З. ҚҰламанова т. ЖаңАҚҰлов б. Момышұлы шығармашылығындағы топонимикалық атаулар


Əлемдік деңгейдегі қайраткер, ғалым



Pdf көрінісі
бет12/22
Дата16.02.2017
өлшемі5,15 Mb.
#4238
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

Əлемдік деңгейдегі қайраткер, ғалым.
Н. Назарбаев көрегендік, даналық қасиеттерінің нəтижесінде та-
рих  өлшемімен  ең  қысқа  мерзім  ішінде  жаңа  да  жас  буыны  қатпа-
ған,  тəуелсіз  Қазақстанды  əлемдегі  келешегі  зор,  мəңгілікті  бетке 
ұстаған,  қарқынды  дамып  келе  жатқан  əлемдік  мемлекеттердің  бірі 
ретінде  танытып,  онымен  санасатын,  ақылдасатын  деңгейге  жеткі-
зіп,  халықаралық  беделін  нығайта  білді.  Қазақстанды  өркендеудің, 
даму  жəне  табысты  болудың  белесті  биігіне  шығарды.  Оған  дə-
лел  –  əлем  қайраткерлерінің  оның  лидерлік  қасиеттерін  мойындап 
айтқан  сөздері  мен  идеялары.  Оның  қайраткерлік  іс-əрекеттері  мен 
қасиеттері  Қазақстанның,  Орта  Азияның,  Азияның,  Батыстың  ноқ-
таларынан  шығып,  əлемдік  талаптарға  сай  жол  тартты  десек,  шын-
дықтан  ауытқымаймыз.  Олар:  əлемді  соғыс  пен  қақтығыстар  құр-
сауынан  босатып,  бейбіт  өмір  сүруін  нығайту,  əлемдік  жəне  дəс-
түрлі  діндер  арасындағы  қайшылық  пен  келіспеушілікті  босаң-
сыту,  жұмыссыздықтың  нəтижесінде  халықтардың  көбісінің  ашар-
шылық  жағдайда  өмір  сүруі,  медициналық  көмекке  зəру  елдерге 
көмек  көрсету,  наркотрафикпен  пəрменді  түрде  күресу,  дүние  жү-
зін  мерзіммен  жайлаған  дағдарысты  ауыздықтау,  табиғатты  жара-
лауды,  адамдар  арасындағы  имансыздықты,  мəдениетсіздікті  ес-
керу, тағы басқа. Байқасақ, осыншама ауқымды проблемаларды ар-
қалауға  біздің  жер  планетамыз  кішірейіп  қалған  тəрізді.  Аталмыш 
проблемалар  туралы  айтып,  күн  тəртібіне  қойып  шешуге  бел  буған 
қайраткерлер  аз  емес.  Бірақ  олардың  шешу  жолдарын  айтып,  ре-
алды  үлес  қосып,  іске  бел  шеше  кірісіп  жүрген  қайраткерлер  мен 
ғалымдар  санаулы  ғана  десек  қателеспейміз.  Олардың  қатарына 
БҰҰ  бас  секретары  Пан  Ги  Мун,  Н.  Назарбаев,  Қытай  басшысы, 
Ресей  президенті,  Франция  премьер-министрі  жатады.  Жоғарыда 
айтылған  проблемалардың  пайда  болуының  басты  тетіктерінің 
бірі – əлемдік дағдарыс болса керек. Оның алдын алып болдырмау-
дың шешімін табудың жолын екі адам ғана болжап айтты:
Н.  Назарбаев,  əлемдік  дағдарыс  бір  ғана  валютаға  кіріптарлық 
болғандықтан оны шығару станогі бір елдің қолында ғана болғаны, 
соның салдарынан əлемдік экономиканың сол валютаның ашса ала-
қанында, жұмса жұдырығында болатындығы нəтижесінде ақша шы-
ғару  бір  елге  шоғырланды  деп  тұжырымдайды.  Сондықтан,  ақша 
басып  шығарудың  өзін  демократияландырып,  əлемдік  бір  валютаға 
көшу  керектігін,  сонда  ғана  оны  басып  шығару  көп  елдерден  тұра-
тын  комиссияның  бақылауында  болмақ.  Бүгінде  əлемдік  валюта-
ны  демократияландыру  мəселесіне  алғашқы  қам  да  жасалынды. 
Қытай  мен  Ресей  долларды  айналып  өтіп  юань  мен  рубльдің  ті-
келей  қатынастарын  күшейтпекші.  Бұл  дегеніміз    экономикалық, 
əлеуметтік,  мəдениеттік  қатынастарда  доллардың  шылауынан  ары-
луда  деген  сөз.  Осылай  ұлттық  валюталарды  қосып  дербестендіру 
арқылы болашақта демократияланған ортақ валютаға келуіміз мүм-
кін  екендігін  айтты.  Осы  жолмен  жүрсек,  əлемдік  дағдарысты  те-
жеуіміз мүмкін деген ұғымға саяды. 
Екіншіден,  Қазақстанда  рыноктық  қатынастың  үстем  болуына 
байланысты,  капитализмнің  дөрекі  түрі  қалыптасуда,  яғни  қоғамда 
шұғыл  дифференция  процесі  етек  алуда,  бай  мен  кедей  арасын-
дағы  алшақтық  одан  əрі  қарай  тереңдеуде.  Меншік  иесі  мемлекет-

196
197
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
ке салық төлеп қана көмектесе алады. Жақсы экономистердің шын-
дықты  айтып  мойындауларына  қарағанда,  салықтың  біраз  бөлігін 
төлемей  жымқырып  қалуға  жол  табуға  болады  екен.  Тек  қана  оны 
жымын білдірмей, келісіп, жоспарын іске асыруға болатын сияқты. 
Осыдан  барып  меншік  иесінің  байлығының  еселене  беретіні  шын-
дық.  Олар  бұл  қомақты  қаражатты,  патриоттық  сезіммен  рацио-
налды  түрде  өндіріс,  Отанында  жұмыс  орындарын  ашып,  жұмыс-
сыздықты  азайтып,  əлеуметтік  мəселелерді  шешудің  орнына, «Бо-
лашақта  əлдеқандай  күн  болады»  деген  эгоизм  билеген  ұғыммен 
шетел  банктеріне  асырып  жібереді.  Осыдан  барып  мемлекетті 
əлеуметтік  мəселелерді  шешуде,  инфрақұрылымдарды  салуға,  жаң-
ғыртуға  қаражат  тапшылығы  қол  байлайды.  Н.  Назарбаевтың  па-
йымдауынша, рынокқа негізделген капиталистік өндірістік қатынас-
тың  шеңбері  тарылды,  енді  қоғамның  əрі  қарай  шапшаңдықпен 
дамуына  кедергі  жасап,  аяғына  тұсау  салуда.  Елімізде  əлеуметтік 
мəселелер  қордаланып  (оның  үстіне  дағдарыс  та  алқымнан  алуда) 
оны  дəйекті  шешуге  мемлекет  қалтасы  көтермеуде.  Оның  үстіне 
Елбасы,  əлеуметтік  мəселелердің  деңгейі  төмендемейді,  деп  халық-
ты сендірді.
Олай  болса  мемлекеттің  қаржысын  қомақтандырудың  жолда-
рын  Елбасы  іздестіруде.  Бірде,  Елбасының  жұмыс  кабинетінде, 
оның  Маркстың  «Капиталының»  үшінші  томын  ақтарып  отырған 
сəті фотосуретке түсіріліпті, соны көзіміз шалып қалды. Ұлы адам-
дардың  ұлы  ойшылдармен  ақылдасып  отыратындығы  заңдылық, 
ол  өмір  талабы.  Маркстің  идеясы  қажет  болдыма  кім  білсін.  Үлкен 
отырыста  былай  деді: «Егер  үлкен  компаниялар  өздерінің  үлесін 
сатар  болса,  оны  басқаларға  бермей,  мемлекет  өз  қарамағына  алуы 
керек»,    деді.  Бұдан  байқайтынымыз,  компаниядан  түскен  қаржы 
түгелімен  мемлекет  қалтасына  түседі.  Ал  ол  компанияда  тəртіп 
мəселесі төмендейді деп тұжырымдау бос сөз, өйткені бізде меншік-
тің  əр  алуандылығына  арналған  заңдылық  пен  ереже  бірдей,  сон-
дықтан  талап  та  бірдей.  Былайша  айтқанда,  компания  социалистік 
меншікті еске түсіріп, талап төмендейді деу – жансақтық.
Қорыта  келгенде,  меншіктің  əр  алуандылығында  мемлекеттік 
меншікке  басымдылық  беру  өмір  талабына  сай  келмек.  Мемле-
кет  əлеуметтік  мəселелерді  шешуде  кеңдеу  кеңістікке  ие  болар  еді. 
Нəтижесінде  Еуропадағы  сияқты  адамдардың  əлеуметтік  игілікті 
кеңінен пайдалануға кеңдеу жол ашылар еді.
Енді  американдық  экономист  жəне  саясаттанушы  Джереми 
Рифкин  өзінің  аты  шулы  «Еңбектің  ақыры», «Европалық  арман» 
кітаптарында  үшінші  индустриялық  революция  туралы  мəселе 
көтереді.  Бірінші  индустриялық  революцияның  қозғалтқыш  күші 
көмір,  бу,  электр  қуаты  болса,  екінші  индустриялық  революция 
мұнай  мен  газға  байланысты  болды.  Ғылыми-техникалық  револю-
цияның  өндіріске  енуі  тек  ғана  энергетикамен  тікелей  байланысты 
болды.  Қазіргі  дəуірде  аталмыш  энергия  көздері  тапшылыққа  бой 
алдырып,  оларды  өндіру  аса  үлкен  қаражат  төгуді  талап  ете  бас-
тады.  Нəтижесінде  бұл  əлеуметтік  мəселелерді  шешуде  өзінің  кері 
ықпалын  тигізе  бастады.  Сондықтан  адамдар  (ғалымдар)  энергия-
ның  жаңа  көзін  іздеп  табуды  іздестіре  бастады.  Ол  қайта  қалпына 
келетін, «жасыл  экономика» (жасыл  энергия)  деп  аталатын  табиғат 
ресурстарын (жел, күн сəулесі, су, биомасса тағы басқа сияқты) пай-
далану  арқылы  үшінші  индустриялық  революция  өмірге  ене  баста-
ды.  Аталмыш  революция  өндірісті  кеңейтіп,  қаражаттың  массасын 
ұлғайту, өмір саласын арттыруға аса үлкен талап қойды.
Д.  Рифкин  АҚШ  пен  Батыс  Еуропаны  салыстыра  келіп,  əлемде 
осы  уақытқа  дейін  əлеуметтік-экономикалық  екі  үлкен  үлгісі  үс-
темдік  құрып  келді.  Оның  біріншісі    американдық  болса,  екінші-
сі – еуропалық  еді.  Еуропалықтар  шағымданғанды,  америкалықтар 
мақтанғандықты  ұнатады. «Олардың  жеңіл  машинесінің  ұзынды-
ғы 12 метрге дейін барады», – дейді Рифкин.
Рифкиннің  пікірінше,  АҚШ-та  əрбір  адам  жеке  жүріп  жол  та-
уып,  үлкен  табысқа  жете  алады  дейтін  «американдық  арман»  идея-
сын  бір  кезде  Еуропадан  келгендер  қалыптастырды  да,  мұны  аме-
рикандық  «индивиуализм»  деп  аталады.  Қазіргі  таңда  бұл  прин-
цип  өз  жемісін  берер  емес.  Дегенмен,  американдықтардың 51% əлі 
күнге  дейін  осы  арман  жетегінде  келеді.  АҚШ-тағы  байлар  мен 
кедейлердің  табыс  айырмашылығы  бір-бірінен  мейлінше  алшақтап 
кетуінің  салдарынан,  АҚШ  осы  көрсеткіш  бойынша  əлем  елдері 
арасында 24-ші орынға түсіп қалды.
Ал  Еуропа  тұрғындары  үшін  басты  құндылық – американдық 
түсініктегі  ақша  табу  арқылы  келетін  ертеңгі  күнге  деген  сенімді-
лік емес, өмірдің сапасы болып отыр. Жеке бастың еркіндігін бірге 
алып  қарастыратын  бұл  күрделі  түсінік  ұжымдасып  күш-жігер 
жұмсау  арқылы  өмірдің  сапасына  көз  жеткізуді  көздейді.  Себебі, 
еуропалықтар американдықтар секілді жерге бай емес. Олар қоғам-
нан  бөлектеніп,  жеке  бір  ранчо  құруға  мүмкіндіктері  жоқ.  Сондық-
тан  олар  «бəрі  бірі  үшін,  бірі  бəрі  үшін  (Қазақстандағы  «асар») 
қызмет  етуге»  мəжбүр  болған.  Еуропадағы  саясат  та  осыған  ба-
ғынған.  Еуропалық  одақ  құру  ісі  де  осыдан  барып  шығады.  Еуро-
пада  болса,  адам  өлімі  АҚШ-тан  əлдеқайда  төмен,  адам  өмірінің 
ұзақтығы да көрініс тапқан. «Мұны, ең алдымен, АҚШ пен Еуропа 

198
199
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
одағы  елдерінің  ұстанған  əлеуметтік  саясаттарынан  анық  байқауға 
болады.  Мəселен,  АҚШ-та  əлеуметтік  шығындарға  ішкі  жалпы 
өнім  (ІЖӨ) 11%-і  ғана  жұмсалса,  Еуропадағы  бұл  көрсеткіш 26%-і 
құрайды.  Осының  нəтижесінде  əрбір  американдықтың  дəулеті  əр-
бір  орташа  еуропалықтан 28% артық  болғанымен,  өмірдің  сапасы 
жағынан  алғанда  еуропалықтар  американдықтардың  алдына  түсіп 
отыр»,  дейді Рифкин. Бұл жерде Рифкиннің көздегені – болашақ-
та  қоғам  ауысқан  кезде,  қай  үлгінің  алға  озатындығын  көрсетіп 
беру.  Осы  уақытқа  дейін  үстемдік  құрып  келген  үлгілер  арасында 
қай  үлгі  болашақтың  бейнесіне  мейлінше  сəйкес  келе  алады,  соны 
анықтау  (біздің  пайымдауымызша,  еуропалық  үлгі  социализмнің 
үлгісін көбірек қайталайтын сияқты).
Қорыта  келе,  Рифкин,  американдық  арманды  еуропалық  арман-
ның  ығыстыра  бастайтындығын  айтады.  Өйткені,  Рифкиннің,  па-
йымдауынша,  бұдан  былайғы  уақыттары  қоғам  əлеуметтене  бере-
тін  болады.  Ақыр  аяғында  Карл  Маркстың  айтқаны  келіп,  қазіргі 
капитализмнің  орнын  социалистік  қоғам  белгілері  міндетті  түрде 
басады.  Бұл  диалектикалық  дамудың  бұлтартпас  заңдылығы.  Бəл-
кім,  Карл  Маркстың  жазғандарының  барлығы 100% тіпті 50% келе 
бермес.  Өйткені,  өмір  шындығы  теорияға  қашанда  болмасын  өз 
өзгерістерін енгізбей қоймайды. Əйтсе де, Карл Маркстың «капита-
лы»  мен  Фридрих  Энгельстің  іргелі  туындыларындағы  принципті 
көзқарастар  мен  пайымдаулардың  қоғам  алға  басқан  сайын  растала 
түскендігін  қазір  көптеген  халықаралық  саясаттанушылар  мен  эко-
номистер мойындап та үлгергендей.
Жалпы  алғанда,  американдық  құндылықтар  жеке  адамның  же-
тістіктерін,  ал  шығыс  құндылықтары  ұжымшылдықты  (коллек-
тивтілікті)  негізге  алатындығы  белгілі.  Рифкиннің  пайымдауынша, 
еуропалық  құндылықтар  осы  екеуінің  ортасына  келіп  орналасқан. 
Ол  жеке  адамның  жетістіктерін  əспеттей  отырып,  негізінен  ұжым-
шылдыққа үндейді. Өйткені еуропалық ортада жеке жүріп жол табу 
қиын.  Бірақ  еуропалықтар  біздің  қазақ  айтқандай, «көппен  бірге 
адасуды»  тағы  да  қаламайтындай.  Мұнда  сақтық  пен  ұқыптылық 
мəселесі  көп  қарастырылады.  Сондықтан,  Рифкин,  заманды  сенімді 
жəне  бірте-бірте  сенімді  бағытта  алға  жылжытудың  негіздері  кəрі 
құрылықта  қалыптасқан  деп  есептейді.  Еуропа  өзінің 510 милион 
тұрғынымен  əлемде  ең  үлкен  экспорттаушы  жəне  рынок  болып  та-
былады.  Рифкиннің  пайымдауынша,  адамзат  қауымы  социализмнің 
Еуропаға  қол  жеткізген  жетістіктерін  сақтай  отырып  жаңа  эко-
номикалық  қатынастарды  (атап  айтқанда,  рыноктық  экономиканы 
емес, оның орнына əлеуметтік экономиканы) орнықтыруы керек.
Қорыта  келгенде,  дағдарыс,  жоғарыда  айтқандай,  қазіргі  өрке-
ниеттің  негізгі  тамағы  болып  отырған  мұнай  мен  газдың  тапшы-
лығынан  жəне  осындағы  (Еуропадағы)  мемлекеттер  мойнына  алып 
отырған  əлеуметтік  шығындардың  молдығынан  туындап  отыр. 
Сондықтан  Еуропа  елдері  қазірдің  өзінде  күн,  жел,  су,  сутегі  энер-
гиясы секілді қайта жаңғыртылатын қуат көздерін молынан игеруге 
иек  артып,  оларды  пайдалану  көлемін  жылдан-жылға  артыруды 
көздеуде.
Н.  Назарбаев  пен  Д.  Рифкиннің  дағдарыстың  табиғатын  толық-
тай  ашты  деп  айту  да  ертерек  шығар,  бірақ  ұмтылысы  қуантарлық 
жəне  олардың  зерттеулерінде  құлақ  асуға  тұрарлық  тың  идеялар-
дың  барлығы  сөзсіз.  Болашақ  зерттеулердің  ақиқатқа  бір  табан 
жақындататыны  даусыз.  Бұл  жерде  Н.  Назарбаевтың  əлемдік  ак-
туальді  проблема – дағдарыстардың  табиғатын  теориялық  жағынан 
зерделеп-зерттеуде  қосқан  елеулі  үлесін  атап  өтпеске  болмайды. 
Оның  шешу  жолдарын  да  көрсете  білді.  Н.  Назарбаев  əлемдік  тұл-
ғалық  қайраткер  ретінде,  əлемде  болып  жатқан  проблемалардан 
сырт  қалмай,  оны  шешуге  тікелей  атсалысуда.  Соның  бірі  жер  ша-
рындағы  адамдардың  бейбіт  өмір  сүріп  тыныш  ұйықтауын  қамта-
масыз  ету  мақсаты  еді.  Əлемде  ең  тынышсыз  аймақ  Еуропа  болып 
есептеледі.  Соңғы  дүниежүзілік  соғыс  өрті  осы  жерден  шыққанын 
да  білеміз.  Болып  жатқан  қайшылықтарды  одан  əрі  тереңдетпей, 
дер  кезінде  шешу  мақсатымен  Еуропа  елдерінің  лидерлерінің  бас-
тамасымен  ОБСЕ  (организация  безопасности  европейских  стран) 
саммиттер  өткізіп  тұруды  қалыпты  жағдайға  айналдырған.  Бірақ 
саммит  əлемдік  деңгейде  өткізілетін  болғандықтан,  ол  оңай  шаруа 
емес-ті.  Оның  материалдық,  ұйымдастырушылық,  уақыттық  шара-
ларының  жауапкершілігі  күрделі  болғандықтан,  оны  əр  ел  мойны-
на  ала  бермесе  керек.  Н.  Назарбаевтың  мұрындық  болуымен  соңғы 
11  жыл  бойы  өткізілмеген,  былайша  айтқанда  тоқтап  консерва-
цияланған  ұйымды  қайта  тірілтіп,  Еуропа  лидерлерін,  саммит  өткі-
зудің  қажет  екендігін  мойындатып, 2010 ж.  Астанаға 56 елдің  ли-
дерлерінің  қатысуымен  ең  үлкен  саммит  өтті.  Əлем  жеңіл  демін 
алып,  бір  серпіліп  қалды  десек  қателеспейміз.  Бір  жағынан  соның 
нəтижесі  болу  керек,  қордаланған  проблемаларды  біріге  отырып, 
ақылдасып шешудің қажеттігі жиі мойындала бастады. 
Қақтығыстардың  біразы  діни  конфессиялардың  ортақ  тіл  таба 
алмай,  бірден  қаруға  иек  артуынан  болып  тұратыны  шындық. 
Дінаралық  келіспеушіліктің  тамыры  ондаған  ғасырларға  созыла-
тын,  оның  миллиондаған  адамдардың  өмірін  қиғаны  тарихтан  мə-
лім.  Діни  қайшылықтардың  қауіптілігін  жиі  көзбен  көріп  құлақпен 

200
201
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
естіп  отырамыз.  Діни  толеранттылықтың  жоқтығынан  ол  саясатқа 
айналып,  қантөгушілікке  əкеп  соқтыруда,  бұл  олардың  бітіспеу-
шілігінің  мəңгілікке  созылатындығының  көрінісі  болады  да  тұра-
ды, келісуді ойына да алмайды, қатып-семіп қалған мəселе сияқты.
Н. Назарбаев осы мəселеге гуманистік тұрғыдан келіп, адамдар-
дың  өмірінің  ең  қымбатты  екенін  тілге  тиек  етіп  тыныштықтан, 
бейбітшіліктен  артық  құндылықтың  жоқ  екенін  халықтардың  тағы 
бір  есіне  салу  қажеттігін  ескеріп  «Əлемдік  жəне  дəстүрлі»  діндер-
дің  лидерлерінің  бір  емес,  үш  съезін  Астанада  өткізуге  мұрындық 
болды.
Байқап  қарасақ,  христиандар  мен  мұсылмандар  ешқашан  бір 
столдың  басында  отырып,  бір-бірімен  бейбіт  əңгіме  құрмаған  екен. 
Бас  қосудың  қажет  екендігіне  Н.  Назарбаев  сендірді.  Бұл  оған 
оңайға  түскен  жоқ,  олардың  əрқайсысымен  дипломатиялық  жол-
мен, жеке кездесу сияқты күрделі мəселелерді шеше білді. Ол съез-
дердің  жоғарғы  деңгейде  өтуіне  Н.  Назарбаевтың  əлемдік  абыройы 
мен  беделі  шешуші  роль  атқарды  десек  шындықтан  ауытқымай-
мыз. Оның оңды ықпалының нəтижесінде, лидерлердің сөздері жал-
пы  адамзаттық  құндылықтарды  жақтайтын  бір  арнаға  құйылып, 
олар əлем елдері қолдайтын келісімдерді құптап жатты.
Былтыр  АҚШ  президентінің  басшылығымен  Вашингтонда  яд-
ролық  қаруға  қарсы 193 елдің  басшыларының  қатысуымен,  сам-
мит  өтті,  онда  президент  Н.  Назарбаев  маңызды  сөз  сөйледі.  Яд-
ролық,  жаппай  қыратын  қарудан  əлем  тарихында  бірінші  болып 
бас тартқан елдің лидері ретінде залдағылардың қызу қолдауына ие 
болды. Сонда ядролық қару бар, одан бас тарту туралы айтуын ай-
тып,  бірақ  бас  тартпай  отырған  үлкен  елдердің  лидерлерін  сынның 
тезіне  алды.  Салмақты  шыққан  Қазақстан  президентінің  ядродан 
бас  тарту  идеялары  қабылданған  резолюцияның  іргетасы  ретінде 
қабылданды. Соңында еске қалдыру үшін суретке түскенде Б. Обама 
АҚШ президенті Н. Назарбаевты бірге тұрып суретке түсуге ілтипат 
білдірді.  Басқа  ядролық  алып  елдердің  басшылары  əрқайсысы  əр 
жерде тұрғанын байқадық.
Кезінде  ТМД  елдерінде  болған  Азербайжан-Армения,  Қырғыс-
тан,  Ауғаныстан,  Украина  тағы  басқа  конфликтерде  Н.  Назарбаев-
тың  елшілік,  ағалық  ролдері  оларда  бейбітшілік  орнатуға  үлкен 
роль атқарды. Басқа лидерлер бітімгершілік сөздер мен идеялар ай-
туға бата алмады десек те болады. Өйткені Н. Назарбаевтың табиғат 
берген  асқақ  мəмлегерлігі,  тəжірибесі,  білімгерлігі  олардың  сені-
міне ие болуға дөп келуде. 
Былайша  айтқанда,  салиқалы  сөзіне  құлақ  түретін  абырой-ата-
ғы  мен  беделі  жарасқан  лидерлердің  санын  саусақпен  санауға  бо-
лады.  Айтқан  сөзі  семсердей  өткір,  идеясы  терең,  құндылықтар-
дың  заңдылықтарын  сақтайтын  шағын  қазақ  елінен  шыққан  адам-
ның  даналығы  домалақ  əлемді  үш  орап  алуда,  тəңірден  оған  ден-
саулық  тілейді  халқы.  Дүниежүзіне  ұшан-теңіз  еңбек  сіңірген,  бей-
бітшілік  пен  қауіпсіздік  тұтқасын  ұстатқан  адамға  (Н.  Назарбаев) 
Нобель  сыйлығын  беру  туралы  жер-жерлерден  ұсыныс  түсуде.  Бі-
рақ,  евроцентризм  концепциясының  жетегінде  келе  жатқан  сый-
лықты  тағайындаушылар,  құрып  біткен  расистік  архаизмнің  құры-
ғынан  босана  алмауда.  Парадокс  мынада.  Президент  орынтағына 
отырғанына  үш-ақ  ай  болған  АҚШ  президенті  Барак  Обамаға  Но-
бель сыйлығы берілді. Қандай еңбегі үшін деген заңды сұрақ туады. 
Н.  Назарбаев  əлемдік  мəні  бар  басқа  сыйлықтардың  лауреат-
тығынан кенде емес. Бұдан біз Нобель сыйлығының қасиетінің өзі-
нің  деңгейінен  төмендеп  келе  жатқанын  байқаймыз.  Евроцентрис-
тік  мінезді  Москва  басшылары  Б.  Момышұлына  да  көрсеткенін 
білеміз.  Бірақ  «Халық  айтса  қалт  айтпайды»  дегендей,  халық  «Со-
вет  Одағының  Батыры»  деген  атақты  Москва  басшыларынан  бұ-
рын-ақ беріп қойған еді. Сол сияқты əлем халықтарының Н. Назар-
баевқа  берген  лидерлік  пікірі,  кез  келген  атақтан  жоғары,  əрі  сал-
мақты.
Б.  Момышұлы  ХХ  ғасырдағы  ең  сұрапыл,  теңдесі  жоқ,  дүние-
жүзілік  соғыстың  тактикасы  мен  стратегиясын  жетік  меңгеріп,  іс 
жүзіне  асырғаны,  соғыс  тəсілінің  құралы  ретінде  кейбір  елдерде 
мектеп оқулықтарына енгізгені, сөйтіп, артына өлмес мұра қалдыр-
ған,  стандартсыз  мінезімен,  стандартсыз  кезеңде  ғұмыр  кешкен 
Б. Момышұлын ХХ ғасырдың Феномені деп айтуға əбден болады.
«Қазақстандық  жол»  Стратегиясымен 30 дамыған  елдің  қата-
рына  енуді  батыл  алға  қойған,  əлемдік-қоғамдық  прогресте  капи-
талистік  жүйенің  шеңберінің  тар  бола  бастағаны  туралы  идеяны, 
одан  əрі  қарай  қоғамдық  дамудың  əлеуметтік-экономикалық  тыны-
сын кеңінен ашатын дамудың келесі сатысы туралы болжамдар ай-
тып,  дүниежүзі  халықтарының  бейбіт  өмір  сүруіне  өлшеусіз  үлес 
қосып  келе  жатқан  Н.  Назарбаевтың  тұлғасын  ХХІ  ғасырдың  Фе-
номені  деп  айтуға  толық  хақымыз  бар.  Бұдан  болашақ  өркениетті-
ліктің  ұтатыны  даусыз.  Келер  ұрпақ  айтулы  екі  тұлғаға  өз  баға-
сын бере жатар.
Қазақстанның халық жазушысы И. Щеголихиннің баталық құны 
бар сөзінің орны келіп тұр: 
«Қымбатты  қазақтар!  Тəңірім  сендерді  алыстан  болжайтын  кө-
реген  көсемдерден,  бəрін  де  есте  сақтап,  алғысын  жаудыра  жүрер 
ізгі ниетті ұрпақтардан кенде қыла көрмесін»! (1992 жыл).

202
203
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
*  *  *
Б. Момышұлы – М. Ғабдуллин
Соғыс  қазақстандықтарды  бауырмал  етіп  жібергені  аксиомаға 
айналған.  Батырлық  пен  зиялылық,  адамгершілік  пен  мəдениетті-
лік,  отансүйгіштік  пен  имандылық  еңсесі  биік  тұғырлы  адамдарды 
табиғи  жолмен  жақындастырады.  Олар  бірін-бірі  алыстан  байқай-
ды, тани біледі, идеялары үйлесімді екеніне көз жүгіртіп, біріне-бірі 
жақындай  түседі.  Сондай  адамдардың  бірі  мен  бірегейлері  жəне 
тұлғалары – Бауыржан мен Мəлік еді. Ағалы-інідей сыйластық күй 
кешті.
Қанды  қырғынды  жаралы  күйінде  өз  көзімен  көріп  жатқан  ба-
тальон комиссары Гусев əрең-əрең сөйлеп:
–  Ғабдуллин  жасағы  полкті  сақтап  қалды.  Ғабдуллинді  ба-
тырлыққа  ұсыну  керек, – деп  бірнеше  қайталады.  Інісі  Мəліктің 
дəл  осы  жолы  қайталанбас  ерліктің  үлгісін  көрсеткенін  Баукеңнің 
өзі  де  біліп,  көзі  көріп  тұрды. «Жау  жаналқымнан  алып,  оқыстан 
оқ  тигенде  Мəлік  болмағанда, – дейді  ол: –Тірі  ме  екен  өзі...  Жігіт 
болса,  осындай  болсын.  Оған  еріп,  жауға  жалғыз  өзі  атылған  сұң-
қар  кім  екен?».  Баукең  адьюдантын  осы  деректерді  біліп  келуге 
жұмсады. Ол жүгіріп кетісімен қыстақ бойындағы көшелердің бірі-
мен  ақырын  аяңдап  келе  жатқан  Мəлік  көрінді.  Жас  сұңқар  аяғын 
əзер-əзер басып, ілбіп келеді. Бірақ жүзінде жылылық, қуаныш, тіпті 
күлкі нышаны байқалатын сияқты. 
– Қалай тірі қалғансың? – деді Баукең інісінің алба-жұлба үстін 
көріп.
– Құдай білсін, –деп ол екі иығын қушитады.
– Немістерге қарсы алғаш атылғандар кімдер?
–  Біздің  ротаның  жігіттері  ғой.  Топты  бастаған  Төлеген  Тоқта-
ров деген батыр.
Міне, бұл – Бауыржан Момышұлы мен Мəлік Ғабдуллиннің не-
міс  басқыншылығына  қарсы  қоян-қолтық  соғысының  бір  көрінісі 
еді.  Олар  бұндай  қанды  шайқастардың  талайын  бастарынан  өт-
кізді.  Екі  Ер  бір-бірінің  батырлығына  қатты  сүйсінді,  риза  болыс-
ты. Оны Мəлік аға батыр атағын алғанда Баукеңнің:
Ел күйзелген кезінде,
Ерлік еткен бауырым.
Жау жағадан алғанда,
Батырлық еткен бауырым.
Құтты болсын айтамын,
Шын жүректен Мəлігім, – 
деп  тебірене  білдірген  лебізінен  айқын  аңғарамыз.  Ал  Мəлік  аға 
болса,  Баукең 1942 жылы  бір  шайқаста  ерлік  көрсетіп,  Қызыл  ту 
орденін алғанда мынадай хат жазған екен. Оны майданда бірге бол-
ған  қанды  көйлек  жолдастары  Құрманбек  Сағындықов  өз  естелі-
гінде көрсетеді.
«Кешкі  ас  аяқтала  бергенде  адъютант  Бауыржанға  пакет  əке-
ліп  тапсырды.  Ол  хатты  ашып  оқып  болды  да,  маған  ұсынды.  Бұл 
Мəліктің  хаты  екен,  мазмұны  мынадай:  Қымбатты  Бауыржан  аға!
Қас  жаумен  қаһарлана  соғысуда  батырлық  пен  ерліктің,  айбат  пен 
жігердің,  қайрат  пен  табандылықтың  үлгісін  көрсеткеніңіз  үшін  ел 
алдында  еңбегіңіз  бағаланып,  награда  айбынды  Қызыл  ту  орденін 
алғаныңызды құттықтап, шын жүректен құттықтаймын.
Сіз  ержүрек  батырсыз,  ақыл  мен  айбаттың  сарқылып  бітпес  қа-
зынасысыз.  Біз  сіздің  көк  найзаны  көлденең  ұстаған  майданда 
туысқан  досыңыз,  ағадан  үлгі  алатын  ініңізбіз.  Жалғыз  біз  ғана 
сізді  мақтан  етпейміз.  Сіздің  халқыңыз  қазақ,  ұлан  байтақ  еліңіз 
қадірлеп,  мақтанып,  аңыз  етеді.  Күш-қуатыңыз  таси  беруіне,  ел-
анаңыз  алдында  абыройыңыз  артып,  мерейіңіз  үстем  бола  беруіне, 
деніңіз  сау  болып,  жауды  жаныштап  жеңіп,  аман-есен  болуыңызға 
шын көңілден тілектеспін.
Ұлы  сыйлық  алғаныңызға  алақайлап  қуанушы,  қадірлеуші  іні-
ңіз Мəлік. 06.07.1942 ж.» Мен оқып бола бергенде Бауыржан:
– Өте мақтап жіберіпті-ау, – деп қызара күлді.
–  Ол  да  өзіңдей  батыр  ғой,  батырды  батыр  мақтаса,  біліп  мақ-
тайды,  дедім мен.
Осыдан  кейін  Қ.  Сағындықов  ағай  естелігін  былай  аяқтайды: 
«Келгелі  бері  Мəлікпен  үш  рет  кездестім.  Бауыржанның  қасиеттері 
мұнда  бар  екен.  Сондай  өткір  əрі  кішіпейіл.  Мəлік  гвардияшылар-
дың ерлік істерін салалай көз алдымнан өткізді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет