Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет21/22
Дата16.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#4227
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

_____________________ 
1.Саломаа А. Криптография с открытым ключом: Пер. с англ. – М.: Мир, 1995.  
2.Баричев С.Г., Гончаров В.В., Серов Р.Е. Основы современной криптографии. – М.: 
Горячая линия - Телеком, 2001. 
3.Хоффман Л. Современные защиты информации. Пер. С англ.-М.: Сов. Радио, 1980 
4.Ященко В.В. Введение в криптографию. – Питер, 2001                 

 
179 
Қ.Ж. Сманов, З.Е. Мусабекова, А.И. Сулеймбекова 
 
БІЛІМДІ БАҒАЛАУДА РЕЙТІНГІЛІК ЖҤЙЕНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ 
 
ӘОЖ 371.11+001 
       C 52 
 
Білімгердің  білімін  анықтау  маңызды  мәселе  болып  табылады.  Оның  білімін 
бағалау динамикасының деңгейі әрбір этапта мына әдістермен айқындалады: лекция-
семинарлы, проблемді оқыту, элементар және элементар емес есептердің шешімімен.  
Бүгінгі таңда білімгердің білімін анықтау үшін дәстүрлі әдістер қолданылады.  
«Математика»  пәнін  оқытуда  білімгердің  білімін  бағалау  рейтингілік  жүйенің 
қолданылуы,  оның  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыра  отырып,  оқушының  жеке 
шығармашылық  элементтерін  және  ойлау  қабілетінің  басқа  ізденіс  жолымен 
белсенділікке ықпал жасайды. 
Бұл мына факторлармен айқындалады: 
1) білімгердің тақырыпқа деген қызығушылығы максималды деңгейге кӛтеріліп, 
оның мүмкіндіктері анықталады; 
2)  тақырыпты  меңгеруде  барлық  білімгерлер  қамтылып,  оны  бақылау  оқытушы 
мен білімгерлер болады; 
3)  білімгерлер  арасында  бәсекелестік  болып,  одан  шығу  ойын  формасында 
шешіледі; 
4) шығармашылық элементтері мен ӛзін-ӛзі бағалау элементтері дамиды
5) білімгердің ой ӛрісі ӛзгеріп, оның ізденушілік қабілеті артады. 
Білімді  бағалауда  рейтінгілік  жүйенің  қолданылуын,  ол  білімгердің  толық 
ашылуымен,  бәсекелестіктің  болуымен,  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырумен 
анықталады.  Рейтинг  бойынша  бағалау,  білімгердің  баспалдақ  бойымен  не 
жоғарылауын, не тӛмендеуін кӛрсетеді. 
Білімді  рейтінгілік  жүйеде  бағалаудың  негізі  –  бұл  ӛтілген  тақырыпты 
қаншалықты меңгерудің реттелуі болып табылады. 
Рейтінгілік  жүйе  –  білімгердің  барлық  сабақ  түрлерімен  бақылау 
варианттарының  қосындысы  (аралық,  ағымдық,  қорытынды).  Рейтінгілік  жүйені 
енгізу  үшін  пәнді  модульдерге  бӛліп,  оның  мақсаты  және  маңызды  түсініктер 
анықталуы  тиіс.  Ағымдық  бақылауды  анықтау  әр  сабақта  жүргізіледі.  Оның 
формалары  үй  жұмысын  орындау,  ауызша  жауап,  есеп  шығару,  белсенділік,  тәртібі 
т.б. арқылы анықталуы мүмкін. Аралық бақылау әрбір модульдің соңында қойылады. 
Қорытынды  бақылау  семестр  соңында  қойылады.  Аталған  бақылауда  формалар  әр 
пәнге ӛзінің мазмұнымен анықталады. 
Әрбір  есебі  үшін  максималды  және  минималды    балл  және  эмтиханға  кіру 
деңгейі  анықталды.  Сонымен  қатар  «сыйақы»  және  «айып»  баллдар  жүйесі 
белгіленеді. 
Оқытушы  әр  айда  білімгердің  рейтінгесін  шығарып,  оны  кӛрнекті  жерге  ілуі 
қажет.  Білімгер  ӛзінің  рейтінгісімен  танысып,  келешекте  оны    жоғарылауына  іс 
әрекеттер жасауы тиіс. 
Рейтенгілік  жүйені  енгізу  үшін  білімгерге  жадынама  таратылып,  онымен 
таныстыру қажет.  
Рейтингілік баллдың дәстүрлі бағаға алмастыру шкаласы: 
«5» - 90%-100% 

 
180 
«4» - 80%-89% 
«3» - 60%-79% 
«2» - 60% кем 
Білімгер ӛз рейтінгісін мына шығармашылық жұмыстармен кӛтеруге болады: 
а) математикалық газета – 10 балл; 
б) реферат – 10 балл; 
в) кроссворд – 15 балл; 
г) тест – 15 балл. 
«Айып баллдары» 
1) сабақты себепсіз жібергені үшін -10 балл; 
2) кешіккені үшін – 3 балл; 
3) жұмысты уақыттылы орындамағаны үшін – 3 балл. 
«Сый ақы баллдары» 
1) Дәптердің ұқыптылығы – 10 балл; 
2) жұмысты ерте тапсыруы – 5 балл; 
3) сабаққа қатысуы – 10 балл. 
Математика пәнінен рейтінгілік жүйенің енгізу үлгісі 
Рейтінгілік экран (қараша айы) 
 
Білі
мгер
дің 
аты-
жӛні 
Ағымдық бақылау 
Аралық бақылау 
Қорытынд
ы бақылау 
Σ 
Ҥй ж
ҧм
ы
сы
 
Ауы
зша 
шауа
п
 
Есеп ш
ы
ға
ру
 
Б
ел
сенділ
ігі
 
Тәртібі
 
 
Σ 
Ӛз
інді
к ж
ҧм
ы
с 
Кур
ст
ы
қ 
жҧм
ы
с 
Б
ақ
ы
л
ау 
жҧмыс
ы
 
 
Σ 
Сабақ
қа қ
аты
суы
 
Дәп
те
р ҧқ
ы
п
ты
л
ы
ғы
 
Σ 
10 

10 
10 

40 
10 
10 
10 
30 
15 
15  30 
10

Абд
уали
ев 
Ерла
н 





26 



18 
10 
10  20 
64 
Балм
аган
бето
ва 
Әсел 


10 
10 

38 
10 

10 
29 
15 
13  28 
95 

 
181 
Борб
еков
а 
Гаух
ар 





32 



26 
15 
14  29 
87 
 
Кестеден  байқайтынымыз  білімгер  Балмаганбетова  Ә.,  Борбекова  Г.  модуль 
бойынша жинаған баллдарына сай материалды «5» және «4» бағаға, ал Абдуалиев Е. 
«3»  бағаға  меңгерген.  Келешекте  Е.  Абдуалиевке  басқа  модульдерден  жоғары  балл 
алуға ұмтылу керек. Егер де  білімгер модуль бойынша «2» бағасын алса, онда қайта 
тапсыруда  тек  «3»  баға  қойылады.  Семестр  соңында  барлық  білімгерлердің  баллдар 
«саналып» қорытынды бағасы  анықталады. Келтірілген оқыту жүйесі  «Математика» 
пәнін меңгеруде тиімді тәсілдердің бірі болып табылады.  
__________________ 
1.Лебедь  И.  Использование  рейтинговой  системы  контроля  знаний//  «Математика» 
(Еженедельная Учебно методическая газета).– Москва, 2003. №33 
2.Ермекбаева А. Е. Жаңа оқыту технологиялары//Қазақстан мұғалімі.- А. 2007. №13 
   
 
 
 
                                                            

 
182 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР 
 
 
С.Т. Ахметов 
 
КӚРКЕМ ЖАЗУ ТҤРЛЕРІ 
 
ӘӚЖ 745 
       А 93 
 
Жостов  кӛркем  жазуы.  Жостов  сыршырайының  тарихы  бұдан  150  жыл  бұрын 
1825 жылдан басталған. Жостов сыршырайы кӛбінесе қара түсті болып келеді, бірақ 
кейбір кезде басқа да түстер қолданылады: жасыл, кӛк, ―піл сүйегі түсі‖ , қызыл және 
алтын  түсті  таңдақтар.  Оны  ашық  түсті  гүл  шоғырымен  бейнелейтін  болған.  Соңғы 
кездері жостов пәтінісін метал ыдыстарға бірдей етіп басып шығару ойлап табылды, 
басып шығарылған бұйымдар шеберлердің қолында ӛңделіп аяқталады. 
Жостов  кӛркем  жазуының  пәтіністері  негізінен  қара  түсті  болып  келеді,  бірақ 
басқа түстері болуы мүмкін: жасыл, кӛк, «піл сүйегі түсі», әртүрлі қызыл дақтар және 
алтын түсті. Оларды ашық түсті ӛте әдемі гүл шоғыры бейнесі әрлеп тұрады. Кейбір 
сәттерінде пәтініске жеміс, кӛкӛністерді және аңдар мен шыбын-шіркейлерді ӛте жиі 
бейнелейді. 
Жарқыраған  мерекелік  бейнелер,  талантты  жостов  шеберлерінің  қылқаламынан 
пайда  болған.  Қарапайым  тұрмыстық  затты  адамды  шексіз  қызықтыратын  затқа 
айналдырады.  Жостов  пәтіністерін  сән  есебінде  де  қолданып  келген:  оларды  дуалға 
ілген, сӛреге қойған. Оларды картина есебінде қолданды десек те болады. 
Жостов  шеберлері  ӛздерінің  кӛркемдік  жүйесін  қалыптастырған,  ол  негізгі  екі 
бағытты  қамтиды.  Орыс  халқының  тұрмыстық  заттарын  әшекейлейтін  ұлттық  ою-
ӛрнектерін  зерттеп,  ХІХ  ғасырдағы  халық  шеберлерінің  натюрморт  сыршырайын 
қалыптастыру.  Дәл  осы  бағыттар  бойынша  жостов  суретшілері  кӛптүрлі  тақырып 
және  ӛз  шығармаларына  композиция,  түстер  заңдылығын  және  сыршырай 
техникасын тапты. 
Кәзіргі  заманның  жостов  металл  пәтіністеріне  ӛрнектер  басылады,  одан  кейінгі 
кезеңдері  бойынша  ӛрнектерін  жаза  береді.  Алдыменен  пәтіністі  қара  грунтпен 
жабады  және  16-140  градустық  температурада  кептіреді  де  қара  лакпен  үш  мәрте 
жауып, әрбір жаңа қабатын кептіреді. Осы ӛңдеулерден ӛткенде ғана пәтініс суретші 
қолына түседі. 
Пәтіністі  жазу  барысында,  суретші  бірқатар  дәстүрлі,  ғасырлар  бойы  қолданып 
келген  әдістерді  қолданады,  оны  ӛте  мұқият  қадағалаумен  жүзеге  асырады.  Жостов 
шеберлері  тек  майлы  бояумен  жазады.  Олар  жұмсақ  тиын  қылқаламын 
қолданады.Әдетте шеберлер роспись жасауға, роспись композициясының жобаланған 
нұсқасын  дайындайды.  Одан  әрі  ӛзінің  шығармашылығына  байланысты 
композициясын  ұйымдастырып,  гүл  шоғырын  орындайды.  Ол  композиция  ешқашан 
келесі  пәтіністе  қайталанбайды.  Пәтіністе  роспись  ӛрнектей  отырып,  сол  сәтте 
композицияны  ӛз  ойынан  құрастырады.  Сондықтан  жостов  шеберлерінің  қолынан 
шыққан  әрбір  бұйымдар  кӛркемдігі  жағынан  белгілі  дәрежеде  жоғары  тұрады. 
Шеберлер пәтіністі тізесіне қойып, айналдырып, гүл шоғырының тепе-теңдігін, нақты 
ӛлшемдерін сақтай отырып орындайды. 

 
183 
Жостов  шеберлері  ӛте  нақты  және  жылдам  жазады.  Суретші  ӛз  жұмысын 
аяқтағанда,  пәтіністі  түссіз  лакпен  жабады  және  айнадай  болғанша  жылтыратады. 
Жостов  пәтіністері  әр  түрлі  пішінде  болып  келеді,  шамамен  отыз  шақты:  домалақ, 
сопақ,  тікбұрышты,  гитара  тәрізді,  сегіз  жақты  және  басқалары.  Пәтіністе 
бейнеленген  гүлдер  бір  гүл  шоғырына  жиналады.  Оның  композициясы  гиррлянды 
сыпырғы тәрізді және басқада гүлді композиция болып келеді. 
Гүл  шоғыры  да  әр  түрлі  болып  келеді:  тығыз,  кейбір  кезде  гүлдер  бір-біріне 
жақын орналасады немесе қашық орналасады, әрбір гүл ӛз орнына бӛлек болады. Бұл 
енді  әрбір  шебердің  ӛз  таңдауына  байланысты.  Жостов  гүл  шоғырының  ортасында 
бірлі-екілі  ірі  гүл  және  жан-жағында  майда  гүлдер  болады.  Гүл  сабақтары  кӛбінесе 
кӛрінбейді. 
Жостов шеберлері гүл бейнелерін реалистік негізде орындамай, гүлдердің табиғи 
пішінінен басқаша етіп орындайды. Бақшадағы, шабындықтағы гүлдерден әлдеқайда 
қанық  әрі  әдемі  етіп  ӛзгертеді.    Қара  фонмен  салыстырмалы  түрде  қанық  етіп 
орындап,  жылтыр  жерлерін  одан  сайын  күшейте  түседі.  Жостов  шеберлері  гүлді 
бейнелеу  барысында  барлық  халықтың  ӛнерімен  байланыстыра  отырып,  роспись 
композициясын табады. 
Гүлдің  әрбір  бӛлшегінде  және  жапырағында  зор  әшекейлігін  қанық  бояулармен 
ескереді.  Олар  шектеулі  түстерді  қолданғанымен  сыршырайлық  тәсілдері  мен 
пішіндері дәстүрлі түрде сақталады. Бірақ, жостов сәндік ӛндірісі қатаң дәстүрлілікке 
бағынғанымен әрбір шебердің ӛнерінде жан-жақты, терең зерттеледі. Әрқайсысының 
қолданатын ӛз қолтаңбасы, ӛз тақырыбы, композициясы және гүлдері болады. 
Бүгінгі  таңда  жостовтағы  сәндік  қолданбалы  роспись  даму  үстінде.  Жас 
суретшілер  ӛз жұмыстарында  аға буын  шеберлердің бай тәжірибесін  қолданып  қана 
қоймай,  сонымен  қатар  жаңа  тақырыптармен  және  композициялық  шешімдермен 
жемісті ізденіс жасауда. Олардың натюрморттары жаңа мотивтермен байып отырады. 
Кәзіргі  кездегі  жостов  шеберлері  қара  фонды  ғана  емес,  сонымен  қатар 
күрделірек колориттерді сәтті қолдануды жалғастыруда. Ашық түсті фондарға қызыл, 
жасыл, алтын түсті бояуларды қолданады. Ол ӛз дәрежесінде жылтырап бұйымға әр 
беріп тұрады. 
Жостов 
шеберлерінің 
жасаған 
композициялары 
ӛз 
отанына 
деген 
сүйіспеншілікпен табиғат бейнелерін ұйымдастырған. 
Гжель росписі. (кӛркем жазуы).   Гжель фарфорының тарихы ӛте ерте заманнан 
бастау алады. ХVІІ ғасырда саз балшықтан ыдыстар жасау үшін шиша зауыттары іске 
қосылған.  ХVІІІ  ғасырдың  екінші  жартысында  Мәскеу  кӛпесі  А.  Гребанщиков 
Ресейдің алғашқы майоликадан ыдыс жасайтын керамика зауытын соқтырған. Кейін 
келе,  майолика  ӛндірісі  тоқтайды,  ӛйткені  оның  орнына  фаянс  және  фарфор  келген 
болатын. ХІХ ғасырдың басында жартылай фаянс, яғни ашық түсті саз балшық пайда 
болды,  оны  тек  қана  кӛк  түспен  ғана  әрлеген.  Содан  кейін  ақырында  әртүрлі 
түстермен  жазуды  қолға  ала  бастаған.  1920  жылдардың  аяғында,  1930  жылдардың 
басында  ӛндіріс  кооперациялары  біріге  бастады,  1937  жылы  Турыгино  ауылында 
―Кӛркем  керамика‖    бірлестігі  пайда  боды.  Ол  артель  фарфор  ыдыстарын  шығара 
бастады. 
Фарфор  бұйымдары  оңайлықпен  пайда  болмайды.  Суретші  ойынан  нақты 
жұмысқа жол табу қиын әрі ұзақ. Ол суретші шеберханасында басталады. Алдыменен 
контурлары  қағазға  түседі.  Қатты  ұшталған  қалам  ыдысты  кӛркемдейтін  жұмсақ 
қылқаламның  орнын  ауыстыра  тұрады.  Ал  содан  соң  суретші  пластилинмен  ыдыс 

 
184 
пішінін  жасуға  кіріседі.  Пластилиннен  жасалған  гипс  қалыбын  шешіп  алады. 
Бұйымды ӛндіріске жіберуді суретшілер кеңесінде шешеді. 
Модельді  егеуге  арналған  станок  қыш  ыдыстарын  ӛңдеуге  арналған  құрылғыға 
ұқсас. 
Күйдіруге  дайындаған  ӛнімді,  ыстыққа  шыдамды  футлярға  қатты  ысытудан 
сақтау  үшін  қояды.  Фарфор  бұйымдарын  екі  мәрте  күйдіреді.  Біріншісі  800-950 
градуста күйдіріледі, ол фарфорды мықты, қатты соққыға тӛтеп беретіндей жағдайға 
жеткізеді.  Соңғы  күйдіруден  кейін  фарфорға  кӛркем  жазу  жұмысын  бастауға 
мүмкіндік  береді.  Қатты  күйдіруден  кейін  бұйым  сыршырай  шеберханасына  түседі. 
Әрбір сыршырай шеберлерінің жұмыс столында әртүрлі қалыңдықтағы қылқаламдар, 
шиша палитралар, бояу араластыруға арналған темір шпатель, май еріткіш сұйықтық, 
дӛңгелек оқтай және дәкелер болады. Дӛңгелек оқтайды бұйым бетіне бір жүргізеді, 
оны  қайтып  алғанда  ою-ӛрнектің  нақты  пішіні  түседі.  Бірінші  кобальт  бояуымен 
орындалған суретті оқтайға түсіреді, сол оқтай арқылы біртіндеп кӛшіре береді.  
Одан кейін қылқаламмен әрқайсысын ӛңдеуге кіріседі. Гүлдер, жапырақ, жіңішке 
сабақтары,  мұртшалар  тағы  басқа  элементтерімен  шеберлер  мұқият  жұмыс 
істейді.Жазу  барысында  қателесуге  мүлде  болмайды,  ӛйткені  бояуды  жаққан  сәтте 
фарфор бойына сіңіріп алады, түзетуге мүмкіндік болмайды. Жұмсақ қылқалам ӛрнек 
салуға  ӛте  ыңғайлы.  Сонымен  «Гжель  раушан  гүлі»  дайын.  Осылайша  фарфор 
зауыттарында ӛнім кӛбейтіле береді. Олардың ешқайсысы бір-біріне ұқсамайды. 
«Гжель»  сыршырай  ӛндірістік  бірлестіктерінде  жүзден  аса  жұмысшы  жұмыс 
істейді. Әрбір шебердің ӛз қолтаңбасы болады. Бірі жуан болса бірі жіңішке, әр түрлі 
жапырақтар  ӛз  алдына  бұйымға  сән  беріп  тұрады.  Тіпті  сонша  фарфордың  ішінен 
бірде  бір  қайталанған  жұмысты  кездестіре  алмайсың.  Әрбір  бұйымда  шебердің 
қолтаңбасы қалады. 
Роспись жазылған соң глазурь шишасымен қайта қапталады да, роспись глазурь 
астында қалады.Сондықтан да глазурь асты деп аталады. Глазурьдан кейін ең негізгі 
1350  градуста  күйдіру  басталады.  Күйдіріліп  жатқан  бұйымды  қадағалап  отырады. 
Олардың  әрқайсысы  нӛмірленген.  Күйдірілген  соң  жарқырап  мықты  күйге 
түседі.Сонымен  күйдіру  аяқталды.  Ыстыққа  шыдамды  футлярлар  ошақтан 
шығарылады. Фарфор суыған соң ӛнім дайын болады. 
___________________ 
1.Василенко В.М. Русская прикладная искусство.  М., Искусство, 1977.    
2.Власов В.Г. Стили в искусстве. СПБ; Кольна, 1995. 
3.Герчук Ю.Я. Что такое орнамент ? М., Галарт, 1998. 
4.Гильман Р.А. Художественная роспись тканей. М., Гум. Изд. центр Владос 2005. 
5.Дулькина Т.И., Пригорьева И.С. Гжель Керамика 18, 19, 20 веков. М., План. 1982. 
6. Волков Н.Н. Цвет в живописи М., Искусство, 1984 
7. Вишневская М. Хохлома Л., Искусство, 1969. 
8. Леонова А.И. Русское декоративное искусство 18 век том 2. М., Академии    
художеств СССР, 1963. 
9. МаероваК, Дубинская К. Русское прикладное искусство. М., Русский язык, 1990. 
10. Рождественский К.И. Народные художественные промыслы СССР. М., Сов.1983. 
 
 

 
185 
А.А. Тусупова, А. Игенов  
 
ҦРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ, ҒАСЫР ҤНІН ЗЕРДЕЛЕГЕН ЗЕРГЕР, 
ДАЛАНЫҢ ДАРХАН ӚРНЕГІ «ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӚНЕРІ»!  
 
ӘОЖ 7.1(574) 
       И 22  
 
Қазақ  халқының  кӛне  дәуірден  ӛшпес  мұрасы  болып,  ұрпақтан-ұрпаққа,  әкеден 
балаға  сабақтасып,  тізгіннің  ұшында  ӛзіндік  тарихымен  әдет-ғұрыпымен  сәндік 
кӛркемдік  жолымен  кӛшпенді  елімізді  бүкіл  әлемге  ӛзінің  ерекшелігімен  таныта 
білген- қолӛнері. [2]  
Қасиетті  қазақ  халқының  қолӛнерінің  тарихы  тым  тереңде.  Ол  кеңбайтақ 
жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді кӛне түркі тайпаларының 
мәдениетінен  арқау  алады.  Және  де  оған  Оңтүстік-Сібір,  Орта  Азия  мен  Ресей 
халықтарының  да  мәдениеті  ӛз  әсерін  тигізген.  Осындай  үнемі  жаңғыру  үстінде 
болған  қазақ  халқының  дәстүрлі  қолӛнерінің  даму  биігіне  кӛтерілген  кезкңі  XIX 
ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы. 
Археологиялқ  қазбалар  мен  жазба  ескерткіштерге  арқа  сүйесек,  Қазақстан 
аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, 
ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс 
қажетіне жарап, қол ӛнердің ӛз ұлтына тән ерекше кӛркем түрлерін қалыптастырған. 
Қазақстан  жеріндегі  қолӛнердің  кӛне  заманнан  келе  жатқанына  нақты  айғақтар: 
Павлодар ӛңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Ӛскемендегі жазбалар 
мен  Ұлытау  жартасындағы  суреттер,  Кригельді  ӛзені  аңғарынан  табылған 
керамикалық қазындылар.  
Қазақ  халқының  қолӛнері  ерте  кезден  ақ  әлемдік  мәдениеттің  кӛрнекті 
қайраткерлерін  қызықтырған.  Геродот  тіпті  былай  деп  жазып  қалдырған:  «Олардың 
барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бӛлшектері, оғы, 
айбалталары мыстан істелген. Бас киімдері мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан 
жасалған.  Сондай-  ақ,  ат  омырауындағы  ӛмілдіріктер  де  мыстан  соғылып,  жүген 
сулығы,  ауыздығы  тағы  да  басқа  бӛліктері  түгелдей  алтынмен  әшекейлендіріліп, 
безендірілген».  
Геродот  пен  бірге  Ктесий,  Страбон  да  қазақ  топырағын  мекендеген  сақтар  мен 
массағаттардың  барлық  заттардың  әшекейленіп,  киімдердің  ӛзіне  тән  үлгісі  барын 
айтады.  Қазақ  халқының  қолӛнері  туралы  Ресей  ғалымдары  да  сүйсіне  әңгімелейді. 
Мысалы  М.А.  Леваневский:  «қазақтың  қандай  кәсіпке  болмасын,  табиғаттан 
қабілеттігіне  сүйсінесің,  қарапайым  құралдармен  тамаша  ер  қапталдарын  жасап, 
алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың 
тіккен аяқ киімдері ӛте берік, киюге ыңғайлы» - деп жазады. Ал енді қазақтың ұлттық 
қолӛнерінің  таңғажайып  туындысы  –  киіз  үй  орта  ғасыр  саяхатшылары  Марко 
Полоны (1230), Плано Карпиниді (1246), Клавихоны (1403), Барбораны (1436), қатты 
таң  қалдырып,  олардың  тарихи  жазбаларынан  орын  алғаны  –  біз  үшін  үлкен 
мақтаныш. 
Қолӛнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың ӛмірімен, тұрмысымен бірге 
дамып,  ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп  отырады.  Ӛнер  туындыларының  иесін  шебер  деп 
атаған. Қолӛнер шеберлері табиғаттың әсем кӛріністерін қолӛнер бұйымдарында жиі 
қолданған.  Қолӛнер  дүние  жүзінің  әр  халқында  бар.  Сонымен  қатар  әр  елдің,  әр 

 
186 
халықтың  тарихи  дамуына,  тұрмысына,  тарихи  ерекшелігіне  және  эстетикалық 
талғамына  байланысты  ӛзіндік  ерекшелігімен  ӛшпес  із  қалдырып  келеді.  Ғылыми 
деректер  бойынша  Қазақстан  жерінде  қолӛнер  кәсібі  мұнан  екі  жарым  мың  жыл 
бұрын  түрлі  тайпалардың  творчествасы  арқылы  байқап,  ұрпақтан-  ұрпаққа  мәдени 
мұра болып қалып келеді.  
Қазақ  халқының  қолӛнері  деп  халық  тұрмысында  жиі  қолданылатын  ӛру,  тігу, 
тоқу,  мүсіндеу,  құрастыру,  бейнелеу  сияқты  шығармашылық  ӛнер  жиынтығын 
айтады. Қолӛнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы 
ӛзінің  күн  кӛріс  тіршілігіне  қажетті  үй-жай  салуды,  киім-кешек  тігуді,  азық-түлік 
ӛндіруді  ӛзінің  тұрмыстың  кәсібі  етіп,  оларды  күнбе-күнгі  тіршілік  барысында 
орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, ӛмірде сән-салтанат та құра білді.  
Халықтың қолӛнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал ӛсіруге 
және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, 
кебеже,  сандық жасап,  кілем, сырмақ, алаша, ши,  түрлі  бау-басқұрлар тоқып,  арқан, 
жіп  есіп,  кӛннен  және  илеулі  теріден  қайыс,  таспа  тіліп,  ӛрім  ӛріп,  қолдан  әр  алуан 
ыдыс-аяқ,  адалбақан,  асадал,  бесік  және  т.  б.  кӛптеген  заттарды  халық  шеберлері, 
ӛнерпаздар  ӛз  қолдарымен  жасады.  Қазақ  халқының  «Қарыс  қазы  -  балықта,  қалың 
қазына - халықта» деген мақалы ӛте орынды айтылған.  
Шеберлік  ӛнер  шығармаларының  тағы  бір  елеулі  тобы  -  сүйектен,  мүйізден 
жасалатын  бұйымдар.  Мүйіз  сүйекке  қарағанда  жонуға,  июге,  шегелеуге  қолайлы. 
Сондықтан  мүйізден  түрлі  ожау,  құты,  түйме,  тарақ,  түйреуіш,  қаламсап  сияқты 
кӛтген заттарды жасаған. Ірі қараның иілген мүйіздері еңкейіп тұрған адам бейнесіне 
ұқсайды.  Сондықтан  табиғи  мүйіздерді  ӛңдеп,  тазалап  адам  бейнелерін  жасаған. 
Мүйіздерді ұлттық нақышта түрлі-түсті бояу түрлерімен безендіріп, ұлттық киімдер, 
ою-ӛрнектер қолданылды.  
Қазақтар  қолӛнерін    бірнеше    бағытта  жүргізіп,  кеңінен  дамытты,    ғасырлар  
бойы  ұрпақтарға  үйретті,  ілгері    оздырды.  Солардың    ең    негізгілері  ағаш    ұқсату, 
темір  ӛңдеу,  сүйек  пен  мүйізді  ұқсату,  теріні  ұқсату  мен  етікшілік  ӛнері,  тас  ӛңдеу 
болды.  Бұлардың    ӛздері  бірнеше  салалардан  тұратын.  Мысалы,  ағаш  ұқсатудың  - 
үйшілік ӛнері, ершілік ӛнері, жиһаздар мен ыдыс-аяқтар жасау  ӛнері сияқты түрлері, 
темір  ӛңдеудің  -  ұсталық  ӛнер  мен  зергерлік  ӛнер    секілді  түрлері  болды.  Қазақ 
халқының  ӛзімен  ежелден  бірге  жасап,  атадан  балаға  мирас  болатын,  сӛйтіп,  біздің 
қазіргі заманымызға дейін жеткен асыл мұраларының бірі – зергерлік, ұсталық ӛнері. 
Ағаштан  түйін  түйіп,  алтынды  күміске  байлаған  алтын  қолды  зергер,  етік  тігіп,  тас 
қашаған, ӛнерімен ӛрге жүзген бесаспап шеберлер әр дәуірде де болып келген.  
   Қолӛнер халық ӛмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. 
Сан алуан түрлі қолӛнер бұйымдар әсемдігі, ӛрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға 
рухани ләззат әкелген. Кӛз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті 
ою-ӛрнек,  оның  орналасуы  адамзат  дүниесінің  табиғатпен  біте  қайнасқан  сонау 
заманнан  келе  жатқан  қарым-қатынасын,  кӛңіл-күйін,  жан  дүниесіндегі  тылсым 
күштердің  бірлігін  аңғаруға  болады.  Қолӛнерін  шеберлері  табиғат  сұлулығын  ӛнер 
туындыларын  арқау  еткен.  Ӛнер  туындыларының  бет  бедеріне  ширатыла  түскен 
ғажайып  ӛрнектер  ӛзгеше  бір  тілмен  ақтарыла  сыр  шерткендей.  Қазақ  қолӛнерінің 
түрі, сапасы, ӛрнегі, бояуының ӛмірге келуі кӛшпелі ӛмірмен тығыз байланысты.  
Шебердің келуі кӛшпелі ӛмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан 
бұйымдар  күнделікті  тіршілікпен  қатар  сол  заманның  ортақ  қолӛнер  мәдениетінің 
баға  жетпес  үлгісі.  «Шебердің  қолы  ортақ»  деген  мақал  ел  ішінде  бекер  айтылмаса 
керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. 

 
187 
Шығармашылық  ізденіс  үстіндегі  халық  шеберлері  тұрмысқа  қажетті  қолӛнердің 
алуан түрлерін  ойлап тапты. Ӛз ұрпағының  ―сегіз  қырлы, бір сырлы‖ӛнегелі,  ӛнерлі 
болып  ӛсуін  мақсат  еткен  ата-анамыз  ӛз  бойындағы  бар  асыл  қасиеттерін  ұрпақтан 
ұрпаққа  үйретіп  келген.  Бұрынғы  ата-бабаларымыз  табиғат  мінезі  мен  жемісін, 
ӛнегесі  мен  ӛрнегін  ӛте  жақсы    түсіне  білген  және  сол  ӛздерін  қоршаған  ортаға 
бейімделіп, еңбек еткен, ӛмірін құрған.  
Бұл    ретте  қазақтардың  да,  жер  бетіндегі  басқа  халықтар  сияқты  табиғаттан  
үнемі    үйреніп  отыр-ғандығын,  сонымен  бірге,  оның  ыңғайына  үнемі  бейімделе 
бермей, ӛмір қиындықтарын жеңе де білгендігін атап айтқан жӛн. Қазақ  табиғаттың 
ыстығы мен суығына күйіп те, тоңа да білді. Ондай сындардан парасаттылықпен ӛте 
білді. Осылайша, қоршаған ортамен  үндесе  білу адамдарды ӛмір сүруге  үйретті. Бұл 
үндесу, жаңаша  ӛмірге бейімделу  олардың  дүниені тануына бастау  болды. Сӛйтіп, 
адам  ілгері  дамыды,  үнемі  ӛсу  жолында  жүрді.  Қазақы    әлем  табиғатты    ӛзінше 
түсінді  және  соған    орай    ӛзінше    әрекет    етті,  ӛзінше    пайымдаулар  жасады.  Ал, 
осылайша  ӛмір  сүруін  пайымдаған  кең  даланың  кең    пейілді    қазағының  тыныс-
тіршілігінде қолӛнері  ерекше  орын алды және мал шаруашылығынан кейінгі ӛмірлік 
негізге, үлкен маңызға  ие болды.  
Себебі,  белгілі  ғалым  –  этнограф  Х.Арғынбаевтың  тұжырымдағанындай,  
«Қазақтың  қолӛнері  жалпы    халық  мәдениетінің  ішіндегі  негізгі    салаларының  бірі. 
Табиғат қазақы қолӛнерінің бірінші үлгісі болды. Мұны  аңғару қиын да емес. Кӛздің 
жауын  алатын  қазақы  ою-ӛрнекке  назар  аударалықшы:  «құс  қанаты»,  «қазтабан», 
«ботамойын»,  «бұғы-мүйіз»,  «толқын»,  «тӛртгүл»  және  т.б.  Белгілі  этнограф,  қазақ  
қолӛнерінің  туындылары  мен  атауларын  тірнектеп  жинаған  абзал    адам  Садық 
Қасиманов:  «Ертедегі  қазақ  оюларын  мазмұны    жағынан  негізінен  3  түрлі  ұғымды  
бейнелейді.  Олар:  біріншіден,  мал  ӛсіру  мен  аңшылықты,  екіншіден,  жер-су,  кӛшіп-
қону  кӛріністерін,  үшіншіден,  күнделікті  ӛмірде  кездесетін  әр  түрлі  заттардың  
сыртқы бейнесін  береді»   
Қазақы  қолӛнердің    негізі  табиғаттың  дәлме-дәл  кӛшірмесі  болып  табылады. 
Талай ғасырлар бойы іздене, үйрене жүріп, қолӛнерін дамытқан қазақ айналасындағы 
тіршіліктің суреттерін ӛзіне үнемі үлгі  етті, себебі, адамның  ӛзі де  табиғаттың бір 
бӛлшегі  екендігі  белгілі.  Сонау    ең  алғашқы  тайпалардан  бас-талған  мыңдаған 
жылдардан тұратын адами ғұмырда қазақтардың кӛз алдында ұшқан құс, жүгірген аң, 
түрліше  жан-жануарлардың  сансыз  түрлері  ӛтті.  Бір  таулар  мен  ӛзен-кӛлдер  пайда 
болып,  ендігі  бірісі  жоғалып    кетіп  жатты.  Ауа  райы  да  адам  ӛміріне  ықпал  етіп 
отырды.  
Заңғар  биік  таулар  мен  жасыл  жапырақты  ормандардың  сұңғыла  кӛрінісі, 
жаныңды  қуантатын  жайқалған  гүлдер,  кӛзіңді  де,  кӛңіліңді  де  ғажайып  сұлулыққа 
бӛлейтін құс тӛресі – кербез аққу, ақиық сұңқар, әнші бұлбұл, ботаның кӛзіндей боп 
мӛлдіреген сұлу кӛлдер мен сарқырай аққан ӛзендер қазақтардың да ӛмір тіршілігіне 
әдемі әсер етті. Сұлу табиғат біздің  бабаларымыздың эстетикалық танымын кеңінен 
молайтты  және  тағылымды    талғамын    арттыра    түсті.  Сӛйтіп,  ӛзінің  тұрмысы  мен 
кәсібінде  осыларды кӛшіріп алуға тырысты. Қазақ бабамыз молшылықты – дарияға, 
теңізге, бәйтерекке теңесе, батырды – арыстанға, қыран бүркітке теңей білді.  
Сұлуды  –  ай  мен  күнге,  хош  иісті  гүлге,  құралайдың  лағына,  аққудың  кӛркіне, 
бота  мен  тұрымтайдың  кӛзіне,  алмаға,  қарақатқа  теңеді,  солармен  салыстырды. 
Осылайша,  қазақ  қолӛнері,  табиғаттан  аумайтын  талай  тамаша    үлгілер    дүниеге 
келді.  Сонымен  бірге,  қазақ  қолӛнері  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастың 
болашақта  ынтымақта,  кең  ӛрісте  дамуын  кӛздеді,  соған  керемет  тілекші    болды. 

 
188 
Айталық,  қазақ  бауырмалдықты,  достықты  дәріптеу  мақсатында  қолӛнерінде 
бейнелегеніндей  түйенің  екі  ӛркешін,  екінің  бірін,  егіздің  сыңарын  ӛрнек  етті,  кӛз 
жауын  алатын  кӛріністермен  сілтеу    жасады,  ұғындырды.  Осындай    негізі    болған 
қолӛнер  қазақтарға  құрал-жабдық  пен  ішер  ас,  киер  киім  қандай  қажет  болса,  оны 
нағыз  адами  тірлікке  қолдану  мақсатында  ұқсата  білу,  икемді  де  ұнасымды  ету, 
әдемілеп әшекейлеу, келістіріп пайдалану  да сондай  қажет болды.  
Біле  білсек,  бұл  да  ӛркениетке,  озық  мәдениетке  ұмтылудың  асыл  бір  жолы  
болатын.  Қарабайыр,  біртекті  және  кӛріксіз  жабайы  тіршіліктен  әлдеқайда  жоғары 
ӛрлеу  мен  адами  дамудың    кӛрінісі  болды.  Шын  мәнінде,  бұл    халықтық  ӛнердің  
шығармашылық  сипаты  болатын.  Ал,  оған  бабаларымыз  ұлы  табиғатқа  еліктеуден, 
оған  сыйынудан  барып    қол  жеткізе  алды.  Қазақ  қолӛнері,  дұрысында,  айналаны, 
қоршаған ортаны түсінудің бастауы болып табылады. Оның мәңгілік мақсаты – адам 
тіршілігін дамыту, тұрмысқа септігін тигізу. Осы мақсаттарды  орындау  барысында 
қазақ адамы мәңгілік ӛнер  ӛрнектерінің аса мол  мұрасын жасап  шығарды.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаев  ӛзінің  2003  жылғы  4 
сәуірде  Қазақстан  халқына  арналған  Жолдауында  «Біз  ӛз  мәдениетіміздің 
құндылықтарын  сақтай  отырып,  байыппен  алға  жылжи  беретін  боламыз»  деп,  атап 
кӛрсеткен  болатын.  Қоғамдағы  болып  жатқан  бетбұрыстар,  саяси  кӛзқарастар 
аясында  қазақ  елінің  тарихын  шынайы  тұрғыда  танып-біліп,  салт-дәстүріне  рухани 
мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. «Болашақ - ӛткен тарихты 
білуден басталады» дейді, Баласағұн бабамыз, ал әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-
Фараби:  «Халық  ӛткен  ӛмір  тарихын  білмесе,  ӛзінің  ӛмір  сүріп  жатқан    дәуірінің  
қадірін  бағалай  алмайды»  -  деген  екен.  Олай  болса,  тарихқа,  тарихи  бастауларға, 
мәдени  мұраларымызға  қаншалықты  терең  үңілсек,  қоғамдағы  қазіргі  жағдайды 
соғұрлым  жақсы  түсінетін,  білетін  боламыз.    Сондай  қажеттіліктің  бірі  –  халықтың 
қолӛнері.  «Ӛнерден  қуат  алмаса,  тіршіліктің  шырағы  ӛшеді»  деп,  М.Әуезов 
айтқанындай, ӛсіп келе жатқан ұрпағымызға ӛз халқының ӛнерін бойына сіңіріп ӛсу – 
педагогтердің қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселесі. 
Қорыта  айтқанда,  қазақ  қолӛнері  ата-бабаларымыздың  ӛзіндік  ӛркениеті  – 
далалық  ӛркениеті,  биік  эстетикалық  талғамы  болғандығын  дәлелдейді.  Оны  ілгері 
дамыту,  насихаттау  және  мақтаныш  ете  білу  –  бүгінгі  және  келешек  ұрпақтардың 
басты перзенттік парызы болуға тиіс. Ендеше, халықтық мұраны қастерлей  білейік! 
__________________ 
1.«Қазақтың қолӛнері»  Дәркенбай Шоқпарұлы,  Алматы. Ӛнер 2005  
2.«Қазақ қолӛнері» Қ. Әмірғазин,  Алматы Дайк-Прес  2004 
3.«Қазақтын ұлттық ою ӛрнектері» Ұ.М. Әбдіғапбарова,  Алматы. Ӛнер,1999 
4.«Қолӛнер материалын технология сабақтарында оқытудың теориялық негіздері» К. 
Жұмахан  А.2008. 
5.Интернет сайттар.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет