Дабыл беруші 4,5кПа қысымда іске қосылады. Дабыл беруші іске қосылған кезде ауа
сүзгішін техникалық қызметтен өткізген жөн.
Турбокомпрессор. Қолданылған газдардың энергиясын пайдаланатын турбокомпрес-
сор дизельдің цилиндрінде мәжбүрлі ауа үрлеуді қамтамасыз етеді.
Бұл жанармай мөл-
шерін ұлғайтуға және қозғалтқыштың қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте оның
өлшемі мен иінді білігтің айналу жиілігін өзгертпейді.
Турбокомпрессор бір баспалдақты
компрессордан және радикалды орта тепкіштен тұрады. Оның жұмыс істеу принципінің
ерекшелігі– цилиндрдегі пайдаланылған газдар қысым арқылы газ камераларына түседі.
Кеңейтілген газдар
ортадағы ауа тартқыш арқылы, ауаны сіңіретін дөңгелекті айналды-
рады. Ауаның артық қысымы номиналды режимде 0,08...0,14 МПа шегінде болуы тиіс.
Сынақ сұрақтары
1. Дизельдің қуаттандыру жүйесіне қандай құрылғылар кіреді?
2. Евро – 3 стандарты талаптарына сәйкес жанармай жүйесінің,дизелбдің жанармай
жүйесінен қандай айырмашылықтары бар?
3. Дизельдің қуаттандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?
4. Жанармай сорғыту сорғышы не үшін ?
5. Шүмек не үшін керке және ол дизельде қалай жұмыс істейді?
Достарыңызбен бөлісу: