысқа, оқиғаға, фактіге, қоғам қайраткерлеріне, олардың іс –
әрекетіне, айтқандарына, қызметінің нәтижелеріне жеке өзінің қатынасын білдірсе.
3. Қоршаған ортадағы құбылыстарды, келеңсіз жайттарды талқылап, бағыт бергенде дұрыс бағыт
ұстаса.
4. Оқушылардың ұжымға, от басының мүшелеріне, жолдастарына, айналасындағы басқа адамдарға,
табиғатқа, тарихи мәдени ескерткіштерге, оларды қорғау мәселесіне қатынасы адамгершілік өлшемдерге
сәйкес келсе.
5. Оқушы мектепте, сыныпта, және басқа да ұйымдастырылатын қоғамдық – саяси жұмыстарға
белсене қатысса, тек қатысуы ғана емес ұстанған адамгершілік мотиві де тиісті дәрежеде болса.
Жалпы оқушының тәрбиелілігі оның кез-келген іс-әрекетінен де, сөйлеген сөзінен де байқалып тұруы
тиіс.
Өлкетану материалдары арқылы оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілік, мақтаныш
сезімдерін қалыптастыруда нақты айғақтың, деректер мен тарихи құжаттардың шындықты дәлелдеп
отыратынын айта келе, өлкетану материалдарының негізгі мазмұнын патриоттық тәрбиемен
байланыстыру аса маңызды фактор болып табылады. Патриоттық тәрбие берудегі оған арқау болатын
өлкетану материалдарының негізгі мазмұны мынадай мәселелерді қамтығаны дұрыс:
- өлкенің тарихы (өлкенің кеңес дәуіріне дейінгі тарихы; төңкеріс кезеңдегі тарихы; тәуелсіздік
жолындағы күрес тарихы; өлкенің бүгінгі таңдағы тарихы);
- өлкенің табиғаты және табиғи қорлары;
- өлкеден шыққан батырлардың, халық қаһармандарының, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері-
нің ерліктері мен еңбектері;
- мәдени құндылықтар;
Мұғалімдер өздерінің іс – тәжірибелерінде өлкетану материалдары негізінде оқушыларға тәрбие
беруді мынадай деңгейлер бойынша жүзеге асырса тиімділігі арта түседі:
1 деңгей. Оқушыларға адамгершілік және патриоттық тәрбие беру мақсатымен туған өлке туралы
білімдерді түрлі оқу құралдары мен бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен ұсынуы.
2 деңгей. Оқушылардың өз бетімен танып – білуі, мұндай білімнің қайнар көзі – оқу құралдарымен
қатар, ғылыми – танымдық және ғылым – әдебиеттер, электрондық оқу құралдары, бұқаралық ақпарат
құралдарындағы баспасөз материалдары, мектеп және өлкедегі тарихи орындар, мұражай экспонаттары,
интернет материалдары болып табылады.
3 деңгей. Мұғалімнің басшылығымен оқушылардың терең зерттеулер жүргізуі барысында туған
өлкенің құндылықтарын игеруі. Мұнда оқушылар жас ғалым – зерттеушілер ролін атқарады, олар көбіне-
се өлкетану үйірмелерінің және оқушылардың ғылыми қоғамдарының мүшелері әрі белсенділері болып
табылады.
Оқушылардың өлкетану білімін игеру процесі, әрбір жаңа ұғымды қабылдауды, ой елегінен өткізуді
және қолдануды қамтамасыз етерліктей, мұғалімдердің өздерінің іс – тәжірибелерінде оқыту амалдары
мен әдістерін сұрыптауына, сондай-ақ оқушылардың практикалық және өз бетімен істейтін жұмыстарын
ойластырып істеуіне байланысты заңдылықтардың мазмұнын және оны игерудің жағдайларын оқытушы
өзіне - өзі айқын елестете алғанда ғана бұлардың барлығы іске асады.
Өлкетану негізінде, табиғат пен адам, қоғамның табиғат компоненттерінің негізгі белгілері, қасиеттері
және өзара қатынастары көрінген ұғымдардың жүйесі және олармен байланысты түсініктер жатады.
Ұғымдарды меңгеру барысында оқушылар:
- өлкетану ұғымының анықтамасы мен мазмұнын және олармен байланысты түсініктерді игеріп алуы;
- осы өлкетанымдық әрекеттерді игеруге және қолдануға мүмкіндік туғызатын ақыл – ой әрекетінің
тәсілдерін ұғып алуы;
- оқу мен практикалық міндеттерді шешкенде өлкетану әрекеттерін өз бетінше қолдана алуы керек.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г.
276
Оқушылардың белсенді таным әрекетінсіз өлкетану білімін орнықты әрі толық игеру мүмкін емес.
Түрлі бағыттағы жұмыстарды орындау процесінде олардың іскерлік пен дағдылары қалыптасады.
А.Ж.Бекмағамбетов оқушы жастардың өлкетану негізінде отансүйгіштік қасиетін қалыптастыруды
оңтайландырудың мазмұндық бағыттары ретінде: әлеуметтендіру, демократияландыру, ізгілендіру,
саралау деп төрт топқа бөліп қарастырады [10, 12 б.].
Қорытындылай келсек, өлкетану – оқу және сыныптан тыс жұмыстар арқылы туған өлке туралы
оқушылардың белгілі білім көлемін байытуға ықпал ететін, отандық педагогиканың бір прогрессивті
құбылысы болып табылады; оқушыларға ғылыми білімдер арқылы қоршаған өмірдің қоғамдық және
табиғи құбылыстарының мәнін ашады; патриотизмге, ізгілікке, адамгершілікке баулиды, өз халқының
мәдени дәстүрлерін құрметтеуге, жергілікті өлкенің шынайы өмірін құрметтеуге үйретеді, туған өлкеге
ұлы отанның бір бөлігі ретінде сүйіспеншілігін тәрбиелейді; оқушыларға зерттеу жұмысының және
әлеуметтік – пайдалы еңбектің бірқатар практикалық дағдыларын меңгеруге көмектеседі; оқушылардың
танымдық қызығушылықтарын дамыту арқылы, олардың жеке тұлғасын қалыптастыру процесіне ықпал
ететін құрал ретінде болады, оларға байқампаздық, ізденістік және зерттеу жұмысының дағдыларының
дамуына жағдай жасайды, шығармашылық ойлауды дамытады, қоғамдық ұмтылыстар, жоғары моральды
және эстетикалық сезімдерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |