179
5-тарау
•
Георг Зиммель
стимулдардың үстемдік етуінен қорғауы мүмкін, бірақ ол әлеуметтік шын-
дыққа үстемдік ететін объектілерді жаңадан жасауы ықтимал. Зиммельдің
пікірінше, «Біздің ақылымыз ойлау актіне тәуелсіз, мазмұн жайлы ойлауға
қабілетті» ([1907] 1978:65). Осылайша, интеллект адамдарға сыртқы стимул-
дарға тәуелділіктен құтылуға мүмкіндік бергенімен, құрылымдар мен инс-
титуттар құрастыруға қабілетті, бірақ олар, өз кезегінде, ой мен іс-әрекетті
шектейді.
Қорыта айтқанда, индивидуалдық Зиммель үшін этикалық және мораль -
дық идеал ретінде аса маңызды болды. Хорст Хелленің (2013:36) айтуы бо-
йын ша: «Зиммель үшін автономия мен адам даралығы – күмән келтірілмейтін
және талқылауға жатпайтын құндылық». Адам шығармашылықтың қайнар
көзі болғандықтан, Зиммель индивидуалдықтың заманауи либералды тұжы-
рымдамасын қолдады. Хеллеге сүйенетін болсақ, Зиммель индивидуалдық-
ты заманауи капиталистік, қалалық қауымдастықтың дамуымен байланысты
эволюциялық жетістік деп білген. Нақтырақ айтқанда, капитализм бәсеке-
лестікті әлеуметтік өмір негізі ретінде институттандырады. Бәсе келестік дара
шығармашылық пен әлеуметтік формалардың әрі қарай да муын қолдайды.
Бұл Зиммельдің мұқияттығын көрсетеді. Ол капитализмді бәсекелестіктен
бөлім-жарып оқшауламай, қайта бәсекелестікті қол дауды талап ететін әлеу-
меттік форма ретінде қарастырады. Осы себептерге сүйене отырып, Зиммель
социализмді сынады. Социализм адамдар арасында бәсекелестікті жойып,
жаңа әлеуметтік формалардың пайда болуына себеп болатын шығармашы-
лыққа қауіп төндірді. Іс жүзінде Зиммель «социализм қоғам үшін шығарма-
шылықты жояды» деп пайымдаған.
Достарыңызбен бөлісу: