Технология және биоресурстар факультеті



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата20.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#4559
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР 

 

№1 зертханалық сабақ 

Тақырыбы: Микроскоптың құрылысы. Гистологиялық техника негіздері.  

Сабақтың  мақсаты:

 

Микроскоптың  құрылысымен  танысу  және  гистологиялық 



препараттар  дайындау  техникасын  үйрену.    Физика  және  биология  пәндерінен    бұрын 

өткен оптикалық приборлар  туралы  жалпы түсінікті еске түсіру. 



Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 

1.

 



Микроскоп, гистопрепараттар 

2.

 



Түрлі –түсті кестелер 

Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 

1-препарат- Жасушаның құрылысы, кестеден  суретін альбомға салу. Жануарлар 

және  өсімдіктер  организмдерінің  ұлпалары  мен  жасушаларының  жай  көзге  көрінбейтін 

құрылымдарын  үлкейткіш  линзалардан   құрастырылған  қарапайым    аспаптың  (лупаның) 

көмегімен  көріп  байқау    XVII  ғасырда-ақ  (Стеллутти,  1625  ж)  басталған  болатын.  Бірақ, 

тірі  материяны  (өсімдік  қабығының  ұлпасын)  бірінші  рет  ағылшынның  өнертапқыш 

ғалымы,  физик  және  математик  Роберт  Гук  зерттеп,  өсімдік  қабығының  майда 

жасушалардан  (клеткалардан)  тұратындығын  көрді.  Қазіргі  кезде    гистологиялық 

нысандарды  микроскоппен  зерттеудің  бірнеше  әдістері  қолданылып  жүр.

 

Олар:     



1.Оптикалық микроскопия 

2.Фазалық контрасттық  микроскопия 

3.Ультракүлгіндік микроскопия 

4.Флуоресценттік (люминесценттік) микроскопия 



Микроскоптың құрылысы. Микроскоппен  жұмыс істеу ережелері 

Оптикалық  микроскоптың  тетіктері  үш  бөліктен:  оптикалық,  механикалық    және 

жарықты қабылдайтын  бөліктерден құралған.  

Гистологиялық техника туралы жалпы түсінік. 

Кесінділерді бояу тәртібі: 

1) Клетка ядросын гематоксилинмен бояу (3-5 мин). 

2) Бояуды сумен жуу. 

3) Клетка цитоплазмасын эозинмен бояу (3-5 мин). 

4)  Бояуды сумен  жуу. 

5) Бальзам  орнына боялған  кесдіге глицерин  тамшысын тамызу. 

6) Жапқыш  жұқа  шынымен  жабу. 

7) Микроскоппен қарап боялған  кесіндіні зерттеу.  



Бақылау сұрақтары: 

1. Оптикалық микроскоптың бөліктерін атап, олардың маңызына тоқталыңдар.  

2.  Гистологиялық  препаратты  дайындаудың  кезеңдеріне  тоқталып,  олардың    мазмұнын  

түсіндіріңіз 

3. Гистологиялық материалды  бекітудің мақсаты, осы мақсатта қолданылатын  бекіткіш 

заттар. 


4. Гистологиялық препараттарды дайындауда қолданылатын  бояулар, бояғыш заттардың 

түрлері.  Олар  ұлпалар  мен  жасушалардың    қандай  құрылымдарын    және  қай    түске 

бояйды? 

5. Гистологиялық препараттарды бояудың мақсаты қандай ? 

6. Гистологиялық құрылымдар: жасуша, симпласт, синцитий, жасушааралық зат. 

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 

1.Жаңабеков.К., 

Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 

морфологиясы 

және 

латын 


терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 3-48 б 

2.  Волкова  О.В.,Елецкий  Ю.К.  «Основы  гистологии  с  гистологической  техникой»  М., 

«Медицина», 1982, 5-17с 

 


№ 2 зертханалық сабақ 

Тақырыбы:  Гистологиялық  құрылымдар  (жасуша,  бейжасушалық  құрылымдар: 

симпласт, синцитий). 



Сабақтың  мақсаты:

 

Гистологиялық  құрылымдардың  түрлерімен  танысу. 



Симпласттың құрылысындағы ерекшелікті көру. Синцитийдің құрылысымен танысу. 

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 

1.

 



Микроскоп, гистопрепараттар 

2.

 



Түрлі –түсті кестелер 

Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 

1-препарат-Гистологиялық  құрылымдар  (Симпласт,  синцитий,  жасушааралық 

зат).  Көлденең  жолақты  қаңқа  бұлшықет  препараты.  Препараттан  миосимпластардың 

құрылысын;  ядро,  саркоплазма,  сарколемма,  аралық  борпылдақ  дәнекер  ұлпаның 

құрылысын  көріп,  сурет  дәптерге  салу.  Синцитий  бойынша  торлы  ұлпаның  кесіндісін 

тамашалау.  Препараттан  ядро,  цитоплазма,  цитоплазмалық  өсінділерді  көру. 

Жасушааралық  заттың  коллаген,  эластин,  аморфты  зат  құрлысын  микроскоптан  көріп, 

суретін салу. 

 

Бақылау сұрақтары: 

1.

 

Гистологиялық құрылымдар: жасуша, симпласт, синцитий, жасушааралық зат. 



2.

 

Протоплазманың физико-химиялық құрамын білу. 



 

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 

1.Жаңабеков.К., 

Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 

морфологиясы 

және 

латын 


терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 3-48 б 

2.  Волкова  О.В.,Елецкий  Ю.К.  «Основы  гистологии  с  гистологической  техникой»  М., 

«Медицина», 1982, 5-17с 

 

№ 3 зертханалық сабақ 

 

Тақырыбы: Жасуша бөлінуінің түрлері. Митоз. 

Сабақтың  мақсаты:  Жасуша  бөлінуінің  түрлерін  еске  түсіру.  Клетка 

айналымының 

кезеңдері. 

Митоз 


фазаларындағы 

хроматиндердің 

өзгеруі, 

хромосомалардың  цитоплазмада  орналасуы.  Митоз  фазаларының  бір  -  бірінен 

құрылымдық айырмашылығы. Митоз фазаларының суретін альбомға салу.

  

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 

1. Микроскоп, гистопрепараттар 

2.Түрлі –түсті кестелер 

Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 

2-препарат  –  Кариокинез.  Препаратты  микроскоптың  кіші  нысандығымен  шолу  жасап, 

таза  әрі  жақсы боялған тұсын үлкен нысандықпен зерттеп, интерфазадағы клетканы таубу 

керек.  Интерфазадағы  жасуша  –  көлемі  жағынан  ірі  келеді.  Оның  көк  түске  боялған  

ядросында, клетка ядросына тән жасушаның барлық  тетіктері: ядро  қабықшасы, ядрошық, 

хроматин  түйіршіктері  және  ядро  сөлі    анық  көрінеді.  Интерфазадағы  клетканы  сурет 

дәптерге  салып,  жасуша  қабықшасы,  цитоплазмасы,  клетка  ядросы  –  деп  анықтап,  ядроға 

тән  тетіктерді  (ядро    қабықшасы,  ядрошық,  хроматин  түйіршіктері  және  ядро  сөлі) 

белгілеңіздер.  



Митоз.  Дене  жасушалары  негізінен  митоздық  бөліну  арқылы  көбейеді  Осы  кариокинез 

препаратынан    өсімдік    жасушаларында    жүретін  митоздың    фазаларын  ажыратып  талдау 

керек.    Препарат  пияз  түбірінің    ұшынан  дайындалып,  гемотоксилинмен  боялған.  Митоз 

кезінде  жасуша  ядроларында    анық  көрінетін  хромосомалар  қалыптасады.  Алдымен  кіші 

обьективпен қараңыздар. Олардың  ішінен тіршілік циклінің барлық фазаларын (интерфаза, 

профаза, метафаза, анафаза, телофаза) байқауға  болады. Аталған  фазалар препараттың әр 



жерінде  жатады.  Сондықтан    оны  жылжытып    отырып,  әртүрлі  фазаларды  табу    керек. 

Препаратты  үлкен    нысандықпен  (обьективпен)  қараңыздар.  Таблицадағы,  атластағы 

суреттермен  салыстырып  отырып,  жеке  фазалардағы  жасушаларды  тауып  ондағы 

өзгерістерді  талдап,  әр  фазадан  бір-бір  жасушаның    суретін  салып,  суреттердегі  клетка 

тетіктерін белгілеңіздер. 

Бақылау сұрақтары: 

1. Жасушаның тіршілік айналымы (циклі).  

2. Интерфаза, оның кезеңдері.  

3. Жасуша бөлінуінің түрлері. 

4. Митоз, оның фазалары (профаза, метафаза, анафаза, телофаза).  

5. Редупликацияға анықтама беріңіздер. 



Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 

1.Жаңабеков.К., 

Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 

морфологиясы 

және 

латын 


терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 67 -71

 

б 



2.  Волкова  О.В.,Елецкий  Ю.К.  «Основы  гистологии  с  гистологической  техникой»  М., 

«Медицина», 1982, 18-41с 



 

№ 4 зертханалық сабақ 

 

Тақырыбы: Аталық және аналық жыныс жасушаларының құрылысы. 

Сабақтың мақсаты:  Микроскопиялық деңгейде жыныс жасушаларын және оның 

түрлерін  ажырата  білу.  Олардың  морфофункциональдық    және  гистогенетикалық 

ерекшеліктері.  Әртүрлі  түрлерінің  микроскопиялық,  ультрамикроскопиялық  және  

гистохимиялық ерекшеліктерін, олардың атқаратын қызметтерімен салыстыру. 

 

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 

1.Микроскоп, гистопрепараттар 

1.

 

Түрлі –түсті кестелер 



Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 

1-ПрепаратҚошқар сперматозоиды. 

Қошқар  шәуетінің  шыныға  жағылған  жұқа  жұғындысы  гематоксилин-эозинмен 

бояу  арқылы  дайындалған  препарат.  Препаратты  микроскоптың  кіші  нысандығымен 

(обьективімен)  қарап,  сперматозоидтардың  сиректеу  орналасқан  жерін  көру  алаңшасына 

қояды. Сонан соң, үлкен обьективпен қарап, қызғылт  – көк түске боялған  жіпше тәрізді 

торшаларды  табыңыздар.  Сперматозоидтар  басының  пішініне  және  құйрығының 

мөлшеріне  көңіл  аударыңыздар.  Олардың  басы,  мойны,  денесі,  құйрығы  болады.  Басы 

көбінесе сопақ болып келеді. Сперматозоидтың басында хромосомалардың гаплоидтық 

жиынтығынан  түзілген  ірі  ядросы  болады.  Оның  алдыңғы  жағындағы  құрылымды 

(Гольдж  кешенінің  туындысы)  акросома  -  деп  атайды.  Акросома  –  жұмыртқа 

клеткасының  сыртқы  клеткалық  қабығын  ерітетін  гиалуринидаза  ферментін  бөледі. 

Сперматозоид басын сыртынан плазмолемма қаптап жатады. 



Сперматозоид  мойны  –  центросома  туындысы.  Оны  проксимальды  және 

дистальды  центроильдер  құрайды.  Дистальды  центроильден  сперматозоид  құйрығының 

негізін  құрайтын  біліктік  жіп  (аксонема)  басталады.  Біліктік  жіп  9  жұп  шеткі  және  бір 

жұп  орталық  жіпшелерден  (фибриллалардан)  тұрады.  Біліктік  жіптің  жиырылуы 

нәтижесінде сперматозоидтар қозғалады. 

Сперматозоид  құйрығы  –  үш  бөліктен:  бастапқы  (аралық),  негізгі  және  соңғы 

бөліктерден тұрады.  



2-ПрепаратСүтқоректілер жұмыртқа торшасы (овоцит). 

Жұмыртқалық  кесінділерін    гемотоксилин–эозинмен  бояу  арқылы  дайындалған 

препарат. Сүтқоректілердің аналық  жыныс торшаларында  сарыуыз  аз мөлшерде болады. 

Сондықтан оны олиголецитті овоцит – деп атайды. Кіші обьективпен қарап, препараттың 

шеткі  жиектерінде  жатқан  дөңгелек  пішінді  торшаларды  көруге  болады.  Бұлар  аналық 

жыныс  торшалары.  Олардың    ішінде  ұсақ  жас  торшалармен  қатар  өсіп  жетілген  ірі 



торшаларды  көруге  болады.  Препаратты  жылжыту  арқылы,  анық  боялған  ірі  овоцитті 

тауып,  оны  үлкен  обьективпен  қараңыздар.  Овоциттің  пішіні  дөңгелек,  ортасында 

дөңгелекше  ядросы,  ядрошығы  көрінеді.  Оның  сыртында  қызғылт  түсті  цитоплазма, 

мөлдір  және  фолликулоциттерден,  яғни    фолликул    торшаларынан  құралған  қабықтар 

болады.  Аналық  жыныс  торшасының    суретін  салып,  суретте  мына  атауларды 

белгілеңіздер: ядро, цитоплазма, мөлдір қабық, фолликулалы қабық. 



 

Бақылау сұрақтары 

1.

 



Гаметогенез, олардың түрлері. 

2.

 



Сперматогенез, овогенез, олардың кезеңдері. 

3.

 



Жыныс торшалары, олардың дене торшаларынан айырмашылығы. 

4.

 



Сперматозоидтың құрылысы. 

5.

 



Сарыуыз мөлшеріне байланысты аналық жыныс торшаларының жіктелуі. 

6.

 



Сүтқоректілер аналық жыныс торшасының құрылысы.  

7.

 



Құс жұмыртқа  торшасының құрылысы. 

 

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 

1.Жаңабеков.К., 

Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 

морфологиясы 

және 


латын 

терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 72-83 б 

2.  Волкова  О.В.,Елецкий  Ю.К.  «Основы  гистологии  с  гистологической  техникой»  М., 

«Медицина», 1982, 18-41с 



 

№ 5 зертханалық сабақ 

 

Тақырыбы: Сүтқоректілер эмбриогенезі. 

Сабақтың мақсаты:  Эмбриогенез сатыларын білу. Гаструлия түрлерімен танысу. 

Сүтқоректілер және құстардағы эмбриогенез сатыларын ажырата білу. 

 

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 

1.Микроскоп, гистопрепараттар 

2.

 

Түрлі –түсті кестелер 



Бақылау сұрақтары 

1.

 



Прогенез. 

2.

 



Жасуша айналымы 

3.

 



Овогенез 

4.

 



Сперматогенез 

5.

 



Эмбриогенез 

6.

 



Әртүрлі жануарлардағы эмбриогенездің ерекшеліктері 

 

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 

1.Жаңабеков.К., 

Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 

морфологиясы 

және 


латын 

терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 72-83 б 

2.  Волкова  О.В.,Елецкий  Ю.К.  «Основы  гистологии  с  гистологической  техникой»  М., 

«Медицина», 1982, 18-41с 



№ 6 зертханалық сабақ 

 

Тақырыбы: Жабынды эпителий. Бірқабатты эпителийдің түрлері. 

Сабақтың  мақсаты:   Микроскопиялық  деңгейде  эпителийді  және оның  түрлерін 

ажырата  білу.  Эпителийдің  морфофункциональдық    және  гистогенетикалық 

ерекшеліктері.  Эпителийдің  әртүрлі  түрлерінің  микроскопиялық,  ультрамикроскопиялық 

және    гистохимиялық  ерекшеліктерін,  олардың  атқаратын  қызметтерімен  салыстыру. 

Эпителийдің  организмде кездесетін жерлерін білу.

 

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 

1.Микроскоп, гистопрепараттар 

3.

 



Түрлі –түсті кестелер 

Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 

№ 1 препарат. Бір қабатты жалпақ эпителий (мезотелий) . 

Бұл  препарат  шажырқайдан  жасалған.  Осы  жұқа  қабықшаның  ортасында 

борпылдақ  дәнекер  ұлпа,  оның  бетінде  қоңыр  түске  боялған  тығыз  орналасқан  жалпақ 

мезотелиоциттерді көруге болады. Мезотелиоциттердің цитоплазмасы ашық қоңыр түске, 

ал дөңгелек не сопақ пішінді ядросы көк түске боялған. Кейде екі ядролы жасушаларды да 

байқауға  болады.  Шындап  келгенде  ондай  ядролардың  біреуі  шажырқайдың  төменгі 

бетіндегі жатқан жасушалық ядро. 

Препаратты  алдымен  кіші  обьективпен  қарап  шығыңыздар.  Тексергеннен  соң 

үлкен  обьективпен  зерттеп,  5-6  мезотелиоциттердің  суретін  салыңыздар.  Суреттерде 

көрсетілген атаулар: ядро, цитоплазма, плазмолемма (жасушалық қабық).  

№ 2 препарат. Бір қабатты текше ( куб) тәрізді эпителий. 

Бұл  препарат  бүйректен  жасалған.  Кіші  обьективпен  қараған  уақытта,  көлденең 

кесілген  жұмыр  немесе  сопақша  келген  көптеген  бүйректік  түтікшелерді  көруге  болады. 

Олардың  ішіндегі  диаметрі  кіші  түтікшелерді  тауып,  үлкен  обьективпен  қараңыздар. 

Бүйректің  препаратынан  2-3  бүйрек  түтікшелерінің  суретін  салыңыздар.  Жеке 

түтікшелердің  қабырғасы  бір  қабатты  куб  тәрізді  эпителиоциттерден  тұрады.  Ядросы 

жұмыр, көк түсті, ал цитоплазмасы сәл оксифильді боялған. Екі-үш бүйрек түтікшелерінің 

суретін  салыңыздар.  Суреттерде  барлық  атауларды  көрсетіңіздер:  бүйрек  түтікшелері, 

негіздік  мембрана,  текше  тәрізді  эпителиоциттер,  плазмолемма,  борпылдақ  дәнекер 

ұлпасы, қан тамырлар қабырғасы. 

№ 3 препарат. Бір қабатты призма тәрізді көбелі (каемкалы) эпителий. 

Бұл  бүйректің  қыртысты  затынан  немесе  ішектен  жасалған  препарат.  Бүйректен 

жасалған  препаратты  кіші  обьективпен  қарағанда  диаметрі  үлкен,  көлденең  кесілген 

түтікшелер  көрінеді.  Олардың  қабырғасы  негіздік  мембранаға  (жарғаққа)  орналасқан  бір 

қабатты  призма  тәрізді  эпителиоциттерден  тұрады.  Үлкен    обьективпен    қарағанда 

жасушаның биіктігі енінен бірнеше есе үлкен екендігі  көрінеді. Жасушаның  екі полюсін 

ажыратады.    Жоғарғы  апикальдік  полюсі  сыртқы    ортамен  (несеппен)  жанасады,  ал 

төменгі –базальдік полюсі негіздік жарғаққа бекінеді. 2-3 бүйрек  түтікшелерінің суретін 

салыңыздар.  Суреттерде    мынадай  атауларды  белгілеңіздер:  бүйректік  түтікшелер, 

негіздік  жарғақ,  борпылдақ  дәнекер  ұлпа,  қан  тамырлар  қабырғасы,  призма  тәрізді 

эпителиоциттер,  ядро,  цитоплазма,  кебе,  түтікшелердің  қуысы.  Ішектің  қабырғасынан 

жасалған препаратты кіші обьективпен қарағанда көптеген ішек бүрлерін  көруге болады. 

Бірқалыпты  боялған,  көлденең  немесе  ұзыннан  кесілген  бүрлерді  тауып,  үлкен 

обьективпен  қараңыздар.  Бүрлердің  ішінде  борпылдақ  дәнекерлік  ұлпа,  оның  үстінде  

негіздік  жарғақ  жатады.  Негіздік  жарғаққа  бір  қатарлы  призма  тәрізді  көбелі 

эпителиоциттер  бекінген.  Эпителиоциттердің  екі  полюсін  ажыратады.  Базальдік 

полюсінің  маңында  сопақша,  көк  түсті  ядро  жатады.  Эпителиоциттердің  апикальдік 

полюсінде 

жасуша 


көбесі 

көрінеді. 

Электронды 

микроскоппен 

зерттегенде 

эпителиоциттердің  көбесі  көптеген  микробүрлерден  құралған.  Олар  жасушалардың  

сорылу  процесіне  қатысатын  апикальдік  беттерін  кеңейтеді.  Бір  қатарлы  призма  тәрізді 

эпителиоциттердің арасында, ірі бокал тәрізді, көкшіл түске боялған жасушалар кездеседі. 

Олар  кілегейлі  секрет  бөліп  шығарады.  1-2  ішек  бүрлерінің  суреттерін  салыңыздар. 

Суретке  мынадай  белгілер  қойыңыздар:  Ішек  бүрлері,  призма  тәрізді  эпителиоциттер, 

жасушалардың  базальдік  және  апикальдік  полюстері,  ядро,  цитоплазма,  көбе,  бокал 

тәрізді жасушалар, негіздік жарғақ, борпылдақ дәнекер ұлпасы. 



Бақылау сұрақтары: 

1. Ұлпаның анықтамасы. 

2. Организмдегі ұлпалардың түрлері және олардың кездесетін орны. 

3. Эпителийдің жалпы сипаттамасы, шығу тегі. 

4. Эпителий түрлері. 

5.Бір қабатты эпителий түрлері, олардың құрылысындағы жалпы ұқсастықтар. 



6. Мезотелий, оның құрылысы мен маңызы. 

7. Бір қабатты куб тәрізді эпителий, құрылысы мен қызметі. 

8. Бір қабатты призма тәрізді  көбелі эпителий, оның құрылысы, қызметі. 

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 

1.Жаңабеков.К., 

Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 

морфологиясы 

және 

латын 


терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 110-118

 

б 



2.  Волкова  О.В.,  Елецкий  Ю.К.  «Основы  гистологии  с  гистологической  техникой»  М., 

«Медицина», 1982, 42-53 с 

 

 

№ 7 зертханалық сабақ 



 

Тақырыбы: Қан ұлпасы. 

Сабақтың мақсаты:

 

Жасушасын микроскопиялық деңгейде ажырату. Жасушааралық 



затына мән беру. Әртүрлі жануарлардағы қан ұлпасының ерекшеліктерін ажырату.  

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 

1.Микроскоп, гистопрепараттар 

2.Түрлі –түсті кестелер 

Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 

1-Препарат-Сүтқоректілер  қаны.  Препараттан  сүтқоректілер  қанының  жасушасын, 

жасушааралық  затын  микроскопиялық  деңгейде  ажырату.  Эритроциттің  құрылысын, 

түйіршікті  лейкоциттердің  (эозинофильді,  базофильді,  нейтрофильді)  құрлысын,  түсін, 

жасушаның  пішінін  қарау.  Қан  табақшаларын  көру.  Қанжасау  мүшелерін  еске  түсіру. 

Сүйектің  қызыл  кемігі,  діңгекті  жасушалардың  құрылысын,  атқаратын  қызметін  еске 

түсіру. 


2-Препарат-Құстың қаны. Құс  қанының құрлысын таблицадан қарап, микроскопиялық 

деңгейде ажырату. Эритроцит ядроларының пішінін, боялуын, жасушаның пішініне көңіл 

аудару. Суретін салу. 

3-Препарат-  Түйенің  қаны.  Микроскопиялық  деңгейде  жаырату.  Таблицадан  түйе 

қанының  құрлысын,  басқа  жануарлардағы  ерекшеліктерін  білу.    Эритроцит  ядросының 

пішінін, құрылысын қарау. Суретін салу. 

 

Бақылау сұрақтары: 

1. Ұлпаның анықтамасы. 

2. Сұйық ұлпалардың түрлері және олардың кездесетін орны. 

3. Қан жасушаларының түрлері 

4. Қанның жасушааралық заты 

5. Құрамы, қызметі 

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 

1.Жаңабеков.К., 

Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 

морфологиясы 

және 

латын 


терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 110-118

 

б 



2.  Волкова  О.В.,  Елецкий  Ю.К.  «Основы  гистологии  с  гистологической  техникой»  М., 

«Медицина», 1982, 42-53 с 

 

№ 8 зертханалық сабақ 

Тақырыбы: Борпылдақ және тығыз дәнекер ұлпасы. 

Сабақтың  мақсаты:  Дәнекерлік  ұлпаның  препараттарын  микроскоппен  қараған  

уақытта  оларды  айыра  білу.  Дәнекерлік  ұлпаның  әртүрлі  түрлерін  микроскопиялық  

деңгейде бір-бірінен ажырату. Жасушалардың және жасушааралық заттардың құрылысын                                   

микроскопиялық, ультрамикроскопиялық деңгейде ажырату. Борпылдақ дәнекер ұлпаның  

организмнің  ішкі  ортасын  құруға  қатысатындығын  түсіндіру.    Оның  құрылымдарының 

борпылдақ  дәнекер ұлпасының атқаратын қызметтеріне қатысуы. Ультрамикроскопиялық 



құрылысына  және  гистологиялық    сипатына    сейкес  жасушалардың  атқаратын 

қызметтерін түсіндіру. 



Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 

1.Микроскоп, гистопрепараттар 

2.Түрлі –түсті кестелер 

Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 

№ 1 препарат. Борпылдақ дәнекерлік ұлпа. 

Бұл  препарат  терінің  шел  қабатынан  жасалған.  Жасушалары  жасушааралық 

заттардан  басым  болады.  Сондықтан  ол  борпылдақ  деп  аталады.  Бұл  ұлпа  әрқашан 

эпителийдің  астында қан  тамырлары мен жүйке төңірегінде орналасады. Алдымен  кіші 

обьективпен  қараңыздар.  Препараттың    ашық    түске    боялған  жерлерін  тауып,  үлкен 

обьективке  көшіңіздер.    Көк  түске  аморфты  затта  көптеген  жасушалар  және  талшықтар 

көрінеді. Әртүрлі бағытта жатқан сәл иілген,  жуан көк түскі коллаген талшықтарын, түзу, 

жіңішке,  тарамдалған  эластин  талшықтарын  ажыратуға    болады.  Борпылдақ  дәнекер 

ұлпаның  көп  тараған  жасушаларына:  фибробласт,  гистиоцит,  плазмоцит,  ұлпалық 

базофильдер  жатады.  Ал  май  жасушалары  (адипоциттер),  камбиальды  жасушалар,  қан 

жасушалары  сирек  кездеседі.  Препараттан  фибробласты,  гистиоцитті,  плазмоцитті, 

ұлпалық  базофильдерді  бір-бірінен  ажыратыңыздар.  Фибробласттар  ашық  боялған  сопақ 

ядросы  бар,  көптеген  өсінділері  бар  ірі  жасушалар.  Олардың  цитоплазмасы  базофильді 

түске  боялған.  Плазмолеммасы  нашар  байқалады,  сондықтан  фибробластардың 

шекаралары нашар көрінеді. Фибробластардың негізгі  қызметі  - жасушааралық  заттарды 

түзу.  Гистиоциттер  (макрофагтар)  фибробластармен  салыстырғанда  мөлшері  кішірек 

сопақ  пішінді  жасушалар.  Сопақтау  келген  ядросы    күңгірт  көк  түске    боялған.  Бұл 

жасушалардың    шекаралары  анық    байқалады.  Макрофагтар  фагоцитоз  процесіне 

қатысады. Қан капиллярларының  сыртында дөңгелек не сопақша келген мөлшері ірі ұлпа 

базофильдері  кездеседі.  Бұл  жасушалардың  цитоплазмасында  түйіршіктер  -  гранулалар 

көрінеді.  Препаратта  лейкоциттер,  көбінесе  лимфоциттер  кейде  нейтрофилдер  де 

кездеседі. 

Таблицадағы,  атластағы  суреттермен  салыстыра  отырып,  борпылдақ  дәнекер 

ұлпаның  суретін  салыңыздар.  Суретте  мына  атауларды  белгілеңіздер:  фибробласт, 

гистиоцит, лейкоцит, коллаген талшықтары, эластин талшықтары, аморфты заттар. 

№ 2 препарат. Тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпа.  

Сіңірдің ұзынша кесілген кесіндісі. Жасушааралық заттарды жақсы дамыған, тығыз 

орналасқан.  Талшықтары  белгілі  бір  бағытта  жатыр.  Сондықтан  тығыз  қалыптасқан 

дәнекер  ұлпасы  деп  атайды.  Микроскоптың  кішк  обьективімен  қараған  уақытта,  белгілі 

бір  бағытта  орналасқан    көптеген  талшықтарды  көруге  болады.    Сонан  кейін    үлкен 

обьективке  көшіңіздер.  Өте  тығыз  орналасқан  коллаген  талшықтары  және  эластин 

талшықтары  бірінші,  екінші,  үшінші  реттік  будаларды  құрайды.  Бірінші  реттік 

будалардың араларынды сіңірлік  жасушалар - фиброциттер орналасады. Бірнеше бірінші 

реттік  будалар екінші реттік будаларды түзеді.  Екінші реттік будалардан үшінші реттік 

будалар  тұрады.    Екінші  реттік  будалардың  араларында    борпылдақ  дәнекер  ұлпа  - 

перитеноний  орналасады.  Сіңірдің  бірнеше  будаларының  суретін  салыңыздар.  Суретте 

мына  атауларды  белгілеңіздер:  бірінші  реттік  будалар,  фиброциттер,  екінші  реттік 

будалар, эндотеноний, үшінші реттік будалар перитеноний. 

№ 3 препарат. Тығыз қалыптаспаған борпылдақ  дәнекер  ұлпасы.  

Тері дермасындағы торлы қабаттан жасалған препарат. Терінің торлы қабаты тығыз 

қалыптаспаған борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады. Будалар  әртүрлі бағытта орналасады 

да,  айқасып  тор  түзеді.  Жасушалардың  саны  аз  болады.  Будаларда  фиброциттер,  ал 

будалардың араларында борпылдақ дәнекер ұлпасы кездеседі.  Алдымен кіші обьективпен 

қарап, түктің түбірлерін табыңыздар. Түк түбірінің  баданасының төменгі жағында қалың 

коллаген талшықты будалар бір-бірімен айқасып әртүрлі бағытта жатыр.Үлкен обьективке 



көшіріп  қарап,  талдап  суретін  салыңыздар.  Суретте  мына  атауларды    белгілеңіздер: 

коллаген талшықтарының будалары, фиброциттер, борпылдақ дәнекер ұлпасы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет