157
4-тарау
•
Макс Вебер
тың басым бөлігі әлеуметтік-құрылымдық және мәдени деңгейде жүзеге асатыны
анық; кальвинистердің, буддистердің, конфуцийшілердің, яһудилерлер
мен мұ-
сылмандардың және т.б. ойлары мен іс-әрекеттері (Nafassi, 1998; B. Turner, 1974)
әлеуметтік құрылымдар мен әлеуметтік институттардағы өзгерістердің ықпалын-
да болды. Веберді,
ең алдымен, әлемдік діндердің идеялар жүйесі, құндылықтар
мен нормалардың қазіргі жүйесі ретінде рационалдандыру мен капитализмнің
«рухы» қызықтырды. Ол сондай-ақ әлемдік
діндердің құрылымдарына, олар қыз-
мет ететін, рационалдандыруды жеңілдететін неме се кедергі келтіретін қоғамдар-
дың түрлі құрылымдық компоненттеріне, капи тализмнің және қазіргі әлемнің
басқа да құрылымдық аспектілеріне ерекше назар аударды.
Вебердің дін мен капитализм жөніндегі жұмысы
мәдениетаралық тарихи
зерттеулердің кең ауқымын қамтиды, мұнда ол басқа жерлердегі секілді са-
лыстырмалы-тарихи әлеуметтануды жасады (Kalberg, 1997). Фройнд (Freund,
1968:213) осы зерттеуге қатысты өзара күрделі байланыстарды көрсетті:
1. Экономикалық күштер протестантизмге әсер етті.
2. Экономикалық күштер протестантизмнен басқа да діндерге (мысалы, ин-
дуизм, конфуцийлік және даосизм) әсер етті.
3. Діни идея жүйелері жеке ойлар мен әрекеттерге, әсіресе экономикалық ой-
лар мен әрекеттерге әсер етті.
4. Діни идея жүйелері бүкіл әлемде ықпалды болды.
5. Діни идея жүйелері (әсіресе протестантизм)
Батыста экономикалық сек-
торды және іс жүзінде кез келген басқа институтты рационалдандыруға
көмектесу арқылы ерекше ықпалға ие болды.
Бұған тағы біреуін қосуға болады:
6. Батыстық емес әлемдегі діни идея жүйелері рационалдандыруға қарсы құ-
рылымдық кедергілер құрды.
Діни факторға маңызды мән бере отырып, Вебер өзінің Маркстің жұмысы-
на қатысты түсінігін бір мезгілде қалыптастырды және сынады. Вебер, Маркс
сияқты, ең алдымен, кең ауқымды жүйелердің өзара байланысының күрделі үл-
гісімен жұмыс жасады: «Вебердің әлеуметтануы әлеуметтік құрылымды құрай-
тын институттық тәртіптердің өзара әрекеттесуін түсіндіру барысында Маркс
ілімімен сабақтасып жатты: Вебер жұмысында әскери және діни, саяси және құ-
қықтық институттық жүйелер экономикалық тәртіппен әртүрлі жолмен функ-
ционалды түрде ұштасады» (Gerth and Mills, 1958:49). Шын мәнінде,
Вебердің
Маркспен байланысы өзі мойындағаннан да тығыз болды. Вебер әсіресе ертерек
кезде діни идеяларға басымдық берсе де, кейінірек идеялық жүйелер емес, ма-
териалдық күштердің маңызы зор екенін көріп, басқаша қорытынды шығарды
(Kalberg, 1985:61). Вебердің пікірінше, «идеялар емес, материал мен
идеялық
мүдделер адамның мінез-құлқына тікелей әсер етеді. Дегенмен «идеялар» не-
гізінде құрылған «әлем бейнелері» көп ретте тыңнан тартылған жол сияқты
елестейді, әрбір әрекет мүдделер серпінімен айшықталған жолдардың бағытын
айқындайды (Gerth and Mills, 1958:280).