Есенқараеваның «Ай туады бозарып», Марфуға Айтхожинаның «Аққу
жүрек», Фариза Оңғарсынованың үш томдық шығармалар жинағы
(Астана, Елорда баспасы, 2004), Маржан Ершуованың «Шырақ» атты
жыр жинақтары жарық көрдi.
Өлең жолындағы небiр ащы да тұщы жолдардан өткен ақынның бiрi –
Ханбибi Есенқараеваның жолы ерекше. Бұл ақын керек десе өлең-сөз
құдiретiмен тасты иiтем десе иiтiп, одан от ойнатам десе оған да барып
жүрген ақын. Бiрақ көкірек үнемi айқара ашылып жүрмейтiндей, бұл жолы
ақын айдың бозарып туғанына бас қойған сияқты. Өнемейiн ақ найзасын
арқалаумен күн өткiзетiн жандар сирек кездесетiнi тағы бар. Бiр сəт олар да
тұнжырап, мүлгiп ой құшағына қонақтау керек қой. Олай болса ақынның
«Сексеуiл» деген өлеңiнен үзiндi көрейiк.
.. Бағынбай балта-iрiңе,
Ұйысып ойға шомғансың.
Бiрiңдi ұрып бiрiңе
Сындырар қолдар болғансың!
Байқағанға осы өлеңде бүкiл халқымыздың тағдыры жатқандай.
Тағы бiр тамаша ақынымыздың бiрi – Марфуға Айтхожина. Жалпы бiз
ақынның өлең-жырларын оқығанда, олардың түп тағдырына үңiлмеу
астамшылық болар едi. Жинақ - бiз жоғарыда атап өткендей «Аққу жүрек».
Бұл жинақтан менiң ұққаным, өзiнiң əдемi сырбаз үнiмен ақырын сөйлеп алға
ұмтылып отыратын сақтық, мiнездiң сарқытындай əсемдiк жəне жинақтың
өне бойында құс үнiмен астасып жатқан бiр саз бар сияқты. Əр жырдың басы
күнделiктi тiрлiктей қарапайым сызылып басталып, аяғына келгенде
Марфуғаның сөз түйiнiндегi өрнегi жарқ ете қалады. Бiз ендi осы сөздерiмiздi
дəлелдеу үшiн ақынның өзiне жүгiнейiк.
..Өсiп едiм Тəңiрдiң күнгейiнде.
Өткен күндер көп болды күлмей мүлде.
Туған жерден табаным аумағанда.
Биiгiнде еркiмше жүрмеймiн бе?
Сəттi күндер аз емес арай күлген,
Тыныштығын iргемнiң қалаймын мен.
Сағыныштан жаралы жүрегiмдi
Жайым бар:
Жыр жапырақпен жамай бiлген.
Бұл жасыл жапырақпен əдемi көмкерiлген ақын тағдыры.
Марфуға Айтхожинаның «Абылай ханның даңғылында ақ үй бар», «Ана
тiлi», «Өзiңнен бақытымды тауып терең», «Жандарға қызығамын анасы бар»,
«Жалғыз қайың», «Көңiлдi отыр мұң басып», «Мұстафа Өзтүрiк», «Қиял
билеп еркiмдi», «Қауымдастық», «Көтерiп көлеңкемдi…» атты өлеңдерi бар.
Ендеше солардан мысалдар келтiрейiк.
«Жандарға қызығамын анасы бар» атты өлеңiнен үзiндi.
Жандарға қызығамын Анасы бар,
Ананың орны дəйiм дара тұрар!
Ерте кеткен Анашым еске түссе,
Көңiлiм толқын атып аласұрар.
..Ой тетiк, жүрiс ширақ сексенiнде,
Күн түсiп отырған жоқ көп келiнге…
Жүзiнен асыл Ана нұр тамады,
Қандай болды десеңшi,
Көктемiнде?!
Əкелiп дүниеге қанша бала,
«Жолында осылардың жан садаға..»-
Деп өсiрген кешегi ұл-қыздары.
Аттанып кеттi бүгiн,
Сан-салаға!.
Адамға келмейдi ғой бақыт тегiн,
Өшпейдi, көкейдегi ғашық сезiм.
Ананы алақанда аялаған,
Күң мен құлың секiлдi
Уақыт сенiң!..
Осы жырлардың қай-қайсысын алсақ та, осындай жұмсақ ерке наз
жолдардың қоршауында қалып отырасың. Сонымен сөзiмiздiң басында
айтқанымыздай, қарапайым лебiздiң ыстық құшағына енгендей боласың.
Осы екi ақын қыздың жырларындағы айырмашылықты олардың
жырларынан-ақ байқауға болады.
Соңғы уақытта поэзия төрiнен орын алып отырған ақындарымыздың бiрi
– Фариза Оңғарсынованы ерекше тiлге тиек етуге болады. Ақынның
өлеңдерi үш томдық жинақ болып жарияланды, осылардан үзiндi келтiрiп
өтейiк.
«Мiнез»
Адамдар – ай сыртынан жылтыраған,
Сырты жылтыраса да, құлқы харам.
Сол шындықты бүкпесiз
Ал ендi, Маржан Ершуованың «Шырақ» атты жыр жинағына дес
берейiк. Бұл жинақта Маржан өзiнiң ақын басын тасқа да ұрып, тауға да
соғып қысқасы шарқ ұрып iзденгенiне куə боламыз. Ендеше, ақынның
өлеңдерiнен үзiндi келтiрейiк.
«Ақ бетiнiң сүтi тамып…»
Керуендей ұзын күн, Мұхит түбiн бойласам
Кешегiден көшедi.
Үмiттенем қуатпен:
Шапағындай қызыл тым,
Тасқын жұтып қоймаса.
Арманымды төседiм. Арман өлмей, жоқ күмəн,
Ұшқан ұям – орнында,
Пендемiн ғой, айыбым.
Кеттiм алыс, жырақтап.
Көзiм алды көк тұман,
Жүрегiме, жаныма
Кiмнен күтем қайырым.
Үмiт деген шырақты ап.
Тарғыл, тарғыл,
Жеткiзбеген жол шетi,
Тарғыл тас.
Мың сүрiндiм, құладым.
Табанымды қариды.
Дүниенiң бөлшегi
Аялайды – көзде жас
Тас кескендей шыдадым.
Анашымның əлдиi.
Күн айналып. Түн келер.
Ернiн керген езу – күн
Түксие ме төге мұң. Елiре ме желменен?!
Аспандағы денеден
Жоқты iздеп, кезуден,
Арманымды емемiн. Кесiр таптым көлденең.
Кете ме, - деп əл дəрмен,
Көк Аспан мен Қара жер
Шыңырауға шын ауса.
Қауышса егер не дейдi:
Жеткей, - деп ем, жан-кемем, Бақыт деген - қара тер
Тауға жетiп құлауға. Қазаныңды жебейдi.
Қанатымды жайып мен,
Поэзиясында өз суреткерлiгiмен елдi ойланта келген ақынның бiрi –
Дүйсенбек Қанатбаев. Соған орай өзi де «Жазушы» баспасынан шыққан
жыр жинағын «Арыстардың мен де бiр жалғасымын» деп атаған. Осы аттас
өлеңi ерекше мəнге ие. Қай тақырыпқа барса да, өзiнiң шама-шарқында дес
бермейтiн ақынға оң-солы бiрдей екендiгiн тағы бiр танытқан сияқты. Онда
қазiргi заман шындығының ащы-тұщы жайлары түгел қамтылған деуге əбден
болады. Оның өлеңдерiнiң iшiнен «Қош, поэзия» деген өлеңiнен үзiндi
келтiрейiк.
Маған сенбе, өлеңiм, өзiңе сен.
Уақыттың төзе бiл тезiне сен.
Емiренсең - елiм деп емiренiп,
Еңiресең - елiм деп еңiре сен.
Еленбедiм деп қазiр елеңдеме.
Еленесiң. Болсын тек Елiң есен –деген ақынның поэзиямен
қоштасамын деуi көңiлге қонбайды.
Бауыржан Жақып «Жазушыдан» шыққан жыр жинағының атын «Уақыт
ұршығы» деп атаған. Қалай дегенде де ақынның суреткерлiгi мол. Мысал
үшiн «Бұлтты жұбату» деген өлеңiнен екi шумақ алайық.
Осқандай-ақ əлдекiм семсерменен,
Ойбай салған дауыстан теңселдi əлем.
Жай қамшымен сұр аспан тартып қалып,
Бұлт иегi бұлтиып кемсеңдеген.
Мөлдiрлiктi қаншама құйса да анық.
Құтылмады-аунақшудан бишара бұлт.
Арудай-ақ ұрып ап қатал аспан,
Сұрамайды кешiрiм ишара ғып.
Бұл табиғат құбылысы жəне нақтылай айтсақ, найзағайдан таяқ жеген
бұлттың суретi.
Немесе Кəбiр Ғабдуллиннiң «Астана» баспасынан шыққан «Алтын
мүйiз ақ құлжа» атты жинағын алайық. Кiтаптың аты осы аттас дастанымен
берiлген екен. Ақын, жалпы жырмен онша шұғылданбағандай. Бiреулерге
қиналып келетiн өлең жолдары бұл ақынға оп-оңай төгiле салатын сияқты.
Ойы да, тойы да қоса қабатталып жатқан бұл ақынның екпiнiнiң де саябыр
тауып кететiн жерлерi де аз емес.
Бүгiнгi күнде оқырмандарға өзiнiң жырын ұсынып жүрген ақынның бiрi
– Мұратбек Оспанов. Оның «Дүние дидар», «Жырұйық» атты жинақтары да
олжа салған сияқты. Ақынның ұтқыр ойы мен жүйелi жыр жолдары өз
оқырмандарын сүйсiнтедi.
Өзiнiң əдемi ой-өрнегiмен поэзиямызға үзбей ат салысып келе жатқан
ақынымыздың бiрi – Төрегелдi Тұяқбаев. Бұл ақынның «Астана»
баспасынан жарық көрген «Сүймегендер сағынбайды» деген жинағын
айтуымызға болады. Сол жыр жинағынан «Күзгi көрiнiс» атты өлеңiнен
үзiндi келтiрейiк.
Ауада дымқыл сыз бардай,
Түсердей аспан бiр аунап.
Сабақтан қайтқан қыздардай
Тырналар қайтты тыраулап.
Томсарып тұрған салқын бақ,
Егiлдi-ай келiп, егiлдi!
Жапырақ бiткен жалпылдап,
Көз жасы болып төгiлдi.
Қандай жарасымды! Ендi осы жерде тағы да бiр ақынның шығармасына
тоқталып өтейiк. Ол – Жəркен Бөдешұлының «Бөрiнiң асығы» атты
жинағы. Адал жанды ақынның бiр құрсаудан бiр құрсауға түскен азабында
өзiнiң атамекен аруағы жебеп, қаншама жыр жазса да, өзiн үнемi қабыршақ
мұздың үстiнде жүргендей болады. Қай кезде де балапан жүрегiнiң қанатын
қаққыштап, көңiл күрсiнiсiне ем iздегендей жыр жолдары алдымыздан қайта-
қайта мен-мұңдалап шығып отырады. Дəл бiз айтқан жоғарғыдай
табиғаттағы бiрегей ақын екендiгiнде сөз жоқ. Өзiнiң жеке тағдырына
жазылған «Өксiк» жырындай аласұрған алапат жəй поэзиясының өн бойына
еркiнен тыс сiңiп кеткендей. Ендеше оның жыр жолдарына жүгiнейiк.
Мұхиттай тулап толқыдым.
Жарасын жанның елемей.
Тағдырдың кешкен толқынын
Жүрегiм жүрдек кемедей.
Шегiнбей артқа мен ендi,
Белiмдi қойдым тас буып.
Абайлап келем кемемдi,
Алмайын деп те тасқа ұрып.
Ойланам ауыр жүгiме.
Шындықты айтпай не етермiн.
Түлейдiң түнек түбiне
Бiр күнi шөгiп кетермiн.
Етiме балық таласар,
Түнектi жүрген мекендеп.
Тебiренiп еске ала сал,
Тереңдеп кеткен екен деп.
Осы екi өлеңнен-ақ ақынның қай биiкте тұрғанын жəне жанын қандай
сақтық жайлап алғанын сезiнбейтiн оқырман болмас.
Ал ендi өзiнiң жырларынан батылдығы мен парасаты қатар өрiлетiн екi
ақынның жыр жинақтарына келейiк. Оның бiрi Ертай Ашықбаевтың
«Нақыштар мектебi», екiншiсi Ғалым Жайлыбайдың «Қарашығымдағы
қара өлең» атты жинақтары. Осы екi ақынның жырларынан бiздiң қазақ
халқының өнерiне келген, оның iшiнде əдебиетiмiзге, қала бердi
поэзиямыздың төрiне ұмтылған парасаттылықтың батыл да бекем ойлы
белесiне тап боласың. Ертай Ашықбаевтың «Өлең» деген жыры.
Хан Абылай бiз емеспiз түйе баққан құла түзде –
Құла түзде шөппен, гүлмен,
Таумен, таспен достаспадық.
Ақы берiп бiлiм алдық.
Ақша берiп көш бастадық.
Көш бастадық.
Қыр басында алқа-салқа көш келедi,
Жоқ iшiнде Бұқар жырау –
Автомобиль бос келедi. – дейдi ақын.
Бұл жинақта қазақ халқының iшкi-сыртқы трагедиясының бəрi толық
қамтылған деуге əбден болады. Былай алып қарағанда айтар жырдың ағыны
үстемелеп жатқандай əсер тастайды. Ал ол құр үстемелеу болса, одан ештеңе
де ұқпаған болар едiк. Бiрақ бұл жерде iштегi өкiнiш пен күйiнiш, сырттағы
ұсқынымызбен ұласып, кешегi қасiреттi де қағылездiк өмiрiмiздi өзiнше
өрнектеп берген. Ал бүгiнгi iшкi күйзелiстi де жан дүниесiндегi қыжылмен
қуаттандыра отырып, байсалды қалыпта жырлайды. Бұл ақында қазымырлық
жоқ, қанаттандыру бар. Кектену жоқ, келеге келтiретiн даралық жолы бар.
Əр-берден соң ақынның ешкiмге ұқсамайтын батылдық əрекетiнiң соны
соқпағы жатыр. Бұл мiнез бүгiнгi таңдағы байсалдылыққа бет бұрғызған
қасиет деп бiлсек жарасар.
Ақын Ғалым Жайлыбайдың «Қарашығымдағы қара өлең» жинағына
келер болсақ, мұндағы байсалдылық бiз ойламаған тұстан өзiнiң қанатын
жаяды. Бiр ғажабы мақтан даңғазадан iргесiн аулақ салып жырлауы. Ғалым
ақында бүкiл қасiретiңдi де, қуанышыңды да асығып, аптықпай ақырын ғана
өрнектеп, саналы өреңе өрiс ашқандай жеткiзетiн тəсiл бар. Барынша нақты
айтуға, жинақы айтуға тырысатындығы ғажап. Жəне əрбiр өлең
шумақтарының өзiнiң арқалаған жүгiн ақтап шығатындығы сонша, емiн-
еркiн жекелеп ала беруге болатындығы. Ал тұтастай оқығанда бiр-бiрiне
жымдасып кеткен шумақтар ақын межелеген жырдың күдерi жалын көтерiп
шығатыны тағы бар. Мiне солардан бiр үзiндi мысал келтiрейiк.
..Жаны асыл мұрам,
дара шұғылам.
Арымның арын аршыдым.
Қара өлеңiмнiң қарашығынан
Ыршып бiр кеткен тамшымын…
Немесе
.. Жалғанда жалғыз келемiн,
Жанымда жарық жалқындар.
Су емес ақын дегенiң -
Сүмбiле туса салқындар…
Осы шумақтардағы соны теңеулер кiмдi болса да тебiрентпей қоймас
жəне байсалды да парасатты жырдың маңызындай орнықты ойлар өз
өресiнен шыққан.
Сонымен бiрге, бүгiнгi күнде жас ақындардың да шығармашылығына
көңiл бөлсек, қазiргi жас ақындарды ынталандыруға ықылас та, ұшар кеңiстiк
те көп. Компьютердiң арқасында топан судай жайлаған толассыз
басылымдар да толымды шығармаға зар. Кезiнде жазғаныңды жақындатуға
жасқанатын «Қазақ əдебиетi» газетiнiң «Жас қалам» қосымшасы арқылы да
жастар үшiн жиi көрiнуге мүмкiндiк бар. Олардың жыр мүшəйралары
«Шабыт» фестивалi, «Жас ақындар антологиясы» басқа да мүмкiншiлiктер
арқылы кейiнгi жастар алдыңғыларға қарағанда көп кеңшiлiкке ие. Мұндай
қошемет жастарды өсiре ме, өшiре ме, ол жағы ертеңгiнiң еншiсiнде.
Сол жас ақындардың бiрi – Анар Шамшадинованың «Жоқсың сен..»
жыр жинағы. Бас жағы босаңдау басталған бұл кiтапты оқыған сайын бiрте-
бiрте жанды суреттерге көзiң түсiп, жаның ризашылық табады. Мысалы,
«Жапырақтар өлiп жатыр қабiрсiз», «Кiлттенiп ап отырам ойларыммен»
немесе:
…Өлеңiмнiң əр жолы əрбiр жақтан
Тауып жатыр бiр-бiрiн өздерi кеп… -дейдi. Кiтаптың əр жерiнен
осындай сəттi жыр жолдары оқырманын елең еткiзгенiмен, көлемi он үш
баспа табақ шығарма үшiн оның аздығы да байқалады. Техникалық жағына
келсек, «қалыпты» деген сөзге «ардақтым» дегендi, «мидай ғаламға» «сыйған
қалай» деген тiркестердi ұйқастырған iшiнара кемшiлiктер аңдаусыздан
кеткен болуы мүмкiн. Өлең техникасын ойдағыдай меңгерген Анардың бұл
жыр жинағы көркемдiк жағынан да сапалы шығармалармен жалғасын
табатындығын аңғартты.
Ендi Алмас Темiрбайдың «Аллажар» жыр жинағына тоқталсақ, əу
баста жырларынан аңғаратынымыз да – кiтаптың атына сай бiр Аллаға деген
сенiмi мен құлшылығы. Оны құран хадистерiнiң шағын өлеңге айналдырған
жыр жолдары да дəлелдейдi. Жырды шариғатпен жазу Əбубəкiр Кердерi,
Шəкəрiм тағы басқа да ақындарымыздан жалғасқан дəстүр. Бұрын да жыр
мүшəйралары мен баспасөз беттерiнен жалт етiп көрiнiп жүрген оның:
…Өлеңдерiң жүрекке жас үйiрер
Өзегiнен өмiр исi бұрқырап, - деген суреттi жыр жолдарынан кейiн.
…Арам шөптер арасында күн кешкен
Сортаң жердiң соры қалың шөбi едiң, - деген жолдарды оқығанда
философиялық таразылаудың тағы бiр олқы тұсын аңғарасың. Мұнда
қажетсiздеу өсiмдiктер бiзге арам шөп болып көрiнгенiмен, қанша қаптаса да
өзiнiң тектi топырағында тыныш өсуге мүмкiндiк ала алмай, сонда да тiрлiктi
оттегiмен жарылқап жатқандығы ескерiлмейдi. Мүмкiн ол қарсылықтар
заңдылығына сəйкес болашақ поэзияның көтерер тақырыбы болар. Сол
сияқты аллитерацияға құрылып, кiлең «Қ» əрпiнен басталған Кенесары
жайлы, ассонансқа құрылып, кiлең «А» əрпiнен басталған Махамбет жайлы
жырлары да өзiндiк құрылымдық iзденiстен туған.
Десек те:
…Қыпшақ, Керей, Арғын да,
Қозған, Найман, Уақ та,
Қабақ, Шектi, Табын да,
Шымыр, Жаппас, Дулат та, - деген шумақтардың ұйқастары
дыбыстық жағынан əлсiреп тұрғандығын ескеру керек. Жалпы А.Темiрбай
кейiнгi толқынның бел ортасындағы ысылған ақын.
Бүгiнгi күнде жас ақындарымыздың шығармашылығында да талай
ұйқасты сөздердi байқауға болады. Мəселен, Айдос Имантаевтың :
«Тонына жырдың оранған
Тоңбайды жүрек тек қана», -
сияқты Ерлан Сағадиевтың:
«Шiркiн мен де есейген соң ақын боп
Ажар берем мына өмiрдiң түсiне», -
сияқты Бақытжан Байболовтың:
«Өзге қойға телiмесе қозыны
Асыраймын жырдың сауған сүтiмен», - сияқты өлең жолдарындағы
кейбiр жалт еткен тұстары ғана болмаса, жастардың кiтап шығаруға көбiрек
дайындық, iзденiстерiмен келгенi абзал едi.
Қазіргі қазақ поэмасы. Жанрлық ізденістер
Жоспар
1.Поэма туралы түсінік.
2.Поэманың жанрлық, түр, форма жағынан баюы.
3.Қазіргі қазақ поэмасындағы тақырыптық, идеялық-көркемдік құбылыстар.
4.Қазіргі қазақ поэмасының əдеби процестен алатын орны.
Тірек сөздер: Философиялық поэма, публицистикалық поэма, лирикалық
поэма, сюжетсіз поэмалар, эпикалық поэмалардың азаюы, ертегілік,
фантастикалық, аңыздық сюжеттер, эпистолярлық поэма. М.Шаханов,
О.Сүлейменов, Ф.Оңғарсынова поэмалары, стиль, ізденістер.
Бүгінгі өркен жайып, қарышты қадаммен алға басып келе жатқан қазақ
əдебиетінің іргелі жанрының бірі –поэма
. Соңғы кездерде жарық көрген
поэмаларға тұтастай шола қарасақ, олардағы басты тенденция - өз
замандастарымыздың қазіргі өмірінің эпикалық көркем шежіресін жасау
екендігін көру қиын емес. Бұларға бүгінгі замандас өмірін уақыт талабына
сай суреттеген Ғ.Қайырбековтың, Т.Бердияровтың, Қ.Мырзалиевтың т.б.
поэмалары толық дəлел бола алады.
Қазіргі замандас туралы жазылған қазақ поэмасының бірі – ақын
Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэмасы., оның басты идеялық түйіні –
адамдар арасындағы достық сезімді ардақтау, құрметтеу проблемасы.
Ақынның бұл шығармасын бір сөзбен достық, махаббат туралы асқақ жыр
деуімізге болады. Поэманың алғашқы жолынан соңғы нүктесіне дейінгі
барлық көркемдік компоненттері біздің дəуір адамдарының бойын биікке
көтеріп келе жатқан достық атты қасиетті сезімнің күш-қуатын танытуға
бағытталғаны көрініп тұр.
«Танакөз» поэмасында ақын шағын шегініспен жас кейіпкерлер
əкелерінің кешегі ІІ дүниежүзілік соғыстың дауылды жылдарындағы қасиетті
ұлы достығын тебірене толғайды. Сол əкелер достығын лайықты түрде
жалғастырушы екі жастың –лирикалық кейіпкер мен Мұраттың достығы
поэмада бастан аяқ əдемі де əсерлі бейнеленген. Майдан жылдары қан
қақсап, жесір қалған аналардың екі баланы егіз қозыдай етіп əлпештеп
тəрбиелеуі де өмір шындығын танытады.
Адам тіршілігінде достыққа, ынтымаққа кедергі де, сын да көп. Сол
ауыр сындардан, қатерлі өткелдерден сүрінбей өткендер, адамгершілігі
мықтылар ғана достық атты қасиетті сезімге дақ түсірмеуге тиіс. М.Шаханов
поэмасының кейіпкерлері де өмірдегі сол қатал сындарға мойымай,
майыспай төтеп беріп отырады. Əсіресе, шығармадағы лирикалық кейіпкер
мен Мұрат арасындағы сезім қақтығыстары өте нəзік бейнеленген. Қайғылы
апатқа ұшырап мүгедек болып қалған Мұрат пен Танакөздің табысуы,
достарының аса қиын сəттерінде ұшып жеткен лирикалық кейіпкердің үлкен
адамгершілігі поэмада əрі қарапайым, əрі суретті жолдармен келісті
өрнектелген. Ақын кейіпкерлерін өмірдегідей шынайы қалыпта көрсетуге
ұмтылады. Поэманың құнын көтеріп тұрған жағдай – жастар өмірінен алып,
шын мəніндегі адамгершіліктің нəтижесінде тууы мүмкін сыйластықты өнеге
етуі. Автор еш бүкпесіз ағынан жарыла сыр шертумен бірге, төтеннен ,
күтпеген жерден қисынды детальдар енгізіп отырады. Мəселен, Мұраттың
аяғы сынып, мүшкіл халде болады деп ешкім ойлай қоймайды. Бірақ мұны
кірістіргеннен автор ұтылмаған, қайта жігіт жігерінің қандай қиындық
үстінде де мұқалмайтынын дəлелдейтін фактор ретінде көрінеді.
Лирикалық геройдың іштей Танакөзге деген қызғанышы болуға тиіс:
ол да арманшыл жас. Дегенмен, көзіне оттай басылатын сол қыздың өз досы
– Мұратқа жар болғанына қуануы – жарасымды. Басқа біреу Мұраттың
əлгіндей аянышты күйін, алғашқы əйелімен сəнді тұрмыс құра алмай, қайын
енесі үйіне алып кеткен келіншегінен кейінгі тіршілігін мүсіркеуі əбден
мүмкін. Бұл арада өзінің қара басыңның қамынан шын досыңның қамын
ілгері қой деген идеяны ұсынады ақын. Поэма осынысымен жəне мұны
сендіре өрнектеуімен қымбат. Поэманың соңғы жағында:
Сендер өшпей жаныңдаршы,
Сендер бақыт табыңдаршы.
Онсыз өмір мəнді ме?
Екеуіңнен бұл бақытты егер титтей қызғансам,
Соқыр болып қалсын көзім мəңгіге ,- деген жолдар бар.
Мұның жадағай ұран еместігі түсінікті. Бұл шын махаббатын енді тапқан
достарға айтылған риясыз тілек.
Шығарманың лирикалық қаһарманы Мұрат, Танакөз – қазіргі жас
ұрпақты үлкен адамгершілікке, адамдыққа қанаттандырып, биіктететін берік
достыққа баулитын өнегелі кейіпкерлер
Ақынның бұл поэмасында аталған ұнамды кейіпкерлермен қатар,
арамызда ұшырап тұратын ойы жеңілтек, көңілі тар, мейірімсіз, тілі ащы,
тамыр-таныстықты сағалап күн кешетін Зеркүлдің шешесі сияқтыларды өте
батыл əшкерелеген.Абзал қасиетті, асыл мінезді замандастарымызға кедергі
болып, кесірін тигізетін ондай жексұрын пенделерді автор жеңіл юмормен
қатты əжуалап отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |