21
жұмыстары жүргізіледі. Шатун шыбығының төзімділігін арттыру үшін Н тәрізді бөлігі бо-
лады. Піспек сақиналарын мәжбүрлеп майлау барысында, шатун шыбығында арнайы канал
жасалады. Шатунның үстіңдегі басы піспек саусақтарын орнату үшін арналған. Сөйтіп ша-
тун мен піспек біріктіріледі. Қалқымалы саусақ үшін басын бір бөлікті етіп, оның ішінде
бір немесе екі қола хоб орнатылады 1.4 Жоғарғы бетін және хобтарды майлау үшін арнайы
тесіктер жасалған. Ал шатунның төмеңгі басы білігпен біріктіру үшін арналған. Білігке
жалғану үшін шатунның төмеңгі басы алынбалы болады. Карбюраторлы қозғалтқыштар-
дың алынбалы басы шатун осіне 90° жасалған. Кейбір қозғалтқыш маркаларында цилиндр
қабырғасына май айдау үшін, шатунның жоғарғы басына арнайы тесік жасаған.
Қақпақты 9 термиялық өңдеуден өткен және арнайы болаттан жасалған 2 шатунды болт-
ты шатунға қыстырады 4. Шатун мен қақпақты жақсы қысу үшін болттарға жылтыра-
тылған белбеу салып,шатун мен қақпақ тесігіне бұрайды. Қақпақтың босап кетпеуі үшін,
шатунды болттардың гайкаларын тоқтатқыш шайбамен немесе контрагайкамен қысады.
Сондай – ақ уақ кескіндемесі бар контрагайка қолданылады.
Төмеңгі шатунның басын-
дағы тесік қақпағымен бірге өңделеді. Сондықтан шатун қақпасы өзара алмастырылмайды,
олардың орнатылған белгілері болады. Білігтің үйкелісін және тозуын азайту үшін, шатун-
ның төменгі басына, екі өзара алмасатын кірістіруі бар ұстағыш орнатылады 8. Крістірудің
ішкі жағы білігтің мойнын түгел жауып тұрады. Кірістіруді болатты таспадан дайындайды.
Оның үстіңе алюминии негізіндегі қоспасын жұқа қабатпен орнатады. Дизельді шатундар
көп күш 5 шығаратындықтан оларды ерекше мықты және қаттыетіп дайындайды. Үлкей-
тілген шатунның төменгі бастарын цилиндр арқылы шығару үшін, дизельді ЯМ3 бастарын
көлбеу етіп асайды.
Достарыңызбен бөлісу: