Жан жарым Айгүлге
Айбаланың жанұясымен Алматыға келгендеріне он
жылдан асып қалды. Ол кезде Алматының аты қазақ
болғанымен, заты қазақ емес еді. Қаймана қазаққа қаладан
үй алмақ түгілі, тіркелуідің өзі қиын екен.
Әртүрлі әкімшілік кедергілер, бұйрық-нұсқаулар жай
қазақтар үшін Алматыны жабық қалаға айналдырған.
Айбала күйеуі екеуі басқа қалада оқу бітіріп, жұмыс
бабымен осында келген-ді. Бірақ, тұрғын үй мәселесі
жатақханаға бірден шешілмей уақытша тіркелуге тұрды.
Одан екі жылдан кейін тұрақты тіркеуге алынып, содан
соң ғана пәтер кезегіне тұруға рұқсат алды. Осындай
ережелерді қандай адамдардың ойлап тапқанына ақылы
жетпейді. Не деген сұрқия, зымиян саясат! Жай қазақ
өмір бойы малдың соңында жүре берсін, оқымасын,
санасы оянбасын, өзінше ойлап, өзінше өмір сүрем деп бас
қатырмасын деген арам ниет. Алматыға келгендеріне де
әне-міне дегенше, бес-алты жыл көзді ашып-жұмғанша өте
шықты. Осы мерзім ішінде қанша пәтер ауыстырғандарын
санаса адам жаңылатындай. Кімнің үйінде пәтер жалдап
тұрмады бұлар!? Біресе ұйғыр шалдың, біресе орыс
кемпірдің, біресе дүнген әйелдің дегендей. «Қонақ көп
келеді, туыстарың үзілмейді, балаларың мазамызды
алады», – деп көп шыдатпайды. Көшуге де әбден еттері
үйреніп алды. Өз елінде, өз жерінде емес, құдды бөтен
елде жүргендейсің. Қайсысы болса да дікең-дікең етіп,
қит етсе қуып шығам дейді. Өз үйіңе аяғыңның ұшымен
кіріп, башпайыңмен байқатпай шығасың. Айбала күйеуі
екеуі пәтерден пәтерге көшіп жүріп жатақхананың бір
21
бөлмесіне де қол жеткізді-ау, әйтеуір. Баяғыда Жиренше
шешеннің: «Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім»
– деген сөзінің мән-мағынасын енді түсінгендей. Қалада
дүниеге келген тұңғыш қызы екі жасқа аяқ басқан. Көп
пәтерлі үй сияқты жобамен салынған екен. Жатақхана
бес қабатты, сәулетті, анадайдан көзге шалынады.
Бөлмелері кең, даңғырап тұр. Сол жалғыз бөлменің өзі,
Жиренше шешен айтқан кең сарайдай болып көрінеді.
Өзің би, өзің қожасың. Күйеуі екеуі бақыт деген осы
шығар деп ойлаған. Көпке дейін қуаныштары басылмай
жүрді. Көршілері де өздері сияқты жаңадан үйленген
өңкей өрім жастар. Атыраудан, Алтайдан, Көкшетаудан,
Шымкенттен дегендей, жан-жақтан келіп осы жерде
бастары қосылған. Қазан-ошақтары да, той-томалақтары
да бірге. Ынтымақтары жарасқан тату-тәтті көршілер.
Балалардың арасындағы жарастық, достық қандай. Кез
келген бөлмеге кіріп кетеді де, қызықты ойынға басады.
Ойыншықтары аралас. Сенікі, менікі деп керілдесу
жоқ. Сол бір бөлмеде әрі демалады, әрі қонақ күтеді,
әрі ұйықтайды. Ал, адамдардың ықылас пейілдерін
айтсайшы! Аядай бөлмеден ертелі-кеш адам аяғы
үзілмейді. Алматыға қыдырып келген туған-туыстары,
оқитын, жұмыс істейтін іні-қарындастары бірінен соң
бірі ағылып келіп жатады. Көңіл сыйса, адамда сыйысады
екен-ау. Сол бір өмірді, сол бір кездерді қатты сағынады.
Қандай жақсы, балдай тәтті шақтар еді. «Адамның
күні адаммен» деген. Осы күні оңаша пәтер, оңаша үйі
болғанмен, сол бір тілектес, мүңдас, сырлас достарға
айналып кеткен көршілері жетіспей-ақ тұрады. Арнайы
іздеп бармасаң, не шақырмасаң, қайдан жолығасың!?
Дәл осы мезгілде коммунизмге жетеміз деп жүрген алып
ел қас пен көздің арасында тас-талқан болып тарап кетті.
Тарихтың дөңгелегі неткен жылдам, егемендік алғаннан
кейінгі екі-үш жылда қоғам да, адам да, сана да мүлдем
22
өзгеріп кетті. Бұрынғы дұрысын бұрысқа, бұрысын
дұрысқа айнала бастады. Еркіндік, бостандықпен бірге
жұмыссыздық, жетіспеушілік, кедейшілік құрығын
сүйрете келді. Мейлі, жалғыз бөлме болса да, баспанаң
болғанға не жетсін?! Осыған да қолы жетпей жүргендер
қаншама!
Кәсіпорын жабылған соң, әркім өз қамын өзі жасауға
кірісті. Жеке кәсіпкерлік, сауда-саттық дегендей.
Бұлар екінші қыздары туылған соң, бұрынғы
бөлмесіне тағы бір бөлме қосып алған болатын. Енді
жекеменшікке айналдырып алған соң, әжептәуір үй болып
қалды. «Әр баланың өз несібесі болады» – деп ойлаған
өздерінше. Жұмыр басты пендеде арман деген біте ме.
Сол жатақхананың екі бөлмесін реттеп, жөндеп, сатты
да, туған-туыстарының көмегімен үш бөлмелі кәдімгі
жайлы пәтер сатып алған. Төбелері көкке жетіп қуанды.
Үш қызы мәз. Телефон, газ, ыстық су, суық су – бәрі бар.
Жұмақ дерсің. Мүлік дейтін бұларда қайбір мүлік бар
дейсің?! Ескі диван, темір керует, тоңазытқыш, телевизор
ғана бар. Әйтсе де «Кедей болсаң, көшіп көр» демекші,
зат-мүліктері үлкен жүк машинасына әзер сыйды. Жаңа
пәтердің бөлмелері үлкен-үлкен. Қойған заттары көрінбей
қалды. Терезелері кең де жарық. Құр қабырғалары
қалқиды да қалды.
«Басымызда баспанамыз бар. Несіне уайымдайық.
Елмен бірге көреміз», – деді әншейінде күйгелектеніп
жүретін күйеуі осы жолы сабыр танытып. Жатақханадағы
көңілді у-шуға үйреніп қалған бастары мұндай үйге
үйрене алмай жүрді алғашында. Адамдардың түстері
суық, бөтен, жат көрінеді көздеріне. Амандассаң, әзер
амандасады. Тілдесейін десең тосырқай қарайды.
Бір күні Айбала балаларының киім-кешегін жуып, есік
алдына жаюға шыққан болатын. Керілген жіпке жуылған
киімдерді бір-бірлеп іліп жатқан.
23
– Апай, сәлеметсіз бе, – деді бір дауыс желке тұсынан.
Жалт бұрылып қарап еді, көнетоздау киінген, өңі
жүдеулеу, бетінің аздаған секпілі бар қара торы жүзді жас
келіншек имене қарап тұр екен.
– Амансың ба, сіңлім. Кел, кел, – деді ол жылы қабақ
танытып.
– Ту-у, бұл жерде де қазақтар бар екен-ау. Жаңа бір жерде
әлдебір қазақтар орысша сөйлеп, жерден алып жерге салып
еді. «Ауылдан келген қаңғыбастар жүргізбейтін болды»,
«надоели» деп дүрсе қоя берді. Бірдеңе бер дегенім жоқ
пәтер іздеп жүргенімді ғана айттым. Тым құрыса бір ауыз
жылы сөзін айтса да болады ғой. Содан сізді көріп қуанып
тұрғаным ғой, – деді жақын бір туысын тапқандай.
– Біз бұл үйге жақында көшіп келдік, бұрын жатақханада
тұратынбыз, – деді. Айбала. – Үйбай, далада неге тұрмыз,
жүр үйге кіріп сөйлесейік.
– Үйге кіргенім ыңғайсыз шығар, бейтаныс адаммын
ғой, – деді келіншек тартыншақтап.
– Неге кірмейсің, қазақ емеспіз бе. Босағада тұрғаның
жөн болмас. Бір-екі кесе шай ішесең, – деп Айбала қоярда-
қоймай оны ішке кіргізді. – Айтпақшы, есімің кім, – деді
Айбала дастарқан жайып жатып.
– Айжан.
– Жақсы ат екен. Отыр, қысылма, – деді шай құя бере.
Адамды айтқызбай-ақ түсінетіндігі, дастарқан
жасардағы қолғабысы қатты ұнап қалған... Мұндай қасиет
нағыз ауылда өскен қыздарда ғана болады ғой. Бір-екі
кесе шайдан соң, Айжанның мандайы тершіп қоя берді.
– Апай, рахаттанып қалдым ғой. Бүгін күні бойы тізе
бүккем жоқ. Жөнді шай іше алмап едім. Сізге үлкен
рахмет, – деді Айжан риза кейіппен.
– Қысылма, айналайын, Қанып іш!, – деді Айбала жаны
ашып. Айжанның қиналып жүрген жайы барын ұққандай
болды да: – Иә, Айжан шаруанды айта отыр, – деді сөз
24
арасында.
– Мен осы төңіректен пәтер іздеп жүр едім. Мынау
іргедегі базардағы асханада істеймін. Тұратын жердің
ыңғайын таппадым, туыстардың, таныстардың үйінде
дегендей, анда бір, мұнда қона жатып, жағдайым болмай
жүр. Қазір жалғызбастымын. Алты жасар қызым бар.
Аға-жеңгемнің қолында қалды. Әке-шешем ерте қайтыс
болып кеткен. Ауылда жұмыс жоқ, – деп Айжан бар
сырын жайып салды.
– Бәсе, өзім де солай ойлап едім. Пәтер жалдап тұру
дегенді біз де бастан өткердік қой. Мұнда жаңадан
көшіп келдік. Әзірге ешкімді де танымаймын. Пәтерге
жіберетіндер болса сұрастырып көрейін. Кейінірек
хабарласарын, – деді Айбала қолдан келер басқа шара
жоғын білдіріп.
– Апай, пәтер табуын таптым ғой. Бірақ, ақшасын
бір айға алдын ала бер дейді. Ондай ақша менде қайдан
болсын. Бөліп-бөліп төлеуге көнбей қойды. Не істерімді
білмей басым әбден қатты. Екі-үш ай жұмыс істеп, жалақы
алсам аяққа тұрып кетер ем. Қызымды да қолыма алып,
осы жердегі мектепке оқуға берер едім, – деді Айжан
жылармандай болып.
Айбала ойланып қалды.
– Біз де үйде бес-алты жанбыз.Қатты қиналып жүр
екенсің,не істесем екен, – деп дағдарып тұрды да:
– Мүмкін, бізбен бірге тұрарсың,бірер ай жағдайың
түзелгенше, – деді.
– Апай, шын айтып тұрсыз ба? –деп жас келіншек
Айбаланы құшақтай алды.Өз құлағына өзі сенбегендей.
– Шын айтып тұрмын. Кешкісін сенің жағдайыңды
ағаңа айтып көрейін. Түсінетін шығар. Ертең хабарлас.
– Апай, сізге рақмет. Жақсылығыңыз құдайдан
қайтсын, – деп қуанышы қойнына сыймаған Айжан үйден
шығып кетті. Кешкісін Айбала болған жайтты күйеуіне
25
жеткізген. Ол да қарсы болмады, өзің білерсің дегендей
сынай танытты.
Айжан ертеңіне тым ертелетіп келіпті. Айбаланың
есікті күлімдей ашқанын жақсылыққа жорыған болуы
керек:
– Апай, ағай рұқсат берді ме?! Не шештіңіздер? – деді
апыл-ғұпыл.Үміт пен күдік араласа тұнған көздері жәутең
қағады.
– Заттарыңды алып, көшіп келе берсең болады.Бірақ
әуелі шай ішіп ал, – деді Айбала оған.
– Рахмет, рахмет, – деп қуанған Айжан шайға
қарамастан асыға басып кетті. Айжан жұмыстан кеш
қайтады. Құрқол келмей, балаларға оны-мұны алады.
Айбала: – Жоқтан өзгеге ақшаңды шаша бермей, өзіңе
жина. Балаларға ештеңе алушы болма, – деді қатаң
тапсырып. Айжан қолды-аяққа тұрмайтын пысық, ширақ,
тындырымды екен. Үй ішін жиысып, ас-су қамдауға
көмектеседі қолы қалт етсе..
– Қой, саған жұмыс істеткенім ұят болар. Онан да дем
алсаңшы, – деп Айбала қанша айтса да болмайды. Бар
шаруа біткен соң апалы-сіңлі жандардай шүйіркелесіп
шай ішеді.
– Бұл төңіректе сырласып, әңгімелесетін ешкім жоқ.
Сенің келгенің маған жақсы болды ғой, – деп Айбала
ағынан жарылған.
– Апай, сізді маған құдай жолықтырған шығар. Бұл
жақсылығыңызды өмір бойы ұмытпаспын, – деді.Айжан
көзі суланып.
– Айжан, бұл туралы айта бермеші. Әйтпесе ренжіп
қаламын, – деді Айбала.
– Әке-шешемнің кенжесі едім. Өзім ұнатқан жігітке
тұрмысқа шыққам. Кездейсоқ жол апатынан қайтыс
болды. Қатты қайғырдым. Кішкентай қызыммен жесір
қалдым. Аға-жеңгем ауылда жұмыс болмаған соң: «Қалаға
26
бар. Мүмкін жұмыс табарсың, болмаса сауда-саттықпен
айналыс. Қызыңа алаңдама. Үйдегі үш-төрт баланың
бірі болып жүреді», – деп мені көндірді. Бір жағынан, әлі
жас қой, теңін табар деп те ойлаған болулары керек. Ол
емеурінді айтпай-ақ түсіндім. «Өлгеннің артынан өлмек
жоқ» деген, тірі адам тіршілігін жасайды. Кім біледі,
бәлкім, теңімді тауып қалармын деп те үміттенем, – деді
Айжан сөзін жалғастырып.
– Саған жар, қызына әке болатын мейірімді жан
табылып қалар. Әлі жассың ғой, – деп Айбала оны
жұбатып қойды. Бірер айдан соң-ақ Айжанның тірлігі
оңға басқан. Азын-аулақ ақша жинап, базардан орын
алып, саудаға кірісіп те кетті. Өз ісіне пысық, жинақы,
ұқыпты болғандықтан ісі алға жүре бастады.
– Сіздер мен үшін қысылып-қымтырылдыңыздар.
Жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын! Мен жеке пәтер
таптым, – деп Айбаладан рұқсат сұрады.
Бір күні Айжан:
– Тағы да біраз тұра тұрсаң да болар еді ғой. Несіне
асықтың. Мейлің, солай шешсең бопты. Бірақ үйдің есігі
сен үшін әрқашан ашық. Ұмытпай келіп тұр, – деді Айбала
Айжанды шығарып салып жатып.
Екеуі бірін-бірі қимай көздеріне жас алысып, сүйісіп
қоштасты.
Айжан Айбаланікіне реті келгенде соғып тұрады. Екеуі
әңгімелесіп, шай ішеді, сырларын айтысады.
– Өзің әдеміленіп, тым сұлуланып кетіпсің. Киімдерің
де жарасып тұр. Менен ещтеңе жасыра алмайсың.
Көздерің бәрін айтып тұрған сияқты, – деді Айбала оған
тағы бір келгенінде.
– Ту-у, апай! Не деген сезімтал едіңіз. Бәрін қайдан
біліп қойдыңыз, – деп Айжан қызараңдап қалды.
– Бұған дейін де сөз салған кісілер болған. Бірақ
кішкентай қызым бар екенін білсе болды, ат-тондарын
27
ала қашады. Кейбіреулері уақытша ермек еткілері келеді.
Бұл еркек дегендерді қойсаңшы. Әйелі, бала-шағасы
барлар да айналдырады. Ұят-жоқ қой оларда, – деп Айжан
мұңын шақты. – Жақында өзімнен біраз үлкен бір кісімен
таныстым. Жібі түзу жан сияқты. Үйленейік деп ұсыныс
жасады. Не істерімді білмей басым қатып жүр.
– Саған не ақыл берейін. Өзің де бала емессің. Оң-
солынды танып қалдың. Әйтеуір бәрін ақылмен шеш.
«Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» деген. Алданып
қалып жүрме. Қазіргі адамдар қиын болып барады ғой, –
деп Айбала білген ақылын айтқан. Арада үш-төрт ай өтті.
Айбала үйге оны-мұны , майда-шүйде алғалы базарға
барған болатын. Кездейсоқ Айжанға ұшырасқан. Хал-
жағдай сұрасып, қуансып қалды.
– Апай, мен әнеукүні айтқан кісіге тұрмысқа шықтым,
– деді ол жүзі бал-бұл жайнап.
– Айналайын, бақытты бол. Ұзағынан сүйіндірсін.
Қосағыңмен қоса ағар, – деп Айбала ыстық ықылас
білдірді. – Қап, білмей қалдым. Сыйлығымды сонан кейін
реті келгендде берейін.
– Апай, ештеңенің керегі жоқ. Сіздің жақсылығыңызды
өмір бойы ұмытпаспын, – деді ол қоштасып.
Сонан соң арада тағы да біраз уақыт өтті. Ойда жоқта
Айжанға жолығып қалды. Бес-алты жас шамасындағы
қыз баланы жетектеп алыпты.
– Мынау менің қызым. Аты – Жұлдыз, – деді Айжан.
– Е-е, айналайын, Жұлдыз десе жұлдыздай әдемі
екен. Бақытты болсын, – деп Айбала кішкентай қыздың
маңдайынан сүйді.
– Өзің қалайсың. Ай-күнің жақындап қалған сияқты.
Қыз ба, ұл ма күткендерің? – деді Айбала мейірлене
жымиып. – Аман-есен босанып, қол-аяғынды бауырына
алуына тілектеспін.
– Рахмет, рахмет, – деді Айжан. Даусы біртүрлі
28
көңілсіздеу шығып.
– Не болды, көңіл-күйің жоқ қой. Әлді бір жерін ауыра
ма? – деді Айбала күдіктеніп. Осыны күткендей:
– Апай, мен масқара болып қалдым ғой, – деп Айжан
еңіреп жылап қоя берді.
– Қой, даусыңды шығара берме, қызың қорқып қалар.
Сабыр қыл, не жағдай, – деді Айбала оны құшағына алып,
маңдайынан сипап басу айтты.
– Мен алданып қалыппын. Әлгі кісі әйелі, бала-шағасы
бар біреу болып шықты. Мені алдаған екен. Енді не
істерімді білмей дал болып жүрмін.
– Болар іс болды. Сен көп нәрсе ойлай берме. Ішінде
бала барын ұмытпа. Қалғанының бір мәнісі болар.
Айтпақшы, қайда тұрып жатырсың өзің?
– Таныс құрбымның пәтерінде. Сіздерден алыс емес.
– Е-е, онда жақсы екен. Көп уайымдай берме. Бірдеңе
қажет болса, мына Жұлдызды жіберерсің. Әйтпесе,
телефон соғарсың, – деп Айбала Айжанды жұбатып, қош
айтысты.
Бір күні Айжанның қызы Жұлдыз асығыс жүгіріп
келді. Өңі бозарып кеткен. Сөйлей алмайды. Бар болғаны:
– Мама, мамам, – дей берді екі көзі жасқа толып.
Айбала Жұлдызды жетектеп асығып-үсігіп жеткен.
Сөйтсе, Айжан үйде босаныпты. Жедел жәрдем шақырып
үлгермепті. Сәбидің кіндігін де өзі кескен. Айбала
тез дәрігер шақыртты да, Айжанды шақалағымен
перзентханаға жөнелтті. Екі күннен соң перзентханаға
Айжанды іздеп барған. Ана мен нәрестенің де жағдайлары
жақсы болғандықтан, ертерек шығарып жіберіпті. Үйдің
де, пәтердің де нөмірін ұмытып қалыпты, әрең тапты.
Жөргек, киім-кешек тағы да басқа заттар алып Айжанға
келді. Оның қазір ақшасы жоғын білетін. Жұмыс істемесе
ақша қайдан болсын!? Біраз азық-түлік апарды, азғантай
ақша берді.
29
– Апай, сіз болмасаңыз мен не істер едім. Өмір бойы
қарыздармын, – деп көзіне жас алды Айжан.
– Сен жылама, мықты бол. Енді балаң біреу емес, екеу.
Өзің үшін емес, осылар үшін өмір сүресің, бекем бол,
– деді Айбала. – Бірдеңе қажет болса, Жұлдызды үйге
жібер...
Үш-төрт күннен кейін Жұлдыз келіп тұр. Қолында
тілдей қағазы бар. Айжан беріп жіберіпті.«Апай,
тіпті нанға да ақшамыз қалмады. Сізден ұялып қанша
шыдасам да болар емес. Өзіме емес, балаларыма қиын
тиіп тұр. Шамаңыз келгенше азық-түлік, қаржы жағынан
қарассаңыз», – депті.
Үйдегі бес-алты жан азын-аулақ жалақыға қарап отыр.
Қайтеді, қол ұшын, бермесе болмас. Айбала қолына
ұн, қант, майға қоса шамалы ақша берді де Жұлдызды
шығарып салды.
Одан соң да шамасы жеткенше Айжанға қол ұшын беріп
тұрды. Сәбиі жасына толысымен Айжан қайтадан базарға
сауда жасауға шығып кетті. Түске дейін үлкен қызы балаға
қарайды. Түстен кейін күтуші әйел қарайды ақысын алып.
Анда-санда қыздарын ертіп Айбаланікінде болып кетеді.
Бірде: «Апай, «аузы күйген үрлеп ішеді» дегендей, жасы
үлкендеу болса да біреуді тауып берсеңізші. Мына екеуін
асырап-бағу жалғыз өзіме оңайға соғып жүрген жоқ.
Осылар үшін бәріне шыдап өзімді құрбандыққа шалуға
әзірмін. Алатын адам болса оты мен кіріп, күлімен шығар
едім», – деп мұңын шақты.
Айбала үндемеді. Үндемегені– ойында оған көздеп
жүрген адамы да бар еді. Бірақ, әзірге Айжанды алдын-
ала дәмелендіргісі келмеді. Әуелі сол адаммен сөйлесіп
көруді жөн санады. Жақында көрші үйге Талдықорғаннан
бір кісілер көшіп келген болатын. Ауылдың қарапайым
адамдары. Сөйлесіп, танысып қалған. Сөз арасында
әжей үлкен ұлының жасы елуге келіп қалғанын, бірақ
30
жалғызбасты екенін, соны үйлендірмей жаны тынбай
айтқан болатын. Ұлы ақылды, жуас, момын екен.
Алдында біреуге үйленіп, ажырасып кетіпті. Анау әйел
үлде мен бүлдеге оранып алып, ақшасын, дүние-мүлкін
жинап, бір түнде тайып отырыпты. Оның үстіне қалаға
да үйрене жүргендіктен бе, анда-санда ұрттап қоятыны
көрінеді. Бірақ салынып ішкен емес, ешкімге зияны
жоқ. Айбалаға: «Ұлыма реті келсе біреуді таныстырсай
қарағым, сауабына қаларсың» – деген. Әжейдің ұлының
аты –Асан. Айбаламен сырттай таныс, амандасып жүреді.
Бұл әңгімеден кейін ол Айжанға осы жайдың шет-
жағасын жеткізген.
– Апай, сіз айтсаңыз болды. Жөні дұрыс кісі болса,
етегінен ұстайын, – деді ол бірден көне кетіп.– Тіпті
қыздарымды атына жаздыртайын.
Сөйтіп Айбала Айжанды ретін тауып Асанмен
таныстырған.
– Жас бала емессіздер.Ар жағын өзара шеше
жатарсыздар, – деді ол. Содан кейін Айбала Айжаннан
жеті-сегіз ай көз жазып қалды. Бірде Асан кепті, Айжаннан
дерек білейін деп.
– Аға-ау! Сізді таныстырдым, жолықтырдым. Енді
кеп оның жөнін менен сұрағаныңыз қалай? Өзім де біраз
болды, Айжанды көрмедім, – деді аң-таң болып.
– Әйелден жүрегім шайлығып қалған басым. Ары
ойланып, бері ойланып, ырғалып-жырғалып жүргенде
таппай қалдым ғой. Іздемеген жерім жоқ.
– Аға-ау, ұнатсаңыз сол кезде-ақ шаужайына жабысатын
адам едіңіз ғой. Қыздарынын фамилиясын сіздің атыңызға
аударатын болып шешкен. Сізге одан артық қандай дәлел
керек, оның кет әрі еместігіне, – деп Айбала күйіп-пісті.
– Кешір, айналайын. Менен білместік бопты. Ақымақ
басым соны енді түсіндім, – деп Асан басын шайқап
өкінішін білдірді.
31
Арада үш-төрт жыл уақыт өтті. Бірде Айбала кенже
қызын ертіп киім-кешек сататын базарды аралап жүрген
болатын.
– Апай, сәлеметсіз бе, – деп бір келіншек құшақтай
алды да, бетінен сүйді.
– Апыр-ау! Қайдан көріп едім. Жүзің таныс сияқты
ғой, – деп есіне түсіре алмай қиналды.
– Танымай қалдыңыз ба, мен Айжанмын ғой, – дегенде
барып сасқанынан:
– Амансың ба, қыздарың өсіп жатыр ма, дені-бастары
сау ма? – деді үстемелетіп. – Өзің әдемі болып кетіпсің.
Тіпті, танымай да қалдым ғой.
Шынында да Айжан сұлу, көрікті келіншекке
айналыпты. Шаштарын келтелеу қылып қидырып, сәнді
киініпті. Бәрі өзіне жарасып тұр. «Әйтеуір, жағдайы
жаман емес сияқты», – деп ойлады Айбала.
Жанында өзі қатарлы, орта бойлы, қара торы, жылы
жүзді, қияқ мұртты жігіт бар. Бұл кім екен деп ойлап
үлгергенше, Айжан: – Мынау күйеу балаңыз болады, –
деді соны білгендей.
– Бақытты болыңдар! Дұрыс болған екен. Не тұрыс?!
Үйге жүріңдер, қонақ боласыңдар, – деді Айбала шын
көңілмен.
– Рахмет, Айбала апай! Біз қазір Талдықорғанда
тұрамыз. Сауда-саттықпен айналысамыз. Тауарға келген
бетіміз. Сау болыңыз, – деді бетінен сүйіп қоштасып.
Айбала қол ұстасып кетіп бара жатқан Айжан мен оның
күйеуінің соңынан сүйсіне қарап, ұзақ тұрып қалды...
32
КЕРБЕЗ КЕЛІНШЕК ІЗДЕП
ЖҮРМІН
Әзіл-шыны аралас
Ертең жол жүретін болғандықтан, кешкісін суға
шайынып алғам. «Осы сен үйде жұмыс түк істемейтін
болдың. Тым болмаса қоқысты төге салсаң не етеді», – деп
келіншегім қабағын шытқан соң,сыртқа шығып айтқанын
орындауға тура келді. Қыс ауасы. Далада әжептеуір ызғар
бар. «Әй-й суық тигізіп алмасам жарар еді деп ойлап
ем. Сол ойдан бойым тіксініп жаурағандай болдым.
Шынымен-ақ таңертең ерте оянсам, сол иығым шаншып,
мойыным бұрғызбай қалыпты. Енді не істеймін?!
«Мойның бұрылмай қалса, кербез келіншектің артынан
сәлем салу керек», – деген ырымды бала кезімнен есітіп
өскем. Бірді-екілі рет оны жасап та көргем. Сол әдетпен
жұмысқа келе жатып кеңсеге жақындай бере жан-жаққа
көз тігіп әрлі-берлі өткендердің арасынан кербез келіншек
іздеймін көзбен.Көпшілігі қыздар, кәрі-құртаңдар.Бірге
жұмыс істейтін бір-екі қыз өтті.
– Аға, саламатсыз ба, ішке кірмейсіз бе?
– Қазір кіремін ғой. Кербез келіншек іздеп жүрмін.Олар
аңтарылып бетіме қарайды. Мойным бұрылмай қалғанын
қайдан білсін! Ешкім кездеспеген соң, амалсыз кеңсеге
кірдім. Келсем жиналыс басталып кеткен екен.
– Қайда жүрсіз кешігіп?
– Жолда мінтірескен көлік.
– Ойбай-ау, сіз мені алдап тұрсыз ғой. Жаңа ғана кербез
келіншек іздеп жүр, – деп естідім. Оныңыз не таң атпай,
33
кешкісін де кездесуге болады ғой. Оның үстіне әйелі бар,
бала-шағасы бар емес пе, – деп бастық бастырмалатып
кетті. Мойным бұрылмай қалды деп қайдан ғана айта
қойып едім. Қызметтегі қыз-келіншектер жымың-жымың
етеді. «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды»
дегендей кеңседегі кешке дейінгі әңгіме мен туралы
болыпты.
Ол ол ма, түс кезінде келіншегім мен жоқта іздейді
телефон соғып. Әйелім екенін қайдан білсін, ойында
ештеңе жоқ бір қызметкер:
– Ол кісі сізді таңертеңнен бері тосып жүр деп естіп
ем, – дейді
Келіншегім:
– Мен оған барам деген жоқ едім ғой, – дейді таңданып.
Ол:
– Қайдан білейін. Өзі айтыпты ғой бір кербез келіншекті
тосып жүрмін деп, – дейді. Ашуланған келіншегім телефон
тұтқасын тарс еткізіп орнына тастай салады.
Одан хабарым жоқ мен кешкісін үйге келдім. Үйге
кірер-кірместен келіншегім тарпа бас салып, бұрқан-
тарқан ашуға мінді.
– .. Сен өзі жұмыста отырмайды екенсің ғой. Кербез
келіншегім іздеп кетті деп естідім, оның не, – деді жүзі
түтігіп.
– Қайдағы келіншек?! Сен не айтып тұрсың өзі...
– Жұмысқа телефон соққам. Өзің сөйтіп айтыпсың ғой!
Әйелімнің сөзіне не жыларымды, не күлерімді
білмедім.
– Кеше кешкісін суға түскен едім.
– Иә, сонан соң.
– Сонан соң желең күйде далаға шықтым.
Әйелім әлі де сеніңкіремейді.
– Дала тым салқын екен. Содан мойныма суық тиіп.
Таңертең тұрсам мойным бұрылмай қалыпты. Сәл
34
қимылдасам жаным көзіме көрінеді. Сол үшін сені оятып
айтуым керек пе еді. Тек ауылда «Мойның бұрылмай қалса
кербез келіншектің артынан сәлем сал» деп жататын.
Жазылғандарды көргем, сондықтан ғой далаға шығып
кербез келіншек іздеп жүргенім....
– Келіншегім ішек-сілесі қатып жатып леп күлсін.
Тоқтай алмайды ғой. Мен байғұста ұрысу түгілі, дауыс
көтерер шама жоқ, мойным қозғалмайды. Жақ ашуға
дәрменсізбін.
– Е-е, бәсе, солай ма еді?! Мен қайдан білейін. Сені бір
кербез келіншек күтіп сыртта жүр деп естідім ғой, – деді
сөзіме енді сенгендей.
– Уһ-һ, – дедім. Шынында да сөзді абайлап айтпаса
болмайды екен.
35
МИНИСТРДІҢ ҚҰДАСЫ
Әңгіме
Вокзалға жеткенім сол еді, поезд келіп тұр екен. Өз
вагонымды тауып алып ішке кірдім. Әуелі вагонға кірген
кезде бөтен біреудің үйіне кіріп кеткендей тосырқап
тұрасың. “Кемедегінің жаны бір” дегендей келе-келе
оған да үйренесің. Жан-жағыма бажайлап қарап, қандай
адамдар бар екен деп аңдайсың. Бұл күй жалғыз менің
ғана басымдағы емес. Әрбір жолаушының басындағы
жай. Көршім қателеспесем өзімнен төрт-бес жас үлкен,
қияқ мұртты, толықша келген, жылы жүзді жігіт ағасы
екен.
– Ассалаумағалейкүм, – дедім қолымды ұсынып
– Уағалейкүмассалам, – жол болсын!
– Арысқа бара жатырмын.
– Мен де Арысқа барамын. Жолымыз бірге екен, жақсы
болды. Екеуміз де қуанысып қалдық, жолсерік табылды.
– Қайда тұрасың?
– Алматыда. Негізі – сол Арыста туып-өскем.
– Е-е өзіміздің ауылдың баласы екенсің ғой!
– Иә, ауылға жайша бара жатырсың ба?
– Бір үлкен кісі туралы естелік кітапқа материал
жинауға бара жатырмын.
– Ол ауылдың бәрін танимын ғой. Ол кісі кім,құпия
болмаса?! Мен ол кісінің аты-жөнін айттым. Қайын атам
екенін жасырмадым.
– Ой-й, ол кісіні білемін ғой,кім білмейді ол кісіні.
Жақсы адам еді жарықтық. Бұл істерің өте орынды болған.
36
Істерің сәтті, қайырлы болсын.
Кітап жазу жайлы жоспарым бар. Бірақ бірде-бір жолы
жазылмаған.Сонда да алғашқы жолыққан кісімнің жылы
лебізін жақсылыққа жорыдым. “Жолым болады екен” деп
түйдім іштей. Содан соң жол-жөнекей бірге шай іштік.
Әңгіме одан әрі өрби түсті.
– Өзіңізге жол болсын? – дедім ол кісіні сөзге тартып.
– Алматыдан министр құдам бар еді, сол үйдегі
құдағи сырқаттанып қалған ғой.Сол кісінің көңілін
сұрауға бардым. «Қымызды кім ішпейді, қызға сөзді кім
айтпайды», – дегендей «министр құда» дегенге елең ете
түстім.
– Құдаңыз шынымен министр ме? – дедім аң-таң
қалып.
– Ия, шынымен, – деп ол кісінің яғни министрдің аты-
жөнін атады.
– Министр адам пенде ғой, оның несіне таңғаласың,
інім?! Өкініштісі, «Құдайдың көзі жақсыға түседі»
дегендей ол кісі жақында бақилық болып кетті.
– Сонда қалай құда болып жүрсіздер. Қыз бердіңіз бе,
әлде келін алдыңыз ба?
– Е-е, ол ұзақ әңгіме, – деп ол сөзін бастап кетті. Әрі
қарай мен тек тыңдаушымын.
– Біз ол кісінің қызын келін етіп алдық. Менің қайын
жұртым Арыстың өзінде тұрады. Қайын ағам кісі өмір
бойы темір жолда қызмет істеген қарапайым теміржолшы.
Ол үйдің тұңғыш қызы – біздің үйдегі жеңгең. Қайын
атамның ортаншы ұлы жаңағы министрдің қызына
үйленген.Қалай құда болғанымызды айтсам, әңгіме
қызық. Сол қайным Алматыға КазГУ-ге түсті, қазір
«КазМУ» – деп жүр ғой. Біздің тіліміз әлі үйренбей жатыр.
Мен өзім қызмет бабымен Алматыға жиі баратынмын.
Әр жолы қайын енем баласына құрт-май, ірімшік,
талқан дайындап беріп жіберетін. Сол қайным төртінші
37
курсты аяқтаған кезде барып қалдым. Алматыда өзіміз де
студент болғанда қайбір жарытып тамақ ішіп жүрдік, –
бір тойдырайын деп ресторанға апардым. Сөзге тартсам
көңілсіз, жүні жығылып қалыпты. «Бір жерің ауырып
жүр ме», – десем, жоқ дейді. Енді не десем басын қасып
күмілжиді. Мен сенен сабақты емес. Мектепті жақсы
бітірдің. Өз күшіңмен оқуға түстің, не болуы керек. Бала,
бала деп жүрсем. Бұл неменің жігіт болып қалғаны тарс
есімнен шығып кетіпті.
– Не болды, сүйген қызың бар ма еді, үйленейін, деп
пе едің, – деп мәселені тікелей қойдым.
Ол басын изеп, «иә» дегендей болды,
– Онда не тұрыс, әке-шешеңе хабар берейік, – дедім.
– Айтпақшы кімнің қызы, қай жақтан. Ол кімнің қызы
екенін айтқанда шалқамнан түсе жаздадым.
– Кімнің?! Әлгі анау министрдің бе?! Шын айтып
тұрмысың?!
– Ол өзі министр болса қызын мынау саған, қарапайым
темір жолшының баласына жетектете салады деп тұрсын
ба. Қыз өзі көніп тұр ма?
Ол қыз өзіммен қай жаққа болса да баруға дайын екенің
айтты. Кілтипан шешесінде болып тұр екен.
– Өй, сен де. Ауылда басқа қыз құрып қалғандай, – деп
қынжылдым.
– Амал жоқ. Қыздың шешесімен кездесуге бел будым.
Қайнымды жіберіп ресторанға шақырдық. Қыз бен
шешесі екеуі де келді. Қыз қаланың қызы сияқты емес
ибалы екен. Әжесінің бауырында өскен екен.
Ата-ана емес пе.
– Балаларын қалай тәрбиелеген? Қаршадай басымен
әбден айналдырып алыпты, қызымды арман жүрсін деп,
– дүрсе қоя берді.
– .... Ойбай, менің көріп есітіп тұрғаным осы. Бұларың
балалық, – деп әрең бастым.Қыз болса егіліп отыр.Біраз
38
ұрыс болып әзер басылды.
– “Теңін тапса тегін бер” деген бар.Қай ел қыз бен
бала бірін-бірі ұнатса не істейміз деп... құдағи ләм-мим
демеді.Ертеңіне қайным қонақ үйге жетіп келді.Бізді үйге
шақырып жатыр.
– Кім?
– Ана кісілер.Құдаларыңыз.
– Қайдағы құдалар.Әлі ештеңе шешкеніміз жоқ, –
дедім ашуланып.
Мен ауылдың қарапайым адамымын. Бар болғаны бір
кеңшардың инженерімін. Ауылда абыройсыз да емеспін,
ел-жұрт сыйлайды.
Ал енді анау министрмен не деп сөйлеспекпін. Соны
ойлап қатты састым. Тәуекел деп тәуір деген киімдерімді
киіп алып, баланы жетелеп айтқан мекен-жайға жетіп
келдік. Келіп жүрген жері емес пе. Бала лезде алып келді.
Құдағимен көз таныс болып қалдық қой. Құда қандай кісі
екен деген оймыен келе жатып үйге де келіп кірді. Есікті
болашақ келініміз ашты. Ар жағынан ашық жүзді, ұзын
бойлы жігіт күлімсіреп қолын ұсынды. Аты-жөнін айтып
айта бастап еді:
– Ойбай, аға-ау, басқаны білмесек те сізді білеміз ғой, –
деп сасқалақтадым.
– Өзіңізді көріп, қол алысып кездесеміз деген нәрсе
ойыма кірмепті де.
– Ойбай-ау, бізде де жұмыр бас пендеміз ғой. Бәріміз де
емес қызмет етіп жүрген адамдармыз ғой, – деді қысылып-
қымтырылып тұрғанын аңғардым.
– Мына баланың аса аңғырттық жасап қоймағаны ғой.
Қайтеміз енді?! Бірін-бірі ұнатып қалған сияқты ғой, –
деп ақталып жатырмын.
Сонымен төрге шығып үстел басына жайғастық.
Бекерге үркіппін. Министр құда өте қарапайым адам
болып шықты «Ұлық болсаң, кішік бол» деген сөз
39
осындай кісілерге арнап айтылғандай. Ол еліміз, жеріміз,
шаруашылық жайлы көп сұрады.
– Сізден көп мәлімет алдым ғой. Елдегі жағдай туралы
өте құнды мұндай мәліметті менің көмекшілерім де тауып
бере алмайды. Біз іс басындағы қарапайым адамдардың
арасында көп болып, солардың мұң-мұқтажын жақсы
білуіміз керек, – деді.
Ас-су ішіп болған соң негізгі шаруаға көштік. Министр
құда қызын шақырып алып, жігітті шын ұнатасың ба? –
деп сұрап алды. Қыз байғұс не десін. Төмен қарап тұрып:
Иә, – деп басын изеді.
Сонымен той қамын жасайтын болып келістік. – Дос-
жарандар, туған-туыстары бар дегендей – Қызымызды өз
қолымыздан ұзатып той жасаймыз. Ар жағын өздеріңіз
біле жатарсыздар. Күнін белгілейік. Сіздерге хабар
береміз деп, – ойын ашық кесіп айтты.
Бұл мәселенің оп-оңай шешілп кеткеніне аң-таң қалған
басым адамға қызмет дәрежесіне қарай сөйлеп қалған
басым, ол кісіні аты жөнін ресми түрде аузыма ала берген
ем: – Жарайды, кеңседе отырған жоқпыз ғой. Оның үстіне
құдай қосқан құда боп жатырмыз, – деп жылы ұшырай
орнынан тұрып.
– Құда десең де, өзің біл. Аға десең де өзің біл, – деп
жатыр.
Қапелімде аузыма сөз түспей сасқалақтап:
– Рахмет, рахмет, – дей беріппін.
Үйден төбем көкке жеткендей болып, аяғым жерге
тимей шықтым.
– Әй, өзің мықтысың. Анау-мынау емес министрдің
қызына үйленгелі жатырсың, – деп қайнымды арқасынан
қақтым.
Бұл шешілген мәселе. Енді ауылға қайын жұртқа хабар
беру керек. Қайын енемнің мінезін білемін:
– Ой-бай, баламның басын айландырып алған. Күшік
40
күйеу болып кіреді. Үйленер болса ауылда да қыз жетеді.
Министрмен құда болған немізді алған, – деп байбаламға
басарын білемін. Сол ойлармен поезға отырып, Арысқа да
жеттім. «Арыс» деп отырғаным сол өзен жағасы, Арыс
қаласының станциясы.
Әуелі өз үйіме келіп, жағдайды келіншегіме айттым.
«Министрмен құда болғалы жатырмын» деп ем:
– Апыр-ау, өтірігің бе, шының ба? – деп сенбей қойды.
– Әй өзім шаршап келдім. Өтірік сенсең не сенсең деп
ашуландым. – Бар оданда әке-шешеңе барып жағдайды
айт. Айтқанда бірден қойып қалмай жайлап қана жеткіз.
Мен айтқандай енеміз біраз «бала асырадық», –
байбалама салыпты. Көпбай қайда барсың, әкесінің
құлағына жеткен соң. Сонымен құдаларынан хабар
келеді. Артынып-тартынып Арыстың жүзімін, алмасын,
қауын-қарбызын, әдемі бұйымдар, киімдерді алып тартып
кеттік. «Әй тойда, өңшең министрлер болады жөндеп
ішіңдер» – деп қоям әзілдеп.
Шынында тойда үлкен кісілер, жауапты қызметкерлер
болды. Той үлкен ресторанда өтті. Қызмет дәрежеге
қарамай бәрі құдалар құтты болсын, балалар бақытты
болсын деп жатыр.
Қалай қабылдар екен деп бәрібір жүрексініп
қобалжығаным рас. Алайда бәрі ойдағыдай болды.
Құдалар арасындағы сый-сыяпат жасалды. Құйрық-бауыр
жесіп құдай қосқан құдалар болдық. Қыз ұзатылды.
Ауылға келген соң көп ұзамай қайын-жұрт балаларының
үйлену тойын шама-шарқынша күтті. Алматыдан бір топ
кәрі жас, құда-құдағи келді. Ал министр құда қызмет
бабымен келе алмаймын деп кешірім сұрады. Реті
келгенде соғатынын айтты. Ол кісі тек мені ғана құда деп
сұрастырып телефон соғып тұрады. Ауылдағылар «Әй,
министр құдаң хабарласып тұра ма» – деп сөзбен қағытып
жатыр. Ауыл басшылары, шаруашылық басшылары:
41
«Шынымен министр ме?» – деп сенбестік сыңаймен
қайта-қайта сұрайды. Оңдайда ашуланып: – сенбесендер
қарандар да тұрындар. Сонда келген соң көрерсіңдер
деймін. Құдай аузыма салды ма? Бір күні министр құдамыз
телефон соғып: Хал-жағдайды сұрасып Шымкентте
үлкен жиын өтетінің, біраз кісілермен реті келсе бірер
сағатқа келетінің айтты. Қатты әбіржіп әуреленбеулерін
тапсырды. Ауыл Арыстың жағасында екенің
– Әлгі Шәмшінің әніндегі Арысым ба, – деді.
– Иә, дәл өзі, – деді.
– Онда міндетті түрде барам, – деді көңілденіп.
– Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады
деген бар емес пе. Әуелгіде сасып қалдым, бірақ сасатын
ретім жоқ екен. Құдаға соятын малым, қымыз, шұбат
жетеді оны-мұны Шымкенттен әкелермін деп шештім.
Сөйткенімше болмай ауыл басшылары жетіп келіпті.
Аудан әкімдігіне құлақтаныпты. Содан қызу дайындыққа
кірісіп кеттік. Әшейін мирзаяқ талабын қоймақ
шаруашылық басшылары. Киіз үй тігіп сонда күтіп
алғылары клген екен. Құда әуелі өзімнің құдама кіремін,
сонан соң көреміз депті.
Үйдің айналасын тазалап, адам танымастай болып
қалды. Арыстан Қараспанға жете бере кілт Оңтүстікке
бұрылып бұрандай ағып теміржолға жақындай түсіп
жарлауыт жағаға сүйкене қайтадан доғадай иіліп
қайтадан оңтүстікке бұрылып, қаланың іргесінен өтеді.
Шымкенттен шыққан тасжол Арысқа жеткенше өзенді
екі жерден кесіп өтеді. Екі жерде көпір салынған. Арыс
өзені сол бірінші көпірге жете орта тұста пайда болған.
Аралшық айнала қақ бөлініп ағып 40-50 метрдей жерде
қайт қосылады. Аралшықтың ені де 40-50 метрдей.
Өзеннің қос қапталы ешкітал, жыңғыл, қамысқұрақ. Су
тасып қайтқанда жоғарғы жыңғыл тал батпақта араласып
содан пайда болған шамасы. Жайқалып өскен шөп, 3СӨЗ
42
етегі құм. Міне сол жерге шығып, шатыр тігіліп жергілікті
басшылар министрді күтуге дайындалуда. Бұл жерде
қымыз, шұбат, қазы-қарта, кәуәп, жеміс-жидек дегендей.
Әйтеуір дастарқанға керектің бәрі бар. Әні-міні дегенше
үлкен шет елдік Мария автобусы келіп жетті. Апырау
мына кісі тым қарапайым екен. Не вертолетпен, не алды-
арты күзеткен арнайы машинамен жүру керек еді, – деп
ел таң қалысты. Жай кезде қабылдауыма кісі кіре алмай
шаршайтын жергілікті әкім қаралар құрдай жорғалап
қызмет жасап зыр жүгіріп жүр. Не де болса көзге түсіп
қалайын. Зәруде бірде болмаса бірде пайдасы тиіп қалар
деп үміті барын жасырар емес қой. Құда қоймай қайта-
қайта қасына шақырды. Өз үйімде өзім қонақ болам ба
деп қипақтаймын. Ауылдың әнші, күйшілері қалысар
емес. Кезек ән мен күйде. Бірер сағат өткен соң: – Әлгі
Арыстың жағасына барып бір-бір суға сүңгиік деді.
Қолпаштаған көп:
– Барамыз, барамыз дуылдасты – Қалай жылдамсындар.
Қашан үлгергенсіңдер деп жатыр. Шатырдың жанындағы
дайындықты көріп.
– Апыр-ай, Арыс десе, Арыс екен-ау, талай өзен көріп
едім, бірақ мынандай әдемі сұлу өзен екен. Шәмшінің әні
не деген сұлу, десем Арыс жағасында әнге қосқан өзен
екен-ау деп қалдым. Құда ақкөңіл, ақылды, сенгіш.
– Құдеке, Шәмші әні тап осы жерде туған, – дедім.
– Апыр-ай, шынымен бе, – деді.
– Ал, құда ән үшін, Шәмші үшін алып қояйық.
– Бұл Арыста әр қарыс, әр сүйем қасиетті, киелі екен.
Оған көзім жетіп отыр. Келген қонақтар қайта-қайта суға
сүнгіп, құмға ойнап, дәмінен ауыз тиіп, күн бата жолға
жиналды.
– Ал, құда ықылас-ниеттеріңізге рахмет.Қазақтың да
көркем, көрікті жерлері бар екен. Дәм-тұз тартса тағы
келуге жазсын, – деді министр құда қоштасарда. Орамал
43
тойға жолға азды-көпті кәделерді істеп аттандырып
салдық. Содан Алматыға соқсам хабарласпай кетсем
ренжимін. Сондықтан тым болмаса сәлем беруге барамын.
Бірақ қонақ қылмай, қондырмай жібермейді. «Құданы
күтеді жақсыға түседі» деген рас-ау. Нағыз бабында
жүрген кезде науқастан қайтыс болды. Тек құдаммен
ақкөңіл, ашық жарқын, жақсы бір ағамнан айрылғандай
боламын. Осы күні Алматыға соқсаң міндетті түрде
құдамның үйіне құран, дұға оқып кетемін құдағидың көзі
тірі. Қаным осы Алматыда қызметте келін екеуі балалы-
шағалы.
– . Міне осы жолы да соқтым, – деді көршім. Әңгімесін
аяқтап.
– Рас, алғашында министрдің құдасымын дегенге
онша сене қоймағанмын, біздің Қазекең бір нәрсе айтып,
жасырар емес. Ал, бұл жолы әңгіменің растығына көзім
жеткендей болды.
44
СЕЗІМ
Әңгіме
Әбсеметтің жасы алпысты алқымдап қалған. Орта
бойлы тәпелтек келген, тығыншықтай қара торы кісі.
Бұл жастағылардың көбісінің шашы бурыл тартса,
Әбсеметтің басында бір тал ақ қылау жоқ. Жүріс-тұрысы,
қимылы ширақ. Сонау Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс
аударып келгеніне оншақты жылдың жүзі болған. Ата-
бабалары кешегі Кеңестік дүрбелең кезінде сол жаққа
қоныс аударған. Сол Кеңес Одағы тарап әр ел өз алдына
отау тіккенде замана желінің ауанын аңғарған үлкен
ақсақалдар: «Біз асарымызды асадық, жасарымызды
жасадық. Өлсек сүйегіміз осы жерде қалады. Қартайғанда
қайда барамыз?! «Есің барда, елің тап» дегендей туған
жерге қоныс аударғандарың дұрыс болар», – деп ақыл
айтқан. Рас, өзбектерге ешқандай өкпелері жоқ. Қиын-
қыстау кезеңдерде қанаттарының астына алып қол ұшын
берді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды, ұмытпайды
да. Міне сол алғашқы қоныс аударушылардың легімен
Әбсемет те ежелгі ата-баба қонысына табан тіреген.
Бұған дейін Ташкентте жол қүрылысшы инженерлері
институтын бітірді. Біршама уакыт жол салатын мекемеде
еңбек етті. Мұнда келген соң да Қазақстанның әр өңірінде
мамандығы бойынша қызмет жасады. Жас келген сайын
жиі іссапарға шығу, вахталық әдіспен жұмыс істеу ауыр
тиді. Жиған аздаған тиын-тебеніне қала іргесінен бұрын
саяжай болған кішкентай үйді сатып алып, жамап-жасқап,
жөндеп әп-әдемі құттыханаға айналдырған. Оған да
45
шүкіршілік. Алматыда үйің болса екі қолға бір жұмыс
табылады ғой. Үй-жайын реттеп алған соң, Алматыдағы
жеке компаниялардың біріне қарауылдық жұмысқа тұрды.
Екі кісі кезектесіп істейді. Екі күн жұмыста болса, екі күн
үйде. Бел ауырып, мұрын қанайтын жұмыс жоқ. Кірген-
шыққан кісілерді қадағалайды. Одан қалса жұмыс аяғында
ауланы тап-тұйнақтай етіп тазалап қояды. Бұл компанияда
еңбек еткендердің бірлі-жарымы болмаса, қалғандарының
дені – жастар.Көпшілігі қыз-келіншектер. Жастары
отыздың о жақ, бұ жағында болса керек. Компания қай
салада қызмет жасайды о жағында Әбсеметтің шаруасы
шамалы. Қызметі – күзет болғандықтан тек соны ғана
біледі. Айтқанды қалт еткізбейтін елгезек, артық-ауыс
сөзі жоқ Әбсеметті басшылық та, қызметкерлер де ұнатты,
үлкенге де, кішіге де «сіз» деп тұратын сыпайылығы
баршаға үлгі десе де болғандай. Шылым шегу, арақ ішу
сияқты теріс әдеттерден бойын аулақ ұстайды. Жақсы
адамға тән қасиеттер бір басына жетіп артылады.Тек
жеке өміріне қатысты сәл ғана кемшілік бар. Біраз жасқа
келсе де әлі жалғызбасты. Жас болса білінбес еді, ересек
адамның осы уақытқа соқа басы сопайып жалғыз жүргені
оғаштау көрінетіндей. Онысынан өзі де ыңғайсызданады.
Әйел, бала-шаға туралы әңгімеден қашқақтап жүреді.
Жоқ, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы. Табиғатынан
біткен жуастығы, ұяңдығы, ұялшақтығы, момындығы
осы мәселеде аяғына ылғи тұсау болып келеді. Жас
кезінде қаншама қыздарға ғашық болып хат жазды,өлең
арнады. Бірақ солармен жеме-жемге келгенде айтар сөзін
айта алмай талай рет опық жеді. Өзін қанша қайраса да
батылы жетпей салы суға кетіп, қайраңдап қалатын.
Кейін сол қыздардың көпшілігі «Сен батылдау болып
сөз айтқаныңда саған ойланбай тұрмысқа шығар едік,
өзіңнен көр», – деп шындарын айтқанда Әбсеметтің
өкініштен өзегі өртенетін. Ата-анасы: «Қой, мұның өз
46
бетімен үйленетін түрі жоқ. Онан да бірдеңесін жасайық»,
– деп көрші ауылдағы бір қызға құда түсіп аяқтандырған
болатын. Ұнатса да, ұнатпаса да әйтеуір үйлену керек
болған соң сол қызбен бас қосқан. Қызды көріксіз деп
айта алмайды. Әжептеуір көркі бар. «Қыз кезінде бәрі
жақсы, жаман қатын қайдан шығады» дегендей, келе-келе
басында жуас көрінгенімен әртүрлі жаман мінез көрсете
бастады. Араларында бір жарықшақ пайда болып, бір-
бірінен бара-бара суи берді. Оның үстіне балалары болса
бір-біріне үйренісіп кетер ме еді, ол да жоқ.Ұсақ-түйек
кикілжіңнің, түсінбеушіліктің аяғы ақыры ажырасуға әкеп
тынды. Ол да, бұл да титімдей де өкінген жоқ. Сүймеген
жүрекке әмір жүрмейді екен. Бірін-бірі жақсы көрмесе
де көптің көзінше жақсы көргенсіп, мүләйімсіп бір
шаңырақтың астында өмір сүруден асқан азап жоқ екен.
Екеуі де бір азаптан құтылғандай жеңілдеп қалды. Содан
бері Әбсеметтің әйел баласынан жүрегі қайтып қалды.
Тағы да үйленуге көңілі соқпады.Аға-жеңгелерінің,
құрбы-құрдастарының жандары ашып қатты батырып
айтқан сөздерін де елемеді. «Бұл менің өз шаруам,
жұмыстарың болмасын», – деп беттерін қайтарған. Осы
бір сәтсіз некеден кейін Әбсеметтің көкірегіне түйгені
мынау-үйленер адамыңды от боп жанып сүймесең де
көкірегіңде оған деген тым болмаса бір ұшқын болмаса,
оның бойынан көңіл сүйсінтер бір жақсы қасиет көре
алмасаң, өзіңнің де өзгенің де бағын байлап қалған
өміріңді ит қорлықпен өткізгеннен гөрі жалғыз басты
болу әлдеқайда артық. Бұл – өз ойы, өз байламы.Басқалар
не десе о десін. Әбсеметтің бар тірлігі – жұмысқа барады,
жұмыстан қайтады. Ертелі –кеш етер ермегі кітап, газет оқу,
теледидар көру. Туған-туыспен қарым-қатынасын үзбейді.
Той-томалақтан қалмайды Мұндайда жалғыздығы есінен
шығып кетеді. Тек ұйқыға жатарда ғана өткен өмірін көз
алдынан қайта-қайта өткізіп мазасыз ойлар жан-жақтан
47
андыздап көз ілдірмейді. Кей түндерді әрі дөңбекшумен
бері дөңбекшумен өткізеді. Жөні түзу біреу кездессе
үйленуге де қарсы емес.Бірақ,сондай адам кезікпей жүр
«Аузы күйген үрлеп ішеді»дегендей бір үйленіп жүрегі
шайлығып қалғаны тағы бар. Бірді-екілі әйелдермен
өзгелердің ара түсуімен танысып та көрді. Көпшілігін
қызықтыратыны, үй-жай, ақша, машина тағысын-тағылар.
Мұның қоңырқай тірлігін көргендері «Ойланып көрейін»
– деп сыпайылық жасап жібін үзіп кетеді. Жақсы көру,
сыйласу жөніндегі әңгіме мүлдем ұмыт қалады. «Әй,
осы мен біреуді, біреу мені ұнататындай жастан өттім,
бәрін де қояйыншы» – деп кейде өзін алдарқатады.Бірақ,
жалғыздық бір құдайға ғана жарасады емес пе. Әйтпесе
көңілі ұнатқан бір ақ жаулықтымен бас қосып ғұмырдың
ащы-тұщысын бірге татып, кешкісін бір шәйнек
шайды бөліп ішіп шүйіркелесіп отырғанға не жетсін.
«Басқа түскен баспақшыл» дегендей осы бір жағдайға
көндіккендей, мойын ұсынғандай еді.Алайда, аяқ астынан
өмірі күрт өзгеріп шыға келді, Ол тіпті не болғанына есеп
беріп те үлгермеді. Тағдыры астан-кестен аласапыран
күйге түсті. Әрине, жақсы мағынасында. Құдай-ау, бәрі
неден басталып еді?! Есіме түсіріп көрейінші деп біраз
қиналысқа түсіп көрді. Иә, иә енді есіне түсті. Бәрі –
күні кешегідей. Бір күні таңертең жұмыста отырған кезі.
Ойында ештеңе жоқ. Мекемеде істейтін қызметкерлердің
алды келе бастады.
Бір мезетте жас шамасы отызға жете қоймаған
бойжеткен кіріп келе жатты. Бұрын көрмеген адамы.
Соны байқады ма ол: – Сәлеметсіз бе, – деп жылыұшырай
амандасты.
– Сіз кімге келіп едіңіз ?
– Мен, мен бүгіннен бастап осында қызметке тұрдым,
– деді қыз. –Есімім Алтынай.
– Ә, ә,жарайды, жарайды кіріңіз. Біздегі тәртіп солай
48
қарындасым. Бөгде жандарға мұнда кіруге рұқсат жоқ.
Айып етпе.
– Оқасы жоқ, аға, – деп ол ішке еніп кетті. Қызға
назар аударғанда байқағаны – ол керемет көрікті екен.
Тіптен қарауға да бата алмаған ол. «Адамның да оның
ішінде әйел адамның да осындай сұлуы болады екен-
ау» – деп ойлады. Сол ойдан өн бойы шымырлап бетіне
қаны ду ете түсті. Бір ыстық леп тамыр-тамырын қуалап
басына тепкендей. Ойпыр-ай, жаңа өзі көрген бойжеткен
адамның баласы ма, жоқ әлде періште ме өзі. Өң мен
түстің арасында жүргендей, есі ауған жандай өз-өзіне
әрең келді. Есімі – Алтын, Алтын..., Ә-ә, Алтынай, – иә-иә,
Алтынай, – деді-ау! Расында да алтынға да бергісіз ғазиз
жан екен. Халық әндеріндегі «Анаңнан айналайын сені
тапқан» деп бәлкім осындай арулар турасында айтылған
болар. Көз алдына жаңа көрген түстей болған бейнені
біртіндеп елестете бастады. Толған айдай толықсыған ақ
дидары, қияқтай қап-қара қастары, әсем күлкісі, биязы
үні, маржандай жарқыраған тістері кімді де болса естен
тандырғандай. Қыздың жүзіне қадала қарап қалғаны есіне
түсіп, әбестік жасағанын түсінді де: «Менікі ұят болған
екен-ау қаршадай қызға соншама сұқтана қарап» – деді
өзін-өзі іштей кінәлап. «Дидарын тағы бір рет көрсем
ғой»деген ой көкейін билеп алды.Өз ойынан өзі ұялды.
Күн өткен сайын, Алтынай әрбір кіріп-шыққан сайын
қуаныш теңізін кешіп бойында оған деген ынтызарлық
күшейген үстіне күшейе түсті. «Сәлеметсіз бе ағай» –
деп Алтынай сызыла сәлем бергенде тіл-ауызы байланып
жүрегі құрғыр кеудеге сыймай тулайды.Қыздың
мөлдіреген қап-қара көздері, наурыздың ақша қарындай
аққұба жүзі құдды бір сурет дерсің. Оны әр көрген сайын
қара торы жүзі біресе сұрланып, біресе қызарып ішкі жан
толқынысын сыртқа айғақтай түскендей.Қарадай қара
терге түседі. Ойында дәнеме жоқ ештеңеден хабарсыз
49
қыздың: «Ағай сізге не болды,ауырып қалған жоқпысыз?»
– деген жанашыр дауысын естігенде ғана ұйқыдан жаңа
әзерде оянғандай бет-жүзін, қасы-көзін уқалап өз-өзіне
келеді.
– Жо-жоқ о не дегенің! Мен жай…нетіп....ойланып
кетіппін.
– Бәсе. Сіз мені қорқыттыңыз ғой?
Қыздың сыңғырлай шыққан әуезді дауысы жүрегін
одан сайын баурай жөнеледі. Әбсемет қарауылдараға
арналған арнайы бөлмеге кіріп әрең есін жиды: «Әйел
баласының осындай да әдемі, ажарлысы болады екен-
ау! Осы ой оны күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырды,
тәбетін қашырды. Ол ішпей-жемей тоқ болып байлыққа
белшеден батып, бақытқа молынан кенеліп жүргендей
күйде жүрді.
Таңертең жұмысқа түссе болды. Алтынайды асығып
тағатсыздана тосады. Сағат тілі байланып қалғандай
бір жылжымайды ғой, жылжымайды! Қақпадан сыртқа
шығып қайта-қайта жолға қарайлайды. Алыстан
Алтынайдың қарасы көрінгеннен-ақ жүрегі дүрсілдеп
қоя береді. Қуанышы қойнына сыймай, баяны беймәлім
бақыттың бодауында жүргені.
Алтынайдың аяғына келген биік өкшелі туфлиінің тық-
тық еткен дыбысы жақын естілген сайын, оның жүрек
соғысы да жиілей түседі. Міне, міне тіпті жақын қалды.
Әбсемет орнынан кілт тұрып қақпаның кіретін кішкене
есігін аша берді. Күлімдеп келе жатқан Алтынайды
көрді. Жаңа ғана атып келе жатқан таңның арайы, шығып
келе жатқан күннің алтын шапағы қарсы жүріп келе
жатқан сұлудың жүзіне сәулесін аямай шашып одан сайын
нұрландыра, одан сайын көріктендіре түскендей.
«Мынау атып келе жатқан таң сұлу ма, жоқ, әлде мынау
келе жатқан жан сұлу ма», – деп ойлайды.
Табиғат пен адам сұлулығының, оның ішінде әйел
50
сұлулығының бірімен-бірі осылай жарасып үйлесім табуы
ғажайып бір көрініс тудырады екен. Осыны тамашалап
тұрған Әбсеметтің жан сарайы ашылып керемет бір нұр
құйылғандай күй кешеді. Мұның бәрінен бейхабар қыз
бас изеп күлімсіреген күйде кеңсеге кіріп кетеді. Жаңағы
сезімдерден әлі де арыла алмаған Әбсемет қимылсыз
тұрып қалды. Осы бір балдай тәтті сәттің Әбсемет үшін
бір ғұмырға белгісіз қадір-қасиеті, құдіреті, бағасы бар-
ды.
Әбсемет Алтынайды таңертең екі рет көреді. Жұмысқа
келгенде және қайтқанда. Оның бар өмірі тек осы екі
ғана сәттен тұратындай. Қалған уақыттың ол үшін мәні
де, мағынасы да жоқ. Алтынай мен екеуінің арасы жер
мен көктей екенін де біледі. Онымен бас қосудың мүлдем
мүмкін еместігін де түсінеді. «Үмітсіз – шайтан» демекші,
қанша дәмелденгенімен де ол қол жетпес арман екендігін
де ұғады. Әйтсе де сұлуға қол созбайтын еркек жоқ. Мейлі
қолына қонбаса да көз алдында жүрсе, көріп жүрсе ол да
өзі бақыт үшін. Әйел баласын жақсы көруді, ұнатуды, сүю
сезімін сыйлағаны үшін Алтынайға мың да бір рахмет
айтады.
«Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосындар», –
деген Абай сөзінің мәнін енді ұққандай Әбсемет. Ендігі
бар арманы «Осы бір қыз бақытты болса екен, теңін тауып
қосылса деген тілектің үстінде. Қабағын мұң шалмаса,
жүзіне кірбің түспесе қадірін білер қолға түссе», – деп
тілейді ертелі-кеш. Осы бір қызға қолынан келгенінше
титтей бір жақсылық жасаса, қуантса өзіне өзі бек риза
болар еді. Бірақ не істей алады. Киноға, театрға шақыра
алмайды. Ақын емес жыр арнайтын, суретші емес
бейнесін салатын, мүсінші емес мүсінін сомдайтын. Бар
болғаны – іштей тілеуін тілеу ғана қолдан келері.
Әбсемет екі күн істеп екі күн дем алады. Сол екі күн
демалысты үйде әрең өткізеді. Осы екі күннен ұзақ, осы
51
екі күннен ауыр ешнәрсе жоқ ол үшін өмірде. Өзі үйде
жүрсе, көңілі – жұмыста. Алтынайды көрмей қалған екі
күні екі жылға татитындай, жұмысқа келгенше жұмысқа
жеткенше асық. Бір күні таңертең ертелеу келіп еді,
Алтынай да ертелеу жеткен екен Әбсемет қуанышын
жасыра алмай жас баладай елпеңдеп қалбалақтай берді.
Қыз: – Ту-у, аға күн ысып кетті ғой, – деді шөлдеп тұрғанын
білдіргендей. Сөзінде, қимылында еш жасандылық жоқ.
Ағаға еркелеген қарындастай назданады. Әбсемет «Шай
ішесің бе», – дей жаздап барып жастардың «Кола»,
«Фанта» сияқты сусындар ішетіні есіне түсіп: – Қазір
мен саған сусын әкеп берейін, – деп қыздың қажеті жоқ
дегеніне қарамай жақын маңдағы дүкенге қарай құстай
ұшты. Құстай ұшқаны емей немене?! Аяғы әр жерден
бір тиеді, қолтығына қос қанат біткендей. Сырт көз мына
кісіге не болған өзі, жынданған ба др еді. Әбсемет бір
«Кола» мен бір «Сникерс» шоколадын алып көзді ашып-
жұмғанша жетіп келді.
– Ой, ағай! Сізден ұят болды ғой несіне әуре болдыңыз,
– деді қыз қызарыңдап.
– Жо-жоқ, ұялма. Арзымайтын нәрсе ғой, іш айналайын,
іш, – деп қолындағысын ұсына берді.
– Аға, бұдан былай әпермеңіз. Әйтпесе жаман үйреніп
кетермін, – деді. Алтынай сөзінің соңын әзілге бұрып.
«Қалқам-ай, сен қаласаң аспандағы ай мен жұлдызды
да әперер ем, әттең», – деді іштей Әбсемет.
Алтынай жұмысқа жаңадан орналасқандықтан,
тапсырылған жұмыстарын орындап үлгермегендіктен
кейде екі-үш сағат кідіреді.
Ондайда Әбсемет ыстық шай қайнатып, дүкеннен тәтті
күлше, тоқаш әкеледі.
– Ағай, ақшаңызды босқа жұмсай бермесеңізші, –
дейді Алтынай ыңғайсызданып.
– Қалқам-ау, болмайтын тиын-тебен тұратын зат қой.
52
Қарның ашып қалмасын, шай ішіп бойынды жылытып ал,
– деп бәйек болады Әбсемет.
Қыз бала сезімтал ғой. Әбсеметтің өзіне деген
көзқарасын, ықыласын, көңілін байқамай жүрген жоқ. Ол
кісінің жалғызбасты екенін де, өзін ұнатып жүргенін де
іштей сезеді. Мейлі ұнатса ұнатсын, сыйласа сыйласын,
оның ешқандай сөкеттігі жоқ. Біреуді жақсы көру, біреуге
ғашық болу – қылмыс емес. Одан қорқып-үркудің қажеті
шамалы. Әйел баласын жақсы көрмейтін, әйелге ғашық
болып көрмеген, әйелді көңіл құмарын қандыратын
зат есебінде санайтын дүниенің кілт-ақша деп
есептейтіндерден қорқу керек қорықсаң. Мына кісіден бір
теріс пиғыл, арам ой аңғармаған соң ғой үндемей жүргені.
Бір күні Алтынай жұмыстан соң бірер сағатқа қалып
қойды. Өйткені, мекеменің тоқсандық есебін тығыз
дайындау керек болды. Оның үстіне қатты суықтап, қызуы
көтеріліп, көзі жасаурап ауырып отырды. Жұмыстың аты
– жұмыс. Амалсыз кідірген.
– Қарындасым, ауырып қалыпсың ғой. Сұранып қайта
бермедің бе, – деді Әбсемет жаны ашып.
– Жо-жоқ. О не дегеніңіз, қалайда есепті бітіруім
керек, – деді Алтынай.
– Қой, сені емдеп жазбасам болмады дәріханадан дәрі
дәрмек әкелейін, – деп ай-шайға қарамай шығып кетті.
Жолай дүкенге соғып, тез пісетін кеспесінің ащылауын
алды. Келе шай қайнайтын ыстық кеспеге бұрыш салып
Алтынайдың алдына әкеп қойды.
– Ой ағай! Сіз алтын адамсыз ғой! Рахмет өтеуіш немен
қайтарарымды білмеймін. Қамқорлығыңызға ризамын, –
деді мәз болып.
«Сен үшін отқа да суға да түсер едім. Сен ауырғанша,
мен ауырсамшы», – деді іштей.
Ертеңіне: – Сіздің сорпаңыз бен шайыңыз ем болды
ма деймін. Құлан-таза сауығып кеттім, – деді ол жайнаң
53
қағып. Әбсемет: – Оқасы жоқ. Бәріміз бір жерде қызмет
жасаймыз.Керек жерінде қол ұшымызды беріп қамқорлық,
жанашырлық танытқанда тұрған не бар, – деді. Осы
бір сәтте бүкіл жер бетінде одан бақытты жан жоқ еді.
Бұл жалғанда біреуді шын сүйіп, сол сүйген адамына
титімдей де болса жақсылық істесең көңілді содан артық
марқайтатын ештеңе жоқ екен-ау. Сүю деген – өзіңді
ұмытып өзгені ойлау. Осы бір сезімді бастан кешірмесең,
ғашықтық отына күйіп-жаңбасаң өміріңнің босқа өткен
дей бер. Міне, Әбсемет Алтынайды көргелі бері осылай
ойланады осылай, толғанады.
Жақсы ойлар, ізгі ойлар, әдемі ойлар. Жұмысқа келген
сайын Алтынайдың келерін тағатсыздана тосады. Тәтті
сусын, шоколад алып қояды алдын-ала.
– Аға сізге қаншама рет айттым. Шоколад, сусын
ала бермеңізші, – дейді ол. Дауысында зіл жоқ, өзімсіну
басым.
– Алмасам ренжіп қаламыз ғой, – дейді тағы
жанары жарқ-жұрқ етіп. Алтынай Әбсеметтің өмірінің
сәніне де мәніне де айналғандай еді. Әйел баласының
сұлулығынан құдіретті еш нәрсе жоқ екен бұл дүниеде.
Алтынайды кездестірген тағдырына дән риза. Онымен
басы қосылмайтынын біледі. Бірақ оның жер басып күнде
көз алдында жүргені де, сыңғырлай күлгені де өзі үшін
баға жеткісіз бақыт еді. Тағдыр сол азғантай қуанышты,
азғантай бақытты Әбсеметке көп көріпті. Олай болады
деген ой оның ойына үш ұйқтаса да кірмепті. Әдеттегідей
жұмысқа келіп өзінің Алтынайын, жүрегінің Алтынайын,
сүйетінін, ешкім білмейтін Алтынайын күтіп отырған. Бір
сағат өтті, екі сағат өтті көрінбейді. Мазасыздана, дегбірі
қашып, «Ауырып қалған жоқ па екен», – деп әбігерге түсті.
Ол сол күні мүлдем келмеді. Біреулерден сұрау ыңғайсыз.
Ертең келер деп үміттенді. Келер күні де көрінбеді.
Содан шыдамы таусылып, өзімен сөзі түзу бір кісіден:
54
– Анау Алтынай деген қыз көрінбейді ғой, – деп жай
сұраған болып еді, анау:
– Сіз естімеген бе едіңіз. Алтынай өз еркімен жұма күні
жұмыстан шығып кетті ғой, – деді ол жайбарақат.
– А-а, не дейсіз, не айтып тұрсыз! Жұмыстан шыққаны
несі. Не боп қалды, – деп абдырап тура маңдайдан біреу
қойып қалғандай. шалқасынан түсе жаздады.
Сұраған кісісі таң қалған кейіппен:
– Ол сізге жақын қарындасыңыз ба еді, – деді.
Әбсемет сасқанынан: – Иә, иә, – дей салды. Анау иығын
қиқаңдатты: «Қарындасы жұмыстан шығып жатса
оны қалай білмеген», – дегендей Алтынайдың не үшін
жұмыстан шыққанын қайдан біледі?! Бірақ білгенде не
істейді? Ол мұның алдында есеп беретіндей бұл кім еді.
Тағдыр тым болмаса көзбен көріп жүрген қуанышынан
да айырды. Оның асыл бейнесі көзден де, көңілден де
кетпейді.
Алтынайдың толған айдай толықсыған бейнесінің
жүрегінің төрінде мәңгіге қалары хақ. Тағдырдың
дауылдары да, жауындары да, оны ешқашанда жүрегінен
өшіре алмайды. Алтынайды көріп жүрген бір күні бір
айға, бір айы бір жылға, бір жылы бір ғасырға пара-пар
еді-ау. Әбсемет содан бері Алтынайды кездестірмеді.
Аялдамадан, автобустан, көшеден оған ұқсас біреуді
көріп қалса жүрегі дүрсілдей жөнеледі. Бұл сезім дегенді
қойсаңшы.
55
ШЫРАҒЫМ МЕНІҢ
Достарыңызбен бөлісу: |