Алеуметтану тероиясы indb


Этноәдіснамадағы күйзелістер мен шиеленістер



Pdf көрінісі
бет318/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Этноәдіснамадағы күйзелістер мен шиеленістер
Этноәдіснама әлеуметтанудағы әсіресе әңгімелесуді талдау саласында үлкен 
табыстарға қол жеткізгенмен және күнделікті өмір туралы білімді жинақтау ға 
арналған кейбір мүмкіндіктерді сәтті көрсетсе де, ондағы белгілі бір қиын шы-
лықтарды атап кеткен жөн.
Біріншіден, этноәдіснама осыдан 10–20 жыл бұрынғымен салыстырғанда әл-
деқайда дамып өркендесе де, көптеген әлеуметтанушылар оған айтарлықтай кү-
дікпен қарайды (Pollner, 1991). Олар оның маңызды емес мәселелерге баса назар 
аударып, бүгінгі қоғамның алдында тұрған аса мәнді көкейкесті мәселелерді еле-
мейтінін мәлімдейді. Этноәдіснама өкілдері болса, күнделікті өмірдің маңызы аса 
зор, сондықтан біз шын мәніндегі өзекті мәселелермен айналысып жатырмыз деп 
жауап қайтарады. Пол Аткинсон бұл жағдайды былайша қорытындылайды: «Эт-
ноәдіснама түсінбеушілік пен дұшпандық ниетті бастан кешіріп келе жатыр, 
бірақ бұл әлеуметтану зерттеуінің теориясы, әдістері және эмпирикалық бөлігі 
туралы сөз болғанда мүлтіксіз есепке алыну керек» (1988:442).
Екіншіден, «этноәдіснама өзінің феноменологиялық тамырларынан қол 
үзді» деп айыптайды және «өзінің саналы, танымдық үдерістеріне деген 
(Сикурел [1974] мен Коултерден [1983] басқалары, бірақ Коултер танымды 
күнделікті өмір шеңберіне орналастыруға бейім) адалдығынан айырылды» 
дейді (P. Atkinson, 1988). Этноәдіснамашылар, әсіресе әңгіме талдаушылар 
мұндай саналы процестерге назар аударудың орнына «әңгіменің өзіндік құры-
лымдық ерекшеліктеріне» көңіл бөлді (P. Atkinson, 1988:449). Бұл бағытта әре-
кет етудің себептері мен ішкі мотивациясы есепке алынбайды. Аткинсонның 
көзқарасында этноәдіснама «аса шектелген» және «бихевиористік пен эмпири-
калық» сипатқа ие болды (1988:441). Этноәдіснама осы бағытта дами отырып, 
өзінің кейбір негізгі қағидаларына, атап айтқанда, акторды меңіреу мінеуші ре-
тінде қарастырмау ниетіне қайта оралған деп түйінделеді:


430
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
«Гарфинкельдің ертедегі ойы қоғамдық тәртіпті қалыптастыруға бағыт-
талған епті және икемді әдістемелік жұмысқа назар аудару үшін меңіреу 
мінеуші бейнесінен бас тарту болды. Алайда уақыт өте келе этно әдісна-
маның кейбір бағыттары әрекет етуші актордың үлгісі ретінде меңіреу 
мінеушіге қайта оралды. Ниеттілік пен мағына түгелдей жойылды».
(P. Atkinson, 1988:449)
Үшіншіден, кейбір этноәдіснамашыларды өз жұмыстарының пәндері 
(мысалы, әңгімелер) және үлкен әлеуметтік құрылымдағы мәселелер ара-
сындағы байланыс алаңдатты. Бұл мәселені өткен тарауда талқылап, соңына 
қарай қайта оралсақ та, этноәдіснамашылар өздерін микро- және макродең-
гейдің бөлінуіндегі көпір іспетті көруге бейім келді. Мысалы, бірнеше жыл 
бұрын Циммерман макроәлеуметтану арқылы өзара дамуды «ашық мәселе 
және қызық мүмкіндік» деп қарастырды (1978:12). Кейінірек, Поллнер эт-
ноәдіс наманы «үлкен әлеуметтiк мәнмәтінде қабылданған практиканы, ...құ-
ры лымдық және тарихи процестер тұрғысынан әдеттегі сананы түсіну үшін 
әлеу меттануға оралуға шақырды. Әдеттегі сана қарапайым пайымдаушы-
лардың жергілікті жұмысының нәтижесі ғана емес, сонымен бірге ол ұзақ 
мерзімді және ауқымды динамика арқылы қалыптасады» (1987:xvi). Кейбір 
осындай өзара дамуды Гидденс (1984) сияқты адамдар жүзеге асырады, ол 
оның құрылымдық теориясына этноәдіснамалық идеяларды біріктіреді. Тұ-
тастай алғанда, Боден ([1990], келесі секцияны қараңыз) этноәдіснаманың 
құрылым мен агенттік арасындағы қарым-қатынас мәселесіне не ұсынаты-
нын атап көрсетті.
Ол этноәдіснамалық зерттеулердің нәтижелері микроқұрылымдарға ғана 
емес, макроқұрылымдарға да соншалықты қатысты екенін айтады. Бұл жерде 
институттық зерттеулер макроқұрылымға және оның микродеңгейдегі құбы-
лыстармен өзара байланысына көп мән береді деген сенім бар.
Төртіншіден, саланың өзінен бағытталғаны – Поллнер (1991) этноәдіс-
наманы өзінің бастапқы радикалды рефлексиясын жоғалтқаны үшін сынға 
алды. Радикалды рефлексиялық барлық әлеуметтік белсенділік, оның ішінде 
этноәдіснамашылардың әрекеті алдын ала ойластырылған деген көзқарасқа 
әкеледі. Алайда этноәдіснама көбінесе негізгі ағым әлеуметтанушыларына 
қолайлы болды. Поллнердің пайымдауынша, «этноәдіснама өз негізін әлеу-
меттанудың маңында қалайды»(1991:370). Көпшілік таныған ғылыми салаға 
айналғаннан кейін этноәдіснамашылар өздерінің жұмыстарына талдау жасап 
отыру қажеттігін ұмытты. Нәтижесінде, Поллнердің пікірінше, этноәдісна-
маға өз-өзін талдап, сыни тұрғыдан бағалау мүмкіндігінен айырылу және 
теориялық мамандықтың қарабайыр түріне айналу қаупі төніп тұр.
Ақыр соңында, олар сол тақырып аясында талқыланса да, этноәдіснама 
мен конверсациялық талдау арасындағы қарым-қатынаста алаңдаушылық 
күшейе түседі (Lynch, 1993:203–264).
Жоғарыда айтылғандай, бұл салалар бастау алатын түрлі тамырлар бар. 
Ең бастысы, этноәдіснама соңғы жылдары әлеуметтанудағы ең үлкен табыс-
қа қол жеткізді. Әңгімелесуді зерттеуге деген ұмтылысы пәннің негізгі ба-
ғытына мойын бұрғызды. Институттарды этноәдіснамалық зерттеу шеткері 
аймақтарда қалып, әңгіме сараптамасы негізгі бағытқа тәуелді болып қала 
берсе, екеуінің арасындағы шиеленіс ширыға түсері анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет