Сабақтың тақырыбы: Заманауи кибер қауіп-қатер Бөлім: іі-бөлім. Денсаулық және қауіпсіздік



бет1/5
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66405
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Қысқа мерзімді жоспар
8-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Заманауи кибер қауіп-қатер

Бөлім:

ІІ-бөлім. Денсаулық және қауіпсіздік

Мұғалімнің аты-жөні:

Зейталиева Айнара Макеновна

Күні:

21.10.2021ж

Сыныбы: 8

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Заманауи кибер қауіп-қатер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

8.4.2.1 – желі қолданушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтау (интернеттегі алаяқтық пен агрессия)

Сабақтың мақсаты:

-Интернет желісіндегі қауіптерді анықтауға үйрету.
-«Нигериялық хаттардағы» спамды тану біліктілігін қалыптастыру.

Бағалау критерийі:

1. Бүкіләлемдік желінің қауіптерін біледі;
2. Интернеттегі қауіптердің түрлерін түсіндіреді
3. Пайдаланушыға бағытталған алаяқтық манипуляцияны анықтайды.
4. Интернетте жұмыс істегенде қорғау шараларын қолданады
5. Сипатталған жағдайлардан қауіптерді анықтайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
1 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Оқушылар амандасады.
Шаттық шеңберін құрады.

.

Оқулық, жұмыс дәптерлері



Жаңа сабаққа кіріспе

4 мин

  1. Миға шабуыл: Көрсетілген сұрақтарға жауап бере отырып, өткен сабақты еске түсіреді.




















Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.

Қалыптастырушы бағалау:

«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Оқулық (8-сынып )


Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
10 мин.



  1. Видео тамашалау «Кибербуллинг» атты видеоны көріп, талқылау.

Талқылау сұрақтары:

  1. Кибер қауып-қатер қайдан келді деп ойлайсыңдар?

  2. Өміріңізде осындай жағдайға тап болдыңыздар ма?

  3. Компьютерге, мобильді құрылғыларға және оларды қолданушыларға төнетін қауіп қатерлерді ата.

Талқылау нәтижесінде «Кибер қауіп-қатерден сақтану» ережесін ұсыну.

  1. Сайттарды қолдану барысында вирусты программалардан абай болыңыз, ол үшін құрылғыңыға антивирусты программаны немесе фильтрлер орнатыңыз.

  2. Бөгде адамдардан келген спамдар, сілемелерді, электронды хаттарды ашпау және бірден жою қажет.

  3. Өз құпия сөзіңіз бен пароліңізді ешкімге айтпаңыз және әлеуметтік желіге салмаңыз.

  4. Бөгде адамдардарға жеке мәліметтеріңізді (өз адресіңізді, телефон номеріңізді) беруден бас тартыңыз, ата-анаңызға хабарлаңыз.

  5. Балағат, қорқыту хаттары келгенде жауап беруден бас тартыңыз.

«Нигериялық хаттар» туралы түсініктеме беру.
«Нигериялық хаттар»- алаяқтықтың кең тараған түрі, көбіне электрондық поштаның (спамның) пайда болуымен дамыған. «Нигериялық хаттар» - Интернеттен бұрын да, 1980 жылдардан бері қағаз түрінде Нигерияда өте кеңінен таралған алаяқтық. Ал Интернет пайда болғалы бері бұл хаттар дүниежүзі бойынша зиянын тигізді. Электронды хат алушыдан, миллинодаған соммадағы қаражатты сұралып, одан көптеген пайда көретіндігі мәлімделінді. Егер хат алушы келіссе, одан түрлі жинақтарға салу талап етіледі. Алаяқтық кәсіби түрде ұйымдастырылады, олардың заңды кеңсесі, жұмыс жасап тұрған факс, телефон номерлері болады.
 
Қызықты ақпарат!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет