190 I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
Ақша және құн Жоғарыда қысқаша тоқталып өткеніміздей, Зиммель еңбектеріндегі негізгі
мәселелердің бірі – ақша мен құнның арақатынасы (Kamolnick, 2001). Жалпы
алғанда, адамдар объектілерді жасап, оларды өзінен алыстату, кейінірек «ара-
қашықтық, қиындық, бөгеттерді» жеңуге ұмтылу арқылы оларға құндылық
мән береді (Simmel, [1907] 1978:66). Объектіні алу неғұрлым қиын болса, оның
құндылығы арта түседі. Алайда қолжетімдік қиындығы «төменгі және жоғарғы
шекке» ие болады (Simmel, [1907] 1978:72). Жалпы, принциптің мәні адамдар-
дың заттардан дұрыс алшақтай алу қабілетіне байланысты болатынымен си-
патталады. Тым жақын орналасқан және қол жеткізу ықтималдығы жеңіл зат
аса құнды болмайды. Құнды болу үшін белгілі бір күш салуды қажет етеді. Ке-
рісінше, тым алыс, қолжетімсіз немесе алуға мүмкін емес заттар да аса құнды
болмайды. Көпшілікке, барлығына демесек те, қарсылық танытатын заттар біз
үшін құнды болуын тоқтатады. Ең құнды заттар тым алыс та емес, тым жақын
да емес. Объект пен іс-әрекет етуші арасындағы арақашықтықпен байланыс-
ты факторлар ішінде оны алуға қажет уақыт, оның жетіспеушілігі, оны алумен
байланысты туындаған қиындықтар, оны алу үшін бас тартуға тура келетін өзге
заттар да бар. Адамдар мұндай кезде объектілерден қажет арақашықтықта бо-
луға тырысады, олар қолжетімді болуы тиіс, бірақ оңайлықпен келмеуі керек.
Зиммель құндылықтың жалпы аясында ақша туралы талқылаған. Экономи-
калық салада ақша объектімен арақашықтық орнатуға және сол арақашықтық-
ты жеңіп шығуға қажетті құралдармен қамтамасыз ету үшін қызмет атқарады.
Заманауи экономиканың объектілеріне байланған ақша оларды бізден белгілі
бір арақашықтыққа орналастырады; өзіміздің қаражатымыз бол маса, оларды
ала алмаймыз. Ақша алудағы объектілер оны біз үшін құнды етеді. Біз қажетті
ақша мөлшеріне қол жеткізген сәттен бастап, объектімен арадағы ара қашық-
тықты жеңіп шыға аламыз. Осылайша ақша адам мен объектілер арасында ара-
қашықтық орнатуда қызықты функция атқарады, сосын сол арақашықтықты
жеңіп шығу үшін қажет құралдармен қамтамасыз етеді.