ЧАРЛЬЗ РАЙТ МИЛЛС
да: «Лев Троцкийдің барлық еңбектері Кеңес Одағында жария болатын күн үшін алып
қояйық!», – деді».
(Tilman, 1984:8)
Ч. Райт Миллс Нью-Йорк штатындағы Найекте 1962 жылы 20 наурызда қайтыс болды.
235
6-тарау
•
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
Айырбас теориясының туындауы
Маңызды теориялық зерттеулердің бірі – айырбас теориясының пайда болуы
(Molm, 2001). Бұл саланың дамуына зор үлес қосқан әлеуметтанушы Джордж
Хоманс еді, оның шығармашылығы Б.Ф. Скиннердің психологиялық бихе-
вио ризмін зерттеген кезде қарастырған еді. Скиннер бихевиоризмі әлеуметтік
айырбас теориясының, сонымен қатар Хоманс айырбас теориясының негізі бо-
лып саналады.
Алғашында Хоманс көгершіндердің мінез-құлықтарын түсіндіретін Скин-
нер теориясы әлеуметтік жүріс-тұрысты зерттеуге қалай көмектесетінін біл-
меді. Алайда Хоманс кіші топтарды әлеуметтік зерттеуге және примитивті
қоғамдарды антропологиялық тұрғыдан зерттеуге тереңірек үңілген сайын,
Скиннер бихевиоризмінің қолдануға келетініне және Парсонс стиліндегі құ-
ры лымдық функционализмге теориялық балама бола алатынына көзі жет-
ті. Осылайша, 1961 жылы өзінің теориялық позициясын Social Behavior: It’s
elementary forms («Әлеуметтік мінез-құлық: оның қарапайым түрлері») атты
кітабында толық ауқымда мазмұндайды. Бұл шығармалар айырбас теориясын
әлеуметтанудың келешегіне маңызды бір қадам ретінде ұсынады.
Хоманс «әлеуметтанудың негізгі мәні – дара мінез-құлықтарды және қа-
рым-қатынастарды зерттеу» деп есептеді. Ғалымды көп әлеуметтанушылар
қозғаған кең ауқымды құрылымдар мен институттарды түсіну немесе олар-
дың түрлері сияқты мәселелер қызықтырған жоқ. Ол, негізінен, адамдардың
іс-әрекетінің себебін түсіндіретін қуаттану моделі, марапатталу немесе салдар
тарихын зерттеуді нысанына айналдырды. Осылайша, Хоманс «егер адамдар
белгілі бір іс-әрекеті үшін ерте кезде марапатталса, олар сол іс-әрекеттерін
осы күнге дейін жасайды» деп түсіндіреді. Керісінше, ерте кезде сәтсіздікке
ұрындырған іс-әрекеттерін жасамауға тырысады. Жеке адамның іс-әрекетте-
рін түсіндіру үшін біз, біріншіден, оның марапатталу және жазалану тарихын
зерттеуіміз керек. Осылайша, әлеуметтанудың назарында сана, әлеуметтік құ-
рылымдар мен инс титуттар емес, қуаттану модельдері болуы тиіс.
Аты айтып тұрғандай, айырбас теориясы жеке адамның іс-әрекеттерін ғана
емес, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, жүлделер мен шығындар арқы-
лы айырбасты зерттейді. Ең басты алғышарттарында қарым-қатынас жалғасу
үшін жүлделермен алмасу болуы шарт деп айтылады және, керісінше, бір жақ-
қа немесе екі жаққа да шығын әкелген қарым-қатынас ұзақ жалғаспайды деп
түсіндіріледі. 1964 жылы жарық көрген Питер Блаудың Exchange and Power
in Social Life («Әлеуметтік өмірдегі өзгеріс пен күш») атты кітабын айырбас
теориясының екінші негізгі тұжырымдарының бірі деп атауға болады. Блау,
жалпы, Хоманс идеяларын ұстанған, бірақ маңызды айырмашылығы да бар.
Хоманс, негізінен, іс-әрекеттердің қарапайым формаларын қарастырса, Блау
мұны жеке адамдардың арасындағы айырбастан бастап айырбас негізінде пай-
да болған ірі құрылымдарға өту арқылы, құрылымдық және мәдени деңгейдегі
айырбастармен толықтырғысы келді. Блау ауқымды құрылымдар арасында
болатын айырбасты зерттеуге тоқталды. Бұл тәсіл Хоманс ұсынған айырбас
теориясынан толықтай ерекшеленеді.
Көп жылдар бойы Хоманс пен Блаудың көлеңкесінде жүрсе де, Ричард
Эмерсон (1981) айырбас теориясының басты қайраткеріне айналды (Соос
and Whitmeyer, 2011). Атап айтқанда, айырбас теориясының біріктіріл-
ген микро-макротәсілдерін дамытуға қосқан үлесі үшін танымал болды.
236
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Қазіргі таңда айырбас теориясы әлеуметтік теорияның маңызды құрылым-
дық бөлігіне айналып, жаңа ізбасарларды тартуды, сондай-ақ жаңа бағыт-
тарды зерттеуді жалғастыруда (Cook, O’Brien and Kollock, 1990; Szmatka and
Mazur, 1996).
Достарыңызбен бөлісу: |