Серік Мырзалы философия оқу құралы


Пантеизм дегеніміз – Құдайды табиғаттың ішінде еріту, табиғаттың



Pdf көрінісі
бет6/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Пантеизм дегеніміз – Құдайды табиғаттың ішінде еріту, табиғаттың 
өзін Құдай ретінде түсіну. Құдайға деген мұндай көзқарастың 
шеңберінде «табиғатты жарату» мәселесі құр босқа қалып қояды.
Деизмді алатын болсақ, онда Құдай мойындалғанмен, оның рөлі 
тек дүниені өзінің құдіретті күші арқылы жаратуымен танылады. 
Жаратылған дүние ары қарай өзіне тән ішкі заңдылықтары арқылы 
өмір сүре береді, оның болашақ дамуына Құдай кіріспейді.
Діннің дүниеге келуінен бастап, оның негізгі қағидаларына 
күмәнданған атеистік көзқарастар да туды (atheos – құдайсыз, құдайға 
қарсы, грек сөзі). Бүгінгі заманда Дүниеге деген атеистік көзқарас 
ұстаған адамдардың саны аз емес.
Діннің бүгінгі адамзатқа аса тартымды жағы ол тек қана қоршаған 
ортаны түсіну емес (ғылымның жетістіктері бұл қажеттікті анағұрлым 
жақсы орындайды), ол – оның адамзаттың рухани тәрбиешісі, адам-
дардың бір-бірімен байланыстары, қарым-қатынастарын ретке кел-
тіруші қызметі. Яғни дін қоғамдағы мораль (mores – латын сөзі, 
әдет-ғұрып) саласын өзіне тартып, бойына сіңіріп, өзінің жүйесінің 
ажырамас бір бөлігіне айналдырып, оның қағидаларын өз мүддесіне 
жаратады. Сонымен, қайсыбір дін мыңдаған жылдар бойы қоғам 
өмірінде қалыптасқан жалпы адамгершілік нормаларды (norma – латын 
сөзі, басшылықтың бастамы, тәртіп, нұсқа) діни моральдық қағидаларға 


12
айналдырады. Моральдық борыш, жауапкершілік, тиістілік дінде 
Құдай алдындағы адамның борышына, парызына айналады. Адам-
ның жүрегіндегі сүйіспеншілік сезімі нақтылы қоршаған адамдардан 
гөрі, Құдайға деген сүйіспеншілікке айналады. Осының арқасында 
моральдық құндылықтар Құдайға сенудің негізінде адамның жүрегіне, 
жан дүниесіне тезірек кіріп, оның жүріс-тұрысына зор әсерін тигізеді. 
Атеистік бағыт ұстаған адамға қоғамдағы моральдық нормаларды өзінің 
рухани өміріне кіргізу үшін олардың мазмұнын талдап, оған керек 
пе, жоқ па, соны өзінің білімі, парасаты арқылы саналы, дәлелденген 
сенімге айналдыруы керек. Ал бұл жол – өте қиын жол.
Сонымен қатар діннің ішінде жалпыадамзаттық құндылықтардан 
басқа, соларға қайшы келетін нормалар да болуы мүмкін. Мысалы, 
Иса пайғамбардың: «Мен сендерге бейбітшілік емес, қылыш әкел-
дім», – деген қағидасы бар. Ал ислам дініндегі «жихад», «ғазауат» 
деген нормалар дінге сенбегендерге қарсы күреске шақырады. Адамзат 
тарихында талай діни соғыстар болып өтті. Қазіргі Балқан елдеріндегі, 
Израиль мен Ирактағы қақтығыстардың негізінде де діни, этностық 
қайшылықтар жатыр.
Құдайдың құдіретті күшіне сенушілік ертелі-кеш соған табынуға 
әкеліп соғады. Дінге табынушылықтың негізінде әртүрлі діни мекеме-
лер мен ұйымдар (шіркеу, мешіт, синагога және т.б.) пайда болады.
Діннің пайда болып, дамуы жолында біршама себептер бар.
Біріншіден, дін мифологиялық санаға қарағанда, адамның дерексіз 
ойлау қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді
(о дүние, мәңгілік, шексіздік, әсемдік, ізгілік және т.б. ұғымдардың 
пайда болуы).
Екіншіден, адамның шынайы дүниедегі, әсіресе қоғам өміріндегі 
себептік-салдарлық, қажеттік және кездейсоқтық т.с.с. байланыстар 
мен қатынастарды сезініп, соларды түсінуге деген өшпес сезімі. Бірақ 
олардың мәнін дұрыс түсіне алмағаннан кейін, адамдар табиғаттағы 
заңдылықтарды неше түрлі құдіретті күштерге теңеп, соларға табыну 
арқылы оларды адамға керек бағытта өзгертуге ықпал жасауға болаты-
нына сенді.
Үшіншіден, адамның әлеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, 
зорлық-зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қарағанда басымдылығы 
оның көкейінде бұл дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым 
шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о дүниемен теңеуге 
әкеліп соқты.
Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшалығы әрдайым оның 
өлместікке деген қиялын оятып, оның мәңгілік, кемеліне келген 
бақытты дүние болуы керек деген ойын туғызды.


13
Басқа қоғамдағы сан алуан құбылыстар сияқты, дін де тарихи 
өзгерістерге түсіп, өзінің әртүрлі бағыттарын тудырды. Бүгінгі таңда 
жер бетінде негізгі үш әлемдік дін бар. Христиан дініндегі негізгі идея – 
эсхатология (eschatos – соңғы, грек сөзі, logos – ілім) тарихтың, дүниенің 
соңында Мессияның (құтқарушы) екінші келуі, тірі және өлген адам-
дарды таразыға салып, біреулерін – тозаққа, екіншілерін мәңгі жұмаққа 
аттандыру. Христиан дінінің негізгі қағидасы – сүйіспеншілік және 
оны уағыздауда осы дін өте биік, яғни жай адамның мүмкіншілігінің 
шеңберінен шығып кететін дәрежеге дейін көтеріледі (өздеріңнің 
жауларыңды да сүйіңдер!).
Ислам діні де осы дүниені жаратқан бір Құдайды – Алланы, оның 
құдіретті күшін мойындайды. Бұл діннің негізгі ерекшелігі – Құранда 
жазылған қағидалар адам өмірінің барлық жағын үйлесімді түрде ретке 
келтіріп отыруға тиіс. Сондықтан ислам діні қоғамның мемлекеттік 
істеріне, саясатқа белсенді ықпал жасауға тырысады (Ауғанстан, 
Пәкістан, Иран). Ислам діні басым елдерде шариғаттың негізінде 
өмір сүретін исламдық құқықтық мемлекет орнату идеясы көптеген 
адамдардың мақсатына айналуда.
Ислам дінінің негізгі қағидасы – мейірімділік, қайыршыға, кемтар 
адамдарға қол ұшын беру (садақа), зекет төлеу (адамның өз еркімен 
әлеуметтік салаға кемінде жылдық табысының 2 пайызын беріп оты-
руы), т.с.с. міндеттері бар. Бұлардың бары де ислам дінінің әлеуметтік-
демократиялық жақтарының үлкен ықпалын көрсетеді.
Үшінші әлемдік дін – буддизм. Бұл діннің негізгі ерекшелі-
гі – оның этикалық-практикалық бағыттануы (ethos – грек сөзі, әдет-
ғұрып, praktіcos – грек сөзі, белсенділік, іскерлік). Бұл өмірде (бейнелен-
ген болмыс) адам зардап шегеді. Оның себебі – адамның өмірге деген 
құштарлығында, оның қызығына тоймауында. Ал зардаптан құтылу 
үшін адам бұл бейнеленген болмыстан бас тартуы керек. Ол үшін 
адам нирвана (сөну, өшу) дәрежесіне көтеріліп, бейнесіз болмысқа өтуі 
керек. Сонда ғана адам өмірдегі зардаптан құтыла алады. Дүниежүзілік 
мәдениетте мұндай өмірден бас тартуға шақыратын бірде-бір филосо-
фия жоқ сияқты.
Буддизм дінінің тартымды жақтарының бірі – ахимса (зияндық 
жасамау) қағидасы, яғни өмір сүріп жатқан бүкіл тіршілікке тиіспеу
зорлық-зомбылық арқылы зұлымдыққа қарсы тұрмау, адамдар мен 
халықтардың арасында жеңген де, жеңілген де болмауға тиіс.
Буддизмнің бұл қағидалары бүгінгі таңдағы дүниеден ләззат іздеген, 
гедонизм (gedone – грек сөзі, рахат, ләззат) жолына түсіп, жер бетінде 
экологиялық дағдарыс туғызған қазіргі Батыс өркениетіне наразылық 
көзбен қарайтын миллиондаған адамдардың жүрегіне жақсы ұялайды.


14
ХХ ғасырда бұрынғы Кеңес Одағының шеңберінде социалистік 
қоғам құру барысында жаңа ағарған дінді адамдардың жан дүниесіне 
кіргізу (марксизм-ленинизм) амалы, бұрынғы діндермен күресу, 
оларды қоғамның рухани өмірінен сырттату саясаты жүргізілді. 
Жалпы алғанда, марксизмді Батыс Еуропа ой жүйесінің логикалық 
соңы ретінде қарауға болады. Бұл ілім бойынша адамзат болашақта 
жер бетін, қоғам өмірін қайта өзгертіп, сол өзгерісті жасау барысында 
жаңа адам дүниеге келеді. Оған мемлекеттік басшылық, заңдар керек 
емес. Ол тек қана адамгершілік нормалардың шеңберінен шықпай 
өмір сүреді. Жаңа адам жан-жақты және үйлесімді түрде өзінің дарын-
дары мен қабілеттерін дамытып, өзіне керек барлық қажеттіліктерін 
кедергісіз өтей алады. 
Алайда мұндай «жердегі жұмақ» орнатуға бағышталған орасан зор 
ерлік және сонымен қатар қайғылы да аянышты әлеуметтік тәжірибе 
70 жылдан кейін қоғамды тарихи тұйықтыққа әкеліп тіреді. Комму-
низмнен күдер үзген миллиондаған адамдар өздерінің өмірлерінің 
мәнмағынасын іздеу жолында бүгінгі таңда бұрынғы әлемдік діндердің 
шеңберіне қайта оралды. 
Алайда қазіргі адамзатты бірде-бір дүниежүзілік дін толығынан 
қанағаттандырмайды. Сондықтан, бір жағынан алғанда, қайшылық-
тарға толы өркениетке бүкіл адамзаттың басын біріктіретін бір ғана 
дін болуы қажет сияқты. ХIХ ғасырдың ортасында Иран топырағында 
пайда болған Бахаизм діні сол рөлді өз мойнына алып, орындауға 
тырысуда.
Екінші жағынан, ХХ ғасырда болған екі дүниежүзілік соғыс, 
миллиондаған адамдардың қырылуы, ғылым мен техниканың жетіс-
тіктерін пайдалану жолындағы теріс салдарлар, тірі табиғаттың әлсіреуі 
көп адамдардың қайтадан көне табиғатқа табынатын діндерге жаңа 
дәрежеде қайтып оралғысы келетінін сездіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет