Кілтті сөздер: психологиялық денсаулық, физикалық денсаулық, стресс, эустресс, дистресс.
Ключевые слова: психологическое здоровье, физическое здоровье, стресс, эустресс, дистресс.
Key words: mental health, physical health, sterss, eustress, distress.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы «Қазақстан-2050»
стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты http://www.egemen.kz/
2. Никифоров Г.С. Психология здоровья. – СПб.: Речь, 2002. - 256с
3. Вассерман Л.И., Беребин М.А., Факторы риска психической дезадаптаци у педагогов массовых школ.
Пособие для врачей и психологов. –СПб., 1997. -52с
4. Г. Селье. Стресс без дистресса. Москва «Прогресс» 1982. -128с
5. Курпатов А.В. Средство от депрессии. Нева, 2003.-256с
6. Самоукина Н.В. Психология и педагогика профессиональной деятельности. – М., 2000.-384с
7. Тригранян Р.А. Стресс и его значение для организма (отв. Ред. Навст. Предисл. О.Г. Газенко. – М., 1988-176 с
8. Ньюстром Дж. В., Дэвис К., Организационное поведение / Перевод с английского под ред. Ю.Н.
Каптуревского – Спб., 2000.-448с
9. Занковский А.Н. Профессиональный стресс и функциональные состояния. В кн.: Психологические проблемы
профессиональной деятельности. М.: Наука, 1991, с. 144 – 156.
10. Дикая Л.Г. Системно-деятельностная концепция психофизиологического состояния человека //
Проблемность в профессиональной деятельности: теория и методы психологического анализа. М., 1999. С. 80-106
11. Рогинская Т.И. Синдром выгорания в социальных профессиях // Психологический журнал, 2002, №3.
12. Психология: Учебник для гуманитарных вузов.2-е изд./Под общ.ред. В.Н.Дружинина. СПб.:Питер, 2009.-656с
13. Носкова О.Г. Псхология труда. М., 2004.-144с
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ
ПАЙДАЛАНУ
Г.С. Майлыбаева – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің магистранты
Түйін
Мақалада халқымыздың данышпан ұлы, ірі ойшыл философы, ағартушысы Абай мұралары арқылы бастауыш
сынып оқушыларын әлеуметтендіру мәселесі жайлы баяндалған. Сонымен қатар Абай мұраты – адамда адамгерші-
лік жағынан жетілдіру арқылы қоғамды жетілдіру, қазақ қоғамын ілгері дамыған ілгері дамыған мәдениетті
елдер қатарына қосу болса, оның өлеңдері мен шығармаларының, әңгімелерін дүниетанымдық философиялық,
әлеуметтік, қоғамдық, этикалық көзқарастары, педагогикалық, психологиялық ой- пікірлері осыны дәлелдейді.
Резюме
В статье говорится о вопросах социализации учащихся начальных классов через наследия мудреца народа, вели-
кого философа Абая. Вместе с тем цель Абая – зто развитие общества, развитие человечности в людях, видеть казах-
скую обществу в ряды передовых культурных стран, то есть его стихи и сочинения, мировозрительные философские
рассказы, социально-общественные, этические взгляды, педагогические, психологические мысли обосновывают это.
Summary
In the article are reported about socialization of pupils in elementary class`s through heritage of nations sage and great
philosopher Abay. Also purpose of Abay – it is a development of society with developing humanity at people, to add Kazakh
society in the forefront of cultural progressive countries. His poems and works, philosophy stories, social, ethical views,
pedagogical, psychological thoughts substantiate this.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г.
289
Халқымыздың данышпан ұлы, бүкіл шығыс, орта Азияның ірі ойшыл философы, ағартушысы
Абай даналығы біздің ата – мұрамыз, асыл қазынамыз. Абайдың әдеби мұрасын зерттеп оның негізгі
бағыт бағдарын анықтау, оның шығармаларын оқып тану одан ғибрат алу болашақ ұрпақтың
алдында тұрған өрелі мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды
әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», деп атап
көрсеткен.
Абай мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтендіру мәселелері осы уақытқа дейін
арнайы зерттелген жоқ. Ал бүгінде Абайтану мәселесіне бүкіл дүниежүзі мән беріп отырған
жағдайда Абай мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтендіру мәселесін жанданды-
руымыз қажет.
Шындығында қазақ тарихының осы кезеңінде ұлттың биікке жетелеген озат ойлы зиялылар
шоғыры ерекше көзге түседі. Бірақ «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей шоғыр ішінде ұлы
Абай тұлғасы ерекше көзге алынады.
Бірде жыр алыбы Жамбылдан, «Абай ақындығына байланысты қандай пікір айтамыз» деген
сұрағында ХХ ғасырдың Гомері атанған ұлы жырау: «Абай ақын емес- ғұлама»,- депті. Абай рухы,
Абай мұрасы қазіргі ұрпаққа соншалықты жақындап олармен заңды. Өйткені Абай тұтас бір
халықтың рухани әлемі, кемеңгер, ойшыл данышпаны. Абайдың артында қалдырған мұрасы ұрпақтан
- ұрпаққа жетер, мәңгілікпен жалғасар алтын қазына. Қанша заман ауысып, қанша буын ұрпақ
жаңарса да, ұлы ақын айтқан қуаты күшті нұрлы сөздің сыры кетпей, сыны бұзылмай, жаңа
қырынан ашылып, жаңғырып келеді.
Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы бүгінде егеменді мемлекетімізді құрып, төрткүл дүниеге
танымал болуы Абайдың ұрпағына балаған өкілі, үмітінің орындалуының дәлелі. Тәуелсіздік таңы
атып ата- бабамыз армандаған күнді көру, ақты-ақ, қараны – қара деп жалтақтамай, ешкімге
жалбақтамай сөйлеу еркіндігіне қол жетті. Ендеше Абай мұрасын оқытуда да бұрын айта алмай
келген көп жағдайды жас ұрпаққа білгірлік пен, білімділікпен жеткізу, тереңінен тартып сөз ұқтыру
ұстаздар қауымының алдында тұрған өрелі міндеттердің бірі. Кемел ойды кемеңгер келешек
ұрпақтың да бір келкі емес, тасыры мен талаптысы бар болып келер ала- құланың тобын тобын
алыстан аңдайды. Данышпан топ басып дәл болжағандай- ақ Абай мұрасын оқып үйрену, талдау
саралау жолы даңғыл болмады. Өзі мына діни дүниеден көшкеннен кейінгі тарихи аласапыран
жылдарда халық бастан кешкен алмағайып кезеңдер ақын мұрасына да бірде сәуле, бірде көлеңке
түсіріп сан құбылды. Абайдың алтын сөзін кір шалмады. Абай әдебиет табалдырығын аттаған
күннен бастап, айналасын қоршаған қараңғылықты серпілтудің жолын іздеп, халық ағартушылық
жұмысына шын берілді. Ол шындыққа, тұрарлыққа, терең ой мен ақылға беріліп, өзінің өлеңін
найза, өткірдің жүзінен басым, кестенің бізінен шебер деп халықты ғылым, өнерге, оқуға шақырған
ұлы дана.
Абай өз халқының мәдениеті мен әлеуметтік ой- пікірінің асқар шыңы болса, ол қалдырған мұра
- біздің мұра біздің егеменді еліміздің болашағы бүлдіршіндерді тәрбиелеуде сарқылмас қазына,
рухани байлық болып табылады. Абай келешекке зор үмітпен қарады, халқының сол келешек
жарқын өмірге жетіп бостандық - теңдікке ие болуына айқын жол сілтеді.
Абайдың ұрпағы халқының кемеңгері, ұлтының ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен
әдебиетінің асқар шыңын дәл бейнелеп, қоғамдық дамудың шындығын дұрыс көрсете білген
қайраткер ретінде таниды.
А.Байтұрсынов Абайдың «Сөзі аз, мағынасы терең» жырларының шығуы жағдайларына,
әлеуметтік сырына көркемдігіне үңіледі. Жеңіл ойдан, ашық салатын жағдай халық жырларына Абай
сөзін қарсы қоя отырып ол сөздің ішкі мағынасын түсіне, терең оқудың қиыншылығы Абайдан
басталатынын атап көрсетеді.
«Не нәрсе жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын қасиетін қармап жазады»- дейді. Оның,
нәрсенің сырын, қасиетін біліп жазған сол сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушы сөзді сынаса, сөз
оқушыларын сынайды»- деуі де осыдан
Осы қысқа мақалалардың өзі Абайдың ақындылығы, өнері жайлы терең бағалы ой айқындығын
көреміз. Оның пікірлерінен кейін Абайды зерттеушілер тарапынан көп еңбектерге негіз болады, ой
салады.
Міржақып Дулатов: «Абай» атты шығармасында Абайды жаңа мазмұнды ұлттық әдебиет
жасаудағы орнын атай отырып, «әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кітап – Абай сөзі, Абай аты
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г.
290
Абайға дейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе
юолған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттығы да сол»- дейді.
Абай мұрасының әдеби тарихи маңызын атап көрсетіп «Абай нағыз халық ақыны» деген
қорытынды жасады.
Абай творчествасының қазақ мектептерінің оқу бағдарламаларына кіріп, оқулықтардан тұрақты
орын алуыда осы тұста. Абайды зерттеу ісі ілгерілей түсті. Абай мұрасын жан- жақты талдауға бет
алған ізденіс біртіндеп көлемді монографиялық зерттеулерге ұласты. Олардың ішінде З.Ахметовтың,
Сүйінішәлиевтың, Ә.Тәжібаевтың, С.Сильченконың, К.Мұхамедқановтың, Нұрышевтың , М.Әуезовтың
толығынан зерттеген монографиялық еңбектері жарық көрді.
Ақын мұрасының жас ұрпаққа жеткізілуі жолында еңбек етіп тер төккен ғалым - әдебиетшілер,
ақын жазушылар, оқытушы ғалымдар аз емес.
Абай мұрасын білім беру жүйесінде шашау шығармай пайдалану, халқының болашағы үшін
алаңдаған әрбір ұстаздың тікелей міндетті.
Осы ретте, І.Р. Халитованың «Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізу тарихы» атты
ғылыми еңбегінде ақын мұраларын бастауыш мектепте жүйелеп пайдалану жолдарын көрсетті. Мысалы,
1 сынып оқушылары, Абайдың сөзімен айтқанда, «білсем екен, көрсем екен», - деген жан құмарының
басымдылығымен қатар, қайратының (ерік күші) әлсіздігі ортасындағы қайшылық, әсерленгіштік пен
жақсы оқуға ұмтылумен бір нәрсеге көңіл қоюының қиындығы оларды тәртіпке бойсынуға тәрбиелеуді
байсалдылықпен жүзеге асыруда көзде тұтылады.
Ақынның 32-қара сөзіндегі пікірді арқау етіп,
оқушыларға оқудағы мақсат білу, білмекке ұмтылу екендігін көрсетеді.
Өнегелі де, өсиет сөз айтқымыз келсе алдымен аузымызға « Абай атам айтқандай» деген сөз
тіркестері келеді. Артынша өшпес із, асыл мұра қалдырып өзіне кейінгі ұрпақтарға өнеге боларлық
боларлық ұлы Абай атамыздың артына қалдырған асыл мұралары - оның шығармаларының болашақ
ұрпаққа берер тағылымдық – тәрбиелік мәні.
Ұлы Абай халық болашағы ғылымда, білімде, жастарды оқыту, «Тегінде адам баласы, адам
баласынан ғылым, ақыл, ар-мінез» деген нәрселерден озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой
дегеннің бәрі де ақымақшылдық деп ғылымның орнын көрсете келе халыққа білім алудың
қажеттілігін уағыздайды. Абайдың шығармаларының халықты заман талабына сай оқуға білім алуға
шақыру ел болашағындағы отырықшылықтың, сауданың, қала салудың, өнердің алатын үлкен
орнын көрете білу қазіргі егемен Республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық дербестігін
қамтамасыз етуін іске асыратын азаматтарды, ұлттық ғылыми- техникалық интелегенция жұмысшы
кадрларын дайындау ісіне дәл келгендей. Осыдан бір ғасыр бұрын айтылған Абай сөздері,
өсиеттері міне осылай дәл қазіргі күні де өз ұрпағын болашағын іске асыруға шақырып тұрғандай.
Өкінішке орай ұлы ақын ашына көрсеткен жалқаулық, бой күйездік, күндестік т.б. қылықтар
халқымыздың арасында әлі күнге дейін сақталуда.
Абай- халқымыздың ұлы ұстазы тәлімгер педагогы. Оның өлеңдерін ең басты объектісі адам,
баты мақсаты- адам тәрбиелеу. Адам оған да «Өзі үшін ғана емес, адамдар үшін еңбек ететін,
қайрат, ақыл нұрлы жүректі терең ұстайтын жан- жақты жетілген адам». Абайша айтқанда «Толық
адам». Ал «Толық адам», «Жетілген адам» дегендердің мағынасы терең философиялық ойлар,
ұғымдар. Адамды адамгершілік тұрғысынан жетілдіруді көздейтін үлкен даналық ұштасып жатқан
күрделі мәселе.
Абайдың мұраты- адамда адамгершілік жағынан жетілдіру арқылы қоғамды жетілдіру, қазақ
қоғамын ілгері дамыған ілгері дамыған мәдениетті елдер қатарына қосу. Оның өлеңдері мен
шығармаларының, әңгімелерін дүниетанымдық философиялық, әлеуметтік, қоғамдық, этикалық
көзқарастары, педагогикалық, психологиялық ой- пікірлері осыны дәлелдейді. Абай сомдаған, бірін
– бірі толықтырып отыратын ұлттық бейнелер халқын бірлікке, еңбек етуге, өнер- білімге үйренуге
шақырған ұлттық мүддеден туған.
Бұл ретте, Абай ең алдымен білімнің, ғылымның, қоғамдағы орнын, адамды кісілікке
тәрбиелеудегі маңызын жақсы түсінеді.
Абай ғалым, білімді адам бойындағы рухани қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың
талпынатын мұраты болу керектігін көрсетеді. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім». Бір
қарағанда бәрімізге онда айтылмаған ой- пікір етене таныс, құлағымызға әбден сіңісті дүниедей
көрінеді.
Абайдың дана ретіндегі негізгі этикалық принципі- еңбек. Абай еңбектің рөлін жоғары қояды.
Еңбек адамның ақыл- ойының ереңдігін сезім дүниесінің сұлулықын, ерік – жігерін тәртіптілігін
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г.
291
реттестіретін бойдағы енжарлықты, бой күйездікті, еріншекті тіпті қайғы – қасіретті жастың адамды
жігерлендіретін теңдесі жоқ шипа «Аштан өліп, көштен қалмаспыз», деген психологиядан арылу
керек. Жастарды тіршілік көзін табуға баулу қажет. Күллі адам баласы қор қылатын үш нәрсе
бар», содан қашпақ керек. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшінші- зұлымдық... Білімсіздік
хайуандық болады. Еріншектік- күллі дүниенің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, кедейлік бәрі
осыдан шығады дейді !.
Абай «Кімде кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты жоқтың иманы жоқ»- деп адам болам деген
кісіге қажет бес дұшпан мен бес досты ажыратуды міндет етіп қояды.
Бүкіл өмірін елінің көкірек көзі- сауатын ашып алға жетелеуге арналған ұлы Абайдың еңбегін
бағалағанда алдыңғы орында оның бүкіл халықтың ұстазы болғандығы. Өйткені күні бүгінге дейін,
оның шәкірттері болып мұрасынан сусындауының өзі соның бір айғағы.
Абай шығармаларында басты орында, еңбек тәрбиесі. Ол еңбекпен келген табыстың адал да
дұрыс жолға бастайтынына кәміл сенеді, еңбекпен саналы оймен, ақыл мен істелген істің ғана
нәтижесі болады деп санайды.
Адамның бойында жағымпаз қасиеттердің тууына қарсы тұру үшін оның ғылым мен білімге
деген құштарлығын арттырып, дамыта түсуді өсиет етеді. Абайдың айтуынша адамның білімге
құштарлығы оны тәрбиелігі етеді. Арам тамақтың, сұраншақтық, тілемсектік, жексұрын қасиеттер.
Абай мұны ашынып айтады. Қай заманда да болсын, еңбектен безу, біреуге масыл болу
жамандықтың жаманы екенін бүгін де көріп жүрміз. Қулықпен, еппен пайда табам деп, еңбектен
бойын алып қашқаннан ешкімде пәтуа таппайды. Ел қамын ойлап, түн ұйқысын төрт бөлген Абай
еңбекке үндегенде адал еңбекті меңзейді.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас қулық сұмдықпен тапқанның қайыры болмайды.
Еңбекке шақыру мәселесі Абайдың ең көп айтқан саласы. Жастарға халық қамын ойлаған ақын
жазушылар мен ғалымдарды үлгі өнеге етіп, «білімдіден шыққан сөз талаптыға кез болса екен»-
дейді. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абай:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат емес,
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған-
деп халық қамын ойлап, қабырғасы қайысатын, әділдік үшін саясатын ең кем дегенде елдің елу
жылғысын ертерек ойлайтын көреген қайраткер. Ұрпақ тәрбиесі үшін аянбай ат салысып жүрген
ұлағатты ұстаздардың ақылшысы, сыршысы, қамқоршысы бола алатын.
Бастауыш мектепте Абайдың тек негізінен өлеңдері ғана оқытылады. Балаларға Абай кемеңгер,
ұлы ақын деп қана қоймай, оның кемеңгерлігіне де ұлылығының сыры неде жатқанын
тамыршыдай тап басып айту оңай болмайды. Дегенмен, өлең жолдарының негізгі нәзік құпиясын
түсінуге талпынатын, ақын жүрегінің қатпар- қатпар құпия сырына бойлағысы келері сөзсіз. Осыған
орай қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарының жаңа бағдарламасында осы мәселе жөніндегі
ерекшеліктері қандай? Жаңа бағдарламаның осы мәселе жөніндегі ерекшеліктері қандай? Ұрпақ
тәрбиесінде орны бөлек Абай мұрасынан бөбектерге нені? Қашан? Қалай? танытуға болады? сияқты
сұрақтар төңірегінде сөз қозғайын.
Қазіргі таңда қолымда барын пайдаланып жүрген бағдарламада және осыған сай жасаған «Ана
тілі» оқулықтарында да Абай шығармаларының ішінде кейбір өлеңдерінен үзінділер берілген.
Ал жаңа бағдарламада Абай даналығы мен өсиетін баланың жас кезінен бастап бойларына
сіңіре беру үшін, халқының сөз өнері еркін қолдана білуі мен шешендік талантына тәнті ету
өнеріне сүйіспеншілігін оята, халқының әдет- ғұрпы, салт- санасы дәстүрінде тәрбиелеуге ықпал ету
үшін төмендегі шығармаларды енгізу жоспарланған.
Мысалы: «Ата –анаға көз қуаныш», «Досыңа достық-қарыз іс», «Абдрахман өлімінде», «Кешегі
Оспан ағасы», «Қуанбаңдар жастыққа» т.б. Ал аудармаларынан «Қараңғы түнде тау қалғып»,
«Жарлы бай», «Қарға мен бүркіт» сияқты шығармалары енгізіліп отыр. Өйткені бұл текстердің
мазмұны түсінікті сөздері қарапайым, әрине сөз жоқ кейбір балалардың жас шамасына қарай
түсінуге ауыр деген сөздерге түсініктеме беріледі, сөздік жұмыстары жүргізіліп қарапайым
салыстырулар келтірілуі тиіс. Өлең мысалдар әр сыныпқа былайша жүйеленген.
сынып.
«Әсемпаз болма әр неге» (1- шумағы)
«Ғылым таппай мақтанба»
(бес арсыз іс көнсеңіз жолына дейін)
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г.
292
«Жаз» (ұшып тұрса сымпылдап жолына дейін)
«Шегірке мен құмырсқа»
сынып.
«Әсемпаз болма әр неге» (1,2,3,4,5,6- шумағы)
«Ғылым таппай мақтанба» (махаббатпен ерсеңіз жолына дейін)
«Жазғытұры» (1-5- шумағы)
«Күз» (1-2- шумақтары).
«Қыс», «желсіз түнде жарық ай».
«Қарға мен түлкі»
сынып.
«Ата- анаға көз қуаныш» (1-2- шумағы)
«Ғылым таппай мақтанба» (9- шумағы)
«Қыс» , «Абдрахман өліміне», «Күз» (4- шумағы)
«Желсіз түнде жарық ай», «Жазғытұры»,
«Қарға мен түлкі».
сынып.
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім».
«Әсемпаз болма әр неге», «Жазғытұры».
«Қыс».
«Қан сонарда бүркітші шығады аңға».
«Қуанбаңдар жастыққа», «Жарлы , бай».
Ендігі мәселе - бастауыш сыныпқа арналған өлеңдер қалай оқытылуы, түсіндірілуі тиіс. Ең
алдымен төменгі сыныптарда оқушыларды мәнерлеп, әуенді сазды ерекшеліктерін сақтай отырып
оқуға үйретіп, сонан соң оқығанын түсіне білуге жетелеген жөн. Бұл текстегі сөздерді талдап
түсіндіруден барып қалыптасады. Сондықтан көрсетілген өлеңдерді оқудың әдістемесі сыныбына
қарай алуан түрлі болып іске асырылады.
Ол оқып отырған шығармаларының тақырыбы мен идеясын түсіндіруге ақынның көз қарасын
оның ой пікірін қоса түсіндіру, өмір мен байланыстыру, баланың жан дүниесіне әсер ету сияқты
мәселелерді бала түсінігіне сай жеткізу мұғалімнің әдіскерлігіне, шеберлігіне, тіл байлығына
байланысты.
Келесі көңіл бөлетін жұмыс- бастауыш сыныпта оқушыларға өлеңдегі әуенді –сазды үйлесім,
гармония немесе ұйқас жайында қарапайым мағұлмат беру.
Мысалы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңіндегі ұйқасып тұрған сөздерді тапқызу.
Мысалы: Ескермедім, тексермедім, кешсермедім т.б. буын саны арқылы болып тұрғанына да
көңіл аударту. Осылардың бәрінің түйіні сайып келгенде Абай өлеңдеріндегі сұлу суреттеулерге,
теңеулері оқушы көңілін аударту. Балаларға шығарманың көркемдігін, бейнелілігін танытып тұрған
көркем сөздерге тоқталу. Айталық суреттеп тұрма, сипаттап тұрма? Анықтап алған соң оқушыларға
сол сөздерді тапқызу. Мысалы: «Күз» өлеңіндегі «сұр бұлт», «дымқыл тұман» текстерінің мәнін ашу
арқылы табиғат құбылыстарын ауа райындағы өзгерістерді көз алдына елестеткізу. Ол өзгерісті қазақ
тұрмысымен байланыстырып баяндату, мұндағы суреттеу тәсіліне тоқталу арқылы оқушылардың
шығармашылық қабілетін оятуға әбден болады.
Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда оқыту оңай соғатын жұмыс емес. Ол мұғалімнен
ауқымды білім, көп дайындық, үлкен жауапкершілік пен әдіскерлікті талап етеді.
Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда оқытудың мәні зор екені тәжірибеде дәлелденді.
Олай дейтін себебіміз оқушылар Абай шығармаларын оқи отырып, одан рухани ләззат алады.
Сондықтан қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселелердің бірі жасөспірімдерді Абайдың өмірі,
шығармашылығы арқылы оқуға деген құштарлығын қалыптастыру, дамыту. Бұл күрмеуі күрделі де
қиын істі ойдағыдай шешуде, әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып мұғалімдері мен
сынып жетекшілерінің орны ерекше.
Демек, баланың Абай өлеңдеріне деген қызығушылығына бағыт сілтеу, эстетикалық талғамын тәрбие-
леу оны ары қарай дамыту, бекіту, қалыптастыру- педагогикалық маңызды проблемалардың бірі.
Бастауыш мектептерде Абай өлеңдерінің бір алуаны табиғат лирикасы. Абайдың жыл
мезгілдеріне байланысты жазған яғни «Күз», «Қыс», «Жаз», «жазғытұры» өлеңдерін оқығанда
табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіне елестейді. Жаратылыстың жайдары жазым, түсі суық тұманды
кезін не болмаса салқындаған аязы мен қарлы боранның өзін көріп тұрғандай болып тұрасың.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай өзінің терең әдеби мұрасы арқылы бүгінгі күн талап- тілегіне
сай келетін ағартушылық насихат қалдырды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г.
293
Сондықтан да ақын жырлары адамдардың рухани қазынасына айналды. Мектептің алғашқы
сыныптарынан бастап- ақ жатталған Абайдың жыр- маржандары балалық, жастық, ер жеткен, еейген
жылдарында жаңғыртып жатқандай түседі.
Абай жырларының ерекшелігі, өміршеңдігі, мәңгілілігі – ол дәуірдің болсын, қай жастағы
адамдар болсын қажетіне жарары қасиеттілігінде.
Қорыта келгенде, Абай шығармаларын оқыту мәселелері бірсыпыра зертелінеді, ал Абай
мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтендіру мәселесін жүргізудің жүйесі әлі де
болса арнайы зерттеуді қажет етеді. Біздің пікірімізше, Абай мұралары арқылы бастауыш сынып
оқушыларын әлеуметтендіруге байланысты деректі материалдар, Абай өмірі жөніндегі балаларға
арналған диафильмдер, суреттер, портреттер Абайдың өскен ортасы, ата-анасы жөніндегі
көрнекіліктер сериясы қажет. Абай шығармаларындағы негізінде жасалған пейзаждың суреттері
болғаны да орынды болар еді.
Бұл ұлы Абайдың өмірі, азаматтығы, суреткерлігі жөнінде оқушыларға мол да, дәйекті мағұлмат
беруге өз септігін тигізер еді.
1.
Бітібаева К. Мектепте Абай шығармаларын оқыту, Алматы, Рауан 1995
2.
Мырзахметов М. Абай тану тарихы, Алматы, Ана тілі 1991
3.
Төреханұлы «Ең жарық жұлдыз», Жерұйық газеті 1995 ж.
4.
Халитова І.Р. Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізу тарихы (1960-1995жж.): Пед. ғылымд.
д-ры... дис. автореф.- Алматы, 1998.- 47 б.
Достарыңызбен бөлісу: |