Жамбыл есіміне байланысты халық арасындағы əңгіме: Жоң-
ғар шапқыншылығына ұшыраған қазақ ауылы қақаған қыста қоныс
аударып, тау-тауды сағалап көшіп келе жатыпты. Көшті қорғап
келе жатқан сарбаздар қарсы кездескен жауды жолатпай, жанқияр
ерлікпен шайқасады. Бір жағынан жау, бір жағынан бет қаратпай
бұрқаған қарлы боран көшіп келе жатқан жұртты қатты қысады.
Көш қысқы боранға оранып, жаудың тосқауылшыларынан аман
өтіп келе жатады. Бірнеше күн, бірнеше түн боран құшағында келе
жатқан жұрт шаршап шалдығады. Көшбасының бəйбішесінің аяғы
ауыр, айы-күні жеткен екен. Түйе үстінде толғақ басталады. Көш
иесі жүк артқан түйелерді айнала шөгеріп жіберіп, айналасын, үстін
киізбен қымтап жауып тастайды.
Бұл кəдімгідей үй болып шығады. Толғақ қысқан ана осы үйдің
ішінде таңға жуық босанады. Боран да басылып, жарқырап күн
шығады. Елдің бойы жазылып көш адамдарының қуанышында шек
болмайды. Көшбасы айналасына көз салып тұрып, өздерінің бір
таудың бауырында тұрғанын көреді. Ауыл ақсақалдары бұл тау-
дың «Жамбыл» тауы екендігін айтысып əңгіме-дүкен құрысады.
Көшбасы жаңадан туған баласының атын Жамбыл деп қояды.
Жамбыл атауы – 1. а) фитоним; ə) қорған; б) ороним; 2. антро-
поним; 3. ойконим ретінде қызмет етеді. Яғни ол қазақ тілі ономас-
тикалық кеңістігіндегі бірнеше секторларға тəн.
Жалпы ойконимдік материалдарды жинап, оны тарихи-лингвис-
тикалық жақтан түсінік беріп талдаудың тіл тарихы мен қоғам та-
рихы əрі этнография, география ғылымдары үшін мəн-маңызы аса
зор. Ойконимдер құрамында көне дəуірдің куəсі ретінде сақталған
атам заманғы көне атаулармен қатар, жаңа дəуір атаулары да мың-
дап кездеседі. Қысқасы ойконимдік материалдар – халқымыздың
мол қазынасы, мəдени байлығы, тілі мен тарихының қайнар бұла-
ғы, атадан қалған мұрамыз.
Қазақ даласын мекен еткен ежелгi ру мен тайпалардың сонау
ықылым заманнан басталатын ұзақ тарихы болғанымен, сол халық-
тар туралы, олар қоныстанған жер, қала туралы жазба деректер
тым аз. Сондықтан да біз, мүмкіндігімізше ойконимдерге халықтық
этимология жəне ғылыми негіздегі тарихи-линвистикалық түсінік
беріп отырамыз.
Жамбыл атауына қатысты пікірді Т. Жанұзақ пен А. Əбдірах-
мановтың еңбектерінен оқуға болады.
242
243
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
Жуалы ауданы – Жамбыл облысының оңтүстігіндегі əкімшілік
бөлініс. 1928 ж. құрылған. Алғашында Шымкент облысы (қазіргі
Оңтүстік Қазақстан облысы) құрамында болған. 1951 ж. Жамбыл
облысының құрамына кірді. Жер аумағы 4,2 мың км². Аудандағы
52 елді мекен 15 ауылдық əкімшілік округке біріктірілген. Орта-
лығы – Бауыржан Момышұлы ауылы. Жуалы ауданы (Асы) өзені-
нің жоғары жəне орта ағысында, жерінің басым бөлігін Жуалы
таулы үстірті (биіктігі орталығында 900 м, шет жақтарында 1200 м)
алып жатыр. Солтүстігі мен солтүстік-шығысын Қаратау жотасы,
батысы мен оңтүстік-батысынан Боралдай тауы, оңтүстігінен Талас
Алатауы қоршайды. Ауданның солтүстігінде Билікөл қазаншұң-
қыры орналасқан. Басты өзені – (төмен жағы Асы деп аталады),
оның ең ірі саласы – Шақпақ өзені. Ауданның солтүстік-батысы-
нан Қошқар ата (Боралдайдың саласы) өзені ағып өтеді. Өзенде
Ащыбұлақ бөгені салынған.
Бұл өңір Ақсу-Жабағылы қорығының солтүстік бөлігі сана-
лады. Елді мекендері көбінесе темір жолдың бойында орналасқан.
Ірі ауылдары: Бауыржан Момышұлы, Көлбастау, Қайрат, Күреңбел,
Шақпақ ата, Қарасаз. Аудан жерімен Түрксіб темір жолы, Ташкент –
Алматы, Бауыржан Момышұлы – Қошқар ата автомобиль жол-
дары өтеді. Жуалы атауы аудан жерінің өте шұрайлы, көк орай шал-
ғынды, соның ішінде жуасы көп жер, мекен екендігіне сай аталған.
Ақсу-Жабағылы қорығы – Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань)
солтүстік-батыс бөлігін жəне Өгем жотасын алып жатқан Қазақ-
стандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен
Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында
орналасқан. Қорық Ақсу жəне Жабағылы атты екі өзеннің арасы-
на орналасқан. Ол 1926 жылы құрылған. Қазір Ақсу–Жабағалы қо-
рығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.
Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі
шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі
жəне альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп
жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін Ақсу
өзенінің аңғары (тереңдігі 500 метрдей) жарып өтеді. Ақсу-Жаба-
ғылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық
Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дəрежесін алған ең алғашқы
қорық. Қорық ландшафтысы көркем жəне тылсым. Жазықтар мен
алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен
қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқы-
рамаларды түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан
айнадай шағылысады. Теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікте орна-
ласқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген
көптеген бейнелерден тұратын «сурет галереясын» табуға болады.
Оларда үй жəне жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы
бейнеленген. Ақсу-Жабағылының сазды топырағында палеонтолог-
тар тасқа айналған өсімдіктердің, жəндіктердің, балықтардың жəне
кесірткелердің іздерін тапқан.
Жездемнің ауылына бару үшін алдымен Шақпақ асуынан аса-
тынбыз. Орыстар бұл жерді «Кремень» деп атайтын. Өйткені бұл
араның жылтырақ шақпақ тасы мол болушы еді. Қараңғыда екі
тасты бір-біріне үйкесең, ұшқын шығатын. Содан қазақтар «Шақ-
пақ», орыстар «Кремень» деп атап кетіпті (1 т., 449-б.).
Бұл кезде күн еңкейіп, Шақпақ жонынан асып барады екен (1 т.,
463-б.).
Шақпақ, Жабағылы, Бұралдай жондарында сол шапақ бұлаң
қаққандай сезіледі (1 т., 321-б.).
– Əй, мынауың Шақпақтың кейде байсал, кейде ызғарлы желі
шығар? (1 т., 352-б.).
Үбиан жастайынан Шегір руынан Жарылқап байдың Мамыт
деген баласына атастырылған екен. Олардың елі Шақпақ тауының
етегінде еді (1 т., 358-б.).
Шақпақ – тау, асу, бұлақ, елді мекен, т. ж. стансасының атта-
ры. Түркі тілдеріндегі шоқпақ (шоқ + пақ) тұлғасымен байланысы
бардай (чоқтал пара-пар), орнитологиялық əдебиеттерде бұл соңғы
атау Қырғыз Алатауының батыс бөлігіндегі жыл құстары өтетін
тау асуының аты. Шақпақ атауын Ш. Уəлиханов, С.М. Абрамзон да
түркі этнонимі деп біледі.
Қазақ халқының негізгі кəсібі малдың ыңғайымен көшіп, қо-
нып, жаңа тұрақтанған мекен атауларын көбінесе өздерінің атымен
қайталап отырғандығы да кездеседі. Мысалы: Шақпақ (Шақпақ-
ата), Мыңбұлақ деген жер-су атаулары үлкен Қаратау жотасының
шығыс етегінде де, батыс етегінде де бар. Оның себебі, үйсін елінің
осыдан екі мың жылдай уақыт бұрын өмір сүрген ұрпағы Шақпақ
əулие (жерленген төбесі өзі аттас ауылында жатыр (Жуалы ауд.))
тұрған жері мен жайлаған жерге осы аттарды беріп отырған. Мұн-
дай мысалдар Қазақстанның көптеген ежелгі елді мекендерінде
кездеседі.
Шақпақата – мекен аты. Бұл өңірде шақпақ тас көптеп кез-
дескендіктен, шақпақ тастың атасы деп кеткен, – деген пікір де бар.
Бірақ біз, бұл атаудың шығу тегіне келсек, Шақпақ əулие жерлен-
ген деген пікірге саямыз.
Сонымен қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уəлиханов пен С.М.
Абрамзонның да түркі этнонимі деп білеміз деген пікіріне қосыла-
244
245
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
мыз. Бұл қазақ халқының бір атасы ретіндегі бабамыздың жатқан
жері.
Шақпақата – Жуалы ауданындағы ауыл жəне ауылдық əкімші-
лік округі орталығы. Аудан орталығы – Б. Момышұлы ауылы-
нан оңтүстік-батысқа қарай 13 км жерде, Боралдай тауының қиыр
оңтүстік-шығысында, бұта аралас қылқанбоз, селеу, бетеге, т.б. астық
тұқымдас шөптесін өскен тау алды жазығының қоңыр, қызтылт
қоңыр топырақты қуаң жазығында орналасқан. Ауыл 1992 ж. дейін
Кременевка деп аталып келген. (Кременевканың іргесі 1911 ж. қа-
ланған). 1966-1997 жылдары Б. Момышұлы атындағы тұқым өсіре-
тін Қазақ ҚCP Мемагроөндіріс Жамбыл облысы ауыл шаруашы-
лығы тəжірибе стансасының орталығы болып келді.
Сондай-ақ Шақпақ – Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы бес
классты теміржол стансасы, Жамбыл – Түлкібас тас жолының бо-
йында. Аты осы маңдағы шақпақ тасты жынысты таудың атына
байланысты шыққан.
Шақпақата атауына қатысты Жуалы ауданында Шақпақата ауы-
лы жəне Шақпақата ауылдық округі бар.
ҚР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1992 ж. қаулысы бойынша
Кременевка селосы өзгертіліп, бұрынғы тарихи аты қалпына кел-
тіріліп, Шақпақата ауылы аталды. Əулие (кісі) аты.
Кременевка – 8-10 ғасырларда болған қалашық. Жуалы ауданы
Кременевка ауылынан оңтүстікке қарай 1 км жерде орналасқан.
Биіктігі теңіз деңгейінен 1123 м. 1903 ж. Каллаур ашып, зерттеген.
1940 ж. Жамбыл археологиялық пунктінің экспедициясы (жетекші
Г.И. Пацевич), 1978 ж. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі-
нің экспедициясы, 2000 ж. Қазақстан ҒА-на қарасты Ə. Марғұлан
атындағы Археология институтының Оңтүстік Қазақстан кешенді
археологиялық экспедициясы (жетекші К.М. Байпақов) зерттеген.
Қала таудың шығыс еңісінде орын тепкен. Құрылысы тікбұрышты,
шығысында биіктігі 8 м, батысында 4 м топырақ дуалмен қоршал-
ған. Ішкі алаңы 54x70 м қабырғасының ортасындағы бұрыштарда
орналасқан биіктігі 1-2 м мұнараның үйіндісі байқалады. Қақпасы
болған солт. -шығыс бұрыштағы ең биік саналған үйінді қалдықты
мұнараның биікт. 3 м-дей. Үйіндінің солтүстік жағынан аумағы
35x46 м. екінші төбешік келіп жалғасады. Оны қоршап тұрған дуал-
дың қазіргі кездегі биіктігі 0,5-0,6 м. Қалашық орнында керами-
каның сынықтары кездеседі, бір бөлігінде бейіт орын алған. Шығыс
жағында кірпіш зауыты бар.
Бауыржан Момышұлы ауылы – Жамбыл облысындағы Жуалы
ауданының орталығы (1936 жылдан). Тараз қаласынан оңтүстік-
батысқа қарай 69 км жерде, өзеннің (Аса өзенінің саласы) оң
жағалауында, солтүстікте Қаратау, батыста Боралдай, оңтүстік-
шығыста Талас-Алатауының түйіскен жерінде орналасқан. Іргесі
1916 жылы Арыс – Əулиеата темір жолын салуға байланысты
қаланған. Бұрынғы Бурное ауылының атауы 19.03.1992 ж. ҚР Жо-
ғарғы Кеңесі Төралқасының №1265-ХІІ қаулысымен Бауыржан
Момышұлы ауылы (орт.) болып аталады (35, 109.). Батыр, əскери
қолбасшы, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлының есімін мəңгі
есте қалдыру мақсатында қойылған атау. 1995 жылы Кеңес Одағы-
ның батыры Бауыржан Момышұлының ескерткіші мен мемориал-
дық мұражайы ашылған.
Қазақта ауылында кім қадірлі, ақсақал, айтар ақылы бар, тəлім-
тəрбиесі мол, тəртіпті отбасы мен ел сыйлайтын аптал азаматы бар
адамды ескере отырып, сол ауылдың қариясы мен ақылшы дария-
сы болатын адамның атымен халық тарапынан кейбір ауылдар ата-
лады. Бауыржанның əкесі 18 ауылдың страшыны қызметін атқа-
рады. Ол сауатты да салмақты, сөзі өткір адам болған. Шығармада
баяндағандай:
Жексенбі базары Бурное станциясының орталығында бола-
тын (1 т., 466-б.).
Сол жылы көктемде Бурное станциясына шойын жол тартылды
да, бұл жер сауда-саттықтың қызу орталығына айналды (1 т., 337-б.).
Бұл Момышұлы ауылының бұрынғы атауы. Жуалы өңірінің та-
биғатына байланысты боранды, үнемі жел соғып, қыстың қаттылы-
ғын аңғартатын мағынадағы топоним.
Осындай бір күпті күні Түлкібастағы Темір руының адамдары
Қабаштың қолын байлап ауылға алып келіпті (1 т., 341-б.).
Түлкібас ауданы – Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан
аудан. Жер аумағы 2,3 мың км². Тұрғыны 90 мың адамнан асады.
Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылы. Aудан Сырдария ок-
ругіне қарасты, Шымкент уезі, Майлыкент болысының аумағында,
орталығы Түлкібас стансасы болып, 1928 жылы 17 қаңтарда құ-
рылғандығын мұрағат құжаттары растайды. 1930 жылғы 17 желтоқ-
сандағы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің қаулысына сəйкес
Түлкібас ауданы Жуалы ауданына қосылды. Бес жылдай Жамбыл
облысының қарамағында болып, 1935 жылы 9-шы қаңтарда Оңтүс-
тік Қазақстан облысының құрамында қайта шаңырақ көтеріп, ор-
талығы Ванновка ауылы болып бекітілді. 1963-1966 жылдары Сай-
рам ауданында болды. 1993 жылы 7-ші қазанда Қазақстан Респуб-
ликасы Президентінің Жарлығымен қазақтың қайсар ұлы Тұрар
Рысқұловтың 100 жасқа толу құрметіне орай, аудан орталығы Ван-
новка ауылы Тұрар Рысқұлов ауылы болып өзгертілді.
246
247
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
Сондай-ақ Түлкібас – орта ғасырдағы елді мекен. Оңтүстік Қа-
зақстан облысы Түлкібас ауданы Түлкібас станциясының м аңында
орналасқан. 1940 жылы Жамбыл археологиялық пункті (жетекшісі
Г.И. Пацевич) зерттеп, сегіз жерден тұрақты мекен-жайлардың ор-
нын тапқан. Оның көрінісі: биіктігі 3 м-ден 10–15 м-ге дейін, ау-
мағы 45×36 м, 56×56 м, 103×177 м, т.б. мөлшердегі əртүрлі төбе-
шіктер. Зерттеу кезінде мекен үстінен көптеген көзе сынықтары
табылған, сондай-ақ кейбір қорғаныс жүйелері, гранит тастардан
қаланған іргетастар сақталған. Құрылыс жүйелеріне, зат қалдықта-
рына қарағанда Түлкібас VІІІ–XІІ ғасырларда өмір сүрген. Тұрғын-
дары жартылай егіншілікпен жəне мал шаруашылығымен айналыс-
қан көрінеді.
Шығармада: Шақпақтан өткен соң, Майлыкент, Түлкібас жа-
зығын басып өтіп, Қарақшы белден асасың. Сонан соң Машат
ойпаңымен жүріп отырып, Ақсу бойын жағалайсың. Ақсу десе – ақ
су (1 т., 449-б.).
Майлыкент – қаласы Түлкібас. Майлыкенти Мəди Меркішұлы,
Кəмина Молда Мəһди ибн-Меркіш Майлыкенти (1868, қазіргі Оң-
түстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Көктерек ауылы – 1924) –
ақын. Ташкент, Бұхара медреселерінде оқыған. Халық арасында
суырыпсалма ақындық өнерімен танылған. Ел ішінде Медеу мол-
да атанған. Медеудің тұңғыш өлеңдер жинағы 1917 жылы «Туһфа
ва жумхурият» (Республикаға сый) деген атпен Ташкент қаласында
басылып шыққан. Өлеңдерінде Түркістанның отарлануы, 1916 жыл-
ғы көтеріліс, Қазан төңкерісі, халық санасының оянып, тəуелсіздік-
ке ұмтылуы сияқты мəселелерді көтерген .
Біз Б. Момышұлы шығармашылығындағы топонимдерге тоқтал-
ғандықтан, оның өміріне қатысты жайларды талдау барысында сөз
етіп отырамыз.
Ақ орданың сыртындағы əйелдер жағы əруақ-құдайға сыйынып,
сыбырласып қана сөйлеседі (Б.М., 1 т.).
– Ақ орданы басындырып қойғанымыз қалай? (Б.М., 1, 3 т.).
Бұл үзіндідегі Ақ Орда Байзақ датқаның шаңырағын айтып отыр,
жалпы қазақ халқында ауылдың биі, ақсақалы, болысының немесе
əулеттің жасы үлкендерінің шаңырағын «Ақ Ордаға» теңеп айтып
отырған.
Жалпы тарихта Ақ Орда мемлекеті болған. Ақ Орда – ХІV ға-
сырдың 1-ширегінде Шығыс Дешті Қыпшақта Жошының үлкен
ұлы Орда Ежен, оның інілері Шайбан, Шингкүр, Тұқа-Темір ұлыс-
тары негізінде құрылған мемлекет. 1226-1309 ж. Ақ Ордада Орда
Ежен (1226-47/50), Күнқыран (1250/51-80), Қоныша (1289-1301),
Баян (1301-09) билік құрды. Астанасы алғашында Шығыс Қазақ-
станда, Ертіс өзенінің жоғарғы ағысы бойында, Алакөл маңында
болды. ХІІІ ғасырдың 2-жартысы мен ХІV ғасырдың басында Сыр-
дарияның орта ағысы бойындағы қалалардың экономика, мəдени,
геосаяси жағынан қайта өркендеуінің жəне Хайду мен Дуваның
Баян ханмен Шығыс Қазақстанда территория үшін талас-тартысы-
ның нəтижесінде ұлыс орталығы Сыр бойына көшірілген. 1309-
15 ж. Ақ Ордада Сасы Бұқа хан билік құрғандығы тарихтан бел-
гілі. Сондықтан кітабымызда бұл атауға да тоқталып кеткенді жөн
көрдік.
«Жаз айының мамыржай кеші еді, – деп жазады Б. Момыш-
ұлы өзінің «Ұшқан ұя» кітабында туған жер келбетіне сүйсіне оты-
рып – Алтын күн, құлан тауына иек артып, төңірекпен қоштас-
қысы келмей қызара қиналып тұрғандай сезіледі. Алатаудың құзар
басынан күннің соңғы сəулелері қуат алғандай көзді ұрады. Жай-
лауды мамық түн біресе көгеріп, даланың бояуын біресе қошқыл-
дандырып, біресе бозғылдандырып жібереді». Батыр Бауыржан өз
шығармасында туған жердің келбетін осылай суреттейді.
* * *
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабындағы
топонимдердің тарихи-лингвистикалық сипаты
Қазіргі лингвистикада көркем шығарма текстін түзудің маңыз-
ды мəселелерінің бірі – көркем шығарманың ономастикалық ке-
ңістігін қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, көркем текст
жалқы есімдерін зерттеу нысаны ретінде алған еңбектер санының
артуы – заңды құбылыс. Жалқы есімдердің көркем шығарма текстін
түзудегі қызметін зерттеу автордың ойын жəне шығармадағы
ақпаратты жеткізу мақсатында ономастикалық бірліктерді соның
ішінде топонимдерді қолдануда автордың құқығын басты назарға
ұстауға негізделеді.
Жеке автор стилі немесе бір шығарма ішіндегі топонимдерді
зерттеу келесі параметрлер бойынша топтастырылған ономастика-
лық құралдарды толық талдаудан басталады.
Біріншіден, шығарманың немесе текстің ономастикалық кеңіс-
тігіндегі ономастикалық атаулардың денотативтік мағынасы бойын-
ша қарастырылады. Біз онда стилистикалық мағыналық пен жиі
қолданысы бойынша маңызды орынды алатын антропонимдер-
топонимдер (ойконимдер, гидронимдер, оронимдер); антропоним-
дер – урбанонимдер; ақиқат антропонимдер – мифонимдер (теоним-
248
249
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
дер); хрематонимдер – тауар белгілері сияқты қарама-қарсы жалқы
есімдердің тақырыптық разрядтарын аламыз. Бұл кітапта негізі-
нен топонимдерге қатысты мысалдар кеңінен талданады.
Көркем шығарманы лексикалық толтыруда жалқы есімдер ерек-
ше дəрежеге ие, ол автордың тілдік таңдауын ерекше жеткізеді. Біз
қарастырып отырған Момышұлы шығармаларында олардың қол-
данылу жиілігі соншалық маңызды, оны жеке зерттеу нысаны ре-
тінде қарастырудың себебін түсіндіреді. Көркем шығарманың қа-
рапайым тіл құралдары арқылы мол ақпаратты жеткізу қасиеті –
шығарма, текст көлемі, оның мазмұны, жеткізетін ақпараты мен
маңыздылығына байланысты болып табылады.
Көркем шығарма авторларының шығармашылық шеберлігін
жалқы есімдерді текст түзу заңдылығына бағындыра алуынан,
олардың шығарма ішіндегі эстетикалық маңыздылығын аша түсуі-
нен, жалқы есімдерді қажетті ақпаратты жеткізуде, əртүрлі қызмет-
те орынды пайдалана алуынан байқаймыз. Сонымен қатар жалқы
есімдерді лингвистикалық жəне экстралингвистикалық факторла-
рымен байланысты қарастырылатын тілдік кұрал ретінде зерттеу
ономастикалық атаулардың ерекше мəдени кұндылық екендігін та-
ныта түседі.
Мұндағы ең маңыздылық – аталған авторлар ономастикалық
кеңістіктің өзегін құрайтын жəне өзекке жақын жалқы есімдік раз-
рядтарды пайдаланған: антропонимдер, топонимдер, этнонимдер,
теонимдер, космонимдер, библионимдер. Ал солардың кейбірі ғана
фитонимдер мен зоонимдерді қолданады. Оларды қолдану нақты
шығарма текстімен жəне автордың интенциясымен, оның жеке
авторлық текст кұру, көркем шығарма түрлерін жазу тəсілімен бай-
ланысты. Бұл ақын-жазушылардың қандай да бір лингвомəдени
өкіл ретінде ономастикалық лексиканы қолданудың тұрақтылығын
көрсетсе, екіншіден, Б. Момышұлы шығармалары дидактикалық
мазмұндағы барша қауымға арналған, əлеуметтік маңыздылығы
жойылмаған, қызметі уақыт пен кеңістікке бағынбайтын, қабыл-
дану ауқымы кең, əркез өзекті болып табылатын шығармалар екен-
дігін көрсетеді. Автордың шығарма ішінде топонимдер қолданысы
осыған талпынғанын байқатады.
Қоғамда ономастикалық атаулар табиғатына, оның тарихи қа-
лыптасуына деген қызығушылық өсе түсуде. Осы тұрғыдан алған-
да, гюэтонимдер ерекше құндылық болып саналады.
Қазіргі кезде онимдер əртүрлі ғылыми пəндердің: тарих, геогра-
фия, əдебиеттану, этнография, психология, астрономия, т.б. зерт-
теу нысаны болып отырғанын айта кеткен жөн. Алайда, ең алды-
мен, онимдердің лингвистикалық бірлік болып табылатыны даусыз
жəне тіл маманы ғалымдарының зерттеу нысанына айналғаны о бас-
тан белгілі. Онимдердің тілдік табиғаты туралы Ресей ономас-
тикасының негізін қалаушы ғалымдардың бірі В.А. Никонов:
«Атау – басқа сөздер сияқты ол да сөз, тіл заңына бағынады, яғни
тіл біліміне қатысты бірлік», – деп атап көрсеткен.
Осы мақсатқа сай Б. Момышұлының шығармаларындағы то-
понимдерге тоқталамыз. Қазақстанның халық жазушысы Шерхан
Мұртаза Бауыржан батыр туралы былай деп жазады: «Батырды
қолдан жасауға болмайды, батырды сатып та алуға болмайды. Ба-
тыр белгілі бір ортада, топырақта өсіп-өнеді. Осы тұрғыдан кел-
генде, Бауыржан Момышұлы секілді ұлы батырды дүниеге əкел-
ген Жуалы елі – батырлар елі» (32).
Қашаннан да батырлар елі – əулиелі жер, киелі жер аталған –
Əулиеата топырағы өзінің батырлары мен небір саңлақтарын дү-
ниеге əкелген жер. Бұл жер топонимдері туралы айтпай кетпеу-
ге болмайды. Сондықтан да біз, əлемге əйгілі Бауыржан батырдың
туып-өскен жері мен оның балалық шағы, жастық шағы, өмірінің
кейбір өткелдерінің куəсі болған, сондай-ақ соғыс барысындағы
Жеңіс үшін жүріп өткен жерлері мен қала, ауыл, аудан, туған өл-
кесі, яғни топонимдерінің мəн-мағынасы мен аталу уəждеріне, та-
рихи-лингвистикалық сипаты мен сырын ашамыз.
Б. Момышұлы шығармаларының 30 томдық жинағының 1 то-
мындағы топонимдерді нақтылы келтіре отырып талданады. Б.
Момышұлының шығармалар жинағының «Ұшқан ұя» атты бірінші
кітабында Əулиеата, Кремень, Ақ орда, Ақкөз, Бекет, Бурное, Голо-
вочевка, Диқан, Евгеньевка, Кавказ, Көлбастау, Қарақшы, Ленгер,
Майлыкент, Машат, Момыш ауылы, Сайрам, Ташкент, Ташкент-
Пішпек (Фрунзе), Түлкібас жəне т.б. топонимдер кездеседі.
Ономастикалық кеңістікке топонимдерді енгізудің мерзімдік
шегі барынша шартты болып келетін ұлттық ономастикадан поэ-
тикалық ономастиканың айырмашылығы – көркем шығарманың
ономастикалық кеңістігін қалыптастырудың екі кезеңі бар.
Бірінші кезең автордың көркем шығарманы дүниеге келтірудің
барлық кезеңдерін: басынан бастап шығарма аяқталғанға дейінгіні
қамтиды. Екінші фаза кейінгі мезгілде де, кеңістікте де еш өзгеріс-
сіз қолданылатын нақты шығарма поэтонимдерінің статистикалық
бекітілуін қарастырады. Көркем шығарма ономастикалық кеңістігін
қажетті поэтонимдермен толтыру динамикасы тек бірінші фазаға
тəн. Көркем шығарма жазуда поэтонимдерді, шығарма ішіндегі
қызметін өзгертуге болады.
250
251
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
Көркем шығарма ономастикалық кеңістігінің статистикалық,
шектеулілігі, антропоөзектілік, топонимдік белгілері оны көркем
шығарманы дүниеге əкелуші ретінде автордың рөлі маңызды бо-
лып табылатын жеке, автономды қызмет атқарушы құбылыс ре-
тінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен, көркем шығарманың ономастикалық кеңістігі тек
маңызды құрылымдық-ұйымдастырушы қызмет қана атқарып қой-
майды, сонымен бірге мүмкіндігінше жан-жақты лингвистикалық
жəне экстралингвистикалық, статистикалық ақпаратқа да ие бо-
лады. Ономастикалық кеңістік жазушы тілі сөздігінің құрылым-
ды бөлігін қамтиды, оның авторлық жекелігін, шеберлік деңгейін
сипаттайды.
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повестінде қырыққа
жуық топоним кездеседі. Олардың ішкі мазмұнына үңілсек, олар-
дың əрқайсысы тұнып тұрған тарихпен өрілген. Əр атаудың тари-
хи оқиғаға байланысы бар екендігін байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |