Оразақын Асқар десек өте орынды. Бұл кiсiнiң өмiр тарихының өзi өзектi
өмiрдiң өксiгiн өзiнше жұтқызған жол сапардай. Бiрақ өзi шет жұртта жүрсе
де, алдына мақсат қып қойған мүддесiне жаңылыспай қадам жасаған . Бұған
əрине, өзiнiң оқи алмаған өкiнiшiн толықтыру үшiн əкесiнiң баласына
жасаған қамқорлығы, жеткiзе айтсақ, бойындағы бар қуат-күшiн, бар ынта-
жiгерiн, ықыласын ұрпақ жолына құрбан еткен еңбегi не тұрады, тек соған
лайық бала болып, сол əкенiң ықыласына орай талаптанып əрекет жасайтын
ұрпақ болса, онда ата-ана үмiтiнiң ақталғаны деп бiлу керек.
Бұл кiсiнiң үш томдық жыр жинағының бiрiншi томы – «Отан деп
оянғанда» деген атпен жарық көрген. Тұрмысында өскен ортасы өзiн
сабырлылыққа тəрбиелесе де, соған өзi бейiмделiп тəрбиеленсе де, бұл
ақынның жырлары асып-тасқаннан гөрi өзiнiң қоңыр желiсiнде көрiнетiн
қалпы сақталған.
Оның жырлары өз тағдырының жанына жара салған бар күрсiнiсiн əдемi
жырмен жұмсартып, балзаммен баптап сылап тастағандай жан дүние
əуенінiң құлақ бұрауын берiк бекiтiп алғанына көзiмiз əбден жетедi. Яғни
осы бiр жол-жорғалық əуендi келе-келе қоңыр үнге айналдырып, өз
халқының қара өлең құдыретiнен нəр алдырып, төрге өрлеген ақын
екендiгiнде сөз жоқ. Олай болса, бiз өзi əр кезде кие тұтатын туған əкесiне
арнаған өлеңiне дес берейiк.
Есейiп оралсаң да шалғайынан,
Еңкейтiп иiскейдi ол маңдайыңнан.
Ұйқыңнан қанша ерте оянсаң да,
Естисiң тыстан үнiн мал қайырған.
Тұнығын шайқасаң да оңды-солды,
Кешiргiш, мейiрiмдi, бөлек орны.
Көңiлi хош, дүниесi түгел оның
Қалқиып көз алдында жүрсең болды, - дейдi.
Ал ендi оның «Анама» деген өлеңiне назар аударайық.
Есейiп жiгiт болсам да,
Қоймайсың айналғаныңды.
Өзге үйге бiр күн қонсам да,
Айтасың сағынғаныңды.
Кезiмде сəби былдырлап,
Не дедiм, қалай жүгiрдiм.
Айтасың ылғи қызықтап,
Қылығын сол бiр күнiмнiң.
Есейдiм, ол бiр кез,
Өмiрге ойлы қарадым.
Қалыпты бойда бал мiнез,
Алдыңда əлi баламын.
Мiне, ақынның ұшқан ұясы. Ынтымағы ұйыған осындай екi жанның
ықыласы құйылған ұрпақ ақын болмауы тiптi де мүмкiн емес дегендей. Яғни
ата-бабасының атамекенiнен алшақ кеткенмен, «əкесiз жетiм- шерлi жетiм»
деген тағдыр азабына түспегеннiң өзi не тұрады? Негiзiнен жас сəбидiң қаз
тұрып кетуiне қос тiрек болатын ата-анасымен жəне Отан от басынан
басталадының қуат-күшiне көзi жеткен жас ақын өз жырының бастауын
осылай бастайды. Оған қоса ақын өле-өлгенше əке арманын бiр сəт те есiнен
шығармауға серт бергендей үнемi осы тақырыпқа қайта оралып отыратындай
əсер тастайды, яғни сонау жат жерде көз жұмған əке арманымен ақын үнемi
қосыла өмiр сүрiп келе жатқандай. Болмаса ақын өзiнiң «Туған жердiң
картасы» атты шағын дастанындағы əкесiнiң:
..Көрдiң бе сонау тауды нұр жамылған,
Қараудың өзi жанды ырза қылған
Мен оны көз жұмып та көре аламын,
Шықпайды жатсам-тұрсам бiр жадымнан.
Созылған сонау таудың аты – Жоңғар,
Қырандар қиясынан қанат қомдар.
Басына кен жастанып, құс төсенiп,
Шулы өзен, шүйгiн шөптi жатар жондар.
Туған тау одан төмен, жеке дара,
Ерекше қасиеттi Долаңқара,
Бiледi жауа ма күн, соға ма жел,
Қарай сап қариялар соған ғана.
Сағынттың естен кетпей, қайран Өсек,
Суыңнан бiр жұтар ма ем бауырым төсеп.
Ну орман жағаң толы өрiк, алма.
Сенде екен, құт-береке қайда десек.
Келгенше көптi көрдiң осы жасқа,
Жаһанда жер жетпейдi Үйгентасқа.
Əр жазда Белжайлауда асыр салған,
Жайлауда жадыраман одан басқа… - деп, «Əке арманы» одан əрi
ағыла бередi. Сол əкенiң арманын үмiт артқан ұрпағы мүлтiксiз орындап,
Қазақстанға алғаш жол тартқандардың бiрi болып елге жетiп, əкенiң
санасында мəңгi жұмақ болып тұрып қалған туған өлкесiнде алшаң басып
жəне сол өлкенiң ажар-көркiн өзiнiң асыл сөздерiмен өрнектеп жүрген
ұлынан айналып кетпей ме деген ой кiмдi болса да бүйiрiнен түртiп өтедi.
Жалпы алғанда, ақын еткен бiрiншiден, «Əке арманы» болса, екiншiден,
өзiнiң iшкi қасiретiн сонау ата-бабаларының туған топырағының шипалы
табиғатымен емдеуге келгенде, алдына жан салмайтындығы екi бастан.
Содан да болар Оразақын Асқар ешуақытта қасiрет салған жараның бетiн
тырнамай, қайта оның емiн өз Қазақстанының əрқилы табиғат
құбылыстарынан тауып, шарқ ұрып жазылып кеткендей күй кешедi. Жəне
соның өз жүйесiн жүрегiнен өткiзiп, ақырын аңдағандай баяу əуенмен жол
жорғасын қамшылай түседi. Яғни өзiнiң бойына бiткен шамасындағы
талантына аса ауыр жүк те артпай, екiншi жағынан тым жеңiлдетiп те
жiбермей, тiзгiндi бiр қалыпта ұстауға əбден шеберленiп алған ақын. Осыған
орай ақынның өз жаратылысынан толық хабар беретiн «Мейiрiм» жырына
көңiл бөлейiк.
Мейiрiм күннiң көзiнде,
Мейiрiм ана сөзiнде.
Адамдық əрбiр жүректен,
Əркiмдi жазсын сезуге.
Бiрге ол кiшiпейiлмен,
Мейiрмен қайғы сейiлген.
Мейiрмен ұстаз үйреткен,
Сəбилер өскен мейiрмен.
Мейiрiм жылы жүздерде,
Мейiрiм пана түздерде.
Мейiрiм бойда мол болса,
Танытар түбi бiздi елге.
Мейiрiм менiң пейiлiм,
Мейiрiмсiз көрсем кейiдiм.
Мейiрiм əсте жауда жоқ,
Бiзде жоқ жауға мейiрiм, - дейдi ақын.
Бұл бiздiң бүгiнгi таңдағы жаңа заман адамдарында жетiспей жатқан
қасиет. Бұрынғы елдiң мейiрiмдерi өз арнасын таппаған соң, олар да басқаша
болып кеттi ме, əйтеуiр, ойлауымызша бар дүниенi бүлдiрiп жатқан сол
адамның мейiрiмi мен пейiлiнiң бұзылғанына таң қаласың. Ақын соны
ақырын айтып өз оқырмандарына сiңiрiп жатқандай.
Былайша айтқанда, Оразақын Асқар қашан болсын табиғат пен адам
мiнезiндегi астасып жатқан əлемдi барынша нақты беруге тырысады жəне
онысы əп-əдемi көркем бейне де болып жатады.
..Аяз неткен күйшi едi, Тасығандай өнерi,
Құлақ күйiн келтiрген.
Əркiм билеп алады.
Жол-домбыра iшегi, Аяз күшiн содан бiл,
Аяқ бассаң шертiлген.
Қарыған-ау шыдатпай.
Аялдама дегенi,
Күннiң өзi қып-қызыл,
Секiлдi би алаңы.
Тоңып қалған құлақтай.
Бұл ақынның «Аяз» деген өлеңi. Былай алып қарағанда ақынның
ешкiмге ұқсамас жеке аязы, бiрақ елдi күдiксiз сендiретiні ғажап. Немесе:
Керiлген алып қанаттай, Шөптегi шық та асылдай,
Таулар тұр бұлтын таратпай.
Жылтырап көзге басылды-ай.
Терiскейiнде қар жатыр, Тас жатыр малдай қаптаған,
Жазылмай қалған парақтай. Мал жатыр сайдың тасындай.
Қарағай қырқа жалындай, Қараймын мауқым басылмай,
Беткейдiң арша қалындай. Шалкөдем менiң осындай.
Сай-сайын жаппай жарысып, ..Киiз үйлер - қатар түймелер,
Ағады бұлақ арындай.
Өзенi қаусырмасындай.
Жоғарғы екi өлеңнiң бiрi табиғаттың мiнезi, ендi бiрi табиғаттың
жаратылысы, екеуi бiрдей ақын суреттемесiнен орын алған. Қандай
жарасымды.! Былайынша айтқанда ақын мейiрiмiнiң құшағына бөленген.
Өлең шумақтарының ара-арасында жыр жолдарын толықтыратын қарапайым
сүйенiштерiн санамағанда, ақын тауып кеткен соны теңеудiң сонарлы iзiне
ерiксiз сүйсiнесiң.
..Желпiндiрiп жел басты көрiгiне,
Шымырлайды нөсердiң көлi, мiне.
Тау шомылып жатқандай рахаттанып,
Ақша бұлттың көмiлiп көбiгiне…
…Жеңiл буымен құттықтап күн тiл қатып,
Бас изедi тау жүзiн сүртiп жатып.
Гүлден көйлек, шыршадан қамзол кидi,
Сансыз меруерт-маржанын жарқылдатып.
Нөсер алыс кеткен соң қыран қанат,
Əр сайда су түлкiдей бұлаңдамақ.
Жас бұзауын аңдыған ақ сиырдай,
Тұр тұмсықтан үй жаққа тұман қарап, - деген сияқты тұла бойы
тұнған суретке де тап бола кетемiз. Тiптi, ақын бiр жырлаған тақырыбын он
қайтара толғанса, сол он жырдың бiр-бiрiне ұксамай жататыны тағы бар.
Жəне сондай сүйкiмдi де нанымды келетiнiн қайтерсiң. Оған суретшiлiгi мен
қарапайымдылығын қосыңыз. Сонда жырдың төрт құбыласы түгелденуi
деген сөз, ол өз оқырманының ойынан шықты деген сөз. Олай болса, ақын
бақытының ең биiк щырқауы сол екендiгiне көзiң жетедi.
Қуды көктем қысыңды,
Көрiп көңiл құштарын,
Күнге төрiн ұсынды. Мен де қалам ұштадым.
Қарсыласқан ақ қарды,
Қалмасын деп аспан бос,
Қара терге түсiрдi. Жапты көктем құстарын.
Арналарға су келдi, Көктем жылдың құсындай
Ағаш бiткен бүрлендi.
Сұлумын деп сызылмай,
Жерге жайып көкмайса,
Ете бiлдi iсiмен,
Ғашықтарға гүл бердi.
Жазын жайсаң, күзiң бай, -
деп қарапайым ғана ойыңнан шығып жатады. Былай алып қарағанда,
онша асып бара жатқаны да шамалы сияқты. Ал зерделей үңiлсек, ақынның
қарапайым сөз қолданысынан тiрi табиғаттың жаңғырып, жанданып
тұрғанына көзiң жетедi. Ақынның осы тақылеттес жырлары байқағанға
молынан көрiнедi. Бiрақ əрқайсысы өз тартымдылығымен көңiл бұрғызады.
Бiз бiр сəт ақынның сүйiспеншiлiкке деген бағасын көрейiк:
Өткен жоқ уақыт кiрпiк қаққан құрлы,
Қаламым бiр өлеңдi аттандырды.
Сөйтсе де ұнатамын бəрi бiтiп,
Таптырмай жалғыз сөзi жатқан жырды.
Сырымды əлденеше ай тыңдаған,
Сыры да боп көрiнген айқын маған.
Əлгi өлең аяулы осы ғашығымдай,
Жалғыз сөз «Сүйем» дейтiн айтылмаған.
Шындығында, ақынның қай жайды, не көрiнiстi межеге алмасын, соған
өзiнiң бүкiл ынтызар пейiлiмен құлайтынын бiлдiредi. Өйткенi ақын бойында
оған деген сүйiспеншiлiк махаббаты бар жəне онсыз жыр да болмайтыны
ақиқат. Олай болса, ақын бұл жағын да берiк ұстанған.
Жалпы ақынның əу дегендегi пiкірiнiң бастауы өзiн дүниеге əкелген ата-
анасы болса, одан кейiн барып айнала танымның құдыретiне бөленетiнi
ақиқат. Қашан да əке арманымен бiрге жасаған Оразақын, сол «Туған жердiң
картасын» өзiнiң iшкi табиғатымен, сыртқы жаратылысымен жыр өрнегiне
түсiруден жалықпаған жан. Осыған орай, əр қилы тақырыптарды
қаншалықты қамтыса да ой-жүйесiнiң темiрқазығындай əке арманы айналып
толықтыра түседi. «Туған жер» деген өлеңiнде:
Көз тастасаң дала сен,
Əр төбесi – тарих,
Көркемдiкке тау да ие.
Əр адамы – шежiре.
Əр сайы – бiр арасан, Осы болар жерұйық,
Əр ағашы - əулие.
Түспеген Асан көзiне, -
деп тағы бiр соғады. Əр оралып соққан сайын, жырдың жаңа бiр тұсынан
өзiн көрсетiп жататын ақынның ешуақытта айтары таусылмақ емес. Олай
болса, ақынның барша жырын жинақтап бiр тұжырымға келер болсақ,
бiрiншiден. қарапайым қара шаруа əкесiнiң үкiлеген үмiтiндей арманын
алғаусыз ақтап шыққан ақын кiм десек, соның бiрi Оразақын деймiз. Сол əке
үмiтiн өзiне қасиеттi қағида етiп, жазған жырларының өзiнiң туған халқының
ойынан шығып жатқандығы соның кепiлi. Екiншiден, ақынның қасiрет-
қайғы, жамандық атаулыға назар салмай, бiрыңғай жақсылық өресiне қанат
жайып жазған жырларының жемiсi бүгiнгi күнi өзiн де үлкен абыроймен
жетпiс екi деген асуға шаршатпай, шалықтырмай əкелiп отыр. Мұның өзi
үлкен абырой. Оның үстiне өз ұлтының құдыреттi қуатындай қазынасы -
қабырғалы қара өлеңнiң жүйесiн келтiрiп, жүйкесiн бекiткен еңбегi де өз
алдына жатқан үлкен еңбек. Сол адамдарды шүкiрлiк тобаға шақыратын қара
өлең қасиетi болар, ақын əр кезде қанағат жырдың қанатынан нəр алады.
Кей ақындар өз заманындағы өмiрдiң тұтқасын ұстап отырған
төрдегiлермен арыстандай арпалысып өтедi, ендi бiрi сол тақсырлармен
əмпайласып, көңiлiнен шығып, тiлiн табумен болады.
Қазақстанның Халық ақыны Тұманбай Молдағалиев туралы сөз
қозғасақ, ол сол аталған екi сарынға да жатпайды. Қай саясат жүйе жайласа
да, сағасы толы, суы мол, жағасы бай қалпында ағып жатқан дариядай өзiнiң
сабырлы да қажырлы, инабатты мiнезiмен ақындық парызын өз ұстанған
бағытында ақтай бередi. Дариядан Тұманбайдың бiр өзгешелiгi – ол ескi
сарынын қайталамайды, уақыт өзгерген сайын, заман жаңарған сайын
құлшына түсiп жаңа нысана жолында емiн-еркiн шабыттана бередi. Ақын:
«Өмiрдiң жақсы бүгiнi .
Ескi өшсе, жанар жаңа бар.
Адастырмаңдар iнiнi,
Алдымда жүрген ағалар» - десе аз сөзге жүгi ауыр мəн, мағына
сыйғызған. «Қырық жыл жұмақтан бiр күндiк өмiр артық» дегендей ақын
кiмге де болса бүгiнгiнiң жақсылығын уағыздайды.
Тынымсыз еңбегi мен сарқылмас шабыты, азаматтық iзгi арманы,
мейiрбан мiнезiнiң арқасында ол өз елiнiң ең сүйiктi ақындарының бiрегейi
болып отыр.
«Бəрiне болдым төзiмдi,
Төзiмсiз болсаң төнер бұлт.
Кешегi айтқан сөзiңдi,
Бүгiн де айтсаң со қорлық» - десе, «Төзiмсiз болсаң төнер бұлт» -
деп ұлағатты ұлы сөзге жеткенiн аңғартады. Ол бұл ой түйiнiн өзi шеккен
өмiрдiң өзегiнен өрледi. Жас кезiнен бастап бүгiнгi үлкен ақынымыздың
бойында мөлдiр мақсат, қанатты арман ұялады. Тұманбайдың iшкi қуат-күшi
өжеттiк пен табиғи тамаша дарынынан, төзiмтал мiнезiнен сусындады,
сонымен бiрге, алдына анық мақсат қойып, сол нұрлы жолдан тайдырмады.
Əкесi Отан соғысына қатысып қайта оралмаған, жалғыз шешесiмен
жетiм қалып, өмiр тақсыретiн талай тартса да, Тұманбай Молдағалиевтiң
алғашқы өлеңдерiнен-ақ шуақты сезiм, жарқын ой аңғарылады. Жастық сезiм
оны қараңғыдан жарыққа жетелегендей, айналасындағы адамдарға деген
жүрек лүпiлiнен жаймашуақ күн сəулесiн көретiнбiз.
Ай қарады көгiлдiр көл бетiне,
Қыз қарады көлдегi келбетiне.
Қосылды да қос сəуле құшақтасты
Мөлдiр толқын төсiнде тербетiле, -деп бастаған Тұманбай жарты
ғасырдан берi өмiрдегi сұлулықты, адамдар арасындағы жарастықты жырлап
келедi.
Дүниеде табиғаттан асқан сұлулық жоқ. Тұманбайдың өсiп - өнген
өлкесi – «Жер жаннаты - Жетiсу». Жиырмасыншы ғасырдың бiрiншi
жартысында Жетiсуды дүлдүл ақын Iлияс Жансүгiров шалқи жырласа,
жиырмасыншы ғасырдың екiншi жартысынан бастап жайсаң ақын Тұманбай
Молдағалиев туған жерiн тебiрене толқи суреттеумен келедi. «Тау баласы
тауға қарап өседi» деп өзi айтқандай, ақ шыңын ай жұлдыздар аймалаған
Алатау – ақын шабытының ақ айдынына айналды:
Тауға шықтым, алғаш ұқтым биiктiктiң не екенiн,
Жұлдыздардың тұр қасында менiң туған мекенiм!
Өз тауымда арманымды күнде тауып жетемiн,
Осы тауда ұға түстiм ұлылықтың не екенiн.
Алатаудан алыс кетсем, қайта жету – арманым,
Қайда жүрсем өмiрiмдi Алатауға жалғадым.
Алатаудан алыс кетсем, түсiмде де тау көрем,
Алатауды ұнатпаған жұрттың бəрiн жау көрем.
Алатауға барған болсаң, аға үйiне барғаның,
Мəз болады ол жолымызға құрбан етiп бар малын.
Алатауым көрiнбесе, онда мен де көр соқыр,
Тауды сүйген ұлан болсаң, онда маған көршi отыр…
Асқақ Алатау ақын үшiн Жетiсу өлкесiнiң алтын алқасы ғана емес,
адамгершiлiктiң, тазалықтың, мəрттiктiң бейнесi. Табиғатқа таңырқау бар да,
оны жүрек лүпiлiмен тану бар.
Ақынның ой-қиялы өз Алатауын ғана айналып жүрмейдi, Алтайдың
асыл аймағын да, Сарыарқаның сар даласын да, Жайық толқындарын да
жағалап кетедi. Онда да сырттай тамашалау, мағынасыз тамсану жоқ.
Адамның iшкi дүниесiн қозғайтын құбылыстар арқылы тебiренедi. «Абаймен
сырласу», «Арман көрiп Ақтоғайдан», «Шұбартау ма туған жерiң»,
«Домбыраң едiм өз қолыңменен шертiлген», «Хамит жездем жетпiсте» т.б.
жайсаң жандарды жырлау арқылы ел мен жердiң топырағынан нəр iздейдi.
Жалпы, сұлулықты iздеу, жақсыны аңсау – ақын поэзиясының өзектi
арнасы. Ерке сұлу Париждiң көшелерiн қыдырса да, көне Римнiң сиқырлы
түнiн тамашаласа да, Тынық мұхиттың таусылмас толқындарында жүзсе де
iздейтiнi – жақсылық, iңкəрi – сұлулық. Жарық дүниеге айнала тiрлiкке
қыран көзбен, құмар сезiммен қарайтын ақын көлеңкенiң өзiнен сəуле
iздейдi, аспан асты гүлге оранып, жырға малынып, жайнап тұрса екен дейдi.
«Көгiлдiр көктем – көңiлiм менiң!» деп айналаға жар салғысы келедi. Сонау
соғыс жылдарындағы тұрмыс азабынан, аштық-жоқшылықтан асып арманға
жетуге жетелеген де, асықтырған да осы сезiм, əрине.
Тұманбайдың поэзиясын сөз еткенде, оның əн текстерiн айналып өту
мүмкiн емес. Əсiресе, ұлы сазгерлерiмiз Нұрғиса Тiлендиев, Шəмшi
Қалдаяқов, Əсет Бейсеуов шығарған күллi халық айтатын талай тамаша
əндердiң өлеңiн Тұманбай жазған.
Жыр мұхитында жарты ғасырдан берi талмай жүзiп келе жатқан
Тұманбай бүгiн де поэзия дейтiн Олимптiң биiк шыңында тұр. Оның ойды
оятатын, қиялыңды қозғайтын, жүрек тебiрентетiн жырлары ғасырдан-
ғасырға жалғаса бермек. Сұлулықтан терең сыр тартқан поэзия тұғыры
ешқашан төмендемек емес.
Бiздiң поэзиямызға соңғы кезде молынан үлес қосып келе жатқан
саламыз рубаяттар, яғни төрт тағандар деуге болды. Бұған Əубəкiр
Нiлбаевтың бiр жинағы мысал болады. Басқа ақындарда да бұл жағы
жеткiлiктi десе де болады. Сондай жинақтардың бiрi Əдiбай Табылдиевтiң
«Өнеге өрiмдерi» мен Ағынбай Бекбосын ақынның «Фəнилiк драма» атты
жыр жинақтары. Мысалы, Əдiбай ақынның қарапайым əдемi шумақтардан
кейiн ақын өзiнiң айтар ұғымын ширата алмай қалатын тұстары жетерлiк
екен. Оның үстiне жеке шумақтары не санмен, не жұлдызшамен белгiленбей,
ұзын өресi мың жарым шумақтың шұбалып жатқанын көремiз.
Ал екiншi жинақ «Фəнилiк драманың» жөнi бөлек. Автор бұл жолға өзiн-
өзi əбден шыңдап, шымырлап алып келген сияқты. Бұл да мың жарым
шумақ, үш дəптерден тұрады. Оның үстiне ақын алдымен Омар Хайямның
рубаяттарын аударып,, соның iшкi астарына зер сала құпиясын ашқан
сияқты. Жəне онысы өз жемiсiн толық берген деуге болады.
Көрiп жүрiп жүздердi кiм қабарған
Күн шуақты аңсауың - құрғақ арман
Заман, қоғам, қайсысы?.. əлде екеуi,
Бiр жерлерiн, əйтеуiр былғап алған!
Бұл шумақтар шынында да нағыз фəнилiктiң драмасын берудей-ақ берiп
тұр. Бiрақ осы шумақтардың əлде бiреулерге жүгiне айтылуы жұмбақ күйiнде
қалып қойған.
Поэзия əлемiне алғаш келген албырт ақындар көбiнесе аптапта аптыққан
күйi суға секiргендей көзiн жұмып, ойланбастан қойып кетедi. Кейбiреулер
су жұтып, қақалып-шашалып жатады, ендi бiреулер иiрiмге батып,
кейбiреулер бiртiндеп өзiнше малтуды үйренiп, құлаштап жүзiп кетедi.
Жағаға жандəрмен қайтадан ытқып шығатындар да аз емес. Ақындардың бəрi
де өлеңге солай келген сияқты.
Ал осы өлең жырдың Жайығына өз мəнерiмен, өзiндiк ерек жолымен
келген азғантай аяулы, ардақты ақынның бiрi – Ақұштап Бақтыгереева. Ол
басқалар сияқты малтыққан да, шалдыққан да жоқ, өлең айдынында өзiн
бiрден еркiн сезiндi. Өйткенi ол - өлең өлкесiнiң қанатты ақ шағаласы
болатын.
Ақұштап ақынның бүкiл шығармашылығын шолып шыққан адам оның
жырларының ең басты екi тiрегiн байқар едi: ол - ақынның туған ел мен
жерге деген ыстық махаббаты жəне қоғамдағы, өмiрдегi қиыншылықтар мен
əдiлетсiздіктерге, адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлiгi.
Оның алғашқы жарық көрген жыр жиағында əдеби қауымды елең еткiзген
«Өрiмтал» атты өлеңiнен бастап-ақ оқырмандар А.Бақтыгерееваны нəзiк
лирик ақын деп қабылдаған болатын. Дегенмен, оның осы лиризмiнiң
өзегiнде бiр өжет қайсарлық аңғарылатын. Өйткенi оның əр өлеңiнде
боямасыз өмiр, тартысты тағдыр жатқан едi.
Жұлқыса жел есiрiп,
Майысқанмен сынбадың.
Сыр айтпадың шешiлiп,
Неше келiп тыңдадым.
Қысты жеңiп, шуаққа
Жайраңдаған кезiңде,
Бойыңдағы қуатқа
Қайран қалам өзiм де…
Осы өлеңiнде тал-шыбықпен мұңдасқан өзi де өрiмтал ақын - қыз
шыншыл да сыршыл қалпымен жүректерде бiрден ұялап қалды. Ақ бантиктi
ақынның сол нəзiк қайсарлығы келе-келе үлкен күрескерлiкке,
қайраткерлiкке ұласты. Сол балғын шақта жазылған «Даламның
қарлығаштары-ай» атты өлеңдi де бей-жай оқу мүмкiн емес:
Кеудемдi жанап өттiңдер,
Жүр едiм жырды бастамай,
Азайып неге кеттiңдер,
Даламның қарлығаштары-ай!
…Топтанып ұшқан үйiрiң
Достардай едi-ау жаны iзгi
Адамнан кеткен мейiрiм,
Сендерде қалған тəрiздi.
Ақұштап Бақтыгерееваның жырларының өзiне тартар жұмбақ
магнитизмi бар.Оның қыр-сырын ашуды əдебиет зерттеушiлерiне, маман-
сыншыларға қалдыра отырып, мен өз тарапымнан ақынның өлеңдерiнiң
табиғат тамшысындай мөлдiр жаратылысын, өзен толқынындай ерке де еркiн
үйлесiмiн, жан-жүрегiңе жетiп, жiлiгiңнiң майына дейiн жiбiтетiн ақ шуақтай
симфониясын, бұлақтың сыңғырындай, жапырақтың сыбдырындай жанға
жақын да беймəлiм əуенiн танып бiлу қай оқырманға да кəусар сезiм
сыйлайтынын айтқым келедi.
Ол махаббат мақамын да өзгеге ұқсатпай, өзiнше, Ақұштапша
жырлайды.
Махаббат тағы саған қайта оралам,
Сен болшы тақырыбым қайталаған.
Өмiр жоқ махаббатсыз, бақыт та жоқ.
Басқадай əңгiмем жоқ айтар оған.
Ақ таңды сүю керек, нұрын күннiң,
Ұната бiлу керек түрiн гүлдiң.
Қыздары ғашықтықтан өлiп кеткен,
Аңызын оқу керек бұрынғының.
Жазғанмен махаббатты бұдан бұрын,
Қорғауға соны тағы шығам бүгiн.
Жарын сүйе бiлмейтiн жасықтардың
Елiн сүйетiндiгiне күмəндiмiн.
«Қыздары ғашықтықтан өлiп кеткен!». Екiнiң бiрiнiң аузына түсе
бермес, қаламына орала бермес бейнелi жол. Мұнда қасiрет те бар шығар,
бiрақ ол қалтарыста қалған. Қазақ қызына, оның махаббатына деген құрмет
осындай-ақ болар. Айтқан серттен айнымас арда сезiмге, ұлттың кешегi ұлы
махаббатына жыр жолымен қойылған ескерткiш секiлдi.
Қазақы əдет-ғұрып пен өнегенiң аясында тəрбие алған қыздың өзi сүйген
жiгiттiң алтын басын ардақтап, бағалай бiлуi бүгiнгi феминистiк заманда
тосын естiледi.
Шырағымбысың,
Шынарымбысың,
Қыранымбысың,
Жыр əнiмбiсiң.
Бəрi де сен бол, мен əйел болам,
Өзiңе ғана ұнауым үшiн!
Бұл да тек Ақұштапша ғана айтылған айшықты ойлар, айрықша дара
шумақтар. Мұндай өлеңдер, жасырып-жабары жоқ, бүгiнгi саусақпен
санарлық дарынды əйел-ақындардың кейбiрiнiң жiгiттердi кiлең жiгерсiз,
жасық, ұсақ, күйкi тiрлiк иесi етiп көрсететiн адуын жырларынан гөрi адам
жанына жағыңқырайды. Жiгiттi ардақтағаннан ақын қыздың лирикалық
кейiпкерi аласарып қалған жоқ, қайта өз бейнесi биiктеп, асқақтай түскен.
Француз жазушысы Альфонс Каррдың «Жазушы əйел кiтаптың санын
көбейткенмен, əйелдiң санын азайтады» деген сөзi бар. Бiрақ бұл сөз
Ақұштап апайға жүрмейдi. Өйткенi ол ақын да, ана да бола бiлген
асылдардың санатынан.
Анамын бөбегiн сағынған,
Ақынмын жыр боп ағылған.
Көңiлмiн екiге бөлiнген,
Жүрекпiн екiге жарылған.
Осы өлеңдi оқи отырып сүйсiнесiң, оқи отырып ерисiң. Ақындығына
тəнтi боласың, аналығына басыңды иесiң. Бұл да болса өлең - сөздiң
құдыретi.
Шындығын айтсақ, бiздiң поэзиямыздың тұтас бiр қабырғасын
қыздарымыз ұстай бастады десек, оған ешкiмнiң таласы бола қоймас. Сол
топқа тағы бiр сөзi мен ойы нық ақындарымыз келiп қосылды. Олардың
туындылары 2004 жылы жарық көрдi. Атап айтсақ, Ханбибi
Достарыңызбен бөлісу: |