Отын беру сорғысы — отын сорғысының жоғары қысымды корпусында орналасқан.
Ол келесі түрде жұмыс істейді. Экцентрдің итергіштен жүгіргенінен, тығынжыл серіппе
әсерінен корпус иігіне орын ауыстырады. Бұл ретте камераның сыртқы қуысы қабылдаушы
клапан арқылы отынмен толтырылады, айдаушы клапан жабық. Тығынжыл астында орна-
ласқан отын ішкі камерадан шығарылады және шығарушы канал арқылы жоғары қысым-
мен отын құбырына айдалады.
Тығынжылдың кері жүру барысында, жоғары қысымның әсерінен қабылдаушы клапан
жабылады және алдыңғы камерадағы отын алынған айдау клапаны және ішкі канал арқылы
ішкі камераға түседі. Осылайша, сорғының жұмысы үш тактіден тұрады: сіңірілуі, қайта
қосу және айдау.
Қол сорғы — отын құбырларында, отын айдау үшін және қозғалтқыштың барлық жүй-
есін қуаттандыру үшін пайдаланылады. (Мысалы, жүйеден ауаны шығару). Дизельдің иінді
білігінің айналу жиілігін реттеуші, оның айналуын шектейді. Бұл қорғап қалу қажеттілігі-
нен туындайды.
Дизельдің иініді білігті айналу жиілігін реттеуші. Дизель механизмдері инерциялық
күштер әсерінен және иінді біліктің айналу жиілігі ұлғайған кезде,қызып кетуінен,шамадан
тыс әрекеттерден туындайды. Реттеуіштердің жұмысы – арнайы реттеуіште орнатылған, ай-
нымалы жүктердің инерциялық күштеріне негізделген.Реттеуіштер екі типті болуы тиіс: екі
режимді және барлық режимді.
Екі режимді реттеуіштер. Айналу жиілігінің екі режимді реттеуіштері, дизельдің
иінібіліктің айналуын барынша жиілігін шектейді және бос жүрісте ең төменгі тұрақты
айналуын қолдайды. Дәлірек айтсақ, дизель жұмысының екі шекаралық режимінде жұмыс
істейді.
Барлық режимді реттеуіштер — жедел режимде дизельдің тұрақты жұмысын қамта-
масыз етуге арналған. (бос жүрісте айналу жиілігінің ең төмен көрсеткішімен, жоғары ай-
налу жиілігіне дейін )
Қозғалтқыштың жұмысын «газ басқышты» баса отырып, жүргізуші басқарады.
Басқыштың кез келген жағдайында, оның тартылысы сыртқы бсқару және ішкі басқа-
ру тұтқышын ережеге сай өзгертіп отырады. Жалғағыш серіппелерді өзгерте отырып,
тұтқыштар орнын ауыстырған кезде, серіппенің керілуі азаяды, ал солға ауысқан кезде арта-
ды. Сондықтан әрбір белгіленген жүргізуші, берілген режимді автоматты түрде, иінді білік-
тің тұрақты айналу жиілігін сақтайды. қозғалтқыштың жүктемені ауыстыруына қарамастан.
Реттеуіш жүктерді айналу кезінде , центрден тепкіш күштің әсерінен алшақтауға ұмты-
лады. Алайда жылжымалы ілінісу, оны екі иінді тұтқасымен бірге 90° қа бұрады және серіп-