7
бағдар ұстанып, белгілі бір әдеби мектептің (бағыттың) бағдарламаға негізделген
тәжірибесін танытып, әлдебір шығармашылық жаңашылдықты қорғап, манифестентіп
(көрініс бергізіп), өзінің алдындағы айтылғандармен дау-дамайға түсуге қашанда дайын
тұрады. Формалдық мектеп өзінің алғашқы дамуы кезінде футуризммен, 30-50
жылдардағы кейбір еңбектері соцреализммен, француз структуализмі (кейбірде кейіг
структуализм*) қазір өте беделді эссеистік делінетін кейігмодернизмнің «жаңа
романымен»,
осындай
байланыста
болды.
Осы
тақылеттес
әдебиеттану
тұжырымдамалары бағыттанушы сипатқа ие болып келеді. Олар әдетте, біртектес* болып
келіп: әдеби шығармашылықтың тек әлдебір қырына ғана баса назар аударады. Бұл
даусыз құндылыққа (белгілі бір әдеби аяны терең қарастыру, жинақтау мен
түйіндеулердің айқындығына) себепші болады, кейбірде біржақтылықтың орын
алушылығына: догмалық тар байыптамаға, сонымен бірге сөз өнерінің сан алуандығы мен
«көп түстілігін» қаперге алмауға бастап алып келетін қатаң кестелеушілікке бейімділікке
ұшырайды. Біртекті теориялар (біз жоғарыда ауызға алғандармен бірге) психоталдамалық
әдіс* Фрейдке сүйенеді, марксистік әлеуметтану, структуализм, өнердің мәнінің
мифтіпоэтикалық тұжырымдамасы К. Г. Юнгқа иек артады. Біз санамалаған ғылыми
мектептердің әрқайсы өздерінің өзгелерден өзгешеленетін әдістеріне сүйеніп, оның
жақтаушылары көбіне өздерінікін бірден бір жемісті де, дұрысты деп ойлайды.
Әдебиет теориясы, біздің көзқарасымызша, бүгінде өте өзекті болып табылатын
Достарыңызбен бөлісу: