Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет18/22
Дата16.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#4227
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Annotation. The effectiveness of the developed «Delfos» new at processing of cattle-
breeding  premises  against  pincers  are  given  in  this  work.  The  results  of  researches  have 
shown about high efficiency of new dust against pincers. 

 
157 
Д.Қ. Джуматаева  
 
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖЕКЕ ТҦЛҒАНЫ ДАМЫТУДЫҢ  
ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ  
 
ӘӚЖ 802/809 
       Д 37 
 
Әлемдік білім кеңістігіне енудің құндылығының бір міндеті – осы заманғы білім 
беру  мен  кәсіптік  қайта  даярлау  «қарасты  экономиканың»  негіздерін  қалыптастыру, 
жаңа  технологияларды  идеялармен  кӛзқарастарды  пайдалану,  инновациялық 
экономиканы дамыту. Білім беру реформасы табысының басты ӛлшемі – тиісті білім 
мен  білік  алған  еліміздің  кез  келген  азаматы  әлемнің  кез  келген  елінде  қажетке 
жарайтын маман болатындай деңгейге кӛтерілу болып табылады.  
Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарт деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол 
жеткізуге  тиіспіз.  Ғылыми  техникалық  прогрестің  жетілдіру  кезеңінде  қазіргі  уақыт 
талабына сай шетел тілінің пән ретіндегі қажеттілігі – күннен күнге артып отыр. Ол 
қоғамның әлеуметтік – экономикалық, ғылыми техникалық және жалпы мәдени алға 
басуында  қозғаушы  фактор  болуда.  Мұның  ӛзі  шетел  тілін  мектептерде  негізгі  пән 
ретінде оқытудың мәртебесін жоғарылатуда. 
Шетел  тілінен  берілетін  білімге  деген  мемлекеттік  стандарттан  тыс 
сұраныстарын қанағаттандыратындай, мазмұнын анықтайтын олардың бойында іргелі 
білім  негіздері  мен  оның  қосымша  бӛліктерін  ӛз  бетімен  танып  білу  дағдысына  ие 
болуға, тілге деген қызығушылығын жетілдіре түсуге қажетті курс. 
Шетел  тілін  оқытудың  басты  мақсаты  оқушыларға  шетел  тілінде  қарым  – 
қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Шәкірттердің ӛз елінде басқа пәндерден, 
күнделікті  ӛзін  қоршаған  ортадан,  қоғамнан  алған  білім,  білік  дағдыларына  қоса, 
басқа  елдердің  тыныс  тіршілігінен  хабардар  болып,  мағлұматтар  алып,  жеке  бас 
тәжірибесін жетілдіре түсуге кӛмектесу. Шетел тілін үйрену арқылы оқушылар білім 
деңгейін кӛтеріп, ӛз халқы мен басқа халықтар арасындағы ерекшілік пен ұқсастықты 
ажыратуға дағдыланады, ӛз пікірі қалыптасады, түрлі елдердің мәдениетін үйренеді. 
Осыған  сәйкес  оқыту  мазмұнына  қарапайым  коммуникативтік  біліктілікті,  яғни 
шетел  тілін  қажетті  жастарға  ауызша  және  жазбаша  ӛзара  мәдени  қарым  –  қатынас  
процесінде  қолдана  алу  қабілеттілігі  мен  дайындығын  қалыптастыруды  қамтамасыз 
ететін тілдік, сӛздік, әлеуметтік мәдени білім, білік дағдылар енеді. Осы мақсатқа сай 
оқыту міндетті 2 үлкен бағыт бойынша белгіленеді: 
1.Танымдық бағыт. 
2.Коммуникативтік, практикалық бағыт. 
Сонымен қатар шетел тілін оқыту 2 үлкен курстан тұрады. 

 
Ауызша, кіріспе курс. 

 
Негізгі комплексті курс. 
Ағылшын  тілінің  кіріспе  бӛлімі  I  тоқсан  бойы  ӛтіледі.  Кіріспе  бӛлімінде 
оқушылар  тек  тыңдайды,  сӛйлейді.  Бұл  бӛлімде  оқу  мен  жазуға  тек  дайындық 
жасайды. 
Ауызша курста оқушы тек ӛтілген жаңа лексика–грамматикалық материалдарды 
игеріп,  ағылшын  дыбыстарымен,  әріптерімен  танысады.  Негізгі  курс  3-ші,  4-ші 
тоқсанда басталады. 

 
158 
Бағдарламада берілген тақырыптар мен тілдік материалдар кӛлемінде оқушылар 
оқып  отырған  шетел  тілінде  ӛз  ойын  білдіре  алуы,  мәтіндердің  мазмұнын  сӛздіксіз 
түсіне алуы тиіс. Яғни оқушыларды шетел тілінде тікелей және кітап арқылы жұмыс 
жасауға баулу керек. 
Осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  оқушыларды  мәтін  мазмұнын  ӛз  бетімен 
түсінуге бейімделу және сол мәтіннен түсінгенің қысқаша етіп қағазға жазып алу, т.б. 
осы  сияқты  әрекеттерге  дағдыландыру  кӛзделеді.  Осыған  орай  грамматикалық 
тақырыптар  «Why  do  we  learn  English  Language?  About  Myself,  My  family»  
тақырыптарын  қамтыдым.  Мұндағы  мақсат:  Оқушының  физиологиялық  білімін 
арттыру,  жалпы  дүниетанымын,  ой  –  ӛрісін  кеңейту,  рухани  және  эстетикалық 
кӛзқарасының, мінезінің қалыптасуына жан  – жақты дамыған азамат болуына ықпал 
ету.  Бағдарлама  жасау  жолында  «Лист»  баспасынан  шыққан  Т.Ю.Губареваның  
«Ағылшын  тілінің  грамматикасы»,  Алматы  баспасынан  шыққан  Қ.Жаңабаевтың 
«Basic  English»  т.б.  кӛптеген  әдебиеттерді  пайдаланамын.  Сабақта  кӛптеген 
дидактикалық  материалдарды  карточкалар,  перфекарталар,  тақырыптарға  сай 
ӛлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, мақал– мәтелдерді де үйретемін. 
Деңгейлеп-саралап  оқыту  технологиясы  бойынша  «The  World  of  Jobs»,  «The 
World  of  science»,  «Shopping,  the  World  of  money»  тақырыптары  бойынша 
тапсырмалар беремін. 
1-ші деңгейлік тапсырмада білімнің минималдық шегі, стандарт талабына сай, 
бағдарлама мӛлшерінен аспайтын тапсырмалар беріледі. 
2-ші  деңгейлік  тапсырмада  күрделі  түседі,  сынып  бағдарламасына  сай 
лингвистикалық  тапсырмалардың  барлық  түрлерінен  жұмыс  істейді.  Оқушы  ӛз 
бетімен керегінше қызмет етеді. 
3-ші  деңгейлік  тапсырмада  оқушының  шығармашылыққа  деген  мотивтерінің 
айқын  кӛрсетуімен  логикалық  ойлау  дәрежелерінің  жоғары  болуымен  ісіне  талдау 
жасай  білуімен,  белсенділігімен  ситуацияға  байланысты  әр  түрлі  нұсқада  диалог 
құрады, сұрақ қояды, талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. 
Танымдық  іздену  түрдегі  жұмыстарды  ізденіп  ӛз  бетімен  орындайды.  Түрлі 
топиктік  тақырыптар  бойынша  дамыту  технологиясын  пайдалану  арқылы  баланың 
ауыз  екі  сӛйлеу  мәдениетінің  сӛздік  қорының  молаюын  шығармашылық  қабілетінің 
дамуына  ықпал  етемін.  Жоғары  сыныптарда  ӛзім  «Ағылшынша  сӛйлейміз» 
үйірмесінде  оқушыларға  қызықты  ертегілер  оқумен  қатар,  кроссвордтар, 
чайнвордтар, ребустар шешуді үйретемін. Сонымен қатар театрландырылған сабақтар 
ӛткізіп отырамын. Мұндағы мақсат: Оқушының дүниеге кӛзқарасын қалыптастыру, ӛз 
бетінше  ізденуге,  зерттеуге  тұжырымдар  жасауға  баулу, диалог, монолог, жекелеген 
әңгімелер, рльді ойындар барысында сахналық кӛріністерде, сабақ процесінде ақыл –
ойын дамыту арқылы адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін қалыптастыру. Сонымен 
қатар мен ӛз пәнімді ғылыми негізге сүйене отырып жүргізуге тырысамын. 
«Қазақ–ағылшын  мақал–мәтелдері»,  «Америка  Құрама  Штаттары»,  «Англия», 
«Қазақстан»,  «Австралия».  Бұл  кітапшалардағы  сӛздер,  сӛйлемдер  балаларға 
күнделікті  қолданып  жүрген  фразалармен  берілген,  сӛйлеп  түсінуге  жеңіл. 
Тереңдетілген сынып болғандықтан, сабаққа қызықтырудың тағы бір жолы сабақтың 
кӛптеген түрлерін ӛту. 
Қоғамдық–гуманитарлық  бағытты  таңдаған  балалар  санының  40-50% 
аудармашылық  мамандықты  таңдаса,  15-20%  ағылшын  тілі  пәнінің  мұғалімі 
мамандығын,  10-15%  заңгер  т.б.  мамандықтарды  таңдады.  Осыған  орай,  алдағы  оқу 
жылында  арнап  қолданбалы  курс  бағдарламасын  да  дайындадым.  Бағдарламадағы 

 
159 
грамматикалық тақырыптар: Word formation, Degrees of comparison, Adverb, Pronouns, 
The  types  of  the  questions,  My  friends,  Hobbies,  My  week  day  т.б.  Бұл  тақырыптарды 
алудағы  мақсат:  оқушылардың  сӛйлеу,  жазу  мәдениетін  дамыту,  оқу  сӛйлеу  жазу 
дағдыларын қалыптастыру.  
Оқушының  ауызша,  жазбаша  ойын  еркін  жеткізе  білуді  меңгерту.  Сӛйлеу 
мәнерін  сӛйлеуде,  мәтінде,  жазу  жұмыстарында  қолдана  білу,  мәтінге  талдау  жасай 
білуге дағдыландыру. Шетел тілінің пәнінің қолданбалы курсында түрлі жекеленген 
тақырыптар  кӛмегімен  тіл  дамыту  мақсатын  ұстана  отырып  грамматикалық 
материалдарды да дұрыс меңгеру оны практикада іске асыру. 
Алайда, кездесетін проблемалар да аз емес. Оқулықта берілген мәтіндерге жаңа 
сӛздердің  толық  берілмеуі,  грамматикалық  материалдардың  қысқа  түрде  берілуі, 
ауызекі сӛйлеуге ықшамдалған тақырыптардың берілмеуі т.б. 
Қорыта  айтқанда,  ӛзім  сабақ  беретін  сыныптарда  оқушы  білімінің  нәтижесін 
түрлі  кӛрсеткіштер  арқылы  шығарып  отырамын.  Жеке  тараулар  бойынша 
мониторингтер, тоқсан нәтижесі бойынша бағалау рейтингтері (плакатты сызба) т.б. 
Мұндай  кӛрсеткіштер  оқушылардың  жан–жақты  дамуына,  олардың  дара 
тұлғалар  болып  қалыптасуына  тілдік  материалды  жақсы  біліп,  сӛз  іскерліктерін 
меңгеруіне кӛмектеседі. 
Лексика–грамматикалық,  фонетикалық  дағдыларды  меңгеру  барысында 
оқушылар белсенділік ӛз бетінше жұмыс  істеуге қабілеттілігін кӛрсетіп,  қорытынды 
жасауға дағдыланады. 
Демек, мен сӛзімді елбасының сӛзімен аяқтар едім: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас 
ұрпақтың  қолында,  ал  жас  ұрпақтың  тағдыры  ұстаздың  қолында  екенін  есте 
ұмытпайық ағайын» демекпін. 
Ағылшын  тілі  пәнін  оқытудағы  қол  жеткізген  нәтижелермен  қатар  кездесетін 
проблемаларда  жоқ  емес.  Оқулықтарда  берілетін  мәтіндерге  жаңа  сӛздердің  толық 
берілмеуі,  граммматикалық  материалдардың  қысқа  түрде  берілуі,  ауызекі  сӛйлеуге 
ықшамдалған тақырыптардың берілмеуі. 
1.Бастауыш сыныпта шет тілін оқыту қазіргі таңда 1 сағатпен ғана шектеліп жүр.  
Бастауыш сынып балаларының сабаққа қызығушылығының зор екенін ескеріп алдағы 
уақытта сағат санын кӛбейту ескерілсе; 
2.Ата-ананың қызығушылығын арттыру жолында пән мұғалімі,  сынып  
жетекшілері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізсе; 
1.Топқа бӛліп оқыту мәселесі, қаржыландыру; 
2.Оқулық мәселесі;  
1) «Просвещение» баспасы, 
2)«Атамұра» баспасы. 
1.Үйірме, балалар мен жасӛспірімдер орталығында арнайы «Ағылшынша  
үйренейік»  үйірмелері  ашу  арқылы  оқушының  сӛйлеу  ортасының  биік  деңгейде 
қалыптасуын қамтамасыз ету; 
2.Пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілік деңгейін кӛтеру, арнайы курстарға бару,  
түрлі  әдістемелік  құралдар,  әдебиеттерді,  дидактикалық  материалдар  мен  жаңа 
технологияларды  пайдалану,  мүмкіндігіне  қарай  шет  елдерге  барып  тәжірибе 
жинақтау т.б. жұмыстар арқылы жүзеге асыру; 
1.«Бейбітшілік» корпусымен келісе отырып волонтерлар шақыру. Мұндағы  
мақсат  ӛқушының  ауыз  екі  сӛйлеу  дағдысын  қалыптастыру,  оны  биік  деңгейге 
жеткізу.  Сонымен  қатар  бағыттар  бойынша  мамандықтарға  дайындау.  Елтану, 

 
160 
экология,  экономика,  тарих,  әдебиет  пәндері  бойынша  мамандықтарға  бағыттап 
дайындауға ықпал ету, түрлі курстар ұйымдастыруды қолға алу; 
2.ТСО–пайдалану кедергілері (лингафон). Осы мәселе бойынша арнайы білім бар  
мамандар (лаборанттар) жіберу; 
3.Жалпы мектептерде қай оқулықпен оқығысы келсе де оқушы таңдауы бойынша  
еркіндік  беру.  Келешекте  Верещагина  оқулығымен  қатар  Mc  Millan,  Headway  т.б. 
оқулықтарды қамту мүмкіндігі болса; 
4.Шетелде Access компаниясы (тестер арқылы) ӛту шет мемлекеттерден тәжірбие  
жинақтау жұмыстарына мүмкіндіктер жасап жол ашу; 
5.Мұғалімдердің  кәсіби  деңгейінің  кӛтерілуіне  ықпал  ететін  жағдайлар 
ұйымдастырылу міндеттелсе. 
Осы  жоғарыда  аталған  ұсыныстардың  жүзеге  асуы  арқылы  бір  немесе  бірнеше 
сыныпты келешекте  мүмкіндігіне  қарай  басқа  пәндерді де  ағылшын  тілінде  оқытуға 
талпыныс жасар ма едік?.. 
 
Аннотация. В статье рассматриваются пути обеспечения коммуникативной 
компетенции у учащихся при обучении иностранному языку. 
 
Annotation.  The  article  considers  the  ways  of  providing  of  communicative  skills  in 
students in teaching  of foreign language. 
 
 
 
К.Д. Дилдаева  
 
ЖҦМСАҚ БИДАЙ СЕЛЕКЦИЯСЫ ҤШІН ЭФФЕКТИВТІ   
ГЕНДЕРДІ АНЫҚТАУ  
 
ӘОЖ 574/578 
       Д 42 
 
Бидай  —  бүкіл  әлемде  148  елдің  негізгі  азық-түлігі  болып  табылады  және 
кӛптеген  елдердің  экономикасында  ерекше  орын  алады.  Бүкіл  дәнді  дақылдар 
ӛнімінің 60% мӛлшері бидайдан алынады. 
Бидайдың  жиырмадан  астам  түрі  бар.  Солардың  ішінде  ең  кӛп  тарағамы—
жұмсақ  бидай.  Бұл  дақылдын,  алуан  түрлі  сорттары  бар  және  олар  жер  шарының 
барлық аймақтарында егіледі. Біздің елімізде бидай ауа райы ӛте қатал Якут АССР-і 
жерінде, мүлде қар жатпайтын Закавказ аймағында, Қазақстан мен Орта Азияның аса 
құрғақ алқаптарында және Приморьенің ылғалды аудандарында ӛсіріледі. Азық-түлік 
ӛнімі  ретінде  бидайдың  кӛптеген  аса  бағалы  қасиеттері  бар.  Бидай  дәні  —  аса 
құнарлы  да  қуатты  азық,  оны  сақтау  да  қиын  емес,  бір  жерден  екінші  жерге  тасып 
жеткізу де оңай және оны ӛңдеп алуан түрлі ӛнім алуға болады. 
Европадағы елдерде адамға қажетті барлық калорияның 35% бидайдан алынады. 
Адам  организмі  үшін  қажетті  ақуыздар  мен  кӛмірсулардың  жарымына  жуығын  В1 
витаминінің  70—80%,  РР  және  Е  витаминінің  едәуір  бӛлігін,  минералдық  тұздарды 
және  басқа  қажетті  заттарды  бидай  ӛнімі  береді.  Бидай  наны  азық-түлік  кӛзі  ғана 
емес,  сонымен  қатар  ерекше  катализатор  болып  табылады.  Осы  пайдалану 
нәтижесінде  ас  қорыту  жақсарады  жете  басқа  қоректер  де  жақсы  сіңеді.  Бидай 

 
161 
ақуызының  да  ерекше  бағалы  қасиеттері  бар,  оның  амин  қышқылдық  құрамы 
үйлесімді келеді. 
Қазіргі  жоғары  механикаландырылған  және  мамандандырылған  ауыл 
шаруашылығы  ӛндірісі  жағдайында  бидай  түсімін  арттыра  берудің  және  мол  ӛнім 
алудың  негізгі  факторы—дақыл  үшін  ылғал,  керек  және  режимінің  ең  қолайлы 
жағдайын  жасаумен  қатар,  оның  аса  бағалы  сорттарын  ӛсіріп  шығару  болып 
табылады.  Адамға  қажетті  азық-түлік  пен  мал  азығы  және  шикізат  үшін  қажетті 
ӛнімдер молшылығын жасауда дәнді дақылдар селекциясының маңызы зор. 
Қазіргі  заманғы  ӛсімдіктер  селекциясының  мақсаты  —  әр  түрлі  агроэкотипке 
арналып  шығарылған  сорттарды  сыртқы  орта  жағдайына  мүмкіндігіне  кӛбірек 
бейімдей  түсу,  яғни  белгілі  бір  генотип  пен  сыртқы  ортаның  абиотикалық  және 
биотикалық  факторлары  арасындағы  үйлесімділікті  барынша  арттыра  түсу  болып 
табылады. 
Қатты  қара  күйе  жергілікті  егістікте  кең  тараған  жұмсақ  бидай  ауруларына 
жатады.  Патоген  ӛсімдіктің  морфологиялық  қасиетін  ӛзгертіп,  сары  тат,  фузариоз, 
гельминтоспориоз  ауруларына  шалдықтырады.  Сонымен  қатар,  күздік  бидайдың 
суыққа,  аязға  тӛзімділігі  барлық  органдарының  ӛсіп,  жетілуі  сау  ӛсімдіктерге 
қарағанда кешігіп  1000 дәннің  салмағы  едауір тӛмендейді.  Осы аурудан  сақтанудың 
химиялық  әдісі  және  басқа  да  әрекеттерге  қарамастан  қазіргі  кезде  ӛсімдіктің 
зақымдану дәрежесі жоғары. Сондықтан, қатты қара күйе ауруына қарсы әрекеттердің 
тиімді тәсілдерінің бірі осы ауруға тӛзімді сорттар мен бидай үлгілерін шығару болып 
табылады.  Мұндай  сортттарды  шығарудың  бірден  бір  жолы  қоңыр  тат  ауруына 
тӛзімді  күздік  және  жаздық  бидай  үлгілерінен  донор  сорттарына  генетикалық, 
моносомалық талдау жүргізіп Bt гендер шегін кеңейту қажет. [1,2,3 ]  
Осы бағыттағы зерттеулер тек,  Bt гендерін біріктіруге арналған /4/, ал олардың 
хромосомалық локализациясы туралы мәліметтер ӛте сирек кездеседі. Сондықтан, тат 
және  қоңыр  бас  ауруларына  комплексті  тӛзімділігімен  сипатталатын  Арай  сортына 
моносомалық талдау жүргізілді.   
Материалдар мен зерттеу әдістері: 
Зерттеу материалы ретінде күздік жұмсақ бидай сорты Арай мен қатты қара күйе 
ауруына жауапты ген немесе гендерді хромосомада орналастыру үшін, Казахстанская 
126 сортының  21 хромосомасынан моносомды линиялары және   F1,  F2  будандары 
қолданылды.  
Сорттар мен Ғ
1
 және Ғ
2
 будандық ұрпақтардың  иммунологиялық бағасы 2009-
2010 жылдар арасында далалық  жағдайында  жүргізіліп отырды. Бидай үлгілерінің 
қатты қаракүйеге беріктігі  Халықаралық  Майнс шкаласы бойынша бағаланды. 
Цитологиялық талдау жүргізу үшін, ӛсімдік таңғы 7-ден 9-ға дейінгі аралықта 
фиксацияланды. Фиксациялау үшін, Карнуа ерітіндісі (3 этильді спирт: 1 мұздатылған 
сірке қышқылы) алынды. Фиксацияланған материал цитологиялық талдау жүргізу 
үшін ацетокармин бояуымен боялды. [4]  
Зерттеу нәтижесі: 
Казахстанская  126  сортының  21  моносомды  линиялары  мен  Кӛкбидай  сортын 
будандастырудан  алынған  Ғ

  және  Ғ
2
  будандарының  қатты  қара  күйе  ауруына 
тӛзімділігінің зерттеудің нәтижесі 1-ші кестеде келтірілген. 
 Ғ
1
-де зерттелген будандардың зақымдалу пайызы 3,40%-тен 6 % дейін аралықта 
болды.  Бұдан,  Арай  сортының  қатты  қара  күйеге  тӛзімділігінің  доминантты  генмен 
тұқымқуалайтындығы  дәлелденді.  Арай  сорты  мен  Казахстанская  126  сортының 
моносомды  линиясын  будандастырудағы  Ғ

 
ұрпағының  4А,  2В  және  3В 

 
162 
хромосомасынан  басқа  дисомды,  моносомды  ӛсімдіктер  және  бақылау  буданы  13:3 
қатынасында ажырап, осы сорттың қатты қара күйеге тӛзімділігін бақылайтын негізгі 
гені фактілік мәліметтермен дәлелденді. 
Осы жерде 3В хромосоманың хи-квадраттық мәні (χ
2
  =33,21,  Р=0.999),  4А  және 
2В  хромосомалардың
 
мәндерінен  (Х
2
=13,80,  Р=0,99  және  χ
2
  =7,15,  Р=0,95)  үшінші 
баспалдақ деңгейіндегі жоғары кӛрсеткішімен сипатталады.  
3В мен 4А хромосомалардан ажыраудың  бақылау вариантынан ауытқуы тӛзімді 
ӛсімдіктердің кӛптігімен, ал 2В хромосомадан ауытқуы тӛзімді ӛсімдіктердің азюына 
байланысты.  Бұл  ауытқулар  3В  және  4А  хромосомаларында  орналасқан  гендердің 
Арай  сортының  тӛзімділігін  жоғарлатса,  ал  2В  хромосомада  орналасқан    ген  Арай  
сортының  қатты  қара  күйеге  тӛзімділігіне  ингибиторлы  әсерін  тигізеді.  4D  
хромосоманың  Ғ
2
-дегі  тӛзімді  және  сезімтал  ӛсімдіктерге  ажырау  қатынасының 
бақылау  буданынан  ауытқуы  (χ
2
=6,63)  ӛсімдіктің  тӛзімділігін  арттыратын 
модификатор геннің әсерімен байланысты.                                                                                                                                                                                                     
   1- кесте.  
Казахстанская 126 сортының 21 моносомды линиялары мен Арай сортын 
будандастырғандағы Ғ
1
 және Ғ
2
 ҧрпақтарына моносомалық талдау 
 
 
Будандар 
Ӛсімдіктерді
ң зақымдалу 
пайызы 
Ғ

 Фенотип қатынасы 
Талдауғ
а 
арналға
н 
барлық 
ӛсімдік 
χ
2  
(13:3) 
 
 
Факті  
Теория  
 
 
 
 
R : S 
R : S 
Ғ
2
 
 
Моно 1А 
6,00 
119:26 
117,8:27,7 
145 
0,06 
4А 
4,86 
130:18 
118:37 
148 
13,80** 
2В 
4,00 
73:42 
86,2:28,7 
115 
7,15* 
3В 
6,50 
188:6 
157,6:36,8 
201 
33,21*** 
4D 
4,86 
118:25 
107,2:35,7 
123 
6,63* 
Бақылау Каз. 
126 х Арай 
 
5,00 
 
210:44 
 
206,4:47,63 
 
254 
 
0,34 
 
Фактілік мәліметтерден алынған нәтижелердің теориялық күтілген дигенді (13:3) 
ажыраудан  ауытқуы,  донор  сортының  қатты  қара  күйеге  беріктілігін  анықтайтын 
негізгі гендердің 4А (

2
 = 13,80 ) және 3В (

2
 = 33, 21) хромосомаларында, ал  2В мен 
4D  хромосомаларында  негізгі  гендердің  қасиетін    жоғарлатып  және  тӛмендетіп 
отыратын  модификаторлы  гендердің  орналасқындығын  анықтайды.  Арай  сортының 
3В және 4А   хромосомаларда орналасқан негізгі  гендер бізге белгілі болғандықтан, 
олар уақытша Bt16, Bt17 символдарымен белгіленді.  
Генетикалық  табиғаты  моносомалық  талдау  арқылы  зерттелген  осы  сортты  
аудандастырылған және келешегі бар сорттарды жақсартуға (реконструкциялау) және 
селекция үшін бағалы белгінің доноры ретінде пайдалануға болады. 
________________ 
1.Кривченко В.И. Устойчивость зерновых колосовых культур головневых болезней. – 
М.- Колос. 1984.- С.302. 

 
163 
2.Fuetes-Davila G., Rajaram S., Van  Ginkel M., Rodriguer-Ramos R., Abdolla O., Mujeeb-
Kazi  A.  Artificial  screening  for  resistense  to  tilettia  indica  //  CereaeRes.  Common.  1996. 
№4.-P.469-475  
3.Вавилов Н.И. Научные основы селекции пшеницы.-М.:- Наука, 1979. – 309с. 
4.Бабаянц  Л.Т.,  Дубинина  Л.А.  Новый  донор  устойчивости  пшеницы  к  твердой 
головне  (Tilettia  CARIES  (DC)  TUE.,  Levis  Kuehn)  и  ее  генетическая  основа  // 
Генетика –1990. – Т. 26. №12. – С.2186-2190. 
 
 
 
Қ.Д. Ділдаева, Г.К. Зияева  
 
ЖҦМСАҚ БИДАЙДЫҢ САПАЛЫ СОРТТАРЫНДА СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ 
ӘСЕРІНЕ БЕЙІМДІ ЭКСПРЕССИВТІ ГЕНДЕРДІ АНЫҚТАУ 
 
ӘОЖ 574/578 
   Д 42 
 
Жұмсақ  бидайдың  сапалы  белгілері  сыртқы  ортаның  факторларына  әртүрлі 
сезімталдық кӛрсетеді. Біреулері тұрақтылық кӛрсетсе, ал екінші сапалы белгілер ӛте 
сезімталдық кӛрсетіп, ӛзгергіштігіне ұшырайды. Жұмсақ бидайдың белгілері сапалық 
және  сандық  деп  екіге  бӛлінеді.  Сондай  белгілерге  масақтың  ұзындығы  жатады. 
Масақтың ұзындығы сандық белгі бола отырып, сорттың белгіге тӛзімді және сыртқы 
ортаның жағдайына байланысты ӛзгергіш болып табылады.  
Бұл белгі басқа сандық белгілермен салыстырғанда, сыртқы ортаның әсеріне ӛте 
сезімтал болады, осыған байланысты бұл белгінің маңызы да айқындалады. Тәжірибе 
жүргізілген  жылдары  егілген  сорттарда  бұл  белгі  бойынша  біраз  айырмашылық 
байқатты. 
 
Кесте-1.   
ЖАЗДЫҚ ЖҦМСАҚ БИДАЙ СОРТТАРЫНЫҢ  МАСАҚТАРЫНЫҢ  ҦЗЫНДЫҒЫНЫҢ 
ТҦҚЫМҚУАЛАУЫ 
 
Сорттар 
Зерттелген 
ӛсімдіктер саны 
Масақ ҧзындығы, 
2010 жыл 
Масақ ҧзындығы, 
2011 жыл 
Алмакен 
20 
5,6 см-7,5 см 
5,5 см -7,1 см 
Арай 
20 
6,7 см -7,9 см 
6,5 см -7,8 см 
Қайыр 
20 
5,9 см -7,8 см 
6,0 см -7,9 см 
Лют 342 
20 
5,8 см -7,5 см 
5,9 см -7,6 см 
 
Зерттеу  арқылы  бұл  белгінің  аралық  тұқымқуалау  арқылы  берілетіндігі  
байқалды. Ӛйткені, тұқымқуалау коэфициенті, 18 (-1hp<1=48,2%) кӛрсеткен. 
Масақ ұзындығы 2010 жыл аралығында сорттар арасында 5,6-7,9 см аралығында 
шама кӛрсетілген. 
Алмакен  сортының  масағының  ұзындығы  5,6-7,5  см,  ал  Арай  6,7  см-7,9  см, 
Қайыр    сортының  масағының  ұзындығы  5,9-7,8  см,  Лют  342  сортында  5,8-7,5  см 
ұзындықты  кӛрсеткен.  Ал  2011  жылы    жұмсақ  бидай  сорттарының  масақтарының 
ұзындығы  5,4-7,9  см  аралығында    болған,  жекелей  алғанда  Алмакен  сортының 
масағының  ұзындығы  5,5-7,1  см,  Арай  сорты  6,5-7,8  см,    Қайыр  6,0  см-7,9  см,  Лют 
5,9-7,6 см аралығында  болды. 

 
164 
   Кесте-2.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет