Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет26/53
Дата13.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#49788
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53
Байланысты:
nuradin-madeniet

бостандығы туралы адам мен заңмен шектелмеген кез-келген нәрсені жасауға 
құқылы деген идеяға негіз салады және қоғамдық келісімдерді реттеу 
принциптеріне байланысты теоретикалық бағдарлама жасады.
Джон Локк феодалдық қоғамға қарама-қарсы буржуазиялық қоғамдағы 
құқықтың түсініктерін нағыз классикалық түрдегі жақтаушысы болады. 
Адамның шынайы еркіндігін қорғауға құрылған мемлекет, Локк бойынша, жеке 
меншікті қорғауға пайдаланады. Осындай мемлекет жеке меншік құқығын, әр 
адамның еркіндігі мен теңдігін қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекет 
жағдайында адам еркі, деп жазды Локк, заң шығарушы билік шығарған 
жалпыға бірдей заңға сәйкес болады, бұның мәні әр адамның ӛз еркіне 
байланысты, заңмен шектелмеген кез-келген мұқтаждығын қамтамасыз етуіне 
қақысы бар деген ұғыммен терең астасып жатыр.
Ш.Л. Монтеське, құқықтық мемлекетті қалыптастыруды азаматтық 
қоғамда саяси бостандықтың қажеттілігімен түсіндірді. Саяси бостандық 
идеясы мемлекет тарапынан азаматтардың қауіпсіздігіне орай қалыптасатын 
азаматтар бостандығы идеяларымен тікелей байланысты. Биліктің 
зияндылығын шектеу үшін барлық азаматтардың заңды қатаң сақтауы қажет. 
Монтескье бойынша "Бостандық" дегеніміз, заңда бекітілгеннің бәрін қолдану 
құқығы, егер азамат заңда тыйым салынған істерді жасаса, онда бостандық 
болмайды, ӛйткені мұндай істі басқа азаматтар атқарып, бірін-бірі шектеп, 
қалыпқа келтіріп отырулары керек. 
(Азаркин Н.М. Монтеське. – М., Юридическая 
литература. 1988. - 115б.).
Бұл саяси-құқықтың теориясындағы маңызды идея. 
Кейіннен бұл идея тәжірибе жүзінде ӛркениетті елдерінің мемлекеттік 
құрылысынан кеңінен кӛрніс тапты.
Д. Дидро, мемлекеттік биліктің құқықтық бастауы қоғамдық келісім шарт 
арқылы орнаған суверенитетке негізделеді деп санайды. Мемлекеттік билік
оның ойы бойынша қоғамға ұйымдасқан саяси түр беретін, қоғамдық келісім-


шарттың "басты азығы" рӛлін атқарады. Адамдар тек анда-санда ғана негізгі 
мұқтаждықтарын қамтамасыз ету, еріктері мен күштерін біріктіру мақсатында 
шынайы тәуелсіздіктерін мемлекетке сеніп тапсырыды. Мемлекеттік билік 
суверенитеті халық еркіне негізделген: «тек ұлт қана шынайы суверениетті: 
шынайы заң шығарушы тек қана халық, тек халық еркі ғана саяси биліктің 
негізі болады. Мемлекеттің басты мақсаты азаматтардың бұлжымас заңды 
құқығын және бақытын қамтамысыз ету». Дидроның бұл идеялары Канттың 
құқықтық мемлекетке қатысты теориясында тамаша философиялық негіздемеге 
ие болды.
Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігі Декларациясының авторы Г. 
Джефферссон қоғамдық келісім және адамының шын мәнідегі шынайы құқығы 
тұрғысынан биліктің монархиялық формасын сынға алып, шынайы халықтық 
суверенитетті яки еркіндік пен ӛзін-ӛзі билеуін талап етеді. Джеффорсоннның 
декларациясы адам құқығы болу керектігін және мемлекет алдымен осы 
принципті қорғау жолында құрылатындығын баяндайды. Декларацияда адам 
құқығы және жеке адам құқығы мемлекет мүддесімен қатар тұратын болады. 
Мемлекеттің жаңа доктринасы үшін, бұл тіпті ӛте тың да келелі жағдай еді
себебі алғаш рет адам құқығы мемлекеттік билік жүйесімен тығыз 
байланыстырылып, тікелей мемлекеттік шаруаға айналды. Демек, құқықтық 
мемлекет ӛркениетті мемлекеттің іргетасын қалайды, адам мен қоғам 
арасындағы еркін қатынасты орнатады, сонымен қатар, заңдағы заң шығару 
еркіндігінің сипаты мен қалыптасуына деген бақылауды және басқа да 
белгілерді қалайды. Азаматтық қоғам да құқықты мемлекет белгісі. Азаматтық 
қоғам азаматтың белгілі бір құқ пен еркіндікке ие болуы арқылы, ӛзін қоғамның 
жеке дара мүшесі ретінде сезініп, ӛзінің барлық іс-әрекетіне моральды түрде 
жауапкершілігін сезінетіндей жағдайға жеткенде ғана айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет