156
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
анықтау үшін әртүрлі қоғамдарды қарастырды. Ол Қытайдағы дәстүрлі қа уым-
дастық пен Үндістандағы касталық жүйелердің мұндай қалалардың дамуына
кедергі жасайтынын анықтады. Бірақ Батыста көптеген рационалдандыратын
күштер заманауи қаланы құруға бірлесе күш салды. Мысалы, қаланы дамыту
салыстырмалы түрде рационалды экономиканы талап етеді. Бірақ, әрине, кері
тұжырым да дұрыс: экономиканың рационалды дамуы заманауи, өркендеген
қаланы қажет етеді.
Өнер түрлері. Вебер ой-пікірінің кеңдігін сезіну үшін әрқилы өнер түрлерін
рационалдандыру жөніндегі жұмыстарына назар аударып көрейік. Мысалы,
Вебер ([1921] 1958) «Батыста музыка ерекше рационалды бағытта дамыды»
деген пікірде болды. Музыкалық шығармашылық кешенді принциптерге не-
гізделген күн делікті рәсімдер деңгейіне жатқызылды. Батыс әлеміндегі му-
зыка «музыка өндірісінің тиімді, танымал құралдармен және түсінікті ере-
желермен жұмыс істейтін есептеу ісіне айналуын» басынан өткерді (Weber,
[1921] 1958:li). Рационалдандыру үдерісі өзі қатысатын барлық институттарда
шиеленіс тудырса да, дегенмен бұл кедергілер музыкадан басқа жерде онша
байқалмайды. Өйткені музыка мәнерлі икемділік аренасы болуы керек, бірақ
ол біртіндеп рационалды және ақыр соңында математикалық жүйе деңгейіне
дейін төмендейді.
Вебер ([1904–1905] 1958) өнердің басқа түрлерінде де осыған ұқсас дамуды
көреді. Мысалы, сурет өнерінде Вебер «Қайта өркендеу дәуірінде пайда бол-
ған сызықтар мен кеңістік перспективаларын рационалды пайдалануды» атап
көрсетеді ([1904–1905] 1958:15). Сәулет өнерінде «готикалық күмбездің қы-
сым ды бөліп тарату құралы және барлық түрдегі шатыр ретінде, сонымен қа-
тар, ең алдымен, алып ғимараттардың конструкциялық принципі және әлем-
нің басқа жерлерінде болмаған, орта ғасырда пайда болған осындай мүсін мен
сурет өнеріне ортақ стиль негізі ретінде рационалды қолданылғанын атап көр-
сетеді» (Weber, [1904–1905] 1958:15).
Біз Вебердің қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы рационалдандыру
идеяларын зерттей отырып, талай беттерді парақтадық. Вебер ешқандай жер-
де айтпаса да, «рационалдықтың мәдени деңгейіндегі өзгерістер құрылымдар-
дың, сондай-ақ қазіргі заманғы әлемнің жеке ой-пікірлері мен іс-әрекет терінің
өзгеруіне әкеліп соғады» деген пікірде болғанын ескергеніміз жөн. Рационал-
дандыру үдерісі нақты құбылыстармен ғана жеке-дара байланысқа түспейді,
сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік құрылымдарға, жеке адамдардың ойлары
мен әрекеттеріне кіріктіріледі. Сәл басқаша айтар болсақ, басты мәселе – бұл
рационалдықтың мәдени жүйесі Вебердің жұмысында себептік басымдыққа
ие. Мұны Вебердің дін мен экономика арасындағы қарым-қатынас туралы,
әсіресе дін мен дамудың немесе капиталистік экономика дамуының жоқтығы
туралы көзқарасын қарастыру арқылы көре аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: