224
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
дарын» бас тап кеткен еді (A. Morris, 2015:61). Осы «қара нәсілді әлеуметта-
нушылардың алғашқы легінің» қатарында Монро Уорк, Ричард Райт (кіші)
мен Джордж Эдмунд Хайнес болды (A. Morris, 2015:61).
Атланта мектебі жұ-
мысының басты компоненті жылдық Атланта конференциясы еді. Бұл кездесу
қара нәсілді студенттер, академиялық сала өкілдері мен қоғам мүшелерін бі-
ріктіріп, өзара пікір алмасып, жаңа зерттеулерге жол ашты. Конференциялар-
ға, сондай-ақ Джейн Аддамс пен антрополог Франц Боас сияқты танымал ақ
нәсілді ғалымдар қатысты.
Дюбуа өзінің жетістіктеріне қарамастан, Атланта университетінен 1910
жы лы шығып кетті, сөйтіп, нақты саяси жұмыспен айналысуға біржолата бет
бұрды. 1905 жылы ол Монро Троттермен
бірге Ниагара қозғалысын құрды,
бұл азаматтық құқық ұйымы дискриминацияны сынға алып, саяси жұмыстар
атқарды. 1909 жылы ол қара нәсілді халықтың прогресшіл Ұлттық қауым дас-
тығының (
National Association for the Advancement of Colored People (NAACP))
негізін қалауға көмек көрсетті, кейінірек осы қауымдастықтың
The Crisis жур-
налының редакторы болды.
The Crisis журналында ол өзінің редакторлық ма-
қалаларында АҚШ-тағы афро-америкалықтардың күнделікті
өмірінде кезіге-
тін күрделі мәселелерді көтерді.
Осындай түрлі қызметте жүрсе де, Дюбуа өзі «барлық тарихтың ортақ
түйіні болады» деп санаған «нәсіл идеясынан» көңілі ешқашан ауытқыған
емес (Du Bois, [1897] 1995:21) және бұл ол үшін тек Құрама Штаттар шең-
берімен шектелмей, әлемнің түрлі бөлігін қамтыған «түсті сызық» болды.
Оның ең танымал теориялық идеяларының бірі афро-америкалықтар мен
америкалықтар арасындағы анық жіктелуді немесе кедергіні тудыратын
перде болды. Бұл –
тас қамал емес, жұқа, нәзік нәрсе, ол арқылы нәсілдер
бірін-бірі көре алады, бірақ осыған қарамастан, екі нәсілдің бөлінуіне қыз-
мет етеді. Басқа маңызды теориялық идея –
екіжақты сана идеясы «екіма-
ғыналық» немесе афро-америкалықтардың өзін өзгенің көзімен көріп, баға
беру сезімі жайлы талдау болатын. Дюбуаның әлеуметтану саласындағы ең-
бектері өз кезінде ескерілмегеніне қарамастан, қазіргі күнде оның нәсілдік
теориясының өміршеңдігімен бірге, жалпы әлеуметтануға бірегей көзқарас
ұсынғанына көзіміз жетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: