§5. ЛИРИКА
Лирикада ( көне гр. lyra – сүйемелденуімен өлең оқылатын музыкалық аспап) біпінші
кезекте адамның жеке бастық санасының ахуалы [761]: эмоционалды реңктегі ой толғам,
(308) ерік-жігер тынысы, әсер, бейрационалды сезінім мен талпыныс тұрады. Егер де
лирикалық туындыда әлдебір оқиғалық қатар таңбалана қалса, онда ол (көп жағдайда) өте
сараң, әлдебір ежегейлікпен детальдандырмайды (пушкиндік "Я помню чудное
мгновенье..." тармағын еске алайық). "Лирика әрқашанда өздігінен тек белгілі бір ахуалды
ғана суреттейді, мысалға, таңқалушылық, ашуға булығу, дерттілік, қуаныш құшағына
бөленгу және т.с.с., өз алдына жеке тұтастық болып табылмайтын әлдебір бүтіндік. Бұл
жерде ең керегі сезімінің біртұтастығы" деп жазды Ф. Шлегель[762]. Лирикалық поэзия
тақырыбына деген бұл көзқарасты замана ғылымы мұрагерлікпен иеленіп отыр[763].
Лирикалық күй кешу сөйлеушіге (сөз өкіліне) тән болып табылады. Ол тек қана сөзбен
ғана таңбаланып қоймайды (бұл жеке жағдай), сондай-ақ, бірқатар әлеуеттілікпен көрініс
табады. Лирикада (тек сонда ғана) көркемдік құралдары басы бүтін адам жанның
қозғалысын ашу үшін бағындырылады.
Лирикалық айшықталған күй кешу кейбірде басымдыққа ие болатын тікелей өмірлік
эмоциялы аморфтықтан, айқындықсыздықтан, бейберекетсіздіктен өзгешеленіп тұрады.
Лирикалық эмоция дегеніміз – бұл өз кезегінде ұйыспа, адамның жани тәжірибесінің
квинтэссенциясы. Лирика туралы Л. Я. Гинзбург: "Басқаларға қарағанда ең субъективті
әдеби тек жани өмірді жалпыға ортақтықтағы етіп суреттеуге құлшыныс танытады" деп
жазды[764]. Лирикалық туындының өзегінде жатқан күй кешу дегеніміз – бұл өз кезегінде
жан озарение. Ол шындық өмірде адамның басынан кешкен күйін шығармашылықпен
қайыра түзудің нәтижесі және көркемдікпен қайыра сомдау болып табылады. Пушкин
туралы Н. В. Гоголь: "Тіпті ол құштарлықтың қойнына терең дендеп еніп кеткен шағында
да ол үшін поэзия ең қастерлі, дәлірек айтсақ, әлдебір храмдайтын. Ол оған ешқашан
ұсқынсыз және талғамсыз енген емес; ол оған өз өміріндегі ойланбастықты, құр
елестілікті ешқашан енгізген емес; және болмыс әлемтапырық еткен жалаңаш күйінде
бейпіл енбейтін <...> Оқырман одан тек хош иісті ести алды, осындай хош иіс сіңіру үшін
ақынның кеудесі қандай күй кешкені ешкімге естілмейді" деп жазды[765].
Лирика ешқашан адамдар өмірінің ішкі аясында, олардың тап солай болып танылатын
психологиясында тұйықталып қалмайды. Оны адамның ішкі болмысқа деген назарын
танытатын жани ахуал өзіне тартады. Сондықтан, лирикалық поэзия тек (Г. Н. Поспелов
табандылықпен ауызға алатын ілкілік, бастылық, басымдық ие[766]) сананы ғана емес,
сонымен қатар болмысты да көркемдікпен игеру болып табылады. Философиялық,
пейзаждық және азаматтық өлеңдер тап осындай болып келеді. Лирикалық поэзия еш
мәжбүрліксіз және кең ауқымдылықпен кеңістіктік-уақыттық ұғымдарды, көрініс тапқан
210
сезімді: тұрмыс пен табиғаттың фактілерімен, тарих және заманамен, адамзат өмірімен,
ғарышпен, дүниенің негізімен байланыстыра айшықтауға қабілетті. Оның үстіне
лирикалық шығармашылықтың ілкі негізі еуропа әдебиетінде інжілдік "Псалмда" өзінің
айшықты діни үлгідегі сипатына ие болушылығынан танылады. Ол "аятпен үндесімде"
танылып (М.Ю. Лермонтовтың "Дұға" өлеңін еске түсірейік) [767], ақындардың
болмыстың жаратушы күші туралы (Г.Р. Державиннің "Жаратқан" одасы) ой
толғауларында және Құдайға тіл қатуларда (А.С. Пушкиннің "Расулында") айшықталады.
Діни мотивтер біздің ғасырымызда да: В.Ф. Ходасевичте, Н.С. Гумилевта, А.А.
Ахматовада, Б. Л. Пастернакта, қазіргі заман ақындары ішінде, әсіресе, О.А Седаковада
табандылықпен көрініс табуда.
Лирикалық жүзеге асырылатын концепциялардың, идеялардың, эмоциялардың ауқымы
соншалықты кең. Сонымен бірге лирика көпшілік жағдайда басқа әдебиет тектеріне
қарағанда оңдымды мәнділік пен құндылыққа иелікті айшықтауға бейім тұрады. Ол
тоталды скептицизм мен әлемді тәрк етушіліктің аясында тұйықталып қалуға еш бейім
емес, қайта жемістілікке ие. Л.Я. Гинзбургтің кітабына тағы бір қайта айналып соғалық:
"Өзінің шын мәнісі бойынша лирика дегеніміз – елеулі, жоғары, әсем (кейбірде
қайшылықтағы, ироониялық арайланған); өз кезегінде идеалдардың экспозициясы мен
адамның өмірілік құндылықтары туралы әңгіме. Сонымен қатар, гротеск, сатира
кейпіндегі антиқұндылық; дегенмен бұл жерде лирикалық поэзияның үлкен жолы еш
өтпек емес"[768].
Лирика ең бастысы шағын формада өзін табады. Осылай десек те, лирикалық поэма
жанры да (В.В. Маяковскийдің "Ана нәрсе жайында", М.И. Цветаеваның "Тау поэмасы"
және "Ақыр соңы поэмасы", А.А Ахматоаның "Қаһармансыз поэмасы") бар, бірақ та
лирикада сөзсіз шағын көлемді өлеңдер басымдыққа ие болып келеді. Әдебиеттің
лирикалық тегінің принципі дегеніміз – бұл "барынша қысқа, барынша толық
қамтушылық"[769]. Барынша жинақы, біршама "сығымдалушылыққа" тырысқан
лирикалық мәтіндер кейбірде мақалдық формуларға, афоризмдерге, сентенцияға жуықтап,
олармен бәскелеседі.
Адами сана лириканың бойында түрлінше не рефлексияға толы (вспомним шедевр С.А.
Есениннің атақты "Қаламаймын, шақырмаймын, жыламйамын..." өлеңін еске түсірейік)
бейілдік мойындаулардағы, тәубеге келуші монологтардағы тіке және ашықтық, не
болмаса, басым жағдайда ішкі болмысты (сипаттама лирика, ең алдымен пейзаждық)
суреттеудің (жанама, қатыссыздықтағы) формсында немесе әлдебір оқиға (турасындағы
баяндаушы лирикадағы) жинақы әңгімелену көрініс табады[770]. Десек те, кез келген
лирикалық туындыларда медитативтік бастау көз ұшырасады. Медитация (лат. meditatio –
ойлану, толғану) дегеніміз – әлдене туралы толқу және психологиялық қалың ойға
шомуды атайды: "Тіпті сол кезде, қай кезде лирикалық туынды өзінің медитативтілігінен
адаланғандай, әрі сырттай сипаттама негізде болған шақта да, олар тек сипаттама
медитативтік "астар мәтінге" иелік еткен жағдайында ғана толықтай көркемдікке ие
болады[771]. Лирикаға, басқаша айтар болсақ, эпикалық баяндауларда молынан
ұшырасатын бейтараптық және құштарлықсыз реңк сәйкеспейді. Лирикалық туындының
тілі бұл жерде ұйымдастырушы және үстемдікті бастау көз болып табылатын
экспрессияға болы болып келеді. Лирикалық экспрессия сөз таңдауда, синтаксистік
конструкцияларда, тұспалдарда, және ең бастысы, мәтіннің фонетика-ырғақтық түзілімін
өзін танытады. Лирикада бірінші орынға "семантика-фонетикалық эффектілер"
жылжытылады[772] олардың ырғақпен тығыз байланысы,ә детте, қуатты қозғалысты
болып келеді. Оның үстіне, эпос пен драма басым көпшілік жағдайда (әсіресе, бізге жақын
дәуірлердегі) прозға бет түзгенде, лирикалық туынды басым көпшілік жағдайда өлеңдік
формаға ие болады.
211
Поэзияның лирикалық түріндегі тілдік экспрессия кейбірде өзінің ықтимал шегіне
жетеді. Осыншама, батыл да, ешкім күтпеген тұспалдаулар мөлшерін, икемді де,
байықтырылған интонация мен ырғақтың біріктірілуін, лирик ақындар үнемі жүгінуге
бейім тұратын (әсіресе, біздің жүз жылдығымыздағы) тамаша дыбыстық қайталауларды
және соған сай келушілік дегендерді не "әдеттегі" сөздер, не эпос пен драмадағы
қаһармандар сөз саптаулары, не баяндаушы проза, не тіпті өлеңдік эпоста білмейді.
Экспрессияға толы лирикалық сөз әдетте айтлымның логикалық ретке түсірілген
кезінде кейбірде шетке ысырылып, кейде тіпті жолының мүлдем кесілуінің XX ғ.
поэзиясына тән болып келіп, көбіне ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы француз
символистері (П. Верлен, Ст. Малларме) шығармашылығында қайыра қорытылды. Міне,
Л.Н. Мартыновтың осындай өлең түріне арнаған шумағы:
И своевольничает речь,
Ломается порядок в гамме,
И ходят ноты вверх ногами,
Чтоб голос яви подстеречь.
Сөз өнеріне бұрыннан белгілі "лирикалық тәртіпсіздік" дегеніміз – бұл адам санасының
тылсымды тереңіне, бастан күй кешудің бастау көзіне, күрделі, әрі логикалық жақтан
айқындалмайтын жани қозғалысқа деген көркемдік мүдделіктің айшықталынуы біздің
ғасырымызда үстемдікке ие бола түсті. Тілге бет түзген ақындар "жүгенсіздік танытып",
сол арқылы бәрі турасында бір мзетте құлшыныспен сөз етуге мүмкіншілік алады: "Бұл
жердегі әлемде аяқ астынан апай-топайлыққа салатын сезімнің бой көрсетушілігі орын
алады"[773]. Б.Л. Пастернактың "Екінші өмір" кітабының беташары болған "Толқын"
өлеңінің басқы тармақтарын еске алайық:
Здесь будет все: пережитое
И то, чем я еще живу,
Мои стремленья и устои,
И виденное наяву.
Сөздің экспрессивтігі лирикалық шығармашылықты музыкамен туыстастырады. П.
Верленнің "Поэзия өнерінің" мазмұны музыка рухына бөленуге шақырған ақын туралы:
За музыкою только дело.
Итак, не размеряй пути.
Почти бесплотность предпочти
Всему, что слишком плоть и тело <...>
Так музыки же вновь и вновь!
Пускай в твоем стихе с разгону
Блеснут вдали преображенной
Другое небо и любовь.
(Б.Л. Пастернактың орысшаға аудармасы)
Өнердің дамуының ежелгі кезеңдерінде лирикалық өлеңдер әнге салынып айтылды да,
сөздік мәтін әуенге ілесті де, онымен байығып, өзара әрекеттесті. Бүгінде көптеген әндер
мен романстар лириканың музыкаға жуықтастығы жайында куәлік етеді. М.С. Каганша,
лирика "әдебиеттегі музыка", "музыка заңдарын өзіне қабылдаған әдебиет" болып
табылады[774].
Бірақ та, лирика мен музыка арасында түбегейлі айырмашылықтар да бар. Соңғысы (би
сияқты), басқа өнер түрлерінің қолы жетпейтін адами сананың аясына жетіп, сонымен
бірге, хал кешудің жалпы сипатын берумен ғана шектеліп қалады. Бұл жерде адам санасы
әлдебір нақты болмыстық құбылыспен тікелей байлансытан тысқары ашылады. Мысалға,
Шопеннің до минор (ор. 10 No12) атты атақты этюдін тыңдаған кезде біз барынша
берілген белсенді сезімдік қабылдауға қол жеткізгенімізбен, бәрі бір оны әлдебір нақты
өмірілік жағдаймен немесе әлдебір белгілі бір суретпен еш байланыстырмаймыз.
212
Тыңдаушы теңіз дауылы, не болмаса, төңкері, немесе махаббат сезімінің бүлікшілігі деп
ұғынуға, не болмаса, дыбыстар стихиясының құшағына құр ғана берілуге және олардың
эмоцияға айналуын кез келген заттық ассоциациясыз қабылдау жағынан еркіндікте болып
келеді. Музыка бізді ешқандай жекелеген құбылыстармен байланыссыз ұғымдардың
рухты тереңіне бойлатуға бейім.
Лирикалық поэзияда бұлай емес. Сезім мен ерік-жігер тынысы бұл жерде әлдененің
нақты құбылысқа тікелей бағытталуымен шарттылықта болып келеді. Мысалға,
Пушкиннің "Күндізгі сәуле жоғалды..." өлеңін еске түсірейік. Төңкерісшіл, романтикалық
сонымен бірге ақынның зарлы сезімі қоршаған ортадан алған сезімі (волнующийся под
ним "угрюмый океан", "берег отдаленный, земли полуденной волшебные края") арқылы
және өткен оқиғаны еске түсіруі (о глубоких ранах любви и отцветшей в бурях младости)
арқылы ашылады. Ақын сананың болмыспен байланысын береді, басқаша болуы сөз
өнерінде мүлдем мүмкін емес. Белгілі бір жағдайда сезім қашанда әлдебір реалдық
құбылысқа қатысты көрініс беретін сана реакциясы ретінде. Көркем сөзбен айшықталған
жан қозғалысы (В.А. Жуковскийдің, А.А. Феттің немесе ертеректегі А.А. Блоктың
өлеңдерін ойға оралтайық) қанша жерден бұлыңғыр және өз ұштығын ұстатпайтын
болсын, бәрі бір оның неден туындағандығын, ең құрығанда қандай сезіммен ілеспелігін
оқырман біліп отырады.
Лирикада айшықталған күй кешудің өкілін лирикалық қаһарман (кейіпкер) деп атау
қалыптасқан. Этот термин, введенный ым в статье 1921 жылғы "Блок" мақаласында бұл
терминді Ю.Н. Тынянов енгізді[775], сонымен қатар әдебиеттану мен сында укоренен в
литературоведении и критике (оған синонимдес сөз тіркестері "лирикалық мен",
"лирикалық субъекті") қалыптасқан. Лирикалық қаһарманды "мен-туындыгер" түрінде
(М.М. Пришвин) сөз еткенде тек жеке өлеңдерде ғана емес, циклдер, сондай-ақ тұтастай
ақын шығармашылығы бойынша алып қарастырады. Бұл – өте адамға тән образдылық
ретінде баяндаушылар-әңгімешілер образдарынан түбегейлі өзгешелікте, өйткені,
олардың ішкі әлемі турасында әдетте біз ештеңке білмейміз, әрі эпикалық және драмалық
туындылардың персонаждары түбегейлі қаламгерден арақашықтықты ұстанады.
Лирикалық қаһарман өз авторымен, оның әлемді түйсінуімен, рухани-ғұмырнамалық
тәжірибесімен, жан ауанымен, сөйлеу дағдысының мәнерімен тығыз байланыста ғана
емес, одан (көп жағдайда) бөліп алғысыздымен де танылады. Лирика өзінің негізгі
"массивінде" автопсихологиялық болып келеді.
Сонымен қатар, лирикалық күй кешу автордың биографиялық тұлға ретінде басынан
кешкенімен теңдестікте болып келмейді. Лирика автордың сезімін жай ғана туындатып
қоймайды, сонымен қатар оны өзгеріске ұшыратады, байықтырады, қайыра туындатып
асқақтады және облагораживает. А. С. Пушкиннің "Ақын" (".. .лишь божественный глагол
/До слуха чуткого коснется, /Душа поэта встрепенется, / Как пробудившийся орел") өлеңі
тап осы турасында.
Оның үстіне автор шығармашылық процесте кейбірде өзінің ұшқыр қиялының
әлеуетімен шындық өмірде мүлдем болуы мүмкін емес, психологиялық жағдаятты өмірге
әкеледі. Әдебиеттанушылар А. С. Пушкиннің лирикалық өлеңдеріндегі мотвтер мен
тақырыптар оның жеке тағдырының фактілерімен үйлеспейтіндігіне әлденеше рет көз
жеткізді. А.А. Блоктың өзінің бір өлеңінің қолжазбасының шетіне жазған: "Тап осындай
болған емес" дегені көп нәрсені аңғартады. Ақын өз өлеңдерінде өзінің тұлғалық образын
бірде жас сопы, бірде Асыл арудың мистикалық табынушысы, енді бірде шекспирлік
Гамлеттің "бет пердесінде", не болмаса, петербург ресторандарының тұрақты қонағы
рөлінде айшықтайды.
Лирикалық жақтан айшықталған күй кешу не автордың өзіне, не оған мүлдем
ұқсамайтын тұлғаға қатысты болып келуі де әбден ықтимал. А.А. Феттің "Өзгенің
айшықты мезетін өзімдікі деп ұғыну" дағдысы ақындық сыйының бір қыры. Лирикада
213
автордан мүлдем бөлек тұлғаның күй кешуі көрініс беріп, ол (автопсихологиядан өзгеше)
рөлдік деп аталады. А.А. Блоктың күңгірт махаббатты аңсай тосушы қыздың жан дүниесін
ақтарған "Сенің атың жоқ көзтанысымы..." немесе А.Т. Твардовскийдің "Мен Ржев
түбінде өлдімі", не болмаса, И.А. Бродскийдің "Одиссей Телемакқасы" тап осындай
өлеңдерге жатады. Тіпті субъектінің лирикалық ой толғауын автордың әшекере етуі
түрінде де (шындығында бұл өте сиректеу) болып та келеді. " Н.А. Некрасовтың осы аттас
өлеңіндегі маңайындағыларға қасірет пен жапа шектеретін және бір сөзді: "Мен моральды
ту етіп, өмірде ешкімге тырнағым батқан жоқ" деп табандылықпен қайталай беретін
"иманды адамы" тап осындай. Аристотельдің бұрындары лирикаға берген анықтамасы
(ақын "өзімен-өзі қалып, тұлғасын өзгертпейді"), осылайша, дәлді емес, лирикалық ақын
өз тұлғасын өзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге, басқа біреуге тиселі хал кешуді де
өмірге әкеле алады.
Лирикалық шығармашылықтың тіні рөлдік емес, автопсихологиялық поэзия: ақынның
өзін тікелей ашық танытатын актісіндегі өлең болып табылады. Оқырмандар үшін өлеңде
тікелей төбе көрсететін лирикалық хал кешудің адами шынайылығы сондай қымбат, В.Ф.
Ходасевичтің сөзімен айтқанда: "автордың тірі жаны": "Стилдендірумен тұмшаланбаған
автор тұлғасы бізге соншалықты жақын"; ақынның бағалылығы "ол болмыстың қажет
етуін ескере отырып, өзі күй кешуін таныта алуынан" тұрады[776].
Лириканың үстем тармақтарына автордың тылсымды өзін өзі мәлімдеуі, ішкі әлемінің
"айқара ашылуы" тән болып келеді. Так, вникая в стихотворения А.С. Пушкин мен М.Ю.
Лермонтовтың, С.А. Есенин мен Б.Л. Пастернактың, А.А. Ахматова мен М.И.
Цветаеваның өқлеңдернің ішкі әлеміне енген шақта біз олардың өте айқын және көп
қырлы рухани-ғұмырнамалық тәжірибелерін, ой ауанының шеңберлерін, жеке
тағдырларын ұғынуға қол жеткіземіз.
Әдетте лирикалық туынды сана және жекелеген тұлғаның (лирикалық «меннің») сөзі
арқылы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, лириканың құрамында әлі күнге дейін жете
зерттелмеген лирикалық «біз» фонеменінің орны ерекше. Осы «біздің» семантикасы сан
алуан және өте бай. Интимдік-жеке бастық сипаттағы (ең алдымен, махаббат лирикасы)
өлеңдердің көпшілігі бірлесе өмір сүретін бірлесе өмір сүретін екеудің тұлғаларының
атынан жазылған. А.А.Блоктың «Біз храмда кездестік...», «Біз ұмытылдық, жерде жалғыз
қалып» О.Э.Мендельштамның «Біз ас үйде отыра тұрайықшы» өлеңдері тап осындай.
Лирикалық «мен» «мен – сен» аясынан шығып, үлкен сыйымдылыққа ие болуға бейім
болып келеді. М.Ю.Лермонтовтың «Толғау» өлеңін еске алайық, онда ақын өз буыны
атынан сөйлейді; не болмаса, кейінгі поэзиядағы тютчевтің «Біз жан-жағымыздан
қусырған/жалындаған тұңғиқта жүземізі»; Д.С.Мережковскийдің «Түн балалары», Еуропа
мен Азияның арағайыны ретіндегі Ресейдің үнін естірткен Блоктың «Скифтері». Көріп
отырғанымыздай лирикалық «біз» поэзияның бөлінбес қыры болып табылады. Ол сөз
зергерлері санасында өзіне қатысты, өзіне ынтықтыра тартқан маңайындағы адами
болмыстың айқара ашылуымен айшықталады.
Кейбірде бір лирикалық «мен» бірнеше субъектімен біртұтастықта тұтаса танылады.
Б.Л. Пастернактың атақты «Доктор Живагосының» соңғы тарауын ашатын «Гамлет»
өлеңінде сөз бір мезетте шекспирлік трагедияның қаһарманы тұлғасынан; осы рөлді
ойнайтын актер; 1910-1920 жылдар аралығында осы өлеңді жазған доктор Живагоның
атынан; Пастернактың қаламы қалыптасқан шығармашылық ержетуі (1940 жылдардың
ортасы) ұшқынан өрбиді. Бұл жерде лирикалық полисубъективтілік бой көрсетеді.
Лирикалық қаһарман мен автор (ақын) арасындағы арақатынас әдебиеттанушылар
тарапынан түрлінше ұғынылады. Аристотельден бастау алатын лирикалық сөз өкілі мен
автордың біртұтастығы, бөлінбестігі, теңдестігі жайындағы дәстүрлі түсінік, біздіңше,
XX ғ. бірқатар ғалымдар, оның ішінде, М.М. Бахтин тарапынан байыпты да, өзгеше ой
түюге бағдар ұстанды, олар лириканы автор мен қаһарман, "мен" және "өзге" арасындағы
214
күрделі қарым-қатынас жүйесі деп қарастырып, сонымен бірге, ондағы әмесе ұшырасатын
хорлық бастау көз турасында сөз етті[755]. С.Н. Бройтман осы ойды одан ары өрістетті.
Ол лирикалық поэзия үшін (бізге жақын дәуірлердегі) "моносубъектілік" емес,
"интерсубъектілік", яғни, өзара әрекеттесуші сананың айшықталуы тән болып келеді деп
тұжырымдады[778].
Осы ғылыми жаңашылыдқтар, әлбетте, дәстүрлі "субъективтілік" терминмен
таңбаланған дағдылы лирикалық туындыдағы автордық қатысуының ашықтығы оның ең
басты қасиеті саналған ұғымды еш шайқалтпайды. "Ол (лирикалық ақын.-В.Х.) өзі ішкі
әлемінен шығармашылық және мазмұндық түрткі болушылықты іздеуі мүмкін, осы жолда
ол ішкі жағдаятқа, ахуалға, күй кешу мен өз жүрегі мен рухының құштарлығына
тоқталатын болады. Бұл жерде адамның өзі оның субъективті ішкі өмірі көркем туындыға
айналса, эпикалық ақынға қаһарманнан мүлдем бөлек оның ерліктері мен бастан
оқиғаларының мазмұны қызмет етеді" деп жазды Гегель[779].
Тап осы авторлық субъективтіліктің толықтай көрініс табуы лириканы оқырманның
өзіндік қабылдауын анықтап, туындының эмоционалдық ахуалына белсене енуіне өз
септігін тигізеді. Лирикалық шығармашылық (және де оны музыкамен, сондай-ақ,
хореографиямен туысуы) біршама внушающей, туындаушы әлеуетке (суггестивтік) ие
болады. Новелламен, романмен немесе драмамен таныс болғанда біз бір шама деңгейде
аулақтатылған белгілі бір психологиялық арақашықтыпен суреттелуді қабылдаймыз.
Авторлардың (кейде жеке бастылық) еркі бойынша біз не қабылдаймыз, не керісінше
оның ой ауанын бөліспейміз, оның іс-әрекетін қолдаймыз немесе қолдамаймыз, не
келекелеп, не болмаса бірге бөлісеміз. Лирикада бәрі де басқаша. Лирикалық туындыны
толық қабылдау дегеніміз – бұл ақынның ой ауанына еніп, әлденені өзіндік, жеке бастық,
жани сыңайда қайыра бастан кешу болып табылады. Қояланған поэтикалық поэтических
формулардың көмегімен лирикалық туындыларда автор мен оқырман арасында Л.Я.
Гинзбургтің сөзімен айтқанда, "әп сәттік және ағаттықсыз байланыс орнайды"[780]. Ақын
сезімі бір мезетте біздің сезімімізге де айналады. Автор мен оның оқырманы әлдебір
тұтасқан, бөлінбес "бізді" түзеді. Лириканың ерекше аяулылығы да осыдан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |