Этика: теориясы мен қазіргі мәселелері



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата11.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#49332
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЭТИКА

Этиканың атасы саналатын ежелгі 
грек философы Аристотель (б.з.д. 384 
– б.з.д.322 жж.)


Кітап:
Дәріс:
Дәріс атворы:
Этика: теориясы мен қазіргі мәселелері
Кіріспе 
Ақмарал Байдлаева
4
дәйектер келтіруге бағытталады. Егер біреу түсік жасатуға рұқсат берілуі тиіс (немесе тиіс емес) дейтін 
болса, онда ол адам оның себебін түсіндіруі қажет. Түсік жасатуға рұқсат берілмеуі тиіс, себебі бұл дұрыс 
емес немесе әйелдерге түсік жасауды таңдауына рұқсат берілуі тиіс, себебі әйелдердің таңдауын шектеу 
бұрыс нәрсе деп айта салу жеткіліксіз. Мұның бәрі дұрыс емес деп айта салу дегеніміз – бұл нәрселерге 
жол берілмеуі тиіс дегенді қайталау ғана. Мұндай жауап өздігінен-ақ сұранып тұр. Айналмалы, өздігінен 
сұранатын дәйектер – жаңсақ келеді. Түсік жасату не себепті дұрыс емес немесе еркін таңдауды шектеу не 
себепті бұрыс екендігін түсіну үшін бізге қосымша дәйектер мен ақпарат қажет. Бізге ненің дұрыс немесе 
бұрыс, ненің жақсы немесе жаман, дәлелді, ұйғарынды және дәлелсіз екендігі туралы теория керек, және 
де бізге осы теориямыздың нақты жағдайларда қалай қолданылатынын түсініп алу қажет, оған сенімді 
дәлелдер келтіру керек. Бұл мәтіннің бірінші жартысында түрлі теориялар мен тұжырымдамалар талқыға 
салынады, олар бізге этикалық мәселелер бойынша пікірталастарда туындайтын сұрақтарды айналып 
өтуге көмектесу үшін қолданылуы мүмкін. Біздің дәрістерімізде және сіздерге ұсынылып отырған оқулық 
беттерінде осы мәселелердің бірқатары егжей-тегжейлі қарастырылады.
Дәрістерімізді бастамай жатып, біз о бастан мұндай зерделеуді не үшін жасайтынымызды анықтап алу 
жөн болар. Не себепті жай ғана өз пікіріңді білдіріп, «х дегеніміз – дұрыс емес (немесе зұлым, әділетті, 
орынды және т.б.)» деп сендіре салу жеткілікті бола салмайды? Бұл сұраққа берілетін жауаптардың бірі 
мынадай: мұндай оп-оңай шешілетін пікірлер біздің әлемімізде, жер жүзіндегі қоғамдарда кездесетін 
құндылықтардың терең қайшылықтарының шешілуіне жәрдемдеспейді. Біз адамдардың түсік жасату, 
біржынысты некелер, жануарлар құқықтары және де басқа сұрақтар бойынша ойлары бір жерден шықпай 
жататынын білеміз. Егер біз бір-бірімізді түсінуде ілгерілегіміз келсе, егер біз осы мәселелер бойынша 
белгілі бір келісімге келуде алға жылжуға қол жеткізгіміз келсе, онда біз не себепті кей нәрселерді дұрыс, 
ал басқаларын дұрыс емес деп санайтынымызды түсініп алуымыз қажет. Біз осы мәселелер бойынша өз 
тұжырымдарымызды жасау үшін және өз тұжырымдарымызды басқаларға түсіндіру үшін дәйек келтіріп, 
дәлелді себептерді атауымыз керек.
Сонымен бірге, моральдық мәселелер бойынша тұжырымдарымызды жасағанда, әдет-ғұрыпқа немесе 
билікке сілтеме жасай салу жеткіліксіз. Балалар үшін өз ата-анасының шешімдеріне бағынып қана қою 
орынды болса, ересектер тек бағыну және белгілі бір билік көзіне бойсұнудан жоғары нәрсеге ұмтылуы 
тиіс. Кейде біздің әке-анамыз бен ата-әжелеріміз қателеседі немесе бір мәселеде өзара келіспей жатады. 
Кейде заң бұрыс немесе заңдар арасында қайшылық болады. Кейде діни билік көздері де қателеседі немесе 
билікішілік келіспеушілік туындайды. Моральдық мәселелер бойынша беделді бір көзге жүгіну үшін біз 
алдымен қай билікке сенуге және арқа сүйеуге болатынын шешіп алуымыз қажет. Моральдық ережелердің 
ең үздік жиынтығын қай дін қамтамасыз етеді? Қай елде қай заңдардың жиынтығын сақтаған жөн? Тіпті 
Құрама Штаттардың өзінде қазіргі таңда осы мәселелердің кейбіріне қатысты заңдарда қайшылық бар: 
кей штаттарда медициналық марихуана немесе дәрігердің көмегімен өзін-өзі өлтіруге заңмен рұқсат 
етілген, ал басқаларда – бұған жол берілмейді. Әлемдік діндер де бірқатар: мысалы, әйелдердің мәртебесі, 
түсік жасатуға рұқсат беру және соғысты әділетті деп ақтауға бола ма деген сияқты мәселелер бойынша 
өзара келіспейді. Әрі бір діннің немесе конфессияның ұстанушылары осы мәселелерге келгенде, өзара 
келіспеуі мүмкін. Бұл дауларды шешуді бастамас бұрын біз негізгі этикалық сұрақтарды философиялық 
тұрғыда сыни зерделеп шығуымыз қажет. Дәрістеріміздің барысында біз әлемнің түрлі діни дәстүрлерін 
ортаға салып, осы дәстүрлер бірдей көзқарас ұстанатын ортақ этикалық идеялардың жиынтығы бар ма 
деген сұрақты талқылаймыз. Сондай-ақ, біз этика дегеніміз не және этикалық пайымдау қалай жүзеге 
асуы қажет деген сұрақтарды түсіндіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет