Құрметті тараздықтар!



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата17.02.2017
өлшемі8,17 Mb.
#4314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дайындаған Айсана НҰРБАП

рухаНият

9

//   «ЖАМБыл - ТАРАЗ»  //  №48 (1283), 25 ҚАРАшА 2015 Жыл  //



«айТысҚа ТеМір ТҰлпар Тігіп ЖаТҚанДа, 

прозаға неге ТіКпейМіз онДай ЖҮлДені?»

 

„

шығармалары орыс, украин, өзбек, түрік, 



қарақалпақ, саха тілдеріне аударылған белгілі 

жазушы, халықаралық «алаш» сыйлығының 

лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 

«Құрмет» және «парасат» ордендерінің иегері, 

Қазақстанның Құрметті журналисі Мархабат 

байғұт- 70 жаста. осы орайда ТарМпИ  филология 

факультетінің ұйымдастыруымен жазушының 

тараздық оқырмандарымен кездесу кеші өтті. Жастар 

белгілі қаламгердің студенттік өмірден сыр ақтарған 

бірнеше туындыларын сахналап, көкейде жүрген 

сұрақтарын қойды. басқосуға белгілі ғалым, ф.ғ.д., 

профессор Мекемтас Мырзахметов, жазушы-драматург 

елен әлімжан, жазушы, халықаралық «алаш» әдеби 

сыйлығының лауреаты несіпбек Дәутайұлы қатысты. 

Тағылымды жиын соңында талантты жазушы, әңгіме 

жанрының хас шеберімен сұхбаттасудың сәті түскен 

еді. 

- Аға, Тараз шаһарына қош келдіңіз. 

Әңгімені кезінде сізді Шәмші Қалдаяқовпен 

тағдыр тоғыстырған сағынышты сәттен 

бастасақ...

- Әскерде жүріп Сібірдің бірталай 

жерлерін шарладық. Мен Ангарскіде, Чита об-

лысында әскери бөлімде жүрген кезімде «спи-

дола» дейтін транзистор болатын. Біреудің 

«спидоласын» бір түнге жалға алып, кешкі 

сағат тоғыздар шамасында «каптеркада» жа-

тып, қазақ радиосынан «Жаңа ән тыңдайық» 

деген айдарды тыңдайтынбыз. Елге деген 

сағынышты солай басатынмын. Бірде сазгер 

Шәмші Қалдаяқов «Жаңа ән үйретемін» деді. 

Әннің аты «Арыс жағасында» екен. Алдымен 

сөзін жаздырды. Жатып алып жазып жатыр-

мын. Одан әрі әнін үйретті. Әнші болмасам 

да, ыңылдап ән айтатыным тағы бар. Полкта 

1500 адам, оның ішінде 48 сержант бар.  Ара-

сында 13-і ғана қазақ. Соларды кешке жинап 

алып, «Арыс жағасында» әнін үйреттім. Сол 

әнді Сібірдің түкпірінде жүріп талай мәрте 

шырқадық. 1965 жылдың қысында Шәмші 

Қалдаяқовпен алғаш рет солай танысқанмын.  

Кейін КазГУ-де кездесу болды, сонда тағы 

жолықтым. Үш облыс бойынша Жазушылар 

одағының хатшысы қызметін атқарған тұста 

1985-92 жылдары талай мәрте кезіктім. Ол 

кезде Олжас Сүлейменов бастығымыз бола-

тын. Кейін Ш. Қалдаяқов жайында «Арыс 

жағасында, Ангара сағасында» дейтін мақала 

жаздым. Ол кітапқа енді. 

- Қазіргі таңда мүшелерінің саны 

800-ден асып кеткен Жазушылар одағында 

кезінде сегіз-ақ адам мүше болған екен. 

Соның біреуі сіз болыпсыз?

- 1968-85 жылға дейін Нәсіреддин                      

Сералиев  жұмыс  істеді.  Үш  облыстың 

Жазушылар одағы  Шымкент облысаралық 

бөлімшесіне  Қызылорда,  Жамбыл  да 

қарайтын. Ол кісі мықты жазушы еді. Сол 

бөлімшенің жауапты хатшысы болды. Сол 

кісінің тұсында 8-9 адам одаққа мүше бола-

тын. Менің тұсымда 12 адам болды. Кейін 

кім болса соны қабылдай беретін болды ғой. 

Кейбіреулер болмайтын дүниелер жазып, 

одаққа өтуді мақтаныш көреді...



- Аға, биыл халықаралық «Шабыт» 

жастар фестивалінен прозаны алып 

тастады. Бұл жағдай енді ғана прозаға 

қадам басып келе жатқан жастардың 

қаламын сындырғандай болды. Осындай 

кереғар келеңсіздіктер қазақ прозасының 

болашақтағы  тынысын  тарылта 

бастағандай ма?..

- Жалпы еліміздің оңтүстігінде әдеби 

өмір жаман емес. Түлкібас ауданында «Марха-

бат-Мирас» қоры тікелей жас қалам иелерімен 

жұмыс жасауда. Жасыратыны жоқ, қорға  тек 

менің әдебиетті түсінетін таныстарым ғана 

қолдау көрсетіп отыр. Оңтүстік Қазақстан 

облысында Шұбайқызыл дейтін әулие төбе 

бар. Сол төбе 150 жылдан бері «Красная 

горка» деп аталып келді. Соның Шұбайқызыл 

деген атауын қайтарып, жастардың санасында 

сақталу үшін «Шырайлым-Шұбайқызылым» 

атты байқау ұйымдастырдық. Осы байқау 

арқылы Шұбайқызылды жырға қосқан 

жас дарындар танылды. Аталмыш байқау 

төрт жыл қатарынан ұйымдастырылды. 

Сол байқаудан жеңімпаз атанған Батырхан 

Сәрсенхан деген жігіт былтыр «Шабыт» 

байқауында поэзиядан Гран-при иеленді. 

Бұл – поэзия. Қазақ әдебиетінде мықты 

жастар өсіп келе жатыр. Алдағы бес-алты 

жылда жақсы ақындар шығады. Дегенмен, 

проза жанры ақсап тұр. Жас прозашылар 

жоқтың қасы. Ең жас прозашыларымыздың 

өзі 40-тан асып қалғандар. Көп жақсы, жас 

ақындардың да біразының прозаға икемі бар. 

Прозада қаламақы жоқ. Жастардың ұмтылуы 

қиын. Нағыз талантты қадірлеп жазбаса, 

қазақ прозасының болашағы бұлыңғырлау. 

Осы тұрғыдан қарағанда «Шабыттан» про-

заны алып тастауды қастандық десем ащы, 

опасыздық десем одан да ауыр болар, деген-

мен үлкен бір ойсыздық болды. Бұл әрекет 

прозаның  болашағына балта шабумен бірдей. 

Керісінше, прозаны ынталандыруды қайткен 

күнде көтеру керек. Әйтпесе жағдай қиын 

болады. Проза – қиын жанр. Уақытты, ерік-

жігерді, азапты қажет етеді. Әлемдік әдебиетте 

талай жазушылар өз-өздерін орындыққа 

байлап қойып жазған. Әлі де болса бұл 

мәселені шешуге болар еді, бірақ шешейін 

деп жүрген ешкім жоқ. Айтысқа темір тұлпар 

тігіп жатқанда, прозаға неге тікпейміз ондай 

жүлдені? Сөйтсе жастар ынталанар еді ғой. 

Прозаның жағдайы да оңалар еді.

- Алғаш рет қаламның жетегіне ерген 

өзіңіздің жастық шағыңыз жайлы айтып 

өтсеңіз...

- Менің 5-6 жылым интернатта өтті. 

Колхоздың интернатында оқыдым. Жазда 

есекпен барып оқимыз, қыста үш ай ин-

тернатта жатасың. Интернат пен ауылдың 

арасы жеті шақырым. «Интернаттың баласы» 

повесім сондағы өмірдің көрінісі. Сол жерде 

жүріп «Суып қалған шай береді, сасып кет-

кен сорпа береді, оның өзін орта береді» деп 

жазған едім (күліп). Бұны плакатқа жазып, 

есікке іліп қойғанбыз. Ертеңіне директор 

көріп, білдей бір интернаттың маманын ор-

нынан алып тастаған еді. Алғашқы қаламға 

деген құштарлық сол кезде басталды. Негізі 

мектепте өлең жазудан бастағанмын. Мек-

тепте барлық ұлдардың атынан қыздарға 

хатты мен жазатынмын. Өйткені, өлеңмен 

өрнектелген хаттар әсерлі шығады ғой. Кейін 

өз мінезімді салмақтап, өлеңімнің сапасына 

назар салып, «менен ақын шықпайды-ау» 

деген қорытындыға келдім. Содан бастап 

прозаға қарай бет бұрдым.



- Бүгінгі жас қаламгерлерден кімдерді 

оқисыз, кімдерге сенім артасыз?

- Лира Қоныс, Мәлік Отарбаев, Қанат 

Әбілқайыр сынды санаулы жастар бар. Олар 

шығармашылықта бірталай экспериментке 

барып жүр. Олардың бұл әрекеттерін құп 

көремін. Алдыңғы буыннан озу үшін әртүрлі 

эксперименттерге бару керек. Бұл - заңдылық. 

Дегенмен, қазір прозада буын шоғыры жоқ. 



- Нақты уақытта қазақ жастары 

қағаз кітапты оқиды дегенге сенесіз бе?

- Сенбейін десем пессимизмге түсіп 

кетемін... Дегенмен, кітапты бұрынғыдай 

оқиды деп айта алмаймын. Тіпті, қазіргі таңда 

кейбір ауылдық кітапханаларды жауып жатыр. 

«Ауылдық кітапханалардың жағдайы жоқ, 

босқа қаржы кетеді» деп оңтүстік өңірдегі 

ауылдарда бірнеше кітапханаларды мектеппен 

біріктіріп жіберді. Басында мен бұл мәселемен 

тікелей күресіп, қарсы шыққанмын. Кейін 

шамам жетпей қалды. Қаржыны басқа салаға 

аударып жіберіп, кітапханаларды жаба салу 

оңай шаруа. Бірақ бұл ауыл адамдары үшін 

үлкен қасірет. Қазіргі жастардың көбі қағаз 

кітаптан гөрі ғаламтордан оқығанды жөн 

көреді. Мектеп оқулықтарында да кемшіліктер 

көп. Оқулыққа енетін шығармаларды талдау-

таразылау мәселесі де өз бетімен жіберілді. 

Бұның бәрі ат үсті қарайтын мәселе емес. 

Кітапқа бетбұрыс аз. Көркем әдебиетке ынта 

болмаса, біз «Мәңгілік ел» де бола алмаймыз, 

мақсаттарымызға да жете алмаймыз. Ұлттың 

сана сапасы төмендейді, құлдырайды, на-

данданады. Осыны ойлануымыз керек. Біздің 

кезде бір сыныпта барлығы 25 оқушы болса, 

соның 23-і берілген шығарманы оқып келетін. 

Қазір керісінше, 25-тің 2-еуі ғана оқиды. Енді 

қайтадан сол 23-і оқитын деңгейге жетеміз 

деп айта алмаймын. Дегенмен, бес-алтауы 

оқитындай жағдайға талпынуымыз қажет. 

Себебі Әлихан Бөкейхановтан бастап, Алаш 

ардақтылары не деп еді? «Ұлттың он пайызы 

ояу болмаса, онда ол ұлттың болашағы жоқ» 

деп қадап айтты. Қазір де осы мәселе өте 

маңызды. Бұрын қазақтың тоқсан пайызы 

кітап оқитын. Оған оралмасақ та, кем дегенде 

он пайызымыз ояу болуға міндеттіміз.  

- Шығармашылықтан бос уақытта 

немен айналысасыз?

- Балаларым салып берген саяжайым бар. 

Адамдардың пенделік әңгімелерінен қашып, 

тіршіліктен шаршағанда, сонда кетіп қаламын. 

Отырғызған ағаштарымды күтемін. Көкбұлақ 

дейтін өзенімді бойлап демаламын. 



- Қазір қандай дүние жазып жатырсыз 

немесе ойда жүрген қандай шығармаңыз 

бар?

- Әңгімелер жазып жүрмін. Мақалалар 

да бар. Роман жазған жоқпын, жазбаймын 

да, жаза алмайтын да шығармын. Дегенмен, 

алдағы уақытта драма жазсам деген ойым бар. 

-Әңгімеңізге рахмет! 

Сұхбаттасқан Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Мархабат Байғұт,

жазушы:


10

//   «ЖАМБыл - ТАРАЗ»  //  №48 (1283), 25 ҚАРАшА   2015 Жыл  //

Әлеумет

ЖҮрегіне Жыр ТҰнған

 

„

белгілі ақын,  журналист Эра орманованың 60 жасқа толу мерейтойына арналған «Жыр шашу» атты әдеби-



сазды шығармашылық кеш өтті. 

ел бағасы қадірлі.  

  Суретті түсірген А.Қартабай

 Индира БАЙҚОНЫС

Қалалық мәдениет үйінде өткен кешке өлеңге 

жаны құмар, поэзияны бағалай білетін өнерсүйер 

жұртшылық көп жиналды. Сахна шымылдығы  

Эра Орманованың өмірі мен өнерінен сыр шерт-

кен деректі фильмнің көрсетілуімен түрілді.  

Мұнан кейін төрге озған мерейтой иесі, ҚР 

Мәдениет  қайраткері,  Қазақстан  Жазушылар 

одағының мүшесі Эра Садыққызы әдебиетқұмар 

қауыммен  қауышып  отырғанына  қуанышты 

екенін жеткізді.  «Орамал - әйелдің көркі, ары», 

«Орамал – адамның емес, Алланың саған берген 

тәжі» деген ақын апамыз өзінің «Ақ орамал» 

өлеңін  тебірене  оқып,    қыз-келіншектерді 

имандылыққа шақырды. 

Әдеби  кеш  әсерлі  құттықтаулармен 

жалғасты.    Алғашқы  болып  Жамбыл  облысы 

әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама 

басқармасы басшысының орынбасары Мүбәрәк 

Жинақбаева  сөз  алып,  өңірдің  әдебиеті  мен 

журналистикасына саналы ғұмырын арнаған Эра 

Ормановаға облыс әкімінің орынбасары Ерқанат 

Манжуовтың құттықтау хатын оқып берді. Хатта 

Ерқанат  Нұрбапаұлы  мерейтой  иесінің  қазақ 

поэзиясына, ұлт руханиятына сіңірген еңбегін 

жоғары бағалап, Фариза, Күләш, Ақұштаптар 

бастаған  шоғырдың  соңынан  ілескен  ақынға 

алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына 

тілекші екенін атап өтіпті.

  Ардақты  ақынға  арналған  ыстық  лебіз 

мұнымен  түгесілген жоқ. Тараз қаласының әкімі 

Нұржан Календеровтің жүрекжарды құттықтауын 

шаһар  басшысының  орынбасары  Маржан 

Қожаева жеткізіп, сый-сияпатын табыс етті. 

Ақынның  Тараз  төріндегі  мерейтойлық 

кешіне  арнайы  Алматы  қаласы  мен  Алматы, 

Оңтүстік  Қазақстан  облыстарынан  келген 

қонақтар «Құрмет»  орденінің иегері, Қарасай 

атындағы  мектеп  мұражайының  директоры                                                                                                      

Р ы м к е ш   Б а й қ о н ы с о в а ,   « Б ау ы р ж а н 

Момышұлының  мұрасы»  қоғамдық  қорының 

өкілі, белгілі күйші, ақын-қаламгер Талап Қараш, 

«Әлем халықтары жазушылары одағы» қоғамдық 

бірлестігінің  президенті    Қайрат  Дүйсен, 

өнер  иесінің    туған  бауыры,  республикалық  

«Дөңгеленген  дүние»    газетінің  бас  редакто-

ры Талғат Орманов  сөз тізгінін алып, ыстық 

ықыластарын білдірді.  

Онда  Талап  Қараш  Эра  Орманованы                     

«Бауыржан Момышұлы» төсбелгісімен марапат-

таса, Қайрат Дүйсен  ақынға «Әлем халықтары 

жазушылары  одағы»  қоғамдық  бірлестігіне 

мүшелікке қабылдау туралы куәлік табыс етті. 

Көпшілік қауым ақынның  «Балауса», «Әнім 

сен едің», «Жыр  тұмар», «Имандылық ғасыры», 

«Ақ орамал», «Сөнбес сәуле» секілді ондаған 

жыр жинақтарын сүйіп оқиды. Сондай-ақ, Эра 

Садыққызының  әр жылдарда облыстық «Еңбек 

туы»  (қазіргі  «Ақ  жол»)  газетінде,  облыстық 

телерадио  компаниясында  түрлі  қызметтер 

атқарып, мақала, очерктерімен, «Жыр тұмар», 

«Сырласу», «Шын жүректен» тележобаларымен 

оқырман-көрермендерін тапқаны  да мәлім. Бұл 

кеште ақын-журналистің тағы бір қыры – сырлы 

әндерге өлең жазуы. Ол туындыларды өлкеміздің 

күміс көмей, жез таңдай әншілері шырқады. 

Оңал  Азаматованың  орындауындағы 

«Асыға күтемін»,  Анна Вундердің нақышына 

келтіріп  айтқан    «Он  сегіз  жас»,  облыстық 

филармонияның    әншісі  Жандос  Омаровтың 

«Ақ тілек» әндерін кездесуге келген жұртшылық 

қосыла шырқап, кештің ажарын аша түсті.  



Өнер әлеміне балғын құштарлық

 

„

Тараз қалалық Мәдениет үйінің жастар және жасөспірімдермен 



жұмыс істеу бөлімінің ұйымдастыруымен 8-11 жас аралығындағы 

өнерпаздарға арналған «әнші балапан» байқауы өтті. 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Дәстүрлі байқаудың басты мақсаты – балалардың 

шығармашылық  қабілетін  дамытып,  эстетикалық 

талғамын  кеңейтіп,  ән  салуға  жаны  құмар  жас 

таланттарға барынша  қолдау жасау.Қаламызда 4-ші 

рет өткен ән додасына 30-ға жуық балғын қатысып, 

арасынан ең дарынды деген 12-сі іріктеліп алынған. 

Қойылған  талаптар  бойынша  байқауға 

қатысушылар  жанды  дауыспен  2  ән,  яғни  бірі 

балалар,  екіншісі,  патриоттық  ән    салуы  шарт. 

Талапкерлердің  орындаушылық  шеберлігін,  сах-

на  мәдениеті  мен  киім  үлгісін  бағалаған  қазылар 

алқасы  шараның  әділ  өтуіне  атсалысты.  Қазылар 

алқасы  құрамында  мектеп  олимпиадалары  мен 

мектептен  тыс  іс-шараларды    өткізетін  облыстық 

орталықтың  «Дарынды  балалармен  жұмыс» 

бөлімінің  меңгерушісі,  Республикалық  «Айгөлек» 

ән-би  байқауының    Жамбыл  облысы  бойынша 

продюсері Халипа Боханова, Абай атындағы Жамбыл 

гуманитарлық колледжінің  вокал пәнінің ұстазы Ре-

ната Измайлова, Тараз қалалық Мәдениет үйі вокал 

үйірмесінің  жетекшісі  Заман Бегімбет болды. Алқа 

төрайымдығына  Тараз қаласы әкімдігінің Мәдениет 

және  тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі  

Камила Абашова сайланды.

Бұл мәдени іс-шараға  қаламыздағы №№ 1, 21, 

24,  36,  48,  51,  54  мектептерінің  ән  әлеміне  қанат 

қағуға талпынған балғындары қатысып, өз өнерін 

ортаға  салды.  Кеш  соңында  қазылар  алқасының 

шешімі  бойынша  бас  жүлдені  «Мальчик-хулиган-

чик» атты әні мен «Әлия» әнін нақышына келтіре 

орындаған 10 жасар Амина Шарипова иеленді. Ал 

1-ші орын «Бала көңіл», «Қазақстан» әнін орындаған 

9 жасар Нұрдан Нұрбекұлына бұйырды. 2-ші орынды 

«Зонтики», «Қазақстан» әндерімен Валерия Коваль 

алса,  3-ші  орынды  Оразгүл  Мэлсова  мен  Айлуна 

Дагилова  қанағат  тұтты.    Қалған  үміткерлер  ын-

таландыру  сыйлықтарымен  қатар,  Тараз  қаласы 

әкімінің диплом, Алғыс хаттарымен марапатталды.     

Тура сөзге келгенде тіл тартпағын

 

„

ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап 



ғылыми кітапханасында философия, математика, 

медицина, астрономия, астрология, әдебиеттану, тағы 

басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан 

ғұлама ғалым, ақын, ойшыл, мемлекет қайраткері Жүсіп 

баласағұнның туылғанына 995 жыл толуына орай «Тура 

сөзге келгенде тіл тартпағын...» тақырыбында әдеби 

раритет форматында іс-шара ұйымдастырылды. 

Шарада кітапханашылар қатысушыларға дарынды ақын ғана емес, ғалым ретінде де 

танымал болған Жүсіп Баласағұнның өмірімен таныстырды. Жүсіп Баласағұнның есімі 

әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» («Құтты білік») дастаны арқылы  

мәлім. 85 тарауға бөлініп, 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұратын, 13040 өлең жолы бар 

«Құтты білік» дастаны даналық, яғни зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның 

ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным 

процесінде ақиқатқа ұмтылуы, т. б. мәселелерді қарастырады. Кезінде әйгілі жазушы 

Шыңғыс Айтматов: «Қолжазбалары сирек қазына қатарында Вена мен Каирда сақталып 

тұрған Жүсіп Баласағұнның поэзиясы «Манаспен» бірге біздің ата-бабаларымыздың рухани 

тұрмысында ықылымдардан келе жатқан бір текті лингвистикалық негіздегі өзара байланы-

сты екі мәдениеттің-отырықшылық жазба және ауызекі көшпенді түріндегі мәдениетіміздің 

түпкі бастауын нақты растаған біздің ұлттық қазынамыз» - деп бағалаған болатын.

Іс-шараға қатысқан кітапхана жанындағы «Қаламгер» жастар клубының мүшелері мен 

Тараз техника  және  бизнес  колледжінің студенттері дастанның жазылу тарихы мен оның 

нұсқалары, шығарманың өзбек, орыс, ұйғыр тілдеріндегі аудармалары бар екендігі және ол 

Шығыстың әр елінде әртүрлі аталып кеткендігі туралы мол мәлімет алды. Шығарма бір елде 

«Айнак ул-мамлакат» («Мемлекет тәртібі»), екіншісінде «Панунаман мулук» («Әкімдерге 

насихат»), үшіншісінде «Адаб ул-мулук» («Әкімдердің әдептілігі») деген атпен мәлім екен. 

Бұл атаулардың бәрі - «Құтты білік» дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне 

арналған шығарма екенін растайды. Ал кітапхананың белсенді оқырманы, М.Х.Дулати 

атындағы ТарМУ магистранты Қонысбай Ембергенов ойшылдың өмірі және еңбектері 

жайлы өз ойын ашық түрде баяндап, көптеген сұрақтар қойып, жастарды сөзге тартты. 

Басқа орта ғасырлық түркі тіліндегі әйгілі шығармалардың қай-қайсысымен, тіптен фоль-

клормен салыстырғанда, «Құтты білік» дастаны кең тынысын аса қатал сақтаған шыншыл 

шығарма екенін алға тартқан баяндамашы, дастанды реалистік туынды, нақты поэзия 

әрі философиялық-эстетикалық трактат ретінде сипаттап берді. Өйткені өз заманындағы 

сан алуан ғылым салаларын меңгерген Жүсіп Баласағұн бұл өмірдегі барлық нәрседен 

де ғылымды жоғары қойып, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттердің бәрін біліммен 

тығыз байланыстырған. Қоғамда орын алған теріс құбылыстардың өзін ол адамдардың 

білімсіздігінен, надандығынан деп білген. Демек, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді 

күнделікті тұрмыс әдебінен бастап елдік деңгейдегі, мемлекеттік дәрежедегі моральдік 

қарым-қатынас әдебіне дейін түзілген «Құтты білік» арқылы біз қанағат, сабыр, сезім-ақыл, 

кішіпейілділік тәрізді небір ізгі қасиеттердің әлеуметтік бітімін тани түсеміз. 



Жанат ЖЕТПІСБАЕВА,

 Ш.Уалиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 

оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.

Ән - көңілдің ажары. 

  Суретті түсірген В.Алсуфьев


келешек

11

//   «ЖАМБыл - ТАРАЗ»  //  №48 (1283), 25 ҚАРАшА 2015 Жыл  //



ғалыМ аТынДағы оҚУ

 

„

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Табиғи 



ресурстарды әділ және тиімді пайдалану – болашаққа бағдар» 

тақырыбында «III Үркімбаев оқулары» Халықаралық ғылыми-практикалық 

конференциясы өтті.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Марс Үркімбаев атындағы Жастар са-

райында өткен Халықаралық конференцияда 

алғашқы сөз кезегін  М.Х. Дулати атындағы 

Тараз мемлекеттік университетінің ректоры, 

Оңтүстік аймақтық жоғары оқу орындары 

ректорлары  кеңесінің  төрағасы,  педаго-

гика ғылымдарының докторы, профессор 

Махметғали Сарыбеков алып, ғалымның 

білім мен ғылымға қосқан үлкен үлесі жай-

лы әңгіме қозғады. «Үркімбаев оқулары» 

конференциясы 2012 жылдан бері дәстүрлі 

түрде  жалғасып  келе  жатқанын  айтып, 

іс-шараның  маңыздылығына  тоқталды. 

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 31 қазан 

күні қабылданған «Ғылыми және ғылыми 

техникалық қызмет нәтижелерін коммер-

цияландыру  туралы»  Заңға  байланысты 

ойымен бөлісті.

Ал  «Марс  Фазылұлы  Үркімбаев  – 

ұлы  ұстаз,  ұйымдастырушы,  ғалым» 

тақырыбында  баяндама  оқыған  ТарМУ 

профессоры, техника ғылымдарының док-

торы Әбдіманап Әбдіраманов ұлы ұстаз, 

ғалымның қол астындағы қызметкерлеріне 

жасаған жақсылығы мен қамқорлығы жай-

лы  сөз  қозғады.  Марс  Үркімбаев  өзінен 

бар болғаны бір жас қана үлкен болса да, 

талабының таудай болғанын әрі кіршіксіз 

ақпейілді азаматтығын да айтып өтті.

Ташкент  мелиорация  және  иррига-

ция институтының профессоры, техника 

ғылымдарының докторы Бәкір Серікбаев 

сөз алып, өзбек халқының ыстық сәлемін 

жолдады. Өзінің 20 жылдан астам уақыт 

осы оқу орнының қабырғасында қызмет 

еткенін  айтып,  Марс  Фазылұлының 

ұйымдастырушылық қабілеті жайлы сөз 

қозғады. Адами қасиеттері мен қарымды 

қабілеті хақында естеліктерімен де бөлісті.  

Ы. Жақаев атындағы Күріш шаруашылығы 

ғылыми-зерттеу институтының директоры, 

техника ғылымдарының докторы, профес-

сор Серікбай Өмірзақов «Суармалы егін 

шаруашылығындағы судың тапшылығы» 

т а қ ы р ы б ы н д а ғ ы   б а я н д а м а с ы н д а 

Қызылорда  өңіріндегі  судың  өзектілігі 

турасында ой өрбітті. Слайд арқылы егін 

шаруашылығында  бұл  проблемалардың 

шешілу жолдарын да қарастырды.

Ғылыми  конференция  Қазақ  су 

шаруашылығының  ғылыми-зерттеу 

и н с т и ту т ы н ы ң   д и р е кто р ы ,   ау ы л 

шаруашылық  ғылымдарының  докторы 

Нұрлан  Балғабаевтың  «Су  ресурстарын 

тиімді пайдалана отырып, қауіпсіздікпен 

қамтамасыздандыру» тақырыбындағы ба-

яндамасымен жалғасын тапты.

Сонымен қатар, Қ. Сәтбаев атындағы 

Қ а з а қ   ұ л т т ы қ   т ех н и ка л ы қ   з е рт -

теу  университетінің  ұстазы,  техника 

ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қ. 

Қасымбеков  «Қазақстанның  оңтүстік 

аймағының жайылымдарындағы суланды-

ру құрылымдарын қарастыру және олар-

ды  жақсарту  жолдары»  тақырыбында 

баяндама  оқыды.  «Агробизнес  –  2020» 

бағдарламасы аясында сөз қозғаған ғалым 

жайылымдарды  суғаруға  байланысты 

атқарылуға тиісті жұмыстарға тоқталды.

«Табиғи  ресурстарды  әділ  және 

тиімді  пайдалану  –  болашаққа  бағдар» 

тақырыбында  «III  Үркімбаев  оқулары» 

секциялық  отырыстармен  жалғасты. 

3   с е к ц и я ғ а   б ө л і н ге н   от ы р ы с т а р 

«Экологиялық қауіпсіздік және қоғамның 

дамуы», «Жасыл экономиканың аспектілері 

және  техногендік  іс-шаралар»,  «Табиғи 

жүйелерді ұйымдастыру» тақырыптарына 

арналды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет