Гүлнұр АЛТЫНБЕКОВА,
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық
әмбебеп ғылыми кітапханасының әдіскері
болашаққа жастармен
Үстіміздегі жылдың қараша айының 17-18 күндері астана қаласында
«Қазақстан республикасының Тұңғыш президенті – елбасының
кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «әлемді
өзгертетін идеялар» атты екі күндік семинар-тренингтер циклы өткізілді.
Аталған шараға Қазақстанның
түкпір-түкпірінен жас ма-
мандар, студенттер қатысты.
Солардың ішінде өңіріміздегі
қ а р а ш а ң ы р а қ т ы ң б і р і
М.Х. Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университетінің
б е л с е н д і с т уд е н т т е р і н е н
құралған бір топ студенттер
қатысып қайтты. Студент-
терге әлеуметтік және тәрбие
жұмыстары бөлімінің бастығы
Жанна Жарасбаева мен «Эконо-
мика және бизнес» факультеті
деканының тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары Жази-
ра Теңізбаева жетекшілік етті.
Университетімізден атаулы іс-
шараға барып қайтқандардың
і ш і н д е Т е х н о л о г и я л ы қ
факультетінен Аида Ордабаева,
Толғанай Кемелбек, Назерке
Нұрдаулет сынды студенттер
болды. Олар «Әлемді өзгертетін
идеялар» семинар-тренингіне
қатысып, «Елбасының бе с
институционалдық реформасы»
тақырыбы бойынша оқу курсын
өткергендігін растайтын арнайы
сертификаттармен оралды.
Ө т к і з і л г е н с е м и н а р -
т ренингтің мақс аты – жас
ұрпақтың бойында Қазақстан
тарихы туралы білім аясын
кеңейтетін және қазақстандық
патриотизм құндылықтарын
қалыптастыруға ықпал ететін
ҚР Тұңғыш Президенті – Ел-
б а с ы Н . Ә . Н а з а р б а е в т ы ң
концептуалдық идеялары мен
жаһандық бастамаларын оқып-
үйрену болып табылады. Осын-
дай семинар-тренинг жиі-жиі
ұйымдастырылып жүргізіліп
тұрса, жастардың шабытына ша-
быт қосатынына, жаңашылдыққа
ұ м т ы л ы с т а р ы н ы ң а рт ат ы -
нына, өршіл қасиеттерінің
өсетіндіктеріне біз де сенім
білдіреміз.
Саят МАМЕШОВА,
Технологиялық
факультетінің тәрбие жұмысы
жөніндегі декан орынбасары
5
// «ЖАМБыл - ТАРАЗ» // №48 (1283), 25 ҚАРАшА 2015 Жыл //
алаң
- Ел маңдайына нұрмен жазылған
Елбасы жайлы сіздің белгілі «Көшбасшы»
атты поэмаңыз қалай жазылды, тарихы
қандай?
- Негізі әдебиетте биліктің ыңғайына
жүгіну сынды ұғымдардан талай қаламгерлер
ат тонын ала қашады. Менің шығармам да
көптеген пікірлерге себеп болды. Қалай
дегенмен елдің бастан кешкен азабы, жеткен
жетістіктері айтылу керек қой?! Әр дәуірдің
өз үні болу қажет. Ұрпақ білу керек. Бұл
шығарма кенеттен дүниеге келген жоқ.
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағалы бері
қаншама асуларды бағындырды. Ешнәрсе
өзінен-өзі бола салмайды. Оның астарында
елдің моншақтап төгілген тері, ердің өлшеусіз
жан алысып, жан беріскен ұйқысыз түндері
жатыр. Біз тәуелсіздігімізді алғанымызбен,
әлі қылыштың жүзінде ғұмыр кешіп келеміз.
Сәл абайсыз адымымыз бізді кез келген сәтте
майып қылуы мүмкін. Осындай жағдайда
жүріп, Елбасы қаншама ауқымды тірліктер
атқарды. Жиырма төрт жыл бұрын қандай
едік, бүгін қандаймыз! Бәрін ой елегінен
өткізген жөн. Елбасының ел мүддесі үшін
атқара алмай жатқан ісі болса оған ел
болып, жұрт болып қолдау білдіруге, ал
ел мәртебесіне жұмсаған қажыр-қайраты
мен ғаламат табыстары үшін ол кісіні
ардақтауға тиістіміз. Бұл берісі адамдық,
әрісі елдігімізге сын. Тәуелсіздік алғалы
бері атқарылған адам сенбес ғажайыптарды
санамалап айтпай-ақ қояйын. Оны елдің бәрі
көріп отыр. Шығармада осының бәрін жыр
тілімен өрнектедім. Көп дүниелер айтуға
оңай. Ал оны қағазға құлату - қиынның
қиыны. Оған төгілер көздің майы, жүректің
оты қажет. Бұған қоса, экономикалық, саяси
тақырыптарды да жырға арқау еттім. Әдеби
жанр үшін бұл да оңай емес. Бір ойшыл
айтқан екен: «Роман дайын. Енді тек жазып
шығу керек» деп. Сол сияқты, осыншама
қыруар еңбекті неге насихаттамасқа?!
Неге Елбасы өзі бас болып атқарған ел
жетістігін жыр жолдарымен түйіндемеске?!
Елбасымен болған бір басқосуда ол кісі:
«Еңбегінің бағаланғанын кім жек көреді,
мен де өздерің сияқты адаммын» дегені бар.
Шығарма бес күнде жазылып бітті. Негізі,
бұл - хроникалық дастан деуге келетін по-
эма. Шартты түрде Елбасыға байланысты
20 тақырыпты таңдап алып, осы бағытта
қазақ елі жеткен биіктерді тілге тиек еттім.
Шығармадағы жайттар аспаннан түскен
жоқ. Шындықты айттым деп ойлаймын.
Елбасы бір түнде арнайы көлікпен Астанаға
алдыртып, поэманы өз оқуымда тыңдап
шықты, ризашылығын білдірді. Елдің де,
Елбасының да Құдайдан тілер басты тілегі
- тәуелсіз еліміздің тыныштығы деп ойлай-
мын. Лайым, солай болғай!
- Таяуда Патриоттар форумына
қатысып қайттыңыз. Осы форумнан
қандай ой түйдіңіз?
- Жалпы бірлік дейтін өте киелі ұғым
бар. Тарихымызда қаншама ел тізгінін
тартқан тұлғалар халықты ақ жолмен аман
алып өткісі келді. Қаншама қантөгісті басы-
нан кешті. Енді Тәуелсіздікке қолы жетіп,
жан-жағына бажайлап қарап тұрған біздің
еліміз үшін негізгі тірек – бірлік. Форумның
басты мақсаты да бірлік пен ана тілі жай-
ында болды. Өрге қарай өркендеп келе
жатқан мемлекетіміздің әр саладағы білімді
жастары бас қосып, мүдделері бір жерден
тоқайласты. Тәуелсіздігіміздің шаңырағын
шайқалтпай, гүл сияқты аялау қажеттігі және
халқымыздың жарқын болашағы жайлы
айтылды.
- Жоғарыда аталған поэмада «...Сөнсе
де таң алдында Шолпан жұлдыз, Сөнбейді
Ақорданың шамы мәңгі» деп жырладыңыз.
Ал Астанада шығармашылық кеш
бергеніңізде «Астанаға бойында қаны
бар кез келген азамат тәу етуге міндет,
парыз» дедіңіз. Тарпаң ақынның жүрегінде
Елорданың алған орны қандай?
- Тарихқа көз жүгіртсек, кезінде ел би-
леген Абылай да, Кенесары хан да Арқаның
төсіне талай мәрте бет бұра берген екен. Сол
киелі өлкеде талай тиянақты сөздерін, тоқсан
ауыз пікірдің төрелігін, тұжырымдары
мен шешімдерін, ұрпақ пен болашақтың
мәселесін қараған. Қазір де Елордада саяси
сауатты ел азаматтары бас қосып, ұлттың
шаңырағын биіктетіп отыр. Астананың
сұлулығында, тарихында, тіпті ауасында
да магия бар. Елбасы бізге Бәйтеректі
бойтұмардай етіп сыйға тартты. Бұның өз
аңызы бар. Ертеректе бір батыр бәйтеректің
төңірегінде дамылдап жатады. Оянып қараса
үлкен бір әбжылан бәйтерекке өрмелеп бара
жатыр екен. Бәйтеректің төбесінде киелі
құс Самұрықтың алтын жұмыртқасы бар.
Батыр бірден жебесін тартып, адырнасын
сілтеп жібереді. Сұрмерген батырдың
жебесінен әбжылан сұлап түседі. Осылай
әлгі Самұрық пен батырдың арасында
достық орнайды. Сол батырды Елбасы деп
айтсақ артықтығы жоқ. Елі мен жерін алтын
ұядай ғып ұстап, мемлекетіміздің мәртебесін
көтерген еңбектері ешқашан ұмытылмайтын
ақиқат.
- АҚШ-та Тұңғыш Президент күні 160
жыл (Джордж Вашингтонның құрметіне
1855ж) қатарынан тойланып келе жа-
тыр. Біздегі бұл атаулы күннің сіз үшін
басқа мерекелерден айырмашылығы бар
ма? Маңыздылығы қандай?
- Шын мәнінде, мен біздің елімізде
Тұңғыш Президент күнінің болғанын
құптаймын. Бұның өзі бір саяси ахуалдың
көрсеткішіндей дата. Жан-жағымызда біздің
жетістіктерімізге көз тігетіндер көп. Мен
үшін Тұңғыш Президент күні - Елбасыға
деген құрмет қана емес, былтырдан бері «не
тындырдық?», «қайда тұрмыз?», «қайда ба-
рамыз?» деген есеп беру күні. Кешегі «күніне
бір рет өз-өзіңе есеп бер» деп Абайдың айтып
кеткені секілді былтырғы осы мереке мен
биылғының арасында атқарылған белестер
Маралтай РАЙЫМБЕКҰЛЫ,
ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты:
«елДің Де, елбасының Да
басТы Тілегі –
ТәУелсіз еліМізДің
ТынышТығы»
мен алдағы мақсаттарға бағдар жасау деп
білемін.
- Соңғы кездері сөз жүзінде айтыла-
айтыла кейбір құлақтарға жауыр бола
бастаған патриот деген ұғымды сіз қалай
түсіндірер едіңіз?
-
Баяғыда бір қарияны үлкен
бір коммунистік партияның жиынына
шақырыпты. Енді елдің атынан осы қария
мықтап бір баяндама жасайды деп күткен
болу керек жиналғандар. Сонда қария
мінберге шығып, «шопан, сен таяғыңа,
қаламгер, сен қаламыңа ие бол» деп қысқа
қайыра, жиыннан шығып кетіпті. Шерхан
Мұртаза ағаның «Елбасы біреу, қалғаны
тіреу» дегені де сол секілді дүние. Еліне, та-
рихына, ұлтының болашағына деген құрметі
бар әрбір азамат өз мамандығының білгірі
болу керек. Өз ісіне адал азаматтан асқан
патриот жоқ.
- Елбасымен алғаш рет қашан
кездестіңіз һәм қандай әсерде болдыңыз?
-
Ұлт көшбасшысымен алғаш рет
1997 жылы кездестім. Ол кезде Елбасы бір
топ өнер адамдарымен қауышқан еді. Өнер
таланттарымен бірге сыр ақтарып, шер
тарқаған сол ғажап сәт есімізден ешқашан
кеткен емес. Жалпы қазақ ұлтының баласына
өзінің Елбасымен жүздесу - үлкен құрмет.
Ұмытылмас мәртебе.
- Бұдан бірнеше ғасыр бұрын дүниеден
өтіп кеткен ақындар бүгінгі біздің
қоғамымызды болжап, дуалы жырла-
рында дөп басып айтып кетті. Сіз ақын
ретінде қазақтың ендігі болашағын қалай
елестетесіз?
- Біз қай кезде де «үмітсіз шайтан» деп
өмір сүрген елміз. Сол үмітімізді ешқандай
нәубет те, ешқандай қасірет те үзе алған жоқ.
Үзе алмайды да. Тәуелсіздіктің арқасында
жүзіміз жарқын. Тек сол Тәуелсіздігімізді
сақтап тұру - біздің мәңгілік міндетіміз.
Қарапайым тілмен айтқанда, екі қазақ бір-
бірін адами тұрғыда сыйлап, құрметтеп, бірін-
бірі шынайы түсіне білсе, біріне - бірі қол
ұшын соза білсе, болашағымыз әбден жарқын
болады. Біздің мемлекетіміздің жетістіктерін
менсінгісі келмейтіндердің мысы басылады.
Біз үшін ұлттық идея да, болашаққа деген
бағыт-бағдарымыз да бар. Талай қиян-кесті
заманда ұлттың санасын оятқан елміз. Нақты
уақытта үлкен қоламтаның астында қызуы
қайтпаған, қайта жалындауға талпынып
тұрған шоқ секілдіміз. Біздің жүрегіміздегі
сонау сақ пен ғұн бабалардың отын ешкім
де өшіре алмайды!
- Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
Мәңгілік Ел - арманымның асқары.
Мәңгілік Ел - бақытымның бастауы.
Мәңгілік Ел - тарихымның дастаны.
Мәңгілік Ел - Нұрлы жолға бастады.
Мәңгілік Ел - менің аппақ мұратым.
Болашаққа нұрын шашып тұратын.
Мәңгілік Ел - Нұрлы жолы қазақтың.
Бар әлемге мойындатар қуатын.
Мәңгілік Ел - шежіресі даламның.
Мәңгілік Ел - ақ тілеуі анамның.
Мәңгілік Ел - мәңгілікке аманат.
Мәңгілік Ел - Нұрлы жолы бабамның.
Мәңгілік Ел - ынтымақ пен бірлікте.
Мәңгілік Ел - ымыралы тірлікте.
Мәңгілік Ел - ертеңіңді ұлықтау.
Мәңгілік Ел - өткеніңді ұмытпау.
Мәңгілік Ел - маңдай тері халықтың.
Мәңгілік Ел - нұрлы үміт, жарық күн.
Мәңгілік Ел - із қалдыру мәңгіге.
Мәңгілік Ел - таусылмайтын әңгіме.
Мәңгілік Ел - бейбіт өмір әуені.
Мәңгілік Ел - Ел Анамдай әдемі.
Мәңгілік Ел - Тәуелсіздік тірегі.
Мәңгілік Ел - ұлт пен ұлыс тілегі.
Мәңгілік Ел - Нұрағамның ділі еді.
Нұрағамды бүкіл Әлем біледі!
Қазақ деген Көк Түріктің ұлы елі.
Нұрағамның нұр жолымен жүреді!!!
Маралтай РАЙЫМБЕКҰЛЫ
Нұрлы жол
6
// «ЖАМБыл - ТАРАЗ» // №48 (1283), 25 ҚАРАшА 2015 Жыл //
Тіл тануға
қызығушылар
көп
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
Бүгінгі таңда республика бойынша 140-тан
астам этнос өкілі бар болса, біздің өңірде 80-
нен астам өзге ұлт өкілдері тұрады. Бұл облыс
жұртшылығының 28 пайызын құрайды екен.
Ал сол өзге ұлт өкілдерінің 27 этностың өкілі
қазақ тілін оқып үйрену үстінде. Негізінен
аймақтағы сол этнос өкілдерінің 54 пайызға
жуығы мемлекеттік тілді жетік меңгергендер.
Мұнымен қоса, өзге ұлт отбасылары өз
балаларының қазақ тілді балабақшаларда
тәрбиеленуін және қазақ тілді мектептерде
білім алуына ықылас білдіруі, кім-кімді бол-
сын қуантпай қоймасы анық. Облысымызда
жалпы білім беретін мектептерде 6000-нан
астам өзге ұлт балалары қазақ сыныбында
оқыса, 3000-нан астам бүлдіршін қазақ тілді
балабақшаларда тәрбиеленуде.
Ғалия Бектенқызы басқаратын басқарма
ұдайы балабақша бүлдіршіндерінен ба-
стап, мектеп, жоғары оқу орындарының
қызметкерлерімен облыс халқының
мемлекеттік тілді меңгеруге деген ынта-
ықыласын арттыру бағытында үгіт-насихат
жұмыстарын жүргізу барысында түрлі
байқаулар мен тіл олимпиадалары, конферен-
циялары мен семинарлар, форум және фести-
вальдер өткізіп отырған. Мәселен, Қазақстан
халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай әр
этнос өкілдері арасында «Ұлтым басқа, тілім
қазақ», «Тіл –татулық тірегі» атты облыстық
форум, Қазақ хандығының 550 жылдығына
«Тұнған тарих –туған тілде» бейнеролик
түсіріліп, Жеңістің 70 жылдығына «Жеңістің
жаздым жырларын» атты жазба ақындарының
жыр мүшәйрасы, термешілер арасында «Текті
сөздің төресі –терме» байқауы, «Мемлекеттік
тіл және БАҚ», «Үздік көрнекі ақпарат», Орал-
хан Бөкей, Абай оқулары, «Қазақшаң қалай,
балақай?», «Тіл –тұнық ойдың кәусары»,
«Тіл –парасат», «Ой-сана» байқаулары жоғары
нәтижеде ұйымдастырылған. Сондай-ақ
республикалық дәрежеде өткізілген көркемсөз
оқу шеберлері және басқа да байқауларда
жерлестеріміз жүлделі орындардан көрінген.
Басқарма тарапынан мемлекеттік
мекемелердің құжат айналымындағы
мемлекеттік тілдің арасалмағына талдамалық
сараптаманың 9 айлық қорытындысы бойын-
ша, мемлекеттік тілдің үлесі 99,3 пайызды
құрап отырған көрінеді.
Қазіргі таңда басқармаға қарасты
«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» жұмыс
жасайды. Онда қазақ тілін оқып-үйренемін
деген әрбір азаматқа бастауыш деңгейден
бастап жоғары деңгейге дейін оқуына барлық
жағдай жасалған. Осы орталықтан 2013
жылы 2257, 2014 жылы 2780 тыңдаушы төл
тілімізді үйреніп шыққан. Сонымен қатар
аталған орталықтың сайты жаңартылып,
қайта іске қосылған. Тыңдаушылар сайт
арқылы білімдерін жетілдіре алады. Сондай-
ақ мемлекеттік қызметшілер де «Қазтест»
жүйесіне дайындалуына барынша мүмкіндік
қарастырылған.
- Өңірде моральдық ескірген атаулар саны
595, бір әкімшілік аумақта қайталанатын атау-
лар 135, беймәлім тұлғалар мен белгісіз тарихи
оқиғалар атауы 11, атауы жоқ көше саны 90,
руаралық қайшылықтар тудыратын атаулар
5 екендігі анықталып отыр. Қайталанатын
атаулар өте көп. Мысалы, облыс бойынша
Абай көшесі 59 рет, С.Сейфуллин көшесі 19
рет, Б.Момышұлы 23 реттен қайталанып отыр.
Бұл көрсеткіштердің алаңдатушылық тудырып
отырғаны рас. Мораторийге байланысты бұл
тұрғыда жұмыс жүргізу әзірге мүмкін болмай
отыр,- деді Ғалия Бектенқызы.
Қр президенті
н.ә.назарбаевтың «нұрлы
жол –болашаққа бастар
жол» атты Қазақстан
халқына Жолдауының іске
асырылуы барысын наси-
хаттау, облыстың имиджін
арттыру бойынша Жамбыл
облысы тілдерді дамыту
басқармасының жетекшісі
ғалия боранбаева баҚ
өкілдеріне өңірде тіл сая-
саты аясында атқарылған
жұмыстарды баяндап
берді.
Елбасының бес институционалдық реформасы –
мемлекеттік құрылымды, оның саяси-экономикалық
әлеуетін сан салалы қырынан дамытатын өте ауқымды
жоба. Бұл – Қазақстан мемлекеттілігін нығайтып, жарқын
болашаққа жетелейтін нақты жоспар. Бұрнағы күні қала
әкімі Нұржан Календеровтің төрағалық етуімен «100
нақты қадам» Ұлттық жоспарының бес реформасын
түсіндіру бойынша актив Кеңесі өтті.
ҰлТ Жоспары
ЖарҚын болашаҚҚа
Жол ашаДы
Индира БАЙҚОНЫС
Алқалы жиында реформаның бірнеше
бағыты бойынша баяндамалар жасалды.
Алғашқы сөз кезегін Жамбыл облысы бойынша
Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл департаментінің мемлекеттік
қызмет және сыбайлас жемқорлық профи-
лактикасы басқармасының жетекшісі Нұрлан
Еркебаев алып, «100 нақты қадам» Ұлт
жоспарының бірінші реформасы – кәсіби
мемлекеттік аппарат құру мәселесі жөнінде
баяндап берді.
Нұрлан Тәңірбергенұлы өз сөзінде, Мем-
лекет басшысының қабылдаған «100 нақты
қадам» Ұлттық жоспарының алғашқы 15
қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға
бағытталғанын, бүгінде осы жұмыстардың
аясында «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа
Заңның қабылданғанын атап өтті.
- Мәселен, мемлекеттік қызметтегі мансаптық
ілгерілеу моделіне өту. Бұл модель шеңберінде
мемлекеттік қызметке алғаш рет орналасқан аза-
маттар өзінің кәсіби қызметін төменгі деңгейден
бастайтын болады. Әрбір мемлекеттік қызметші
тест тапсырып, комиссиялық түрде өтетін
сұхбатқа қатысады және сыбайлас жемқорлыққа
төзбеушілігі негізге алынады. Азамат 3 айлық
сынақпен жұмысқа алынады. Егер бұл мерзімде
өзін-өзі көрсете алмаса, сынақ мерзімі тағы 3 айға
созылады. Осы 6 айда оның жұмыс нәтижесі көңіл
көншітпесе, Агенттіктің келісімімен жұмыстан
босатылады,-деді ол.
Сондай-ақ, Нұрлан Еркебаев мемлекеттік
қызметшілердің құзыреттілігін дамыту
мақсатында 3 жылда бір рет біліктілігін артты-
руды заңнамалық негізде бекіту қарастырылып
отырғанын, оларды оқытудың бірыңғай жүйесін
құру үшін аймақтардағы оқыту орталықтары
Президент жанындағы мемлекеттік басқару
Академиясының филиалдары болып қайта
құрылатынын және бұл бағытта тиісті жұмыстар
атқарылып жатқанын атап өтті.
Ұлт жоспарының екінші реформасы –
Заңның үстемділігін қамтамасыз ету. Аталған
бағыттың маңыздылығы жайында Тараз
қалалық сотының судьясы Бауыржан Манкетегі
әңгімеледі.
- Заң үстемдігін қамтамасыз ету
реформасының негізгі көздеген мақсаты–
сот жүйе сінің тәуелсіздігін нығайту, сот
төрелігінің тиімділігін арттыру, жалпы танылған
халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сот
жүйесін құру болып табылады. Бұл жұмыстарды
жүзеге асыру осы реформада кеңінен көрініс
тапқан,-деді Бауыржан Қазбекұлы.
Ал жиын барысында сөз алған облыстық
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының
орынбасары, хатшылық меңгерушісі Лариса
Лысова Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясымен
сабақтасқан бұл реформаның мемлекеттегі
татулық пен тұрақтылықты одан әрі дамытуда
жоғары маңызға ие екенін тілге тиек етіп, оның
негізгі тірегі де тарихи санасы ояу жастар екенін,
бұл мақсатта тарихы терең жатқан көне Тараз
шаһарын, соның ішінде Ұлы Жібек жолын қайта
жаңғырту мәселесіне басымдық беру керектігін
алға тартты.
Кеңес жұмысын қорытындылаған қала әкімі
Нұржан Сәбитұлы Ұлттық жоспардағы бес
халықтық реформаларды жүзеге асыру барша
атқамінерлердің міндеті екеніне тоқталып, бұл
жұмысқа әрбір азамат сүбелі үлес қосуы тиіс
деді.
нан бағасы әзірге
тұрақты
Өз үйің – қорғаның
Өңірдегі ауыл шаруашылығы
саласының қарқынды дамуына
соңғы жылдары бөлінген
қаржының көлемі артқан.
баспасөз орталығында Жамбыл облысы әкімдігі
сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі
ержан ахметов баҚ өкілдерімен кездесіп, жалпы
құрылыс қызметінің дамуына тоқталып, сондай-ақ,
елбасының «нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
Жолдауы бойынша бүгінгі таңда атқарылып жатқан іс-
шаралары туралы кеңінен әңгімелеп берді.
Достарыңызбен бөлісу: |