172
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
Георг Зиммель 1858 жылы 1 наурызда Берлин қала-
сының орталығында дүниеге келген. Берлин универ-
ситетінде көптеген пәндерден дәріс алған. Алайда
оның диссертация жазуға деген алғашқы талпыны-
сы қол дауға ие болмады. Ұстаздарының бірі: «Егер
біз оның әрі қарай осы бағытта дамуын қолдамасақ,
оған үлкен жақсылық жасағанымыз», – деп ескерт-
кен (Frisby, 1984:23).
Осыған қарамастан, Зиммель
талпынысын жалғастырып, 1881 жылы философия
докторы дәре жесін алды. 1914 жылға дейін универ-
ситетте оқытушы болып қызмет істеді, 1885 жылдан
1900 жылға дейін
Prtyatddzent-те салыстырмалы түр-
де маңызды емес позицияға ие болды. Соңғы қызмет
орнында Зиммель ақысыз оқытушы болып жұмыс
істеді және күнкөріс қаражаты оқу орны тарапынан
берілетін жалақыға тәуелді еді.
Өзінің маргиналды-
ғына қарамастан, осы лауазымда жақсы нәтижелерге
жетті, себебі ол керемет дәріскер болды және көпте-
ген студенттерді (ақылы) өз айналасына тартты (Frisby,
1981:17; Salomon, [1963] 1997). Оның стилінің танымал болғаны сондай – тіпті Берлин қоғамының бі-
лімді мүшелері де оның дәрісіне қатысатын, оның әрбір дәрісі қоғамдық іс-шара болды (Leck, 2000).
Оның маргиналдылығы кереғар әрі айтарлықтай түсініксіз тұлға болуына байланысты еді.
«
Егер біз оның туысқандары, достары, студенттері мен замандастары қалдырған есте-
ліктерді жинар болсақ, Георг Зиммель туралы айтарлықтай өзара қарама-қайшы си-
паттамаларды кездестіреміз. Оны кейбіреулер бойы ұзын және арық деп сипаттаса,
бас қалары аласа бойлы және бейшара кейіпте бейнелеген. Мәліметтер бойынша, сырт
келбеті онша тартымды болмаған. Әдеттегі еврей пішінді, бірақ өте зиялы және мейі-
рімді. Оның еңбекқор болғаны белгілі, сондай-ақ әзілқой және шешен дәріскер ретін-
де сипатталады. Соңында, біз оның ерекше парасатты зияткер (Lukacs, 1991:145), жылы
шырайлы, ізгі ниетті, бірақ ішкі дүниесі иррационал, түнеріңкі және тым қарабайыр бол-
ғаны туралы естиміз».
(Schnabel, Poggi, 1993:55)
Зиммель сансыз көп мақалалар мен
The Metropolis and Mental Life («Метрополистер және пси-
хикалық өмір»),
The Philosophy of Money («Ақша философиясы») атты кітаптар жазған. Ол ака-
демиялық ортада танымал әрі ықпалды еді. Оның Берлиндегі үйі мәдени өмір орталығы болды,
онда әйелі Гертруд екеуі ақын Рэйнер Рильке мен Стефан Георг, философ Эдмунд Гуссерль, Ген-
рих Рикет, әлеуметтанушы Макс пен Марианна Вебер сияқты маңызды тұлғаларды қабылдаған
(Helle, 2013). Ганс-Георг Гадамер «Зиммельдің метафизика жайлы эссесі ([1953] 2010) философ
Мартин Хайдеггердің
Being and Time («Болмыс және Уақыт») атты монументалды кітабына әсер
етті» деп көрсеткен. Зиммельдің тіпті шетелде де еліктеуші ізбасарлары болды, әсіресе Құрама
Штаттарда оның жұмыстары әлеуметтанудың қалыптасуына үлкен ықпал етті. Ақырында, 1900
жылы Зиммель ресми атаққа ие болды, Берлин университетінде құрметті атақ берілді, бірақ ол
оған толық академиялық дәреже бермеді. Зиммель көптеген академиялық лауазымдар алуға
тырысты, алайда Макс Вебер сияқты ғалымдардың қолдауына қарамастан, сәтсіздікке ұшырап
отырды.
Шоқындырылған протестант екеніне қарамастан, сәтсіздікке ұшырауының бір себебі – еврей
болғаны, XIX ғасырда Германия жерін антисемитизм жайлаған еді (Birnbaum, 2008; Kasler, 1985).
Достарыңызбен бөлісу: