Алеуметтану тероиясы indb


Ерте кезеңдегі Америка әлеуметтануындағы әйелдер



Pdf көрінісі
бет174/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Ерте кезеңдегі Америка әлеуметтануындағы әйелдер
Алдыңғы бөлімде аталып өткен Чикаго университетіндегі әлеуметтік ойдың 
өркендеуі Дюркгейм, Вебер мен Зиммель еуропалық әлеуметтанудың негізін 
қалап жатқан кезеңмен тұспа-тұс келді, міне, осы уақыт межесінде олардың 
кейбір идеяларын қолдап, кейбір ойларына қарсы шығатын, жаңашыл, өзара 


222
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
таңға ларлықтай байланысқан әлеуметтік реформатор әйелдер тобы да алғаш-
қы әлеу меттану теорияларын дамытты. Олардың қатарында Джейн Аддамс 
(1860–1935), Шарлотта Перкинс Гилман (1860–1935), Анна Джулия Купер 
(1858–1964), Ида Уэллс-Барнетт (1862–1931), Марианна Вебер (1870–1954) 
мен Беатрис Поттер Веббті (1858–1943) атауға болады.
5
Олардың ішінде тек 
Купер ғана ерекшеленуі мүмкін, қалған дарының барлығын Джейн Аддамспен 
байланыстырып, бір жүйеге біріктіруге болады. Бүгінде олардың әлеуметтану-
шылар мен әлеуметтану теориясы сияқты пәндердің тарихында белгісіз болып 
қалуы әлеуметтанудағы ішкі гендерлік саясаттың салқыны еді. Сондай-ақ өз-
дерінің практикалары толық қарастырылмағанын және сыннан тыс түсіндірі-
летінін көрсетеді. Осы әйелдердің әрқайсысының әлеуметтану теория сы жеке 
теориялық талпыныстар негізінде пайда болғанмен, барлығы біріктіріліп оқы-
лар болса, алғашқы уақыттағы феминистік әлеуметтану теориясының қуатты 
біртұтас тұжырымдамасын көрер едік.
Олардың теорияларының негізгі ерекшелігі кәсіби әлеуметтанудың да-
муынан тыс қалуына ішінара себеп: 1) әйел тәжірибесіне, өмірі мен жұмысы-
на деген басымдық, ерлермен тең маңызға ие болуы; 2) олардың ерлер әлеу-
меттануы аясында көбіне беделді теориямен байланыстырылатын сындарлы 
объектив тілікпен емес, тек қалыптасқан көзқарас тарапынан айтқанын түсіну 
(Lemert, 2000); 3) әлеуметтану мен әлеуметтану теориясының идеясы әлеумет-
тік реформаларда болу керектігі, яғни адам өмірінің жақсаруы білім арқылы 
жүзеге асырылмақ; өмір құрылымының жақсаруындағы негізгі кедергі – тең-
сіздік екенін тұжырымдау. Осы әйелдердің бір-бірінен айырмашылығы олар 
на зар аударған теңсіздік түсінігінің сипаты – гендерлік, нәсілдік, таптық және 
осы теңсіздіктердің факторымен байланысты болды. Алайда аталған барлық 
әйелдер өз көзқарастарын әлеуметтік-саяси қызметтер арқылы іске асырды, 
олар өздері өмір сүрген Солтүстік атлантикалық қоғамдарды өзгертуге және 
теңдікті орнатуға септесті, олардың осы белсенділігі де теорияны жасаумен қа-
тар әлеуметтануды тәжірибе жүзінде іске асырудың бір мысалы болды. Олар 
әлеуметтік ғылымның зерттеуін өздерінің теориялық және тәжірибелік шы-
ғармашылығының бір бөлігі деп қабылдады. Әлеуметтік ғылымдағы жаңа шыл 
әдістерді ойлап табуда өте тапқырлық танытты. 
Шарлотта Перкинс Гилман (1860–1935). Осы ерте кезеңгі әйел әлеуметтану-
шылардың алғашқыларының бірі. Шарлотта Перкинс Гилман теориялық тал-
даулардың ең жүйелі үлгісін ұсынды. Хартфордтағы Коннектикутте атақты 
Бичер әулетінде дүниеге келді. Ол университетте қызмет атқармаса да, сөзі-
мен жұртты үйіріп әкететін шешен әрі жазушы ретінде айналасына кең таны-
мал болды. Оның еңбектері (American journal of Sociology журналында жарық 
көрген мақалаларын қоса) көптеген газеттер мен ғылыми журналдарда мақа-
лалар, ғылыми кітаптар, көркем әдебиет түрінде жарияланып отырған. Оның 
ең танымал теориялық туындысы – Women and Economics («Әйелдер және эко-
номика») ([1898] 1966) атты еңбегі. Көлемі, құрылымы жағынан өзінің заман-
дастары – ер әлеуметтанушылардың еңбектерімен қатар тұрды. «Әйелдер және 
экономика» – эволюциялық теорияға, әсіресе Лестер Уорд идеясына негіздел-
ген ғылыми еңбек. Ол өзі экономикадағы «жыныстық экономикалық» деп 
атайтын қатынастың эволюциясын, қазіргі қоғам адамдардың негізгі қажетті-
ліктерін қаншалықты шектейтінін сипаттады. Ерлермен қатар әйелдердің де 
еркін, жа ңа шыл еңбек етулерін қалады. Алайда әйелдер үй шаруашылығынан 


223
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
босамайды. Ерлердің мүддесі үшін үй шаруасымен ғана айналысуға тиісті 
болды. Шығар машылық мүмкіндіктерін жоққа шығару оларға үлкен соққы 
болмақ. Гилманның ойынша, әлеуметтану құралдарының көмегімен адамдар 
гендерлік теңсіздікті жоюға қол жеткізеді. Ол өзінің теориялық идеяларына 
сүйене отырып, гендерге қатысты тең әлеуметтік тәртіп орнатудың жолда-
рын ойластырды. Осы тұжырымдары оны тек Құрама Штаттарда ғана емес, 
бүкіл әлемге белгілі феминист ретінде танытты. Ол ұсынған теориялар The 
Yellow Wallpaper («Сары түсті тұс қағаз») (Gilman, [1892] 1973) мен Herland 
(Херленд) (Gilman, [1915] 1998) сияқты танымал шығармашылық еңбектерде 
зерттелді. Гилманның эволюцияға байланысты көптеген ойлары ескіргенімен 
(Спенсер мен ерте кезеңгі америкалық ер әлеуметтанушылары сияқты), оның 
экономикалық және мәдени салалардағы гендерлік теңсіздікке қатысты нақты 
зерттеу жұмыстары бүгінгі күнде де өзекті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет