Алеуметтану тероиясы indb


I бөлім • Классикалық әлеуметтану теориясы Құтқарылу амалы



Pdf көрінісі
бет133/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

158
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Құтқарылу амалы. Әлемдік діндер мен экономиканың өзара байланысын тал-
дау кезінде Вебер (1921–1963) құтқару жолдарының типологиясын жасады. 
Аскетизм – діншілдіктің алғашқы кең тараған түрі және ол әрекетке бағдарла-
ну мен дін жолындағылардың дүние қызығынан баз кешуге ұмтылысын бейне-
лейді. Аскеттік діндер екі түрге бөлінеді. Бағзы аскетизмге оның жолын қуушы-
ларға зайырлы әлемде жұмыс істемеуге және оның азғыруына қарсы күресуге 
бағытталған нормалар мен құндылықтар жиынтығы кіреді (Kalberg, 2001). Ішкі 
дүниелік аскетизм кальвинизмді қамтитындықтан, Вебер оған айрықша ден 
қойды. Мұндай дін дүнияуи тірліктен баз кешпейді, керісінше, өз мүшелерін 
жұмыс істеуге үндейді, сөйтіп олар әлемді құтқарып қала алады немесе құт-
қарудың жолын табады. Мұндағы айрықша мақсат – адамның тыныс-тіршілі-
гін, ойы мен іс-әрекетін тұтастай қатаң бақылауда ұстау. Мүшелерге этикалық 
емес, эстетикалық немесе зайырлы әлемдегі эмоциялық әсерге бөлейтін нәр-
селерден бас тарту ұсынылады. Ішкі дүниеде аскеттер өздерінің мінез-құлқын 
жүйелеуге ден қояды.
Аскетизмнің екі түрі де әрекеттің белгілі бір түрімен және дүниенің қызығынан 
бас тартумен байланысты болса, мистицизм пайымдауды, эмоцияны және әрекет-
сіздікті қамтиды. Вебер мистицизмді аскетизм секілді бөлді. Әлемді қабылдамай-
тын мистицизм бүкіл әлемнен толығымен шеттелуді уағыздайды. Ішкі әлемдік 
мистицизм әлемнің мағынасын түсінуге тырысады, бірақ бұл әрекеттер сәтсіздікке 
ұшырайды, өйткені әлем жеке ой-өреден жоғары болып көрінеді. Қалай болғанда 
да, мистицизмнің екі түрі де, әлемді қабылдамайтын аскетизм де капитализмнің 
және рационалдықтың дамуын тежейтін идеялық жүйе ретінде қарастырылуы 
мүмкін. Керісінше, ішкі дүниелік аскетизм Батыста осы құбылыстарды дамытуға 
үлес қосқан нормалар мен құндылықтар жүйесі болып бағаланады.
Протестанттық этика және капитализм рухы. Макс Вебер өзінің ең танымал 
The Protestant Ethic and the Spirit of Capitalism («Протестанттық этика және капи-
тализм рухы») ([1904–1905] 1958) атты туындысында аскеттік протес тантизм-
нің, ең алдымен кальвинизмнің капиталистік рухтың көтерілуіне әсерін анық-
тады (Breiner, 2005; H. Jones, 1997). Бұл еңбек дүниедегі дін мен қазіргі заманғы 
капитализмнің қарым-қатынасын бақылайтын үлкен жұмыстың кішкентай бір 
бөлігі болды.
Вебер кейінірек Батыстың айрықша рационалдығының дамуы өзін қатты 
қызықтырғанын жазады. Бос жұмыс күшін рационалды ұйымдастыру, ашық 
нарық және тиімді бухгалтерлік есеп жүргізу, ерекше орында тұратын капита-
лизм – дамып келе жатқан жүйенің бір ғана компоненті. Вебер мұны оңтайлан-
дырылған ғылым, заң, саясат, өнер, сәулет, әдебиет, университеттер мен саясат-
ты қатар дамытумен байланыстырды. 
Вебер протестанттық этиканың идеялық жүйесін капиталистік жүйенің 
құрылымымен тікелей байланыстырмады; керісінше, протестанттық этиканы 
басқа идеялар жүйесімен, «капитализм рухымен» байланыстырады. Басқаша 
айтқанда, бұл жұмыс идеяның екі жүйесімен тікелей байланысты. Капиталис-
тік экономикалық жүйенің материалдық әлеммен байланыстары сөз болса да, 
олар Вебер үшін басты мәселе емес еді. Осылайша «Протестанттық этика»
қазіргі капитализмнің дамуымен емес, қазіргі заманғы рационалды капитализм-
нің (капитализмнің кейбір формалары ерте уақыттан бері бар) кең таралуына 
және экономикада үстемдік етуіне септігін тигізген ерекше рухпен байланысты.


159
4-тарау

Макс Вебер
Вебер XVI және XVII ғасырларда Батыста капитализмнің пайда болуының 
балама түсіндірулерін қарастырып, ол дәйектерден бас тарта бастады (for an 
alternative view on this, see R. Collins, 1997a). Ол кезде капитализмді материал-
дық жағдайдың жоғары болуымен байланыстырған пікірлерге қарсы Вебер 
материалдық әл-ауқат капитализмге әсер етпейтінін айтқан. Сонымен қатар 
Вебер капитализмнің дамуы тек пайдакүнемдік ниетпен ғана байланысты бо-
латын психологиялық теорияны қабылдамады. Оның пікірінше, мұндай ниет 
әрдайым болған, бірақ ол басқа жағдайларда капитализмді тудырмады.
Вебердің протестантизмнің маңыздылығы туралы көзқарастарына дәлелде-
ме – аралас діни жүйедегі елдердің сараптамасынан табылды. Осы елдерге қарап 
экономикалық жүйе басшылары – бизнес басшылары, капитал иелері, жоғары бі-
лікті жұмыс күші мен техникалық және коммерциялық жағынан жоғары бі лімді 
мамандарға басшылық еткендердің басым көпшілігі протестант болғанын анық-
тады. Протестантизм осы мамандықты таңдауда маңызды себеп болды және кері-
сінше, басқа діндер (мысалы, Римдік католицизм) адамдарды осы ма мандықтарға 
ұмтылдыратын идеялық жүйелерді жасай алмады дегенге саяды.
Вебердің пікірінше, капитализмнің рухы тек экономикалық ашықтықпен 
анық талмайды, бұл көп жағдайда керісінше болады. Бұл – моральдық-этика-
лық жүйе, ол – экономикалық жетістікке баса назар аударатын этос. Шын мә-
нінде бұл Батыста пайда табуды этосқа айналдыру еді. Басқа қоғамдарда пайда 
табу ішінара ашкөздікке негізделген жеке акт ретінде қарастырылды. Осылай-
ша көптеген адамдар оған моральдық тұрғыдан күмәнмен қарады. Дегенмен 
про тестантизм табысқа ұмтылуды моральдық Крест жорығына айналдырды. 
Бұл мо ральдық жүйені қолдау пайда табуға, сөйтіп, ақыр соңында капиталис-
тік жүйені іздеуге шектеусіз жол ашты. Бұл жерде ол бір этос (протестантизм) 
пен басқалар (капитализм рухы) арасындағы қарым-қатынастарды теориялық 
тұрғыда зерттей отырып, өз талдауларын, ең алдымен, идеялық жүйе деңгейін-
де жүйелей білді.
Капитализм рухын бір-бірімен байланысты идеяларды қамтитын нор-
мативтік жүйе ретінде қарастыруға болады. Мысалы, оның мақсаты – «ра-
ционалды және жүйелі түрде пайда табуға тырысатын көзқарас» (Weber, 
[1904–1905] 1958:64). Ол бұдан тыс дүние қызығынан баз кешу туралы уа-
ғыздайды: «Сіз бизнеспен адал айналысатын адамды көрдіңіз бе? Ол патша-
лардың алдына барады» (Weber, [1904–1905] 1958:53). Капитализм рухына 
кіретіндер – «уақыт – ақша», «еңбекқор болу», «үнемді болу», «нақты болу», 
«әділ болу» және «ақшаны табу – өзінше заңды мақсат» сияқты идеялар. 
Халықтың міндеті байлығын үздіксіз ұлғайту екені туралы идея бар. Бұл ка-
питализм рухын жеке менмендік ретінде бағаламай, этикалық императивтің 
санатына жатқызады. Вебер Қытайда, Үндістанда, Вавилонда, классикалық 
әлемде және орта ғасырларда капитализмнің бір түрі (мысалы, авантюрис-
тік капитализм) өмір сүргенін мойындаса да, олардың «Батыс капитализ-
мінен айырмашылығы болды, бірінші кезекте оған «нақты рух» жетіспеді»
деді ([1904–1905] 1958:52).
Вебер бұл этикалық жүйені сипаттап қана қоймай, оның пайда болуын тү-
сіндіруге де қызығушылық танытты. Ол протестантизм, әсіресе кальвинизм 
капитализмнің рухын көтеру үшін өте маңызды деп ойлады. Шынтуайтында, 
бұл тұрпатты экономикалық жүйенің әрі қарай жалғасуы үшін кальвинизм қа-
жет емес. Оның зайырлы сипатын ескерер болсақ, заманауи капитализм көп 


160
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
тұрғыдан кальвинизмге және, тұтастай алғанда, дінге қарама-қайшы келеді. 
Капитализм бүгінгі күні нормалар, құндылықтар, нарықтар, ақшалар мен заң-
дарды біріктіретін шынайы ұйымға айналды. Ол – Дюркгеймнің терминінде, 
адамға тән сыртқы және мәжбүрлейтін әлеуметтік факт. Вебердің пікірінше:
«Капитализм – бүгінгі таңда адам дүниеге келетін және оның, кем деген-
де, жеке өмір сүруіне қажетті өзгермейтін тәртібі бар ғажайып ғарыш. 
Ол индивидті нарықтық қатынастар жүйесімен айналысу барысында ка-
питалистік әрекеттер ережелеріне үйлесуге мәжбүр етеді».
(Weber, [1904–1905] 1958:54)
Бұл жерде тағы бір маңызды мәселе – кальвинистер саналы түрде капи-
талистік жүйені құруға ұмтылмаған. Вебердің пікірінше, капитализм протес-
танттық этиканың күтпеген салдары болды (Cherkaoui, 2007). Вебер жұмы-
сында күтпеген салдар тұжырымдамасының зор мәні бар, өйткені ол «адам-
дар мен топтардың ниеттеніп жасаған істері көбінесе олардың ниеттеріне 
қайшы келе тін бірқатар салдарға душар етеді» деп сенді. Вебер бұл ұғымды 
тереңдеп түсіндірмегенімен, бұл оның «адамдар әлеуметтік құрылымдар-
ды құрады, бірақ олар тез арада жаратушы ықпал ете алмайтындай дербес 
өмір сүреді» дейтін көзқарасымен сәйкесетін сияқты. Адамдар бақылаусыз 
қалғандықтан, құрылымдар мүлде күтпеген бағытта дамиды. Вебердің ой-
пікірлері Артур Мицманды (1970) оның қайтадан заттану әлеуметтануын 
қалыптастырғаны туралы тұжырымдауға мәжбүрледі. Маркс пен Вебер ка-
питализмді талдауында көрсеткендей, заттанған әлеуметтік құрылымдар 
күтпеген бағытта қозғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет