Әлсейіт оспан шырағым менің ӘҢгімелер алматы



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата17.02.2017
өлшемі0,98 Mb.
#4310
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Әңгіме
 .. Тамара апай ұйқысынан кенет оянып кетті. Таң атып 
қалған  екен.  Жұмысқа  кешігетін  болдым-ау  деп  ойлап 
үлгергенше болмады: «Ой, құдай-ай, бүгін күн жексенбі 
екен  ғой»,  –  деді  ұмытшақтығына  наразы  кейіппен. 
Күйеуіне көз қиығын салып еді, ол алаңсыз ұйқыда екен. 
Тағы да аздап көз шырымын алмақ болып еді, көзі қайта 
ілінбеді.  Амалсыз  орнынан  тұрды  да  сыртқа  беттеді. 
Күндегі  әдетімен  пошта  жәшігін  ашып,  газеттерді  ала 
бастап  еді,  арасынан  көгілдір  телеграмма  жерге  сусып 
түсті. Самарқау ғана иіліп, асығыс көз жүгіртті. Күбірлеп 
оқыған  сайын  ұйқысы  шайдай  ашылып,  жүрегі  өрекпи 
жөнелді.
 «Мама, 1-май күні самолетпен ұшып келеміз». Сәлима.
 Соңында  рейс  нөмірі,  уақыты,  күні  көрсетіліпті. 
Жазуға сенбегендей тағы бірнеше қайтара оқып шықты. 
Көңілі елжіреп:
–  Қызым,  күнім,  –  деді  толқып.  Сағынып  қалғанын 
аңғарды.  Сол  күйде  үйге  кіріп,  күйеуін  әрлі-берлі 
жұлқылап еді, ол ұйқылы-ояу қалпы:
–  Е, келсе келеді де, күтіп аламыз ғой, – деді.
–  Әй,  сенде  әкелік  мейірім  жоқ,  –  деді  Тамара 
апай  күйеуінің  қуанышты  хабарды  сонша  селқос 
қабылдағанына  ренжіп.  Сәлима  –  Тамара  апайдың 

158
жалғыз  перзенті,  қысқасын  айтқанда,  ұлы  да,  қызы 
да.  Ол  Сәлимадан  кейін  құрсақ  көтерген  жоқ.  Әрине, 
көп  балалы  болудан  қашқан  емес,  осы  күнгі  кейбір 
әйелдердей. Бірақ денсаулығы көтермеді. Сондықтан бар 
аналық  махаббатын  Сәлимаға  үйіп-төге  салған.  Жарық 
дүниеге келгеннен бастап барынша әлпештеді. Қанаттыға 
қақтырмай,  тұмсықтыға  шоқтырмай  дегендей  мәпелеп 
өсірді.  Қызмет  бабы  солай  болғандықтан  ба,  күйеуі 
қызының  тәрбиесіне  онша  араласа  қойған  жоқ.  Бірақ, 
соның өзіне де қызынан бар мейірімін аямайтын. Обалы 
не  керек,  қызы  теріс  қылықсыз,  ибалы,  көргенді  болып 
өсті.  Тамара  апай  кейде:  –  Жұрттың  еркегі  қолы  қалт 
етсе,  ұл-қызын  мойнына  мінгізіп,  серуендетеді,  ал  сен 
ылғи  «жұмыс-жұмыс»  дейсің  де  жүресің,  –  деп  күйеуін 
қажап  қоятын.  Тумасынан  сабырлы  күйеуі:  –  Сен  бар 
емессің бе, – деп езу тартатын да қоятын. Сәлима оныншы 
класты аяқтар алдында тағы да сол әуенмен: «Өзге жұрт 
балаларын жоғары оқу орнына түсіруге әлден қамданып 
жатыр, ал сенің қаперіңе ол кіріп те шықпайды», – деген. 
Күйеуі тағы да: «Е-е, өз қалауы біледі де», – деді қысқа 
қайырып.
Сәлима  мектепті  жақсы  аяқтады.  Жеке  пәннен  үздік 
оқығаны  үшін  грамота  да  алды.  Аттестат  алған  күні: 
«Мама,  папа,  мен  пединститутқа  барамын.  Мұғалім 
болғым келеді», – деген. Әкесі келіскендей сыңай танытып 
үндемеді. Тек Тамара апай:
–   Мұғалімдігі  құрысын!  Бүгінде  мұғалім  болу  қиын 
ғой,  қазіргі  мектептің  балалары  бала  емес,  шеттерінен 
бұзық, тентек. Жүйкеңді ерте тоздырып қайтесін, – деді 
қызының қалауына көңілі толмағанын білдіріп.
– Мама, өзім мұғалімдікті ұнатамын. Қазіргі балалар, 
қазіргі балалар дейсіз, олар да мына мен сияқты емес пе, 
– деп қызы еркелей келіп мойнына асылған. Содан оқуға 
аттанатын күн де келіп жетті.

159
–   Бөтен  жер,  бөтен  қала  ғой,  оқуға  түскенше  басы-
қасында бол, – деп күйеуі үгіттей бастап еді, Сәлима:
–  Ту-у, мама, мен сәби емеспін ғой, оның үстіне қазір 
науқанның  әбден  қызған  шағы,  өзім-ақ  бара  беремін. 
Солай  емес  пе,  папа,  –  деді.  «Мейлі,  өзің  біл»  –деген 
папасы. Тамара апай тағы да:
– ....Өзге ел баласын өздері жетектеп барады. Сәлимаш 
өзі  барғанда  оқуға  түсе  алар  деймісің,  бұл  күнде  таныс 
керек. «Құлап» қайтып келер, – деп сенімсіздік білдірген. 
«Мама, көреде тұршы, осыдан оқуға түсіп келмесем бар 
ма» – деген-ді Сәлиманың өжет көздері ұшқын шашып. 
Көп  ұзамай  «құлаған»  балалардың  алды  ауылға  келіп 
те үлгерді. Біраз уақыт өткен соң, қызы бір күні көктен 
түскендей жетіп келді. Тамара апай алғашында абдырап 
қалған. Сәлиманың жүзі бал-бұл жайнап: – Мама, папа, 
мен оқуға түстім, – деді екеуін алма-кезек беттен сүйіп. 
Содан  үшеуі  қуаныштан  таңға  дейін  көз  ілмеген.  Қызы 
екі-үш күн үйде болып, сосын оқуына қайта кетті. Әне-
міне  дегенше  үш  курсты  аяқтады.  Соңғы  келгенінде 
Тамара  апай  қызының  есейіп  қалғанын  аңғарған.  Өзге 
аналар  секілді  бойжетіп  келе  жатқан  қызын  құтты 
жеріне қондырсам деп армандап қоятын. Өздері беделді 
қызметкерлер. Осы күні қай тойға барсаң да «құда пәлен 
қызметте,  құда  түген  қызметте»  деп  лауазымды  жоғары 
санайтын  болып  алды  ғой  жұрт  бәріненде.  Соның  әсері 
ме,  болашақ  құдаларының  беделі  адамдардың  арасынан 
болғандығын  қалай  бастаған.  Бірақ,  онысының  құр 
пендешілік  екеніне  онша  мән  бере  бермейтін.  Уақыт 
өте  келе,  бұл  ой  берік  шешімге  айнала  бастаған.  Оған 
себепкер болған нәрсе – қызының соңғы бір келегенінде 
айтқан әңгімесі. «Мама, мен саған бірдеңе айтпақ едім» – 
деген бөгеліңкіреп.
 Бұл  әңгімені  Тамара  апай  тыңдағысы  да  келген, 
тыңдамағысы  да  келген.  Тыңдағысы  келген  себебі  – 

160
перзенті  жан  сырын  анасына  айтпағанда  кімге  айтады! 
Тыңдағысы  келмеген  себебі  –  Сәлиманы  жат  жұртқа 
қимайды. Ол кетсе бұл үй қаңырап бос қалатындай, бар 
қызықты өзімен бірге ала кететіндей. Бірақ ерте ме, кеш пе 
осылай болатыны даусыз, оған да мойын ұсынған. Оның 
үстіне қызын сыңайлап жүрген жері бар. Біраз ойланып 
барып:
–  Иә, ол не әңгіме, – деген онша мән бермегендей түр 
танытып.
–  Мама, мен тұрмысқа шықсам қалай болады? Өзіммен 
бірге оқитын жігітті ұнатамын. Есімі – Қайрат, – деді қызы 
күмілжіп.
–  Қызым-ау, саған әлі ерте емес пе? Жігіт деген осында 
да жетеді. Сенікі балалық шығар, оныңды қой, жақсылап 
ойлан, – деді.
– Мама, о не дегенің. Екеуміз бір-бірімізді ұнатамыз. 
Мен  оны  келесі  де  ертіп  келіп,  папаммен,  өзіңмен 
таныстырамын, – деді Сәлима. Қызының сол жігітті шын 
ұнататынын, райынан қайтара алмайтынын сезген Тамара 
апай жігіттің жай-жапсарын сұрай бастады. Соңғы кездері 
жүрегі оқтын-оқтын шаншып, сыр беріп жүрген. Бір-екі 
рет қысылып қалғаны да бар-ды. Онсынан күйеуі де, қызы 
да хабарсыз еді. Әлгі жігіттің балалар үйінде өскендігін, 
туыстары жоқтығын естігенде:
–   А-а,  не  дейсің,  не  дейсің!  Күнім-ау,  не  істегенің 
бұл.  Ертеңгі  күнің  қалай  болады.  Жо-жоқ,  мен  мүлдем 
қарсымын,  қарсымын,  –  деді  отырған  орнынан  тұрып 
кеткенін  байқамай.  Сөйтті  де  жүрек  тұсын  қолымен 
басып, столдың тартпасынан қарманған күйі:
–  Дәрі,  дәрі,  –  дей  берді.  Аңтарылып  қалған  қызы 
жағдайды  тез  түсініп,  қолтығынан  сүйей  беріп:  –  Қазір, 
қазір, – деді дәрі салған қорапты асығыс ашып. 
Тамара апай біраздан кейін ес жиды да:
–  Қызым-ау,  ертең  елдің  бетіне  қалай  қараймын. 

161
Пәленшенің  қызы  ешкімі  жоқ  қайдағы  бір  тұлдыр 
жетімге тұрмысқа шығыпты десе, өлім ғой, – деді сөзін 
жалғастырып.
–  Мама,  неге  түсінбейсің?  Ол  өте  жақсы  жігіт. 
Мейірімді, кішіпейіл, мен үшін одан асқан жан жоқ. Жетім 
қалғанына ол кінәлі емес қой.
–   Жо-жоқ,  айтпа!  Қайталап  айтам,  мен  үзілді-кесілді 
қарсымын!  Мені  шын  құрметтейтін  болсаң,  сылайтын 
болсаң,  бұлай  ете  көрме!  –  деді  дауысы  қатқылданып. 
Қызы  мен  анасы  осылайша  мәмілеге  келе  алмаған.  Сол 
жолы Тамара апай қызын жолға шығарып саларда жылы 
қабақ танытпады. Онысы «Айтқаным өз күшінде қалады» 
–  дегені  еді.  Қызы  көз  жасы  мөлт-мөлт  етіп,  мойнына 
асылғанда  көңілі  сәл  босаса  да,  сыр  бермеуге  тырысты. 
Көп ұзамай Сәлима диплом алып, әлгі жігітті ерте келіпті. 
Одан да жүзі жылымаған. Жігітке назар аудармады да. Бір 
бөлмеге кіріп, бас көтермей жатып алды. Қызы мен әлгі 
жігіт әңгімелесіп жүр. Үйдің ішін ретке келтіріп жүрген 
болуы керек шамасы. Қызы:
– ....Мамам  кейінгі  кездері  сырқаттанып  жүр.  Содан 
ба,  мазасы  жоқ.  Әйтпесе,  жақсы  кісі,  кейін  жақынырақ 
таныса жатасың ғой, Қайрат, – деп мұның тоң теріс мінезін 
жуып-шайып қояды. Бұған сәл босаңси қалып еді, бірақ 
қызының анау ешкімі жоқ жетім жігітке тұрмысқа шығуы 
мүмкін екені есіне түскенде қайтадан қатайып сала берді.
– Олай болса қалаға апарып, дәрігерге көрсету керек 
қой, – деді жігіт қамқор үнмен. Мұны естігенде Тамара 
апайдың  көкейіне:  «Бәйек  бола  қалуын.  Әп-әдемі  қыз, 
беделді қайын жұрт, дайын жасау. Ол жағымпазданбағанда, 
кім  жағымпазданады»  –  деген  ойлар  келе  қалды.  Бір 
сәт үйден қуып шықсам ба екен деп те оқталады. Бірақ, 
оны өзіне лайық көрмеді. Кешке мән-жайды естіп білген 
күйеуі:
–  Бірін-бірі  ұнатса  бопты  да,  одан  өзге  не  керек. 

162
Ашуыңды  бас,  –  деп  басу  айтты.  –  Одан  да  той  қамын 
жасайық. Енді ол да өз баламыз емес пе! Мен жұмыстан 
үш-төрт күнге рұқсат алайын, – деді ештеңе болмағандай. 
Тамара апай:
–  Жоқ,  сен  оны  қалай  күйеу  бала  етпексің.  Өз 
абыройыңды ойладың ба? Қыз менің қызым емес, сенің 
қызың.  Тойды  қалай  өткізесің  солай  өткіз,  онда  менің 
шаруам шамалы, – деп тас бүркеніп жатып алды. Әйелінің 
тулап-тулап  басылатын  мінезіне  күйеуі  әбден  үйренген, 
үндемей кетіп қалды. Тойдың боларына анық көзі жеткен 
соң, Тамара апай лажсыз көнген. Әне-міне дегенше, той 
болатын  күнде  келіп  жетті.  Күйеуі  екеуі  үлкен  столдың 
төрінен орын алған. Тойдың аты той емес пе, жұрт көңілді. 
Тамара апай бұл тойдағы жалғыз ғана көңілсіз жан. Сөйтті 
де соған қамықты. «Мен бұларға ылғи жақсылық тілеумен 
келем.  Менің  кінәм  не?  Жоқ,  әлде  менікі  дұрыс  емес 
пе,  олай  болуы  мүмкін  емес»,  –  деді  қызы  мен  күйеуін 
есіне алып. Бірауық тойға келген жұртты көзбен шолып 
еді,  өздерінен  сәл  төмендеу  отырған  алыстан  келген  екі 
абысынын  көзі  шалып  қалды.  Қызу  әңгімеге  кірісіпті. 
Осы тойдың басында той басқарушы құдалар жағын той 
дастарханына  шақырғанда  ол  жаққа  тек  қыз-жігіттер 
беттеген.  Араларында  егде  кісілердің  неге  жоқ  екенін 
білгендер  үндемеді,  білмегендер:  «Немене,  құдалар  әлі 
келмеген бе?» дескен. Жаңағы абысындары күйеу баланың 
жағдайын  кейінірек  білген  болуы  керек.  Бір-біріне:  – 
Үйбай-ау, күйеу баланың ешкімі жоқ көрінеді, жақсы қыз 
еді, жігіттің аузының салымы бар екен, – деп жатқандай. 
Осыны ойлап Тамара апай: «Мұнан асқан қорлық бар ма, 
жұрттың осылай мазақ етіп күлерін білгенмін» – дегенше 
болмады,  жүрек  тұсы  шаншып  ала  жөнелді.  Отырған 
жерінде  сылқ  ете  түсті.  Алғашында  байқамаған  жұрт 
ошарылып қалды. Біреулер дәрі, біреулер су әкеліп, абыр-
сабыр болып жатты. Тамара апай есі кірісілі-шығысылы 

163
күйде  әлгі  абысындарының:  «Қайтсін,  байғұс,  қанша 
қарсы болса да, қызы көнбепті ғой», – деп жатқанын еміс-
еміс естіген.      
 Енді ғана қызып келе жатқан тойдың шырқы бұзылды. 
Жұрт  біртіндеп  тарай  бастады.  Күйеуі  кейбіреулердің 
ерте қайтқанына сыпайылықпен өкпе білдіріп жатты. Үш-
төрт адам Тамара апайды қолтықтап әкеп, төргі бөлмедегі 
үлкен кереуетке жатқызған. Жүзін көз жасы жуған қызы 
бөлмеге кіріп:
– Мама, кешірші. Мен кінәлімін, – деді төсіне басын 
қойып,  аймалап  сүйіп  жатыр.  Тамара  апай  сонда  да 
жібімеді,  жақтырмағандай  бір  қырына  аунап  түсті.  Ол 
шарасыз шығып кетті.
 Ертеңіне қызы мен күйеу баласы жолдамамен бөлінген 
жұмыс орнына жүрмек болып жиналды. Қызы:
–  Мама, қалайсың, сен жазылғанша күте тұрайық па, 
әлде кете берейік пе, – деді. Тамара апай оларда шаруасы 
жоқ кісідей үндемеді. Қоштасарда қызы: – Мама, сау боп 
тұр.  Хат  жазып  тұрамын.  Міндетті  түрде  келеміз  кейін. 
Емделіп, өзіңізді күтіңіз, – деді. Қызы сол кеткеннен үзбей 
хат жазып тұрды. «Қайрат сәлем айтып жатыр», – дейді 
тағы әр хатында. Міне, ойлап қараса содан бері аттай бір 
жыл өтіпті.
Уақыт  қандай  жылдам.  Қызы  кеше  ғана  сәби  еді. 
Мектепті,  институтты  бітірді,  тұрмысқа  шықты.  Ал 
көңілінде сол баяғы сәби қалпында. Тамара апай осы бір 
жылдың ішінде көп ойланған, көп толғанған. Қызы мен 
күйеу  баласы  келер  күннің  алдында  түні  бойы  ұйықтай 
алмады.  Көз  алдынан  ақкөңіл,  аңқылдаған  қызының 
бейнесі кетпей қойды. Сәби кездегі қылықтары есіне түсе 
береді.  Ерте  тұрып  қамдана  бастады.  Бәр  сәт  сырттан 
машина  гүрілі  естілді.  Терезеден  сыртқа  көз  тігіп  еді, 
машинадан түсіп жатқан қызы мен күйеу баласын көрді. 
Көрген бетте іркіліп қалып еді, бір күш сыртқа жетелей 

164
жөнелді.  Олар  Тамара  апайды  көрісімен  араларында 
ештеңе  болмағандай,  «Мама,  мама»,  –  деп  екеуі  бірдей 
ұмтылып, құшақтап сүйе бастады.
–  Қарақтарым, құлындарым! – деп өзі аймалап жатыр. 
Екеуі кезек-кезек жай-күйін сұрап бәйек болуда.
– Сендер отыра тұрыңдар, мен қазір-р, – деп сасқалақтап 
асүйге қарай кетті. Кеудесін қуаныш кернеп кетті. 
 Ас қамдап жатып күйеу баласын ойлады: «Ол да «мама» 
деді ме, құдай-ау! Қандай тас жүрек едім, өз баламнан кем 
бе? Қалайша  түсінбей  келгенмін.  Сәлимаш  та  талай  рет 
көз жасын төкті-ау. Құлыным-ай, обалыңа қала жаздағам 
екен-ау», – деді өзегін өртеген өкінішті үнмен.
 Үйде болған үш-төрт күн ішінде екеуі үйді ақтап, ретке 
келтірді.
Тамара апай қызымен болған сонау қолайсыз әңгімені, 
шырқы  бұзылған  тойды  есіне  алып,  олардың  алдында 
өзін  кінәлі  жандай  сезініп  жүрді.  Содан  ба  шешіліп 
те  әңгімелесе  алмады.  Ал  олардың  жүзінде  ешқандай 
реніштің  ізі  жоқ,  қайта  «мамалап»  төңірегінен  шықпай, 
зыр  қағады.  Тамара  апай  осы  күндердің  қалай  зымырап 
өткенін де білмей қалды. Екеуі қайтуға жинала бастаған. 
Қызына ананы ал, мынаны ал деп бәйек болып еді. Ол:
–  Мама, ештеңенің қажеті жоқ, біз өзіміз-ақ реттейміз, 
– деді.
Қоштасарда Тамара апай:
–  Ал, құлындарым, аман болыңдар, – деді діріл аралас 
үнмен беттерін сүйіп.
–   Мама,  бізге  қонаққа  келіңіз,  әйтпесе  өкпелейміз,  – 
деді екеуі қосарланып.
–  Барамын,  барамын,  –  деді  Тамара  апай  енді  біраз 
тұрса  жылап  жіберетінін  сезгендей.  Қол  ұстасқан  екеуі 
ұзап бара жатты. Қызы анда-санда бұрылып, қол бұлғап 
қояды.  Тамара  апай  екеуінің  соңынан  көпке  дейін  көз 
алмай  қарап  тұрып  қалды.  Жанарынан  өткенге  деген 

165
өкініш пен бүгінгі күнгі қуаныш сезімдері аралас мөлдір 
тамшылар жерге үзіліп түсіп жатты.
АҚБӨКЕН АУЫП КЕЛГЕН 
ЖЫЛ
Сол жылдың қысы ерекше мінез танытқан. Әшейінде 
қысы жұмсақтау келетін біздің Оңтүстікте де қыс өзінің 
қытымырлығын  көрсетіп  бақты.  Қар  үстіне  қар  жауып, 
әуелі  қар  тобықтан  келген,  біртіндеп  белуарға  да  жетті. 
Сақырлаған  сары  аяз  күннен-күнге  күшейе  түсті. 
«Япырмай, мына күннің беті жаман ғой. Е-е, құдай, ақырын 
бере гөр», – деп қарттар жағы баяғы уайымшыл, тәубешіл 
күйге  түскен.  Қысқы  сессиямды  тапсырып,  демалысқа 
шықтым да тіке ауылға тарттым. Жүрдек пойызға отырсам 
да, жуық арада туған жер қарасын көрсетпей қойды. Аз 
уақыт  өтсе  де  ауылды  сағынып  қаласың.  Жақындаған 
сайын, жүрек шіркін лүпілдей жөнеледі. Анау қырқалар, 
адырлар ирелеңдеп жатқан Арыс өзені, жаңадан салынған 
көпір,  бәрі-бәрі  көзіме  ыстық  көрінеді.  Міне,  ақыры 
аңсаған  ауылға  да  жеттім.  Ауыл  станциядан  небәрі  үш 
шақырымдай  жерде.  Пойыздан  түсе  сала  автобусқа 
отырдым. Жол көк тайғақ мұз, автобус баяу жүріп келеді. 
Үйге  жеткенше  шыдамым  жетпей  тықыршып  отырмын. 
Сағынған  кезде  ауылдастарың  өзара  жай  әңгімесі  де 
құлағыңа  ыстық  естіледі  екен.  Орысы  көптеу  ортадан 
таза қазақи ортаға түскен екеуара жай әңгімені рақаттана 
тыңдайсың.  Құлақ  түрсем,  ауылдастардың  бұл  жолғы 
әңгімелері қыс жайлы екен. «Не дейсіңдер, бір көріпкел 
айтыпты.  Бұл  ештеңе  емес  екен,  көресіні  алда  көреді 
екенбіз.  Қыстың  биыл  тым  ұзаққа  созылатын  түрі  бар» 

166
–  дейді  бір  ауылдас  екіншісіне.  «Оның  бекер,  жақында 
газеттен  оқыдым.  Келесі  аптада  күн  жылына  бастайды 
екен», – деп екінші біреу әңгімеге қосылды. Неге де болса 
сенгіш,  қарапайым  да  аңқау,  ақкөңіл  ауылдастарымның 
әңгімелері  еріксіз  езу  тартқызды.  Жол  бойындағы 
тақтайшаға:  «Ақбөкен  –  ел  байлығы.  Атқандарға  әр 
ақбөкен  үшін  500  сом  айып  салынады»  деген  жазу 
жазылыпты. Бәріміздің назарымызды аударған осы жазу, 
әңгімемізді басқа арнаға ауыстырды.
 «Немене, біздің жаққа ақбөкендер ауып келген бе?» – 
дегенімше-ақ  болмады,  әңгіме  ақбөкендер  жөніне  ауып 
кетті. Біреу кеше бесеуін көрдім десе, біреу он шақтысын 
көрдім деп жатыр.
–  Иә, шынында да биыл қыстың Бетпақта да тым қатты 
болғаны ғой. Әйтпесе, жануар бекерге жер аумаса керек. 
Тіске  тиер  бір  тал  шөп  болмаған  соң  жандалбасалап 
келгені де, – деді бір қарттау кісі.
Әңгіме  жол  қысқартады  емес  пе,  ауылға  да  кеп 
қалыппыз.  Жолай  түсіп  қалдым.  Ауылдағылардың 
әңгімесі ақбөкендер жайлы екен. Біреулер тіпті түнделетіп 
атып та алыпты:
– Е-е, ол бейшарада қазір не қауқар, не ет бар дейсіңдер? 
Әйтеуір еріккен соң, атып жүргендері де, – деді апам шай 
үстінде. Кешкі ымырт түсе ауыл алдындағы қырқадан не 
сиырға, не жылқыға ұқсамайтын екі-үш қарайған жортып 
түсіп  бара  жатты.  Жүрстеріне  көз  ілеспейді,  бастарын 
төмен  салып  зымырап  барады.  Қарайған  нәрсе  көрсе 
абалай жөнелетін ауылдың төбеттері алғашқыда ентелей 
ұмтылса да, бұл жолы жақындауға бата алмай кері қайтты. 
Олардың бұрын көрмеген мақұлыққа қалай батылы барып 
жақындасын.
Мен де аң-таң болып тұрғам. Көршім:
–  Шынымен  бе,  жақындап  көрсе  ғой,  шіркін. 
Журналдан,  теледидардан  көргеніміз  болмаса,  көзбен 

167
көргеніміз жоқ қой, – дедім көруге құмартып тұрғанымды 
жасыра  алмай.  Ертесіне  ақбөкендерді  көруін  көрдім-ау. 
Бірақ  мен  оларды  қанжоса  боп  жатқандарында  көрдім, 
өкінішке  қарай.  Сол  күні  аспан  шайдай  ашық  болатын. 
Көгілдір  аспанда  шөкімдей  де  бұлт  жоқ.  Аздап  бетті 
ызғар  қариды.  Аппақ  қар  ақ  күмістей  жылт-жылт  етіп 
көзді  алады.  Әлден  уақытта  ауылдың  теріскей  бетіндегі 
қырқадан  бір  топ  ақбөкендер  жорта  түсіп  келе  жатты. 
Міне,  қанды  оқиға  осыдан  басталды.  Ауылдың  іші  жау 
шапқандай абыр-сабыр болып кетті. Ауылдастарым қанды 
қырғынға  аттанды.  Аттылы,  жаяу,  тракторға,  машинаға 
мінгені бар. Кімде мылтық, кімде таяқ дегендей. Абалап 
үрген  иттер,  айқай-шу,  азан-қазан  сапырылысқан  адам. 
Менің  мына  сұмдыққа  қарап  тұруға  дәтім  шыдамады. 
Айғайлап  кімді  тоқтатасың?!  Сәлден  кейін  ауыл  жақтан 
гүрс-гүрс еткен мылтық дауысы естілді. Сол гүрсіл ымырт 
түскенше басылмады. Оған қоса машинаның, трактордың, 
адамдардың, иттердің үндері де толастамады.
Шай үстінде інім:
–   Аға,  әттең  үйде  мылтық  болғанда  бізде  ақбөкен 
атуға  баратын  едік,  –  деп  өкініш  білдірді.  Онсыз  да 
зығырданым  қайнап  отырған  қалпымда:  –  Атаңның 
басына керек пе мылтық саған. Олар панасыз ғой. Пана 
іздеп келді емес пе, – деп айғай салдым. Шошып кеткен 
інім  мен  отырған  бөлмеден  сыртқа  атып  шықты  да, 
көпке  дейін  жаныма  жоламай  қойды.  Ақбөкендер  тобы 
ештеңеден алаңсыз бейғам жортып келе жатты. Мұндай 
кездесуді күтпеген болулары керек, алғаш не қашарын, не 
қашпасын білмей кібіртектеніп тұрып қалды. Мылтық үні 
шыққаннан  жан-жаққа  бытырай  үрке  қашып,  үш  топқа 
бөлніп  кетті.  Қалың  қарға  омбылап,  жанталаса  қашып 
құтылуға әрекеттенгенмен көпшілігі жер құшты. Бір жас 
ақбөкен жазық далада құтылудың мүмкіндігі жоқ екенін 
түсінгендей  тоғайға  қарай  қиялай  тартты.  Қауіп-қатер 

168
төнген  кезде  өзін-өзі  аман  сақтап  қалуға  деген  табиғат 
ана берген инстинкті оянған болуы керек. Бір-екі аттылы 
кісі, иттерімен бірге соның соңынан кетті. Ақбөкен сорлы 
жан  сауғалап  зытып  келеді.  Алда  өзен  бар  болатын. 
Оны қайдан білсін. Биік жарқабаққа келіп тұрып қалды. 
Бұрылып қашуға уақыт тар. Атқа мінгендер мен абалаған 
иттер де келіп қалды. Ойлануға мұрша қайда, нар тәуекел 
дегендей жарқабақтан қарғып, мұзға түсті. Сол екпінмен 
мұз бетімен сырғанаған күйі өзеннің ортасындағы мұзы 
қата  қоймаған  жылымға  түсті  де  кетті.  Бір  батып,  бір 
шығып,  жанталаса  қарманып  мұз  бетіне  шыға  алмады. 
Біртіндеп бойынан әл кете бастады. Ендігі әрекетінен түк 
шықпасын  сезген  ақбөкен,  кенет  тағдырдың  салғанына 
көндім  дегендей  сылқ  ете  түсті.  Жәрдем  күткендей  көк 
аспанға  жанары  жәудірей  соншалықты  бір  өкінішпен, 
сағынышпен,  жарық  дүниені  қимағандай  қайта-қайта 
телміре  қарады.  Көз  алдында  жасыл  бел,  жазира  дала, 
желмен  бірге  жарысатын  қатарластары  елестей  берді. 
Елес  бір  мезет  бұлыңғырап  барып,  қараңғы  түнекке 
айналып кетті. Ақбөкен бұл кезде мұз астына батып кеткен 
еді. Осы мезет «аңшылар» орала бастады. Аттылы біреу 
алдына  өңгеріп  алған  «олжасымен»  ауылға  жақындай 
берді. Өзімнің құрдасым Сартай екен. Ол риза кейіппен 
екі  езуі  құлағына  жетіп  келеді  екен.  Мен  байқамаған 
болып  теріс  бұрылып  кеттім.  Кешке  інісін  жіберіп  мені 
шақыртыпты:  «Ақбөкеннің  етінен  дәм  татсын»,  –  деп. 
Мен басқа тығыз шаруам барлығын сылтауратып, бармай 
қалдым.  Оған  деген  достық  сезімімді  жаңағы  ақбөкенге 
деген жауыздығы шайып өткендей. Қырқаның ар жағында 
жамбасынан оқ тиген ана бөкен жан тапсыра алмай азапты 
қиналыста жатты. Бағанағы қуғын кезінде төлдерін ығына 
алып  қашып  бара  жатқанда  оқ  тиген-ді.  Ауыр  жарақат 
жанына  қанша  батса  да,  қансыраған  күйі  тоқтамастан 
қаша берді. Бар ойы – төлдерін құтқару. Олардың өзінсіз 

169
ешқайда  қаша  алмайтыны  белгілі  еді.  Қуғыншылар 
оларды құтылып кеттіге санап, сондарына түсе қоймаған. 
Міне, енді ана ақбөкеннің жеткен жері осы. Көз алдында 
енді ғана жұлдызы көріне бастаған көк аспан шыркөбелек 
айналды. Төлдері өзін айнала қоршай тұра қапты.
 Оларды емірене иіскегісі келіп еді, бірақ басын көтере 
алмады.  Ана  –  ақбөкен  көп  ұзамай  бұл  дүниеден  өтіп 
жүре  берді.  Төлдері  жанынан  көп  уақытқа  дейін  кетпей 
тұрып  қалды.  Біресе  иіскелеп,  біресе  тұяқтарымен 
түрткілейді.  Аналарының  денесінен  жылуы  әбден  кетіп 
мұздай бастағанда ғана еріксіз аяңдай бастаған. Өлгеніне 
көздері  жетсе  де,  соңдарына  жалтақ-жалтақ  қарайды. 
Көздерінен  жас  парлап  келеді.  Терістіктен  соққан  суық 
ызғар көздерінен шыққан жасты лезде мұзға айналдырып 
жатты. Аналарынан қалай айырылып қалғандарына өздері 
де түсінбей келеді. 
 Осы  бір  қанды  қырғыннан  кейін  ақбөкендер  зым-зия 
жоғалып кетті. Одан бері талай күн, талай ай, талай жыл 
өтті,  өзеннен  талай  су  ақты.  Ақбөкендер  біздің  өлкеге 
содан қайтып оралмады.
ЕРЖАН
(Әңгіме) 
Майдың  мамыражай  жайма-шуақ  күні.  Төңірек 
атаулы  көк  майсаға  оранып,  қызылды-жасылды 
гүлдермен  өрнектелген  кілемдей  құлпырады.  Бозторғай 
үнінен  тіршілікке  деген  ризашылық,  құштарлық  әуені 
сезілгендей.  Көк  шөптің  жұпар  иісі  аңқиды.  Көктемнің 
саф ауасына көкірегіңді қанша кере жұтсаң да тоймайсың. 
Көктем келіп қайта жаңарған дүние – жаңа туған сәбидей, 
пәк  қалыпта.  Батыс  жақтан  жүйрік  пойыз  жүйткіп 

170
келеді.  Асығып  келе  жатқан  жолаушылардың  көңіл-
күйін  сезгендей  кезекті  станцияға  тоқтай  қалады  да, 
көп  кідірмей  қайта  зулай  жөнеледі.  Жолаушы  біткеннің 
қайсысы асығыс болмаушы еді. Бірақ сол жолаушылардың 
ішіндегі ең асығысы – жиырма жасар балаң жігіт Ержан 
еді. Асықпағанда ше, сонау Германиядан әскер қатарынан 
оралып келеді. Оңай ма, екі жыл бойы туған жердің бетін 
көрген  жоқ.  Кеше  ғана  мектеп  қабырғасынан  шыққан 
бозбала  енді  зіңгіттей  жігіт  болып  оралып  келе  жатыр. 
Есейіп,  өмірге  деген  көзқарасы  мүлдем  өзгерген.  Қатал 
іскер  тәртібі,  алыс  жорықтар,  түнгі  дабылдар  бәрі-бәрі 
артта.  Ержан  Отан  алдында  өтелген  борыш  сезіміне 
бөленіп,  масайрап  келеді.  Мақтанғаны  емес  қызметін 
бір  кісідей  атқарды.  Команда  басшылығы  тарапынан 
алған  алғысы  да  бар.  Ержан  тоғыз  жолдың  торабында 
орналасқан  Арыс  станциясына  жеткенше  тағат  таппай 
келеді.  Ауылы  сол  станциядан  жиырма  шақырымдай 
жерде Сыр бойындағы мал фермасында. Станцияға жетсе 
түскен бойда сол жиырма шақырымды жүгіріп өтетіндей 
күйде.  Сонау  Мәскеуден  пойызға  отырғанына  екі  сөтке 
болып  қалды.  Уақыт  тіпті  өтпейді.  Ержан  шабаданын 
аршып, үй-ішіндегілерге алған сыйлықтарын қайта-қайта 
аударыстырып  қояды.  Әсіресе,  анасына  алған  сыйлығы 
ерекше. Таза жібектен тоқылған, гүлдері ірі әдемі жібек 
орамал. Анасын қуантуға асығып келеді. 
Шіркін,  анасы  ғажайып  адам  ғой.  Ғұмырында  зекіп, 
ұрсып көрген жан емес. Ержанның әкесінен гөрі анасына 
бүйрегі  көбірек  бұрады.  Қазір  не  күйде  екен.  Әскерге 
кетерінде сырқаттанып жүр еді, жазылды ма екен? Соңғы 
кезде  үйден  келген  хаттарда  жалпы  амандықтан  басқа 
ештеңе жоқ. Ержан бір кез әкесін ойлады. Әкесі анасындай 
емес  біртоға,  тұйық  жан.  Жұмысына  ерте  кетіп,  кеш 
келеді.  Рас,  обалы  не  керек,  әкесі  үйіне  жайлы.  Арақты 
татып алмайды. Анасына да, балаларына да қамқор жан. 

171
Тұйықтығынан  ба  Ержан  да,  бауырлары  да,  әкелеріне 
онша  іш  тарта  бермейді  жақсы  көрсе  де.  Үй  ішіндегі 
балалардың ересегі болса да Ержан әкесімен ешуақытта 
шешіле  сөйлесіп  көрген  емес.  Бар  айтары  ананы  істей 
сал,  мынаны  істей  сал,  өйт,  бүйт  дегеннен  әрі  аспайды. 
Қазір үйге барған соң әкесін де әй-шайға қарамай қапсыра 
құшақтайды. Әкесін де анасынан кем сағынған жоқ. Түс 
ауа пойыз Арысқа да жетті. Ержан түсе сала станцияның 
сыртынан Сырға қарай өтетін қара жолға тартты. «Әрлі-
берлі қатынап жатқан машинаға немесе тракторға мініп, 
үйіне  тезірек  жетсем»  деген  оймен  асығып  келеді. 
Ойлағандай жолы болды. Совхоз орталығынан тіркемесі 
бар  трактор  фермаға  бара  жатыр  екен.  Қуанып  кеткен 
Ержан  тракторға  жылдам  қарғып  мінді.  Тракторшы 
жігіт совхозға жаңадан көшіп келіпті. Ержан жөн сұрап 
еді, жартып ештеңе біле алмады. Ауылға жақындай бере 
үйлерінің  қарасы  көрінгеннен  жүрегі  лүпілдей  жөнелді. 
Әкесімен,  анасымен,  бауырларымен,  достарымен 
қауышып  жүздесер  сәт  елестетеді  көз  алдында.  Ең 
алдымен анасын құшаққа алады. Сосын... Тәтті қуанышты 
сезім бойын балқытып жібергендей болды. Ержан ширақ 
қадам басып, үйіне келді. Есік алдында ешкім жоқ. Бәрі 
тым-тырыс. 
 «Немене  бәрі  ұйықтап  қалған  ба?»  –  деді  іштей. 
Ойында  ештеңе  жоқ.  Тасқындаған  көңілі  де  басылып 
қалды.  «Бәрі  қайда  кеткен?»  –  деп  ойлағанша  болмады, 
басына  орамал  байлаған  бейтаныс  әйел  алдынан  шыға 
келді. Ержан басқа үйге адасып келдім бе дегендей тұрып 
қалды да жан-жағына көз салды. Жоқ, өз үйін. Ал, мынау 
әйел кім? Жүзі бөтен. Бұрын көрген кісісі емес. Асығып 
келген  Ержанның  ауызына  алғашқы  да  сөзі  де  түспеді. 
Бар айтқаны: 
–  Үйдегілер қайда кеткен? Апам қайда? – деді аң-таң 
қалыппен. Әйел де сасқалақтап:

172
–  Ержан  балам,  өзіңді  күтуде  едік.  Аман  оралғаның 
құтты болсын, – деді есікті ашып. 
– .  Үйдегілер  орталыққа  кетіп  еді,  келеді  ғой.  Орала 
қойған жоқ, ал апаң, апаң..., – дей берді күмілжіп.
–   Апам  қайда,  апам  ауруханада  ма?  –  деді  Ержан 
үрейлене шошып.
–  Жо-жоқ,  ауруханада  емес.  Ол  кісі,  ол  кісі  қайтыс 
болған.  Үш-төрт  айдың  жүзі  болды.  Әйел  жүзін  төмен 
сала берді.
–   Не  айтып  тұрсыз?  Жалған!  Апам  тірі!  Жалған, 
жалған! – деп Ержан жан ұшыра айғай салды. Тамағына 
тас кептелгендей, демі жетпей, тынысы тарылып кетті. 
–   Қайран,  анам!  Мені  сәл  күте  тұрмадың  ба?  Қалай, 
қалайша ерте кеттің бұл өмірден, – деп Ержан еңкілдеп 
жылап жіберді.
–  Ал, сіз кімсіз? – деді бір ауық жылауын тоқтатып.
–  Мен бе, мен бе? Әкеңнің әйелімін, әйелімін... Әйелдің 
дауысы  кінәлі  шықты.  Мынаны  естігенде  Ержанның 
үстіне суық су шашып жібергендей, денесі дір ете түсті. 
Бір  сәт  есінен  танып  кеткендей  болды,  қайтадан  есін 
жиғанда  байқады.  Әлі  босағада  тұр  екен.  Мынау  үй  де, 
мынау әйел де, әкесі де мүлде жат болып кеткендей болды 
жанына. 
Табалдырықтан  аттауға  дәті  бармады.  Анасы 
қайтқанына жыл болмай жатып, әкесі әйел алып үлгеріпті. 
Опасыз! Зығырданы қайнаған Ержан әкесіне арналған 
сөзді тістеніп айтты. Хабар бермегендері қалай? Үш-төрт 
ай болыпты. Ержан анасы қайтыс болғанына тіпті сенгісі 
келмеді.  Үйдің  айналасын  көзімен  шолып  шықты.  Бір 
бұрыштан шыға келетіндей. Иә, өлім өтірік болмайды.
 Ержан  бір  сәт  осы  бір  ащы  да  ауыр  шындыққа 
мойынсұнғандай:
– Қайда жерленді? – деді бәсең дауыспен.
–  Атаңның қасына, атаңның, – деді жанағы әйел басын 

173
көтерместен, жүзін төмен салып.
 Ержан  шамаданын  ұстаған  күйі  ауыл  сыртындағы 
мола басына беттеген. Жүріп келеді, есі бір кіресілі, бір 
шығасылы. Осы жүрісі не өңі, не түсі ме анығына жете 
алмады. Атасының қабірінің қасындағы жаңалау қабірді 
көргенде көзінен еріксіз жас парлап қоя берді. Анасының 
өліміне  әлі  де  сенбей  келе  жатқан.  Жете  бере  қабірге 
үйілген  топырақты  құшақтай  жата  қалып  өксіп-өксіп 
жылап  қоя  берді.  Екі  жылғы  сағынышы  бір  сәтте  көз 
жасына  айналып  төгіле  берді,    төгіле  берді.  «Анашым, 
апатайым!  Орныңнан  тұршы.  Бірдеңе  деп  тіл  қатшы 
маған.  Мен  саған  сыйлыққа  орамал,  орамал  әкелдім» 
–  деді  өксігін  баса  алмай.  Жылай-жылай  өзегі  өртеніп 
кеткендей  болды.  Әбден  қалжыраған  Ержан  анасының 
қабірінің басында қалғып кетті. Түс көрді. Түсінде анасы 
тірі екен. Қолынан ұстап: «Мұнда неге жатырсың? Үйге 
барсайшы,  құлыным»,  –  дейді  елжіреп.  Орнынан  атып 
тұрды.  Қолынан  ұстап  тұрғызған  бақташы  жігіт  екен. 
Сиырларды  ертерек  айдап  шыққан  болуы  керек.  Ержан 
есінен  айырылғандай  біраз  мәңгіріп  тұрды  да,  ләм-мим 
деместен  басы  ауған  жаққа  аяңдап  кете  берді.  Әкесіне 
деген  ашу  да  сәл  басылғандай.  Амалсыздан  үйленген 
ғой.  Кейінгі  бауырларына  да  қарайтын  біреу  керек  қой. 
Жетіскеннен алды дейсің бе?
Мейлі,  бірақ  сонда  да  анасының  қайтыс  болғанын 
естіртуге  болар  еді  ғой.  Бірақ,  әскерде  жүрген  соң, 
амалсыздан  хабар  бере  алмаған  шығар.  Ержан  екі-
үш  айдай  ауылда  сеңделіп  жүрді  де  қойды.  Ешкіммен 
сөйлеспейді  де,  тілдеспейді  де.  Көзін  алыс  бір  нүктеге 
қадап қойып, ұзақ отырады. Елдің оған да еті үйренгендей 
болған. Есі ауысты дейтіндей оғаш қылығы да жоқ.
 Бір  күні  аяқастынан  қаладан  келген  кластасына  еріп, 
қалаға  тартып  кетті.  Жұрт  Ержанды  жынданған  екен 
десіп  жүрді.  Ержанның  жынданған  ештеңесі  жоқ  еді. 

174
Сол  жұрт  Ержанның  жұмысқа  тұрып,  үйленіп,  балалы-
шағалы болғанын да естіді. Адам баласы бір қымбатынан, 
асылынан айырылғанда бірауық естен айырылғандай күй 
кешеді ғой. Ал, ананың орны бөлек қой. Анаға кім жетеді 
бұл  өмірде!  Анадай  сезімтал,  анадай  қамқор,  анадай 
мейірбан, анадан ыстық кім бар жер бетінде?! 
ТОРЫ БИЕ ТУРАЛЫ 
ХИКАЯ
Ауылдағы  төрт  басқышты  мектептің  соңғы  сыныбын 
бітіріп, бесінші сыныптан бастап кеңшар орталығындағы 
орта  мектепке  қатынап  оқи  бастадық.  Оқушыларды 
тасымалдауға  арнайы  бөлінген  көлік  бар.  Бірақ  ескі, 
жүргенінен  тұрғаны  көп.  Жиі  бұзылып  қала  береді. 
Ондайда  амалсыздан  шұбырып,  жаяу-жалпылап  ілінген 
көлікке  мінеміз.  Бірде  жолай  жүретін  маршруттық 
автобусқа,  бірде  жүк  машинасына,  болмаса  трактордың 
тіркемесіне  мінеміз.  Әйтеуір,  не  тоқтаса  соған  жапа-
тармағай ұмтылып лап береміз.
Сабаққа  уақытылы  баратын  кезіміз  аз.  Кейде  бірінші 
сабақтың аяғында, кейде екінші сабақтың басы дегендей 
– оқуымыздың берекесі кетті. Мектеп пен ауыл арасы – 
бес-алты шақырымдай жер. Жер қара, күн жылыда ештеңе 
емес. Ал жауын-шашында, лайсаң кезде қатты қиналасың. 
Бір  сыныпта  оқитын  бес-алты  бала  жаяулап  қайтқан 
кезде,  шаршасақ  жол-жөнекей  демаламыз.  Сол  кезде 
сөз  ететін  нәрсеміз  –  осы  жол  азабынан  құтылу  жайы. 
Әркім  әртүрлі  ұсыныс  айтады.  Кәдуілгі  ересектердей 
ақылдасамыз.  Біреулер  бәріміз  бірдей  велосипед  сатып 
алайық, бірге барып, бірге қайтамыз дейді. Бірақ, үлкен 
жолда  велосипедпен  жүру  қауіпсіз  де  емес.  Әрлі-берлі 

175
ағылған машина. Әйтеуір ұсыныс көп, шешім жоқ.
Мен:  «Онан  да  бір-бір  тай  сатып  алайық.  Онсыз  да 
тайға  мініп  үйренгенбіз.  Сабаққа  мініп  барып  бір  үйге 
байлап қоямыз, қайтарда мініп қайтамыз», – дедім.
 Менің ұсынысым бірден бәрінің көкейіне қона кетті.
 «Ой  мынауың  табылған  ақыл  болды  ғой»,  –  деп 
балалар қостай жөнелді. Бірақ, тай бір-екі балада ғана бар 
болып шықты. Бұл жай бізге кедергі бола алмады. Әке-
шешеміз  сабаққа  қатынау  үшін  керек  десек,  әрине  тай 
сатып әпереді. Оның үстіне, тай аса қымбат та емес қой 
үлкен  жылқыдай.  Мәселенің  осылайша  оп-оңай  шешім 
тапқанына бәріміз қуанып кеттік.
 Ауылға  келген  соң,  үйді-үйімізге  тарап  кеттік.  Үйге 
жақындай  бере  көзім  есік  алдында  байлаулы  тұрған 
құйрық-жалы  төгілген  торы  биеге  түсе  кетті.  Қанақтікі 
дейін  десем,  үстінде  ер-тоқымы  жоқ.  Құдды  осы  үйдің 
жылқысындай  алаңсыз  ақырдағы  шөпті  күрт-күрт 
шайнайды.
 «Әкем  сатып  алды  ма  екен»  деген  ойдан  жүрегім 
лүпілдеп, табалдырықтан аттасымен:
–   Апа,  апа!  Ана  бие  кімдікі?  –  дедім  сыртты  нұсқап 
асығып-аптыққан күйі.
–  Кімдікі  болушы  еді,  біздікі,  –  деді  апам  ештеңке 
болмағандай,  жайбарақат  үнмен.  Мұны  естігенімде 
қуанышым қойныма сыймай кетті. Жана ғана балалармен 
тай туралы сөйлесіп келісіп едік, әкем де соны білгендей 
бие  сатып  ала  қойыпты.  Осы  кереметке  аң-таң  қалдым. 
Бие  болған  соң,  тай  да  болады,  яғни  торы  бие  құлын 
табады.  Апыл-ғұпыл  ас  іштім  де,  далаға  атып  шықтым. 
Торы  биені  айналсоқтап  қызықтап  біраз  жүрдім.  Жуас 
екен, жалынын сипап едім, селт етпеді. Сол мезет жаныма 
әкем келіп қалды да:
–  Балам, қалай, Торы бие ұнады ма? – деді күлімдеп. 
–  Ұнауын ұнап тұр ғой, бірақ құлыны жоқ екен, – дедім 

176
желкемді қасып, күмілжіп. Әкем менің көкейімде қандай 
ой жатқанын қайдан білсін.
–  Буаз екен, құдай қаласа, көктем шыға құлындайды, – 
деді әкем.
Бұл  сөз  менің  көңілімді  одан  сайын  тасытты.  Бұл 
арманым  –  торы  бие  құлындап  еркек  құлын  тапса,  сол 
құлын өсіп тай болса, сабаққа мініп барсам. Есіл-дертім, 
арман-тілегім,  тәтті  үмітім,  бәрі-бәрі  –  сол.  Ертелі-кеш 
торы  биені  айналдырам.  Әлі  мал  тұяғы  тимеген  шөбі 
шүйгін жерге арқандаймын. Екі-үш мезгіл суғарам. Бұрын 
мал жайғауға онша құлқым болмайтын. Торы биеге неге 
ықыласым  түскені  өз-өзінен  белгілі  ғой.  Ертерек  еркек 
құлын  тауып  берсе,  соны  тай  ғып  мінсем.  Екі-үш  сағат 
сайын  ауыстырып,  жаңа  жерге  арқандаймын.  Кешкісін 
жетектеп  үйге  алып  келемін.  Тағы  да  шөп  саламын,  су 
беремін.  Ұйқыға  жатқанша  тыным  таппаймын.  Әкем 
дән риза: «Мың балаға не болған өзі! Бұрын мың айтып 
бұзауға бір бау шөп салдыра алмаушы едік. Ешкім ештеңе 
айтпаса да, торы биені бағып-күтуді өз мойнына алыпты 
ғой», – дейді күліп. 
 Сабақтан  келген  соң,  тамағымды  ішіп  алам  да, 
қолтығыма  кітабымды  қысып,  торы  биенің  жанына 
жетем. Оңашада: «Торы бие, сені мен босқа бағып-қағып 
жүрген жоқпын. Маған міндетті түрде еркек құлын тауып 
бере гөр. Басқа балалардың алдында мені масқара қыла 
көрме»,  –  деп  онымен  сөйлесіп  қоямын.  Ақыл-есі  жоқ 
жануар не түсінсін, шөпті күрт-күрт шайнап, маңғазданып 
тұра берді.
Жатсам  да,  тұрсам  да  торы  биені,  болашақ  дүниеге 
келетін  құлынды  ойлайтын  болдым.  Бұрынғыдай 
балалармен  ойнағым  да  келмейді.  Қолым  қалт  етсе  бар 
ермегім  –  торы  бие.  Құйрық-жалын  тараймын.  Астын 
тазалаймын,  жем-шөбін  беремін.  Ұйқыға  жатсам  торы 
биені ойлап көзім ілінбейді. Көз алдыма ертегі-жырларда 

177
айтылатын  Тайбурылдар,  Байшұбарлар  елестейді.  Небір 
тәтті  қиялдарға  берілем.  Сол  ойлардың  әсері  ме  түсіме 
ылғи жылқылар кіретін болды. Бірде түсімде торы биені 
көрдім. Құлындаған екен. Құлынының жамбасы, сауыры, 
жон арқасы түп-түгел алуан түсті қошқар мүйіздес өрнек 
оюлар.  Тұп-тура  сырмақтағыдай.  Мына  кереметке  таң 
қалып айғайлап жібере жаздадым да, оянып кеттім.
Тағы  бір  түсімде  торы  бие  құлындапты.  Қарасам, 
құлынының қолтығында құстың қанатындай қос қанаты 
бар.  Шапқыласа  құс  сияқты  аспанға  көтеріліп  кетеді. 
«Япырай, бұл не деген ғажап», – деп таң-тамаша қалған 
күйде  көзімді  ашсам  түсім  екен.  «Ту-у,  торы  бие  қашан 
құлындар», – деп әкемнен сұрамаққа бекіндім.
 Құлындайтын мезгілінің жобасы наурыздың аяқ тұсы, 
сәуірдің  басы  екен.  Малшылардың  қыстаудан  жайлауға 
көше бастайтын кезі. Бір күні біздің үй де көшті. Үлкен 
ағам  өз  атына  мініп,  торы  биені  жетекке  алды.  «Торы 
биенің  құлындап  қалуы  мүмкін,  абайлап  қарап  жүр»  – 
деп  тапсырып  жатырмын  ағама.  Мектепте  оқитындар 
қыстауда  қалып  қойдық.  Күндегі  ермегім  торы  бие  еді. 
Енді сабақтан келген соң үйге сыймайтын болдым. Ертелі-
кеш  ойлайтыным  торы  биенің  аман-есен  құлындағаны, 
құлындағанда  құлын  міндетті  түрде  еркек  болуы  керек. 
Екі құлағым жайлау жақта. Жүрегім өрекпіп торы биеден 
дерек күттім.
 Көктемгі каникул басталып, жайлауға кететін болдық. 
Өзім  де  әзер  шыдап  жүргем.  Қуанышым  да  шек  жоқ. 
Көңілім де үміт те бар, күдік те бар. Тезірек торы биені 
көргім келді.
Бәлкім,  құлындап  та  қалған  шығар.  Сол  ойлар 
жетегімен  үйге  жеткенімді  де  аңғармай  қалыппын.  Киіз 
үйдің  жанында  тұрған  торы  бие  көзіме  оттай  басылды. 
Қасында  құлдыраң-құлдыраң  етіп  бір  құлын  жүр. 
Жақында құлындағаны болуы керек, төрт аяғын тең баса 

178
алмай  тәлтіректейді,  қуанып  есім  шығып  кетті.  Үйге 
кірмей жатып әуелі торы биенің жанынан келдім. Еңкейіп 
құлыншақтың асты-үстіне қараймын. Құлын еркек болмай 
шықты. Көңілім су сепкендей басылды. Қанша ай, қанша 
күн зарыға күткен үмітім ақталмады.
Көзімнен  жас  парлап  қоя  берді.  Солқылдап  жылап 
та  жібердім.  Жылап  жүріп  сөйлеп  жүрмін:  «Торы  бие, 
сені  бар  ынта-шынтаммен  бағып  күтсем  де,  үмітімді 
ақтамадың  ғой»,  –  деймін.  Жылағаннан  көзім  бұлаудай 
болып  кетті.  Мұздай  бұлақ  суына  беті-қолымды  жудым 
да, үйге кірдім.
–   Неге  жылағансың,  біреу-міреу  тиісті  ме?  –  деп 
үйдегілер сезіп, біліп қойды.
– Жылағам жоқ, көзім ауырып тұр.
– Е-е, бұл торы биеге өкпелеп жүр. Еркек құлын тумады 
деп.  Адам  хайуанға  өкпелей  ме,  –  деді  ағам  күліп.  Мен 
оған  бұл  туралы  ештеңе  айтқан  жоқ  едім,  қайдан  біліп 
алғанын.
–  Сен де қайдағыны айтады екенсің, бұл әлі бала ғой, – 
деп анам мені қорғаштай берді.
Мен қайтадан жылап жібердім.
–  Қой, жылай берме! Еркек тай керек болса сатып-ақ 
әперейін, – деді әкем.
–  Шынымен бе, – дедім көз жасымды сүртіп.
–  Қалжыңдап  тұрғаным  жоқ.  Бірақ  ол  тайды  не 
істемексің? Соны білгім келеді.
–  Балалармен  келісіп,  бәріміз  тайға  мініп  сабаққа 
бармақ болғанбыз, – дедім шынына көшіп.
–  Баламысың  деген.  Олай  болса  баяғыдан  бері 
айтпайсың  ба,  –  деді  әкем  мейірленіп.  –  Бірақ  тайды 
әперуін әперем-ау. Соның қажеті шамалы-ау ма деймін.
–  Неге, – дедім әкем айнығалы тұр екен деп.
–   Неге  десең,  ауыл  басшылары  сендерге  судай  жаңа 
автобус  алдырыпты.  Ертеңнен  бастап  оқушыларды 

179
тасымалдайтын көрінеді, – деді әкем сөзін нықтап.
– Рас па? – дедім әлі де сеніңкіремей. Шынымен солай 
болып шықты. Ертеңіне көздің жауын алғандай су жаңа 
автобус бізді күтіп тұрды. Автобус жүргізуші Бейсенбай 
ағай сонау Ресейдегі Қорған қаласынан өзі «қуып» келіпті. 
Ол кісінің сөзі солай. Жолмен, өз жүрісімен айдап келген 
ғой.  Жаңаның  аты  жаңа  емес  пе,  автобустың  қызылды-
жасылды  шамдары  жанып,  радиоқабылдағышы  іске 
қосылып музыка ойнағанда есіміз шығып кетті. Сабаққа 
тиіп-қашып  баратындар  да  сабақтан  қалмайтын  болды, 
автобусқа қызығып.
 Торы бие одан кейін қатарынан үш жыл еркек құлын 
тапты.  Торы  биеге  өкпелегенім  есіме  түссе,  өз-өзімнен 
ұялам. Қайран, балалық-ай!
ЖЕЗДЕ
 Ол кісінің азан шақырып қойған аты – Ережеп болатын. 
Ес білгеннен бастап үйлкеніміз де, кішіміз де «Ережеп ата» 
– дейтінбіз. Тұратын жері – Түркістан қаласы болатын.
 «Шын атамыз болса, неге біздің үйде тұрмайды» – деп 
бас қатырып жатпайтынбыз. Атамыз барына ризамыз. Ол 
кісі бізді өте жақсы көреді, біз де ол кісіні жақсы көреміз. 
Келмесе, сүйтеміз, сағынамыз. Одан басқа не керек?!
 Ережеп атамыздың бізге, яғни әкеме жезде боп келетінін 
сәл есейген соң білдік. Әкемнің үлкен әпкесіне үйленген, 
демек,  біздің  ауылға  күйеу  болып  келеді  екен.  Жезде 
екенін  білсек  те,  түк  те  өкінбедік.  Әкемізге  ағасындай, 
бізге атамыздай болып кеткен.
 Шоқша  сақалды,  қызыл  шырайлы,  көздерінен 
мейірім  нұры  төгілген,  аңқылдаған  кісі  еді,  басында 
фуражка,  үстінде  китель,  аяғында  былғары  етік.    Үсті-

180
басы мұнтаздай таза, жүрісі ширақ. Ертелі-кеш аузынан 
«айнал-лайын»,  «құл-лыным»  деген  сөздер  түспейді,  не 
деген мейірбан адам!
Біз өзіміз бір үйде үйемелі-сүйемелі бес-алты баламыз. 
Әкеміз күні бойы жұмыста, анамыздың шаруасы басынан 
асады.  Қаншама  жақсы  көрсе  де,  біздерді  айналып-
толғануға шамалары жете бермейтін. Баланы кім жақсы 
көрсе, бала соны жақсы көреді емес пе?! Ережеп атамыз 
қайта-қайта  бетімізден,  маңдайымыздан  сүйіп  айналып-
толғанып құшағына алып еркелетеді. 
 Ол кісі біздің ауылға жазға салым қауын піскен мезгілде 
келіп, жиырма-жиырма бес күн қона жатып кететін. Біз де 
оған үйренгенбіз. Қауын піссе болды, жолға қарайлаймыз: 
«Ережеп ата қашан келеді екен» деп.
Келгенде ол кісі жай келе ме? Үйге бүкіл Түркістанның 
базарын  көшіріп  әкеледі.  Кепкен  өрік,  мейіз,  жаңғақ, 
кәмпит дейсің бе, есебі жоқ зат. Әй, бір қарқ боламыз да 
қаламыз. Кішігірім той ғой. Әкем мен шешем: «Жезде-ау, 
несіне әкелдіңіз мұның бәрін?» – деп күйіп-піседі. Оған 
құлақ  асатын  Ережеп  атам  ба?  Жанында  кемпірі  мен 
немересі. Әпкеміз ертерек қайтыс болып кеткен көрінеді. 
Содан ол кісі соғыстан қайтпай қалған ағасының жесіріне, 
яңни жеңгесіне үйленген. Ол кісіні әже дейміз. Жүзінен 
шуақ төгілген мейірімді жан.
 Қайтыс болып кеткен әпкеміздің аты – Наркүл. Ережеп 
атамыз  әкемізді  «Наркүлімнен  қалған  көз»  –  деп  туған 
інісіндей керемет жақсы көреді. Бір келгенде жиналмалы 
жұмсақ  жаймасы  бар  жарқыраған  кереует  алып  келді. 
–  «Ереке-ау,  несіне  әурелендіңіз»,  –  деп  әкем  ренжісе: 
«Менің пенсиям обком хатшысының айлығымен бірдей, 
өзімізге  жетіп  артылады»,  –  дейді  күліп.  Десе  дегендей 
еді. Ол кісі отыз жылдан астам уақыт теміржолда қызмет 
жасаған. Паравоз машинисі болған. Тылдан майдан шебіне 
қару-жарақ,  азық-түлік  тиелген  эшелондарды  жеткізіп 

181
отырған.  Алған  наградаларында,  орден,  медальдарында 
қисап жоқ. Кителінің екі өңірінде бос орын жоқ десе де 
болғандай.  Ережеп  атам  өте  мейірімді  кісі  еді.  Балаға 
ұрысып,  жекігенді  білмейтін,  балажан  болатын.  Бала 
емеспіз бе, жарқыраған орден, медальдарды көргенде естен 
танып қала жаздаймыз ғой. Ұстап сипап көреміз, атамыз 
ұрыспайды. Тізесін басып отырып әңгімесін тыңдаймыз. 
Үлкендер ұят болады, кетіндер деп қуса да кетпейміз ол 
кісінің қасынан. Соғыс туралы, бомба, оқ астында қалған 
сәттері туралы әңгіме айтса ұйып тыңдаймыз. Ондай кезде 
пойызда  бар  жылдамдықпен  айдау  керек  екен,  әйтпесе 
тоқтап тұрған пойыз жау ұшақтарына оңай олжа болады 
екен. «Пайғамбар да күйеу баласын сыйлапты» дегендей 
ауылдағы туыстар үйме-үй кезектесіп мал сойып, ол кісіні 
қонақ етеді. Қай үй шақырса да Ережеп атамыздан бір елі 
қалмай шұбырып ереміз де жүреміз. Қайтуына бір-екі күн 
қалғанда құлағына сыбырлап: 
–  Ата,  маған  бір  медалыңызды  беріп  кетіңізші, 
жоғалтпай  сақтап  жүремін,  –  дедім.  Ол  кісі  жүзіме 
күлімдеп:
– Жарайды берейін, – деді. Қуанғаннан төбем көкке бір 
елі жетпей қалды. Ережеп атам жолға жинала бастағаннан 
менен  маза  кете  бастады.  Бір  медалын  маған  беретін 
болған, тек ұмытып кетпесе екен деймін. Тіпті шыдамай 
кетіп әкемнің көзінше:
–   Ата,  медаль  берем  деп  едіңіз  ғой,  бермейсіз  бе?  – 
дедім батылданып.
–  Орден,  медаль  ойыншық  па  екен,  бермеңіз,  –  деп 
әкем  кесіп  тастады.  Мен  жылап  жібердім  де,  далаға 
атып шықтым. Атам байқап қалған болуы керек, сәлден 
кейін тысқа шығып мені оңаша шақырып алды. Қолыма 
қол  орамалға  оралған  қатты  бірдеңе  ұстата  қойды.  Мен 
бірден түсіне кеттім. Ашып қалсам – медаль. Қуанғаным 
соншалық, атамды құшақтай алдым да:

182
–  Ата,  жоғалтпаймын.  Келесі  жылы  қауын  піскенде 
келесіз  ғой.  Сол  кезде  қайтарып  беремін,  –  деп  уәде 
бердім. Ол кісі күлімсіреп басымнан сипады да үндемеді. 
Сол  сәтте  бүкіл  ауылда  менен  бақытты  бала  жоқ  еді. 
Атама дән риза болдым.
Арада күз өтті, одан кейін қыс өтті. Қайтадан көктем 
келді.  Тайлы-тұяғымызбен  жабылып  қауын  егетін  жерді 
күрекпен аударып шықтық. Одан соң тырма салдық, мала 
салдық.  «Ережеп  атамыз  биыл  келеді  ме?»  –  дейміз  сөз 
арасында.
–   Әрине,  келеді,  қауынды  неғұрлым  тезірек  пісірсек 
соғұрлым ерте келеді, – дейді әкем бізді қызықтырып.
–  Сондықтан қауынды жақсылап күтіп баптайық.
Әуелі  арық,  атыз  алдық.  Сонан  соң  жердің  беті  қыза 
бастаған  кезде  қауын  егуге  кірістік.  Арақашықтығын 
үш  қарыстай  етіп  алып,  топырақтан  ұя  қазып,  бес-
алты  шопақтан  тастадық.  Содан  қауын  қашан  қылтиып 
шыққанша  тосамыз  сарылып.  Шықса  қатты  қуанамыз. 
Арам шөп те шығады жарысып. Әкем: «Арам шөп жердің 
өз баласы, ал қауын өгей баласы», – дейді. – Оны күтіп 
қарамасаң өсе береді.
Шыққан қауын әуелі құлақтанады. Одан жапырақтары 
төртқұлақтанады. Осының бәрі – біз үшін үлкен қуаныш. 
Одан соң шыққан қауынды жегенелейміз, яғни екі талын 
ғана қалдырып қалғандарын жұлып тастаймыз. Өйтпесе, 
бәрі жайқала өскенмен жарытып түйнек байламайды. Бір 
суғарғаннан  кейін  топырақта  нәр  қалмайды.  Сондықтан 
да оны екі атыздың ортасында жатқан жаңа топырақпен 
алмастыру қажет. Бұл оңай жұмыс емес, бәрі кетпенмен 
істеледі.  Сонан  соң,  қауын  әбден  шөлдеген  кезде 
тағы  су  жіберіледі.  Осындай  жолмен  қауын  екінші, 
үшінші  шабақтан  өтеді.  Әр  шабылған  сайын  қуынның 
жапырақтары жайқала түседі де, гүлдеп түйней бастайды. 
Сөйтіп  алпыс  күннен  асып  жетпіс  күнге  жақындағанда 

183
қауын  пісе  бастайды.  Көрші-қолаң  «Қауындарын  қалай 
тез піседі?» – десіп жатады.
«Шабықтан  өткермесе  қауын  болама.  Суғарғаннан 
басқа  ештеңе  білмейсіңдер»  деп  әкем  оларды  сөгеді. 
Бізге қауынның піскеннен гөрі Ережеп атамыздың тезірек 
келгені  керек.  Қауынның  түрлері  көп.  «Әміркен»  қауын 
американдық  сорт.  Оны  біз  «әшә  қызыл  қауын»  дейміз. 
Жарсаң,  іші  қызыл,  қызғылт  сары.  Баспалды  қауынның 
сырты жолақ-жолақ, қабығы жұп-жұқа езіліп тұрады, кәрі 
кісілердің жегеніне жақсы.
Әсеті  қауын  «осетин»  дегеннен  шыққан  дейді,  сап-
сары алтын түстес. Піскені түбінен өз-өзінен үзіліп кетеді. 
Қырықпа  қауын  күзде  кеш  піседі.  Құрғақ  сабынның 
ортасына  салып  қойса,  қыс  ортасына  дейін  сақталады. 
Қауыннан  қауынқұрт,  қауынқақ  жасалады.  Ызаның 
қауыны  күзде  піседі.  Ыза  дегеніміз  өзеннің  екі  арнасы. 
Көктемде өзен тасығанда су сол ескі арнаға шығып кетеді. 
Сай-саладан аққан су да сол жерге жиналады. Су қайтқанда 
топырақ  араның  түбіне  шөгеді.  Ылғал  ұзақ  сақталады. 
Арық, атыз алмай-ақ қауынды еге саласың. Суғармайсың, 
шаппайсың. Ал, қауыны бал татиды, тіпті аузыңды ойып 
та жібереді, тәттілігі соншалық. Әбден піскенде ет сыймай 
қақ айырылып кетеді. Тоғайдағы шибөрі мен түлкі де жеп 
көруден кет әрі емес. Әкем диқаншылықтың қыр-сырын 
жақсы біледі. Біз де жанынан қалмай шамамыз келгенше 
қолғабыс жасаймыз.
Биылғы  қауын  жақсы  болды.  Алды  пісе  бастады. 
Ережеп  атамыз  келетін  қара  жолға  көз  тігіп  елеңдей 
бастаймыз. Бір апта күттік, екі апта күттік. Жоқ. Кешікті, 
келмеді. Әкем: – Ауырып жүр деп еді. Мүмкін бәлнісаға 
жатып қалған болар, – дейді. «Ата-ау, өрік, мейіз, кәмпит 
керек  емес.  Тек  өзіңіз  келсеңіз  болғаны.  Өзіміз  баптап 
өсірген қауыннан дім татсаңыз ғой, шіркін», – деп жылы 
сөзін, мақтауын естігенше асықпыз.

184
 Бір күні ағайын-туыстар аяқ астынан жиылып, автобус 
жалдап  Түркістанға  жүретін  болды.  «Ережеп  ата  қатты 
қысылып жатыр екен» – деген хабар жетіпті. Мен жылап 
жібердім.  Жүгіріп  барып  қауындықтың  басына  бардым 
да, үлкен қауын әкеліп, әкеме бердім. «Атама беріңіз, дәм 
татса мүмкін жазылып кетер», – деймін. Екі кұн өткен соң 
ағайын-туыстар  қайтып  келді.  Әкемнің  жүзі  пәс,қабағы 
салыңқы.  Ережеп  атам  қайтыс  болыпты.  Сарайдың 
артына  тасалау  жерге  барып,  әбден  жылап  алдым. 
Қайран,  Ережеп  атам!  Ол  кісіні  өледі  деп  кім  ойлапты. 
Үш ұйықтасам түсіме кірген нәрсе. Жылда қауын піскен 
мезгілде ауылдың желке тұсынан өтетін үлкен қара жолға 
еріксіз қарайлаймын. Атам келіп қалатын сияқты болады 
да  тұрады.  Әй,  бірақ  келмейді-ау.  Өзі  сыйлаған  медаль, 
қолда қалған жалғыз ғана ыстық белгі. 
АҚША БҰЛТ АСҚАН 
ТЫРНАЛАР
 Қалдыбай таң алдындағы тәтті ұйқы құшағында еді. Түс 
көріп жатыр екен. Түсіне анасы кіріпті. Қайтыс болғанына 
жылдың  жүзі  болған.  Сағынғаннан  шығар.  Анасы  тірі 
екен, соған қуанып кетті. Өлгені бекер екен ғой, анасының 
өлуі мүмкін емес. Анасы жап-жас, көрікті. Өлсе, кәрілер 
өлсін.  Анасы  «Келе  ғой,  құлыным»,  –  деп  қолын  созып 
құшағына  шақырады.  Ол  ұмтыла  берді,  ұмтыла  берді. 
Бірақ анасы жеткізбей қойды, қанша талпынса да. Бірте-
бірте елеске айналып, ақ сағымға сіңіп жоқ болып кетті. 
Ол: «Апа, апа» – деп еңіреп жылап жіберді... Осы жерде 
түсі үзіліп кетті.
 Біреу  жарықты  жарқ  еткізіп  жақты  да,  үстіндегі 
көрпесін  жұлып  алды.  Ол  ұйқысын  бірден  аша  алмай 

185
қолымен  көзін  көлегейлей  берді.  Әлі  де  болса  жаңағы 
түс әсерінен айырыла алмай, ұйқысыраған күйі қолымен 
көрпені іздеп қармана берді.
–  Аға,  сәл  жата  тұрайыншы,  әлі  ерте  ғой,  –  деді 
Қалдыбай жалынышты үнмен.
–  Өй, сенің жата тұрайының не? Ерте бармасаң базарда 
бос орын қалмайды. Тұр, сөзді көбейтпе, – деді туысқан 
ағасы қатуланып.
–   Базарға  бармайды  екенсің,  дәл  қазір  үйден  қуып 
шығамын. Тентіреп қайда барар екенсің? О, несі-ай. Мен 
мұны  ауылдан  не  үшін  ертіп  келдім.  Баяғыда-ақ  аштан 
қатар едің, мен болмағанда. Қарның тойып, көзіңнің еті 
өсейін деген екен. Тұр, деген соң тұр, – деп нұқып-нұқып 
жіберді.
 Қалдыбайдың көзінен жас сорғалап қоя берді. Тастай 
суық суға бетін шайып алды да, бүрсеңдеп базарға қарай 
аяңдай  жөнелді.  Іштей  Нұрлан  «ағасына»  ызаланып 
келеді. Ағасы болғанда – екі туып бір қалғаны емес, алыс 
ағайыны.  Ақшаға,  дүниеге  құныққан  біреу.  Қаланың  әр 
жерінен сауда нүктелерін ашып, сатушылар қойып оны-
мұны саттырады. «Дым жоқ», – деп азаннан кешке дейін 
аузын  қу  шөппен  сүртеді  де  отырады  қашан  көрсең. 
Осында келгелі үй де, машина да алыпты, осы сауданың 
арқасында. Сонда да тәубе, шүкір дегенді білмейді.
 Таңғы  таза  ауа  Қалдыбайдың  ұйқысын  ашып,  бойын 
сергітіп  жіберді.  Енді  байқады,  таң  сызат  беріп  келеді 
екен. Алдында өзі сияқты біреулер қараңдап кетіп барады. 
Олардың да көздегені – базардан ертерек барып орын алу. 
Базар  Алматының  жоғарырақ  жағында  әсем  Алатаудың 
бауырына жақындау орналасқан. Содан ба таңертеңгікке 
кәдімгідей  салқын  болады,  жаурап  та  кетесің.  Базарға 
жете  бергенде  найза  шындардың  ар  жағынан  күннің  де 
төбесі көрінді. Аспан ашық кезде таудың көркіне қанша 
қарасаң  да  көзің  тоймайды.  Тауды  қиялай  өскен  көк 

186
бұйра  шыршалар,  әр-әр  жерде  ақ  мамықтай  үлпілдеген 
шөкімдей-шөкімдей  ақша  бұлттар  күнде  көріп  жүрсең 
де,  қайран  қалдырады.  Қалдыбай  осындайда  «Әттең, 
суретші болсам ғой» – деп армандайды. Өзінің әжептәуір 
сурет  салатыны  бар.  Суретші  болу  үшін  оқу  керек.  Ал, 
Қалдыбай  мектепті  де  бітірмеді.  Биыл  сегізінші  класқа 
баруы  керек  еді,  бірақ  бара  алмады.  Ауылы  Оңтүстікте 
–  сонау  Шәуілдірде.  Әке-шеше  дегенде  анасы  марқұм 
осыдан бір жыл бұрын көз жұмған. Көп ауырған да жоқ. 
Өлетінін  білмептін.  Өледі-ау  деген  ой  тіпті  қаперіне  де 
кірмеген. Өлерінің алдында далада ойнап жүрген жерінен 
шақырып алды да: – Құлыным, аман бол. Мен бір алыс 
сапарға  кететін  шығармын  ұзақ  уақытқа.  Кешіксем 
жылама, – деп анасы құшағына алып маңдайынан сүйді 
де, көз жасын төгіп қоя берді.
Ол:
–  Ой, апа, сізге не болған? Мен қазір үлкенмін. Қанша 
кешіксеңіз де күтемін. Алаңсыз барып келіңіз. Әйтеуір бір 
келесіз ғой, – деп еркелей ойынға алданып далаға шығып 
кеткен. Шешесінің өлгенін кешке бір-ақ білді. Ойыннан 
келсе,  үйдің  іші-сырты  толған  кісі.  Далада  біреулер  от 
жағып жатыр.
«Ойбай, баласы келе жатыр баласы. Қорқып қалмасын. 
Апаң ауырып жатыр деп алдай салыңдар», – десті біреулер 
мұны көре салып. 
Бала да болса анасына бірдеңе болғанын жүрегі сезеді. 
Ағыл-тегіл аққан көз жасына ие бола алмады. Апасының 
таңертеңгі  сөздерінің  мәнісін  енді  түсінгендей  болды. 
Өлерін сезіп, қоштасқан екен ғой.
 «Байғұс бала-ай, бала болса да есті неме ғой, бәрібір 
біліп тұр», – деп біреулер аяп мүсіркеп жатыр. Ал, әкесінің 
– барынан жоғы. Ес білгелі әкесінің арақ ішпей жүргенін 
көрмеді десе де болғандай. Әке болып бауырына тартып 
емеурін танытқанын да білген емес. Ертелі-кеш есіл-дерті 

187
– арақта. Үйіне айында, жылында келсе келеді, келмесе 
келмейді.
 Анасының  өлімі  үстінде  де  мас  болып  жүрді.  Өз-
өзінен сөйлеп, міңгірлеп бірдеңелерді айтып отырды. «Қу 
арақ мұның түбіне жетті ғой. Тым болмаса бүгін ішпесе 
де болар еді ғой. Ішкен адам ұят-аятты білуші ме еді», – 
деп жұрт әкесін жазғырып жатты.
 Ертеңіне ауыл адамдары анасын жерлеуге алып кетті. 
Қалдыбай анасының өлгеніне тіпті сенбеді.
Бір  жаққа  жолаушылап  кеткендей.  Әлі-ақ  қайтып 
оралатындай болады да тұрады. Анасы қайтқалы елегізіп 
көпке дейін ұйықтай айлмайтын күйге жетті. Тысыр еткен 
дыбысқа құлақ түріп, есікке көз тігеді. Тірі кезінде түннің 
әлден  уағына  дейін  оны-мұны  шаруасын  істеп  тыным 
таппайтын. Қазір де анасы ауыз үйде жүргендей көрінеді.
Ал,  әкесі  болса  ішкенін  үдете  түсті.  Қолдағы  бір-екі 
тұяқты да сатып жіберді. Анасы барда бата алмаушы еді. 
Мұны баласынып, әй-шайға қараған жоқ. Ол ақша біткен 
соң, қарызға алып іше бастады. Ішетіні қолдан жасалған 
«самопал»  арақ.  Түн  ортасында  дірдектетіп  бір  ана 
үйге,  бір  мына  үйге  жүгіртеді  Қалдыбайды.  Сатушылар 
алғашында  бере  беретін.  Кейіннен  ешкім  бермейтін 
болды. Кім тегіннен-тегін бере берсін. Қалдыбай ондайда 
жалынып, жалбарынып: «Әкелмесем, көкем мені өлтіреді 
ғой»,  –  деп  жылап  жіберетін.  Аналар  әкесін  емес  мұны 
аяп  амалсыз  беретін.  Үйлерінде  ішерге  ас,  киерге  киім 
болмаған соң, ол бір ана туысының, бір мына туысының 
үйінде жүретін болды. Обалы не керек, қай үйге барса да, 
бір табақ көже мен бір тандыр нанын алдына қояды. 
Бірақ,  біреулерге  жалтақтағаннан  гөрі  өз  үйіңде 
жүргенге не жетсін. Қалдыбай жатса да, тұрса да тезірек 
есеюді  ойлады.  Мектепке  барып  сабақ  оқығаны  үлкен 
алданыш  еді,  одан  да  айырылды.  Әуелі  қыс  бойы  от 
жағылмай  сабақ  тоқтады.  Келер  оқу  жылына  жетпей, 

188
мектеп жабылып тынды. Шамасы жеткендер орталықтағы 
мектепке  кетті.  Бұл  қайда  барады?  Алғашында  көшеде 
селтеңдеп жүруге ұялушы еді. Өйткені, өзі қатарластардың 
бәрі  оқуда,  орталықта.  Қарап  жұрмейді,  біреудің  малын 
қайырысады, біреудің шөбін жинасады. Жалпы, жұмыстан 
қорықпайды.  Қайта  біреуге  қолғабыс  жасап,  рахметін 
алса, төбесі көкке жеткендей болады. 
Бара-бара  ауылдың  да  күйі  кетті.  Сатылып-сатылып 
мал да бітті. Үйлерін сатқандар сатып, сатпағандар тастап 
кетті. Қырық-отыз үйлі ауылдан бес-алты шаңырақ қана 
қалды.  Шалдар  жағы:  «Жау  шаппай-ақ  елдің  тоз-тозы 
шықты  ғой,  арты  не  болар  екен?»  –  деп  қынжылды. 
Осындай  күндердің  бірінде  ауылға  осы  Нұржан  келе 
қалсын. Астында жалт-жұлт еткен «иномәркі» машине.
–  Өй, Қалдыбай, зіңгіттей жігіт бопсың ғой. Алматыға 
алып кетейін барасың ба? – деді бірден Нұржан. – Ауылда 
мектеп те жоқ екен. Сонда барып оқисың.
Қалдыбай өз құлағына өзі сенбеді. Толқып кетті де:
–  Иә,  иә,  барам,  –  деді.  Үлкендер  жағы:  –  Сөйтсең 
сөйте ғой, шырағым. Сауабына қаларсың, тірі жетім ғой. 
Анасы байғұс қайтып кетті. Ал әкесін ауызға алмаса да 
болады. Жер басып жүргені болмаса хайуан да бір, о да 
бір», – десті.
Қалдыбайдың  көзінен  ыстық  жас  ыршып  қоя  берді. 
Оны көйлегінің жеңімен сүртті. Нұржан «кәмірсант» екен. 
Алматыға жеткенше ананы да, мынаны да әперді. Өмірінде 
жемеген  шоколадтарды  жеп,  неше  түрлі  сусындар 
ішті.  Тойдым,  қандым  дегенге  мұршасын  келтірмейді. 
Қалдыбайдың тіпті есі шығып кетті. Нұржанға дән риза 
болды.  Жеткен  соң  өйтемін,  бүйтемін  деп  уәдені  үйіп-
төкті.
 Содан Алматыға жеткен соң Нұржан күрт айнысын.
–  Бала,  оқуды  не  істейсің?  Қазір  оқудан  пайда  жоқ. 
Қайта  оқымағандар  озып  жатыр.  Күректей  дипломы 

189
барлардың  өзі  жұмыссыз  жүр.  Өмірдегі  ең  басты  нәрсе 
–  ақша.  Ақшаға  бәрін  сатып  алуға  болады.  Есің  болса, 
ақша  тап.  Короче,  саған  базардан  орын  әперем,  зат 
жеткізіп  тұрамын.  Сен  сауда  жасайсың.  Екі-үш  күнде 
үйреніп кетесің. Саудаға көп ақылдың керегі жоқ. Пәтер 
жалдамайсың,  үйде  тұрасың.  Тамағың,  киімің  менің 
мойнымда. Көнсең көндің, көнбесең өзің біл, – деп кесіп 
айтты.
Қалдыбай  не  десін.  Амалсыз  көнді.  Онсызда  басар 
жер,  барар  тауы  жоқ.  Содан  таңертең  елең-алаңнан 
кешкі  қас  қарайғанша  базарда  сауда  жасайды.  Кейде 
көздері  қарауытып,  басы  айналып  кетеді.  Бала  емес  пе, 
шаршағанда дем алып, өзі қатарлас балалармен ойнағысы 
келеді. Кешкісін ас ішуге де шамасы жетпей төсекке құлай 
кетеді,  үстіндегі  киімін  шешуге  де  шамасы  келместен. 
Бар  түсінгені  –  Нұржанның  өзін  бала  деп  аяйтын  түрі 
көрінбейді.  Саудасы  жүріп,  ақшасы  көбейген  сайын 
құныға  түседі.  Өзін  де  қанағат  та  жоқ  екен.  Қалдыбай 
кейінгі кездері қалжырап, шаршап кетті. Құр сүлдері ғана 
қалды.  Ауылға  қайтайын  десе,  онда  мұны  кім  күтеді. 
Қолынан  келетіне  ешкімге  білдірмей  көз  жасын  сығып-
сығып  алады  да,  таңертең  базарға  кетеді.  Қалдыбай 
базарда  алыста  қалған  ауылын,  қайтыс  болған  анасын 
ойлап мұңайып отырады. Ондайда өне бойы шымырлап, 
тамағына бірдеңе кептелгендей, тынысы тарылып, жылап 
жіберуге шақ қалады.
Мезгіл күз. Құс қайта бастаған кез.
 Кенет  алыстан  тыраулаған  тырналар  үні  құлағына 
жетті. Көкірегін белгісіз бір қуаныш кернеп кетті.
 ..Көк жүзіндегі тырналар тізбегін көре сала:
–   Қараңдар,  тырналар  ұшып  келеді,  тырналар!  –  деп 
орнынан атып тұрды. Ең бір жақын, ең бір қымбат туысын 
көргендей мәз-мейрам, екі езуі екі құлағында.
 «Әй, мына балаға не болды, есі ауған кісідей. Өмірінде 

190
тырналарды  алғаш  көріп  тұрғандай  ғой»  –деп  көршісі 
кекесін  танытты.  Сонау  бір  биіктегі  тырналар  көші 
соншалықты  ыстық  көрініп,  бала  жүрегіне  сағыныш 
сазын  ұялатты.  «Тырналар  біздің  ауылдың  да  төбесінен 
ұшып өткен болар» – деп ойлады. Ондай да ауыл адамдары 
бар жұмыстарын тастай салып, көздерін көк жүзіне тігіп, 
тырналар көшін қимай шығарып салушы еді. 
Қалдыбай тырналар көші ақ басты Алатаудың басына 
қонақтаған  ақша  бұлттардан  әрі  асып  кеткенше  көктен 
көзін  алмастан  тұра  берді.  Айнала  төңірегі,  базар, 
базардағы адамдар бәрі-бәрі есінен тарс шығып кеткендей. 
Тырналар  көзден  ғайып  болғанда  бір  қымбатынан, 
асылынан айырылғандай күй кешті. Жылағысы да келіп 
кетті. Тек біреу иығынан түрткенде ғана барып ес жиды.
–  Балақай,  мұнда  не  бітіріп  жүрсің.  Неге  мектепте 
емессің, – деді қарсы алдында тұрған полиция формасын 
киген  әдеміше  келіншек.  Кәмелетке  толмағандармен 
жұмыс жөніндегі инспектор екен.
– Документің бар ма, аты-жөнің кім?
– Документім ауылда қалған.
– Сені мұнда кім жұмысқа салып қойған? Бұл –  заңға 
қайшы нәрсе. Мектеп жасындасың, оқуға баруға тиіссің. 
Контейнеріңді тез жап та, кілтін көршіңе тастап кет, – деді 
бұйырып.
–   Тастағаны  несі  «хозяинім»  өлтіреді  ғой,  –  деді 
Қалдыбай жыламсырап. 
–  Хозяніңмен әңгіме басқа жерде басқаша болар, – деп 
инспектор  келіншек  оны  әй-шайға  қарамай  машинаға 
отырғызып, арнайы орынға алып келді.
Аты-жөнін,  мекен-тұрағын  жазып  алды.  Дәрігер 
тексерген соң, шаштараз шашын алды. Асханаға апарып 
ыстық тамақ ішкізді. Содан аппақ төсек салынған бөлмеге 
орналастырды.  Қалдыбай  түнде  ұйықтап  жатып,  түс 
көрді. Базарда отыр екен. Көзіне көк жүзіндегі тырналар 

191
көші  шалынды.  Бір  сәт  сол  көштің  ішінен  бір  тырна 
бөлініп  ұшып  шықты  да  Қалдыбайға  тым  жақын  келіп 
ақ  жаулықты  әйелге  айналып  кетті.  Құдды  анасынан 
аумайды. Иә, иә, тура анасы. Бақыттан басы айналып, көзі 
жұмылып  кетті.  Бірақ  бұл  ұзаққа  бармады.  Көзін  ашып 
қалып еді, анасы қайтадан тырнаға айналып таудан асып 
бара жатқан тырналар көшіне ілесе берді де, ақ мамықтай 
ақша бұлтқа сіңіп бірте-бірте көзден ғайып болды. 
ҚАЙРАН, АРЫСТЫҢ 
СУЫ-АЙ
 Менің әкемнің жасы сексеннен асып кетсе де әлі тың, 
көңілі сергек, көкірек көзі ояу. Не әңгіме айтса да қызықты 
етіп  айтады,  сөздің  майын  тамызады.  Бала  кезімізде 
ойынға алданып, сөзіне көп құлақ қоя бермейтінбіз. Осы 
күнде  қасынан  шыққым  келмейді.  Тыңдар  құлақ  болса, 
айтушы  табылады  екен  ғой.  Күні  бойы  әңгіме  айтса  да 
тапжылмай тыңдайтын түрім бар.
Осынша  жасқа  келген  әкемнің  естігені,  көргені 
мол,  түйгені  де  көп.  Сонау  Қазан  төңкерісінен  кейінгі 
кәмпескеңді  де,  ашаршылықты  да,  соғыс  тұсындағы 
қиындықтарды  да,  бәрін-бәрін  бастан  кешіп,  көзбен 
көрген. Бірде әкімнен біздің ауылдағы біраз адамдардың 
неге  өзбек  жерінде  туылғанын,  ол  жаққа  қалай,  қайтіп 
барғандары туралы сұрадым.
– Е-е, ол ұзақ сонар әңгіме ғой. Олар қай жетіскеннен 
барды  дейсің  ол  жаққа?  –  деп  күрсініп  алды  да  сөзін 
бастап кетті.
–   Біз  ауыл  Шәуілдір  маңындағы  Отырар  төбе 
төңірегінде  тұратын.  Қыста  Қызылдың  құмын  жайлап, 
жазда  Арыс,  Бөген,  Шаянды  өрлей  Қазығұрт  жақты 

192
жайлайтын.  Ауылдағылардың  бар  кәсібі  –  төрт  түлік 
мал.  Егін  егетіндер  кемде-кем.  Қазан  төңкерісі  дегенді 
кейін  естіп,  білдім  ғой.  Жасыратын  несі  бар,  ауылда 
бай  да  болды,  орташа  да  болды,  кедей  де  болды.  Бірақ 
аштан  өлген  ешкімді  көрмедім.  «Қолы  қимылдағанның 
аузы  қимылдайды»  демекші,  тырбанып  қым-қарекет 
жасағандардың  жаманы  болған  жоқ.  Адамдардың  бір-
біріне деген ниеті, ықыласы түзу еді, ептесіп-септесіп күн 
көретін. Менің есімде кәмпеске, ұжымдасу, аштық кездері 
қалыпты.  Сол  кезде  ұмытпасам,  алты-жеті  жастамын. 
«Байлардың  мал-мүлкін  кедейлерге  бөліп  беріп  жатыр 
екен. Байларды Сібірге, Оралға жер аудартып жатыр екен» 
– деген қауесет біздің ауылға да жеткен. «Көппен көрген 
ұлы той» дегендей, не болса да көппен бірге көреміз десті 
үлкендер  жағы.  Ауыл-ауылда  сәбеттер  құрылып,  жаңа 
өкіметтің  белсенділері  шыға  бастады.  Олар  әртүрлі  еді. 
Біреулері – шын көңілден, ізгі ниетпен елге қызмет еткісі 
келгендер. Біреулері – атақ-даңқ, шен, мансап қуғандар. 
Олар ауыл-ауылды аралауға шыққанда елдің алақанында 
жүрді. Адам деген – пенде ғой, жаңа өкіметтің адамдарына 
жағынып  жағадайларын  күйттегісі  келгендер  де  жоқ 
емес. Белсенділер түрлі науқандар кезінде жаңа өкіметтің 
«сен  тұр,  мен  атайын»  дейтін  қолшоқпарларына  айнала 
бастады. Олар атақ, даңқ, шен үшін ешкімді де, ештеңені 
де аямайтын. Туғанын да, туысын да сатып кететін керек 
кезінде.  Ондайларды  көзіміз  көрді  де.  «Малды  тартып 
алады  екен,  бергісі  келмегендер  жер  айдалады  екен» 
деген  әңгіме  жиі  естіле  бастады.  «Жел  тұрмаса  шөптің 
басы қимылдамайды» дегендей, сескенген жұрттың алды 
малдарын  сата  бастады.  Аласапыран  күн  туа  бастаса, 
барар жақтарын қамдай бастады. 
 Осындай  аумалы-төкпелі  күндердің  бірінде  ауылға 
әкемнің  бажасы  Науқанбай  келді.  Жаңа  өкіметтің  біздің 
ауылға бекітілген уәкілі екен, яғни белсенді. Мұздай боп 

193
киінген, сақал-мұртын тып-тықыр етіп қырынған. Белінде 
тапаншасы  бар.  Иығында  портфель  асынған.  Түсі  суық, 
қара  сұр  адам  екен.  Біздің  үйге  келіп  түсті.  Әкем  де, 
шешем де мәз. Қуанбай ше, Науқанбай шешемнің туған 
сіңлісінің күйеуі. Жаңа өкіметтің үлкен қызметкері. «Бір 
ағайын  таққа  мінсе,  он  ағайын  атқа  мінеді»  деген  емес 
пе? Бар құрмет те, қошемет те сый-сияпат та бәрі соған 
арналады.  Мал  сойылып,  дастархан  жайылған.  Гу-гу 
әңгіме. Онсыз да не істерлерін білмей басы қатып жүрген 
жұрттың  Науқанбайдан  үміті  зор,  дәмесі  мол.  Әр  сөзін 
мүлт  етпей  ұйып  тыңдайды.  Онша  күлмейтін,  қабағы 
қатыңқы,  бір  сөзі  бір  қаралық  жан  екен.  Онысын  ерсі 
көріп жатқан ешкім жоқ. «Қызметі үлкен, жауапкершілігі 
зор  қайсыбірімізге  жалпақтай  қойсын»  –  дейді.  Содан 
Науқанбайды  ауыл  адамдары  қолдан-қолға  түсірмей, 
он  шақты  күндей  кезек-кезек  шақырысып  қонақ  етті. 
«Өкіметте өз адамдарымыз бар» деп ел мәз-мейрам. Бар 
сырларын,  бар  шындарын  жайып  салды  оның  алдына. 
Малдарын сатып жатқандарын, олай-бұлай күн туса барар 
жерлерін белгілеп қойғандарын сөз етіседі. Онда да:
–  Науқанбайжан, сен өз адамымыз болған соң өзіңмен 
ақылдасып кеңескеніміз ғой, – деп қояды шалдар жағы.
–  Еш  қам  жемеңіздер.  Мен  тұрғанда  сіздерге  ешкім 
тиіспейді.  Естігендеріңіздің  бәрі  бос  сөз,  сенбеңіздер,  – 
дейді Науқанбай жұртты өзіне сендіріп.
–  Е-е,  бәсе,  бәсе,  –  деп  ел  риза  болысып  қалады. 
Науқанбай барда бізге не қам бар деседі. Қайдан білейік, 
біздің ауылдағы бар пәле сол Науқанбай келіп кеткеннен 
кейін басталатынын. Аудан ауылдан күнде біреуді ұстап 
әкетіп  жатты.  Жұрт  зәресі  ұшып,  бір-бірімен  сөйлесіп, 
тілдесуден қалды. «Ойбай-ау, әлгі сенген Науқанбайымыз 
қайда?»  –  дейді  сасқан  жұрт.  Кейіннен  белгілі  болды. 
Науқанбай  ГПУ-дың  тыңшысы  екен.  Өткенде  ауылға 
мәлімет  жинауға  келген  болып  шықты.  Науқанбайдан 

194
қайран болмаған соң жұрт өз қамын өзі жасауға кірісті. 
 Ел  жан  сақтау  үшін  ауыл-ауыл  болып,  өзбек,  тәжік, 
ауған асып кете барды. Біздің үй қара шаңырақ болатын. 
Тез арада үйлерді жығып, он шақты түйеге артып жасырын 
өзбек  жағына  тарттық.  Жол-жөнекей  ұры-қарысы  бар, 
шекара  күзеткен  қызыл  әскер  солдаттары  бар  дегендей 
мал-мүлкімізді,  алтын  бұйымдарымызды,  қымбат  жібек 
маталарымызды соларға тарту-таралғы ретінде беріп, аш-
жалаңаш күйімізде өзбек жеріне де жеттік-ау.
–   «Мейлі,  әйтеуір  басымыз  аман»  –  деп  ел  бұған  да 
тәубе  етті.  Келгенде  аң-таң  қалдық.  Мұнда  мамыражай 
заман,  біреумен  біреудің  ісі  жоқ.  Әркім  өз  қарекетімен. 
Обалы  не  керек,  өзбек  ағайындар  жақсы  қарсы  алды. 
Біздегі  жағдайдан  хабардар  болса  керек,  аяп-мүсіркеп 
жатыр. Басымызға пана, алдымызға егістік жер, шамасы 
келгендерге  жұмыс  берді.  Ешкімді  маңдайдан  қақпады. 
Жаман  адам  болса  да,  жаман  халық  болмайды.  Соған 
көзім  анық  жетті.  Осы  күні  “ана  халық  анадай”,  “мына 
халық  мынадай”  дегенді  естіп  қаламын.  Бірлі-жарым 
адамға  бола  тұтас  халыққа  күйе  жағып  қаралаған  әсте 
де  дұрыс  емес.  Сол  жұртты  паналап,  бас  сауғалап  аман 
қалдық емес пе? Әйтпесе кім біледі, сүйектеріміздің қай 
сайда шашылып қаларын.
 Екі-үш жылда есімізді жиып, ел қатарына қосылдық. 
Елге қайтуды сөз етпек түгілі, ойлаудың өзінен қорқады 
жұрт.  Содан  немістің  соғысы  басталып  кетті.  Қыстаққа 
сонау Қырымнан, Кавказдан қырым татарлары, қарашай, 
ноғай,  құмық  сияқты  үлкенді-кішілі  халықтар  жер 
аударылып  келді.  Қарапайым  бейкүнә  жандар  үлкен 
саясаттың құрбандықтары еді. Қаншама ұлттың адамдары 
тату-тәтті  ғұмыр  кештік.  Жаңа  өкіметке  деген  өкпелері 
қара қазандай болса да, ортақ жауды жеңу үшін бір жеңнен 
қол, бір жағадан бас шығарып аянбай еңбек етті.
Өзбек ағайындарға еш өкпеміз жоқ. Тұз-дәмін таттық. 

195
Әйтсе де, туған жерге, елге деген сағыныш басылады ма?! 
Ел десе, жұрт елең ете қалатын. Ағайындылар жиналып, 
бас  қосқан  кезде  ел  туралы  әңгіме  қозғалса,  әжелердің 
еңірегенде  етектері  жасқа  толып,  жылап-сықтап 
тарасатын. 
 Қаншалықты сыйласа да жат-жұрттың аты – жат-жұрт. 
«Есің бар да елің тап» демей ме? Қарттар жағы Шәуілдір, 
Отырар  жаққа  екі-үш  адам  жіберіп  мән-жайды  білмек 
болып  шешті.  Жағдай  түзеліп,  қуғын-сүргін  басылса 
қайта көшпек болды. Жіберген кісілер көп ұзамай оралды. 
Ел  тынышталыпты,  бұрынғы  белсенділердің  біразы 
жазаға  тартылып,  істері  сотқа  өткен  көрінеді.  Іштерінде 
Науқанбай да бар екен. Мұны естіген әкем де, шешем де 
бармақтарын тістеді: 
– Қап, әттеген-ай, жақынымыз деп оған бар шынымызды 
айтып едік. Түбімізге сол жеткен екен ғой, – деп.
Ел  көшуге  дайындалды.  Қорқып  қалған  жұрттың 
бірден  Шәуілдірге  көшіп  баруға  жүректері  дауаламады. 
Шәуілдірден  елу  шақырымдай  жердегі  Арыс  станциясы 
төңірегіне  Арыс  өзені  жағасына  қоныстанатын  болды. 
Арыстың  жанашыр  азаматтары,  жергілікті  басшылар 
көшіп  келушілер үшін  арнайы  машина  бөліп,  жұрт  лек-
легімен  көшіп  келіп  жатты.  Шәуілдірдегі  ағайындар  да 
құлақтанып үлгеріпті. «Көш көлікті болсын, қоныс құтты 
болсын», – деп ағылып келіп жатты. Ел мәре-сәре, бірін-
бірі  көп  уақыт,  көп  жыл  көрмеген  туыстар,  ағайындар 
табысып  қауышты.  Көп  шалдардың  сүйегі  сол  жақта 
қалды. Жоқтап, жылап-сықтап көрісіп жатқан ел. Онсыз 
да  сырқаттанып  жүрген  шешеме  көші-қон  оңай  тимеді. 
Бір күні құр сүлдері қалған Науқанбай келді сүйретіліп. 
Түр  дейтін  түр  де  жоқ  өзінде.  Әйтеуір  құр  жан.  Басы 
салбыраған  күйі  табалдырықтан  аттады.  Шешем  оның 
келгенін  білсе  де,  мойын  бұрмады,  сәлемін  де  алмады, 
төсекте теріс қарап жатты. 

196
–   Кешіре  көріңіздер  мені,  кешіре  гөріңіздер,  –  деп 
шешемнің  аяғын  құшақтап,  жалынып-жалбарынып, 
кемсеңдеп  жылап  қоя  берді.  Шешем  тіл  қатпады.  Ол 
үндемей шығып кетті.
 Тағдыр  тәлкегімен  қаншама  кісілердің  сүйегі  өзбек 
жерінде  қалып  қойды.  Бұл  елде  отыз  жылдай  жүрдік. 
«Қарғыс атқыр Науқанбай!» деп ел қарғыс айтумен болды. 
Әкем сонда қайтыс болып кетті. 
 Шешем  байғұс:  «Құдай-ай,  туған  жерді  көретін  күн 
болар  ма  екен.  Арыстың  суымен  жүзімді  жуып,  мөлдір 
суынан бір ұрттап өлсем армансыз болар ем» – деуші еді 
көзіне  жас  алып.  Жарықтық  сол  арманына  да  жетті-ау. 
Көшіп  келген  күні  Арыстың  жағасына  келіп,  екі  қолын 
суға  малып,  бетін  үш  рет  сипалап:  –  Қайран,  Арыстың 
суы-ай, – деп төгілген көз жасын жуумен болды. Содан 
көп ұзамай дүниеден өтті.
 Әкемнің көзінен еріксіз жас шығып та кетті. 
–   Әке,  Науқанбайдың  арты  не  болды?  –  дедім  сөзін 
бөліп.
–  Әй, оның арты оңбады ғой! Қаншама кінәсіз жанның 
обалына  қалды.  Азғантай  ауылдың  тоз-тозын  шығарды. 
Көптің  қарғысы тиді ме, ұрпақтары тарыдай шашылып, 
тағдырлары  баянсыз  болып  кетті,  –  деп  әкем  әңгімесін 
аяқтады. 

197
ЖҮГЕРІ СОБАҒЫНЫҢ 
СҮРГІНІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет