Алеуметтану тероиясы indb


Әлеуметтік әрекеттестік («Қауымдасу»)



Pdf көрінісі
бет146/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Әлеуметтік әрекеттестік («Қауымдасу»)
Георг Зиммель әлеуметтік әрекеттестік формалары мен модельдер түсінігін за-
манауи әлеуметтануға енгізуімен танымал. Әлеуметтік шындық туралы қызы-
ғушылық деңгейін былайша көрсеткен:
«Бұл жерде біз адам материалындағы микроскопиялық молекулярлы про-
цестермен жұмыс жасаймыз деуге болады. Бұл процестер шынайы оқиға 
және макрокосмостық тұрақты бірліктер мен жүйелер деңгейлеріне бірік-
тірілген. Адамдар бір-біріне қарап, бір-бірінен қызғанады; бір-бірімен хат 
алмасып, түскі асты бірге ішеді; барлық нақты мүдделерден басқа, маңызды 
қызығушылықтардан бөлек бір-біріне жағымды және жағымсыз әсер етеді; 
альтруистік әрекеттер үшін алғыс ажырамас одаққа жол ашады; бір адам 
екінші біреуден белгілі бір көшеге жол сілтеуін сұрайды; адамдар өзгелер 
үшін киініп, әрленеді – бұл бір адам мен басқа адам арасында болатын қа-
рым-қатынас тізбегіндегі кездейсоқ таңдалған бірнеше иллюстрация. Бұ-
лардың шапшаң немесе тұрақты, саналы немесе санасыз, ауыр немесе жеңіл 
салдары болуы мүмкін, бірақ олар үнемі адамдарды бір-бірімен байланыс-
тырып отырады. Әрбір кезеңде мұндай байланыстар қозғалыста болады, 
төмен деңгейге түсіп, қайта көтерілуі мүмкін, басқалармен орын алмасады, 
сөйтіп шырмала береді. Қоғамның атомдары арасындағы бұл өзара қарым-
қатынасты тек психологиялық микроскопиямен зерделеуге болады».
(Simmel, [1908] 1959b:327–328)


180
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Зиммель саналы субъектілер арасындағы өзара әрекетке (ассоциация) өзі-
нің баса көңіл бөлгенін айтты, сонымен қатар кейбір уақыттың аралығында 
тривиалды (ешқандай жаңалығы жоқ, таптаурын) болып көрінуі мүмкін, бірақ 
өзгелер үшін аса маңызды өзара әрекет етудің үлкен диапазонын қарастыруды 
алдына мақсат етіп қойды. Ол Дюркгейм сияқты әлеуметтік фактілерге қызы-
ғушылық танытпады, әлеуметтанудағы микродеңгейді ұстанды.
Зиммельдің әлеуметтануында өзара әрекет айрықша орын алғандықтан, 
көпшілік, әлеуметтік шындықтың анағұрлым үлкен аспектілері жөніндегі түсі-
нік тер назардан тыс қалып отырды. Мысалы, кейбір уақытта ол қоғамды өзара 
әрекеттестікке теңестірді: «Қоғам... нақты өзара әрекеттер жиынтығының тер-
мині немесе синтезі... «Қоғам» осы қарым-қатынас жиынтығына тең» (Simmel, 
[1907] 1978:175).
Мұндай тұжырымдарды оның өзара әрекетке деген қызығушылығының дә-
лелі деп қарастыруға болады, алайда Зиммельдің жалпы және философиялық 
әлеу меттануында қоғамның және мәдениеттің анағұрлым ауқымды тұжырым-
дамалары қамтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет