427
10-тарау
•
Этноәдіснама
Клейманмен салыстырғанда, Гарсиа «делдалдықтағы өзара әрекеттесудің
құрылымы күнделікті өмірдің өзара іс-қимылына ұқсас» деп мәлімдемейді.
Шын мәнінде, ол өзара әрекеттесудің әртүрлі тәртібі бар деп есептейді.
Алайда Клейман және басқа да сұхбат талдаушылар секілді, Гарсиа (1991:833)
болып жатқан жағдайды түсінудің кілтін оның әлеуметтік және нормативтік
құрылымынан емес, өзара әрекеттесуден, әсіресе делдал болған жағдайда, «дел-
далдықтың өзара әрекеттесу тәртібінен» көреді.
Грейтбетч пен Дингвол (1997) Англиядағы 10 агенттікте делдалдардың қа-
тысуымен өткен ажырасу жөніндегі отырыстардың сеанстарына қатысты. Гар-
сиа ның зерттеуіне қарағанда, бұл жерде дауласушылар жиі бір-бірімен тікелей
қатынасқа шығады және дауласады. Грейтбетч пен Дингволды енді осын дай
даулардың шығу жолдары қызықтырады. Делдалдар әртүрлі іс-қимыл дарды
жүзеге асыра алатын болса да, осы зерттеудің негізгі пәні олар емес, даудан шы-
ғуға бағытталған дауласушылардың әрекеттері болды. Осылайша бір тарап сөз
сөйлеу мүмкіндігін қолданбай екінші тарапқа мүм кіндігін беруі ықтимал, ол
инициативаны өзіне алып, дауласушыға емес, делдалға даудан кететінін және
мәлімдемелер жасайтынын (мысалы, «мен өзім кінәлімін») айтып жүгінуі мүм-
кін. Дегенмен көбінесе ағылшын істерінде дауласушылар бір-бірімен тікелей
сөйлеспейді, олар делдалдарға жүгінгенді жөн санайды. Осы екі зерттеудің нақ-
ты айырмашылықтарынан гөрі маңыздысы – Грейтбетч пен Дингвол (1997:164)
Гарсианың бұл жағдайда туындайтын жағдайдың күнделікті өмірге ұқсамайты-
ны туралы тұжырымдамасымен келіспейді: «Мұнда сипатталған жағдайды оң-
тайландыру тәжірибелері тек делдал қатысқан жағдайларда ғана болып қоймай-
ды, олар – әдеттегі сөйлесуге де тән жалпы тілдік тәжірибелік амалдар». Басқа-
ша айтқанда, конфликтіден шығу үшін дауласушылар адамдардың күнделікті
өмірде дауды тоқтату әрекеттеріне ұқсас жолдарды таңдауға мәжбүр болады.
Достарыңызбен бөлісу: