Серік Мырзалы философия оқу құралы


арқылы толықтырады, сезім толқындарымен



Pdf көрінісі
бет9/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   422
Байланысты:
2 (1)

арқылы толықтырады, сезім толқындарымен бояйды. Олай болса
философия өзін тудырған мифологиядан толығынан бөліне алмайды. 
Философия мен көркемөнердің бір-біріне жақындығын, бір-біріне 
өтіп жатқанын айқын көрсететін нәрсе – тарихтағы ұлы тұлғалардың 
шығармалары. Оған Платонның «Диалогтарын», нақыл сөздерін, 
Ницшенің афоризмдерін, Камюдің эсселерін жатқызуға болады
өйткені олардың философиялық мазмұны көркем сөзбен берілген. Ал 
Абайдың өлеңдері мен Әуезовтің романдарында Достоевский, Тол-
стой сияқты орыстың ғұлама жазушыларының шығармаларында терең 
философиялық сыр жатыр, (dіalogos – грек сөзі, екі адамның айтысы. 
Essentіa – мән, латын сөзі, қысқаша жазылған көркем терең мазмұнды 
шығарма).
Философияның тағы бір ғажап жағы – оның өз бойына мистика-
лық трансценденттік (mystіkos – грек сөзі, құпия; transcendere – 
аттап өту, латын сөзі) қасиеттерді сіңіруі. Дүниені трансценденттік 
жолмен игерудің керектігі – оның тұңғиықтығында, шексіздігінде, 
әлі ашылмаған құпия сырларында. Екінші жағынан алып қарағанда
адамның өзінің жан дүниесі де, ішкі рухани өмірі де шексіз терең. 
«Өзіңді тани біл» деген көне заманнан бері келе жатқан қағида 
әрқашанда мазмұнды болмақ. Сонымен, ішке және сыртқа қарай 
трансценденттік бір-бірін толықтырып, адамның қол астындағы бол-
мысты, жиналған тәжірибені аттап өтіп, дүниенің ең терең жақтарын 
мистикалық сезіммен қамтуында, адамның осы шексіз дүниенің ажы-
рамас тамшысы ретінде сезінуінде жатыр. Трансценденттеу дегеніміз – 
ақыл-ойдың шеңберінен аттап өтіп, дүниенің танылмайтын алғашқы 


18
негіздерін, өмір сүріп жатқан болмыстың құпиясын іштей сезіну, өз 
болмысыңның дүниенің терең жатқан сырымен біртұтастығын сезіну. 
Бұл жағынан алғанда, философия діни сезімге жақындап, кейбір кезде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет