Е. сейтжанов


Исабековтың «Ақырамаштан наурызға дейін»



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата22.02.2017
өлшемі0,78 Mb.
#4697
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Исабековтың «Ақырамаштан наурызға дейін» атты əңгімесі ауыл өмірін, 

ондағы əр түрлі Адам характерін шынайы көрсете білуімен əсерлі. Əңгіменің 

езу тарттырарлық юмормен жазылуы да оның əсер-күшін арттырып тұр. Бұл 

-  жəй  бір  жеңіл  күлкі  сияқты  көрінгенімен,  сол  арқылы  автор  əр  түрлі 

мінездер қақтығысын, адам ой-санасындағы қайшылықтарды ашып көрсетуге 

ұмтылады. 



Оқудағы  жалғыз  баласын  медеу  тұтып,  адал  еңбегімен  тұрмыс  кешіріп 

жүрген  аңқау  шал  Кемпірбай  жан-дүниесі  бюарынша  табиғи  қалпында 

көрініс  береді.  Күні  бойы  сиырмен  алысып,  титықтап  жүрсе  де,  оқудағы 

баласынан  посылка  алдырып,  төңірегіндегілерін  шайға  шақырып  қонақ  етіп 

жібермек.  Мұнысы,  біріншіден,  өзін  менсінбей  жүрген  кейбіреулерге 

көрсеткен  қыры,  екіншіден,  оқудағы  баласына,  ол  жіберген  тəтті  дəмге 

мақтаныш ету. Бəрі орынды, бəрі табиғи. 

Сондай-ақ,  жəбір  көрсеткен  Отардың  иттігіне  ыза  болып,  оған  дəп  бір 

баласы кінəлідей ренжіп хат жаздыруын да қисынсыз дей алмаймыз. Өйткені 

мұндай Кемпірбайларды кез келген ауылдан кездестіретініміз сөзсіз. 

Қолдарына сəл билік тисе, əлдеқандай болып бəлсініп, кісімсініп, жалған 

белсенділік  көрсетіп,  ұсақ-түйек  нəрседен  үлкен

 

дау  туғызып  түймедейді 



түйедей етіп жүрген Отар, Мүсір, Молдабай сияқтылардың мінез-құлықтары 

да  əңгімеде  барынша  нанымды  суреттеледі.  Бұл  характерлер-бірінде  жоқ 

қасиетін екіншісі толықтырып отыратын негіздес, тамырлас ұнамсыз типтер. 

Мінеки,  аталған  əңгіме  осындай  шыншылдығымен  баурап  алады.  Көз 

алдымыздан  өзімізге  таныс  ауыл  бейнесі,  əр  түрлі  мінездегі  адамдар  көпке 

дейін  кетпей  қояды.  Мұның  өзі,  айналып  келгенде,  жазушы  шеберлігін 

танытса керек. Əңгімен ің  тілі  де  нəрлі,  айшықты.  Əр  кейіпкердің  өзіне  ғана 

тəн сөйлеу ерекшелігі сақталған. 

Жазушы  творчествосының  жақсы  бір  қырын  көрсететін  əңгіменің 

əттеген-ай  дегізетін  бір  міні-кей  тұстарының  таза  сықақ  əңгімелерге  ұқсап 

кететіндігі дейміз. Ол тұстар жеңіл күлкі үшін ғана қызмет атқарып тұр. 

 Əңгіменің құндылығы, əсерлілігі оқиға қызықтылығында емес, адам іс-

əрекетінің  шынайылығында,  сол  шынайылықты  көрсету  үшін  сəтті  тауып 

алған  деталь,  штрихта  болса  керек.  Бұл  ретте  Əбіш  Кекілбаевтың 

«Тасбақаның  шөбі»  атты  əңгімесінде  осы  тасбақаның  аузындағы  шөп-

кейіпкер  характерін  ашып,  болмысын  таныту  үшін  орнымен  тауып 

қолданылған ұтымды деталь. Əңгіме кейіпкері-Қарабала өзінің адал еңбегіне 

ғана  сенген,  анау-мынау  пысықай  шаруамен  жұмысы  жоқ  жуас  адам.  Өзі 

еңбек  ететін  ұста  дүкенінен  қарыс  жерге  шығып  көрмеген  Қарабаланың  ат 

сабылтып аудан орталығына баратын жөні де жоқ еді. Өтірік-шынды əңгімені 

судай сапырып жүретін орақ ауыз пысық досы Оңбайдың өзі бітіре алмаған 

шаруаны  екі  сөздің  басын  құрап  айта  алмайтын,  қой  аузынан  шөп  алмас 

момын  Қарабала  қайтіп  тындырмақ!  Əйтеуір,  қиналса  да,  кісі  көңілін 

қалдырып  көрмеген  Қарабала, «ағайын  едің,  ең  болмаса  атыңның  бір  ащы 

терін қимадың» деп өкпесі қара қазандай бола ма деген оймен амалсыз жолға 

шыққан. 


Оңбайдың  кейбір  қылығына  қынжылғанымен  де,  оның  мүгедек  қалпын 

ойлағанда іші қимайды, жүрегі езіліп жүре береді. 

Оңбайдың  айтуынша, «ішінде  бір  оңған  адамы  жоқ»  аудан 

басшыларымен  қалай  тілі  табысып,  жолы  болғанына  Қарабаланың  өзі  таң 

қалады.  Мұны  аңғал  да  адал,  ырымшыл  Қарабала  «тасбақаның  шөбінің» 

қасиеті  деп  ұғады.  Ол  жолы  болып,  өзіне  көрсетілген  құрметтің  сол 

адамдарға бір кезде өзі тигізген көмегінің, адал еңбегінің нəтижесі, қарымы 


екенін  де  аңғармайды.  Əңгімедегі  осы  іс-əрекеттің  барлығы  да  кейіпкер 

табиғатын  танытуға  қызмет  атқарып  тұр.  Əншейінде  көптің  көлеңкесінде 

байқалмай  жүрсе  де,  еңбек  адамының  əр  кезде  құрметке  ие  болатындығын, 

еңбегі  ескерілетіндігін  аңғартады  əңгіме  идеясы.  Адам  адал  еңбегімен, 

қулық-сұмдықсыз  түзу  тұрмысымен  беделді,  сонысымен  жолы  болып,  ойға 

алғаны орындалады деген ой бар. 

Автор  өмірдегі  осындай  кейбір  елеусіз  болып  көрінетін  əрекеттерді 

терең түйсініп, көркемдік шындыққа айналдырып, кейіпкерлер болмысының 

табиғи қалыптасуын пайымдатады. 

Сөйтіп,  əңгіме  сюжеті  байсалды  дамиды  да,  Оңбай  Қарабала  сияқты 

кейіпкерлер  характері  біртіндеп  ашыла  береді.  Бірімен-бірі  сабақтасқан 

жүрек  шымырлатар  шынайы  көріністер  еріксіз  иландырады,  мақұлдатады. 

Кейіпкер  қимыл-қарекетінің  шынайылығын  психологиялық  дəлел-дəйек 

нанымды да тартымды жеткізіп тұр. 

Сонымен  автор  бұл  əңгімесінде  ақ  адал  жанымен,  адамдық,  азаматтық 

зор қасиетімен көрінген қарапайым еңбек адамының тұлғасын мүсіндеген. 

Туған жер туралы ерекше бір толғаныспен оқылатын əңгіме-Тынымбай 

Нұрмағамбетовтың «Ата қонысы».  

Жоғалған  сиырын  іздеп  Мұқа  шал  атақонысына  барып  қайтты.  Дұрыс-

ақ.  Бірақ  əншейінде  мезгілмен  қырынып,  мұнтаздай  киініп,  қарттығын 

жасыра,  бойын  да  тік  ұстап  жүретін  Мұқа  бұл  жолы-осы  бір-екі  күннің 

ішінде неғып сонша Адам танығысыз боп, қартайып шыға келді? 

Мінеки,  осының  сырын  ойлағанда,  əңгімедегі  суреттелген  жағдайлар 

санаңда  қайта  жаңғырып,  жан-дүниең  бірде  алай-түлей  күйге  енсе,  бірде 

жүрегіңді  сыздатқан  сағыныш  па,  мұң  ба,  əйтеуір,  сол  сияқты  бір  нəрсе 

бойыңды билеп бара жатады. 

Бұл-кейіпкердің нəзік сезімдерін сыршылдықпен жеткізе білген жазушы 

шеберлігін танытса керек. 

Автор  Аймүйіз  сиырдың  атақонысына-үйренген  жеріне  келіп 

бұзаулауын, оны іздеп келген Мұқа шалдың іс-əрекеттерін суреттеу арқылы 

туған  жердің  жанға  да,  малға  да  ерекше  ыстықтығын  көрсетеді.  Əңгіме 

желісін  нақты  өмір  шындығымен  өрнектей  отырып,  автор  қилы-қилы 

тағдырларды, алуан түрлі мінез-құлықтарды көз алдымызға əкелді. 

Шығармадағы  Мұқа,  Шынаркүл,  Торғын – үшеуінің  əрқайсысы  тек 

өздеріне тəн ой-көзқараспен, сенім-наныммен жеке-жеке танылған. Бұлардың 

іс-əрекеттерінен қадау-қадау ой тұжырымдар түйіндеп, шығарма идеясының 

тарамдалып жатқан нəзік арналарын ажыратып байқауға болар еді. 

Бір  ғана  өрікке  байланысты  сəтті  табылған  детальдың  өзі  қаншалықты 

дəрежеде кейіпкер характерін жыға танытып тұр десеңізші! 

«Шынаркүл өріктің біреуін аузына салды. 

- Дəмі де сол күйі. Бал татиды. Мұқа-ау, жеп көрдің бе өзің?... 

Шынаркүл  өрікті  қуана,  тоймас  құмарлықпен  шайнады.  Мұқа  өрікті 

аузына салып еді. Анау айтқан дəмі байқалған жоқ. Аузы су татып кеткендей 

болды. Бірақ Шынаркүлге сыр Берген жоқ. 

- Дəмді екен,-дей салды» 



Осы  екі  түрлі  сурет  көп  жайды  аңғартады.  Қарап  отырсақ,  екеуі  де 

өмірлеріндегі  көп  қызығы,  көп  қиындығы  өткен  Талтоғанды  аңсап  отыр. 

Бірақ  əр  түрлі.  Мұқаға  қарағанда,  Шынаркүлдің  сағынышы,  мұңы  ауырлау, 

аяныштылау.  Неге?!  Мəселе-дəл  осы  сəттегі  екеуінің  хал-ахуал,  тұрмыс-

жағдайындағы  айырмашылықта.  Мұқа  болса-балаларының  бəрі  ержетіп,  өзі 

төсек жаңғыртып жас əйел алып, жасаңғырап тұрған тоқ көңіл шағы. 

Шынаркүл-жалғыз  ұлы  Қайыпбегінен  айрылып,  жапан  таудың 

бауырында  жалғыз  үй  қалып,  Алыпсоқтан  басқа  ес  қылар  ешкімі  жоқ 

қамкөңіл жан. 

Шығарма бұдан əрі тіпті тереңдей түседі. Мəселен, Шынаркүлдің жылап 

отырып айтқан əңгімесінен біздің де көңіліміз босап, жүрегіміз езіле түседі. 

Сөйтіп  отырып,  көп  сырға  қанық  боламыз.Шынаркүлдің  Мұқаға  кіршіксіз 

матаға өрік түйіп беруі-оның оған деген аппақ көңілін білдірсе керек. Тіпті, 

Оның Аймүйізді сипап, бұзауына ноқта есіп беруі де шымырлатар суреттер. 

Шынаркүлдің  əңгімесін  тыңдап  отырып,  Мұқа  өзінің  пендешілігіне 

қатты  қынжылды,  қатты  қысылды.  Талтоғаннан  алғаш  көшкенде: «Бауыр 

басқан  атамекенді  қия  алмай  қайта-қайта  барып  тұрармын»,-деп  ойлайтын. 

Солайын  солай  да  сияқты  еді.  Бірақ  жаңа  орта,  жас  əйел,  қоршағанды, 

қошамет-құрмет  өзіне  бейімдеп,  басқаша  жағдайға  қалыптастырып  жіберді, 

Мұқтажсыз тіршілік, тоқ көңіл көп нəрсені ұмыттырады екен. 

Мұқа  мен  Шынаркүлге  қарағанда,  əңгімедегі  Торғын  бейнесі  мүлде 

басқа кейіпте. Оған салсаң, Аймүйіз жоғалып кетсе де  бəрібір. Атақонысың 

да, өрігің де оған бір тиын. Байлыққа, барлыққа қызыққан, соның арқасында 

былқылдап өскен Торғын шығармада аз көрінсе де, өзіндік болмыс-бітімімен, 

өзіне  тəн  мінез-құлқымен  жеке-дара.  Оның  бейнесі  өз  алдына  басқа  пайым-

қорытынды түйгізеді.           

Сайын  Мұратбеков-əдебиетімізге  өзіндік  тақырыбымен,  өзіндік 

стилімен, образ өрнектеу еркешеліктерімен келегн жазушыларымыздың бірі. 

С.Мұратбеков өзгелерден алған өнегесі, басқаға берер үлгісі де көп. «Менің 

қарындасым» атты тырнақалды əңгімесінен бастап «Жабайы алма» повесінің 

аралығындағы  жазушылық  жолында  ол  бір  сəт  прозадан  ауытқып  көрген 

емес. «Алғашқы қар» əңгімесінде екі-ақ кейіпкер бар: трактористжігіт Сұлтан 

мен  Күлипа  қыз.  Алғашында,  оқиғаның  басында  өзі  отырған  трактордың 

иісін  де,  оны  жүргізіп  келе  жатқан  Сұлтанды  да  онша  жақтыра  қоймайды. 

Қызға  жігіттің  қимылындағы  сылбырлық,  оның  «өгіздей»  үндемей 

отыратындығы  ұнамайды. «Адамның  тұлғасы  да  осындай  рабайсыз  болады 

екен-ау» дейтін. Сенесіз. Күлипаның Сұлтанды бірінші рет емес, күнде көріп 

жүргенін  жəне  жігіт    əкесінің  ұлына  қалыңдық  таба  алмай  əуре  сарсаңға 

түскенін  білсеңіз,  оның  үстіне  Күлипаның  осы  маңдағы  мақтаулы  қыздың 

бірі  екенін  ұмытпаған  болсаңыз  қыздың  жігітті  сүймейтініне  сеніміңіз  арта 

түседі.  Ал,  шығарма  қалай  аяқталады?  Екі  жастың  бірін-бірі  ұнатуымен 

аяқталады.  Ауылдан  аулақта  адасып  кетіп,  мидай  далаға  түнегенде 

«рабайсыз» жігіт дөрекілік жасап, қызды құшақтамады да, сүйдім-күйдім деп 

ант-су ішпеді де. Шүп тарту, ауып кеткен шананытүзеу төңірегінен тысқары 

сөз  де  болған  жоқ..  Абайласақ,  жігіттің  салмақтылығы,  тапсырылған  іске 


тындырымдылығы, жанындағв ғызға деген мөп-мөлдір сезімі, оны жеткізуге 

батылы бармай (таза махаббат солай болса керек-ті) тек жанарымен түсіндіру 

Күлипаны  еріксіз  баурап  алады  да,осы  сəтке  дейінгі  қыздың  жігітке  деген 

теріс көзқарасын ұшты-күйлі ұмыттырады. 

Сайын  Мұратбековтың  өз  əріптестерінен  жəне  бір  өзгешелігі-жастар 

бейнесін  жасаудан  таймай  келе  жатқандығы.  Ілгеріде  айтылғандай  Сайын 

ауыл  прозасының  белсенді  де  табанды  шебері  болса,  сол  ауыл  өмірінің 

ішінде  көбіне-көп  жастардың  əрекеті,  солардың  ой  санасындағы 

жаңашылдық қызықтырады жазушыны. 

Шығармадағы  тартыс  дегеніміз  кейіпкердің  əр  қимылы,  əр  сөзі  арқылы 

көзге ұрып тұруға тиіс емес. Жазушы өзінің ойы мен пайымын жеткізу үшін 

оқиғаға  қатысушыларды  төбелестірмеді  деу  қате.  С.Мұратбековтың  «Менің 

құрдастарым»  əңгімесінде  мынадай  диалог  бар: «Нұрлан  оқуға  кетті-деді 

əлден уақытта қапаланған көңілмен. 

-Оқығаны дұрыс қой…» 

Бұл жолы да апам менің жауабымды ұнатпады. Көп уақыт үнсіз отырды. 

Бір  кезде  терезе  алдынан  жүгіре  басып  қарындасым  өтті  де,  екі  иінінен 

алқына дем алып үстімізге кірді. Тіптен біз күткендей емес. Балғын жүзінде 

қуаныш ойнап тұр. Келген бойда апамды қапсыра құшақтап, бір айналдырып 

билеп шықты… 

Апам ыңғайланып əлдене айтпақ болып еді, бірақ Əлима ырық бермеді. 

-Апа, апатай, керегі жоқ ештеңе айтпаңызшы…Сіз қалай десеңіз де мен 

оған сенемін… 

Ауылға  қазірге  үйленбеген  жас  жігіт  күйеуінен  ажырасқан  келіншек 

Əсилаға іңкəр. (Қысқы кеш). 

…-Əсила мен сені ғана сүйемін ғой. 

-Енді қайт дейсің, сүйе бер… 

-Əсила, менің табысым Жүністен кем болмайды. 

-Əй, Жолбай, осы сөздерді мен сенен естіп тұрмын ба,- деп Əсила кейіс 

үнмен  оеы  тыя  тастайтды. –Жоқ,  Жолбай  олай  демеші.  Оның  пысықтығы 

менің жаныма тиетін. Енді түсіндің бе? 

Əңгіме  жанрының  көркемдік  дамуына  елеулі  үлес  қосқан  Сайын 

Мұратбеков-өмір  құбылыстарын  бейнелей  де  суреткерлік  шеберлігін 

танытқан  қаламгер.  Бүгінгі  ауыл  өмірі,  қарапайым  еңбек  адамдарының 

тұрмыс-тіршілігі,  қуаныш-реніші  Сайын  əңгімелерінің  өзекті  арқауы.  Автор 

қарапайым  кейіпкердің  басында  болатын  əр  қилы  психологиялық  сезім 

сипаттарын,  тебіреністерін  аса  бір  дəлдікпен  нəзік  суреттеп  береді.  Оның 

«Қылау», «Үскірік», «Күсен-Күсеке», «Отау  үй», «Ұлтуған»,  т.б.  əңгімелері 

бұл айтқандарымызға толық дəлел бола алады. 

С.Мұратбековтың «Жусан исі» əңгімесі бізді сонау соғыс кезіндегі ауыл 

өміріне Аян деген баланың басынан өткен қиыншылықтарды көрсету арқылы 

автор  соғыс  кезіндегі  ауыл  өмірінің  шынайы  болмысын  көз  алдымызға 

келтіреді. Шешесі қайтыс болып, əкесі майданға кеткен Аянның бар сүйеніші 

əжесі ғана еді. Ал, мол əжесі қайтыс болғанда, онсыз да жасқаншақтау, қас-

көңіл баланың тағдыры тіпті қиындып, таза жетімдік хал кешкенін көреміз. 


Сұм соғыс қаршадай балаға да өз дегенін істетіп, бірте-бірте тауқыметін 

ауырлата бастап еді. Ол Аянның қарапайым əрекетінен-ақ байқалып жаты. Өз 

құрбылары  күні  бойы  сырғанақ  Ойнаса,  ол  кісі  үйінің  малын  жайғап,  суын 

əкеліп, сырғанаққа жападан-жалғыз түнде ғана суреттелген тұс өте бір нəзік, 

психологиялық  тебіреніспен  оқылады.  Бұзаудан  құлап,  тобығын  шығарып 

алып азап тартып жүрген осы бір қиялшыл, арманшыл баланың ендігі көңіл 

жұбатары  өзінің  жанынан  шығарған  қызықты  ертегілері…  Одан  кейін, 

жағасынан жусан исі бұрқыраған ағасының ескі пальтосы… 

Аян өзінің көрген жəбіріне, Тұржан сияқты қатыгез адамдардың иттігіне 

деген  қарғыспен  сол  ертегілермен  айтушы  еді.  Ол  өзі  аңсаған  дүниедегі 

жақсылық  атаулының  бір-бəрі:  ерлік  те,  ізгілік  те,  сұлулық  пен  ақылдылық 

та,  əйтеуір,  адамға  тəн  небір  асыл  қасиеттің  барлығы  да  сол  ертегілерінде 

болушы еді. 

Айта  кететін  нəрсе-əңгімеде  басынан  аяғына  дейін  Аян  тағдыры 

суреттелетін əр эпизодтың бірінен-біріне жалғасқан  сайын бояуы қалыңдай, 

əсерлілігі күшейе түсетіндігі. Мысалға бірнеше үзіндіні алып көрелік. 

«Жарғақ  Сары  тон  киген  Аян  күлімдеп  тұратын  қара  көзі  шарасынан 

шыға үрейге толып жаутаңдап, өңі боп-боз, есігінің алдында тұр екен». 

«Онан соң Сары тонының омырауына тұмсығын тығып, суық сорған өңі 

өкпеңбек  боп  бозарып  біздің  ойнымызға  қарап,  шетте  үнсіз  состиятын  да 

тұратын. 

«Бас  демей,  көз  демей  былшылдатып  тебе  берді.  Əуелде  құлындағы 

даусы  шығып  шырқырап:»Ағатайлап»  шыңғырған  Аянның  біраздан  кейін 

мүлдем үні өшті. Кирзі етіктің астында жансыз заттай илектеніп жата берді». 

«Аян  есік  жақтағы  темір  пештің  түбіне  төселген  қара  құрым  киіздің 

үстінде, кір-кір жұқа құрақ көрпе жамылып жатыр екен». 

«Лауылдап  жатқан  сабанның  арасы  бытыр-бытыр  ете  қалғанда,  Аян 

арық  қолын  отқа  тығып  жіберіп,  шала  пісіп  қалған  күйелеш  масақты  лып 

дегізіп суырып алатын.». 

«Аян қараңғы бұрышта бір уыс боп бүрісіп, екі алақанымен бетін басып 

солқылдап жылап отыр екен. Ұзақ жылады. Онан соң көзін сүртті де, қорадан 

шықты. Сыртқа шыққан соң көрдім, көзі қып-қызыл боп кетіпті». 

Мінеки,  бұл  суреттердің  бəрі  де  шығарманың  көркемдік  мазмұнын 

қоюлатып, тұтастығын сомдай түскен. 

Соңғы  бірыңғай  əңгіме  жанрында  еңбектеніп  жүрген  жазушы  Оразбек 

Сəрсенбаевтың  бұл  саладағы  өзіндік  ізденісі  көз  қуантып,  көңіл 

толтырарлықтай.  Автор  əңгімелерінің  нақты  өмір  шындығын  салмақтай 

отырып, қилы-қилы тағдырларды, əр алуан пиғыл-ниеттерді ашып-айқындау 

арқылы  əлеуметтік  мəселелерді  қозғау,  көтеру  басым  жатады.  Қаламгер 

творчествосының  өзіне  тəн  ерекшелігі  де  осындай  сипаттардын  туындап 

жатса  керек.  Автор  көбіне  ауыл  өмірі  жайлы  жазады.  Оның  «Жиде 

гүлдегенде», «Жақсының  көзі»  жинақтарындағы  əңгімелерден  бүгінгі  ауыл 

адамдарының  тіршілігін,  түйсік-сезімін,  қайшылық-қақтығыстарын  көруге 

болады.  Автордың  «Қосқұлақтың  басында»  атты  əңгімесінен  де  осы 

айтқанымыздай жақсы нышандар байқалады. 



Облыстық  газет  редакторы  Бəкір  Жарылқасынов  бастаған  бір  топ 

шаруашылық басшыларының, мал мамандарының шопандар аулын аралауын 

сөз ете отырып, автор олардың əрқайсысының мінез-құлқынан, характерінен 

хабардар етеді. 

Қора-қопсысы  сайланбаған,  жағдайы  мəз  емес  шопан  үйіне  тосыннан 

келген  облыстық  газет  редакторының  алдында  жергілікті  басшылар  қатты 

қысылады.  Бұдан  олардың  малшы  жағдайына  қырсыздығы  көрініп  қалады. 

Бірақ  бұл  əрекеттерін  бүркелемек  болып,  олар  кінəнің  бір  ұшын  шопан 

Көбентайдың  өзіне  əкеп  тірейді.  Əңгіменің  алғашқы  беттеріндегі  осы  бір 

көріністерден  кімнің  кім  екені  шаң  беріп  қалады.  Шопан  жағдайымен 

бажайлап  танысқан  Бəкір  «бұл  қалай»  демесе  де, «сезікті  секірер» 

дегендейін,  шаруашылық  басшылары  өздерін  өздері  əшкерелейді.  Колхоз 

председателінің  маңғаз  көлгірлігі,  ферма  меңгерушісінің  таяз  да  жалтақ 

жарамсақтығы  байқалып  қалады.  Осылайша  характерлер  қақтығысы 

басталып келе жатқан əңгіменің негізгі арқауы шегініс арқылы Тасмағамбет 

тағдыры  суреттелетін  тұста  тарқатылып,  тіпті,  үзіліп  қалғандай  əсер  етеді. 

Бұл  шегініс  тым  ұзақтау  ма  деп  ойлаймыз.  Шегініс  Бəкірдің  өмір  жолын 

танытуда,  оның  бала  кезін  еске  түсіріп,  өскен  жерін  көріп  толқуын, 

тебіренуін  көрсетуде  белгілі  дəрежеде  жүк  арқалап  тұрғанымен,  əйтеуір, 

əңгіменің негізгі идеясына қабыспайтын сияқты болады да тұрады. 

Сондай-ақ,  автор  шегіністе  сырттай  баяндауларға  көбірек  жол  беріп 

алған секілді. Жоғарыда біздің тым ұзақтау, шұбалаңқылау көрінеді дегеніміз 

осыдан болса керек. 

Ақселеу Сейдімбековтың «Күзеуде» əңгімесі. Шығарма бастан-аяқ осы 

махаббат  деген  құдіретті  сезімнің  тосын  хикаясына  құрылған.  Тосын 

дейтініміз-осынау күрделі өмірден аларын алып, берерін берген, асарын асап, 

жасарын жасап дегендей, ата сақалы аузына шығып, алпыстан асқан шағында 

Ршыманның  махаббат  шарпуына  ілінуі.  Осы  бір  кешігіп  келген  асыл  сезім 

ақсақалдың  жан-дүниесін  аласапыран  етіп  кетті.  Тіпті,  көзінен  əлдеқашан 

бұлбұл ұшқан жігіттігі қайта айналып соққандай күй кешті. Ршыманның бұл 

уақытқа  дейінгі  көрген  қызық  қуанышы  түкке  тұрмай,  əшейін  бір  далбаса 

нəрсе,  тек  өмір-тіршіліктің  қамы  ғана  болып  қалды.  Автор  «махаббатсыз 

дүние  бос»  деген  қағиданы  өзінше  бір  дəлелдеп,  түйіндеуге  ұмтылады.  Бұл 

тұрғыдан  келгенде,  автор  көз  жетіп,  көңіл  иланатын  біршама  шынайы 

суреттеулерге барып, шеберлік танытады. 

Əңгімедегі  кейіпкерлердің  өзара  қарым-қатынасы,  көңіл-күй,  қимыл-

əрекеттері  бірте-бірте  күрделеніп,  пəлендей  бір  ірі  ситуацияға  бармаса  да, 

ширыққан  сезімдер  қақтығысы,  ішкі  жан-дүние  арпалысы  шегіне  жетіп 

бедерленген.  Көз  алдымызға  бар  қайғы-мұңы,  қуаныш-ренішімен  елестеген 

адам тағдырлары толғандырады, күрсінтеді, ойландырады. 

Автор  шеберлігі  дегенде,  ендігі  бір  айта  кететін  нəрсе-əңгімедегі 

кейіпкерлер 

характерінің 

табиғат 

құбылыстарымен 

астастырыла, 

сабақтастырыла  суреттелгендігінде  дейміз.  Шығарма  жанға  жайлы, 

тамылжыған  қоңыр  күзді  суреттеуден  басталады.  Күздің  арты-қыраулы  қыс 

деген сөз. Ол да ертең-ақ жетіп келеді. Май тоңғысыз маужыраған қоңыр күз 



жоғалады. Ршыманның да Торғынмен өткізген аз күнгі қызық-қуанышының 

ғұмыры  қысқа  болды.  Бұлай  болады  деп  ойламаған  Ршыман  аһ  ұрып  қала 

берді. Күрт бүгіліп, опырылып құлай түсті. 

Біз, бұл əңгімені шынайы көркем шығарма ретінде талдағанда, осындай 

ой-пайымдауларға  барамыз.  Ал,  жалпы,  мəселенің  қойылуында  көңілге 

түйткіл  түсіретін  бір  нəрсе-Ршыман  мен  Торғынның  бір-біріне 

ғашықтығында. Əрине, мұндай жағдай өмірде болмайды деп айта алмаймыз. 

Адам жүрегінің мəңгілік күйі-махаббат туралы өзінге толғап, сонны ой-

пікірлер  түйіндейтін  шығарманың  бірі-Бексұлтан  Нұржекеевтің  «Бір  ғана 

махаббат»  əңгімесі.  Мұнда  автор  махаббат,  сүйіспеншілік  секілді  нəзік  те 

пəк  сезімнің  тұтастығын  айта  отырып,  оны  уақыт  шындығымен  үйлестіре 

бейнелеуге ұмтылады. Жазушы осы арқылы махаббат атты жұмбақтың жеке 

адамдық  құбылыс,  жүрек  əміріне  байланысты  іс  екенін  баса  көрсеткен. 

Сөйтіп, махаббат туралы толғанысқ түсіп отырған кейіпкер жан-дүниенсінің 

қозғалыс-эволюциясын,  нəзік  иірімдерін,  психологиясын  шынайы  суреттей 

алған.  Жақыптың  сонау  естияр  бала  кезінен  бастап  жақсылыққа,  пəктікке, 

сұлулыққа  ұмтылуының  кейін  жігіттік  шақта  махаббатқа  ұласуын,  сөйтіп, 

«бір адамның ғұмыры-бір махаббаттың тарихы» екенін, адам бойындағы осы 

ізгі  сезімнің  бастамасы,  тəй-тəй  басқан  тұңғыш  қадамы,  толысуы  сияқты 

сатылары  болатынын  пайымдатады  автор.  Қысқасы, «бір  адам  өмірінің 

балалығы,  жігіттігі,  қарттығы,  сəттігі  мен  сəтсіздігі  болатыны  сияқты,  бір 

махаббаттың да бірнеше өмір жасы, ессею кезеңі бар». 

Біз де ойға қаламыз. Адам өмірі махаббатпен, бір-біріне деген кіршіксіз 

сүйіспеншілікпен, пəктікпен нұрлы екен. Адам осы асыл сезімдердің аясында 

тербеліп өседі екен. Бұларсыз өмір мағынасыз, сəулесіз қалады екен. 

Осы  əңгіменің  бір  олқы  тұсы-автордың  аракідік  əңгіме  тұтастығын 

босаңсытып  алатыны,  негізгі  айтпақ  идеясын  қорытып,  түйіндеуді 

оқырманның  еншісіне  қалдырудың  орнына,  кейіпкер  ойымен  тəптіштеп, 

тиянақтап  кетуі  дейміз.  Өйткені  шығарма  сюжеттің  дамуы,  шарықтауы 

кейіпкер  характері  оқырманды  Жақып  түйген  ой-пікірге  онсыз  да  алып 

келетіні даусыз. 

Қазіргі  қазақ  əңгімесінің  ең  таланты  шебері-Оралхан  Бөкеев  еді. 

Алдымен  Оралханның  суреткерлік  даралығы  сол-ол  өмірдің  əлдебір  əсерлі 

деталын,  жүрегіңді  шымырлатар  құбылысын  дəл  байқап,  оқырманның 

алдына  жайып  салады.  Қалада  оқып  ғылым  жолын  қуған  қыздың  алыстағы 

ауылдағы  механизатор  жігітке  ғашық  болуы  (Аспирант  қыздың  тракторшы 

жігіті) бəлкім таңдандыра қоймас, бірақ Қалқаштың шынайы ғашық сезіміне 

иланамыз.  Ол  қаза  тапқан  жігітінің  арманын  да,  суреттегі  бет-бейнесін  де 

өмір бойы аялап өтетініне еш күмəн туғызбайды. 

Осындай  жайдан  туындап  жататын  тағы  бір  ерекшелігі-Оралхан 

əңгімелерінің  нəзік  лиризмге  толы  болып  келетіндігі.  Əсіресе, «Ауыл 

хикаялары»  цикліндегі  новеллалары  мұның  айқын  дəлелі.  Айталық 

«Апамның астауы» əңгімесінде тумаған баланың анаға, ананың балаға деген 

үлкен  жүректі  махаббатын  келістіре  суреттеумен  бірге  сол  əженің  он 


саусағынан өнері тамғанын көрсету арқылы да ұлттық этнографияға қатысты 

салихалы ой толғайды. 

Тағы  бір  айта  кететін  жай-автордың  шығармалары  өлеңмен  жазылғанда 

жеңіл  оқылады,  соның  өзінде  орынсыз  асып-төгілу  жоқ,  салмақтылығымен, 

ойлылығымен қымбат. 

Мұның  бəрі  сайып  келгенде,  шағын  келгенде,  шағын  болса  да  қойылар 

міндеті  үлкен  жанрдың  тақырыптық,  стильдік  тұрғыдан  жетіле  түскенін 

аңғартады.  Жанрдың  үлкен-кішісіне  қарамастан,  əдебиетке  жүктелер 

міндеттің əрдайым ауыр да абыройлы екені баршаға мəлім. 

Бұл  тұрғыда  əңгіме  ұшқыр  да  ұтымды,  белсенді  жанр.  Мұның  өзіндік 

проблемалары, шешімін күткен мəселелері көп-ақ. Əдебиеттен бүгінгі күннің 

көкейтесті  мəселелерін  көтере  алатын,  өмірдегі  сан  алуан  сауалдар  мен 

оқиғалар  төңірегінде  тебірене  толғанатын  терең  сезімді,  парасатты 

қаһармандарды іздейміз. Ал, қазіргі қазақ əңгімелерінен де күтеріміз осындай 

алдыңғы  қатарлы  замандасымыздың  толыққанды  тұлғасы,  бедерлі  бейнесі 

болмақ. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет