мүлдем сәйкес келмейді: инвектива айтылған индивидттің жүріс-тұрысы
айыпталып отырған реалдылықпен сәл де болса сәйкес келуді талап етпейді
(оңтүстік-еуропалық «гомосексуалист» сӛзінің синонимі немесе славяндық
«дурак» сӛзінің синонимі олардың сексуалды бағдар мен ақыл-есі кемдігінен
тәуелсіз адамдарға инвектант бағытаған айып немесе жәй ғана жағымсыздық)
(Новейший философский словарь/Сост. Грицанов А.А. - Мн.: Изд.Скакун В.М., 1998. - 96 с.)
.
М.Бахтин пікірінше инвективаны айтудың ӛзі тыйымды бұзу, тыйым
салынған шындықтар мен әрекеттердің вербалды артикуляциясы жағдай
үстінде инвектантты шарасыздыққа алып келеді. Катартикалық эфекттегі
инвектент үшін инвективалық жағдай философиялық және мәдениеттанулық
дәстүр бойынша қызуын басып қайта қалпына келтіру факторы ретінде
қарастырылады. Бұл турасында
Дж.Х. Джексон: «кімде-кім бірінші болып ӛз
замандасына балағат сӛздер айтпай-ақ дауыс кӛтеретін болса, онда ол оның
басын ашып, ішіне біздің ӛркениетіміздің ұрығын салды» - деген еді.
Р.М. Адам
болса жапонияны мысалыға ала отырып: «инвективтік идиомы аз
мәдениеттерде этикеттік ережелер мен әдептілік формулалардың мықты қабаты
қалыптасады» десе,
В.И.Жельвись: «қазіргі заман мәдениетіндегі инвектива
экпрессивтілігінің жойылуына орай себепсіз қылмыстар мен вандализм ӛсімі
байланысады» - деген тұжырым жасайды. Осылайша инвектива бұқараның
вербалды үлгісін реалды агрессияны тарату механизмдерінің бірі ретінде
қарастырылады. Мәдениет философиясында инвективаны коммуникативтік
және жалпы мәдени процестер жағдайында зерттейтін тұрақты дәстүр
қалыптасқан. Олардың қатарына Дж.Х. Джексон, Р. Грэйвз, А.В. Рид, Х.Э.
Росс, С.С. Фелдмен, К. Митчел-Кер-нан, К.Т. Кернан, Дж. Брюкмен, P.M.
Адаме, В.И. Жельвис және т.б. жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: