Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет138/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Қазіргі қолданылуы
Макс Вебер әлеуметтану теориясының кең өрістеуіне басқалардан гөрі көбі-
рек әсер етті. Бұл әсер Вебер теориясының күрделілігінен, тіпті кейде қарама-
қайшылығынан-ақ байқалады. Әдістемелік тұрғыдан Вебер позитивистік және 
постмодернистік әлеуметтануға тарихи негізделген, герменевтикалық балама 
жасайды. Вебер теориясы позитивистік әлеуметтанудың сандық және абстрак-
тілі көзқарастарына, сонымен қатар қазіргі заманғы әлеуметтану тео риясына 
тән релятивистік әлеуметтік конструкционизмге қарсы тұрады. Әлеу меттік 
өмір мен адамның ниеті туралы түсінік ешқашан кәміл бола алмаса да, мағына-
лы әлеуметтік іс-әрекеттердің тарихи негізі туралы азды-көпті нақты мәлімет 
беруге болады. Вебердің осы герменевтикалық көзқарасқа қосқан үлесін Иван 
Оливер (1983) мен Стивен Калберг (2011b) тарихи-салыстырмалы зерттеулер-
ге байланысты ерекше атап өтті. Әлеуметтанушылар қазіргі заманғы қоғамдық 
өмірді талдау үшін Вебердің негізгі идеяларын қолданды. Оның идеялары көп 
болғанымен, біз екеуіне ғана назар аударамыз.
Біріншіден, Ритцер (1993, 2014) қазіргі тұтынушылық қоғамда рациона ли - 
за ция процесін талдау үшін макдональдизация (McDonaldization) тұжырым да-


167
4-тарау

Макс Вебер
масын енгізді. Вебер үшін бюрократия ХІХ ғасырда Еуропадағы рационалдан-
дырудың негізгі формасы болды. Ритцер ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ға сыр-
дың басында рационалдандырудың үлгісі ретінде тез тамақтану өнеркәсібі, 
атап айтқанда, McDonald’s мейрамханасын қарастырды. McDonald’s мейрам - 
ханасына формалды рационалдықтың негізгі институттанған ерекше ліктері 
тән: есептілік, тиімділік, болжамдылық, белгісіздікті бақылау және техноло-
гияны кеңінен пайдалану. Қысқасы, McDonald’s мейрамханасы сенімді, ар-
зан, жылдамдық және тиімділік аясында ұйымдастырылған тұтынушы лық 
қоғамдарға жақсы үйлесетін тұтыну түрін енгізді. Бюрократия секілді мак-
дональдизация күнделікті өмірге қауіп төндіреді. Дегенмен Вебер тұтынушы 
күтпеген мәдени тұтынудың көптеген жаңа түрлерін үнемі енгізе отырып, 
әлемді қайта еліктіруді үйренді (Ritzer, 2005). Вебер мен Ритцер тұжырымда-
малары ның үздіксіз қолданылуы тез тамақтану мейрамханасынан басқа ме-
кемелердің макдональдизациясын талдайтын зерттеулер санының артуымен
дәлелденді.
Екіншіден, әлеуметтанушылар жаңа діни қозғалыстар мен діндердің көш-
басшыларын (Joosse, 2012), Фалуньгун (Junker, 2014) сияқты қоғамдық қозға-
лыстарды және саяси басшылықты түсіну үшін Вебердің харизматикалық би-
лік тұжырымдамасын қолданды. Мысалы, Карин Кнорр Цетина (2009b) Барак 
Обаманың Америка президенттігіне сайлануын түсіндіру үшін харизма ұғымын 
қолданады. Харизма көшбасшыға тән қасиет емес, топтың күштеуімен таңылған 
дабыра екенін еске салады. Соған орай, бірінші сұрақ – «неге америкалықтар 
оған сөзсіз адалдық танытып, өздері соншалықты шаттық сезіміне бөленді?» 
(2009b:132). Кнорр Цетина әлеуметтік-экономикалық ахуалға қатысты осы да-
йын дықты бақылайды. 2008 жылғы сайлауға дейінгі кезеңде «Америка өз ва-
лютасының қатты құлдырауы, көлемді экономикалық тапшылық, жұмыс күші 
арзанырақ елдер үшін жұмыс орындарын жоғалту, Джордж Буш кезіндегі Ирак 
соғысы мен терроризмге қарсы күрестегі дәрменсіздік сияқты ахуалдарды ба-
сынан өткерді» (2009b:133). Көптеген америкалықтар, басқаша айтқанда, жағ-
дайды өзгерте алатын адамға адалдық танытуға дайын болды. Бірақ харизмати-
калық көшбасшының рөлін кім «атқара» алады? Неліктен Обама? Неге оның 
қарсыласы демократ Хиллари Клинтон емес? Екеуі де саясаттың өзгеретініне 
уәде берді, бірақ, ең бастысы, Кнорр Цетина Обаманың бейтаныс адам ретінде 
қабылданғанын болжайды. Харизматикалық көшбасшылар әрдайым аутсай-
дерлер болады. Олар бюрократияға қарсы тұрады. Олар бұрыннан көз таныс 
мәртебеге қарсы шығады. Сонымен қатар The Pied Piper of Hamelin («Гамельндік 
сырнайшы») халық ертегісіне сүйене отырып, Кнорр Цетина харизматикалық 
көшбасшы «сырнайшы» болуы тиіс деп есептеген. Обаманы шебер «сырнайшы» 
деп атады. Тереңнен шыққан зор, құлаққа жағымды даусы – оның құралы. Ол 
«тыңдаушыға зор әсер» етеді (2009b:135). Сонымен қатар науқан барысында 
оның дауысы жарнаманы және әлеуметтік медианы бұрын-соңды болмаған ау-
қымда қолдану арқылы кең таралды. Шынында да, мәтіндік хабарламалар арқы-
лы Обаманың үгіт-насихат науқаны жедел, тығыз қарым-қатынас пен байланыс 
сезімдерін қалыптастырды, мұндай ықылас, Кнорр Цетинаның пікірінше, Оба-
маның ізбасарларын енжар қалдырмады.
Кнорр Цетина тек харизманың ұжымдық негізін растайды, бірақ медиатех-
нологияны талқылау кезінде харизма жасаудың қазіргі заманғы техникасына 
ерекше назар аударады.


168
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Бұл тарау Вебер теориясының негіздері мен әдіснамалық бағыттарын талқылаумен бас-
талады. Вебер ғылыми мансапқа жету жолында тарих пен әлеуметтанудың бірігуіне, яғни 
тарихи әлеуметтанудың дамуына қарай біртіндеп ілгері басты. Оның ең маңызды әдісна-
малық ұғымдарының бірі – verstehen (түсіну). Бұл жеке сананы талдауға арналған құрал 
ретінде жиі түсіндірілсе де, ол Вебердің қолында көбінесе субъектілерге құрылымдық және 
институттық шектеулерді талдаудың ғылыми құралы болды. Вебер әдіснамасының басқа 
аспектілері, соның ішінде оның себеп-салдар тұрғысынан пайымдауы мен идеалды типтерді 
қолдануға бейімділігі талқыланады. Бұдан басқа, біз оның құндылықтар мен әлеуметтану 
арасындағы өзара байланысты талдауын қарастырамыз.
Вебер әлеуметтануының жүрегі әдіснамалық мәлімдемеде емес, негізгі әлеуметтануда 
жатыр. Вебер өзінің теорияларын әлеуметтік әрекеттер мен әлеуметтік қарым-қатынастар 
туралы ойларына негіздегенмен, оның басты қызығушылығы – қоғамның кең ауқымды құ-
рылымдары мен институттары болды. Біз әсіресе оның рационалды-құқықтық, дәстүрлі 
және харизматикалық сияқты биліктің үш құрылымының ерекшеліктерін қарастырамыз. 
Рационалды-құқықтық билік тұрғысында біз оның әйгілі идеалды типтегі бюрократиясы-
мен танысып, оның дәстүрлі және харизматикалық билікті талдау үшін осы құралды қалай 
қолданғанын көрсетеміз. Вебердің харизмаға қатысты жұмысы ерекше қызығушылық ту-
дырады. Ол бұл туралы биліктің құрылымы ретінде нақты түсінік беріп қана қоймай, соны-
мен қатар мұндай құрылымды жасау процестеріне ден қойды.
Билік сияқты әлеуметтік құрылымдар жөніндегі жұмысы маңызды болса да, нақ мәде-
ни деңгейде, әлемді рационалдандыруға қатысты жұмысында Вебердің ең мәнді идеялары 
жатыр. Вебер әлемде рационалдандырудың өз нормалары мен құндылықтары барған сайын 
үстемдік ете бастайтыны туралы ойларды қалыптастырды. Бұл тұрғыда біз Вебердің эко-
номикаға, дінге, заңға, мемлекетке, қалаға және өнер түрлеріне қатысты жұмысын талқы-
лаймыз. Вебер рационалдандыру Батыстың барлық институттарында кең таралғанын, ал 
қалған әлемде бұл үдерісте үлкен кедергілер болғанын айтты.
Вебердің рационалдандыру және басқа да мәселелер туралы ойлары дін мен капита-
лизм арасындағы өзара байланыс жайлы жұмысында бейнелеген. Бір деңгейде бұл – идея-
лар (діни идеялар) мен капитализм рухының дамуы арасындағы өзара байланысына, сайып 
келгенде, капитализмнің өзіне арналған бірқатар зерттеулер. Басқа деңгейде бұл – Батыс-
тың рационалды экономикалық жүйесінің (капитализмнің) пайда болуында маңызды рөл 
атқарған рационалды діни жүйені (кальвинизм) қалай дамытқаны туралы зерттеу. Соны-
мен қатар Вебер рационалды экономикалық жүйенің дамуына кедергі келтіретін діни жү-
йелерді (мысалы, конфуцианизм, даосизм мен индуизм) орнықтырған басқа да қоғамдарды 
зерттеді. Әлемнің әлеуметтік тарихының дәл осындай үлкен ауқымдағы көрінісі Вебер тео-
риясының түбегейлі маңыздылығын айқындауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет