Е. сейтжанов


«Сейхұндария»  поэмасында



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата22.02.2017
өлшемі0,78 Mb.
#4697
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Сейхұндария»  поэмасында  автор  бұрынғы  ұстанған  концепциясын 

одан  əрі  тереңдете  түскен.  Поэманың  негізгі  идеясы – таза  махаббатты 



шынайы  сүйіспеншілікті  мадақтау.  Шығарма  желісі  аңызға  құрылғанымен, 

біздің  заманымызға  сабақтастырыла,  бүгінгі  күн  биігінен  бағалануға  лайық 

туынды. 

Ақжəми – қай  тұрғыдан  алғанда  да  сұлу,  өзінің  сүйгені  Гауһарайға 

деген  сезімі  əрі  нəзік,  əрі  мөп-мөлдір;  патриоттық  бейнесіне  риза  боласың. 

Тегінде,  жігіттің  жар  сүйе  білуі  мен  ел  үшін  қам  жеп,  жақсылық  жасауға 

жанын салатын қасиеттерін өзара салыстырғанда, қайсысының басым екенін 

айыру  оңайға  соқпайды.  Шынында,  батылдық  пен  батырлық  дегеніңіз 

Гауһарайға деген ыстық сезімнен туып жатыр. 

Шөл  далада  тіршілік  етіп  жатқан  Гауһарайдың  ата-анасын,  ауыл-

аймағын  ауыз  сумен  ғана  емес,  дариямен  қамтамасыз  етуі  жігіттің  қызға 

өмірлік  серік  болу  жайындағы  арманының  негізгі  себебі  емес.  Істің  əділіне 

барсақ,  бұл  əлгі  кіршіксіз  сезімнің  салдары,  нəтижесі.  Осы  жағымен 

Ақжəмидің  тұлғасы  еңселі  тартып,  биіктей  береді.  Ақжəмидің  Гауһарайға 

қосылмаса  да,  мұндай  жаны  ашырлық,  əрі  ердің  ерлігін  танытарлық  қимыл 

көрсететіне  шүбəңіз  қалмайды.  Шындығында  да  солай  болады:  поэма 

тамамдалғанда екі жас бір бірімен қол ұстасып, бақытқа кенеле қойған жоқ. 

Соған қарамастан, Ақжəми нағыз жігіттік бейнесімен өзіне тартып отырады. 

Ақжəми  өзінің  жеке  мүддесінен  көпшіліктің  мүддесін  көп  жоғары  қоятын 

азамат.  Ең  бастысы – осындай  асыл  қасиеттерімен  жаныңа  жақын  көрініп 

тұрады. 

Гауһарай  бейнесінде  өткен  заманда  еңіреп  өткен  апа-сіңілілері  түгілі, 

қазіргі  өмірді  арзан  бағалап,  келешегін  жеңіл  түсінетін  аз  да  болса  кейбір 

жастарға сабақ боларлық жайлар баршылық. 

              Бұл жайлы көп мұңдаудың не орны бар. 

              Жандар да бар пəк сезімді қор қылар. 

              Махаббатты үйлену деп ойлайды, 

              Құдыреттің  құнын  білмес  сорлылар,-  дейді  бірде  ол.  Жігіт 

алдындағы анты да оқырманды толғандырмай қоймайды: 

                Мейлі тілім ұғыспасын ғаламмен, 

                Тек сені аңсап сарғаярмын санаммен. 

                Мейлі, денем, отқа түссін, өртенсін. 

                Сені сүйген жүрекпенен қалам мен. 

Бұдан  артық  жігіт  сенер  сөз  табудың  өзі  қиын.  Сондықтан  да  оның 

қызға  құмарлығы  арта  түседі.  Қолдан  келер  қайран  жоқ.  Бүйі  ханның 

тырнағынан құтқару – Ақжəми сияқты қарапайым жігітке арман болып қана 

бұлдырайды. 

              Ақтық демің таусылғанша, құлама, 

              Құламасын біздер сенген мұнара. 

              Ең соңғы ауыр қоштасудың сəтінде 

              Жыламаймын, 

              Айнам, сен де жылама? 

Ақжəми  де,  Гауһарай  да – аңыздың  ізімен  алынған  кейіпкерлер 

болғанымен, ертегілердегідей 

 ерекше  жандар  емес,  Демек,  отқа 

күймейтін,  суға  батпайтын,  қанат  бітіп,  қалаған  сəтте  ұша  жөнелетін 



қаһармандар емес. Бұлар жер басып жүрген екі аяқты пенделер тəрізді. Қуана 

да,  қорқа  да  біледі.  Автор  мұндай  табиғилықты  нанымды  бере  алған. 

Айталық,  Гауһарайдың  сүйген  жігітімен  сырласуы  қай  кездің  жастарына  да 

ортақ  жай  сияқты.  Гауһарайды - қолынан  ұшып  кеткен  бақытын-  іздеуі  де 

барынша  шындығымен  берілген.  Бір  ескерте  кететін  жай – дəл  осы  ретте 

Ақжəмидің  Бүйі  хан  еліне  сапарға  аттанар  кезеңін  суреттеуде  ақын 

поэзияның мол мүмкіндігін еркін пайдаланған. Жігіт жол үстінде, жат жұртта 

талай қауіп-қатерге ұшырауы мүмкін екенін алдын ала сезеді. Көп ойланып, 

көп толғануы сондықтан. 

Оның  Махаббатпен,  Енжарлықпен,  Өжеттікпен,  Намыспен,  Төзіммен, 

Күншілдікпен  сұхбаттасып  ақыл  қосуы  да  орынды.  Əлбетте,  аттарына  сай 

олардың не айтары да белгілі. Ақжəмидің алыс жолға шығуына, ең болмаса, 

сүйгенінің түрін көріп қайтуға құштар етіп, дем бергендер – махаббат, намыс, 

өжеттік, төзім. 

Шаханов  поэмаларында  көсіле  сөйлейді.  Ұзынды-қысқалы  өлеңдері 

мен  балладаларында  ұшырасып  отыратын  сан  түрлі  шумақтар  аралас  келіп 

отырады.  Қайсыбір  сыншылардың  пікірлерінде  бір  шығарма  (ол  мейлі  өлең 

болсын, баллада, толғау болсын, мейлі поэма болсын) басынан аяғына дейін 

бірдей  ырғақ,  бірыңғай  ұйқаспен  жазылуға  тиіс  деген  ұғым  ұшқын  береді. 

Біздіңше,  ондай  шек  қою  əділдікке  жатпайды.  Əсіресе,  поэмада 

кейіпкерлердің  ойлауы  мен  сөйлеуінің  əр  алуандығын  ескерсек,  авторлық 

суреттеудегі  кең  серпілісті  қажет  ететін  жағдайлар  мен  «ат  басын  тарта» 

сөйлеуге  тура  келетін  реттерді  ұғынсақ,  буын  саны  мен  жол  санында 

алуандық бола беруін тек қуаттау керек. Міне, сырт болмысының өзімен-ақ 

Мұхтар  көп  ретте  поэма  жазу  дəстүріндегі  стандартты,  канонды  бұзып, 

оқиғаға орай əр қилылықты орнымен пайдаланып отырады. 

Поэзия  есігін  алғаш  қаққанда,  Мұхтар  Шаханов  əлі  ешкім  бастамаған 

жол іздеуге өз ішінен ант етіп, мақсат ұстанды. Бұл күнде оның өз жолы бар. 

Оқырман  қауым  сол  жолдың  əлі  де  болса  кеңи  түсіп,  ақынның  алда  талай 

татымды дүниелер беретініне сенім білдіреді. 

Ақын Мұхтар Шахановтың «Нарынқұм трагедиясы»-шағын поэма. Ол 

шағын да болса, шымыр. Бас-аяғы жинақы, ешбір басы артық сөзі жоқ, жұп-

жұмыр  бұл  туындыны  поэзияда  жарқ  етіп  көрінген  жаңалық  десе  де 

болғандай. Өйткені, оның композициялық бітімінің өзі-назар аударарлықтай, 

соны. Поэмада екі бөлім бар. «Махамбеттің соңғы монологы» деп аталатын 

бірінші  бөлімде  бас  кейіпкерді  сөйлете  отырып,  автор  сол  кейіпкер  сөзі 

арқылы-ақ  оның  көркемдік  тұлғасын  жете  танытады.  Ал, «Əке  үкімі»  атты 

екінші  бөлім  сол  бірінші  бөлімді  заңды  түрде  толықтырып,  бас  кейіпкер 

тұлғасын биіктете түседі. Шағын штрихтармен-ақ қою сюжеттің шиеленіскен 

желісін  тартудың  шеберлігі  де  бар  мұнда.  Кейіпкер  сөзі-поэманың  да 

көркемдік  бір  компоненті  дейтін  болсақ,  сол  компонентті  ұштай  түсудің 

жақсы  үлгісі  бар  осында.  Автор  кейіпкер  сөзі  арқылы  оның  бейнесін 

танытудың  бар  мүмкіндігін  сарқа  пайдалана  отырып,  өзінің  үлкен  дарын 

күшін жарқыратып жайып салады. Махамбет сияқты үлкен ақынның аузына 

сөз  салып,  оны  өз  шығармасында  сөйлету  қай  суреткерге  болмасын,  оңай 


емес.  Себебі,  шығармадағы  кейіпкер  сөзі  өмірде  болған  Махамбеттің  өзі 

туралы  айтқан  өз  толғауларындағы  асыл  сөздерінен  кем  түспеуі  керек  қой. 

Ал  кем  түссе,  оның  ешкімге  де  əсері  болмас  еді.  Ал  «Нарынқұм 

трагедиясындағы» Махамбеттің монологы оның өз шығармаларындағы əйгілі 

сөздермен  терезесі  тең  түскендей.  Бұл  автордың  көп  ізденуінің, 

толғануының,  дарын  күшінің  буырқануының  мейірім  қандырарлықтай 

нəтижесі,  жемісі.  Сондықтан  да  монолог  арқылы  автор  бас  кейіпкер-

Махамбеттің  ұмытылмас  көркем  бейнесін  сомдап  берген.  Поэмадағы 

Махамбет-өр, биік, ақылды,  ел дегенде ет жүрегі елжірейтін азамат, сөздері 

мірдің  оғындай  өткір  де  мағыналы,  аса  мықты  дүлдүл  ақын.  Поэмадағы 

Махамбет  аузынан  шығатын  сөздер  шетінен  сап  алтындай  асыл,  Өнегелі  де 

шешен. Мəселен: 

Батырлығы жоқ адамнан 

Үлкен ақын шыққан емес ешқашан. 

…Ақындықтың басты шарты- 

Басты алса да шындықты айту емес пе? 

…Кім қаншама шексіз сүйсе Отанын 

  Оның тартар азабы да соншама,- 

сияқты поэмадағы Махамбет сөздері нақыл, мəтел боларлық терең мағыналы 

сөздер. Поэмадағы екінші бір кейіпкер-халық өкілі-адал азаматтың сөздері де 

бас кейіпкер Махамбет сөздерінен кем түспейді. 

М.Шаханов  «Нарынқұм  трагедиясында»  асыл  ер,  абзал  ақын 

Махамбетке  деген  бүкіл  халық  махаббатының  күшін,  құдіретін  ұнамсыз 

кейіпкердің  де  күрделі  өмірі,  іс-қимылы  арқылы    сенімді  түрде  шебер 

бейнелеп  берген.  Өткен  ғасырдағы  халық  өмірінің  тарихи  кезеңін  оның 

тарихи  ұлы  перзентінің  сом  əдеби  тұлғасы  арқылы  айқын  суреттеп  берген 

«Нарынқұм  трагедиясы»  поэмасы  əрі  жаңашыл  туынды,  əрі  эпикалық 

поэзияның еңсесін көтере түскен көркемдік ірі жетістік.   

Қазіргі эпикалық поэзиядағы халқымыздың соғысқа қарсы, бейбітшілік 

үшін күресіне арналған туындылардың елеулісі-ақын Тоқаш Бердияровтың 



«Есіктің  алды  көк  терек»  атты  поэмасы.  Ақын  поэмасы  лирико-

публицистикалық  сипатымен  дараланатын  шығармалардың  санатына 

қосылады. Поэмадағы ақынның мұраты, тілегі, ойы, сезімі, халықтың рухани 

тіршілігімен  тікелей  қатысып,  табиғи  жарасым  тауып  үндесіп  тұр. 

Бейбітшілікке  үндеген  қуатты  пафос,  жігерлі  өлең  шумақтары-шығарманың 

саяси идеялық мазмұнын салмақтандыра түскен. 

Поэмада  ақын  кешегі  өткен  тарихқа  да  көз  жүгіртіп,  шолып  өтеді. 

Гитлершіл  фашистердің  адамзатқа  қарсы  қанды  қырғынын,  Американ 

империализмінің  Хиросимадағы  жыртқыштық  ойранын  ашына  еске  алады. 

Қазіргі  империалистердің  ядролық,  нейтрон  қаруларына  қарсы  халықтың 

шексіз  ашу-ызасын  төге  отырып,  бейбітшілік  үшін  жан  аямай  күресуге 

шақырады.  Ақын  поэмасында  аз  сөзге  көп  мағына  беруге  ұмтылған. 

Ракеталарды  тот  бассын,  даланың  гүлдері  жайқалып,  көк  теректер  көбейіп, 

ну  орман  көкке  өрлей  өссін  деп  тебіренгендігі,  ақынның  асыл  ойлары  ап-



анық.  Ол – қарапайым,  бірақ  мағыналы,  терең  ой  түйе  отырып,  халық,  ел 

арманын табиғат суреттері арқылы əсем өрнектеу. 

Жалпы,  Тоқаш  Бердияров  поэзияда  бар  ескі  сүрлеулерден  бойын 

барынша  аулақ  ұстап,  жырдың  жаңа  өрнектерін  табуға  еңбектенетін  ақын. 

Осы  поэмасында  да  ақынның  өзіндік  жаңа  теңеу,  эпитеттері  бірден  көзге 

жарқырап  түсе  кетеді.  Мəселен,  бүгінгі  қанатты  ракеталар-тоңмойын  дүлей 

піл  тектес,  Хиросимаға  түскен  бомба-атомдық  əліппе,  нейтрон  бомбасы-  у 

сəуле, адамзатты мəңгілік арқалап жүрсе де, жер-ана шаршамас, деген сияқты 

т.б. метафора, теңеу, образды бейнелер ұлттық поэзиядағы Тоқаш Бердияров 

əкелген соны өрнектер. 

«Есіктің  алды  көк  терек»-қазіргі  халық  өмірінің  көкейкесті  мəселесін 

тебірене  де  төгіле  толғаған  поэма.  Дүниежүзілік  апатқа  қарсы,  бейбітшілік 

үшін  күреске  үндейтін  жалынды  пафоспен  суарылған  жігерлі  шығарма.  Ол 

поэзияның  бүгінгі  өмірмен  тығыз  бірлігін,  өміршеңдігін,  əлеуметтік 

тынысын, саяси актуалдығын дəелдейтін поэмалардың бірі. 

  Экология  проблемасы-қазіргі  адамзат  қауымын  қатты  толғандырып 

отырған  дүниежүзілік  ірі  проблемаға  айналғаны  баршаға  аян.  Айналадағы 

табиғатты  анамыздай  аялап,  оны  сақтау,  қорғауға  бар  күш-жігерді  жұмсап, 

қолда  бар  мүмкіндікті  сарқа  пайдалануға  ұмтылу-біздің  еліміздегі  бүгінгі 

күннің  түбегейлі  міндеті  болып  отыр.  Қазақстанды  мекендейтін  жұртты 

алаңдатып,  күн  тəртібінде  шұғыл  шешуін  күтіп  отырған  күрделі  де  қиын 

проблемалар  да  аз  емес.  Атақты  Арал  теңізі,  Балқаш  көлі,  Сырдарияның 

бүгінгі  аянышты  халі  кім-кімнің  де  жүрегін  сыздатып,  қабырғасына  қатты 

батып  отырғаны  аян.  Міне,  осындай  табиғат  пен  адам  арасындағы 

проблемалық  қайшылықтарға  айрықша  назар  аударып  отырған  ақындар 

өздерінің  үлкенді-кішілі  шығармаларында  азаматтық  позициясын  жақсы 

танытып  келеді.  Бүгінгі  таңдағы  халық  өміріндегі  өзекжарды,  аса  маңызды 

мəселені  толғаған  қазіргі  қазақ  поэмаларының  көрнектісі  де  көріктісі-  ақын 



Қадыр Мырзалиевтың «Қызыл кітап» поэмасы. 

Немқұрайды  қарау  ма,  əлде  тоғышарлық,  тайыздық  па,-себебі  көп, 

əйтеуір,  əр  түрлі  жағдай,  əрқилы  əрекеттердің  салдарынан  айналадағы 

табиғат əлемінің шеккен зардабы ұшан-теңіз. Міне, сол ащы шындықты ақын 

Қ.Мырзалиев  поэмасында  əрі  нақтылы,  əрі  жинақтай  топшылай  отырып 

толғайды. 

Хайуанатқа жасаған қиянатың- 

Бауырыңа жасаған опасыздық!- 

деп ашына тебіренеді ақын. 

          Бəрі-бəрі олардың қырылыпты, 

          Біздер мына-бүгінде тірі, мықты. 

          Мамонттарды жоқтауға тиісті адам, 

          Жоқтар болса түбінде ірілікті,- 

деп  қадым  заманда  із-түссіз  құрып  кеткен  аңдарды  елжірей  еске  алады. 

Талай-талай  аңдарды  аяусыз  апатқа  ұшыратқан  адамзат  қауымының 

қатыгездігіне,  қателігіне  талдау  жасайды.  Сол  ауыр-ауыр  қателіктерден 

түйінді сабақ алып, оны енді қайталамауға бір дауыспен жар салады. 


Табиғатты  аямау,  оны  бүлдіру  адамдарға  жасаған  опасыздықпен  бірдей 

екені  де  поэмада  айқын  көрініс  беріп  отырады.  Əсіресе,  гитлершіл 

фашистердің,  немесе  қазіргі  ақшақұмар  тоғышарлардың  табиғатқа  қарсы 

тағылық,  жыртқыштық,  əрекеттерін  əшкерелеген  поэма  жолдары  өткір, 

мірдің оғындай атылып, нысанасына дəл тиіп жатыр. 

Отаршыл  жыртқыштардың  əлсіз  аз  ұлттарды  жаншып,  құртып 

жіберетінін ақын айбарлы ашу-ызамен, ашына айыптайды. Поэманың: 

Кімде, кінə, бауырым, 

Кімдерде айып?! 

Кімдер одан сорлады, 

Кімдер байып?! 

Хайуанаттар түгілі 

Дүниеде 

Ұлттар ғайып болыпты, 

Тілдер ғайып!- 

деген  жолдары  тек  өткеннің  ғана  емес,  қазір  де  аз  ұлттарды  жұтып  қоюға 

дап-дайын боп, аранын ашып отырған шовинист- империалистерге айтылған 

қарғыс  даусындай,  азаттыққа  ұмтылған  ұлттардың  жауынгерлік  жігерлі 

ұранындай естіледі. 

«Қызыл  кітап»  поэмасының  идеялық  мазмұны  терең.  Ол  адалдықты 

жоғалтпай  сақтап,  ізгі  гуманистік  қасиетке  ұмтылдыратын  туынды. 

Зорлыққа,  зомбылыққа,  əділетсіздікке,  теңсіздікке  қарсы,  əсіресе, 

халықаралық  империализмнің  отаршылдық  жауыз  саясатына  қарсы  əрбір 

адал  ниетті  азаматты  белсенді  күреске  шақыратын  дастан.  Бұндай 

шығармалардың жалын атқан идеясы көкірегі ояу əр адамның жүрегіне жол 

тауып,  күрескерлікке,  биік  гуманизмге,  патриоттыққа,  ешбір  ұлтты 

алаламайтын интернационализм рухында тəрбиелейтініне шүбə жоқ. «Қызыл 

кітап» поэмасының идеялық, саяси мəнінің құндылығы да осында. 

Соңғы  жылдарда  қазақ  поэмаларының  идеялық  мазмұны  тереңдеп, 

көркемдік  сапасы  жақсара  түсті…  Ақырында  поэма  жанрының  дəстүрлі 

мүмкіндіктерін молынан пайдаланумен қатар, соны, көркем ізденістер жасау 

жолында да батыл барлау жасалды. 

Кейінгі  жылдардағы  қазақ  ақындары  поэмаларының  басым  көпшілігін 

өз  замандастарының  өмірін  бейнелеуге  арналды.  Бұл  эпикалық  поэзиядағы 

заңды құбылыс. 

Қазіргі  тақырыпқа  жазылған  поэмалар  арасында  жұртшылық  назарын 

аударған  Қ.Бекхожиннің  «Тұрлаулы  тағдыр»,  Т.Жароковтың  «Тасқынға 

тосқын»,  М.Əлімбаевтың  «Құрыш  қазақ»,  А.Шамкеновтың  «Жайлау  таңы», 

Ғ.Қайырбековтың  «Жер  астындағы  жұлдыздар»,  Қ.Мұқышевтың  «Өкініш», 

З.Шүкіровтың  «Аня»,  Қ.Ыдырысовтың  «Əке  жолы»,  т.б.  поэмаларда  соны 

сюжет,  жаңа  көркемдік  бояулармен  ұлттық  поэзияның  бейнелеу  арсеналы 

молыға  түсті.  Бұл  тұста  қазақтың  эпик  ақындары  өз  замандастарының  кең 

тынысты 

жарқын 


өмірін 

жырлау 


жолында 

поэма 


жанрының 

мүмкіншіліктерін  мейлінше  толықтырып,  өздерінің  ақындық  шеберліктерін 

жетілдіре түсуге күш жұмсады. 


Замандастар  туралы  жазылған  елеулі  туындының  бірі-Аманжол 

Шамкеновтың  «Жайлау  таңы»  поэмасы.  Поэманың  сюжеттік  желісі 

жалындаған  жігерлі  жас  қауымның  өкілі-Алмат  деген  жас  жігіттің  алғашқы 

өмір жолын суреттейді. Ақынның суреттеуінде Алмат -өз міндетіне жауапты 

да,  ұқыпты  қарайтын  жан,  ары  таза,  рухани  дүниесі  бай,  романтикашыл- 

арманшыл,  өршіл,  жігерлі  жас.  Алматқа  қарама-қарсы  алынған  ұнамсыз 

кейіпкер  Жарғақ  Жолтаев.  Оқиғалар  осы  Жарғақ  пен  Алматтың  тартысы 

негізінде өрбіп отырады. 

Ақынның  ашына  суреттеп,  мансұқ  ететін  адамы-Жарғақ  ескі  қоғамның 

қырсықты  сарқыншықтарын  бойына  жинаған.  Оқушыға  ұсынылып  отырған 

терең  идеяны,  еңбек  адамының  үлгі-өнегесін  поэмада  суреткерлік 

шеберлікпен жырлауға ұмтылған ақынның творчестволық қадамы нəтижесіз 

емес.  Алматтың,  оның  сүйген  қызы  Айжанның  портреттері  поэманың  əр 

тұсында нақышты бояумен суреттелген. 

Замандастарымыздың  аяулы  сезімі-махаббатын,  асыл  арманын,  ішкі 

дүниесінің  күрделі  сырларын  терең  толғап  суреттелген,  жұртшылықтың 

рухани  серігі  боларлықтай  аса  көрнекті  шығармалар  əзір  туа  қойған  жоқ. 

Махаббат  тақырыбына,  жастардың  сезім  күйлерін  бейнелеуге  арналған  Т. 

Молдағалиевтың  «Камила», «Мазасыз  махаббат», «Алатау  қызы», «Мен 

адасқаным  жоқ»,  Ш.Мұхамеджановтың  «Қошалақ», «Сөнбес  махаббат» 

поэмалары ойдағыдай шықпады. 

Еркеш Ибрагимов «Өмір өлмейді» поэмасында бір семьяның өмірінде түскен 

соғыс ауыртпалығын нақты түрде көрсету арқылы, сол қаһарлы жылдардың 

қатаң  шындығын  бейнелеген.  Жаумен  ерлік  шайқас  үстінде  зағип  болып 

қалған Жарастың, оның əкесі Бекен қарттың, жары Толғанайдың дараланған 

бейнелері, əр қилы тағдырлары поэмада сол тұстың өмір шындығына сəйкес 

нанымды суреттелген. 

Енді  бір  топ  поэмалар  халықтың  аяулы  ұлдары,  белгілі  тарихи 

қайраткерлердің  өміріне  арналады.  Оларда  қазақ  елінің  белгілі  ағартушысы 

Ы.Алтынсариннің  (Ғ.Қайырбековтың  «Дала  қоңырауы»)  ұлы  композитор 

Құрмағазының 

(Х.Ерғалиевтың 

«Құрманғазы»), 

əнші-ақын 

Біржан 

Қожағұлұлының  т.  б.өмір  жолдарына  арналған  поэмаларды  жатқызуға 



болады. Тұтастай алғанда, халықтың сүйікті перзенттерінің көркем бейнесін 

жасау жолындағы ақындардың творчестволық ізденістері жақсы болды. 

 Хамит  Ерғалиевтың  жаңа  туындылары  «Үлкен  жолдың  үстінде», 

«Біздің  ауылдың  қызы», «Сенің  өзенің»  поэмаларында  еңбек  адамының 

жарқын  көріністері  жасалған.  Ал  «Құрманғазы»  поэмасы  идеялық  мазмұн 

тереңдігі, көркемдік қуатының молдығы жағынан ақын творчествосының кең 

құлашын,  зор  тынысын  танытатын  кезеңді  туынды.  Еңбекші  халықтың 

жалынды  күреске  ұмтылған  дабылды  жырындай  естілетін  Құрмағазының 

дауылды  күйлері  де  əр  оқиғаның  тұсында  асқақ  шабытпен  естіліп  тұрады. 

Құрманғазының  тау  суындай  тасқындаған  жігерлі  күйлерінің  «қысқа  күнде 

қырық  мəрте»  шалқитыны,  өнерлі  елін  ерекше  құрметтейтін  туған  елінің 

«жүрегі  оның  жүрегімен  жалғас  ұрып  келе  жатқаны  рас».  Ұлы 

өнерпаздардың  өткен  дəуірдегі  өнегелі  өмірін  бүгінгі  шындыққа  ұштастыра 


жырлау  шығарманың  көркемдік  ажарына  мəн  беріп  тұр. «Құрманғазы» 

поэмасының  тіл  образдылығының  қызықтырар  сəттері  көп.  Қашан  да 

тынымсыз,  ізденгіш  Ерғалиев  қазақ  поэзиясындағы  өзіндік  ерекшелігі  бар 

эпик  ақын  екендігін  осы  поэмасында  айрықша  танытады.  Көне  сүрлеуге 

жоламай,  тың  образдар,  соны  ұйқастар,  ұтқыр  бейнелеу  амалдарын,  өлең 

өрнектерін,  сөз  кестелерін  жасауға  зор  күш  салған.  Сонымен  «Құрманғазы» 

поэмасы  өзінің  сюжеттік  арнасында,  тілдік  образдық  жүйесінде  кейбір 

кемшіліктеріне  қарамастан  ұлттық  поэзия  тарихында  елеулі  орны  бар 

шығарма. 

      Ғафур Қайырбеков эпикалық поэзияда Ыбырай Алтынсариннің образын, 

қайраткердің ағартушы-демократиялық көзқарас, озық ой, зор еңбегін үлкен 

талас-тартысымен бейнеленген. 

«Дала қоңырауында» алдымен Ы.Алтынсариннің азаматтық еңбегін поэмаға 

арқау еткен. Поэмада Ы.Алтынсариннің барлық өмірі емес, белгілі бір тарихи 

кезеңдер ғана алынған. 

 Ыбырайдың  поэтикалық  образын  жасау  үшін  ақын  көбіне  көп  оның 

үлгі-  өнегелік  қадір-қасиетін  ашуға  зер  салған.  Ол-  бұқара  халық  үшін  жан 

қиярлық  еңбек  етуі,  еңбекші  бұқараның  тағдыры,  жарқын  болашағы  үшін 

еңбек сіңіруі 

«Дала  қоңырауы»  поэмасы,  ондағы  үлкен  ақындық  қуатпен  жырланған 

Ыбырай бейнесі- қазақ поэзиясының соңғы кездердегі аса ірі табысы. 

Кейінгі жылдары қазақ поэмаларының ішкі жанрлық түрлері де əр алуан. 

Бір  топ  поэмаларда  негізгі  сюжеттер,  тартыстар  мен  қайшылықтар, 

кейіпкерлердің  қарым-қатынасы,  көзқарас,  идеал-мұраты,  өмір  жолдары 

арқылы көрініп, шығарманың сюжеттік желісіне айналып айналып отырады. 

Сонымен  бірқатарда  кейінгі  жылдарда  бірнеше  сюжетсіз  лирикалық-

философиялық  поэмалар  да  пайда  болды.  Олар  Қ.Бекхожиннің  «Сұңқар 

туралы  жыр»,  Х.Ерғалиевтың  «Аңыз  ата»,  Ж.Молдағалиевтың  «Мен 

қазақпын», «Дала 

дастарханы», 

Ə.Тəжібаевтың 

«Портреттер», 

О.Сүлейменовтың  «Адамға  табын,  жер  енді»,  М.Əлімбаевтың  «Менің 

Қазақстаным», 

Т.Есімжановтың 

«Құлагер» 

т.б. 

поэмалары. 



Бұл 

шығармаларда автордың лирикалық ой-толғанысы анық танылады да, белгілі 

бір  сюжетке  құрылмайды.  Көбінесе,  лирикалық  кейіпкер  орталық  образдың 

міндетін атқарады. 

      Лирикалық поэмалардың ішінде жалпылама айтумен нақтылыққа ойысып 

кететіндері  де  бар.  Поэмадағы  ең  басты  көркем  тұлға-ақынның  лирикалық 

кейіпкері.  Поэмадағы  барлық  əңгіме  сол  лирикалық  кейіпкердің  төңірегінде 

өрбиді. 


      Ж..Молдағаливтың  «Мен  қазақпын»  поэмасы  қазақ  халқының  ұзақ 

тарихына  көркемдік  шолу  жасап,  сол  халықтың  жинақталған  мүсінін 

жасайды.  Ел  тарихындағы  кезеңді-кезеңді  оқиғаларды  айта  отырып,  қазақ 

халқының  қанаушыларға,  отаршыларға,  басқыншыларға  қарсы  мың  өліп, 

мың тіріле» күрескенін суреттейді. Əрі көне дəуірдегі, əрі қазіргі замандағы 

туған халқының өмірін жырлай отырып, оның жинақталған образын жасауда 

Жұбан Молдағалиев сюжетсіз лирикалық-философиялық поэманың жанрлық 


мүмкіншіліктерін  творчестволық  қуатпен  молынан  пайдаланған.  Қазақтың 

эпикалық поэзиясының өрісін кеңейтіп , елеулі көркемдік қосқан. 

Тұтастай  алғанда  бұл  жылдары  қазақ  поэмалары  сан  жағынан  да,  сапа 

жағынан  да  недəуір  ілгеріледі.  Поэмалардың  тақырыптық  ауқымы  кеңіп, 

мазмұны  байыды.  Поэтикалық  ірі  –ірі  туындылардың  əлеуметтік  өмірмен 

байланысы  күшейе  түсті.  Поэма  жанрын  жетілдіруде,  шеберлікті  ұштауда 

ақындар творчестволық ізденістер жасады. 

  Сөйтіп  бұл  жылдары  эпик  ақындарымыз  поэма  жанрын  жетілдіріп,  оны 

байыту жолында үздіксіз ізденуде, тəжірибе молайтуда екенін анық танытты. 

Осы  жылдардың  сəтті-сəтсіз  ізденістері  қазақ  поэмаларының  өсу 

перспективасы зор екенін көрсетті. 

Қазіргі  қоғам  өміріндегі  егемендік  дəуірінде,  жариялылық  бел  алған 

кезде біз де поэма жанрындағы келеңсіздіктерді, сұрқайлықтарды жасырмай 

батыра  айтып  отырамыз.  Өйткені,  жанрдың  алға  басу  тұсындағы 

кемшіліктерден  тезірек  арылып,  идеялық-көркемдік  арсеналын  молықтыра 

беруіне  үздіксіз  де  айрықша  назар  аударып  отыру-əдеби  сынның  ешқашан 

күн тəртібінен түспейтін бірінші міндеті. 

Əрине,  даму  өрісін,  өсу  перспективасын  жыл  сайын  туындап,  басылып 

шығып  жатқан  сұрқай  поэмалар  белгілемейді.  Қазақ  поэмасының  бүгінгі 

дəрежесін,  өркендеу  деңгейін,  оқушының  эстетикалық  талғамын  ұштап, 

мейірін қандыратын, рухани жағынан байытатын оның көркемдік табыстары 

ғана анықтайды. Ал ондай елеулі, қомақты эпикалық туындылар қазіргі қазақ 

əдебиетінде  бар.  Бірақ  онша  көп  деп  айта  алмаймыз.  Өз  шығармаларының 

идеялық  мазмұнын тереңдетіп, көркемдік сапасын əлі де жетілдіре, арттыра 

түсуде қазақ ақындарының алдында таудай міндеттер, алынбаған биік асулар 

бар. 


  

                                      Сұрақтар мен тапсырмалар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет