Құрметті тараздықтар!
Сіздерді 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен
құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның
бірлігін, Ата Заңымызды, адам мен азаматтың
құқықтарын және бостандықтарын қорғауды
қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің
негізін қалаушы болып табылатындығы күмәнсіз.
Елбасымыз ата-бабаларымыздың тәуелсіздік
туралы ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа
айналдыруға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар,
ол — әлеуметтік-экономикалық, саяси қарқынды
дамып келе жатқан мемлекеттің бірегей моделін
жасаған аса көрнекті мемлекеттік және саяси
қайраткер.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз
қиын-қыстау кезеңді бастан өткерген сәтте
халықтың еңсесін көтеріп, жүрегіне болашаққа
деген сенімін ұялатқан Елбасы болатын.
Бүгінде Қазақстан іргесі берік ірі мем-
лекетке айналды. Қай сала да қарқынды
дамып, толайым табыстарға кенелді. Қазақ
елі әлемге танылды. Тәуелсіз мемлекетіміздің
күллі табыстары мен айқын жетістіктері
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен
байланысты! Президент халықтың сенімін
ақтап, Қазақстанды мықты мемлекетке ай-
налдыра білді. Саяси және экономикалық
салада жүргізген салиқалы реформала-
ры Қазақстанды қазіргі деңгейге жеткізді.
Президенттің халықаралық аренада беделі
мен рөлі одан әрі арта түсті. Жақында ғана
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің ең
жоғарғы, ең мәртебелі төрі мен мінбері БҰҰ-
ның 70-ші мерейтойлық сессиясында қазақ
тілінде сөйлеп, ұлт абыройын асқақтатты.
Қазақ тілі тұңғыш рет осындай дүниежүзілік
дәрежеге көтерілді. Бұл тәуелсіздігіміздің
жемісі - Елбасының жеңісі.
Республикамызбен бірге ежелгі Тараз
қаласы да қарқынды дамып келеді. Бүгінде
тараздықтардың өмір сүру сапасы жыл
сайын айтарлықтай жақсарып келеді деп
толық сеніммен айта аламыз. Экономи-
ка мен әлеуметтік сала тұрақты дамуда,
жаңа өндірістер мен кәсіпорындар ашылуда,
тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер мен
балабақшалар салынуда.
Қазақстандықтар өз Отаны мен өз
Президентін мақтан тұтады. Қазақстан азаматы
болу - зор абырой және биік мәртебе. Сондықтан
Отанымызды қастер тұтып, тәуелсіз Қазақстанның
Тұңғыш Президенті - Негіз қалаушы, Реформатор
және Жасампаз ретінде Отанымыздың және
әлемнің тарихына енген Елбасымызға сенім арту-
әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.
Барша қазақстандықтарды мерейлі мере-
кемен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға
бақыт,отбасыларыңыздың амандығын тілеймін.
Мемлекет басшысының бағытын қолдап, жаңа та-
быстар мен жетістіктерге жете берейік.
Тараз қаласының әкімі
Нұржан Календеров
№48 (1283) 25 қараша
2015 жыл, сәрсенбі
www.z-taraz.kz
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың Жастар сарайында Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы ағымдағы
жылдың он айында атқарған жұмысы туралы кәсіпкерлер алдында есеп берді.
Қала-Қарбалас
2
// «ЖАМБыл - ТАРАЗ» // №48 (1283), 25 ҚАРАшА 2015 Жыл //
КәсіпКерлерге әКіМшіліК
КеДергілер болМайДы
Ерман ӘБДИЕВ
Аталған шараға Жамбыл облысы әкімінің
бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, аймақтағы
Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің
мүшелері, жергілікті кәсіпкерлер, жергілікті
атқарушы орган өкілдері, даму институттарының
және екінші деңгейлі банктердің жетекшілері
қатысты.Жиында сөз алған облыс әкімінің бірінші
орынбасары Бекболат Серікбекұлы: «Өңірде
кәсіпкерлік әлеуетті арттыруға, іскерлік ахуалды
дамытуға қолайлы жағдайлар жасалуда. Оның
қатарында ҮИИБ аясында облыста 2015-2019 жыл-
дар аралығында 582 млрд.теңгеге 27 инвестициялық
жобалар жүзеге асады. Соның аясында 5,7 мың
жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бүгінгі күні
30,4 млрд.теңгеге алты жоба жүзеге асып, 425
жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ соңғы төрт
жылдың ішінде өңірге Ресей, Франция, Чехия, Иран,
Біріккен Араб Әмірлігі, Қытай мемлекеттерінен
инвесторлар келді. Алдағы уақытта Малайзия,
Түркия, Латвия мемлекеттерінің инвесторлары
облысқа өз қаржыларын салуға ынта танытып
отыр. Сонымен қатар, өңірде «Бизнестің жол кар-
тасы - 2020» бағдарламасы жүзеге асуда. Жамбыл
облысының дамуында химия саласы, агро-өңдеу
кешендері, құрылыс материалдарына қажетті
шикізат кен орындары, туризм сынды салалардың
алар орны ерекше. Сондықтан, өңірдегі Кәсіпкерлер
палатасы алдында шалғай жатқан аудандардағы
шаруаларға екінші деңгейлі банктер арқылы не-
сие беру, қажетті салаға керекті мамандар даярлау,
туризмді дамыту шараларын дамытуға барынша
атсалысуы керек. Оның қатарында облыстағы ірі
бизнес кәсіпорындарының жетекшілері атқарушы
органдарда да өз дауыстарын жеткізіп отыр. Атап
айтқанда, 35 облыстық мәслихат депутаттарының 20-
сы жеке компаниялардың жетекшілері» - деді. Бұдан
соң Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының
директоры Қарлығаш Аралбекова жыл басынан
бері атқарған жұмыстары, кәсіпкерлер құқын қорғау,
әкімшілік кедергілермен күрес, өңір кәсіпкерлігін
дамытуда қолға алынған шаралар туралы кең көлемді
есеп берді. Өңір кәсіпкерлігін дамытуға кедергі
келтіріп отырған өзекті мәселелер де жан-жақты
талқыланып, кәсіпкерлердің көкейінде жүрген көп
сауалға жауап берілді.
- Есепті мерзімде кәсіпкерлік субъектілерінен
түскен 240 арыз-шағымның 59-ы кәсіпкерлер құқын
қорғау жүйесі бойынша болса, оның 28-і оңтайлы
шешімін тапты. Жалпы 2015 жылдың 10 айы ішінде
Палатаның араласуымен 1 589,3 миллион теңге
көлемінде кәсіпкерлер құқы қорғалды. Кәсіпкерлік
көкжиегінің кеңейе түсуіне әкімшілік кедергілер
де көп әсерін тигізеді. Бұл тұрғыда Кәсіпкерлер
палатасы облысымызда шағын және орта бизнестің
дамуына тежеу болып отырған 27 әкімшілік кедергіні
анықтады.Өздеріңіз білетіндей, 2014 жылдан бастап
Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы-2020»
бағдарламасы аясында іс жүзіндегі бизнеске
бағытталған сервистік қолдау көрсету жұмыстарын
жүзеге асыруда. Яғни, Кәсіпкерлер палатасы
мемлекеттік бағдарлама аясында қаржылық және
бухгалтерлік,кедендік және сыртқы экономикалық
қызмет, менеджмент жүйелерін енгізу,заңгерлік
кеңестер беру,маркетинг, IT-технологиялар,
мемлекеттік сатып алулар, менеджментті жүргізу
бойынша тегін қызметтер көрсетуде. Жоспар бойын-
ша 1508 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсету қажет
болса, бүгінге дейін бұл қызмет түрлерімен 1938
кәсіпкер қамтылып, межелі міндеттің 94 пайызын
құрап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл аяғына
дейін жүргізілетін болғандықтан, алға қойылған
міндеттер өз деңгейінде орындалатын болады. Со-
нымен қатар, жыл басында облысымыздың барлық
ауданында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары
ашылып, табысты жұмыс істеуде. Есепті мерзімде
Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына 4036 адам келіп,
оларға 14 603 кеңес беру қызметтері көрсетілген.
Оның ішінде 304 жоба Орталық менеджерлерінің
сүйемелдеуіне алынып, нақтылы кезеңде 162-сі
мақұлданды. 71 кәсіпкерге тегін бизнес жоба жазып
берілді,-деді Қарлығаш Әмірқызы. Өңірлік палата
жетекшісінің айтуынша, Кәсіпкерлер палатасы білім
мен тәжірибені қатар ұштастыру, облысымыздағы
кәсіпорындарды қажетті мамандармен қамту ісін
де назардан тыс қалдырған емес. Яғни, дуальды
оқыту жүйесі - Палата құрылған алғашқы күндерден
бастап қолға алынған шаралардың бірі. Бұл бағытта
да есепті мерзім аралығында ауыз толтырып
айтарлықтай шаралар жүзеге асырылған. Атап
айтқанда, жыл басынан бері дуальды оқытудың Жол
картасына 27 колледж енгізілген. 1464 білім алушы
132 кәсіпорынмен жасалынған 179 келісімшарт
негізінде 9 сала бойынша дуальды оқытумен
қамтылған. Жұмыс берушілердің қатысуымен 26
жұмыс - оқу жоспарлары әзірленіп, келісілген.
Кәсіпорындарда дуальды оқытуды енгізу және
оқу-өндірістік тәжірибені ұйымдастыру мақсатында
87 тәлімгер бекітілген. 6 кәсіпорын мен 6 колледжді
қамқорлыққа алу бойынша келісімшарт жасалған.
Сондай-ақ, жиында Кәсіпкерлер палатасы
жанындағы кәсіпкерлердің құқын қорғау жөніндегі
Кеңес төрағасы, Жамбыл облыстық мәслихатының
депутаты Бақтияр Алдашов есепті мерзімде
кәсіпкерлердің құқын қорғау бағытында атқарылған
жұмыстар жөнінде хабарлама жасады. Оның айтуын-
ша, соңғы екі жылда жұмыс істеп келе жатқан Кеңес
құрамында 14 мүше бар екен. Ағымдағы жылдың
он айында Кеңес мүшелері алты жиын өткізіп,
онда кәсіпкерлерден түскен 13 шағым қаралыпты.
Талаптардың жетеуі толық шешімін тапса, төрт
талап қаралып жатыр екен. Ал екі талапқа түсінік
берілген. Жиын соңында кәсіпкерлер көкейінде
жүрген мәселелер туралы сұрақтар қойып, нақты
жауаптар алды.
бизнес әлеуеті артып келеді.
Үйлер қалпына келтірілуде.
Суретті түсірген В.Алсуфьев
Жұмыстар бітуге таяу
естеріңізде болса, қазан айының 12-ші жұлдызында солнечный кентінің
солнечная көшесіндегі үйде болған өрттен тұрғындар баспанасыз қалған еді.
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
Өртке оранған үй барак үй болатын. Мұнда барлығы 6
отбасыдан 27 адам, олардың 12-сі балалар болған. Тілсіз
жаудан кейін екі отбасы осы аумақтағы №34 мектеп
жанындағы балалар шығармашылығы орталығына орна-
ластырылып, балалары екі мезгіл тамақпен қамтамасыз
етілуде. Ал қалған отбасылар туған-туыстарының үйлерін
паналап отыр.
Орын алған осы жағдай бойынша қала әкімдігі жа-
нынан арнайы комиссия құрылды. Комиссияның жасаған
жұмысы еш кетпей, зардап шеккен отбасылардың басына
түскен қиыншылығы еңсеріліп қалды. Қолы ашық жомарт
жандар бұл іске бей-жай қарамай, қолдарынан келгенше
көмек көрсетуде. Мысалы, қалалық мәслихаттың депутаты
Берік Ақшалов бүгінде өрттен кейінгі жөндеу жұмыстарын
жүргізіп жатқан үй иелеріне 6 тонна цементін алып берсе,
тағы бір қалалық мәслихаттың депутаты Нұржан Нұралиев
пиломатериал, яғни белағаш, тірекағаштар алып берген.
Сондай-ақ қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі 8 тон-
на цементін алып берген. Мұндай шарадан көрші-қолаң
да қалыс қалмай, баспанасыз қалған тұрғындарға жылы
киімдер және тамақтармен қамтамасыз еткен. Мұнымен
қоса, сол аумақта орналасқан дүкен қожайындары азық-
түліктерін беріп, қол ұштарын созған. Бұдан бөлек
қалалық мекеме қызметкерлері бір күндік жалақыларын да
аударған-ды. Бастысы, тұрғындардың үйлерін жөндеп алуы
үшін «Көне Тараз» қоғамдық қоры 2,5 млн.теңге бөліп,
әр отбасыға 412 мың теңгеден үлестіріп берген. Қазіргі
таңда жомарт жандардың арқасында өрттен кейінгі жөндеу
жұмыстары бітуге таяу. Үсті жабылып, есік-терезелері
ауыстырылған, енді тек едендері бүтінделсе болғаны.
- Ең алдымен, облыс және қала әкімдігіне үлкен
рахметімізді айтқым келеді. Басымызға іс түскенде
қарайласып, қай жағынан болсын қол ұштарын созды. Со-
нымен қатар көршілеріміз де бізге қарайласып отыр. Бүгінгі
таңда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Екі аптада
жылы баспанамызға қайта оралсақ деген ниет танытып
отырмыз. Қыстың көзі қырауда далада қаламыз ба деп ойлап
едік. Жоқ, қолы ашық жомарт жандардың арқасында бұл
қиындықты да жеңіп шықтық. Барлығы келіп көмек көрсетіп
жатыр,-деген өртенген үйдің тұрғыны Зейнеп Исмайлова енді
электр және газ жүйесін шешіп берсе деген өтінішін жеткізді.
Дейтұрғанмен, бұл істің басы-қасында жүрген №10 аумақтың
бас инспекторы Әмірхан Қанаев аталған мәселе де алдағы
уақытта шешілетінінен құлағдар етті.
«Көп түкірсе –көл» деген аталы сөздің мәнісін сол маңда
жүріп жатқан тірлікке қарап ұғынғандай боласың. Бірлесіп
жасаған жұмыстың да өз тартымдылығы болады екен.
Қала-Қарбалас
3
// «ЖАМБыл - ТАРАЗ» // №48 (1283), 25 ҚАРАшА 2015 Жыл //
«аТшабарДа» - Қоныс Той
Тұңғыш президент күні қарсаңында облыс орталығында «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасын
жүзеге асыру мақсатында соңғы жылдары құрылысы тұралап келген «атшабар» тұрғын үй кешенінің
құрылысы қайта жанданып, жаңа қоныстанушыларға пәтер кілті табыс етілді.
Көше көркі - жол
облыс орталығындағы көшелердің бойында жаңғырту жұмыстары
жүргізілген соң, қалпына келтіру жұмыстары көңіл көншітпей тұр. осы
мақсатта арнайы комиссия рейд жүргізді.
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
Комиссия құрамында қалалық мәслихаттың хатшысы
Балабек Нарбаев бастаған депутаттар, қала әкімінің орынба-
сары Әлім Жусанбаев және аумақтық инспекторлар жаңғырту
және жөндеу жұмыстары жүргізілген көшелерді қарап,
тексерді. Алдымен тұрғындардан арыз-шағым көп түскен
Крупская көшесіне табан тіреді. Ол көше айтса айтқандай,
жаңғырту және жөндеу жұмыстарынан кейін ой-шұңқыры
көбейіп кеткен. Көшенің екі шетімен газ және су құбырлары
жүргізілген. Мәселенің мәнісін зерделегенде «ГазСервис»
ЖШС-нің өкілдері қалып кеткен ой-шұңқырларды «Тараз
Су» мекемесінікі екендігін айтып ақталды. Сондай-ақ көше
бойында қазылған қалдықтар төбе болып үйілген күйінде
қалып кеткен. Бұл қалдық Тараз қаласы әкімдігі тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және авто-
мобиль жолдары бөліміне тиесілі жұмыс екендігі анықталды.
Осы көшеге қатар орналасқан Әбілқайыров көшесінде де дәл
осындай жағдай. Лайсаң жол, жиналған шалшық су. Мұндағы
тұрғындардың жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігерлерге
өкпесі қара қазандай. Айтарлары көп. Негізі бұл көшеге
алдымен жолдың шетімен газ жүргізілген, одан соң көшенің
қақ ортасымен су құбыры жүргізілген екен. Десе де, жөндеу
жұмыстарын жүргізушілер бұзылған асфальттің орнына қайта
асфальт төсегенімен, ол бүгінгі таңда шөгіп кеткендігі анық
байқалады. Бір айта кететіні, бұл көшеге жаңғырту жұмыстары
жүргізілмей тұрып, жолдың 70 пайызында асфальт болған.
Комиссияны бастап жүрген қалалық мәслихаттың хатшысы
Балабек Нарбаев базынасын айтып, шағымданған тұрғындарға
жауап берді.
- Бұл жасалып жатқан тірліктің барлығы халық үшін.
Бірінші газ және су құбырларыңызды жүргізіп берді. Қазіргі
таңда енді электр жүйелерін жөндеп жатыр. Бұл үшін Үкіметке
алғысымызды айтуымыз керек. Бұл көшелердің барлығы
дерлік 2018-2019 жылдың бюджетіне еніп, асфальттелуі керек.
Оған дейін әрине жөндеу жұмыстарын жүргізгендер уақытша
тас төсеп береді. Байбалам салудың қажеті жоқ. Газ және су
құбырларын жаңартпасақ, ол да айтарлықтай қауіп төндіретіні
анық,-деді Балабек Жанбекұлы. Ол алдағы уақытта мердігер
мекемелер ойылған көшені жөнге келтіріп беретіндігін жеткізді.
«Газ Сервис» ЖШС-і директоры Қонысбек Аралбаев көшені
асфальттеуге қосымша қаржы бөлінбегенін айтып, қолынан
келген тірлікті жасағандықтарын мәлім етті.
- Көшенің екі жағын қазып газ жүргізді. Оның үстінен
қалыңдығын шамалы ғана етіп асфальт төседі. Қазылған жерді
қайта жапқанда тығыздаған жоқ. Онысы шөгіп кетті. Мұнан соң
көшенің ортасынан су жүргізді. Арғы шетінде ескі су құбыры
жатыр. Су жүргізгеннен кейін асфальттеген де жоқ. Бұрынғы
жолымыз жақсы еді. Қазылған жолды тегістегенде, ауыр тех-
никамен жұмыс жасаған да жоқ, болмашы трактормен тегістеді
де қойды. Оған ауыр техника керек қой,-дейді Әбілқайыров
көшесінің тұрғыны Исламбек Жүзбаев. Чехов көшесінің
2-бұрылысына барған депутаттар мұндағы жағдаймен де толық
қанықты. Бұл көшенің жағдайы алдыңғы көшелерге қарағанда
жақсырақ. Бірақ тұрғындар көшені жөндеп берулерін сұрауда.
Рейд барысында комиссия мүшелері Ниетқалиев көшесі
бойында қоқыс тасталған жерді де шолып қайтты. Мұндағы
бос жатқан жерге жөнделген көшеден шыққан тұрмыстық
қалдықтар тасталған. Олар бүгінде төмпешіктерге және жан-
жағы қоқыс тастайтын орынға айналып кеткен. Ол жерге
тастауға рұқсат берген бұрынғы қала әкімінің орынбасары
Асхат Есеналиев тегістетіп тастаймын деп уәде еткен екен. Бірақ
осы күнге дейін қалып кетіпті. Алдағы уақытта бұл жер сүріліп,
тегістелмек. Рейд барысында Қапал көшесіндегі жолдың
жай-күйі де анықталды. Ол жерде де көшенің сұрқы қашқан.
Айта кетерлігі, жаңғырту жұмыстарын жүргізген «Тараз Су»
мекемесі салғырттық танытқан. Қайта жөндеп береміз деп уәде
еткендерімен, ол құрғақ сөз күйінде ғана қалып отыр. Көшеней
көшесінің 6-бұрылысында да жағдай осындай.
Ерман ӘБДИЕВ
Кешеннің құрылысын «Қазақстан
ипотекалық компаниясы» Ипотекалық
ұйым» АҚ-ы жүргізді. Жаңа пайдалануға
берілген көп қабатты үй 210 пәтерлі.
1 шаршы метрінің бағасы – 923 теңге.
Осы жаңа үйге қоныстанушыларға
пәтер кілтін салтанатты түрде табыс
еткен облыс әкімінің бірінші орынба-
сары Бекболат Орынбеков: «Бүгін біз
Тұңғыш Президент күні қарсаңында
жаңа тұрғын үй кешені тұрғындарына
пәтер кілтін тапсырғалы тұрмыз. Елба-
сы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы
саясатының арқасында, халыққа деген
қамқорлығының арқасында бірқатар
мемлекеттік бағдарламалар қабылданып,
ол бағдарламалар өз жемістерін беруде.
Сондай бағдарламаның бірі – «Нұрлы
жол» мемлекеттік бағдарламасы. Мемле-
кет жалдамалы көп қабатты үйлер салып,
оны сатып алу құқын тұрғындарға бере
отырып, ұзақ мерзімге жалға ұсынады.
Ел игілігіне ұсынылып отырған
бағдарламаның тағы бір көрінісі – бұл
көп жылдан бері тоқтап тұрған «Ат-
шабар» тұрғын үй кешенінің құрылысы
қайта жанданып, бүгінгі күні «Қазақстан
ипотекалық компаниясы» Ипотекалық
ұйым» АҚ-ы арқылы азаматтар пәтер
кілтіне ие болуда. Көпшіліктің көптен
күткен үміттері ақталып, жаңа үйге
қол жеткізуде. Өздеріңізге белгілі об-
лыс орталығында «Бәйтерек», «Арай»,
Маяковский көшелерінде тұрғын үйлер
құрылысы аяқталып, таяу күндері
пайдалануға берілмекші. Сондай-ақ
жақын күндері «Арай» шағын ауданын-
да 280 орындық балабақша ашылады.
Қуанышты сәт.
Суретті түсірген В.Алсуфьев
Барлығы тұрғындардың игілігі үшін
жасалынуда. Қуаныштарыңыз құтты
болсын! Жаңа үйдің іргетасы мықты,
керегесі кең, шаңырағы биік болсын!
Ішінде тек қана татулық пен бере-
ке, қуаныш пен бақыт, құт пен ырыс
салтанат құрсын!» - деді. Бұдан соң
«Қазақстан ипотекалық компаниясы»
Ипотекалық ұйым» АҚ-ы төрағасының
орынбасары Құдайберген Бейсенбаев
және жаңа үйден пәтер алып отырған
Нұрғазы Мамедалиевтер сөйледі. Ша-
рада «Атшабар» тұрғын үй кешенінен
жалға пәтер алуға ниет білдірген 100
азаматтың 22-сіне пәтер кілттерін сал-
танатты түрде облыс әкімінің бірінші
орынбасары Бекболат Орынбеков, қала
әкімі Нұржан Календеров, «Қазақстан
ипотекалық компаниясы» Ипотекалық
ұйымы» АҚ-ы төрағасының орынбасары
Құдайберген Бейсенбаевтар табыс етті.
көшбасшы
4
// «ЖАМБыл - ТАРАЗ» // №48 (1283), 25 ҚАРАшА 2015 Жыл //
Қай дәуірде
де қоғамның
мәдени өмірі,
ілім-білім,
тарих тағылым-
дарының
тоғысқан тұсы
кітапхана екені
белгілі. Сондай
киелі орданың
бірі – Жамбыл
облыстық
Ш.Уәлиханов
атындағы
әмбебап ғылыми
кітапханасы.
Мұнда барлық
саланы
қамтитын
әдебиеттер қоры
бар. Соның бірі
де бірегейі–
Елбасы
Н.Назарбаевтың
шығармалары.
«ой бӨлісТіМ ХалҚыММен»
Ер мерейі — ел мерейі. Басшысының
мәртебесі биіктеген сайын елдің абыройы
да асқақтай түсері сөзсіз. Жамбыл облыстық
мемлекеттік кітапханаларында Елбасының
шығармалары мен Елбасы жайлы жазылған
141 атау санымен 14 мыңға жуық кітаптар
бар. Ш.Уәлиханов кітапханасы Елбасы
шығармашылығын насихаттауда көптеген іргелі
істерге ұйытқы болып келеді. ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары мен тәуелсіздік
жылдарында басылып шығарылған кітаптар топ-
тамасы қойылған «Елбасы. Ел бірлігі. Ел сенімі»,
«Қазақстан: ғасырлар мен мыңжылдықтар
тоғысында» атты тұрақты кітап көрмелері жұмыс
жасайды. Көрмелердің мақсаты-Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президентінің
экономикалық жағынан тәуелсіз, егемен
Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы
тарихи рөлін, Қазақстан қоғамын жаңарту
мен қайта құруда сіңірген еңбектерін көрсету.
Президенттің қаламынан туған «Қазақстандық
жол», «Тәуелсіздік белестері», «Еуразия ор-
тасында», «Ғасырлар тоғысында», «Эпицентр
мира» сынды көпшілікке танымал кітаптарын
халық сүйсіне қабылдады. Олар әлемнің 30-дан
астам елінде сан мыңдаған таралыммен басы-
лып шығуда. Бұл кітаптар салиқалы, салмақты
ойларымен қымбат. Елбасының қаламынан
туған дүниелер түрлі елдердің қоғамдық-саяси,
ғылыми-зерттеу топтары тарапынан шынайы
қызығушылыққа бөленуде. Кітапхананың ал-
тын қорындағы кітаптармен оқырмандарды
таныстыру мақсатында мазмұнына, қысқаша
толғамдарына кезек берейік.
«Қазақстан жолы» – Қазақстанның қазіргі
тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін ба-
яндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы тәуелсіз жас
мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты
қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл - Қазақстанның
2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау
жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел
Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ
ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны
енгізу және табысты банк жүйесін құру ту-
ралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда
жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу
үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру
және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа
ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастары-
на арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор
бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа
буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар
деп сенеді. (Жібек Жолы, 2012).
«Елмен сырласу» - Тәуелсіз Қазақстан
мемлекетінің негізін қалаушы, оның тұңғыш
Президенті Н.Назарбаевтың халық алдындағы
тарихи парызын терең сезіне білетін азаматтық
жауапкершілігін, тұрақтылық пен ұлтаралық
татулық идеясын Қазақстан аясында ғана жүзеге
асырып қоймай, әлемдік деңгейге көтерген
көрегендігін, қайраткерлігін айқара ашып
көрсететін көп томдық шығарма.
«Тарих тағылымдары және қазіргі заман»-
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бес
жылдығына арналған салтанатты жиналыста
жасалған баяндама. (Қазақстан, 1997)
«Сындарлы он жыл» - Қазақст ан
Республикасының ішкі және сыртқы саясаты,
жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий
аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласын-
да соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Респу-
бликасында болған жағдайлары мен өзгерістері
туралы. (Атамұра, 2003)
«Тарих толқынында» - автор өткеннің
кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ
халқының тарихи жолы туралы ой толғайды,
рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады.
(Атамұра, 1999)
«Тәуелсіздік белестері» - Қазақстан халқына,
қoғамымыздың бoлашағы мeн мeмлeкeтіміздің
мұраты хақындағы пайымдаулар енгізілген.
(Жібек Жолы, 2012)
«Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту
стратегиясы және өркениеттер серіктестігі»-
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл кітабы
оның «Постиндустриялық қоғамды қалыптастыру
стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» атты
алдыңғы басылымында бастау алған қоғамның
постиндустриялық даму мәселелерін ғылыми
зерттеуінің жалғасы болып табылады. (Жібек
Жолы, 2012)
«Ғасырлар тоғысында» - бұл кітап өз көзімізбен
көргенімізді, өз басымыздан кешкенімізді, жүздес-
сұхбаттас болған тұлғалардың мінездемелерін
қамтығанымен, мемуар жанрына жатпайды.
Егер бізге салса, бұл шығарманың жанрын
«болашақ жайлы естелік» деп санаған орынды
сияқты. Әрине, бір-біріне көпе-көрінеу кереғар
ұғымдардан тұратын бұл сөз тізбегіне біз атымен
басқаша мағына беріп отырмыз. Адамдар, әдетте,
өткеннің мәніне ертеңнің тұрғысынан үңіліп
түсінеді. Біз оқырмандарымыздың мәселенің
байыбына басқаша тұрғыдан зер салғанын
қалар едік. Өйткені сөз болатын гәптер белгілі
бір нақты кезеңде, сол кезеңнің ағымдағы
саясатының арнасында, белгілі бір ретпен жүзеге
асқандығы даусыз. Бұл кітаптың мақсаты, расын-
да да, болмыстарынан бедерлі жаратылған саяси
ықпалдастарымыздың бейнелерін жарқыратып
сомдап шығу емес. Біздің көздегеніміз – кешегі
кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кез-
дескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына
оқырмандарымызды өз көзімен үңілдіріп, өз
тұжырымын жасауына көмектесу,- дейді өз алғы
сөзінде. (Атамұра, 2003)
Елбасымыздың бұдан басқа «Еура-
зия жүрегінде», «Ой бөлістім халқыммен»,
«Өзекжарды ойлар», «Бейбітшілік кіндігі»,
«Туған елім – тірегім», «Қазақстанның егеменді
мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының
стратегиясы», «Елмен сырласу»,«Әділеттің
ақ жолы», «Жылдар мен ойлар», «Қалың елім
қазағым» және тағы да басқа шығармаларын
кітапханадан табуға болады. Киелі ғимараттағы
Елбасының кестелі сөздері қазақстандықтар
өміріндегі басты құндылықтарға айналатынына
сеніміміз мол.
Достарыңызбен бөлісу: |