2016 жыл №82 (8002) 18 Қазан сейсенбі нұрлат байгенже


(Жалғасы. Басы №81 (8001) газетімізде)



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата22.02.2017
өлшемі11,79 Mb.
#4684
1   2   3   4   5

(Жалғасы. Басы №81 (8001) газетімізде)

ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕРЛЕР

Мен  өзімнің  сайлауалды  бағдарламамды 

құру  кезінде  көздеген  мақсатым    -  құжатта 

бос  уәделерді  емес,  Жаңақорған  кентінде 

өзекті  мәселелердің  ішіндегі  іске  асыруға 

мүмкіндігі  бар  жұмыстарды  көрсету.  Әрине, 

бұл  іс-шаралар  тек  ауданның  өкілді  және 

атқарушы  биліктін  демеуімен,  ал  ең  басты-

сы – халықтың халық қалауымен  атқарылады. 

Өзімнің тарапымнан, ел игілігіне қатысты ортақ 

жұмыстарды атқаруда бар күш жігерімді, білім 

мен  тәжірибемді  жұмсаймын  уәде  бере  ала-

мын. 

1.      Тұрмыстық  қатты  қалдықтар.  Негізгі 



проблемалар  -  қалдықтарды  жинау  жүйесі 

қалыптаспаған,  халықтың  қоқыс  жинау  және 

шығару  қызметтеріне  қолжетімділігі  төмен.  

Қалдықтар  бойынша  деректерді  жинақтау, 

талдау  нәтижесімен    -    халықтың  төлем 

қабілеттілігіне сәйкес келетін тиісті тарифтерді 

белгілеу, қалдықтарды жинау және тасымалдау 

жүйесін жаңғырту, кент тұрғындарына тазалық 

пен қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде барлық 

көлжетімді  насихаттау  шараларын  қолдану 

және қоқысты тастағаны үшін әкімшілік шара-

ларды кеңінен қабылдау. Кент тұрғындарының 

санасын ояту, тазалыққа тәрбиелеуге ат салы-

самын. 


2.    Ауыз  су.  Жаңақорған  кентінің 

тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету 

мәселесі – қазіргі таңда аса маңызды мәселенің 

бірі  болып  табылады.  Бірқатар  атқарылған 

жұмыстар  ахуалдың  айтарлықтай  оңалуына 

себепкер  болмады.  ПСД  жасалғанымен, 

ауыз  су  жұмысын  ұйымдастыруда  қоғамдық 

көшбасшыларды тарту. 

 3.  Автомобиль жолдары.  Саланың негізгі 

мәселесі  -  автокөлік  қозғалысы  санының 

өсуі  салдарынан  жол  инфрақұрылымының 

жеделді  тозуы,  күрделі  және  орташа  жөндеу 

жұмыстарының  сапасы  төмен  болуына  бай-

ланысты жөндеуаралық циклдері қысқа.   Ау-

дан  орталығындағы  бірқатар    автомобиль 

жолдарын  жаңадан  салу  немесе  жөндеуден 

өткізу  барысында  әзірленетін  құжаттар  мен 

атқарылатын жұмыстардың сапасына айрықша 

көңіл  бөлу.    Кент  ішіндегі  жолаушылары  мен 

оқушылар  тасымалын қайта қолға алып, жаңа 

автобус маршруттарын  іске асыру.

  4.    Электр  қуатымен  қамтамасыз  ету. 

Электр  құатымен  жабдықтау  саласында  бүкіл 

коммуналдық  сектор  бойынша  жөндеуді  та-

лап  ететін  желілердің  үлесі  өте  жоғары. 

Электр  қуатымен  қамтамасыз  ету  саласын 

жаңғырту үшін тиісті инженерлік  желілер мен 

объектілердің  техникалық  жай-күйін  зерттеп, 

тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру үшін 

аудан бюджетінен қаржы бөлінуіне ықпал ету 

немесе  жоғары  бюджеттерден  қаржыландыру 

үшін тиісті іс-шаралар қабылдау.

5.      Тұрғын  үй  құрылысы.  Кент 

ішінде  құрылыс  салуды  реттейтiн  кейбір 

нормативтердің белгіленбеуі (мысалы – қызыл, 

сары  сызықтар)  тұрғындармен  өз  бетінше 

құрылыс салуға жол береді. Соның салдарынан 

көшелерді,  инженерлік  желілерді  және  тағы 

басқа  инфрақұрылым  объектілерін  жөндеу, 

қайта  қалыпна  келтіру  немесе  жаңадан  салу 

жұмыстарына кедергі болуда.     Жаңақорған 

кентінің  аумағында  азаматтарға  тұрғын  үй 

салуға  жер  учаскелерін  беру  кезінде  сәулет 

және қала құрылысы аясындағы қолданыстағы 

заңнама  талаптарының  сақталуына  назар  ау-

дару.    Ипотекалық  бағдарламаны  іске  асы-

ру.  Жаңадан  ашылған  мөлтекаудандарға  ал-

дын  ала    инфрақұрылымын  тарту,  кенттегі 

құрылыстарға  заманауи    ұлттық    нақыштағы  

келбетін келтіру.

  6.    Газдандыру.  Аудан  орталығы  газ  та-

рату  желісімен  толық  қамтамасыз  етілмеген. 

Әлеуметтік-экономикалық  жағдайына  байла-

нысты, кент тұрғындарының елеулі бөлігінің газ 

желісіне қосылуға мүмкіндігі шектеулі. Кенттің 

жекелеген  санаттағы  азаматтарына  (отбасы-

ларына)  газ  желісіне  қосылуда  жеңілдік  беру 

бойынша  ауданның  мүмкіндіктерін  қарастыру 

(төлеуді кезең-кезеңімен жүргізу, аз пайыздық 

несиелеу және т.б).

Ол  1958  жылы  25  мамырда  Өзбекстан  Республика-

сы  Шыназ  ауданында  дүниеге  келген.  1975  жылы  кент 

орталығындағы  №169  орта  мектепті  аяқтап,  1975-1976  жыл-

дары  Ташкент  қаласындағы  бір  жылдық  бухгалтерлік  курсын 

тәмамдаған. Еңбек жолын 1976 -1977 жылы Задарья ауылдық 

советінде  материалдық  есепші  болып  бастаған.  1977-1982 

жылы  Қызылордадағы  Н.В.Гоголь  атындағы  педагогикалық 

институттың филология факультетін орыс тілі мен әдебиет пәні 

мамандығымен  тәмамдаған.  1982-1989  жылы  №167  Жаңарық 

орта мектебінде орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, 1989-

1992 жылы аудандық білім бөлімінде әдіскер,  кадр инспекто-

ры,  1993-1994  жылы  №125  орта  мектепте  директордың  оқу 

ісі жөніндегі орынбасары, 1995-1997 жылы №86 Шалхия орта 

мектепте  директор,  1997-1999  жылы  аудан  әкімі  аппаратын-

да  ішкі саясат бөлімінде бас маман, 2000-2003 жылы аудандық  

әдістемелік  кабинет  меңгерушісі,  2004-2006  жылы  Ұлттық 

бірыңғай тест орталығының  №118 филиал директоры,  2006-

2008  жылы  аудандық  білім  бөлімі  бастығының  орынбасары, 

2008-2009 жылы аудандық білім бөлімінің бастығы, 2009-2011 

жылы  №213  Қыркеңсе  орта  мектебінде  директор,  2011  жыл-

дан бүгінге дейін  №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектеп-

те  директор. 

Отбасылы, бір қыз, үш ұл , жеті  немере тәрбиелеуде.

АЛЛАБЕРГЕН САХИМБЕКҰЛЫ АХМЕТОВТЫҢ



ӨМІРБАЯНЫ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Өркениетке  ұмтылып,  әлемдегі    озық  отыз 

елдің  қатарынан  ойып  орын  алуды  мұрат  тұтқан, 

«Мәңгілік  Ел»  идеясымен  рухтанған  Қазақ  Елінің 

болашағы  кемел.  Бұл  біздің  орындалуы  ақиқат 

асқақ арманымыз. 

Мен де осы мақсатқа қол жеткізуге өз үлесімді 

қосу  және  Жаңақорған  кентінің  әлеуметтік- 

экономикалық  және  мәдени-рухани  дамуына  ат-

салысу үшін кент әкіміне кандидат ретінде өзімнің 

іс  жүзінде  атқаратын  сайлауалды  бағдарламамды 

ұсынамын: 

–  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  халыққа  арнаған 

Жолдауында  айтылған  ашықтық,  халыққа  есеп 

беруші  мемлекет  құруға  атсалысу  мақсатында  ай 

сайынғы  қоғамдық  қабылдаулар  жүргіземін  және 

төменде көрсетілген бағдарламамды орындау үшін 

жұмыс жасаймын; 

– 

Кент 


тұрғындарының 

әлеуметтік- 

экономикалық жағдайын жақсарту үшін бірінші ке-

зекте  жұмыспен  қамту  мәселесіне  баса  назар  ау-

дарып,  шағын  және  орта  кәсіпкерліктің  дамуына 

мүмкіндік жасар едім. Ол үшін аудандық бюджеттің 

шығыстар 

бөлігіне 

арнайы 

бағдарламаның 



енгізілуіне байланысты қаражат бөлінуіне және ісін 

жаңа  бастаған  жас  кәсіпкерлерге  жеңілдетілген 

несие  мен  инновация  болып  табылатын  тың 

жобаларға  грант  беру  мәселесімен  айналысамын. 

Сондай-ақ «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы 

аясында берілетін несиелерге қол жетімділікті арт-

тыру үшін  көмек көрсететін боламын. 

–  Жаңақорған  кентінің  потенциялын    толық 

пайдалану  үшін  «Батыс  Қытай-Батыс  Европа» 

халықаралық  автожолы  аумағынан  коммуналдық 

базар  салу  жобасын  жүзеге  асыруды  мақсат 

етіп  қоямын.  Коммуналдық  базар  жанында    мал 

бордақылау және типтік жобадағы мал сою алаңы, 

көкөніс  сақтайтын,  жыл  бойы  үздіксіз  пайда-

лану  мүмкіндігі  бар  қоймалар  салынатын  бола-

ды.  Бұл  өз  кезегінде  кенттің  ғана  емес  ауданның  

ауылшаруашылығы  өнімдерін  өткізетін  үлкен  сау-

да алаңына айналып,  жергілікті өнімдердің өңірдің  

солтүстік  облыстары  мен  басқа  аймақтарына 

шығуына мүмкіндік береді; 

– Кентті көркейту, абаттандыруды  тұрғындарды 

қатыстыра отырып жүзеге асыруға болады. Ол үшін 

«Үздік  көше»  конкурсын  өткізіп,  көше  бойына  жа-

сыл желек  еккен, өз көшелерін таза ұстаған және 

белгіленген басқа да критерийлерге сәйкес келген 

көшелерді  жеңімпаз  деп  танып,  жеңімпаз  көшенің 

тұрғындарына  үкіметтік  емес  ұйымдар    арқылы  

сыйақы  беру  арқылы  ынталандырып,  көшелеріне 

жаяу  жүргіншілер  жолын  қоса  асфальт  жол  салу, 

көше жарығын орнату жұмыстарын жүргізуге бола-

ды.

– Жергілікті қоғамдастықпен, кенттен сайланған 



депутаттармен  келісе  отырып  өзекті  мәселелерді 

анықтап, тек қана бюджетке масыл болмай, кенттің 

қолма-қол  қаражатты  бақылау  шотына  (бұдан  әрі 

ҚБШ) түсетін қаржы есебінен шешуге күш саламын. 

Бұл  шотқа  түсетін  қаржы  көлемін  ұлғайту    үшін, 

жеке тұлғалардың жер, мүлік, көлік салықтарының 

есебін  нақтылау  қажет.    Салықшы  мамандардың 

жұмысын жолға қоя отырып, салықтарының жина-

луын қамтамасыз етемін. 

–  Халықтың    әлеуметтік  жағдайы  жақсарған 

сайын өмірлік қажеттілігі де артатыны белгілі. Кент 

орталығынан  халық  заманауи  демалатын  орын-

дар  салу    қажеттілігі  туындауда.  Жоба  -сметалық 

құжаттамалары  дайындалып,    мемлекеттік  сарап-

тамадан  өткен  «Тайпақкөл-  Қандыарал»  көлдер 

жүйесін    жаңғырту  жұмыстарына  қаржы  бөлдіру 

үшін өз тәжірибемді, барлық мүмкіндіктерімді пай-

далана отырып жұмыс жасаймын. Қаржы бөлінген 

жағдайда «Нұр» базары мен орталық стадион  орта-

сынан  демалыс кешенін салуға болады. Бұл кешен-

ге  жағажай,  катамаранмен  серуендеу  аймағы,  әр 

түрлі аттракциондар кіреді.

Құрметті сайлаушылар! Сіздердің дауыстарыңыз 

жаңа  мүмкіншілікке,  еркіндікке  жол  ашары-

на  сенемін.  Сол  үшін  кент  әкімі  болып  сайланған 

жағдайда  барлық  күш-  жігерімді  сайлауалды 

бағдарламамды жүзеге асыруға жұмсаймын.

Кенттің  әлеуметтік-экономикалық  дамуына, 

тұрғындардың әл-ауқатының артуына менің білімім 

мен  іскерлігім,  тәжірибем  жетеді  деп  ойлаймын. 

Сіздермен бірге мемлекеттің қуатты, елдің бақытты, 

өлкеміздің өркенді болуына күш саламын.

Ол  1957  жылы  21  қыркүйекте  Жаңақорған  кентінде  дүниеге  кел-

ген.  1975  жылы  №163  орта  мектебін  бітіріп,  1981  жылы  «Семей 

қаржы-экономикалық  техникумын»,  1986-1990  жылдары  Алматы 

халықшаруашылығы  институтын  «экономист»  мамандығы  бойынша 

тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1975-1976 жылы «ПМК-34» мекемесінде жұмысшы бо-

лып бастаған. 1976-1978 жылы Кеңес әскері қатарында әскери боры-

шын өтеген. 1981-2004 жылы аудандық қаржы бөлімінде штат жөніндегі 

ревизор-инспектордан бөлім басшысының орынбасарына дейін, 2005-

2006 жылдары аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 

басшысының  орынбасары,  2006-2008  жылы  аудандық  кәсіпкерлік 

бөлімінің  басшысы,  2008-2009  жылы  аудан  әкімінің  экономика  және 

қаржы мәселелері жөніндегі кеңесшісі, 2009-2011 жылы аудандық білім 

бөлімі басшысының экономика жөніндегі орынбасары, 2011-2015 жылы 

аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысы, 2015 

жылдан  бүгінгі  күнге  дейін  аудандық  экономика  және  бюджеттік  жо-

спарлау бөлімі басшысының орынбасары. 

Аудандағы 

еңбегі 

еленіп, 


«Қазақстан 

Республикасының 

Тәуелсіздігіне  10  жыл»  мерекелік  медалімен  марапатталған  және 

облыстық қаржы басқармасының «Құрмет» кітабына енген.

Отбасылы, үш ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.

ЖАМУР ӘБІЛХАЙРҰЛЫ МҮСЛІМНІҢ



ӨМІРБАЯНЫ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ат  құлағанда  ойнайтын  ауданның 

білекті  де,  жүректі  ұлдары  ат  спортының 

барлық  түрінен  алтын  алқаны  өзгеге 

ұстата  қоймады.  Көкпардан  облыс 

құрамасының  100  пайызын  құрайтын 

жаңақорғандық  жігіттердің  екпінін  баса-

тын  команда  табылмады.  Жеңісті  жол-

ды теңге ілу сайысынан үздік шыққан Ал-

тай  Қоңқаев  жалғастырды.  Аударыспақ 

сайсынан  жалпы  командалық  есеп-

те  бірінші  орынға  тұрақтасақ,  жекелей 

салмақ  дәрежесі  бойынша  70  келіде  Жо-

рабек Бердібек қарсыластарын ат үстінде 

жүріп  қоғадай  жапырды.  80  келіде  өнер 

көрсеткен Жасұлан Жәлімбетов те үздіктер 

қатарынан  көрінсе,  80  келіден  жоғары 

салмақта  топқа  түскен  Ертай  Нәлтаев 

жүлделі  үшінші  орынға  тұрақтады.  Ат 

спортының  команда  жаттықтырушысы 

ҚР-ның  көкпардан  спорт  шебері  Қанат 

Абылбеков  пен  команда  жетекшісі 

облыстық  құрама  командасының  бас 

жаттықтырушысы  Сламхан  Боранбаев 

баптаған жігіттер осылай дараланды. 

Ал, аяқ доп шеберлері дәстүрлі жеңіс 

жолын жалғастыра алмады. Ерлан Әптаев 

бастаған  жаңақорғандық  футболшыларға 

қарағанда  ширақ  қозғалған  Қазалы  фут-

болшылары үздік шықты.  

Ұлттық  спорт  түрінің  бірі  –  қазақ 

күресінен командалық есепте екінші орын-

нан көріндік. Белбеу және қазақ күресінің 

халықаралық дәрежедегі төрешісі  Абсат-

тар Садықов баптаған жігіттер жекелей сында нәтижелі 

өнер көрсетті. Атап айтқанда, Жасұлан Қаршыға, Мұхтар 

Құтымбет Нұрлыбек Алдабергенов, Бақдаулет Төлегенов 

Нұрбек Дариялов және Арман Сәрсенбеков екінші және 

үшінші орындарды қанжығаларына байлады. 

Шахматшылар  командалық  есепте  үшінші  орын-

нан  көрінсе,  Қанат  Айдаров  жігіттері  баскетболдан  осы 

нәтижені  қайталады.  Ал,  баскетболшы  бұрымдылар 

үшінші  орынға  бір  табан  жетпей  қалды.  Сондай-ақ,  во-

лейболдан  ерлер  командасы  командалық  сында  үшінші 

тұғырға көтерілді.

Ал,  Шыңғыс  Азнабаев  баптайтын  білекті  ұлдар  қол 

күрестен  командалық  есепте  екінші  және  гір  тасын 

көтеруден төртінші межені бағындырды. 

–  Дәстүрлі  спартакиада  өз  мәресіне  жетті.  Біздің 

еншімізде  бірінші  орын.  Әрине,  қандай  спорт  болма-

сын  спортшыларға  оңайға  түспесі  анық,  сондықтан 

біздің  қыздар  мен  жігіттер  өздерінде  бар  өнерлерін 

көрсете білді. Құдай қаласа келесі жылы да осы бағыттан 

жаңылмауға  тырысамыз,  –  деді  аудандық  спорт  және 

дене  шынықтыру  бөлімінің  басшысы  Махмут  Рахымжа-

нов.


Алтын күздегі

алтыны ауданда

Жарыс  ережесіне  сай,  жеті  аудан  екі 

топқа бөлініп, өнер көрсетті. Бірінші топ-

та  ойнаған  жаңақорғандық  қол  добының 

шеберлері  алдымен  Аралдан  келген 

арулармен  кездесті.  Ойын  өте  тарты-

сты  басталды.  Алғашқы  минуттардан-ақ 

басымдықты  алуға  тырысқан  команда-

лар  ширақ  қозғалып,  ұтымды  пастар  бе-

руге тырысты. Алайда, алғашқы кезеңнің 

соңында  аралдық  арулар  бастапқы 

қарқындарын  жоғалтып  алды.  Осы 

сәтте  қарсылас  қақпасына  допты  толас-

сыз  тоғытқан  жаңақорғандықтар  35:11 

есебімен  басым  түсті.  Екінші  айналым-

да Құнанбай баптайтын бұрымдылар жа-

рыс қожайындарымен бақ сынасты. Ойын-

да фоварит саналған Қазалы қыздары өз 

алаңдарында  жеңіске  жете  алмады.  Ал-

тын  күз  спартакиадасында  қатарынан 

бес  рет  чемпион  болған  алаң  иелері 

жаңақорғандық  гандболшылардан  ойсыра  ұтылды.  Бар 

білгендерінен жаңылды. Қорытынды есеп – 54:27. 

Ал,  екінші  топтан  сүрінбей  шыққан  Сырдарияның 

сылқымдары ақтық сынға жолдама алды. Онда Гүлжайна 

Махмут  бастаған  жаңақорғандық  қыздар  күтіп  тұр 

еді.  «Шын  мықтыға  тұсау  жоқ»  демекші,  ақтық  сын-

да  сырдариялық  сұлулар  Қаратау  етегінен  келген 

қыздарға  еш  қарсылық  көрсете  алмады.  Қақпаларына 

жауапсыз  доптар  жіберген  Сырдарияның  гандболшы-

лары  ақтық  ысқырық  шалынғанға  дейін  таразы  басын 

теңестіруге емес, уақыттың тез біткенін күткендей әсер 

қалдырды. Иә, 34:12 есебімен басым түскен Жаңақорған 

құрамасы  алғаш  рет  алтыннан  алқа  тақты.  Спарткиада 

қарсылас қақпасына ең көп гол соға алған Аида Өмірзақ 

пен  құрама  капитаны  Гүлжайна  Махмут  көрермендер 

көзайымына айналды. 

–  Әрине,  жарыс  оңайға  соқпағаны  белгілі.  Бірақ 

біз  барымызды  салып  ойнадық.  Сенім  артқан  жүктің 

ауыртпалығын қаншалықты екенін қыздар жақсы түсніп, 

соңына дейін сәтті өнер көрсетуге тырыстық, – деді ка-

питан.

–  Бұл  спартакиаданың  деңгейінің  жоғары  екенін 



білеміз.  Сол  себепті,  алдын  ала  психологиялық  және 

физикалық  жағынан  дайындықты  пысықтап  кел-

ген  едік.  Қыздардың  қазіргі  қарқыны  жақсы.  Енді  об-

лыс  орталығында  өтетін  Президент  кубогіне  дайындық 

жұмыстарын  пысықтап  жатырмыз.  Әрине,  толық 

құраммен өнер көрсете алмаймыз. Тек облыс құрамының 

сапына  бес  бірдей  ойыншымыз  шақырту  алды.  Одан 

бөлек, Азияның клубтары арасында чемпиондар лигасы-

на үш бірдей аруымыз жолдама алып отыр. Айта кетейік, 

облыс намысын Аида Өмірзақ, Гаухар Молданазар және 

Сымбат Шәріпбек қорғайтын болады.

Негізгі мақсат – облыс біріншілігін және супер кубокті 

жеңу. Сондықтан Жалғас Алтынбекұлымен осы тұрғыда 

қыздармен  тыңғылықты  дайындық  үстіндеміз,  –  деді 

ауданның аға жаттықтырушысы Қ.Салыбаев.

Иә,  құрамында  ауданның  «ең  жас  спорт  шебері» 

атағы  бар  Меруерт  Өтеп  сынды  талантты  ойыншылары 

бар қыздар құрамасы әлі талай биіктерді бағындырарына 

сенеміз...

Әлібек ТЕМІРБЕК.

Қол добынан

қыздар ерледі

ҚАЗАЛЫ 


АУДАНЫНДА ЖАЛА-

УЫ ЖЕЛБІРЕГЕН ХХХ-

ШЫ «АЛТЫН КҮЗ-

2016» ОБЛЫСТЫҚ 

СПАРТАКИАДАСЫНДА 

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ 

СПОРТШЫ-

ЛАР ТЕҢДЕСІЗ 

ӨНЕР КӨРСЕТТІ. 

СПОРТТЫҢ 

17 ТҮРІНЕН 

СЫНҒА ТҮСКЕН 

ЖАҢАҚОРҒАН 

ОҒЛАНДАРЫ 110 

ҰПАЙ ЖИНАП ЖАЛ-

ПЫ КОМАНДАЛЫҚ 

ЕСЕПТЕ БІРІНШІ 

ОРЫНҒА ШЫҚТЫ. 

ЕНДІ АЛҒАШҚЫ 

ОРЫНҒА КӨТЕРІЛУГЕ 

СЕП БОЛҒАН СПОРТ 

ТҮРЛЕРІН БАҒАМДАП 

КӨРСЕК.

АУДАНДА 


ГАНДБОЛ СПОР-

ТЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ. 

ОНЫҢ ДӘЛЕЛІ 

ҚҰНАНБАЙ САЛЫБА-

ЕВ ЖАТТЫҚТЫРАТЫН 

КОМАНДА ХХХ-ШЫ 

«АЛТЫН КҮЗ-2016» 

ОБЛЫСТЫҚ СПАР-

ТАКИАДАСЫНДА 

ҚАРСЫЛАСТАРЫН 

ІРІ ЕСЕППЕН ЖЕҢІП

АУДАННЫҢ АБЫРОЙ-

ЫН АСЫРДЫ.

Ал, 


ақтық 

бәсекеде 

белдескен 

А.Нұғыманов 

пен  Л.Матияшвили  жа-

рысты 


қыздыра 

түсті. 


Көрермендер  тақымын 

қысып,  демін  ішіне 

тартып, 

жым-


жырт  отырды. 

Бірі  дзюдодан 

әлем  чемпио-

натында  атой 

салса,  енді  бірі 

қазақ  күресінен 

халықаралық  аре-

наларда мықтылығын дәлелдеген 

шеберлер.  Алғашқы  минуттар-

дан  қарсыласын  жағадан  алып  кілемге 

ұрғысы 

келген 


қазақстан 

бары-


сы  алғашқы  ұпайына  қол  жеткізді. 

Жанкүйерлер дауысы сонда шықты. «Ай-

бек алға!» деген ұранды сөздер бастал-

ды.  Кезек  қарсыласқа  келді.  Ол  да  әдіс 

жасауға тырысқанымен сәтсіз болды. Де-

генмен, есеп теңесті. Екеуі де бір-бірінің 

күртешесіне жармасып боз кілемді айна-

лып жүріп алды. Ақтық сынға әупірімдеп 

жеткен  Шығыс  Қазақстандық  балуан 

шаршап  қалды  ма,  сылбыр  қимылдай 

бастады. Бұл сәтті ұтымды пайдаланған 

қарсыласы  жамбасқа  салып,  қос  жауы-

рын жерге тигізіп, екінші рет түйе балуан 

атанды. Осылайша екінші рет қатарынан 

қазақ  жігіттері  бас  жүлдені  өзгенің 

қанжығасын салып берді.

Турнирдің 

жабылу 


салтанатын-

да сөз алған аймақ басшысы Қырымбек 

Елеуұлы:  «Тәуелсіздіктің  25  жылдығы 

аясында  өтіп  жатқан  Сыр  елінің  қадірлі 

қариясы  Машбек  Нәлібаевтың  әруағына 

арналған екінші халықаралық турнирдің 

жеңімпаздарын  марапаттадық.  Оның 

алдында  қазақ  күресінен  он  бірінші 

Қазақстан  Республикасының  чемпиона-

ты өтті. Осының бәрі Елбасы Нұрсұлтан 

Әбішұлының 

басым 


бағыттарының 

бірі  болған  салауатты  өмір  салтын 

насихаттауға өзінің үлесін қосып отыр. 

Қазақ  әрқашан  білекті  де,  білікті 

болу керек. Сондықтан, білек пен білікті 

қатамасыз  ететін  осындай  спортпен 

өскелең ұрпақ айналыса берсін. 

...Жасампаз  еңбекті  насихаттаған 

елдің  ауызбіршілігімен  ынтымағына  ба-

тасын  берген  атамыздың  әруағы  жаса-

лып  жатқан  қызметімізге  разы  болсын, 

– деді.


Сондай-ақ,  облыс  басшысы  ауыл 

тұрғындарына  жағымды  жаңалығын 

жеткізді. 2017 жылы ауылға 300 орындық 

мектеп салып, оған спорт комплексін са-

луды жоспарлап отырғандығын жеткізді. 

–  Әрбір  ұлтты,  мемлекетті  басқа 

ұлтқа  таныстыратын  бірден  бір  бағыт 

–  спорт.  Сондықтан,  осындай  ұлттық 

спорттың  арқасында  әлем  қазақ  елін 

танып  жатыр.  Қазақстанда,  әсіресе, 

Қызылорда  өңірінің  спортының  дамуы 

жоғары. Оған мақтану керекпіз. 

...Бүгінгі  ұйымдастырылып  отырған 

турнирдің  жоғары  деңгейде  өтуіне 

атсалысқан  облсы  әкімі  Қырымбек 

Елеуұлыны,  облыстық  денешынықтыру 

және  спорт  басқармасының  басшы-

сы  Садық  Мұстафаевқа  алғыс  айта-

мын.  Келесі  жылы  тағыда  осы  турнир 

аясында  кездесерміз  деген  неиттемін, 

–  деді  мемлекет  және  қоғам  қайраткері 

Бердібек Машбекұлы. Сондай-ақ, Ақтөбе 

облысының  басшысы  Моңғолиядан  кел-

ген қонақтарға ерекше құрмет көрсетіп, 

сый-сияпат білдірді. 

–  Бұл  аламанға  осымен  екінші  рет 

қатысып  отырмыз.  Турнир  біз  үшін  әділ 

өтті.  Себебі,  үкілеп  қосқан  қос  балу-

ан  да  жеңісті  жалғай  алмады.  Алтангэ-

рэл  жарақат  алып  қалды.  Әйтпегенде 

былтырғы  нәтижені  қайталауға  бо-

лар  еді.  Жалпы,  сайыстың  сапасы 

халықаралық  деңгейде  өтіп  жатқаны 

көңіл қуантады, – деп бағасын Моңғолия 

Қазақ күресі федерациясының төрағасы 

Бақыт Одынайұлы берді. 

– 

Мен 


өте 

қуаныштымын. 

Ұйымдастырушыларға  алғысым  шексіз. 

Мені  қолдап,  дем  беріп  отырған 

көрермендерге  де  рахмет  айтамын. 

Жарыстың  деңгейі  жоғары.  Сондықтан, 

биыл  да  барымды  салып  түйе  балуан 

атанып  отырмын.  Бұл  мен  үшін  үлкен 

абырой. Келесі жылы тағы да келемін, – 

деді жарыс жеңімпазы.

Биыл  екінші  рет  ұйымдастырылған 

халықаралық 

турнир 

қазақ 


балуандарының 

деңгейін 

бағамдап 

берді.  «Еуразия  барысы»,  «Қазақстан 

барысы»  атанған  саңлақтар  алдағы 

уақытта  кеткен  есені  қайтарар  де-

ген  үмітте  тарқасқан  көпшіліктің  көңілі 

жабырқаулы...




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет