Құрметті тараздықтар!


Қызмет Тез арада басшы көмекшісі, әкімші-



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата17.02.2017
өлшемі8,17 Mb.
#4314
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Қызмет

Тез арада басшы көмекшісі, әкімші-

басқарушы, диспетчер-оператор қажет. 

Жасы міндетті емес. Негізгі дайындық. 

Т.87057631804, 87018733039

***

 Ұйымға негізгі мемлекеттік,  бұрынғы 

әскери және медициналық қызметте 

болған  қызметкерлерді 

жұмысқа шақырамыз. Т.87013144155, 

87766637851

***

Ірі сауда ұйымы сауатты және байсалды 

мамандарды жұмысқа қабылдайды. 

Жалақысы уақытылы.

Т.87754287474, 87770976251, 87079589651.

***

Келешегі бар жаңа жобаға жоғары және 

орта білімі бар қызметкерлерді жұмысқа 

қабылдаймыз. Негізгі дайындық.

Т.87779777042, 87001381511

***

Басшылық қызметке тәжірибеден 

өтемін деушілерді және негізгі 

мемлекеттік қызметкерлерді жұмысқа 

шақырамыз. Кеңсе ісі. 

Т.87477393979, 87712618639

***

Кеңсеге ақпараттық құжаттамамен 

жұмыс істеуге шақырамыз. Жұмыс өтілі 

міндетті емес.

Т.87774659641, 87074827654, 87754782494

***

Жаңа ашылған кеңсенің ұлғаюына 

байланысты педагогикалық, заңгерлік 

және экономикалық білімі бар 

қызметкерлерді жұмысқа қабылдаймыз.

Т.87078200096, 87774670776

***

Тұрақты жұмысы жоқ кісілерді 

жұмысқа қабылдаймыз. Жалақысы 

уақытылы.

Т.87057022936, 87028162767

*** 

Кеңсе ісіне экономикалық білімі бар 

белсенді мамандар қажет.

Т.87771878666, 87056633242

*** 

Көтерме сауда ұйымына басшы 

көмекшісі және сауда өкілдері қажет. 

Кеңсе ісі.

Т.877766139779, 87073645911

*** 

Тез арада қызметкерлер қажет. Кеңсе ісі. 

Негізгі дайындық.

Т.87473135193, 87058455403

    ___________________________________________________

Телефоны: __________________________________


//   «ЖАМБыл - ТАРАЗ»  //  №48 (1283), 25 ҚАРАшА  2015 Жыл  //

24

 

„

Астана қаласы әкімдігінің  «Наз» халықтық би ансамблі Жамбыл 

облыстық драма театрында алғаш рет  «Мың бір түн» ертегісінің 

желісі бойынша хореографиялық спектакль қойды.

өНер


ерТегілер әлеМіне 

еліТКен «наз»

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

« Н а з »   м е м л е ке т т і к   б и   т е ат р ы 

жеке  концерттік  қойылымдардан  өзге 

бірнеше  жеке  би  спектакльдерімен  та-

нымал.Күлтегін  заманынан  бастау  алған 

халықтық хореография тілімен сомдалған 

«Тұйғындар»,  Испан  халқының  фламен-

го  нақышында  қойылған  М.Равельдің 

«Балеро»  би  спектаклі,  жасөспірімдерге 

арналған «Ақ пен Қара» қойылымы және 

КСРО  Халық  әртісі,  күйші,  компози-

тор  Нұрғиса  Тілендиевтің  музыкалық 

шығармаларын  негізге  алған  «Нұрғиса» 

атты би спектакльдерін ұсынып жүр. 

Ш а р ы қ т а ғ а н   ә н н і ң   қ ұ ш а ғ ы н д а 

Шығыстың  сан  алуан  түстерге  боялған 

сиқырлы    әлемінен  сыр  шертіп,  мың 

бұрала билеген бишілер қалықтаған әсем 

көбелектей көңілге көктем орнатқаны рас-

ты. Оқиға араб елдерінің ең ірі шаһарының 

бірінде  өтеді.  Таң.  Қаланың  сәулетті 

ғимараттары мен байлықтары. Калиф Тахир 

басқарған шаһар саудагерлерінің күнделікті 

базарға  дайындық    әрекетімен  жалғасын 

табады. Бидің негізгі сыры етікші Маруф 

пен  ханшайым  Эсмигюль  арасындағы 

махаббат  жайында.  Оқиға  желісі  сауда-

герлер  бұйымдарының  арасынан  шыққан 

асыл тасты жүзікке қатысты. Бас кейіпкер 

Маруф  інжу  көзді  жүзікті  қолға  түсіреді. 

Жүзіктің асыл тасын сүрткенде, мыңдаған 

жылдар  бойы  сиқырлап  жасырылған 

Эфрит  жын  пайда  болады.  Етікшіден  не 

қалайтынын  сұрап,  қызмет  етуге  дайын 

екендігін білдіреді. Байлыққа кенелген ол 

патшаның  қарындасы Эсмигюльге  ғашық 

болып қалады. Шытырманға толы жолдар-

дан өткен Маруф Шахрезаданың көмегімен 

зынданнан шығып, ғашығымен табысады.

Спектальдің  қоюшы  режиссері  –

театрдың  бас  балетмейстері,  көркемдік 

жетекшісі,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген 

қайраткері  Хадиша  Ағымбаева  халыққа 

терең де тағылымы мол ұлттық нақыштағы 

дүниелерді ұсынғанды қош көреді. 

–  Жан-жақты  дамып,  би  әлемінде 

қанатымызды кеңге жаю мақсатында Стам-

бул мен Қытай хореографтарын шақыртып, 

тәжірибе алмасқанбыз. Енді Моңғолиямен 

бірлесе жұмыс істеп көруге ниеттеніп отыр-

мыз.Ал бүгінгі ертегі желісінде қойылған 

спектакльдің костюмі мен сценографиясы, 

яғни осынау қызыл-жасыл сахна төріндегі 

көз тартар бояуы қанық дүниелер тараздық  

дизайнер Айдархан Қалиевтің еңбегі,- дейді 

Хадиша Ермекбайқызы.

Өнер адамдары үшін ең әсерлі сәт ол сах-

на төріндегі өнерпаздардың жұртшылықты 

ғажайып әлемінің иіріміне бөлеп, алғысын 

алар  шуақты  сәт  болса  керек-ті.  Осынау 

қойылым  да  тараздықтардың    көңілінен 

бек шықты. Оның бір айғағы сиқырлы сазға 

толы «Назға»  жергілікті халықтың думан 

соңындағы зор  құрмет көрсетіп, дамылсыз 



қошемет білдіруінде еді. 

Құрметті оқырмандар! Газетіміздің келесі нөмірі 3.12.2015 жылы жарық көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет