Алеуметтану тероиясы indb


Толкотт Парсонс (1902–1979)



Pdf көрінісі
бет178/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Толкотт Парсонс (1902–1979).
 
Парсонс алғашқы еңбектерін үздіксіз жария-
лады, алайда оның ерте кезеңдегі еңбегінің ең жемістісі – аспиранттарға еткен 
ықпалы, олардың көбі танымал әлеуметтанушы теорияшылар болды. Олардың 
ішінде ең танымалы – Роберт Мертон, ол 1936 жылы PhD дәрежеcін алды, 
кейінірек Колумбия университеті парсонстық теориялар орталығына айнал-
ды. Сол жылы (1936) Кингсли Дэвис PhD дәрежеcін алды, Уилберт Мурмен
(Гарвардтағы дәрежесін 1940 жылы алған) бірге құрылымдық-функционалдық 
теорияның негізін қалады, ол теорияны Парсонс пен парсонстықтар қызметі-
нің ең сәтті нәтижесі деуге болады. Бірақ Парсонстың ықпалы 1930 жылдармен 
шектелмеді. Осылайша, ол өз беделімен дарынды аспиранттарды 1960 жылдар-
ға дейін тәрбиелеп келді.
1937 жыл Парсонс пен америкалық әлеуметтану теориясы үшін шешуші, 
мерейлі жыл болды. Сол жылы The structure of Social Action («Әлеуметтік әре-
кеттің құрылымы») атты еңбегі жарық көрді. Бұл кітаптың негізгі төрт себеп-
пен Америкадағы әлеуметтану ғылымындағы маңызы ерекшеленеді. Бірінші-
ден, ол ұлы еуропалық теориялауды кең аме рикалық қауымға таныстырудың 
алғышарты болды. Кітаптың негізгі бөлімі – Дюркгейм, Вебер мен Парето 
сияқты тұлғаларға арналған. Ондағы интерпретация бойынша аталмыш ға-
лымдар америкалық әлеуметтану ғылымына бірнеше ғасыр бойы айрықша 
ықпал етті. Екіншіден, Парсонс Маркс пен Зиммель сияқты ғалымдарға мүл-
дем көңіл бөлмеген (D. Levine, 1991a). Нәтижесінде, осы күнге дейін марксис-
тік теорияның легитимдік әлеуметтанудан алшақтығы жалғасуда. Үшіншіден, 
«Әлеуметтік әрекеттің құрылымы» әлеуметтану теориясында заңды және ғы-
лыми әлеуметтік белсенділікке ие болды. Құрама Штаттар топырағында пайда 
болған теориялар ішінде Парсонс еңбектерінің маңызы өте зор (Lidz, 2011b).
Төртіншіден, Парсонс әлеуметтануға нақты ықпал ететін арнайы әлеу-
меттану теорияларын бекітті. Осылайша, Парсонс өзін және басқалар да оны 
іс-әрекет теорияшысы деп қабылдады (Jaos, 1996). Ол акторлардың ойлары 
мен әрекеттеріне көңіл бөлді. Бірақ 1937 жылдың соңында ол кең ауқымды 
әлеумет тік және мәдени жүйелерге бағытталып құрылымдық функционализм 
теория шысы санатында ойлай бастады. Парсонс бұл екі теорияның арасында 
қай шылық жоқ екенін айтқанмен де, құрылымдық функционализмнің өкілі-
не айналды, сөйтіп, осы теорияның басты өкілі болды. Бұл теория әлеумет-
тануда күшке айналып, өз беделін 1960 жылдарға дейін сақтап тұрды. Пар-
сонстың теориядағы беделі мен құрылымдық функционализмі ірі әлеуметтік 
құрылымдар мен институттар арасындағы қатынастарды анықтауда байқалды 
(7-тарауды қараңыз).
Өзінің құрылымдық-функционалдық теориясында Парсонстың негізгі 
орны 1950 жылдардың басындағы бірнеше еңбегімен, бірінші кезекте The Social 
System («Әлеуметтік жүйе») (1921) еңбегімен айқындалды (Barber, 1994). Осы 
және басқа жұмыстарында Парсонс қоғам құрылымы мен ондағы адамдардың 
өзара арақатынасына көңіл бөледі. Ол құрылымдар бір-бірін қолдайтын және 
динамикалық тепе-теңдікке итермелейтін өзара байланысты болып қабылдан-
ды. Негізгі басымдық қоғамның түрлі элементтері арасындағы тәртіптің қалай 


228
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
орындалуына байланысты болды (Wrong, 1994). Өзгерістер реттеуші процесс 
деп мойындалды. Парсонс (1966, 1971) әлеуметтік өзгерістерге неоэволюция-
лық көзқарас ұстанды. Парсонс тек қана әлеуметтік қатынастар емес, басқа да 
жүйелерге, оның мәдени және тұлғалық жүйелерге әсерін зерттеуге зейін қой-
ды. Бірақ оның жалпы ішкі жүйелік қатынастарға деген көзқарасы жүйеара-
лық қатынастарға деген ойымен ұқсас келетін. Демек, әлеуметтік құрылымдар 
ауызбіршілік, келісім мен тәртіпке негізделуі тиіс деп санады. Басқаша айт-
қанда, бір-біріне қатысты позитивті функция атқарды.
Осы себеппен Парсонс құрылымдық функционалист ретінде бағаланды. 
Осы ұғымды ұстанған соң, оның Құрама Штаттардағы беделі көтерілді. Оның 
жұмысы осы теорияның негізінде жатыр, алайда оның шәкірттері теорияны 
дамытуды әрі оның АҚШ-тағы беделінің, ықпалының артуын көздеді.
Парсонстың еңбектері АҚШ тарихындағы әлеуметтанушылардың қата-
рында ерекше орын алғанына қарамастан, оның кері нәтижелері де болды 
(Holton 2001). Біріншіден, ол еуропалық теорияшылардың интерпретациясын 
ұсынды, алайда олар сол теорияшылардың емес, Парсонстың өзінің көзқара-
сын көрсетті. Көптеген америкалық әлеуметтанушылар бастапқыда еуропа-
лық теорияшылардың қате тұжырымдамаларын ұстанды. Екіншіден, Парсонс 
өз қызметінің басында Маркстің еңбектеріне көңіл бөлмеген болатын. Нәти-
жесінде марксистік теория ресми әлеуметтану ғылымында біраз жылдар бойы 
көлеңкеде қалды. Үшіншіден, оның жеке теориясының көптеген кемшіліктері 
болды. Алайда Парсонстың үздік ғалым атағына Америкадағы әлеуметтануда 
біраз жылдар бойы ешқандай күмән келтірілмеді, осылайша, қарсыластардың 
сөздері мен сындары есепке алынбады. Тек кейінгі жылдары ғана Парсонс-
тың еңбектері мен құрылымдық функционализм теориясына деген сенімсіздік 
туындап, бірнеше қайшылықтар анықталған.
Алайда 1930 жылдардың басына қайта оралсақ, Гарвард бөлімінің сол кез-
дегі даму сипатын оның ықпалды тұлғасы Джордж Хоманс еңбектерін қарас-
тыру арқылы білуімізге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет