Үндістандағы дін мен капитализм. Біздің мақсаттарымыз үшін Вебер ойла-
рының ([1916–1917] 1958) Үндістандағы дін мен капитализмнің өзара байла-
нысына әсерін қысқаша талқылау жеткілікті. Мысалы, Вебер уәж, оның егжей-
тегжейлерін емес, қытайлық жағдайға ұқсас, каста жүйесінің құрылымдық ке-
дергілерін талқылады (Gellner, 1982:534). Айтқандай, каста жүйесі әлеуметтік
мобильділікке үлкен тосқауылдар қойды, адам өмірін егжей-тегжейіне дейін
реттеуге бейім болды. Брахмандардың идеялық жүйесі бірнеше құрамдас бө-
ліктен тұрды. Мысалы, брахмандардан өрескел істерден аулақ болып, әдеттегі
әсемдік пен мінез-құлықтағы әдептілікті бақылаумен айналысу күтілді. Пенде-
шілік өмірге немқұрайды қараған брахманның діни ұстанымының басты идея-
сы болды. Сондай-ақ брахмандар жоғары әдеби білімге аса мән берді. Брахман-
дар мен конфуцийліктер арасында маңызды айырмашылықтар болғанымен, әр-
қайсысының этосында капи тализмнің өсуіне мүмкіндік бермейтін кедергілер
болды.
Индуизм діні де осындай идеялық кедергілер туғызады. Оның негізгі идея-
сы реинкарнация болды. Индуизм бойынша, адам өткен өмірдегі мінез-құл-
қына сәйкес соған лайықты кастада өмірге келеді. Касталық рәсімге адал қыз-
мет етуіне қарай, үндіс келесі өмірде марапатталады. Индуизм кальвинизмге
қарағанда ережелерді дұрыс орындау арқылы мұратыңа қол жеткізуге болады
деген идея тұрғысынан дәстүрлі болды; инновациялар, әсіресе экономикалық
саладағы инновациялар, келесі өмірде жоғары кастаға әкеле алмады. Бұл дү-
ниедегі қызмет маңызды емес еді, өйткені әлем уақытша және рухани ізденуге
кедергі келтіреді деп түсіндірілді. Осы және басқа тәсілдерге сәйкес индуизм-
мен байланысты идеялар жүйесі, капиталистік экономикалық жүйені және,
тұтастай алғанда, рационалды реттелген қоғамды құруға қабілетті адамдарды
шығара алмады.