Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет153/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Ақша философиясы 
Ақша философиясы ([1907] 1978] Зиммельдің ойларының тереңдігі мен же-
тістігін жақсы көрсетеді (Deflem, 2003). Зиммельдің жалпы теориясы – мик-
роәлеуметтану туралы эссесі сияқты мойындауға лайықты дүние. Олардың 
көбін оның жалпы теориясының белгілі бір көрінісі деп тануға болады. Кітап 
атауына қарап, Зиммельдің басты нысанасы ақша екенін аңғарамыз, оның
бұл құбылысқа деген қызығушылығының негізінде бірқатар теориялық және 
филосо фиялық мәселелер жатыр. Мысалы, осыған дейін байқағанымыздай, 
Зиммель құндылықтың ауқымды мәселесіне қызыққан болатын және ақ ша ны 
құнның нақты формасы ретінде қарастырды. Басқа деңгейде Зиммель мұны 
ақшаның өзімен емес, әрекет етушілердің «ішкі дүниесіне», жалпы объектив-
ті мәдениет сияқты құбылыстардың кең спектріне тигізетін ақшаның әсерімен 
сипаттаған. Тағы бір деңгейде ол ақшаны «айырбас, жеке меншік, ашкөздік, 
экстраваганттық, арсыздық, жеке тәуелсіздік, өмір стилі, мәдениет, тұлғаның 
құндылықтары» сияқты өмірдің басқа компоненттерімен байланысқан ерек-
ше құбылыс ретінде талдады (Siegfried Kracauer, cited in Bottomore and Frisby, 
1978:7). Соңында, жалпылай келе, Зиммель ақшаны «өмірдің бар жиынтығын 
түсінуге септігі бар ерекше компоненті» деп тұжырымдады. Том Боттомор мен 
Дэвид Фрисбидің ойынша, Зиммельдің ізденісі «өзінің ақша талдауынан дәуір 
рухының жиынтығын» анықтауы болды (1978:7).
Ақша философиясының Карл Маркс еңбектерімен ортақ тұстары көп. 
Маркс сияқты, Зиммель де капитализмге, ақша экономикасы туындататын мә-
селелерге зейін қойды. Алайда осындай ортақ тұстарға қарамастан, бір-бірінен 
айырмашылықтары таңғаларлық. Мысалы, Зиммель өз заманының экономи-
калық мәселелерін жалпы мәдени мәселенің ерекше көрінісі, объективті және 
субъективті мәдениеттің алшақтауы деп қарастырған (Poggi, 1993). Маркс 
үшін бұл мәселелер капитализмге тән, бірақ Зиммель үшін олар тұлғаның
объективті мәдениет алдындағы қауқарсыздығы – жалпыға ортақ трагедияның 
бір бөлшегі болған.
Маркс талдауы тарихи ерекшелікке ие болса, Зиммельдің талдауы адам зат 
тарихы ағымындағы мәңгілік шындықтарды айқындауға бағытталған. Фрис би-
дің айтуынша: «Оның «Ақша философиясында»... жетіспейтіні... бұл ақша қа-
рым-қатынасының тарихи әлеуметтануы» (1984:58). Зиммель мен Маркс тал-
дауындағы бұл өзгешелік екеуінің арасындағы шешуші саяси айырмашылық-
тарға байланысты. Маркс экономикалық мәселелерді капита листік қоғамның 
уақытша өнімі ретінде қарастырған, соңында бұл мәселелер шешіледі деп 
есептеген. Алайда Зиммель адам өміріне тән негізгі мәселелерді байқаған және 
одан әрі қарай оңалуына сенбеген. Шын мәнінде, Зиммель социализм «Ақша 
философиясында» талқыланған мәселелерді шешудің ор нына оларды өршіте-
ді деп есептеген. Ақша философиясы ақшаның жалпы формаларын және құн-
дылықтарды талқылаудан басталады. Кейін келе ақшаның әрекет етушілердің 
«ішкі әлемі» мен жалпы мәдениетке әсер етуіне ұласады. Аргументтер кешенді 
болғандықтан, бұл жерде оларды тек шолып өте аламыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет